Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Сақтардың  материалдық мәдениет ескерткіштері

 

2. 1. Алтай сақ  тайпалары археологиялық деректер  негізінде

 

Қазақ Алтайының ерте көшпелілері жайлы мәліметтердің барлығы дерлік археологиялық зерттеулер нәтижесінде пайда балады. Сонымен қатар, Алтайдың табиғатына сәйкес мәңгілік тоңданған обаларды қазуға мүмкіндік береді. Көшпелілердің алтын ұясы- Алтай туралы О. Бөкеев: “Ағызған сары алтынды тастан Алтай…”-деп бекер айтпаған. Геродоттың жазбаларында кездесетін  “алтын қорыған таздар” тайпасы. “Тарих атасы” Геродоттың “алтын қорыған тазқаралар (гриф)” деп аталатын алыстағы ел туралы дерегі ғылымда көптеген пікірлер мен болжамдар тудырып келеді. Осының дәлелі ретінде Алтай өңіріндегі обалардан ат әбзелі, қару-жарақ және тағы да басқа құралдар мен әшекей заттардың көркі болған сансыз көп фантастикалық аң мен құс бейнелері табылып отыр. Мұндай қиял-ғажайып бейнелер Еуразия даласының басқа да аймақтарынан  және де шектес ежелгі дүние мемлекеттері өңірлерінен де ұшырасады. Алайда Алтай өңірі жазба және археологиялық деректер бойынша да “алтын қорыған тазқаралар” елі екенін баса көрсетіп отыр[ 75.664 ]..

ШығысҚазақстан сақтарының ескерткіштері. Алтай, Ертіс алабы мен оның сағаларынан, Қалба жотасының солтүстік және оңтүстік баурайларынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай беткейлерінен көптеген сақ қорымдары анықталған. Бәлкім, аримасп, және «самсұрықтар алтынын қорғаушы» тайпалар дәл осы аймақтарда мекен еткен де болар. Шығыс Қазақстан сақ тайпалары мәдениетінің дамуы майәмір (б.з.б. V-IV ғ.ғ.), құлажорға (б.з.б. III-I ғ.ғ) секілді үш даму кезеңдерін басынан кешірді. Майәмір кезеңі-Нарым өзенінің жоғарғы ағысындағы обалы қорымның аты бойынша белгіленген. Обалар іргесін белдеулей аласа тас үйінділер қоршаған. Қабір лақыттары тік бұрышты етіп қазылады да, қабырғалары ағашпен шегенделіп, бөренелермен жабылды. Обаларды қазған кезде жиегі шығыңқы және ортасында ілгегі бар қола айналар; қола ауыздық; әшекейлік бұйымдар-тоға, жануарлар белгіленген қапсырмалар табылды.

Майәмір кезеңінің аяқ  кезінде иесін атымен қоса жерлеу пайда болады.

Зайсан көлінен оңтүстікке қарай 100 км жердегі, Монрақ пен Тарбағатай жоталары аралығындағы Шілікті алабында орналасқан сақ обалары да кеңінен танымал. Бұл алап ежелден мал шаруашылығына өте қолайлы: мұнда салыстырмалы түрде айтқанда қыс жылы, қара жамылғысы қалың емес, шөбі шүйгін әрі тау өзендері көп. Қорым алыптың ортасында орналасқан, обалары топ-топқа бөлінеді. Обалардың төрттен бірін ірі деп санауға болады, мұндай «патша» обаларының диаметрі 100 м-ге, биіктігі 8-10 метрге дейін жетеді.

Бірінші обалар тоналған болса да, мұнда жүргізілген қазба  жұмыстары б.з.б. V ғасырға жататын  сақ мәдениетіне тән жерлеу ғұрыптарын анықтауға, қола садақ ұштарын, бірнеше алтын тоғаларды табуға мүмкіндік берді. Тоналғанына  қарамастан «Алтын» аталған тек бір обадан ғана өте бағалы заттар алынды.

Берел кезеңіндегі (б.з.б. V-IV ғ.ғ.) сақ мәдениетіне келесі белгілер тән: обалар тас үйінділерден тұрады; топырақ қабатындағы шұңқырда қима-табыт орналасты; мүрделермен бірге әдейі өлтірілген жылқылар да жерленді.

Бұқтырма өзеніндегі Үлкен Берел обасынан (диаметрі 30 м, биіктігі 5 м) тереңдігі 5-7 м молада құстардың төрт қола мүсіншесі орнатылған ағаш табыт тұрған. Шұңқырдың солтүстік жағында 16 жылқы қаңқасы жатты. Орташа және кіші көлемдегі обаларға ақсүйектер мен жауынгерлер жерленді. Берел кезеңінде бейітке қыш ыдыстар қою ғұрпы таралады. Кейбір ыдыстар қара-қошқыл сырмен боялған. Берел кезеңінің аяқ кезінде қола заттарды темір бұйымдар ығыстыра бастайды[ 76.743 ]..

Құлжорға кезеңінде  үйінді астында ірі тас плиталардан  соғылған тас жәшік сияқты құрылыстар пайда бола бастайды. Жерленгендердің  басы батысқа немесе шығысқа бағытталады. Бейіттерде қыш және ағаш ыдыстар көп. Бұл уақыттарда Жетісу аудандарымен мәдени байланыстар орнағандығы анықталды.

Ежелгі көшпелілердің  өнері және мифологиясындағы грифон бейнесін интерпретациялау ғылымның қиын, сонымен қатар қызықты салаларының  бірі. Біздің мақсатымыз – ежелгі мифологиялық грифон бейнесіне қазақ фольклорынан типологиялық паралель іздестіре отырып, соның негізінде бұл феноменнің кейбір мазмұны мен көрініс беру қырларын ашуға тырысу. Егер орталық бейне грифон болып табылатын сақ-скиф мифологемасының негізінде қарастырсақ, онда кейінгі мәдени комплекстерде, қазіргі түркі-маңғолдарды қоса, тіпті қатты мәдени-тарихи трансформацияға ұшырағанның өзінде, қандай да бір жаңғырықтары – ертегі, аңыз және т.б.фольклор және бейнелеу өнерінде сақталуы сөзсіз еді.

Грифон - өн бойына бірнеше  аң мен құстың белгілерін жинақтаған полиморфты, қиял-ғажайып кейіпкер. Бұл жерде біз тазқара құс  бейнесін қарастырамыз, ал оның екінші “жартысы” – ит/бөрі – арнайы зерттеліп, талданады. Бұл синкреттік мақұлықтар мифологиялық санада “өлілер” әлемінің өкілі, төменгі әлемді білдіріп, жалпы – “о дүниені” елестеткен.

Қазақ халқының тазқара  құсы мен құмай құсы – қырандар тобындағы жыртқыш құстардың  бірі. Ол ұсақ жәндіктермен (тышқан, қосаяқ, кемірушілер және т.б.) және өлексемен  қоректенеді. Осы соңғы әрекетіне орай оны жаман ырымға баласа, бейне трансформацияға ұшырағанға дейін жан мен тәнді түрлі “пәледен” тазартушы ретінде қасиеттелген [ 64.853 ].

Тазқараның бүркіттерден ерекшелеп тұратын бір сыртқы айырмашылығы – оның басында қауырсынының немесе түгінің болмауы. Құстың тазқара аталуы да осы басының таз, түсінің қара болуынан екені анық. Қауырсын жамылғысы мойнының ортасынан басталып, тек желке тұсындағы селдір түктері айдар секілді шошайып тұрады. Бейнелеу өнеріндегі грифон бейнесі дәл осы айрықша элементімен кеңінен көрініс тапқан. Әдетте қазақтарда таз адамды, көсе адам сияқты онша жақтыра қоймаған.  Бірақ сонымен қатар, олардың тапқырлығы, ептілігі, қулығы, батылдығы жөнінде көптеген ертегі-мифтер бар. Бұл адамдарда о дүние құбылыстарымен қатынаса алу қасиеті бар деп сеніп, түрлі әлемдер дәнекері саналған. Мифологияланған түсініктегі Таз бен Көсе – “бұ дүние” адамдарынан емес. Дәл осы арада Геродоттың “тазқаралары”, аримаспілері, исседондарымен қатар аты аталатын бастары таз – аргиппей халқын еске ала кеткен жөн болар[ 74.743 ].

Тазқара мен құмай  – тірілер мен өлілер әлемі  арасындағы медиатор. Оның негізгі  функцияларының бірі – қайтыс болған адамдардың жанын (рухын) көкке жеткізу (кейде ұрлау, мысалы, “Жеті өнерпаз” ертегісі). Көшпелі халықтарда “өлудің” өзі, “қайтыс болу” деп аты айтып тұрғандай, өзге дүниеге сапар шегу, басқа күйге түсу, жаңа немесе нағыз өмірге аяқ басу, оралу деген түсініктермен астасып жатқан.

Құстың мифологиялық бейнесі от пен жарықтың, бақ пен  бақыттың, құт пен дәулеттің нышаны. Қазақ халқының мифопоэтикалық санасы мен халық ауыз әдебиетінде құс (үйрек, қаршыға, аққу және т.б.) пен аң (барыс, ілбіс, арыстан, қасқыр және т.б.) бейнесінде марқұмның және о дүниелік сапарға аттанғалы жатқан адамның жаны (рухы) көрініс табады. “Ие” және “кие” болып та олар ерекше қасиет дарыған адамдардың айналасында жүреді. Сол аң-құс бейнесіндегі қасиетті “пірлерді” көру және сезу тек сондай таңдаулылардың еншісіне тиген. Жеке тұлғалардың “қорғаушыларымен” қатар, бүкіл ру-тайпаға да ортақ “пірлердің” болуы ертедегі мәдениеттерге тән құбылыс.

Өз ері мен батырларын халық барысқа, арыстанға, бөріге немесе бүркітке теңеген.

Бақсы “ойыны” кезінде  оның жаны құс болып көкте самғайды; бақсы киім-кешегі мен құрал-сайманында міндетті түрде орнитоморфты нышандар орын алған.

Адамның төбесінде қалдыратын бір уыс шаш - айдар – қасиетті саналып, т!л-көз бен жын-шайтаннан  қорғайтын тұмар қызметін атқарған. “Алтын айдарлы” батыр жігіт көптеген эпикалық жыр мен ертегіде кең  тараған кейіпкер. Бәлкім, ертедегі көшпелі жұрт тазқараның төбесіндегі шошайған қауырсындарын айдарға ұқсатып, оның бейнесін қасиеттеп, осы құсты таңдап алу себебі осы болса керек. Айдарды тәңірдің өзі салған таңбасы деп сенуі де ғажап емес.

Айдарлы тазқараны, құмайды бейнелей отырып, көне көшпелілер оған неғұрлым “оң қасиеттерді” телуге тырысқан. Сөйтіп ол санада марқұмның рухын көкке жеткізетін “періштеге” айналған. Сонымен қатар, аспандап ұшқан тазқара мен құмай – ажал жаршысы ретінде көрген адамға үрей ұялатқан. Әсіресе нәресте мен жас баланың өлімі (өзге дүниеге сапары, қайтуы), уақытынан тым ерте саналып, одан сақтап қалуға тырысты. Соның нәтижесі ретінде жұрт ішінде түрлі қорғаныс амалдары мен ырым-ғұрыптар ойлап табылып, кеңінен тарады.

Сонымен, тазқара мен құмайдың мифологиялық образдары жағымсыздан жағымдыға немесе керісінше жүрген ұзақ эволюцияны басынан өткерді. Құмай құстың Ұмай Ана түсінігімен осы контекс негізінде салыстыра қаралуы да зерттеушілер назарын аударуда.

Қазақстан археология ғылымының  дамуына, оның қалыптасуына қомақты үлес қосқан СССР ҒА археология Институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымының докторы, белгілі археолог–Сергей Сергеевич Черниковке алдағы жылы туғанына 100 жыл толады. Мерей тойы қарсаңында өткен өмір жолына тоқталсақ 1909 жылы Белгород қаласында дүниеге келеді. Он жеті жасында Ленинград Мемлекеттік университетінің тарих факультетінің студенті атанады. Жоғарғы оқу орнын бітірісімен СССР  Ғылым Академиясының Материалдық Мәдениет институтына қызметке алынады [ 87.466 ].

С.С.Черниковтың ғылыми ізденістері әлемдік қола мәдениеті ошақтарының ірі орталықтарының бірі -  Шығыс Қазақстанның Қалба, Нарым жоталарындағы ежелгі адамдардың мыс, қалайы, алтын кен орындарын зерттеуден басталды. Осынау 1935 жылдан басталған тың зерттеу жұмыстарын Ұлы Отан соғысы аятатпады. Жауынгерлік өмір жолын 1941 жылы Ленинград қаласын қорғаудан бастап Берлинді азат етумен капитан шенінде аяқтады. Ерлік істері еленіп  үкімет тарапына 15 орден, медальдармен марапатталды.

Әскер қатарынан босағаннан кейін ғылымға оралған ол «Батыс Алтайдың металлургиясы мен тау-кен ісі» атты монографиялық еңбегін аяқтап  оны 1947 жылы кандидаттық диссертация ретінде сәтті қорғап шықты. Бұл монография ҚазақССР ҒА басылып шықты. [ 87.466 ].

Шығыс Қазақстанның тас  дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі ескерткіштері ғалым тарапынан археологиялық тұрғыдан зерттелініп, ғылыми есеп, ғылыми мақалалар жазылып, іргелі монографиялық еңбектер жарияланды.

Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірі ескерткіштерін  жүйелі археологиялық зерттеу 1935 жылғы КСРО-ның Ғылым Академиясының Материалдық Мәдениет тарихының институты, Қазақ ССР-нің тарих, археология және этнография институты бірігіп ұйымдастырған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясының қызыметінен басталады. Бұл экспедиция 1957 жылдарға дейін үздіксіз барлау, қазба жұмыстарын жүргізді. [86.12.].

Шығыс Қазақстан археологиялық  экспедициясын С.С.Черников 1947 жылы құрылған уақыттан бастап кейбір үзілістерін  санамағанда өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басына дейін  басқарды. Соғысқа дейінгі 1935-1937жж. өзінде-ақ көне кен орындарын іздестіру, археологиялық барлау мен қазбалар стационарлық қазба жұмыстарына және шешуін күтетін күрделі мәселелер мен ірі ескерткіштерді жүйелі түрде зерттеуге бағытталды. Жартас суреттері-де ғалым назарынан тыс қалмады. [87.251-282. ].

Археологиялық экспедицияның  алғашқы жылы Шығыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін барлап, есепке алу және неолит, қола дәуірі ескерткіштеріне қазба  жұмыстарын жүргізсе, ал келесі 1948 жылы Самар ауданындағы  Құлажорға және Баты ауылдары жанындағы ерте темір дәуірі қорғандарын зерттейді.

Құлажорға қорымындағы  мүрделердің біразы тас жәшіктерде ғана емес, адам қаңқасын қоршаған ағаш қорапты жер қабірлерге қойылғандығын, ал мұндай жерлеу түрінде ақіреттік  заттар кездеспейтіндігін анықтайды..

С.С.Черников Құлажорға  қорымы мәдениетін сақтарға жатқызғанымен, кейбір белгілері үйсіндерге ұқсастығын да айтып өтіп, б.д.д. 4-3ғғ. Мерзімдейді [87.120,].

Баты қорымның Құлажорға  қорымымен ұқсастығындағы қабір  үйінділерінің бірдей формасы, тас жәшіктері мен ыдыстарына және бірқатар айырмашылықтар да бар: Құлажорғада қола заттар кездессе, ал Батыда мүлде жоқ Құлажорғада қойдың құймышағы тек бір қорғанда ғана кездессе, ал Батыда барлығында дерлік мәйіттер Б, СБ бағытталған. Баты қорымы б.д.д. 2-1ғғ. мерзімделеді.

Баты мен Құлажорға  ескерткіштері сақ және үйсіндермен  генетикалық жағынан байланысы  барын және үйсін тайпалық одақтарының  Ертістің жоғарғы ағысына дейін  таралғанын, олардың солтүстік шекарасының  анық еместігін айтып кетеді [87.577  ].

Ленинград археология мектебінің көрнекті өкілі С.С.Черников  Қазақстанда  және Орта Азияда археология саласында  ғылыми мамандар дайындау мәселесіне айрықша мән берді. Массон В.М., Алекшин  В.А., Боковенко Н.А. Всесоюзное совещание  «Ранние кочевники Средней Азии и Казахстана» [87.97  ].

Қазақ мемлекеттік университетінің  тарих факультетінде 1972-1973жж. ашылған  археология кафедрасының тұңғыш кафедра  меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ә.М.Оразбаевтың  шақыруымен белгілі археологтар  М.П.Грязнов пен С.С.Черниковтар  дәріс оқуға тартылды. Создание кафедр археологии в Алма-Ате и Самарканде.

Душанбе қаласында өткен  халықаралық конференцияда сөйлеген баяндамасында Черников С.С. Некоторые закономерности исторического развития ранних кочевников (по археологическим материалам Западного Алтая).

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу