Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Күнестен табылған тағы бір қола қазанның тұғыры конус тәрізді, доғаланып келген екі құлағы бар, ернеуінен төмен бүйіріне қарай айналдыра үшбұрышты өрнектер салынған, қазанның биіктігі 57 см, аузының диаметрі 42 см. Бұл қазан И. Тасмағамбетовтың жеке коллекциясындағы Алматы маңынан табылған қола Қазанмен ұңсас, бір-бірінің сыңарындай. Сондай-ақ Күнес ауданының Кенсу ауылынан табылған, қоладан құйылған таутеке мүсіні де сирек кездесетін тамаша жәдігерлер санатына жатады. Таутеке мүсінінің биіктігі 5,5 см, тұрқы 5,7 см, оның шақырақтай мүйізі мен тұмсығы ерекше әсіреленіп сомдалған. Жалпы скиф-сақ тайпаларының мифологиясындағы бұғы, бұланнан кейін кең тараған бейнелердің бірі — таутекелер, сондықтан да сақтардың "аң стильді" өнерінде таутеке рәмізі көп кездеседі [95,634 ].
Іле аңғарынан табылған сақ ескерткіштерінің ішінен Қазақстан шекарасының іргесінде ғана орналасқан Шапшал ауданы жеріндегі Судунбұлақ обасынан табылған қоладан құйылған құрбандың үстелін (алтарь) айрықша атауға болады. Құрбандық үстелдің биіктігі 23 см, ұзыны мен ені 76 см, төрт бұрышты, табақшасының ернеуі тегіс, екі жанында екі тұтқасы бар, төрт бұты түйенің табаны тәрізді етіліп құйылған да, оның жоғары жағына кәдімгі кісі келбеті сомдалған, ондағы адамнық көзі, мұрны, аузы сияқты бес мүшесі түгел айқын бейнеленген. Дәл осыған ұқсас "Жетісу алтары" деп аталып кеткен құрбандық үстелі 1912 жылы Алматының (ол кезде Верный деп аталатын) Үлкен станицасының жанынан табылған екен, ал Ыстқкөл жағасындағы Шілпектен табылған осындай құрбандық үстелді Судунбұлақ құрбандық үстелінің айнымаған "көшірмесі" десе де болғандай.
Күні бүгінге дейін ҚХР жерінде ежелгі усуньдерге тән деп есептелген екі жүзге таяу ескі ор қазылып зерттелген. Олардық дені ез заманында тонауға ұшыраған. Дегенмен, қазба жұмыстары арңылы усуньдердің жерлеу ғұрпынан, тұрмыстың және шаруашылық жағдайынан, дүниетанымынан, сондай-ақ антро-пологиялық- нәсілдік келбетінен дерек беретін көптеген құнды жәдігерлер жинақталған. Сақ тайпаларының мәдени дэстүрлерін жалғастырушылар ретінде ежелгі усуньдер сақтардың реалистік өнерінің тамаша дәстүрлерін сақтап жаңа қалмаған, оның үстіне ездерінің жаңа төлтума мотивтерін жаратқан. Бұл кзеңде алтын өңдеу өнерінің полихромдың стилі, сіркелеу, түрлі- түсті Асы тастардан көз салу тәсілі өркендеді. Іле аңғарынан да усуньдердің бейнелеу және сәндік өнерінің бірсыпыра тамаша үлгілері табылған.
Сондай археолгиялың материалдар берген ескерткіштердің бірі — ліміздің Райымбек ауданы Нарынқол ауылына таяу, оған шекарадан тұспа-тұс орналасқан, Текес өзені бойындағы Шаты обалары (Моңғолкүре ауда-нында). Ондағы обалардағы мәйітті жерлеу ғұрпы Жетісудағы усуньдік жерлеу салтымен бірдей. Обалардан табылған қыш құмыралар, соның ішінде көшпелі халықтар күні бүгінге дейін қолданып келе жатқан тері торсыққа ұқсас қыш құмыралар ерекше назар аудартады. Шаты қорымындағы № 38 обадан табылған дәл сондай торсық пішінді қыш құмыра Қазаңстанның Жетісу жеріндегі усунь обаларынан және Оңтүстік Казақстандағы Канцзюй (Кангюй) ескерткіштерінен де жиі табылып Отырады. Шаты қорымындағы № 7 обадан табылған қыштан жасалған шырағдан сақ дәуіріндегі діни наным-сенімніқ үзбей жалғасын тауып келгенін көрсетсе керек. Усунь дәуірінде сақ өнеріндегіден өзгешелеу полихромдық стиль кең өріс алды, олардың зергерлік өнерінде алтын, мыс және қола сымнан асыл тастар араластырылып өріліп, неше түрлі сырғалар, туйреуіштер, шолпылар жасалған. Оларға құстардың мүсіндік бейнелері салынатын болған, жүзік, білезік сияқты әшекей бұйымдарға неше түрлі асыл тастардан көз орнатылатын болған. Іленің Қылқы ауданындағы Каратөбе қорымындағы № 2 обадан табылған қоладан жасалған шаш түйреуішті дәл сондай ежелгі усунь мәдениетінің тамаша жәдігерлерінің бірі деп есептеуге болады. Крла түйреуіш алтынмен қапталған, ұшына дөңгелек перуза тасынан көз салынған, ал оның бір ұшына алтыннан құйылған, ұшып бара жатқан құстың (аққу немесе тырнаға ұқсайды) мүсіні бекітілген. Жалпы, ертедегі көшпелілердің өнерінде, әсіресе олардың сәндік бұйымдарында құстар бейнесі міиі кездеседі. Есік обасынан табылған әйгілі "Алтын адамның" баскиімінде және Қарғалыдан табылған ежелгі усуньдердің алтын тәтісінде де ұшып бара жатқан неше түрлі құс бейнелері бар.Құстар ежелгі көшпелілердің діни-мифологиялық дүниетанымы бойынша әлемнің үш бөлігі ішіндегі ортаңғы әлемді, яғни адамдар мен жан-жануарлар мекендейтін жер үстіндегі бұл дүниені құдайлар мекендейтін көк-аспан әлемімен жалғастырушы, адамдарды ұшпақпен байланыструшы дәнекер деп есептелген [ 64.434 ].
Алагоу обалары Шығыс Тянь-Шань жоталарының оңтүстігінде, Үрімжі қаласынан оңтүстікке қарайғы 130 км жердегі Тұрфан қаласының шығысына қарай 160 км қашықтықтағы Алагоу аңғарында орналасқан. Қытай археологтары 1976—1978 жылдары Алагоу қорымындағы сексенге тарта обадан талдап-таңдап төрт ірі обаны қазып зерттеді. Нәтижесінде обалардан сақ тайпаларының мәдениетін паш ететін керемет олжалар тапты. Обалар кәдімгідей тастан үйілген, айнатасы да тастармен төрт бұрышты етіп қор-шалған. 6—7 м етіліп терең қазылған қабірлердің түбінде шырша бөренелерінен тік төрт бұрышты етіп қиюластырылып жасалған қима-көр бар. Мәйіттердің басы батысқа беріліп, шалқасынан сұлата жатңызылып жерленген. Обалардан табылған қыш ыдыстардың бірыңғай жиынтығы, әсіресе, сақ мәдениетіндегі дәстүрлі "аң стиліндегі" алтыннан, күмістен, қоладан жасалған сәндік және ғұрыптың асыл бұйьмдар ерекше назар аудартады. Олар — бір-біріне айбат шегіп түрған екі барыс бейнесі бедерленген төрт алтын пластина (2,6 х 3,5 см), артқы аяңтары арңасына қарай қайырылған жолбарыс бейнесі түсірілген алтын пластина (2,5 х 11 см), диаметрі 5,5 х 6 см келетін, барыс бейнесі түсірілген сегіз дөңгелек алтын капсырма және тағы да осындай жыртқыш аңдардың басы бейнеленген төртбұрышты және қалқан пішіндес жеті күміс қапсырма, алтын алқа, қола шамдал, сонымен қатар жүзге тарта әр түрлі алтьш әшекей заттар.
Сақтардың діни-ғұрыптың бұйымдары — шамдалдар көбінесе кездей-соқ жағдайда немесе көне көмбелерден табылатынның бірінен (№ 20 оба) көрге бірге қосып көмілген жерінен табылған. Бұл — сирек кездесетін құбылыс.
Алагоу шамдалының тұғыры қиың пирамида тәрізді, табақшасы төрт бұрышты, ернеуі жалпақтау келген. Табақшасының ортасында бір бағытқа қарап тұрған қанатты екі барыс мүсіні орнатылған, киелі от тұтандырғыш білтелі түтікшенің орны болар-болмас білінеді. Шамдалдың тұрқы 32 см, табақшасының ені 29 см. Дәл осыған ұңсас қола шамдал Алматының маңынан да кездейсоң жағдайда табылған болатын, олардағы айырмашылың сол, Алматыдан табылған шамдалдың табақшасында екі қанатты емес, төрт қанатты барыс мүсіні орнатылған. Алагоу ескерткіштерін қытай археологтары б. з. д. V—III ғасырлардағы саң тайпаларының мұрасы деп тұжырымдаған [21.450 ].
Жалпы, б, з. д. бірінші мың жылдыңтағы Еуразияның далалық өңіріндегі көшпелі халықтардың мәдениеті мен өнерінің ортаң, бірыңғай, біртектестігі туралы тұжырым ғылымда берік орныққан. От сияқты, Алагоу ескерткіштері өздерінің орналасуы жағынан (Қазақстан жеріне жақын), қабір құрылысы мен өлікті жерлеу салты, табылған ғұрыптың және өнер бұйымдарының жасалу стилі, тұрпаты, мүрделердің антропологиялың келбеті жағынан өздерімен дәуірі тұстас келетін сақтардың Жетісудағы әйгілі Есік обасы мен Бесшатыр қорғандары және Алтайдағы Пазырық мәдениеті ескерткіштеріне барынша ұқсас. Осының негізінде ғалымдар (Б. А. Литвинский, К. Дебен-Франкфор, Ван Бинхуа және т. б.) бұл ескерткіштерді жасаушылар туыстас немесе бір тайпа болған деген дәйекті ғылыми тұжұрым жасап отыр.
Құлансарық обалары Қызылсу облысы Аңши ауданының аумағында, Оңтүстік Тянь-Шань тауларының қақшал жоталарының тау бөктерінде, Тоуышқан өзенінің оң жағалауында орналасқан. қырғыз-қытай шекарасының шебінде тұрған бұл жер Қырғызстанның Ыстыңкөл облысымен шектеседі, Қазақстанның Алматы облысына да таяу жатыр. Күлансарың обалары 1993 жылы археологиялық қазба жұмысы жүргізілердің қарсаңында тоналған, алтын бұйымдар сол тонаушылардың қолынан тәркіленген [95.524 ].
Құлансарының алтын бұйымдарының бірі — алтыннан соғылған жылқы бейнеленген жапсырма, оны жартылай ойыңқы мүсін деуге болады, ұзьшдығы 5 см, биіктігі 4,5 см келеді. Бұл жылқы бейнесі жалы тікірейіп, жүйткіп бара жатқан кейіпте, нағыз "қаз мойын, бота тірсек, қамыс қүлақ" дегендеи өте сымбатты сомдалған, артқы екі аяғы жонынан асырыла, жалына дейін қайырыла, әсіреленіп бейнеленген. Жылқы бейнесі сақ тайпаларының мифологиясында көрнекті орын алады, аң стилі өнерінде жиі кездеседі. Құлансарыңтың алтын бұйымның енді біреуі — алтыннан құйылған бұғы мен бүркіттің мүсіні.Мүсіннің ұзындығы 2,6 см, биіктігі 3 см, мүсін екі бөлек құйылып, онан соң беттестіріліп дәнекерленген, іші қуыс. Мүсінде қашып бара жатқан бұғының үстіне қыран бүркіт келіп түсіп, бұғының жонынан шеңгелдеп жатңан көрінісі аса тартымды әрі әсерлі бейнеленген. Қүлансарың обаларынан аталған бұйымдардан өзге тағы да алтын сырға, білезік және басқа да сәндік алтын заттар табылған. Жалпы, жылқы, бұғы және қыран бүркіт бейнелері ежелгі көшпелілер өнерінде ете жиі кездесетін мотивтер болғанымен, алайда тұрпаты мен сымбаты жағынан құлансарыңтың алтын бұйымдармен деңгейлес жәдігерлер Орталың Азия өңірінен ілуде бір ғана табылған.
Ярғол алтын бұйымдары 1994—1996 жылдары қытай археолргтары Шығыс Тянь-Шаньның бір сілемі Боғда тауының оңтүстік етегіндегі Ярғол ауылының жанынан ерте көшпелілер дәуірінің ескі қорымында қазба жұмысын жүргізіп, аса құнды мәдени олжалар тапты. Крымның жанында ежелгі Ярғол қаласының қираған жұрты тұр. Обалардағы көр шұңқырының аузын айналдыра шикі кірпішпен қалап қоршаған, оның сырты тағы датайшылдырыла таспен қоршалып, үстіне тас үйілген. Обалар кезінде тоналғанына қарамастан олардан алтын және өзге де металдардан, ағаштан, сүйектен жасалған заттар, жүн тоқыма және матадан, жібектен тігілген бұйымдардың мол жиынтығы алынған. Олардың ішіндегі ең құнды әрі назар аудартып, көз тартар жәдігерлер — алтыннан және сүйектен жасалған бұйымдар [79.632 ].
Солардың бірі — № 1 обадан шыққан, ұзындығы 8,4 см, ені 5,75 см келетін алтын жапсырма. Ол соғып, қалыптау арқылы жасалған, онда бүркіт басты грифонның барысты желкелеп алып, талап жатқан арпалысты көрінісі бейнеленгген :грифонның тұла бойы балықтың сауыт қабыр-шақтары сияқты етіп соғылған, ал барыстың өзі азулы жыртқыш бола тұра, дүлей құбыжық грифонның алдында дәрменсіз, жуасыған күйде мойын ұсынып тұрған кейіпте бейнеленген. Сақтардың "аң стилындегі" өнерінде мұндай сюжеттегі жапсырмалар (алтын, қола, ағаш т. б.) Пазырық, Берел мәдениеті мен Ордос ескерткіштерінде жиі кездеседі.
№ 1 обадан табылған алтыннан сомдалған бір жұп шөгіп жатқан түйелердің мүсіні де ерекше тартымды. Олардың биіктігі 2 см, ұзындығы 2,6 см, соғып, дәнекерлеу арқылы жасалған. Скиф-сақ, әсіресе ғұн-сармат кезеңінің бейнелеу өнерінде ең кең тараған бейнелердің бірі — түйелер, ол ежелгі көшпелілердің дүниетаным жүйесінде ерекше орын алады, олардың түсінігінше түйелер тек патшаларға лайық жануар деп есептелген.
Келесі бір алтын бұйым — жалпақ алтыннан екі бөлек етіп соғылып, өзара беттестіріліп дәнекерленген бұғының мүсіні. Мүсіннің ұзындығы 3,8 см, биіктігі 3,3 см. Бұғы өте сабырлы, тыныш қалыпта бейнеленген. Ярғол алтын бұйымдарының ішіндегі ең бірегей жәдігерлік деп алтын гривнаны (мойынға кигізілетін әшекейлі алқа) атауға болады. Ол 1996 жылы Ярғолдағы II қорымдағы № 1 обаны қазған кезде табылған. Алтын гривнаның диаметрі 14 см, ені 1,9—4,1 см, салмағы 77 г, ол төрт-бес қатар жұқа алтын түтікшелерден қабаттастырылып құрастырылған. Гривнаның жоғарғы жағы мен етек жағында азулы барыстың таутеке тектес киіктерге тарпа бас салып жатқан бейнесі сомдалған. қытай археологтары алғашында бұл гривнаны жаңсақтықпен тәж (тәті) деп таныған, кейін бұл ағаттыңты жапон ғалымы Хаяши Тошио және басқа ғалымдар өз зерттеулерінде түзетгі. Осыған ұқсас алтын гривна бүгінгі күнге ешбір тоналмай, бүлінбей жеткен Есік обасын қазған кезде ондағы "Алтын адамның" мойнынан табылған еді. Хаяшн Тошио ярғолдық гривнаны "Алтын адамның" гривнасымен және де Еуразиянв өзге аймаңтарынан табылғаран осыған ұқсас жәдігерлермен салыстыра отырып, жасалу тәсілі, көркемдік-стильдік ерекшеліктерін талдай келе, оны ғұн-сармат кезеңінің, дәлірек айтқанда б. з. д. I ғасырдың мұрасы болуы мүмкін деп тұжырым жасаған. Ал бұл дәуірде Боғда тауының теңірегінде көне қытай жазба деректемелері бойынша цзюйши немесе кейде гуши деп аталған сақ тайпаларының бір тармағы мекендеген еді, Ярғол ескерткіштері сол елдің аңсүйек шонжарларының бірінің мұрасы болса керек [75.735].
Қытайдың және өзге де елдердің тарихшылары үйсіндерді қазақтың негізгі тегі екендігін бірдей растайды. Дейтүрғанмен, үйсіндер Іледария бойын атам заманнан мекендеп келген халық емес, олардың бағзыдағы мекені Дүңхуаң мен Шилань-Шань тауының аралығында болатын. Кейін тек б.д.д. 160 жыл- дардың айналасында ғана олар сол өлкеден- үдіре көшіп, Іле бойына келген. Үйсіндердің алдында бүл өлкені сақтар мен иүзилер мекендейтін. Сондықтан «Ханнама. Батыс өнір баянында»: «Үйсіндердің бүл қонысы бүрын сақтардікі болатын, иүзилер Сақ қағанын бүл арадан ығыстырып шыққасын, ол оңтүстікке Шуандуға асып кетті де, бүл жерде иүзилер қалды. Кейін үйсін күнбиінен жеңілгесін иүзилер Бактерияіа кетті де, бүл жер үйсіндердің қол астында қалды. Десе де, үйсіндердін ішінде сақ, иүзилерден қалған түқым да бар» делінген. Бүдан біз үйсіндер Іле бойында елдік қүрған замандарда олардың арасында сақтардан кіріккен тектіңден едәуір болғанын байқаймыз. Бүгінде қазақтың арғын, қыпшақ тайпаларынын құрамында «жерсақ», «бессақ», «борсақ», «қарсақ» деген рулар бар. Осындағы «сақ» жалғауы Қытай тарихындағы «сайжоң»—«сақ» деген атаумен төркіндес келеді. Бұл сақтардың айна қатес: қазақ ұлтының түп- тұқияны екендігін дәлелдейді. Сол себепті кей ғалымдар «қазақ» этнонимі Каспий теңізі өңірінде жасаған «каспейлер» мен Іле дәскя бойында жасаған сақтардын — осы екі халық атанып геоэтникалық тұрғыдан бірігуінен келіп шыққан деп есептейді. Бүл да сақтардың қазақтың этникалық тегімен бұрыннан қатысты екендігін зердеге салады. Б. д . д. III ғасырдан б. д. V ғасырына дейінгі үйсіндердің археологиялық мүрделеріне, әсіресе, олардьі антропологиялық белгілеріне талдау жасаған кезде олардың бас сүйегі домалақ, маңдайы шығыңқы, көз аясы терең, мүрны сүйір, атужақтылау екені байқадған. Бүл сақтарға тән типке жақындайды. Ендеше сол дәуірде — сақтар мен үйсіндер белгілі дейгейде этникалық тоғысуды бастан кешірген. Алдыңғы жақта баяндалған Шыңшанның Құтыбын ауданындағы Қаң-жиа — Шымынзы деген жерден жыныстық тәу етуге қатысты жартас суреттерінің табылуы ежелгі сақтардың антропологиялық бейнесін анықтауға көп септігін тигізді. Ондағылар тегіс ат жақты, қою қасты, дөңгелек көз, қыр мұрынды, оймақ ерін болып келеді. Бүл — ерте заманда Тянь-Шаньды (Еренқабырғаны) мекендеген сақ қауымының бізге дейін сақталып келген негізгі келбеті. Ал, осыған қарап кейінгі кездегі сақ-үйсін «араластығына» туындайтын антропологиялық бейнені түспалдап көріңіз. 40-жылдарда Лобнор өңіріндегі бірнеше байырғы қабірлерге архелогиялық қазба жүмыстары жүргізілген-ді. Ауа райының құрғақ әрі өте ыстықтығына байланысты онда сақталған адам мүрделері сол қалпында сартап болып кеуіп қалған. Оларға қоса крмген дүниелер де көп құрымаған. Ондағы мүрделер бастарына көбінше шошақ төбелі киіз қалпақ (бөрік) киіп, бөріктерінің төбесіне қауырсын Қадаған күйінде жатыр. Оларды жалаңаш күйінде текеметке орап, аяқтарына құрым етік кигізіп, қасына әртүрлі ағаш Мүліктер мен жебе- садақтарын қойып жерлеген. Стойн бұл адамдардың ерекшелігі қазіргі күнде Тарым - ойпатындағы халықтардың нәсілдік құрылымын ең көрнектілендіретін факторлардан байқалады деп есептейді. Хуаң Вэнби осы аталған байырғы мүр- пішін- бейнесіне, әсіресе, олардың шошақ бөріктерінің ерекшеліктеріне қарап, оларды сақ қауымынан деп есептейді. Бірде оның: «Жерлік роландықтар мен сақтарда белгілі байланыс жоқ деуге болмайды» дегені бар. Ағылшын ғалымы Бейли: «Б. д. д. II ғасырдың алдында бір қауым сақ елі Қотан диярына келіп қоныстанған, әрі осындағы жерлік халыққа билік жүргізген. Қостана — сол сақ қауымының Қотанда құрған қағанаты» деп жазады. Парсы жұртының байырғы сына жазуымен жазылған тас ескерткіштерінде ертеде Қара теңіз бен Индүқүш, Тянь-Шань тауларының арасындағы ұлан даланы мекен еткен сақ қауымын үш үлкен топқа бөледі. Біріншісі, Хаумауарға Сақтары (Sаkа Наита-уаіда, яғни «хаумауар» дейтін ағаш жапырағына тәу сақтар). Бұлар Ферғана ойпаты мен Памир үстіртін мекендеген. Екіншісі, Тиграхауда Сақтары {Зака Тідгаһаийа, яғни щошақ бөрікті сақтар), бүлар Қырғызстан мен Қазақстанның далалық аймақта-рын — Памир үстірті мен Алтай жотасының тура солтүстікке Тянь-Шань, Алтай таулары — Тәшкент, Талас, Шу, Іле және Балқаш көлінің шығыс жағын қамтыған аумақты мекендеді. Үшіншісі, Тиятарадрая Сақтары (Здка Туаіуіагсиігауа, яғни, теңіздің, дарияның ар жағындағы сақтар), бүлар Амударияның терістігін, Арал теңізінің шығыс жағын, Соғдиянаны (Маурен-нахрді, яғни, Аму-Сыр дарияларының арасын — ауд.) мекендегён. Ежелгі Парсы жүрты Иран үстіртінің солтүстігін мекендеген ғажайып қауымдардың бәрін «Сақтар» деп атаған. Сондықтан тарих атасы Геродот: «Парсылар мүқым скифтердің бәрін сақтар деп атайды»3 дейді. Ал, Геродотқа келсек, ол кең-байтақ Евразия даласының Карпаттан Қара теңізге, одан Каспий мен Орта Азияға дейінгі бөлігінде өмір сүрген көшпелілерді түгелдей «скифтер» деп атаған. Бірақ осы скиф жүрты да бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, Геродот Дон өзенінен шығысқа қарай мекендеген скифтерді сарматтар (сарматайлар) деп атады. Ол: «сарматтардын тілі скифтердің тілімен бірдей»1 дейді. Бүдан сарматтардың да скиф халқыньщ бір бөлігі екенін байқауға болады. Ол тағы Каспий •теңізінен Сырдарияға дейінгі жердегі көшпелілерді массагеттер дой келіп, «массагеттер біздің естуімізще, соғысқа шебер, батыр халық екен. Олар сонау күн түбіндегі Л.лөксөс өзенінің (Сырдарияның) бойында түрып, Есседондармен тіресетін көрінеді, біреулер оларды да скифтердің бір тобы деседі»2— дейді. Іс жүзінде парсылардың Бихистон тасына бәдізделген жазудағы Сақтар мемлекеті де «теңіздің ар жағында, ондағылар да бастарына шошақ төбелі бөрік киеді».Сондықтан, Ксенофанның оларды «масагет сақтары» деуінде де нетіз бар [ 35.643 ].
Жоғарыдағыларға қарап, біз Қытай жазбала-рындағы «сайжон» (Sаі-гһопд) деген атаудағы «сай» иероглифі ертедегі «сақ» сөзінің қатайша дыбыстық баламасы болу керек деген ойға қаламыз. Бүл көне парсы жазуындағы «сак», «сака» деген дыбыстық буындарға жақын келеді. Қытайдың тарйхи қүжат-тарында «сай» иероглифіне әр түрлі сілтеме жаса-лады, Мысалы, «За-а-хан-жиң» деген кітапта «Ши-жя» деп, «Жыңфа-няньшу-жиң» («Дұрыс оқу тәпсірі») де-ген кітапта «шыжия» деп, «Коңшуэ уаң-жиң» («Тауыс цатшаның баяңы») деген кітапта «шуо-жия» деп көрсетілген. Осындағы «шияжия», «шы-жия», «шуо-жия» дегендердің бәрі «сака» немесе «сақ» сөзінің қытай иероглифіндегі дыбыстық өзгеріске үшыраған түрі.
Кейбіреулер әуелі «сайжоң» мен «шижоң» сөздерін салыстырып, үқсас мағына іздейді. Мысалы, Таң патшалығы дәуіріндегі Шау Янші «Ханнама. Жаң Чиян жайлы баяндарындағы» «сайжоң» сөзіне сілтеме жасай отырып: «сай» дыбысы өзгеріске ұшыраған, ол Батыс өңірдегі бір елдің аты, яғни, ол будда тәп-сірлерінде (номдарында — ауд.) айтылатын «ши-жоңдар», «сай», «ші» тегі бір, жақын сөз дейді. Шүй Соң «Ханнама. Батыс өңір баянына түсініктер» атты еңбегінде осы пікірді үстанды. Іс жүзінде бұндай пікір еш дәйексіз дер едім. «Сай», «ші» дыбыстары бір-біріне жақын деген күннің өзінде «шіжоң» деп тарихта бұдда дініне сенген халықтар жалпылама айтылады, «сай-жоң» деген сөз ұлт атауы ретіндегі өз алдына басқа этноним. Сондықтан «сайжоң» (сақ) дегенді бұдданы ұстанғандарды меңзейтін «шіжоң» деген атаумен шатыстырмаған жөн. Сақ халқының басым бөлігі егіншілікпен шұғылданбайтын, көпшілігі көшпелілер еді. «Ханнамада» көрсетілуінше, сақтар да жер шұрайын сағалап, көшіп-қонып жүреді екен. Ежелгі грек тарихшылары да оларды көшпелілер қатарына жатқызады. Еренқабырға бауырындағы Алагу сайынан байқалған сақ дәуіріне тән бір қабірді. қазу барысында ондағы мүрдеге қоса көмілген ағаш астаудың ішінен қойдың сүйек-саяғы мен кішкентай темір пышақ табылды. Бұл осы қабір иесінің фәнидегі тірлігінде ет тағамының өте маңызды орын алғандығын білдіреді. Оған қоса көмілген қой, сиыр, жылқы сүйектері сақтар заманында мал түліктерін өсіру бүл өңірдегі негізгі өндіріс тәсілі болғандығын айғақтай түседі[ 35.635 ]..
Сақтар көшпелі өмірге ыңғайлы киіз үй пайдалануды білді. Олардың киіз үйі сыртқы пішініне қарағанда дөп-дөңгелек көрінетін, ал «ішінен қарағанда ол тор көзді ағаштардан (керегеден — ауд.) құралған. Керегелер 6 немесе 10 қанатқа дейін болады, оны жаюға да, жинай салуға да, алып жүруге де болады. Үй төбесін сақиналанған дөңгелек шаңырақ Ағаш қаңқаның (уық-керегенің) ан киіз жабу сақтар дәуіріндегі ірі тапқырлық. Америка мен Африка құрлығындағы халықтар қой бағуды білгенімен оның жүнін анып, киіз жасауды білмеген. АҚШ ғалымы Лирдің атап көрсетуінше киіздің ойлап табуы Орта Азиядан таралған тағы бір мәдениет . Мұндай жиып-қаттауға, алып жүруге оңтайлы Еаштар мен туырлық, бау-шулар түгелімен елі өмір жағдайына бейімделіп жасалған. Ол сақ ақыл-парасатының туындысы. Алғашындар шатырларын үлкен арбаларға қондырып, екі, өгіз немесе түйелер жегіп алып жүретін. Олар екі, төрт, алты доңғалақты болып келетін. Көшу кезінде сақтар арбаларда әйелдер мен оларды, үй жиһаздары мен тұрмыстық керекжақтарын алып жүретін. Олар жер шұрайын сақтар көшіп-қонып жүрген кездерінде осы арба-оның маңайына түнеп кете беретін. Бүгінде ұлты пайдаланып жүрген киіз үйлер мен қой жасалған әдемі киіздерден қиюластырып басылған оюлы сырмақтар сақтар заманынан қарай келе жатқан өнер туындысы. Сақтар қыс ірі балшық пен шөптен соғып жасалған дүңгек үйлерде отырған. Егіншілікпен шұғылданатын көбінде арпа, бидай, тары дақылдарын егіп,Патшалық саяси түзімдегі ел болған. Кей юттерде олар үш ірі тайпалық бөлікке бөлінеді, V бөлік өз ішінен және де белгілі территориялық құрылымнан құралады, әр аумақты бір басқақ (тұтықбек губернатор — ауд.) басқарады» делінген. Бұл сақтар әр ру-тайпа ішінен билік басына дәстүрлі қорлық үрдісі бойынша келеді. Сақтар құлдық «IV сатысына кіргенмен де кәдуілгі рулық-тайпа» қауымдастық үлгілерін әлі де болса сақтап келген еді, сондықтан әлгіндей басқақтардың әмірі бұлжымай жүріп тұрды. Ал сақ патшасын (қағанын) әр тайпаның төбебасылары мен басқақтары, ақылгей қариялары сайлайтындықтан олардың әмірі тіпті де күшті болатын. Сақтар өмірі — бір ғажайып дүние. Олар аламан шеруден оралған сайын төбебасылары соғыс олжасын әрбір жасауылға дейін тепе-тең улестіріп беретін. Ал, олар жасауылдарды жанталасқан соғыс шебінде жанкештілікпен жауды жеңуге жігерлендіретін. Сақ жауынгерлері соғыста мерт қылған қарсыластарының басына байланып кеп, әмірші сардардың алдынан сыйлық бөлісетін. Сыйлық әрбір жауынгердің қанша адамның басын өкелгеніне байланысты берілетін. Сақтарда өздері өлтірген жаудың бас сүйегімен шарап ішетін әдет бар. Әр аумақ басқақтары жыл сайын шарап тойын өткізеді. Оған жыл бойына бір жаудың басын кесіп, қанжығасына байлаған жауынгерге дейін қатысуына болады. Өткен бір жылда ешбір қарсылас дүшпаннының басын алып, олжалы қайтпаған сақ жауынгері шөміштен қағылады. Геродот сақтар жайында жаза келіп: «Скиф-терде өздері өлтірген бірінші дұшпанының жүрек қанын ішетін әдет бар. Олар майданда жау түсірш қайтса, өлтірген адамдардың басын патшасының алдына ала барып, сонымен сый-сияпатқа кенеледі. Сақ жауынгерлері өлтірген дүшпанындарын бас терісін құлақ шекесінен айналдыра кесіп алып, онан соң өгіздің қабырғасымен қырнап, шелін алып, қолмен уқалап, әбден жүмсартқасын, оны қол жаулық (сүлгі) ретінде пайдаланады. Әрі бұндай сүлгілерді атқа салатын жүгендеріне көптеп тағып алып, сонысымен өздерін баһадүр, шер батыр санайтын сақтар да көп» дейді. Ал, олардың бас сүйектен шарап тостағанын (қадақ) жасау әдісіне келсек, оның да өзіндік жолы бар. «Олар адамның бас сүйегінің қастан төменгі бөлігін әбден кептіріп тазалайды. Егер осы адам кедей кісі болса, онда ол тек бастың сыртын сиырдың қатты қайысымен қаптап алып, пайдалана береді. Егер қолы жетіп түрған бай болса, онда бас сүйекті сиырдың терісімен қаптап алғаннан кейін, іш жағына алтыннан жалатып, шарап тостағаны (мәй қадақ) ретінде пайдаланады. Өз тайпаласының бас сүйегінен осындай қадақ-тостаған жасау үшін ол адам сөзсіз патшамен де, өзімен де жауласқан кісі болуы керек». Сақ патшасы ең мәртебелі адам болғандықтан, қарамағындағы бұқара-жұрты оған сөзсіз бағынатын. Сондықтан сақ билеушісінің өлімі де өте салтанатты, қаралы жағдайда өтетін. Алдымен патина мәйітінің үстіне қош иісті жұпар майы жағылатын, онан соң әдейі жасалған сәулетті ырдуан арбаға салынып, әр шалғайдағы сақ тайпаларын аралатып шығатын. Сүйек қайда барса, сондағы қалың қауым мұңғалаға батып, қайғы-қасірет жұтатын. Олар өздерін зақымдап, құлақтарын кесегі, шекелерін тіліп, сол білектеріне жебе шаншып, бірде беттерісін зақымдап; шаш-сақалдарын жұлып, шайқы-бұрқы,ту-талақ азалы күй кешетін. Бұл рәсім аяқталғасын иатшаның мүрдесі баяғыдан патша әулетінен тараған текті. тү-қымның әумет-жәуметтері жататын арнаулы молаға апарылады. Археологиялық қазба жүмыстары жүргізілген тік төртбұрыш пішінді осындай мөлалардың аумағы өте үлкен. Онда өлген адам мүрдесі киізге оралып, дәл орта түсқа орналастырылады да, оның екі жағына бес қаруы қойылады. Патшаныңғана тағы патшаның әйеддері, аспаз, атбегілері, бақауыл-сақауыддары да өлтіріліп қоса қойады. Тіпті, патша көзі тірісінде,мінген аттар да патшаның жанына қоса көміледі. Ең соңыңда бір тайпа ,ел қабір басңңа тас қалап, топырақ үйеді. Патша өліміне бір жыл толған кезде тағы да 50 құл, 50 жылқы.патша рухы үшін құрбандыққа шалынады. һәм патша моласының қасына көміледі[ 46.744 ]..
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу