Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Жазбаша деректемелер мен археологиялық деректер б. з. б. VIII—VII ғасырларда-ақ Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеттерімен — Ассириямен және Мидиямен, ал б. з. б. VI ғасырдың ортасынан, Ахеменидтер мемлекеті күрылған уакыттан бастап - Пер-сиямен байланысты болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі кептеген тари-хи оқиғаларға қатысты. Мәселен, Кир сақтармен одақ жасап, Лидия паташсы Крезбен соғысуы кезінде олардан көмек алды. Одак жасасуды канаға-ттанбаған Кир сактар мен массагеттерді бағындырмақшы болды. Парсылар-дың жорықтары кескілескен қарсылықка кездесті, Кир жорығы күйреп тын-ды, оның әскерлері талқандалып, өзі каза тапты. Геродот мынадай анызда келтіреді: парсыларды женгеннен кейін массагеттер падишасы Томирис торсыққа толтыра қан құйғызып, «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!» деп оі-ан Кирдің басын салдырған.
Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықтарын I Дарий (521-486) жалғастырды. Ол аз уакыт болса да жекелеген сақ тайпаларын, оның ішінде хаумаварга-сақтарды нсмесе амюргийлік сақтарды, сондай-ақ каспилерді бағьшдырып алды. Бұл тайпалар Ахеменидтердің XV сатрапиясында (салық аймағының) құрамына кірді және алым төлеуге тиіс болды, бірақалым мезгілінде төленіп тұрмады және көбіне сыйлықтар сипатында болды. Сақтар Ахеменидтердіең әскерінде қызмет атқарды. Тіпті олардың біразы парсы патшасының «өлмейтін он мың» деп аталатын жеке ұланына да кірді[98.678].
Б. з. б. 518 жылы I Дарий, өзінің алдындағы патша сияқты, массагет-сақтарға карсы жорықбастады, біракол дажеңіліске үшырады. Грек тарихшысы Полием массагет- сақтардың парсыларға қарсы күресінің қызықты бір оқиғасы жайындағы әнгімені келтіреді. Шырақ есімді бір сақ езінің денесін пышакпен тілгілсйді дс, парсыларға кашып өтеді, сөйтіп өзін сақ көсемдерінен жәбір керген адам ретінде көрсетеді. Өз руластарынан кек алғысы келетінін мәлімдеп, Шырак жауларды сусыз шөлге апарып адастырады, осында олардыің көбі қырылып қалады.
Б. з. б. VI ғасырдың аяғында— V ғасырдың басында ежелгі Шығыста грек- парсы соғыстарының басталуымен байланысты ірі- ірі саяси оқиғалар пісіп-жетілді. Кейбір сақ тайпалары бұл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде парсылар жағында қатысты. Гавгамелы манындағы ұрыста, мәселен, сақтардың женіл атты әскері қатысқан.
Грек- парсы соғыстары (б. з. б. 500—449 жылдары) парсылардың жеңілуімен аяқталды. Ал бұл кезде Грекияда экономикалық және саяси дағдарыс күрт өршіді, күл исленушілер бұдан шығудың жолы шығысқа баскыншылык жорық ұйымдастыру деп білді. Б. з. б. IV ғасырдың 30-жылдарында македондық- гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменид, III Дарий Кодоманның армиясын талқаңдап, Орта Азияға баса-көктеп кірді. Маракандты (Самаркандты) алып, олар Сырдарияға бет алды. Гректердін баса- көктеп енуіне Орта Азия тайпалары мен халыктары табан тіресе қарсыласты. Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстанның онтүстік аудандарын мекендеушілер, оның ішінде массагеттер белсене қатысты. Александр Македонский әскерлерімен Сырдариядан өтпек болған кезінде сақ жебесі тиіп, жараланды. Македондық- гректер Сырдария бойындағы қалаларды қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен басқарды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауын пайдалана отырып, сол кезде жеңілмейтін деп саналған македондық- гректер әскерлерін бірнеше дүркін талқандады. Көтерілісшілердің арасында жік салу үшін Алсксандр Македонский олардың кейбір көсемдерін азғырып алды. Үш жыл бойы дерлік болған кескілескен күрестен кейін ғана македондық- гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен шықтарын уакытша бағындырып алды. Сырдарияның арғы бетіндегі сақ тайпалары өздерінік тәуелсіздігін сақтап қалды[44.536].
Александр Македоиский өлгеннен кейін оның ұлан- байтақ империясы ылырады, өйткеиі ол берік экономикалық және саяси байланыстары жоқ тайпалар мен халықтардың әлдеқалай біріктірілген, бірімен- бірінің байланысы аз құрамасы болған еді.
Қазақтың да бастапқы
этностық лексемін біздерге деректеме еткен, ең алдымен, гректің дана-ғұламалары:
әлем тарихшыларының Бас Атасы - Гередот
(б.ж.с.б. 490 не 480 ж.ж.), адамзат философы
- Аристотель (б.ж.с.д. 384 ж.), күллі географтар
Абызы - Страбон (б.ж.с.д. 64/63 - б.ж.с. 23/24 ж.ж.),
тағы басқада ғұламалар болды. Ондай деректемелер
қалдырған парсы, араб дана, ғұламалары
да аз емес. Солардың мысалдарына жүгінейік.
Бір Гередоттың өзі ғана біздің түпқияндағы
этностық атауымыз жайлы қаншама деректеме
қалдырған. Біздің халықтың атын тарихта
әу баста біріншілердің бірі болып скиф-сақ
деп атап, дерек етіп қалдырған ғұлама
– Гередот. Адамзаттың тұтас тарихын «Тарих»
деп атап, 9 том кітап етіп жазған ол 1-ші
кітабында-ақ: «Скифтер дегеніміз - сақтар.
Олар көп. Тайпа-тайпа. Соның бірі - массагеттер.
Скифтер тұрғын үй тұрғызбайды. Олар кішілері
төрт доңғалақты, үлкендерді алты доңғалақты
арбаларға орнатылған киіз үйлерде өмір
сүреді. Бұл киіз үйлердің кейбіреулері
екі, енді біреулері үш бөлмеден тұрады.
Киіздерінен не жауын, не қар, не жел өтпейді.
Киіз үйлі арбаларға көшкенде екі не үш
пар мүйізі жоқ өгіздер жегеді. Ондай киіз
үйлерде балалар мен әйелдер болады. Ерлері
салт атпен жүреді» деп көрсетеді. Гередот
«Историясының» 3-ші кітабында - сақгардың
Дариймен шайқасын баяндады; 4-ші кітабында
- философ Анарыс (Анахарсис) бабамыздың
дерегін, скиф-сақ бабаларымыздың өлік
жерлеу салтын, олардың парсы патшасы
Дарийді қалай жеңгенін; 6-шы кітабында
- скиф-сақтардың б.ж.с. дейінгі VII ғасырда
Ассирияны, Вавилонды жаулап алып, Алғы
Азияда 28 жыл үстемдік жүргізгенін, осы
уақыт аралығында [75.236]Мысырдың оларға
алым-салық төлеп тұрғанын айтты. «Әлем
халықтары ішінде тек скиф-сақтар ғана
жауына беріспес өнерге ие екен» деді.
7-ші кітабында - бүкіл Дунай, Дон, Еділ,
Жайық, Қара теңіз, Каспий теңізі, Қапқаз
тауы бойын алып жатқан қаншама аймақта
біразы жермен айналысатын, біразы көшпенді,
ұзын бөрікті, қымыз ішетін сақтайпалары
екенін, оларды парсылардың да сақгар
дейтінін, жеткізді. (Бұл келтірілген деректер
Гередоттың «Историясының» (М.1972 және
Л.1993 жылдардағы басылымдарының) 1-кітабының
17, 3-ші кітабының - 122, 46-47, 104-106, 6-шы кітабының
131-132, 7-кітабының 64, 188-189 беттерінен және
9 томдық «Всемирная историяның». Сөйтіп,
ұлы Гередот біздің ататек түпқиян бабаларымызды:
О - Зак сақгар, депатады. Жоғарыда жеткізгендерін
ол скифтердің өз ауыздарынан естігендеріне
және ежелгі ассириялықтардың тарихшылары
қалдырған хроникаларға, түрлі мифтік
аңыздарға сүйеке жазды, өзінің «Историясында».
Біздің бастапқы тегіміздің этнонимі
нақ осы сақ лексемі болғанын әлемнің
әйгілі дерекнамәшыларының бәрі жаппай
жеткізді. Сондай дерекнамашылардың бірі
де, бірегейі де өзінен бұрынғы Эфардың,
Эраспеннің, Паседонның, Гипарлюың, Киреннің
мұраларын зерттеп әлем географиясы жайлы
17 кітап жазған –Страбон. Ол әйгілі «Географиясында»
біздің заманымызға дейінгі V ғасырда
парсы патшасының Сырдария бойын жаулап
алуға 600 мың жасақпен жорыққа шыққанын,
бірақ оларды массагет-сармат сақтардың
тас-талқан етіп жеңгенін хабарлады. Бұдан
біз сол заманда Сыр бойын массагет-сармат
бабаларымыздың қоныс еткенін, олардың
скиф-сақ түпқиянымыздың жауынгер тайпалары
екенін білдік. «География» атты туындысының
кітаптарында Страбон да Гередот сияқгы
скиф-сақгардың мекендеген жерлерін, олардың
қандай тайпалардан қурылған одақ екенін,
әдет, салт-ғұрыптарын алға жайды. Ол: «Сақтардың
біраз бөлігі азиялық скифтер», деп, нақтылап,
олардың Одағына яксартардың, иссидондардың,
дайлардың кіретінін көрсетті. Ол да скифтерді
парсылардың сага дейтінін жеткізді. Ал,
өзі сақтарды бір жағынан саксана, сахатзе
деп атады. Сосын ол: «Сақгар, нағыз скифтер
болыптуғанагиндікгер!»
1. 2. Сақ тайпалары парсы деректерде
Көне парсы, элам және аккад тілдерінде кұрастырылған Дарий мен Ксеркс патшалардың жазбалары, сондай-ақ көне ирандықтардың зороа-стриялық дін кітаптарыньің жинағы — «Авеста» көңіл қоярлық деректемелер болып табылады Дарийдің Бехистун жазбасының бесінші бағанының, Накши-Рустемдегі «а» жазуынын, Персепольдегі «е» тексінің және Суздегі жазбалардың, Ксеркстің«дэвтер туралы жазба» деп аталатынының ерекше маңызы бар. Бұл текстерде Дломенид империясы бірнеше дүркін қақтығысқан солтүстік-шығыс елдерінін. (Иранға қатысты) тарихи фактілері мен кейбір тайпалардың аттары бар. Дарий мен Ксерксті уақыты дәл көрсетілген жазбаларына қарағанда, «Авестаны» зертгеудегі ең басты киындық сол, онда мейлінше әр түрлі дәуірлерге катысты мәлімсттер жинақталып, араласып кеткен.)
Заратуштра уағыздарының «Яштар» кітабына кіретін жолдары — «Гаттар» Авсетаның ежелгі бөлігі болып табылатыны дәлелденген. Көптеген шығыстанушылар ауызша дәстүрге мегізделген «Гаттардың» ылығуыш б. з. б. 1000-600 жылдары аралығына,псб.з. б. I мыңжылдыктың бас кезіне жаткызады, ал кейбіреулері б. з. б. VII—VI ғасырдың бас кезіндегі уақыт жайында сөзболып отырды санайды, Бұл жағдайдың екеуіндеде «Гаттардың» калыптасуы Ахемепидтік кезеңге дейінгі уақытқа жатқызылады. «Гаттар» мен Лвестаның уакыт жағынан оларға жакын баска бөліктерінің туындаған және тыққан жері туралы мәселе бойынша даулар да аз емес. Авеста қоғамьшың әлеуметгік кұрылысы. идеологилсы мен тілі және суретгелетін оқиғаларлың географиялық жағдайы жоніндегі казіргі зерттеулер Авестаның ежелгі бөлімдері Орта Азияның және оған солтүстігінде жапсарлас жатқан Қазақстан аймақтарының да бақташы егінші тайпаларынын ортасында қалыптасқан деген қорытындыға келтіреді[92.555 ].
Көбіне грек және ішінара латын тілдеріңдегі антик деректемелері де өте кұнды. Олардын арасымда б. з. б. V ғасырдың 40-жылдарының аяғында — 30-жылдарынын басында жазылған Геродоттың «Тарихы» оқшау тұрады. Цицеронның Герадоттың тауып атағанындай, «тарих атасының» тоғыз кітабынан ертедегі Қазақстан тарихы үшін төртінші кітабы не ғұрлым маңызды, онда Дарийдің скифтерге қарсы жорығын суреттеумен байланысты Евразия тайпалары туралы неғұрлым толық деректер жинакталған.
«Тарихтың» негізіне парсы мен гректің ауыз екі әңгімелері, Геродоттың өзінің байқаулары мен одан бұрынғы адамдардың кейбір жазбаша хабарлары алынып. Соңғылардың арасынан Гекатей Милетски мен Аристей Проконесскийдің еңбектері көзге түседі.Ахеменид заманының тарихы жөнінде Ксенафондт, Ктесий жөне кейінгі кезең авторлары — Бсррос, Арриан, Полиен, Диодор, Полибий, Плиний, Помпей Трог, Птолемей, Страбон бірқатар кұнды деректер қаддырды. Алайда бұларда Казақстанньң ежелгі тайпалары мен халыктары туралы нақты акларат кеп емес. Оларда келтірілетін тайпалар мен халықтардың аттарын басқа мәліметтермен салыстыру ете қиынға соғады. Сондықтан жазба деректемелер маңызды, дегенменде, археологиялык деректемелермен салыстырганда көмекші рөл атқарады. Қазақстан аумағындағы бақташы тайпалар туралы ең ертедегі деректердің бірі Авестада кездеседі. Сондағы 13 Яштта (Фравардин Яшт, 143—144) Тура, Зайрима, Даһа және баск.а халықтар аталады. Гаттардың контекстіне караганда, көне Иран эпосында отырықшы мал өсірушілер мен егіншілердің -арийлердің қоғамына карсы койьлатын Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы Шығыс ирандық көшпелі тайпалардың бәрі «турлар» деген жиңақгалған атпен аталады. Кейбір зерттеушілер тур халқын ежелгі грек деректемелері бойынша массагеттер деген атпен белгілі тайпалардың нақты тобымен байланыстырады» [ 66-666].
Неғұрлым көне парсы сына жазуы текстерінде жаңағы Шығыс Иран тайпалары Вака деген жалпы атпен аталған (Персепольдің «е» тексті; Бе-хистун жазбасы). Бұл терминнін Авестаның «турлар» деген атауынан айыр-масы сол, ол иран, грек-латын, ал одан кейін кытай деректемелерінде де кеңінен таралған.
Біршама кейінгі кезендегі сына жазуы тізімдерінде (Накши-Рустемнен «а», Сузден «е» жазбалары; алтын және күміс қалақшаларға жазылған Да-рийдің Хамадан және Персеполь текстері; Ксеркстің «антидектік жазбасы») Сака термині неғұрлым нақгы мазмұнмен толықтырылады. Осы уакыттан бастап бірнеше сак тайпаларының немесе тайпалар топтарының аттары келтіреді деді Вака (теңіздің арғы жағындағы сактар), Сака һаом («хаом су сынын дайындайтындар») , Вака тиграхауда («шошақ бөрік киетіндер»), Сака туайу пара согды («Соғдының ар жағандағы сақар»). Саһа есімі де белгілі бір дәрежеде сактармен байланысты, бұл есім парсы анналдарында алғаш рет Ксеркстң «дэвтер туралы жазбасында» келтірілген, бірақ бұдан ертеректе ол Авестада айтылған[ 21.190 ].
Сына жазуы текстерінің кейбір этнонимдері грек деректемелеріндегі тайпалар аттарымен иланымды ұқсастырылады. Мәселен, Геродоттың өз айтуы бойынша Ахеменид державасының оныншы әкімшілік округіне кірген (Геродот, III, 92) ортокарибантийлері тиграхауда-сақгарға, амюргийлік сактар - хаумаварга-сақтарға (Геродот, VIII, 64), ал дайлар - Авестаның және Ксеркс жазбасының дахтарына сәйкес келеді.
Басқа да грек авторларының көпшілігі сияқты, Геродот та кейде «азиялық скифтер» деген терминді қоса отырып, сақтарды скифтер деп атайды. Бұл атау грек тарихшыларына жақсы таныс Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның кешпелі скиф тайпаларына қарап айталды. Бірақ грек деректемелеріңде ахеменидтік сына жазуларында кездеспейтін баска атаулар да бар, олар: массагеттер, савроматгар (кейінгі кезде сарматгар), аргаппейлер, аримаспылар ассилер, пасиандар, сакараулдар (сакарауктар) және басқалары»
Парсы және антик деректемелеріндегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның осы заманғы картасына орналастыру туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ. Теңіздің арғы жағындағы сактарды оқшаулап бөлуде таяу уақытқа дейін екі көзкарас болып келді. Бірінші кезқарас (В. В. Сгруве) тұрғысынан, парадрайа- сақгарды Арал теңізінен щығысқа таман және Әмуд-ария мен Сырдария езендерінің теменгі бойларына орналастыру керек еді. Мөселені бұлайша қоюға I Дарийдің сақтарға қарсы жорығаның жүрген жолы туралы әңгімелейтін Бехистун жазбасының бесінші бағанының екінші жартысын қайта құруды ұсыну негіз болды. Бехистуннан алынған текстің келтірілген белігілі, ал одан кейін Накши-Рустем және Персеполь жазуларын антик деректемелерінің мәліметгерімен салыстыру негізінде парадрайа-сақтардың және «Соғдының ар жағындағы» сақгардың - массагеттерге, дайларға, каспилерге сәйкестігі туралы болжам жасалды[49.666]..
В. В. Григорьев басқаша көзқарасын айтады, оған қарағанда парадрайа- сақтар деп Оңтүстік Ресей және онымен шектес аймақгар аумаын мекендеген европалық скифтерді түсіну қажет болады.Бехистун жазбасын жаңа мекендейді (IV, 22). Одан әрі «биік таулардың етегінде» мекендеген агрнппей тайпасы аталады (IV, 23),бұл арада, сірә, оңтүстік-шығыс Жайық өңірі айтылып отырса керек[88.345].
Геродотқа аты мен таралу аймағы «анык мәлім» исседондар тайпалары аргиппейлерден шығыска таман орналаскан (IV, 25). Исседондардың айтуы бойынша, дейді одан әрі Геродот, олардан жоғарырақ аңызга айналған аримаспылар мен «алтын қорыған самұрык» тайпалары тұрады. Қиял-ғажайып қауесеттер антик жазушыларына дейін жеткен аримаспылар мен самурықтар тайпалары ірі-ірі алтын рудниктері болған Қазакстапнын. солтүстік-шығысымен байланыстырылады. Исседондар туралы Геродоттың тағы бір айғағы бар. Кирдің массагетгерге жорықка әзірленуі туралы әңгімелейтін фрагментте бұл тайпалардың «Аракс өзенінің арғы бетінде күншығысқа қарай, исседондарға қарсы шығыс бағытта» тұратындығы айтылады (Геродот, I, 201). Геродоттың болжауына карағанда, исседондар Орталық Қазақстан далаларында немесе Оңтүстік Жайық өңірі мен Батыс Қазақатанда тіршілік еткен деп топшылауға болады.
Сөйтіп, жазбаша деректшелер б.
з. б. VII—IV ғасырдагы Қазақстан аумағына
бірктар тайпалар мен тайпалыктоптарды
орналастыруға мүмкіндік
Тайпалардын көршлерімен қарым- қатынастары. Б. з. б. VII—IV ғасырлардағы Евразияньң этникалық және саяси картасы барынша ала-кұла болуымен ерекше. Сонымен бірге жақын және алыс тайпалар, халықтар, мемлекеттер арасында біршама тұрақты экономикалық, саяси және мәдени байланыстар орнады, соғыс қактығыстары да аз болған жоқ. Казақстан аумағын мекендеген тайпалар Орта Азияның, Алтайдың, Хакасиянын, Тува нен Солтүстік Монғолияның туыстас халқымен өзара байланыс орнатып, қарым-қатынас жасады. Солтүстік-шығыста және солтүстікте Қазақстанның мал өсірумен айналысқан ежелгі халқы Орал тілді қауымның угор тектес тармағынын. орманды далалар мен ормандарды мекендеген тайпалармен - мансилер мен хантылардың арш тегінен шектесіп жатты[97.921 ].
Батыстың савромат тайпалары Қара теңіз өңірінің скифтерімен көрші болды, олармен сауда- саттық жасады, соғыс одағын күрды пемссе карулы қақтығыстарға түсіп жүрді. Оңтүстікте савроматтар өз тағдырын өте ертеде. Ахеменид заманына дейін- ақ, Үлкен Хорезм және Бактрия патшалығы сияқты мемлекеттік құрылымдармен байланыстырды.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу