Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Айдарлы тазқараны, құмайды бейнелей отырып, көне көшпелілер оған неғұрлым “оң қасиеттерді” телуге тырысқан. Сөйтіп ол санада марқұмның рухын көкке жеткізетін “періштеге” айналған. Сонымен қатар, аспандап ұшқан тазқара мен құмай – ажал жаршысы ретінде көрген адамға үрей ұялатқан. Әсіресе нәресте мен жас баланың өлімі (өзге дүниеге сапары, қайтуы), уақытынан тым ерте саналып, одан сақтап қалуға тырысты. Соның нәтижесі ретінде жұрт ішінде түрлі қорғаныс амалдары мен ырым-ғұрыптар ойлап табылып, кеңінен тарады.
Б.з.б I мыңжылтықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны жэне Қазақстанның оңтүстігін қамтыйтын кең-байтақ аумақта жалпы алғанда парсыларша-«сақ», гректерше «скиф» деген атпен белгілі болған түркІ тілдес тайпалар тұрған.
Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз өңірімен Днепр бойын мекендеген мен Оңтүстік Орал өңірін мекендеген савроматтардың, Кир мен I Дарий парсыларының және Александр Македонский дэуіріндегі гректердің замандасы болған.Олар ежелгі парсылармен тығыз қарым-қатынас жасаған, тіпті б.з.б. VI-V ғасырларда Ахеминиттер имперясының құрамына да кірген. Ахеминидтік сына жазба деректемелерінде Дарийдің Бехустин жартасындағы сақтарға жорық кезінде жазған текстерінде сақ тайпаларының үш тобы туралы азда болса нақты деректерді береді. Алғашқы екі топ Герадотқа таныс болды, бұларды ол амюргия-сақтар жэне ортокарибантия-сақтар деп атайды. [5, 3-6]
Ғылымда сақтардың бүл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген деректер бар. Олардың біреуіне сэйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғыстан аумағында жэне Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда сақтар мекендеген.Ц Бүл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтай да енген.
Сақтардың ескі зираттары, оның ішінде патшалардың топтануы Талас, Шу, Іле жағалауларында қырғыз жэне Жонғар Алатауының бөктерлерінде, Кегенмен Нарынқолдың таулы аймақтарында, содан сон Еділмен Дунай аралығынан табылған. Антикалық текстің сақтар туралы дерек беретін екі тобы белгілі. Ахеменит патшасының сына жазу үлгісімен Герадоттан басаталған грек-рим авторларының шығармалары, оған қоса ежелгі авторлардың шығармаларында әр түрлі жолдармен алынған жэне эрқандай сараптаудан өткен басқа хабаларда бар. [6,142-6].
Мысалы: Геродоттың хабарламаларында тек парсылар ғана емес, сонымен қатар жергілікті скифтер мекендеген орындар да белгілі болады, онда сонда скиф жерінен саяхат жасаған жэне шығысқа сапар шегу мэселесі туралы мэлімет жинаған Қаратеңіз гректерін атайды. Мұны Орта Азиялықтардың сол кездегі «мекендеу әлемі»-Хань мемлекеті кезінде жазылған тарихи деректер, ертедегі Қытай жазбалары толықтыра түседі.
Неғұрлым көне парсы сына жазу текстерінде жаңағы Шығыс Иран тайпалары Сака деген жалпы атпен аталған (Персопольдің «е» тексті; Бехистун жазбасы). Бұл терминнің Авестаның «турлар» деген атауынан айырмасы сол, ол иран, грек-латын, ал одан кейін қытай деректемелерінде кеңінен таралған.
Біршама кейінгі сына жазу тізімдерінде жаңағы (Накши-Рустемнен «а», Сузден «е» жазбалары; алтын жіне күміс қалақшаларға Жазылған Дарийдің Хамадан және Персеполь текстері; Ксеркстің «антиветтік жазбасы») Sака термині неғүрлым нақты мазмүнмен толықтырылады. Осы уақыттан бастап бірнеше сақ тайпаларының немесе тайпа топтарының аттары келтіріледі. 8ака Іуаіа рагасіагіа (теңіздің арғы жағындағы сақтар), Sака һаитауагца (хоам сусынын дайындайтын сақтар), Сака (шошақ бөрік киетіндер) [ 24.644]
Сына жазуының кейбір этнонимдері грек деректемелеріндегі тайпалар аттарымен иланымды ұқсыстырылады. Мәселен Геродот өз айтуы бойынша Ахеменид державасының оныншы экімшілік округіне кірген. Ортокарибантийлері тиграхауда-сақтарға, амюргейлік сақтар-хаумоварга-сақтар, ал дайлар-Авестаның жэне Ксеркс жазбасының дахтарына сәйкес келеді. Басқа да грек авторларларының көпшілігі сияқты, Гереододдта кейде «Азиялық скифтер» деген терминді қоса отрып, сақтарды скифтер деп атайды. Бұл атау грек тарихшыларына жақсы таныс Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдынғы Азияның көшпелі скиф тайпаларына қарап айтылды. Бірақ грек деректемелерінде Ахеменидтік сына жазуларында кездеспейтін басқа атауларда бар, олар: массагеттер, савоматтар (кейінгі кезде сарматтар), агиппейлер, аримаспылар, ассилер, пасиандар, сакарауылдар (сакарауктар) жэне басқалары. Парсы және антик деректемелеріндегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның осы заманғы картасына орналастыру уралы мәселе элі түпкілікті шешілген жоқ. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды оқшаулап бөлуде таяу уақытқа дейін екі көз қарас болып келді. Бірінші көзқарас (В.В.Стурве) түрғысынан, парадария сақтары Арал теңізінен шығысқа таман және Әмудария мен Сырдария өзендерінің төмнгі бойларына орналастыру керек еді. Мэселені былайша қоюға I Дарийдің сақтарға қарсы жорығының жүрген жолы туралы энгімелейтін Бехистун жазбасының бесінші бағанының екінші жартысын қайта құруды ұсыну негіз болды. Бехистуннан алынған текстің қалпына келтірілген бөлігін, ал одан кейін Накши-Рустем жэне Персополь жазуларын антик деректемелерінің мэліметтерімен салыстыру негізінде - парадрйа - сақтардың жэне «Соғдының ар жағындағы» сақтардың массагетерге, дайларға, каспилерге сэйкестігі туралы болжам жасады[ 35.643 ].
В.В.Григорьев басқаша көз қарасын айтады, оған қарғанда парадария сақтар деп Оңтүстңк Ресей жэне онымен шектес аймақтар аумағын мекендеген европалық скифтерді түсіну қажет болды, Бехистун жазбасын жаңадан зерттеу және аудару Бехистун жазбасының V бағанасын басқаша қарап, басқаша түсіндіруге экеп соқты. Қазіргі уатта парадария-сақтарды Қара теңіздің солтүстік төңірегіне орналасты деу дүрысырақ деп саналады. [58,325-6].
Орта Азяимен Қазақстан сақтарының басқа екі тобы (хаумаварга мен тиграхауда) Таяу Шығыстың халықтарында көбірек мәлім болған. Кир мен Дарий жасаған жорықтар тиграхауда-сақтар Ахеменид бедрлері мен мөрлерінде бірнеше рет бейнеленген. Олардың скунха деп аталатын көсемінің тұлғасы басқа да бағындырылған халықтардың патшаларымен бірге Даридің бүйрығы бойынша Ирандағы Бехистун деген жердегі тасқа қашап салынған. Ежелгі шығыстың ең көне жэне аса маңызды қркаттарының бірі деп эбден орынды саналатын Бехистун жазбасының сақ көсемін тұтқыгға алумен байланысты оқиғаларға арналған V бағанасының 20-30-жолдарында былай делінген:
«Дарий патша былай дейді: солан кейін мен эскеріммен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқаса жөнелді. Мен теңізге жеттім де, бүкіл эскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата жеңдім де, екінші бөлігін түтқынға алдым.
Скунха деген көсемін қолға түсіріп маған экелді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылып тағайындадым. Бүдан кейін ел маған қарады». [9, 65-6].
Бұл текст шошақ бөрік киетін тиграхауда-сақтары туралы ақпрат беретін, сақталып қалған бірден-бір жазбаша кұжат болып табылады.Сақта мен массагеттер еліне Ахеменит патшалары Дарий мен одан бүрынғы II Кирдің жорықтары тарихи анықталған фактілер қатарына жатады. Осы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі эңгімелейтін Геродот массагеттер жерін Каспий теңізінен шығысқа қарай, «Аракс өзенінің арғы жағындағы күннің шығу бағыты бойынша орналастырады. II Кир мен Дарий арасындағы жорықтарының жолдары талас туғызады. Біреулер Дарий өзінің ізашарының жолын қайталай отырып, сақтар мен Әмударияның арғы жағында Арал теңізі маңында кездесті деп санайды, екінші біреулер, II Кир массагеттермен Үзбой теңізінің арғы жағында (Әмударияның бүгінде тартылып қалған саласы) шайқасты, ал Дарий сақтар жеріне Әмударияның орта тұсынан өтті деп санады. Бір нәрсе айқын: пэкэрлердің қайшылықтарна қарамастан, екі жорықта массагет-сақтар тайпаларына қарсы бағытталған; Бұлардың жері Геродоттың ортокарибантилердің немесе Бехистун жазбасындағы тиграхауда сақтарының жерімен толық немесе ішінара сэйкес келеді деп топшылауға болады. Географиялық жағынан алғанда, бұл-Каспийдің шығыс төңірегімен Үзбойдан Сырдария өзеніне дейін қоса алғандағы Арал өңірінің аймағы. [63, 53-6].
Скиф-сақ бірлестігінің өмір сүрген кезені, көне тарихшылардың деректері мен археологиялық материялдарға назар аударсақ, рулық қоғамының ыдырауы кезеңіне тура келетін сияқты. Сол түсты (В.В.Бартольдтің айтуынша) түркі тілдес тайпалардың қалыптаса бастаған шағы деуге болады. Қазіргі Алматы түрған жерді сақтар мекендеген. Оларды грек шежіресінде массагеттер деп атайды. Тарихтың атасы деп танылған Реродот айбарлы массагеттер туралы былай деп жазды; «Бұл халық өзінің көптігімен және жаугершілігімен көзге түседі. Массагеттер киген киімі, Түрмыс салты жағынан скифтерге жақын. Сақ тайпаларының одағына мыналар кіреді: массагеттер, дайлар (дахилар), каспилер, Йсседондар, аримаспалар, аландар, кейініректер савроматтар мен сарматтар, Олардың арасында көнедегі аңыздарда айтылатын «алтын қорыған қүмайлар» деп аталатын тайпалар мэдени жағынан жоғары сатыда болды».
Массагет, яксарт тайпалары Көк теңІздің, Арал теңізінің солтүстік және шығцс-солтүстік өңіріне, Сырдарияның оң жақ алқабына орналасқан. Ерте заманда Сырдария «Яксарт» деп аталған. Дайлар (немесе дахилар) тайпасы Сырдарияның төменгі жағына, Көк теңіз қолтығына орын тепкен.
Каспилер тайпасы Каспий теңізінің шығыс жағалауын мекендеген. Памир-Алтай тауларының солтүстік шегараларынан бастап, Тян-Шянь тауларын басып өтіп, шығыс сотүстістікте Алтайдың сілемдеріне дейінгі, солтүстікте Балқаш көліне жэне Шу өзенінің аяғына дейінгі, батыста Талас өзенінің жағалауына дейінгі жерлерді жағалауына қоныстанған.
Исседондар тайпасы Іле мен Шу өзендерінің өн бойын, оның шығыс жағындағылары Тарбағатай тауына дейінгі созылған алқапты мекендеген.
Аримаспалар тайпасы исседондардың солтүстік және шығыс солтүстік жағында, Алтайдың батыстағы сілеміне дейінгі жерлерде тұрған. [11,189-6]
Сарматтар мен савроматтар тайпасы Каспий теңізінің терістігінде, шығыста Еділ өзеніне дейінгі, солтүстікте Жайық өзенінің басына дейінгі жерлереде түрғаны белгілі.
Геродот берген деректер мен кейінгі қазба жүмыстарының материялдарына сүйенген біраз ғалымдар сактарды-скифтерді Қаратеңіздің оңтүстік батыс жағалауын түгел, Дунайдың сағасына дейін, төменгі Буг пен Днепрде Азов теңізіне дейінгі аралықта орналастырылса енді біразы оларды Еділдің төменгі ағысынаң шығысқа қарайғы кең алқапты мекендейді дейді. Соңғылардың айтуына қарағанда, сақтар-скифтер бүдан кейін Еділдің батыс жағалауына өтіп, одан терістік Кавказға келген. Содан қазіргі Дағыстан мен Дербент асуы арқылы Әзірбайжан жеріне өткен.
Геродот массагеттер туралы: «Массагеттер киім киісі мен тұрмыс салты жөнінен скифтерге үқсас. Олар салт атқа мініп те жаяу жүріп те шайқасады. Соғыстың екі эдісін білді: садақ тартып, найзамен де шайқасады. Әдетте айбалта мен қаруланған. Олардың барлық заттары алтын мен мыстан жасалған. Бас киімдері, белдіктері және орамалдары алтынмен безендірілген[12, 493-6].
Олар аттарына арналған өмілдірікті де мыстан жасайды. Керісінше, жүгенді, ауыздықты, қүйысқанды алтынмен эшекейлеген. Темірмен күмісті мүлде қолданбады. Өйткені олардың елінде алтын мен мыс көп болған, ал әлгі металдар мүлде жоқ болған. Олар ешнәрсе екпеді. Үй жануарлары мен Аракс өзенінен аулайтын мол балықты тамақ етіп, сүт ішкен. Құдайлармен күнге ғана табынып, оған қүрбандыққа жылқы шалды. Мұның мэнісі-қүдайлардың ең жүйрігіне ең жүйрік жануар шалады дегенге саяды.
Страбон сақтар мен массагеттер туралы: «Бұрын Қара теңіздің Дунайдың, Адрияттың жағасында тұратын халықтар-Гиперборейлер, сарматтар, аримаспалар, ал Каспий теңізінің арғы жағында тұратындар-сақтар мен массагеттер деп аталған». «Массагеттер тек күнді ғана құдай деп санады, оған қүрбандыққа жылқы шалды. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қола мен алтын өте көп. Жазықта түрса да олар егіншілікпен айналыспады, қайта көшпенді скифтер сияқты мал бағып, балық аулап тіршілік етті. Бұл халықтардың түрмыс-салты, зираттары ортақ, мінез-қүлқы бірдей, олардың бәрі де дөрекі, жабайы, жаугер, бірақ турашыл-уэдесінен айнымайды жэне ат құлағында ойнаған қайсар халықтар болды» [45.754].
Б.з.б 558 жылы оңтүстік батыс Иран үстіртіндегі парсы тайпасының басшысы болып ахеменид руынан шыққан Пасуаш елінің патшасы Кирдің немересі Кир сайланды. Оның кішірек патшалығында көрші ірі-ірі төрт мемлекет болды. Олар: Мидия (Иран үстіртінде), Лидия, (Кіші Азияда), Вавилония (Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығында) жэне Египет. 553 жылы Кир Мидия патшасы Астияға қарсы соғысып жеңді, ал 547жылы Лидия Крезге бағынған еді. 539 жылы кезек Вавилонияға төнген болатын. Парсы эскелерінің алдына ешкім қарсы түра алмады. Вавилония Кирге бағынды.
545-539 жылдар аралығында Вавилонияны
басып алмас бүрын Кир өз
эскерінің негізгі күштерін
Сақтар сол заманда көптеген
тарихи оқиғаларға қатысқан. Мэселен,
аса күшті ахемонидтер
Геродоттың айтуынша бұл кезде массагеттердің патшасы қайтыс болған патшаның жесірі Томирис еді. Кир оны өзіне эйел етіп алмақшы сияқты көрініп, елшілер жіберіп, оған құда түспекші болады. Бірақ оның үсынысын Томирис қабылдамайды. Томирис Кирдің өзіне емес массагеттер патшалығына қүда түскелі отырғанын түсінеді. Қулығы іске аспаған Кир эскелерімен Аракс өзеніне бет алып, Массагеттерге қарсы ашықт-анашық соғыс бастайды; Әскерін өткізу үшін ол өзенге көпір салады, ал кемелер өткізілетін жэне жауынгерлер қарауылдайтын жерлерге мүнарлар орнатады. Кир осы жұмысты іске асырып жатқанда Томирис оған жаушы жіберіп, мынадай сәлем айтады: «Мидияндар патшасы, қазір өзің айналысып жатқан ісіңді тоқтат, өтйкені жақсылықпен бітпейді, жақсылықпен тынар-тынбасын біле алмассын. Өз еліңе патшалық құр, бздің елге тиме, ал егер массагеттермен күш сынасыуға қатты құштар болсаң, жарайды, өзен жағалауын косып эуре болма, біз өззеннен үш күндік жерге кетеміз сонда біздің жерімізге өтіп ал. Ал бізді өз жеріңе өткізгің келсе, нақ осылай істе». Кир эскер басшыларын жинап, мән-жайды айтып, өзінің не істеу керектігін сүрайды. Бэрі де әскерлерді Томирис жеріне өткізу керек деген пікірге тоқталады. Кир сегіз күндік жер ілгері кетіп, соғысқа жармсыз эскерлерін массагеттерге қалдырады да, өзі Аракс өзенінен кейін кетеді. Жарамсыз эскер қалған жерлерге парсылар алуан түрлі тэтті-тағамдар шарапқа толы шыны аяқтар тастап кетеді. Содан кейін массагеттер Кир тастап кеткен парсы жауынгерлеріне шабуыл жасап, олардың қарсыласқанына қарамай қырып тастайды. Сөйтіп эзірленген асты көріп, жауды женгеннен кейін тойлауға кіріседі. Тойғанша ішіп-жеп бәрі ұйқыға кеткен кезде парсылар оларға шабуыл жасап көбін қырып тастайды. Соның ішінде эйел патшаның массагеттерді бастап келген үлы Спаргаписесте тұтқынға түседі. Әйел патша өзінің эскерлерімен ұлының хэлін білуге жаушы жіберіп, сәлем айтады: «сен менің үлымды шайқаспай, эскери ерлікпен емес, соншалықты змияндықпен, осынша айламен қолға түсіргеніңе мақтанба! Менің айтқаныма қүлақ ас, өзіңе жақсы кеңес беремін. Маған ұлымды қайтар да әскерімнің үштен біріне істеген арсыздығың үшін еліңе тай. Егер мұны істемесең, массагеттер эміршісі күнімен ант етемін, сен қаншама тойымсыз болсаңда мен сені қанға тұншықтырамын. Бүл сөзге парсы патшасы Кир ешқандай көңіл бөлмейді: Томирис патшаның ұлы есін жиған соң қол-аяғын бұғаудан босатуын сұрайды, бұғаудан босай салысымен ол өзін дереу өлтіреді[36. 433]..
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу