Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Скачать документ)

Жазбаша деректемелер мен археологиялық  деректер б. з. б. VIII—VII ғасырларда-ақ Қазақстан  мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеттерімен — Ассириямен және Мидиямен, ал б. з. б. VI ғасырдың ортасынан, Ахеменидтер мемлекеті күрылған уакыттан бастап - Пер-сиямен байланысты болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі кептеген тари-хи оқиғаларға қатысты. Мәселен, Кир сақтармен одақ жасап, Лидия паташсы Крезбен соғысуы кезінде олардан көмек алды. Одак жасасуды канаға-ттанбаған Кир сактар мен массагеттерді бағындырмақшы болды. Парсылар-дың жорықтары кескілескен қарсылықка кездесті, Кир жорығы күйреп тын-ды, оның әскерлері талқандалып, өзі каза тапты. Геродот мынадай анызда келтіреді: парсыларды женгеннен кейін массагеттер падишасы Томирис торсыққа толтыра қан құйғызып, «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!» деп оі-ан Кирдің басын салдырған.

Кирдің Орта Азияға басқыншылық  жорықтарын I Дарий (521-486) жалғастырды. Ол аз уакыт болса да жекелеген сақ тайпаларын, оның ішінде хаумаварга-сақтарды нсмесе амюргийлік сақтарды, сондай-ақ каспилерді бағьшдырып алды. Бұл тайпалар Ахеменидтердің XV сатрапиясында (салық аймағының) құрамына кірді және алым төлеуге тиіс болды, бірақалым мезгілінде төленіп тұрмады және көбіне сыйлықтар сипатында болды. Сақтар Ахеменидтердіең әскерінде қызмет атқарды. Тіпті олардың біразы парсы патшасының «өлмейтін он мың» деп аталатын жеке ұланына да кірді[82.105 ].

Б. з. б. 518 жылы I Дарий, өзінің алдындағы патша сияқты, массагет-сақтарға карсы жорықбастады, біракол дажеңіліске  үшырады. Грек тарихшысы Полием массагет- сақтардың парсыларға қарсы күресінің  қызықты бір оқиғасы жайындағы  әнгімені келтіреді. Шырақ есімді бір сақ езінің денесін пышакпен тілгілсйді дс, парсыларға кашып өтеді, сөйтіп өзін сақ көсемдерінен жәбір керген адам ретінде көрсетеді. Өз руластарынан кек алғысы келетінін мәлімдеп, Шырак жауларды сусыз шөлге апарып адастырады, осында олардыің көбі қырылып қалады.

Б. з. б. VI ғасырдың аяғында— V ғасырдың басында ежелгі Шығыста  грек- парсы соғыстарының басталуымен  байланысты ірі- ірі саяси оқиғалар пісіп-жетілді. Кейбір сақ тайпалары  бұл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде парсылар жағында қатысты. Гавгамелы манындағы ұрыста, мәселен, сақтардың женіл атты әскері қатысқан[21.786 ].

Грек- парсы соғыстары (б. з. б. 500—449 жылдары) парсылардың жеңілуімен аяқталды. Ал бұл кезде Грекияда экономикалық және саяси дағдарыс күрт өршіді, күл исленушілер бұдан шығудың жолы шығысқа баскыншылык жорық ұйымдастыру деп білді. Б. з. б. IV ғасырдың 30-жылдарында македондық- гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменид, III Дарий Кодоманның армиясын талқаңдап, Орта Азияға баса-көктеп кірді. Маракандты (Самаркандты) алып, олар Сырдарияға бет алды. Гректердін баса- көктеп енуіне Орта Азия тайпалары мен халыктары табан тіресе қарсыласты. Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстанның онтүстік аудандарын мекендеушілер, оның ішінде массагеттер белсене қатысты. Александр Македонский әскерлерімен Сырдариядан өтпек болған кезінде сақ жебесі тиіп, жараланды. Македондық- гректер Сырдария бойындағы қалаларды қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен басқарды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауын пайдалана отырып, сол кезде жеңілмейтін деп саналған македондық- гректер әскерлерін бірнеше дүркін талқандады. Көтерілісшілердің арасында жік салу үшін Алсксандр Македонский олардың кейбір көсемдерін азғырып алды. Үш жыл бойы дерлік болған кескілескен күрестен кейін ғана македондық- гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен шықтарын уакытша бағындырып алды. Сырдарияның арғы бетіндегі сақ тайпалары өздерінік тәуелсіздігін сақтап қалды.

Александр Македоиский  өлгеннен кейін оның ұлан- байтақ империясы ылырады, өйткеиі ол берік экономикалық және саяси байланыстары жоқ тайпалар мен халықтардың әлдеқалай біріктірілген, бірімен- бірінің байланысы аз құрамасы болған еді.

Парсы және антик деректемелеріндегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның осы заманғы картасына орналастыру туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ. Теңіздің арғы жағындағы сактарды оқшаулап бөлуде таяу уақытқа дейін екі көзкарас болып келді. Бірінші кезқарас (В. В. Сгруве) тұрғысынан, парадрайа- сақгарды Арал теңізінен щығысқа таман және Әмуд-ария мен Сырдария езендерінің теменгі бойларына орналастыру керек еді. Мөселені бұлайша қоюға I Дарийдің сақтарға қарсы жорығаның жүрген жолы туралы әңгімелейтін Бехистун жазбасының бесінші бағанының екінші жартысын қайта құруды ұсыну негіз болды. Бехистуннан алынған текстің келтірілген белігілі, ал одан кейін Накши-Рустем және Персеполь жазуларын антик деректемелерінің мәліметгерімен салыстыру негізінде парадрайа-сақтардың және «Соғдының ар жағындағы» сақгардың - массагеттерге, дайларға, каспилерге сәйкестігі туралы болжам жасалды[43.435].

Б. з. б. 518 жылы I Дарий, өзінің алдындағы патша сияқты, массагет-сақтарға карсы жорықбастады, біракол дажеңіліске  үшырады. Грек тарихшысы Полием массагет- сақтардың парсыларға қарсы күресінің қызықты бір оқиғасы жайындағы әнгімені келтіреді. Шырақ есімді бір сақ езінің денесін пышакпен тілгілсйді дс, парсыларға кашып өтеді, сөйтіп өзін сақ көсемдерінен жәбір керген адам ретінде көрсетеді. Өз руластарынан кек алғысы келетінін мәлімдеп, Шырак жауларды сусыз шөлге апарып адастырады, осында олардыің көбі қырылып қалады.

Б. з. б. VI ғасырдың аяғында— V ғасырдың басында ежелгі Шығыста  грек- парсы соғыстарының басталуымен  байланысты ірі- ірі саяси оқиғалар пісіп-жетілді. Кейбір сақ тайпалары  бұл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде парсылар жағында қатысты. Гавгамелы манындағы ұрыста, мәселен, сақтардың женіл атты әскері қатысқан.

Грек- парсы соғыстары (б. з. б. 500—449 жылдары) парсылардың жеңілуімен аяқталды. Ал бұл кезде Грекияда экономикалық және саяси дағдарыс күрт өршіді, күл исленушілер бұдан шығудың жолы шығысқа баскыншылык жорық ұйымдастыру деп білді. Б. з. б. IV ғасырдың 30-жылдарында македондық- гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменид, III Дарий Кодоманның армиясын талқаңдап, Орта Азияға баса-көктеп кірді. Маракандты (Самаркандты) алып, олар Сырдарияға бет алды. Гректердін баса- көктеп енуіне Орта Азия тайпалары мен халыктары табан тіресе қарсыласты. Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстанның онтүстік аудандарын мекендеушілер, оның ішінде массагеттер белсене қатысты. Александр Македонский әскерлерімен Сырдариядан өтпек болған кезінде сақ жебесі тиіп, жараланды. Македондық- гректер Сырдария бойындағы қалаларды қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен басқарды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауын пайдалана отырып, сол кезде жеңілмейтін деп саналған македондық- гректер әскерлерін бірнеше дүркін талқандады. Көтерілісшілердің арасында жік салу үшін Алсксандр Македонский олардың кейбір көсемдерін азғырып алды. Үш жыл бойы дерлік болған кескілескен күрестен кейін ғана македондық- гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен шықтарын уакытша бағындырып алды. Сырдарияның арғы бетіндегі сақ тайпалары өздерінік тәуелсіздігін сақтап қалды.

Александр Македоиский  өлгеннен кейін оның ұлан- байтақ империясы  ылырады, өйткеиі ол берік экономикалық және саяси байланыстары жоқ тайпалар мен халықтардың әлдеқалай біріктірілген, бірімен- бірінің байланысы аз құрамасы болған еді.

Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазакстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді. Олар қуатты тайпалық одақтар құрған. Сақтардың тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийшілер, сарматтардан тұрған. Оларды гректер скифтер деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің "Тарих" деген еңбегінде, 5 томында, географ Страбон "Географиясында" жазып қалдырған. Парсы патшасы Дарийдің Накширустамдағы Персопольға жақын тас жазуларында сақтарды үш топқа бөліп көрсеткен.: парадария (теңіздің арғы бетіндегі сақтар-европалық скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар), хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар-Ферғана жерін мекендеушілер), тиграхауд сақтар (шошақ бөрікті сақтар-Сырдарияның орта аймағы және Жетісуды мекендеушілер). Сак әулетінің негізін қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) деген дерек бар. Сақтар көк тәңіріне табынды. Оларды матриархаттық ел билеу дәстүрі сақталған. Мысалы, Зарина, Томирис.

Парсы деректері бойынша  сақтардың саяси тарихы. Парсылардың  патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтаскан. Кейін Кир сақтарды, массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеудік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз осы кезде шықты[76.344].

Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын 1 Дарий /б.з.б. 521-486 жж жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уакыт бағындырады. Б.з.б. 6 ғ. соңы 5 ғ. басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғысты.

Б.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр  Македонскийдің грек эскерлері соңғы  Ахеменид, 3 Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Шеткі Александр деген қала салады. Парсы деректері бойынша алайда гректер жеңгенімен, ыстық табиғатқа шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы гректерді Самарканға шегінуге мәжбүр етті. Александр 6.3.6.323 ж. сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті.

Парсы деректері бойынша  бұлар корымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.Бұл  жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бүл обалардың ерекшелігі - оларда тас жалы, "мұрты" болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден казылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады[42.510 ].

Батыс және солтүстік  Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан корымдардың көп шоғырланған  жері - Үлкен жэне Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың  көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен коршалған. Тас үйінділері немесе топырак пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астандағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.

 Алтай аясынан,  Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен  кездеседі. Үлкен патша обалары  бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған.  Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен  тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге коятын қабырлар пайда болады.

Парсы деректері бойынша  сақ тайпалары мекендеген аса  көлемді аймақ: тиграхаудтар - Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алкабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды.

Парсы деректері бойынша  сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша  обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле езенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар - диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.

Есік обасы Алматының шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді. Іле Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабыр - орталықтағы және буйірдегісі бар. Орталық қабыр тоналған. Буйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан таңатын екі жол сез жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына биік былғары калпак-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына қустар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбеуінің оң жағына кызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектеу. Сол жағына ақинак-қанжар ілінген. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог К.Акышев (Курган Иссык. М., 1973г) [94. 435]..

Парсы деректері бойынша  мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналыскан. Жылқы өсірген. Екі  тұқымы болғаны анықталды. Оның біреві басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған  жылкы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылкы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестеу ірі қойлар көп тараған. Туйе шаруашылығы да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы - өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды. Егіншілік пен суару. Қыстау маңындага егін сақтарды астыкпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алкабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.  Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндев, эсіресе кола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Темір мен мыс, калайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сактар заманында өндірілгені аныкталды.Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, ок жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың кайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған. Еуразия далаларын сактар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халыкаралык өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтық орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен журіп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға карай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті. Сақ қоғамында халықтың уш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар жауынгерлер - сүңгі мен ок ("ратайштар-арбада тұрғандар"), абыздар - ку-рбандық табағы және айрыкша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни "сегізаяктар" (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі тусі болған. Жауынгерлерге - қызыл, сары-кызыл; абыздарға-ак; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс -патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садак[55.764].  Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде кабылдаған. Брі өнер б.д,д. 7-6 ғасырда қалыптаскан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аякқа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, кару-жараққа салған. Сақтар кунге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат кунмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.

Еуразияның сақтар дәуірінің  қуаңдау аймақтарының кеңістігінде б. з. б. ІІ- І мыңжылдық аралығы  мен І мыңжылдықтың басы аса маңызды  оқиғамен- мал бағудың көшпелі  түрі қалыптаса бастауымен ерекшеленді. Ғалымдардың бір тобының пікірі бойынша, көшіп- қонуға ауысу мал басының көбейгенінің және мал бағу тужірибесінің жетілгенінің заңды нәтижесі болған, екіншілері- бұл процесске географиялық фактор мен ауа райының тербелісі шешуші әсер етеді дейді. Бір нәрсе даусыз, бірқатар кешенді себептердің ықпал етуінен Еуразиялық далалардың Ұлы белдеуіндегі халықтар шаруашылық жүргізудің жаңа түріне ауысады, оның қалыптасуы мен дамуы табиғи ортаға бейімделуінің көрінісі болып табылады. Ал көшпелілер тудырған өнер түрлерінің хас үлгілерінің сыры күнделікті тұтынудағы заттардың сыртын көркем декорациялық әдіптеу ғана емес, сонымен бірге, бейнелеу үлгісіндегі мәтіндердің ерекше зооморфты код түрінде алға тартылуы, сондай- ақ, символдар мен сюжеттердің белгілі бір жиынтығы болып табылады. Бұл Еуразия көшпелілерінің дүниетанымын паш еткен ерекше және өзіндік белгілер жүйесі [76.545].

 Көне адамдардың мифологиялық түсінігі бойынша таулар ерекше мағына арқалаған, себебі, олардың шыңын құдайлар мекендеген, әрі қайтқан адамдардың жаны жоғарғы һәм төменгі әлемдерді байланыстыратын жерде орналасуы- астары терең нышанның белгісі. Аңғар мен жерленім құрылысы- қорған храмның рөлін атқарған.

Құстың мифологиялық бейнесі от пен жарықтың, бақ пен  бақыттың, құт пен дәулеттің нышаны. Қазақ халқының мифопоэтикалық санасы мен халық ауыз әдебиетінде құс (үйрек, қаршыға, аққу және т.б.) пен аң (барыс, ілбіс, арыстан, қасқыр және т.б.) бейнесінде марқұмның және о дүниелік сапарға аттанғалы жатқан адамның жаны (рухы) көрініс табады. “Ие” және “кие” болып та олар ерекше қасиет дарыған адамдардың айналасында жүреді. Сол аң-құс бейнесіндегі қасиетті “пірлерді” көру және сезу тек сондай таңдаулылардың еншісіне тиген. Жеке тұлғалардың “қорғаушыларымен” қатар, бүкіл ру-тайпаға да ортақ “пірлердің” болуы ертедегі мәдениеттерге тән құбылыс[42.654].

Өз ері мен батырларын халық барысқа, арыстанға, бөріге немесе бүркітке теңеген.

Бақсы “ойыны” кезінде  оның жаны құс болып көкте самғайды; бақсы киім-кешегі мен құрал-сайманында міндетті түрде орнитоморфты нышандар орын алған.

Адамның төбесінде қалдыратын бір уыс шаш - айдар – қасиетті саналып, т!л-көз бен жын-шайтаннан  қорғайтын тұмар қызметін атқарған. “Алтын айдарлы” батыр жігіт көптеген эпикалық жыр мен ертегіде кең  тараған кейіпкер. Бәлкім, ертедегі көшпелі жұрт тазқараның төбесіндегі шошайған қауырсындарын айдарға ұқсатып, оның бейнесін қасиеттеп, осы құсты таңдап алу себебі осы болса керек. Айдарды тәңірдің өзі салған таңбасы деп сенуі де ғажап емес[74.975]..

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу