Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Мазмұны
Кіріспе.......................
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің
зерттелуі.....................
1.2 Бесшатыр және Есік типтес
қорымдар .....................
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің
зерттелуі.....................
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары
..............................
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес
ескерткіштер..................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер
мен деректер тізімі........................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Жалпы ерте темір кезенінің басты көрсеткіші болып табылатын археологиялық ескерткіштердің хронологиялық диапозонының кендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге сақ дүниесі шеңберінде болған тығыз мәдени – шаруашылық байланыстар археологиялық материалдардан да анық көрініс табады. Осы ретте қорғандардың архитектуралық құрылысын, ондағы табылған олжаларды зерттеулер мен топтау мәдени – тарихи кезендерді түйіндеуге және осы мәдениеттерді жасаған сақ тайпаларының даму деңгейін саралауға мүмкіндік туғызады. Ерте темір дәуірінің ескерткіштері бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі Қазақ халқының бастаулары бастаулары осында жатыр. Қазіргі кезде ел басымыздың жарлығы бойынша құрылған «мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Қазақстан өңіріндегі барлық тарихи – географиялық аймақтарды қорғауға алынуына сәйкес тарихи ескерткіштерге баса назар аударылуда. Ескерткіштерді қайта жанғыртып, оларға ғылыми археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін үкімет тарапынан жыл сайын қаржы бөлінеді, осынын негізінде археологиялық экспедициялар жасақталып тарихтын қыр-сырларын ашуға тырысады.Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ерте темір дәуірінің ескерткіштерінің зерттелуін негізгі екі топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа отандық ғаламдар тобы, оған Черников С.С, Толстов С.П, Грязнов М.П, Андрианов Б.П және басқаларды жатқызамыз. Аталмыш ғалымдар Қазақстан территориясындағы көне ескерткіштерге алғаш болып археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, осының нәтижелерінде бұл өңірлердің археологиялық карталары, хронологиялары, кезеңдемелері мен жаңадан қорымдар ашылды. Екінші топқа тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы археолог ғалымдарды атауға болады. Оған Ақышев Қ.А, Байпақов К.М, Ақынжанов С.М, Самашев З.С, сынды ғалымдар.Аталмыш ғалымдар ірі археологиялық экспедициялар ұйымдастырып, онда қазба жұмыстарымен айналысты,бірінші кезекте қирай бастаған және жаңадан салынған құрылыс аймағында орналасқан нысандарға назар аударылуда.Жаңа материалдарды шоғырлану үрдісі жүріп жатыр, оларды жүйелеу, талдау жаңа еңбектер шығаруда. Қазіргі кезде археологтар жаңа құрал-жабдықтарды пайдалана отырып ескерткіштердің ашылмаған тұстарын тереңірек зерттеуде. Бұл өңірлердің ескерткіштері, жерлеу ғұрыптары, материалдық заттары, шаруашылығы қазіргі кезде айтарлықтай зерттелген, сондықтан қорымдарды зерттеуде өзекті мәселелердің бірі ерте темір дәуірінің қоныстарын зерттеу болып табылады. Бұл мәселемен қазіргі таңда Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология және Этнография Институты және тағыда басқа ғылыми мекемелер айналысуда.Бірақ та бұл археологиялық ескерткіштердің барлығы да осы уақытқа дейін өз қалпында жетпегенін ескергеннің өзінде әлі де құңды жаңалықтар өз ашылуын күтуде.
Деректік негіздеме: Мен өзімнің курстық жұмысымды жазғанда негізінен археологиялық деректерді қолдандым. Оның ішінде белгілі археолог ғалымдардың еңбектерін пайдаландым. Атап айтсақ: К.А.Ақышев, А.Н.Бернштам, М.Қ Қадырбаев, С.П.Толстов, М.П.Грязнов, С.С.Черников және т.б.Сонымен бірге қазіргі кездегі жарияланып жүрген ғылыми журналдар мен окулықтарды пайдаландым.
Тақырыптың зерттелу деңгейі :
Тақырыптың зерттелу тарихын негізінен үш географиалық аймаққа бөліп қарастырдым.
Алғашқысы Жетісу өңірі. Бұл өңір жайлы ең алғаш рет Ш.Ш.Уалиханов, пен Н.Н.Пантусов Жетісу өлкесінің археологиялық ескерткіштері мен тарихы туралы құнды мәліметтер берді. 1893-1894 жылдары белгілі шығыстанушы ғалым В.В.Бартольд Шу мен Талас алқабының, Ыстықкөл Қазаншұңқыры мен Іле алқабының ескерткіштері жайында «Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью» атты еңбегінде атап өтеді. Тіпті осы іс-сапарында Синьцзяннан келген белгісіз көпестің тапсырмасымен қорғандардан құнды жәдігерлерді тонаумен айналысатын топтардың іс - әрекеті жайлы да жазып кетеді [8, 57-59 ].
Жетісу жеріндегі
сақ ескерткіштерін зерттеу ХХ
ғасырдың 30 – жылдарынан бастап
Қазақстан жерінде бірқатар
Бұл өңірдің зерттеулі тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жалғасын тауып жатты , оның ішінде К.М.Байпақов, Б.Н.Нұрмұхамбетов, Ф.П.Григорьев, Ю.А.Мотов, З.С.Самашев сынды т.б ғалымдары атап өтуге болады. Бұл өңірдің археологиялық ескерткіштерінің зерттелу деңгейі жеткілікті емес, сондықтан келешекте атқарылатын археологиялық деректердің негізінде көне тарихымыз жүйелі түрде зерттеледі деп ойлаймын.
Екінші аймақ –
бұл Шығыс Қазақстан өңірі,
бұл өңірді зерттеу ХҮІІІ
Қазіргі кезде де Шығыс Қазақстан өңірін зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасуда, оған К.М.Байпақов,З.С.Самашев, А.С.Ермолаева, Шілікті экспедициясының басшысы Ә.Т.Төлеубаев сияқты ғалымдарды атап өтуге болады.
Үшінші аймақ- Оңтүстік
Қазақстан өңірі болып
Бүгінгі күні Қазақстанның археологтары да ерте темір дәуірінің қорғандарынан көптеген көне материалдық заттар тауып, дүние жүзінің мәдени коллекциясын толықтыруда.Мәселен Қ.А.Ақышевтің «Есік обасы» мен З.С.Самащевтің «Берел обасынан» сақтардың құнды заттары табылды. Сақтар өз қорғандарын сондықтан мақтан тұтқан. Мұндай бай қорғандар Египеттегі фараондардың пирамидаларынан кем түспейді деген Қазақстандық ғалымдар К.А.Ақышев еңбектерінде б.з.б. VIII-IV ғасырлардағы Жетісу территориясын мекендеген сақ патшаларының қабірлері туралы мәліметтер келтірген. Мен курстық жұмысымды жазу барысында жоғарыда аталған авторлардың еңбектерін басшылыққа алдым.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
Тақырыптың территориялық шеңбері : Қазақстанның Оңтүстік өңірі (Түгіскен мен Ұйғарақ ескерткіштері), Жетісу өңірі (Есік пен Бесшатыр қорымдары), және Шығыс Қазақстан өңірлерін (Шілікті, Берел) қамтиды.
Тақырыптың құрылымы: Кіріспе, үш тараудан тұрады, және қорытынды.
І-Тарау. Жетісу өңіріңдегі сақ ескерткіштері
1.1.Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Жетісу өңіріндегі сақ «мәдениеттерін зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жетісу өңірі ерте темір кезенінің басты көрсеткіші болып табылатын археологиялық ескерткіштерінің хронологиялық диапазонның кендігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар сақ дүниесі шеңберінде болған тығыз мәдени-шаруашылық байланыстар археологиялық материалдардан да аңық көрініс береді. Осы ретте қорғандардың архитектуралық құрылысын, ондағы табылған олжаларды зерттеу мен топтау мәдени-тарихи кезендерді түйіндеуге және осы мәдениетті жасаған сақ тайпаларының даму денгейін саралауға мүмкіндік туғызады. Бірақ та бұл археологиялық ескерткіштердің барлығы да осы уақытқа дейін өз қалпында жетпегенің ескергеннің өзінде әлі де талай ғылыми құнды жаналықтар өз ашылуын күтуде. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласындағы көне ескерткіштерге, табылған олжаларға Ресей ғалымдары тарапынан қызығушылық арта түсті. Құрамына Сырдария мен Жетісу облыстары кірген Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуына байланысты осы өлкенің тарихына түпкілікті ден қойыла басталды. Жетісу жерін зерттеудің алғашқы кезені 1862 жылғы орыстын ірі ғалымдарынын бірі В.В.Радловтын зерттеулерімен тікелей байланысты, ол Қапал елді-мекенінің жанынан үш обаны қазды және кездейсоқ олжалардың жиналуы арқылы жетісуды мекендеген халықтар жайлы құнды мәліметтер жинайды. Ал 1879 жылы жетісу өлкесінің алғашқы археологиялық картасы жасалды. Табылған обалар мен қорғандарды сипаттау жұмыстары мен Н.А.Абрамов және М.В.Флоринский В.В.Бартольд сияқты ғалымдар айналысты. Осы зерттелген қазба жұмыстардың нәтижелері 1896 жылы Н.Лыкошиннің «археологическое изучение Туркестана до образование Туркестанского кружка любителей археологий» атты еңбегінде жинақталды. Жүйелі түрде зерттеулер мен табылған олжаларды салыстыра талдау жұмыстары А.Н.Бернштамның есімімен байланысты. 1936-1952 жылдары Кеңкөл, Қарғалы, Берікқара қорымдарын да және Шу каналы бойында зерттеулер жүргізген, ол алғаш рет жетісу ескерткіштерінің тарихи-археологиялық кезендемесін ұсынды. Исседондардың сақ тайпалық бірлестігінің құрамына енгендігін айта келе, қола дәуірінен бастап мәдениетті жергілікті халықтың жасағандығын дәлелдеуге тырысты [8, 57-59 ].
Жетісудағы сақ археологиясының дамуындағы келесі үлкен кезен 1954-1961 жылдарды қамтиды.1954 жылы тарих, археология және этнография институты болашақта Қапшағай СЭС-нің су астында қалатын аймақты зерттеу мақсатында К.А.Ақышев басқарған Іле археологиялық экспедициясын ұйымдастырды. Алғашқы бір маусымнын өзінде-ақ экспедиция сақтар дәуірі обаларының үлкен тобын тапты. 1957 жылы жетісу археологиялық экспедициясы зерттеулерін бастайды. Сақ ескерткіштерін, ортағасырлық қола мәдениетің зерттеу, оның негізгі міндеттеріне айналды [3, 142-145 ].
1960 жылдары жетісудағы сақтар ескерткіштерін зерттеу жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғастырылды. Іле алқабы сақтарының мәдениетіне арналған монографияда К.А.Ақышев сақтар мәдениетінің шығу сауалдарын қарастырып, жебе ұштарын хронологиялық жағынан топтастырса Г.А.Кушаев жетісу мәдениетін кезендестіру маңызы бар данықты оқиға «Есік» обасының ашылуы болды, одан табылған олжалар сақтар мәдениетінің, олардың мифологиясын, өңері мен жазуын, әлеуметтік құрылысын зерттеуге тың серпін берді. Алайда жемісті де қарқынды жүргізген жетісудың ерте темір дәуірі заттай мәдениетін зерттеу, топтау, жүйелеу, тарихи талдау жұмыстары соңғы жылдары өз жалғасын таппай қалды. Соңғы жиырма жылдар ішінде Жетісу көшпелілері жайлы мәлімет тек қазба жұмыстарынан алынған мәліметтер арқылы толықтыруда [ 4, 154-156 ].
Қазақстанның әр өлкесінің, соның ішінде жетісудың сақ дәуірінің ескерткіштерін тіркеу, сипаттау және картаға түсіру жұмыстарын кешенді түрде, жаңа денгейде жүргізу керектігі туындауда. Сақтар өмір сүрген уақытта адамнын қоршаған ортадан жекеленіп бөлініп шығуына байланысты «Жаңа дүниетаным» қалыптасты. Ірі обалар тек ғана адамды жерлеу орны емес, сонымен қатар әр уақыт желісінде ғұрыптық рәсімдер орындалған күрделі жерлеу-ғұрыптық кешен екендігі көрсеткен, үш топтан ғана тұрмағандығы қазіргі таңда мойындалмаған құбылыс. Сонымен бірге Бернштамнын Қарғалы шаманның жерлеуін ашуы бұл кезенде діни әдет-ғұрыптарды атқарушылардың-абыз, шамандардың болғандығын айғақтайды. Сондықтан да осы көзқарастар тұрғысынан тізбекте орналасқан обаларды жан-жақты, толық түрде зерттеу арқылы ғылыми түйіндер жасауға болады [ 8, 58 ].
Б.з.б. мыңжылдықта жетісу мен оңтүстік қазақстан-болжамдардың бірі бойынша Тиграхауда-сақтарға баланатын сақ тайпаларының қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналды. Сақ өркениеті - Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өңері жетістіктерініңа бірегей синтезі.
Оба қорымдарымен петроглифтер топографиясы және олардың көп болуы ерте кезде Қазақстан аумағының, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игерілгенің көрсетеді. Үлкенді-кішілі Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендерімен басқаларының аңғарларында көптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. Олардың көбісі жүздеген төмпешіктері бар үлкен молалы жер болып табылады. Мәселен Жуантөбе қорымы Іле өзенінің сол жақ жағалауы-300 обадан, Берікқара қорымы талас өзені 500 төмпешіктен тұрады, Кетпен- төбе алқабында 700 обадан тұратын қорымдар бар. Бұларда және Жетісумен оңтүстік Қазақстанның басқа да ірі оба қорымдарында адамдар әртүрлі уақыттарда жерленіп, олар жүздеген жылдар бойында қалыптасқан [14, 60-64 ].
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу