Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Шығыс Қазақстан өңірін зерттеу XVIII ғасырдың басында басталды, оған Г.И.Гмелин, Г.Ф.Миллер сияқты ғалымдарды айтуға болады. Олар негізінен осы өңірдің ескерткіштеріне жалпылама сипаттама жүргізде.Ал алғашқы қазба жұмыстары В.В.Радловтың есімімен байланысты, ол ежелгі ескерткіштерді зерттей келе, қорымдарды кесте түрінде кезеңдеуге бөлді. Кеңес үкіметі кезінде Черников С.С. бастауымен Шілікті жазығындағы ескерткіштерге қазба жұмыстары жүргізілді, және осы зерттеулердің қорытындылары бойынша бірнеше мақалалар жарық көрді. Сонымен бірге Черников С.С. Шығыс Қазақстан өңірінің ескерткіштерінің кезеңдемесі мен хронология мәселелерімен де айналысты, осыған сәйкес, бұл өңірде жаңа ескерткіштер тобы пайда болды. 1960-70 жылдары археологиялық қазба жұмыстарды Арсланова Ф.Х. жалғастырды. Бұл өңір бойынша қорытынды жинақ Қ.М. Қадырбаевтың «Қазақ ССР тарихы» тарауында толық жинақталып шықты. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан өңірін Қазастандық археологтар зерттеуде, 2005 жылы Шығыс Қазақстанға «Шілікті экспедициясы» қазба жұмыстарын жүргізді. Осы өңірдің мәдениеттері зерттелді. Бұл өңірде әлі де көптеген ескерткіштерді зерттеу мәселесі күн тәртібінде тұр, ол болашақ жас археологтардың қолында.
Қазақстанның Оңтүстік өңіріне келетін болсақ, бұл өңірдің ерте темір дәуірін зерттеу соғыстан кейінгі жылдары қолға алына басталды. Бұл өңірді зерттеуде Адрианов Б.П, Итина М.А, Толстов С.П сияқты ғалымдардың еңбектері зор. 1946 жылдан бастап КСРО ҒА-ның Хорезм экспедициясы ұйымдастырылып Сырдың орта ағысымен Арал маңына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. 1957-60 жж осы экспедицияның зерттеу нәтижелерінде көптеген ескерткіштер жиынтығы табылды. Ал, 1960-63 жылдары Түгіскен үстіртінде Солтүстік және Оңтүстік қорғандары ашылды. Бұл өңірде ерте темір дәуірінің ескерткіштері өте аз, олардың ішіндегі белгілілері Ұйғарақ пен Түгіскен қорымдары болып табылады.
Жалпы айтқанда Оңтүстік өңірдің сақ ескерткіштері аз зерттелген, және қорымдары да жоқтың қасында, сондықтан келешекте әлі өз зерттеуін күтіп тұрған ескерткіштер ашылады деген сенімдемін.
Бүгінгі күні ерте темір дәуірінің
ескерткіштерінің материалдық мәдениеті,
жерлеу ғұрыптары, шаруашылығы, әдет-ғұрыптары
жайлы мәліметтер толығымен қаралған
десек болады, сондықтан археологтардың
алдында сақ тайпаларының қоныстарын
зерттеу мәселесі тұр. Бұл мәселемен қазіргі
кезде археолог ғалым А.З.Бейсенов,
Ә.Т.Төлеубаев, З.С.Самашев сияқты ғалымдар
айналысуда. Келешекте бұл мәселе де өз
шешімін табады деген сенімдемін.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Агеева Е.И. Курганные могильники ранних кочевников северо-восточной части Алма-Атинской области.// Изв. АН Каз. ССР, Сер. истор., археологий, этнографий 1959 вып. 3 ( II), 83-85 сс.
2. Андрианов Б.В. Древние оросительные системы Приаралья. М., 1969, 192-199 сс.
3. Акишев А.К. Курган Иссык. Москва, 1978, 142-145 сс.
4. Акишев А.К. Искусство и идеология саков.А., 1984., 154-156 сс.
5. Акишев А.К., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. А., 1963, 140-141 сс.
6. Арсланова Ф.Х. Погребальный комплекс VIII-VII вв. д.н.э. из Восточного Казахстана. Сб. « В глубь веков», А., 1974, 63-67 сс.
7.Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. Алма-Ата, 1987.
8.Бернштам А.Н. Основные этапы историй культуры Семиречья
и Тянь- Шаня // СА. Т. XI. Москва, 1949. 57-59 сс.
9.Вишневская О.А., Итина М.А. Ранние саки Приаралья. // Проблемы сакской археологий.- МИА. М., 1971, 197-208 сс.
10.Вишневская О.А. Культура сакских племен низовьев Сырдарьи в VII-V вв д.н.э. М., 1973, 170-172 сс.
11. Грязнов М.П. Памятники майэмирского этапа эпохи ранних кочевников на Алтае. // КСИИМК, XVIII, 1947, 60-63 сс.
12. Жетісу энциклопедиясы. А., 2004.
13. Кадырбаев М.К. Курганные некрополи верховьев р. Илек // Древности Евразий в скифо-сарматское время. Москва, 1984, 141-143 сс.
14. Қазақстан тарихы. 1 том, А., 1996 ж.
15.Максимова А.Г. Курганы сакского времени могильника Жуантобе.
КСИИМК, 1960, вып. 80, 60-64 сс.
16. Мартынов Г.С. Иссыкские находки. // Краткие сообщения ИИМК, вып. 59, 1955, 150-156 сс.
17. Сорокин С.С. Памятники ранних кочевников в верховьях Бухтармы. АСГЭ, 8, 1966, 57-59 сс.
18. Степная полоса Азиатской части СССР в скифо-сарматское время. Москва, 1982.
19. Толстов С.П., Итина М.А. Саки низовьев Сыр-Дарьи ( по материалом Тагискена ). – СА, 1966, № 2, 151-175 сс.
20.Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М., 1962. 210-212 сс.
21. Черников С.С. Загадка золотого кургана. 1965, 65-66 сс.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу