Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Аты аталған қалалардың жоспарлануында және әскери-инженерлік құрылыстарында, архиткетуралық-құрылыстық тәсілдерінде Хорезм оазисінің неғұрлым кемелді мәдениетінің әсері әжептәуір анық байқалады. Хорезмнің сақтар мәдениетіне ықпалы керамикалық өндіріс саласында да көрінеді.
Солай болғанмен де, жергілікті дәстүр де одан әрі байқалады, ол әсіресе жерлеу құрылыстарының құрылымы мен жоспалануында анық көрінеді. Ол былай тұрсын, соңғылардың айқаспа төрт бөлімге бөлінген шеңбер тұрғысындағы жоспарлау принціпіне ұқсас құрылыстар Хорезмнен кездеседі. Сірә, бұл жерде біз сақтардың өз көршілерінің мәдениетіне аз ықпалын тигізгенін де көреміз.
Қалаларды, қоныстар мен қорымдарды ескерткішке қалдырған Арал өңірінің сақ тайпалары, сірә, мүлік теңсіздігін білген болса керек, бірақ алғашқы қауымдық құрылыстың сарқыншақтары әлі де толық жойылмады. Бұл мал шаруашылығымен де, су жүйесі бар егіншілікпен және әр түрлі үй кәсіптерімен де айналысатын тайпалардың әскери одағы болатын. Жалпы айтқанда оңтүстік өңірде сақ ескерткіштері өте аз зерттелген. Қазіргі таңда археологтар бұл өнердің қоныстар қалдықтарын зерттеуде. Келешекте Қазақстанның басқа аймақтары сияқты бұл өмірдің де ерте темір дәуірінің ескерткіштері зерттеліп, жаңа ғылыми жаңалықтар әкеледі деген үміттеміз.
ІІІ - тарау. ШығысҚазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Шығыс Қазақстан аумағын орналасу аймағынан қарайтын болсақ, бұл аудан негізінен үш негізгі бөлікке бөлінеді. 1) Ертіс аңғарындағы далалы аймақтар. 2 ) Алтай ландшафтық аудандарының құрамына кіретін жоғары бұқтырма су қоймасы мен таулы аудандары. 3) Сауыр Тарбағатай тауларының қыраттары. Соңғы бөлігі оңтүстік-шығыс пен Орталық Азияның Шығыс бөлігін Саян-Алтайы мен Жетісу және Орта Азияны біріктіріп тұрған таулы жүйе.
Бұл аудандарды зерттеу жұмыстары ХҮІІІ ғасырдың басында саяхатшы ғалымдардың зерттеулерінен басталды, яғни Д.Г.Мессершмедт, Г.Ф.Миллер, Г.И.Гмелин, және кейіннен Ф.К.Флоров сияқты ірі ғалымдардың бастауымен жүзеге асты. Олардың негізгі көздеген мақсаттары әртүрлі ежелгі материалдарға сипаттама беру еді.Ең алғашқы археологиялық қазба жұмыстары В.В.Радловтың есімімен байланысты (Берел) ол Саян-Алтай аймақтарын зерттей келе ежелгі ескерткіштерге алғашқы кесте түріндегі кезеңдеуді ұсынды, яғни осыдан темір дәуірінің ескеткіштерін бөліп шығарды. 1911 жылы В.А.Адрианов жоғарғы Бұқтырма аймағында бірнеше қорғандарға қазба жұмыстарын жүргізді (Майәмір ескерткіштері), осының негізінде Шығыс Қазақстан аймағының ерте көшпелі мәдениетінің кезеңдерін анықтады. Сонымен қатар қазба жұмыстарымен басқа да ғалымдар шұғылданды [ 17, 57-59 ].
Кеңес үкіметі кезінде, яғни 1935 жылдан бастап 40 жыл бойы дерлік Ертіс пен тарбағатай жерлеріндегі ескерткіштерге көптеген археологиялық қазба жұмыстарды С.С.Черников жүргізген болатын. Ол негізінен ежелгі көшпенділердің ескерткіштеріне баса назар аударды. КСРО ҒА Археолгия Институтының Ленинград бөлімінің Шығыс Қазақстан экспедициясының жан-жақты жиналған материалдары, осы ауданның көшпенділерінің қоғамдық құрылыстағы ерекшеліктерін және ескеткіштер тобының хронологиялық уақытын анықтады. Осы жұмыстардың негізінде Шығыс Қазақстанның археологиялық картасы жасалды. Ескерткіштерге көптеген қазба жұмыстары жүргізіліп жатса да, әлі де көптеген аймақтарға ғылыми археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу мәселесі тұрды. Тарбағатай аудандарында қазба жұмыстары негізінен екі бөлікке бөлінеді: Шілікті жазығы (Шілікті мен Шаған оба Ескерткіштері) және Алакөл ойпаты. Шілікті жазығын зерттеу 1949 жылдан 1971 жылға дейін С.С.Черников жүргізді. Ол осы өңірден скиф-сақ кезеңіне жататын түрлі мәдениеті мен өнеріне қатыстаы материалдар мен көшпенділердің жерлеу ғұрыптары жайлы бай мәлімет алды. Осы ауданда сонымен бірге Қазақ ССР ҒА Тарих, Археология және Этнография институтының Жетісу экспедициясы да бір мезгілде жұмыстар жүргізген,ол экспедицияны Г.А.Кушаев басқарған, зерттеу жұмыстары Лепсі, Аягөз өзендерінің жазықтары мен Алакөл ойпатындағы жер асты ескерткіштерінің құрылыстары қаралды. Бірақ, ерте көшпенділер жайлы бірнеше ғана мақалалар жарық көрді. Г.А.Кушаев 1968 жылы Ертіс жазығын зерттеу сонымен бірге С.С. Черниковтың есімімен байланысты. Ол ежелгі сақтардың ескерткіштерін (Славянка, Юпитер) зерттеп қана қоймай осы ауданның мәдениеттеріне сипаттама беру үшін әртүрлі материалдар жинақтаумен айналысты, яғни, б.з.б. І мыңжылдықтың екінші жартысына жататын ескерткіштер тобы анықтады (Қызылту, Құлажорға, Түсқайың, Баты ) [ 21, 65-66].
С.С.Черников ерте көшпенділерді көп жылдар бойы зерттеуінің нәтижесінде «Ранние кочевники Восточного Казахстана» атты еңбегін 1972 жылы жазып бітіреді (КСРО ҒА Археология институтының Ленинград бөлімінің архивінде сақтаулы). Бұл еңбекте қорғандарға сипаттама беріліп, б.з.б. І мыңжылдықтағы Шығыс Қазақстан көшпенділері мәдениетінің хронологиясы мен кезеңделу мәселелеріне талдау жасалынады. С.С.Черников өз зерттеулерінде Шығыс Қазақстанның оңтүстік аймақтарының (Тарбағатай) аз зерттелгенін айта келе тек б.з.б. ҮІІ-Ү ғасырларға жататын қорғандар ғана анықталған, ал қалғандарының хронологиялық кезеңдері әлі белгісіз. Керісінше солтүстік ескерткіштер тобы жақсы зерттелгендіктен, С.С.Черников бұл аудандаорды үш хронологиялық кезеңге бөлді, басқа жерлердегі жаңа материалдарға, оның ішінде Аржан қорғанына сүйене кеіп келесі кезеңдеуді ұсынды: 1) б.з.б. ҮІІІ-ҮІІ ғғ – Майәмір түріндегі ескеткіштер (Славянка, Қорған - 19, Юпитер, Қорған-1, Қанай, Қорған -7). 2) б.з.б. ҮІ-ІҮ ғғ Пазырық ескерткіштері (Малокрасноярка, Қызылту, Қорған 2-4). 3) б.з.б. ІІІ-І ғғ Құлажорға мәдениетінің ескеткіштері (Славянка, Баты, Құлажорға, Түсқайың) [ 21, 60-63 ].
С.С.Черниковтан кейін Ертіс аңғарында археологиялық зерттеулер 1960-70 жылдары Ф.Х.Арслановтың басшылығымен Өскемен педагогикалық институтының экспедициясы жалғастырды. 1977 жылы Шүлбі СЭС –інің салынуына орай Қазақ ССР ҒА Тарих; Археология және этнография институтының экспедициясының археологиялық жұмыстары атқарды (К:А:Ақышев, Х.А.Алпысбаев, Г.А.Максимова 1978, Ю.И.Трифонов 1981, 1985,С.М.Ақынжанов 1983-1985, А.С.Ермолаева 1983-1985, З.С.Самашев 1981-1983 зерттеушілерінің негізінде Шығыс Қазақстан көшпенділердің мәдениетінің тарихнамасын одан ары дамыта түсті. Сонымен қатар Ертіс аңғарының қызықты жер асты құрылысының қорғандарын Шығыс Қазақстан облыстық экспедициясы жалғастырды [ 6, 63-67 ].
Шығыс Қазақстанның ерте
көшпенділерінің қорытынды
Осы аталған кезеңдемелерді ескере отырып, сонымен бірге жаңа археологиялық материалдардың негізінде,үш ірі кезеңді бөліп қарастырамыз:
І. кезең бастапқысы (Зевакин-Шілікті) б.з.б ҮІІІ ғ басы мен ҮІ ғ.
ІІ. кезең орта (Букон) б.з.б ҮІ-ІҮ ғ соңы. Алтайдағы Пазырық кезеңнің материалдары негізінде алынған.
ІІІ. Кезең (Құлажорға) б.з.б ІІІғ-б.зІғ. Мұндағы да ескерткіштер хронологиясы жаңа материалдар негізінде алынған.
Сонымен Шығыс Қазақстан
өңіріндегі сақ ескерткіштеріне
қысқаша сипаттама беретін болс
Ертедегі темір дәуірі ескерткішінің едәуір бөлігі Шығыс Қазақстанның ең) басты су артериясы - Ертіс өзенінің аңғарларына орналасқан. Оның сол жақ жағалауындағы обалы қорымдар Қалба жотасының солтүстік және онтүстік баурайына шоғырланған, ал онан әрі онтүстік-батысқа Шыңғыс тауға және Тарбағатайдың батыс аудандарына дейін созылады. Өлкенің онтүстігінде олар Зайсан ойлымында тараған. Шығыстағы таулы аудандарда обалар Нарым, Бұқтырма өзендерінің жағалауларына және Бұқтырманың көптеген салаларына тарай орналасады да, Таулы Алтай аудандарының ескерткіштерімен ұштасып жатады [ 17, 57-59 ].
“Патша” обалары деп аталатын ең үлкен обалар Зайсан ойдымының Шілікті аңғарында және Онтүстік Алтай тауларында Бұқтырма өзеннінің жағалауында шоғырланған. Шығыс Қазақстанның тастары мол таулы аудандарында обалардың көбінің тас үйінділері бар (Берел, Катон, Күрті, Мәйәмір). Жоғарғы Ертіс өңірі аңғарларында обалар малта тас араласқан топырақтан үйілген, ал жерлеу құрылыстарына әрқашан дерлік, кейде алыстан әкелінген тас пайдаланылған (Құлажорға, Баты, Шілікті, Усть-Бұқтырма). Ортанғы Ертістің Құлынды даласына іргелес жазық аудандарында обалар топырақтан үйілген (Жолқұдық, Чернореченск, Ертіс, Боброво, Лионтьевка).
Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары қола дәуірінде ғана емес, ертедегі темір ғасырында да игерілген. Кенді Алтайдың полиметалл белдеуінде 850-ге жуық кеніштер мен кен орындары бар. Олардың көпшілігі кезінде ертедегі, ”керемет” кен орындарының іздері бойынша ашылған. Оларда мыс, қалайы, алтын өңдірілген . Мұнда металлургия мен мал шаруашылығы ежелгі кәсіпшіліктің жетекші салалары болды.
Шығыс Қазақстанның ежелгі халқы б.з.б.ҮІІ-ІҮ ғасырларда Қазақстан аумағын мекен еткен көптеген тайпаларды біріктірген сақ тайпалары одағына кірді. Орталық Қазақстанның және Жетісудың туыстас тайпаларымен материалдық мәдениеті жағынан көптеген ұқсастықтары болғанымен,олар этникалық жағынан бір тектес емес еді. Шығыс аудандардағы таулы жерлерді мекендеушілер көршілес Алтай тайпаларының этникалық-мәдени ықпалын қабылдады [ 21, 65-66 ].
Зайсан ойдымының далалық аудандарының ескерткіштері Жетісу есекрткіштеріне неғұрлым жақын болды, бұл археологиялық деректерден басқа палеантропологиялық материалдар мен де дәлелденеді. Солтүстік Қазақстан мәдениетімен тығыз байланыста болған Павлодарлық ертіс өңірі тұрғындарының мәдениеті Батыс Сібірдің орманды дала мәденитіне, атап айтқанда, саргат мәдениеті деп аталатын көшпелі угор тайпаларының мәдениетіне бейім болды.
Шығыс Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың өздерін қалай атағаны бізге дейін жеткен жоқ және бұл мәселе осы кезге дейін шешілмей қалып отыр. Тарихи әдебиетте Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстанның таулы белдеуіне көбіне аты анызға айналған аримаспалар тайпаларын орналастырады. Мұндай оқшаулауға антик авторларынын аримаспалар жерінде ірі-ірі алтын кеніштері бар деген деректері негізге алынады, ал бұл кеніштер дегенде Степняк қаласының маңайы мен Қалба жотасындағы ертедегі алтын өңдіру орталықтары айтылған деп болжанады.
Шығыс Қазақстанның онтүстік, далалық аудандары сақтардын есімдерімен байланыстырылады. Шығыс Қазақстан тұрғындарының этникалық айырмашылықтарын әсірелемеу керек. Сірә, бұлар жақын туыс тайпалар тобы болған. Ғылымда олардың материалдық мәдениетінің ең басты үш кезені бөліп көрсетіледі, олар: б.з.б.ҮІІ-ҮІ ғасырлардағы Майәмір, Ү-ІҮ ғасырлардағы Берел, ІІІ-І ғасырлар дағы Құлажорға кезендері.
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер
Майәмір кезені Нарым өзеннің жоғарғы ағысындағы Майәмір даласындағы обалы қорымнын аты бойынша белгіленген. Таулы Алтайдың қарапайым майәмір обаларының көбінесе іргесін белдеулей қоршаған аласа тас үйінділері болды. Қабір лақыттары тік бұрышты етіп қазаылды, олардың қабырғалары ағашпен шегенделді және бір қабат бөренелермен жабылды. Майәмір ескерткіштерінен жиегі шығынқы және дөңгелегінің ортасында тұзағы бар қола айналардың, сыртқы ілмешектері өте кішкене үзеңгі тәріздес қола ауыздығы бар жүгендердің ертеректегі түрлерінің, үш тесікті немесе ортаңғы тесігінің орнына ілмешегі бар айшықтардың өте мол жиынтығы табылды.
Майәмір заманының қолданбалы өңеріне көбінесе атылғалы тұрған жыртқыштың, жүріп келе жатқан немесе жүруге ыңғайланған жануарлардың бейнесі тән. Жерлеу ғұрпы мен зат кешенінің біршама тұрақтылығы Шығыс Қазақстанда б.з.б.ҮІІ-ҮІ ғасырларда –ақ ертедегі темір заманы мәдениетінің қалыптасқаның көрсетеді. Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысында Күртінің салаларынан неғұрлым ертедегі ескерткіштер табылды. Олар жер бетінен шығынқы, үлкен қойтастардан қаланған шеңберлер түрінде көрінеді. Шеңберлердің ішіндегі онша терең емес шұңқырды көмкере ірі тастсрды қаз-қатар сопақша етіп қаластырған. Осындай екі қаламаға адамдар басы солтүстік-батысқа қаратылып, сол жақ қырынан бүктетіле жатқызылып жерленген. Жерлеу ғұрпы бойынша Күрті ескерткіштері шалқасынан жатқызып, аяқ-қолын созып жерлейтін майәмір салтынан өзгеше болып келеді [ 6, 63-67 ].
Қабірлерді сопақша етіп ірі тастармен қоршап қалау да майәмір салтына тән емес. Күрті қорымдағы бүктетілдіріп жерлеу дәстүрі ертеректегі андронов мәдениетінің қалдығы. Өліктің аяқ жағына тастан арнайы салынған жанама құрылыс ішіне атты жерлеу де айырмашылықты айқын аңғартады. Аттың жақ сүйектерінің екі жағынын ”ауыздықтаулы” күйінде ертеректегі жобамен жасалған екі мүйіз айшық табылды. Металдан жасалған ауыздықтардың болмауы Күрті молаларын ертедегі мал өсірүшілердің тұрмысында қайыс ауыздықты, ”ауыздықсыз” деп аталатын жүгндердің болған заманына қатысты деуге мүмкіндік береді. Осы сияқты ескерткіштер б.з.б ІХ-ҮІІІ ғасырларға, майәмір ескерткіштерінің алдындағы Қазақстаның далалық аудандарынан да табылған.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу