Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Жаугершілікте мінілген ат пен иесін жеке-жеке жерлеу ғұрпы ертедегі мал өсірушілер тарихының тек өте ежелгі кезеніңе ғана тән, кейінірек ол кездеспейді. Майәмір кезенінің аяқ кезінде ғана алғаш рет жалпы лақытқа иесін атымен қоса жерлеу пайда болады.
Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің тамаша ескерткіші Шілікті обасы болып табылады, ол 51 үйіндіден тұратын үлкен қорымның құрамына кіреді. Басқа жерлердегі сияқты, мұнда да ұсақ обалар жоқ. Қорымның ұйілген топырағының диаметрі 100 метрге, биіктігі 8-10 метрге дейін жетеді. Бұл-жүздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру көсемдерінің үлкен зираты [6, 65-67 ].
Обаны қазу жұмыстары оның құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жердің бетінен аумағы 58 шаршы метрдей, тереңдігі 1 метрдей шұңқыр қазылған. Оның ішіне балқарағайдың жуан бөрелерінен шаршы қима жасалған, бөліктерінің қабырғалары екі, ал төбесі бір қатар бөренелерден тұрады; бөренелер жылжып кетпес үшін шұңқырдың қабырғалары мен ағаш құрылыс арасына уатылған тас толтырылған. Қиманың бұрыштары бөренелердің бір-біріне тиер жерінде күйдірілілпті. Ағаш моланың ішінде, батыс жақ қабырғасы жағында, жонылған қалын тақтай еденде 40-50 жастағы еркек пен 50-60 жастағы әйел және олардың жанына қойылған заттар жатты. Өліктерді қабірге шығыс жағынан жалғасқан дәліз-дромос арқылы кіргізген. Жерлеп болғанан кейін дромос бөнелерімен жабылып, бүкіл құрылыс уатылған ірі тастармен көмілген. Содан кейін тығыз сары түсті балшықтан үйінді тұрғызылып, оның үстіне майда малта тас араласқан топырақ үйілген. Алғашқы түрінде обаның диаметрі 45 м, биіктігі шамамен 10 м үйінді болған. Кейін бірте-бірте шөгіп, қазатын кезде оның диаметрі 66 м, ал биіктігі 6 м болды [ 11, 60-63 ].
Шілікті обасы өз кезеңі үшін күрделі архитектуралық қурылыс болды және оны тұрғызуға көптеген адамдардың еңбегі пайдаланылған. Обаға қажетті тас одан 15 шақырым жердегі ең жақын деген таулардан, ал бөренелер аңғардың шығыс жағындағы 40 шақырым жердегі қарағайлы орманан тасып әкелінген. Басқа да көптеген ”патша” обалары сияқты, Шілікті моласы да көне заманда-ақ, шамасы, жерленгенен кейін 50 жылдан соң тоналған. Тонаушылар обаны ортасынан үңгіп қазған, қима төбесінің оңтүстік-батыс бұрышынан шығып, төбені тескен де, осылайша қабірдің ішіне кірген.
Тоналғанына қарамастан, обада өте бағалы заттар ертеректегі жебелердің ассиметриялы - ромб түріндегі деп аталатын ұңғылы қола ұштарының он үші салынған былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі қолданбалы өнердің 524 алтын бұйымынан тұратын жарқын үлгілері сақталған. Олардың арасында қорамсақтарды сәндеген, аяқтары бүгулі бұғы түріндегі қаптырмалар (14 дана), басы бұрулы бүркіттердің (9 дана), шиыршықтала бүктетілген қабыланың (29 дана) бедерлі мүсіндері, жұқа қаңылтырдан қиып жасалған қабандардың мүсіндері 12 дана , балық бейнесі, перуза тас өткермеленіп, майда домалақ алтын түйіршіктермен әшекейленген, қанаттары жаюлы құс түріндегі қаптырма және басқа неғұрлым ұсақ зергерлік әшекейлер бар.
Шілікті обасы б.з.б ҮІІ-ҮІ ғасырлар аралығына жатқызылады. Бұл Қазақстанның солтүстік далалық өңіріндегі ең ертедегі ”патшалық” оба және Евразия аймағындағы сондай обалардың бірі. Мұнда Евразия далаларындағы мал өсіруші тайпалардың қолданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы аң стиліндегі бірқатар көркем туындылар (аяқтары бүгулі бұғы, шиыршақтала бүктетілген қабылан, басы бұрулы бүркіттер) сақ-скиф дүниесі өнерінің алғашқы үлгілеріне жатады.
Берел кезенінде Шығыс Қазақстаның ежелгі мал өсірушілерінің мәдениеті бұдан да айқындалып, кемелдене түседі. Таулы аудандарында обалардың таспен нобайланған, жер шұңқырына ағаш қимасы бар және аттар көмілген бұрыннан белгілі тұрақты түрі таралады [ 21, 85-86 ].
Ескерткіштердің бұл
түрі Шығыс Алтайдың кеңінен
мәлім Пазырық обаларынан
Үлкен Берел обасы үстірттің шетінен көтеріліп, Бұқтырма жайылмасы үстінде асқақтап тұр. Оның үйіндісін тұрғызуға кемінде 1000м шамасында ірі тас қажет болғандығы есептеліп шығарылған. Тас үйіндісінің биіктігі 5 м және диаметрі 30 метр; бірақ оның бастапқы диаметрі 20 м болып, биіктігі 9 метрге жеткен. Лақыт жерден барынша терендете қазылған: оңтүстік жартысы 7 метрге, ал солтүстік жартысы 5,5-5,7 метрге дейін жетеді.
Шұңқырдың оңтүстік жағының қабырғасы тақтаймен тіреле қапталған. Шұңқырдың бұрыш-бұрышына ағаш бөренелерден салынып, қайың қабығымен жабылған ауыр төбесін ұстап тұру үшін жалпақ тастардан тіреуіш-бағандар тұрғызылған. Лақыттың еденінде қарағайдың жуан (диаметрі бір метрден астам) діңгегінен қақ жарып, қашап жасалған астау - саркофаг жатыр. Саркофагтың сыртқы қайың қабығымен қапталған, ал астаудың қақпағы қанаттары жазулы ғажайып құстардың төрт қола мүсіншілері салынып безендірілген.
Шұңқырдың солтүстік жартысында жерлеу үшін өлтірілген он алты аттың сүйектері жатыр. Он жетіншісі астау - саркофагтың жанында. Өлтірілген аттар қабық төсеніш үстіне белгілі бір тәртіппен - әр қатарға төрт аттан төрт қатар етіп орналастырылған да, үстінен бірнеше қабат жалпақ қабықтармен жабылған. Аттардың үстерінде әр түрлі қабықтармен әшекейленген ер-тұрман қалдықтары мен темір ауыздықтары және жапырақша алтынмен қапталған мүсінді ағаш қаптармалары бар қаиыс жүгендер сақталған.
Үлкен Берел обасының ағаштан, алтыннан және қайын қабығынан жасалған көптеген әшекейлерінің арасында заттардың негізгі екі түрі: бейнелей салынған аңдардың немесе олардың дене мүшелерінің мүсіндері (мысық тұқымдас жыртқыштар, таутекелер, арқарлар, бұлан, зооморфтық бейнелер) мен геометриялық және өсімдік өрнектерімен безендірілген бұйымдар ерекше көрінеді.
Үлкен Берел обасына, шамасы, тайпа көсемі немесе ру ақсақалы жерленген болуы керек. Оның моласы байлығымен және салтанаттылығымен ерекшеленеді, бірақ жерлеу ғұрпының қаумның көптеген қатардағы мүшелерін жерлеу салтынан айырмашылығы жоқ.
Қарапайым жерлеу құрылыстары өздерінің көсемдерінің молаларын кішірейтілген түрде қайталайды. Олардың ішінде ағаш астау-саркофаг болғаң жоқ, орнына 3-4 қатар бөренелерден қаланған аласа қима ғана болды. Көптеген дағдылы қабірлерде солтүстік жағындағы биіктеу басқыштарға аттарды көму ғұрпы да сақталған. Мысалы, сол Берел қорымының екі-обасында бес ат, ал үшінші обасында - үш ат көмілген. Иелерін аттарымен қосып жерлеу Шығыс Қазақстаның басқа таулы аудандарын да белгілі [ 17, 57-59 ].
Мұнда б.з.б Ү-ІҮ ғасырларда Ертіс бойымен Зайсан ойдымындағы далалық көршілерінен әжептәуір өзгеше этникалық тайпалар тобы қалыптасты. Бұқтырманың жоғарғы бойының ескерткіштері-ареалы Алтай және Тува аумақтарын қамтыған, пазырық үлгісіндегі мәдениеттің етене бөлігі. Шығыс Қазақстаның таулы аудандарының ежелгі тұрғындары көп уақытқа дейін берелдік жерлеу ғұрпының дәстүрлерін сақтап келді. Шамамен б.з.б.ІІІ ғасырдың басында бір жерлерде атты қоса көмудің тоқтатылғанын айтпағанда, қалған салттар біздің заманымыздың шегіне дейін жеткен болуы керек.
Берел кезенінің мәдениеті ерекшеліктерінін бірі-жайпақ түпті қыш ыдыстың таралуы. Ол негізінен екі түрлі: мойыны қусырылып жасалған және кейде тік болып келетін құмыралар мен жатаған кебежелер. Кейбір ыдыстар кертілген жапсырмалы белдіктер мен, таға тәрізді білікпен көмкерілген, тесіктермен әшекейленген. Құмыралардың бірінде қоңыр минералды бояу мен ангобтың үстіне салынған көркем сурет бар, кейбір ыдыстар ашық қызыл түске боялған.
Ертіс пен Зайсан көлі жағалауының ежелгі тұрғындарының жерлеу ғұрпы басқаша болды. Мұнда оба үйінділері малта тас араласқан топырақтан тұрғызылды, қабірлерде аттар көмілмеген және ағаш қималар жоқ. Усть-Буконь мен Усть-Бұқтырмада ағаш пен жапқан төбені ұстап тұру үшін жер шұңқырлардың екі жағы кертпеш жар етіп қазылған.
Ү-ІҮ ғасырларға тән заттар-құрсауының шетінде сабы бар немесе сырт жағында кішкене ілмесі бар шағын қола айналар, қола қанжарлар азайып олардың орнына темір қанжарлар шығады. Қанжарлар сабының ұшы түзу не сынған қайрақ түрінде болып келеді, олар грифондардың қарама-қарсы тұрған бастарымен безендіріледі, ал олардың сабы қанат немесе көбелек тәрізді болып жасалады.
Соғыс жебелерінің ұштары
бұрынғыша қоладан құйылып
Ағаш пен сүйектен, алтын мен қоладан, былғарыдан, аң терісінен және киізден жасалған қолданбалы өнер ескерткіштері өте көркем. Орталық сюжетінің бағыты аңдар шайқасы, жануарлардың серпінді бейнелері бола бастаған ”аң” стиліндегі өнер гүлденген шағына жетеді. Берел кезенінің аяқ кезіне таман барлық жерде қоланы темір ығыстырып шығарады. Қола ауыздықтарының орнына шығыршықты темір ауыздықтар шығады; қысқа ақинақ-семсерлер мен пышақтар да темірден жасалады.
Б.з.б ІІІ ғасырға таман Шығыс Қазақстаның археологиялық ескерткіштерінің түрлері мен құрылымы өз сипатын өзгертті. Тарбағатай мен Ертістің жоғарғы бойы аралығындағы далаларда құлажорғалық үлгідегі деп аталатың жерлеу құрылыстары таралады. Тас жәшіктер қырынан көміліп, үстін тақта тастармен жапқан төрт және одан да көбірек қашалмаған көлемді тақта тастардан құрастырылған. Өліктерді шалқасынан, созылған күйінде, басын батысқа не шығысқа қаратып жерлеген. Тек бірнеше жағдайларда ғана оң жақ қырынан бүрістіріп жерленгендер кездесті [ 6, 71-73 ].
Құлажорға үлгісіндегі ескерткіштердің заттары кешенінің арасында ең көбі қыш ыдыстар болды. Қыш ыдыстар аласа жұмыр мойынды жатаған құмыралар, кренке тәрізді көзелер, ілмек сияқты сабы бар дөнгелек түпті, бүйірлі және аласа текшелер түрінде болып келеді. Жетісуда таралған қола қазандарына ұқсайтын тік және көлденең құлақтары бар қыш қазандарының едәуір сирек түрлері де кездесті. Тікбұрышты астаушы, тік және кесе сияқты, кейде тұтқасы болатын тостағандар түріндегі ағаш ыдыстар Жетісу мен Солтүстік Қырғызстан ыдыстарына жақын. Ағаш ыдыстарының сыртын көбінесе қызыл бояумен бояған. Қыш көзелер де көбіне осындай бояумен боялады (Құлажорға, Баты, Катон, Зевакино). Негізінен құмыралар мен көзелердің түрлері Шығыс Қазақстан мал өсірушілерінің мәдениеті үшін дәстүрлі болып табылады, ал олардың шығу тегі пазырық үлгісіндегі ескерткіштерден айқын көрінеді, ал басқа біреулері, мысалы, текшелер Қазақстаның оңтүстік-шығысынан алынғаны айқын аңғарылады.
Құлажорға мәдениетінің жасаушылар Жетісудің ежелгі тұрғындарына туыстас жергілікті этникалық топ болған. Этникалық-мәдени байланыстары бірнеше бағыттардан: қыш және ағаш ыдыстардың түрлерінен басқа, тізбектеле орналасқан молалар топографиясының ұқсастығынан, үйінділердің құрылымы мен бейнесінен, жерленгендегі еңдікке бағдарлауынан, молаға қой етінің мүшесін (көбінесе жамбас жағың) қою салтынан байқалады.
Ақырында, жерленгендердің сүйектеріне талдау жасаудың көрсетіп отырғанындай, Шығыс Қазақстан далалары мен Жетісу тұрғындарының антропологиялық тұрпаты да ұқсас. Оның негізі аздаған монголоидтік қоспасы бар европеиодтік тұрпатта болды, орта азиялық өзен арлық түрге ауысатын андроновтік түрдің белгілері басым келеді. Қола бұйымдарының құрамынан да ғажайып ұқсастық анықталып отыр.
Қазақстан аумағының шығысы мен оңтүстік-шығысының этникалық және мәдени жағынан жақын болуына саяси жағдай да себепші болды. Б.з.б ІІІ ғасырларда Жетісуда мемлекеттіліктің қалыптасу және көршілес аумақтарға, атап айтқанда, солтүстік-шығысқа ықпалдың таралу үрдісі жүріп жатты [ 14, 181-186 ].
Ғұндардың (гундардың) мемлекеттік бірлестігі сол кезде өзара қырқысулар мен халық көтерілістерінен әлсіреген Қытай империясымен күрес жүргізеді. Ғұн одағының ықпал өрісі орасан зор аумақты-Байкалдан Енисейдің жоғарғы бойына дейінгі аралықты және Шығыс Түркістанды қамтыды. Ірі саяси оқиғалар қытай деректемелерінде көрініс таппай қалған жоқ, оларда Орталық Азияның көптеген тайпаларының орналасуы туралы мәліметтер пайда болды. Мәселен, б.з.б ІІ-І ғасырлардағы саясы жағдайды бейнелейтін ертедегі тарихи карталардың бірінде (Дзинь-Дань-Хуан-юй, 1-шығарылым, 1-карта) Тарбағатай мен Ертістің жоғарғы ағысына у-ге (у-цзе) тайпасы орналастырған. Оның орналасу ареалы Құлажорға үлгісіндегі ескерткіштер тараған аумаққа сәйкес келеді. У-ге б.з.б.ІІІ-І ғасырлардағы Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің халқы болуы да мүмкін.
Сонымен Шығыс Қазақстан
Сонымен Оңтүстік, Жетісу және Шығыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген сақ тайпаларының ескерткіштеріне жалпы сипаттама берілді. Жетісу өңіріндегі ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысынан басталды, мұны ең алғаш болып зерттеген орыстың ғалымы В.В.Радлов болды, ол кездейсоқ табылған олжалар арқылы Жетісуды мекендеген халықтар жайлы құнды мәліметтер жинады. Осы жылдары Жетісу өңірінің алғашқы археологиялық картасы жасалды, сонымен бірге қорғандар мен обаларды сипаттау жұмыстары жүргізіліп, археолог ғалымдардың еңбектерінде жарияланып отырды.
Ал соғыстан кейінгі жылдары осы өңірде Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеулерді одан әрі жалғастырды. К.А.Ақышевтың Іле алқабы сақтарына арналған монографиясында сақ мәдениеттерінің этногенезін қарастырса, келесі ғалым Г.А.Кушаев Жетісу мәдениетінің кезеңдемелерімен айналысты. Бұл археологиялық қазба жұмыстарының ірі нәтижесі «Алтын адамның» табылуы ерекше бір тарихи оқиға болды. Сақ мәдениеті арқылы олардың өнері, жазуы, мифологиясы, әлеуметтік құрылысы және т.б. дүние танымы жаңа деңгеиде зерттелді. Жетісу өңірінде орналасқан Бесшатыр мен Есік қорымдары ғалымдардың назарын ерекше аудартты, әсіресе олардың көлемі қызықтырды. Бұл өңір тәуелсіздік алғаннан кейін де өз зерттеулерін тапты. Алматы маңындағы «Аржан» сияқты қорғандарда қазба жұмыстары жүргізілуде.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу