Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Скачать документ)

Бағашар Қожахметов

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

ЖЕТІСУ САҚТАРЫ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

 

Қазіргі таңдағы Қазақстанның археология ғылымының алдында тұрған келелі міндеттердің бірі – тарихи - мәдени мұраларымызды объективті тұрғыда зерделей отырып, ғылыми айналымға енгізуде екендігі сөзсіз. Тарихи сананың ұлттық тарихымызды танып- білуде маңызды орын алатынын ескерсек, бұл ретте археолог - ғалымдарымызға жүктелген міндеттер жеңіл болмасы анық. Еліміз егемендік алған жылдардан бастап тарихымыздың көптеген ақтаңдақ беттері ашылып, ғылыми- зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіле бастады. Осы негізде археологиялық ізденістер де жандана түсіп, отандық ғалым- археологтардың өз міндеттерін нағыз кәсіби дәрежеде атқарып, сүбелі үлес қосып отырғанын айта кеткен орынды. Дегенмен де, аймақтық ерекшеліктерге байланысты басы ашылмаған мәселелер де өз шешімін күтуде. Сондай маңызды тақырыптардың бірі- Жетісу сақтарының ескерткіштерінің зерттелу тарихыны мәселесіне қатысты болмақ.

Жалпы Жетісу өңірі ерте темір кезеңінің басты көрсеткіші болып табылатын археологиялық ескерткіштерінің хронологиялық диапазонының кеңдігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, сақ дүниесі шеңберінде болған тығыз мәдени- шаруашылық байланыстар архелогиялық материалдардан да анық көрініс береді. Осы ретте қорғандардың архитектуралық құрылысын, ондағы табылған олжаларды зерттеу мен топтау мәдени- тарихи кезеңдерді түйіндеуге және осы мәдениетті жасаған сақ тайпаларының даму деңгейін саралауға мүмкідік туғызады. Бірақ та бұл археологиялық ескеркіштердің балығы да осы уақытқа дейін өз қалпында жетпегенін ескергеннің өзінде әлі де талай ғылыми құнды жаңалықтар өз ашылуын күтуде.

XІX  ғасырдың екінші жартысынан бастап  қазақ даласындағы көне ескеркіштерге,  табылған олжаларға Ресей ғалымдары тарапынан қызығушылық арта түсті. Құрамына Сырдария мен Жетісу облыстары кірген Түркістан генерал- губернаторлығының құрылуына байланысты осы өлкенің тарихына түпкілікті ден қойыла бастады.

Ең  алғаш рет Ш.Ш.Уәлиханов, Н.Н.Пантусов Жетісу өлкесінің археологиялық ескерткіштері мен тарихы туралы құнды мәліметтер берді. 1893-1894 жылдары белгілі шығыстанушы В.В.Бартольд Шу мен Талас алқабының, Ыстықкөл қазаншұңқыры мен Іле алқабының ескеркіштері жайында “Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью” атты еңбегінде атап өтеді. Тіпті осы іссапарында Синьцзяннан келген белгісіз көпестің тапсырысымен қорғандардан құнды жәдігерлерді тонаумен айналысатын топтардың іс- әрекеті жайлы да жазып кетеді (Акишев. А. 1990, с. 144-145).

Жетісу  жеріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуін өз алдына үш кезеңге бөліп қарастырамыз:

Бірінші кезеңде өткен ғасырдың 30 жылдарынан бастап Қазақстан территориясында  бірқатар археологиялық экспедициялар  зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Соның ішінде Материалдық мәдениет тарихы институты (КСРО ҒА ММТИ) мен Ғылым академиясының Қазақ филиалы ұйымдастырған А.Н.Бернштам басшылық еткен Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігіндегі экспедициялар белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізді. А.Н.Бернштам Қазақстанның оңтүстүгі мен Жетісудың отырықшы мәдениетін және көшпелі тайпаларының мәдени дәстүрлерінің ерекшелігі мен өзгешелігін анықтай отырып, көршілес аймақтар мен аудандардың тайпаларымен тығыз байланыста дамығандығын анықтап, ескерткіштердің даму кезеңдемесін ұсынды (Бернштам А.Н.1949). Осындай іргелі мәселелердің маңыздылығын ашып көрсетуде ғалым Алматы маңындағы Қарғалы, Талас аңғарындағы Кеңқол обалары, Үлкен Шу каналы бойында жүргізген ғылыми ізденістерінің нәтижесінде қол жеткізді (Степная полоса Азиатсой части СССР в скифо- сарматское время. 1992, с.73-75).

Ал екінші кезеңде, Жетісудың ерте көшпелілер археологиясын зерттеуге  К.А.Акишев, Е.И.Агеева, Г.А.Кушаев, И.И.Копылов, А.Г.Максимова, А.К.Акишев, Б.Н.Нұрмұхамбетов  сүбелі үлес қосқан ғалымдар болып  табылады. 1954 жылдан бастап Тарих, археология, этнография институты Қапшағай ГЭС-інің құрылыс жұмыстарына байланысты К. А. Ақышевтың басшылығымен Іле археологиялық экспедициясын ұйымдастырады. Соның нәтижесінде Жетісудың сақ- үйсін ескерткіштерін алғаш рет ашып талдаған К. А. Ақышев пен Г. А. Кушаев 1954, 1957- 1960 жылдары Іле аңғарында жүргізген зерттеулері негізінде сақ- үйсін қоғамы, шаруашылығы және діни наным- сенімдерінің әр тарихи кезеңдегі дамуын ғылыми еңбек етіп жазды (Акишев К. А. , Кушаев Г. А. 1963).

Бұл кезеңнің басты ерекшелігі сонда  ХХ ғасырдың 50 жылдарынан басталған ғылыми зерттеу жұмыстары барысында Жетісудың көне тарихының көптеген қалтарыс тұстары ашылып, сақ дәуірі ескерткіштерін зерттеудің өлшеуші үлгісі іспеттес ескерткіштердің тізбесі ғылыми айналымға енгізілді. Әсіресе, “Есік” қорғанынан Алтын адамның табылуы еліміздің тарихында әлемдік маңызы бар оқиға болды. Бұл қорғаннан табылған жәдігерлер сақтардың мәдениетін, өнерін, шаруашылығын т.б. факторларды зерттеуде басты құрал болып табылды (Акишев К. А. 1978). К. А. Ақышевтың Жетісудың ерте темір дәуірі мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі өз алдына маңызды мәселе болып табылатыны осыдан анық көрінсе керек. Ал келесі бір үлкен еңбегінде сақ тайпаларының дүниетанымы, рухани мәдениеті мен әскери теократиялық идеологиясын жоғары дәрәжеде сипаттап берді (Акишев К. А. 1984, с. 66-119).

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы зерттеулерді үшінші кезеңге жатқызамыз. Мұнда атап өтерлік басты мәселе тарихымыздың ұлттық мүдде тұрғысынан жазылуында. Сонымен қатар зерттеу жұмыстары барысында жаңа технологиялар енгізіліп, ғылыми жұмыстардың маңыздылығы анық сезілді, яғни, ұлттық менталитеімізге сай зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Жалпы өткен он жылдық көлемінде бұрын үстірт зерттелген бірқатар археологиялық нысандарда ғылыми зерттеу жұмыстарын К. М. Байпақов, Б. Н. Нұрмұхамбетов, Ф. П. Григорьев, Ю. А. Мотов, З. С. Самашев сынды т.б. ғалымдар жалғастыруда. Олардаң арасында аса танымал- Есік, Алматы, Талғар, Новоалексеевка, Қоғалы, Боралдай, Ұлжан, Түрген, Шелек, Кеген, Жеті- төбе, Үштөбе, Берікқара қорымдары белгілі болып отыр (Самашев З. С., Нурпеисов М. М., Бесетаев Б. Б. 2007, с.5-6).

Жетісу өлкесінің сақ мәдениетін хронологиялық кезеңдемелерге бөлу мәселесінде ерте сақ кезеңіне жататын  ескерткіштерін әлі де түпкілікті зерттеу  қажеттілігі туындап отыр. Атап айтқанда, Қарғалы І және Алтынемел ІІ, Жуантөбе қорымдарының б.з.б. VІІІ- VІІ ғғ. сипатталып, қола ғасырынан сақ дәуіріне ұласатын өтпелі кезеңге жататындығын әлі де нақтылай түсіп, сол сияқты Біже, Жалаулы көмбелерінін жәдігерлерді ғылыми тұрғыдан өз орнын анықтау қажет. Сол сияқты кездейсоқ олжалар мен көмбелерден табылған қола қазандар, құрбандық ыдыстары және шырағдандар жинағының тек фотоальбом беттерінде жарық көргенін ескерсек, бұл жәдігерлердің ғылыми сараптамасын алмағанын көрсетеді (Жетісу энциклопедиясы. 2004, б. 35-38).

Қорытындылай келе, өлкенің археологиялық  ескерткіштерінің зерттелу деңгейі, әсіресе  солтүстік тұстары бұл өлкеде арнайы академиялық экспедициялар  жұмыс істеп, жалпы сипаттауға тұрарлықтай  материал жинақтаса да жүйесіз және көңіл қанағаттандырмайтын түрде жүргізілген. Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы келешекте атқарылатын  археологиялық деректердің негізінде, аймақтың көне және орта ғасырлар тарихын жүйелі зерттеудің игі бастамасына ықпал етері хақ.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1. Акишев А. Жалаулинский клад или золото бугровщиков // Памятники истории и культуры Казахстана. Алматы, вып:5, 1990.

2. Акишев.К.А,  Кушаев.Г.А . Древняя культура  саков и усуней долины реки  Или. Алматы, 1963.

3. Акишев К.  А. Курган Иссык. Москва, 1978.

4. Акишев К.  А. Искусство и идеология саков. Алматы, 1984.

5. Бернштам А.  Н. Основные этапы истории культуры  Семиречья и Тянь-Шаня. СА- т.XІ. Москва, 1949.

6. Жетісу энциклопедиясы. Алматы, 2004.

7. Степная полоса  Азиатской части СССР в скифо-сарматское  время. Москва, 1982.

8. Отчеты ИА Алматы, 2007

 

Ғылыми жетекші: Омаров Ғани Қалиханұлы


Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу