Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Скачать документ)

Қазақ Алтайындағы Берел қорымы- Пазырық  мәдениетінің бөлшегі ретінде  (Жерлеу ғұрпы материалдары негізінде)

 

Еуразияның сақтар дәуірінің  қуаңдау аймақтарының кеңістігінде б. з. б. ІІ- І мыңжылдық аралығы  мен І мыңжылдықтың басы аса маңызды  оқиғамен- мал бағудың көшпелі түрі қалыптаса бастауымен ерекшеленді. Ғалымдардың бір тобының пікірі бойынша, көшіп- қонуға ауысу мал басының көбейгенінің және мал бағу тужірибесінің жетілгенінің заңды нәтижесі болған, екіншілері- бұл процесске географиялық фактор мен ауа райының тербелісі шешуші әсер етеді дейді. Бір нәрсе даусыз, бірқатар кешенді себептердің ықпал етуінен Еуразиялық далалардың Ұлы белдеуіндегі халықтар шаруашылық жүргізудің жаңа түріне ауысады, оның қалыптасуы мен дамуы табиғи ортаға бейімделуінің көрінісі болып табылады. Ал көшпелілер тудырған өнер түрлерінің хас үлгілерінің сыры күнделікті тұтынудағы заттардың сыртын көркем декорациялық әдіптеу ғана емес, сонымен бірге, бейнелеу үлгісіндегі мәтіндердің ерекше зооморфты код түрінде алға тартылуы, сондай- ақ, символдар мен сюжеттердің белгілі бір жиынтығы болып табылады. Бұл Еуразия көшпелілерінің дүниетанымын паш еткен ерекше және өзіндік белгілер жүйесі.

Қазақ Алтайында б. з. б. І мыңжылдықтың ортасында және екінші жартысында орын алған мәдени-тарихи процестері қалпына келтіруде көшпелілер ақсүйегінің жерленімдеріндегі аса көркем бұйымдар- скиф- сібір аңдық мәнеріндегі ежелгі көшпелілер өнеріне тән ерекше мәнерде жасалған дүниежүзіне мәшһүр Берелдік қорғандардың материалдары елден ерек.

Микроауданның табиғи-ауа райлық ерекшеліктеріне орай ірі блоктардан тұрғызылған кейбір қорғандардың астында тоңазу линзасын құрайтын белгілі бір жағдайлар жасалған, сондықтан жерлеу камераларында көшпелі сақ ақсүйектеріне о дүниеде серік болуға тиісті заттар- киімдер, ат, ат әбзелдері мен ағаш бұйымдар, ертоқым мен маталар, ағаш ыдыстар мен тері және киізден жасалған бұйымдар едәуір жақсы сақталған. Бұндай ескерткіштердің бірегей ерекшеліктері осында.

 Қазақ Алтайының ерте көшпелілері  жайлы мәліметтердің барлығы  дерлік археологиялық зерттеулер нәтижесінде пайда болады. Сонымен қатар, Алтайдың табиғатына сәйкес мәңгілік тоңданған обаларды қазуға мүмкіндік береді. Көшпелілердің алтын ұясы- Алтай туралы О. Бөкеев: “Ағызған сары алтынды тастан Алтай…”-деп бекер айтпаған. Геродоттың жазбаларында кездесетін  “алтын қорыған таздар” тайпасы. “Тарих атасы” Геродоттың “алтын қорыған тазқаралар (гриф)” деп аталатын алыстағы ел туралы дерегі ғылымда көптеген пікірлер мен болжамдар тудырып келеді. Осының дәлелі ретінде Алтай өңіріндегі обалардан ат әбзелі, қару-жарақ және тағы да басқа құралдар мен әшекей заттардың көркі болған сансыз көп фантастикалық аң мен құс бейнелері табылып отыр. Мұндай қиял-ғажайып бейнелер Еуразия даласының басқа да аймақтарынан  және де шектес ежелгі дүние мемлекеттері өңірлерінен де ұшырасады. Алайда, Алтай өңірі жазба және археологиялық деректер бойынша да “алтын қорыған тазқаралар” елі екенін баса көрсетіп отыр.

Қазақстанның  қиыр шығысындағы Өр Алтай-ел аузында  жыр болып жырланған, ән болып  шырқалған жер жаннаты. Қатон- Қарағай осы асқақ Алтайдың алтын алқасы іспетті. Бұл аймақ ежелден барша түркі жұртының кіндік отаны, ақ жайлау ата -қонысы болғаны да аян. Түгін тартсаң майы шыққан, ағашынан бал тамған қазақтың қасиетті мекені. Орманы нулы, өзені шулы, бұлағы шипалы, ауасы дауалы киелі де әсем жерұйық. Сонымен бірге, Қатон- Қарағай археолог- ғалымдарды табындырған көне тарихтың көзі болып отыр. Кешенді ғылыми зерттеулер жүргізілген Берел обалары әсем таулы жазықтықта, үшінші террасада орналасқан. Бұқтырма жазығының шекарасы Бұқтырма өзеніне құятын Ақ Берел (Ақбұлқақ), Бұланты (Сохатушка немесе Хансу) атты таулы өзендерінің аралығы. Ал шығыстан және батыс шекарасы Бітеу, Кемпіртау тауларымен аяқталып, таулар аралас орман (қайың, қарағай, самырсын, және т. б.),  жайылымды өсімдіктермен көмкерілген. Жазықта қорғандар мен самырсын мен қайың өскенін байқауға болады.

Табиғат бұл  өңірге аста- төк құт дарытып, оны  жер асты байлықтарымен, сарқылмас  су көздерімен, әр түрлі аң- жануарлармен, сан қилы өсімдіктермен жарылқаған. Бұның бәрі адамдарға ежелден белгілі еді. Сонау есте жоқ ескі замандардың өзінде адамдар жыл бойы жайылымға жарамды топырағы құнарлы жазық жерлерге қоныс теуіп, аулайтын аңға бай ормандарды игеріп, балығы тайдай тулаған өзендер мен көлдерді жағалай орналасып, тау қойнауларынан мыс пен қалайыға және алтын мен күміске бай кен орындарын таба білген.

Осылайша, Еуразия құрлығындағы мәдени диффузиялар түйіскен тұста  орналасқан адамдар тіршілігіне  ерекше қолайлы бұл өңірдің табиғи- ландшафттық кешенінің жер асты байлықпен үйлескен өте ыңғайлы географиялық жағдайы мыңдаған жылдардың тоқтаусыз тізбегінде жалпы адамзаттық тарихты айтарлықтай байытқан бірегей мәдени құндылықтар жүйесін жасауға игі септігін тигізді (Горбунов А. П., Самашев З. С., Северский Э. В., 2005).

Теңіз деңгейінен 1120 м. биіктікте “Алтай кереметі” деп аталып кеткен тоң  басқан обаларға қазіргі таңда зерттеу  жұмыстарын З. С. Самашев басқарған  археологтар тобы жүргізіп келеді.

Қазіргі замандағы ғылымда осындай  “мәңгілік тоңдаған” обалардан  алынған органикалық материалдар мен адам және жылқы мүрдесінің қалдықтарын молекулярлық биология, генетика, медицина, антропология, палеозоология және тағы басқа жаратылыстану ғылымдарының ең жаңа жетістіктері арқылы аса жоғары ғылыми деңгейде зерттеп білудің мүмкіндігі бар. Қазақстанда осы тектес ескерткіштерді ашып, кешенді түрде зерттеу жүргізілудің қай жағынан болмасын, мығымдылығы мол, сонымен бірге ол аса маңызды ғылыми әрі практикалық мәнге ие. Себебі, бұл арқылы ең алдымен Еуразиядағы іргелі де ұзақ тарихқа ие қазақ ұлтының этногенезін, нақтылап айтқанда, қазақ жеріндегі ежелгі тайпалардың генетикалық кодының кейінгі ұрпақтарына ауысуы мен өзгеріске ұшырауы проблемасын жан- жақтылы зерттеп анықтауға болады. Бұдан сырт, осы заманғы ғылымда археологиялық ескерткіштерді сақтаудың, қалпына келтірудің және зерттеп танудың жаңа әдіс- тәсілдерді жарыққа шығып отыр. Бұл да бұрын белгілі және белгісіз болып келген тарихи- мәдени мұрағаттарды жаңа қырынан зерттеп- зерделеп, қазақ мәдениетінің түп төркінін және қалыптасу кезеңдерін одан әрі тереңдей айқындап білудің көкжиегін кеңейте түсер еді.

Міне, осындай  ғылыми ынтаның әсерімен ҚФАЭ өзінің 1996- 1997 жылдары барлап- тексеру жұмыстарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының  Ресей, Қытай және Моңғолия елі шекараларының түйісер тұсында орналасқан Қатон- Қарағай ауданына қарасты Берел қорымындағы “патша обаларына” қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Берел қорымында көлемі жағынан екінші орындағы қорған, №11, тоң қабатын сақтаған. Қазіргі уақытта белгілі микроаймақтың тас үйіндісінің көлемі мен тастардың жату қалпына байланысты тоңның әр түрлі жыныстарын сақтау және қалыптастыру мүмкіндігі бар.

Берел кезеңінде б. з. б V- IV ғасырларда атпен жерлеу рәсімі ерте көшпенділердің философиялық түсінігін  береді. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде тонаушылар көбінесе қалың тас қабаты мен мола шұңқырындағы тастардың көбін айналып өтіп, жерлеу камерасына бүйірден жол салып, шұңқыр ортасындағы адам жатқан тағанды тонап, бізге адамның толықтай сүйектерін, заттарын табуға мүмкіндік бермеді. Есесіне адам мен жерленген ат мүрделері сол күйінде жетіп отыр. Ат адамның және оны жерлегендердің аса бір сүйкімді жануарлары болғандықтан, өте бір жан тебіренерлік ұқыптылықпен қойылған (Кашкинбаев К., Самашев З., 2005).

Әдемі сындырылып тегістелген тастардан атқа табыт жасалып, жан- жағын және үстін сондай жалпақ тастармен қымтап  жауып, атты мүлдем бекітіп тастаған. Арулап көмілген ат салтанатты әбзелдерімен ауыздықталған, жүгенделген, айылданған күйінде екен (Бесетаев Б. Б., 2008).

Ерте көшпелілер өз көсемін жерлеу үшін Қазақ Алтайының осы бір табиғаты тамаша әсем жерін кездейсоқ таңдамаған. Қорғандар орналасқан аңғар, әдетте, төңірегінен едәуір биіктеу, жан жағы жасыл желекке толы таулармен көмкерілген жерде болады.

Көне адамдардың мифологиялық түсінігі бойынша таулар ерекше мағына арқалаған, себебі, олардың шыңын құдайлар мекендеген, әрі қайтқан адамдардың жаны жоғарғы һәм төменгі әлемдерді байланыстыратын жерде орналасуы- астары терең нышанның белгісі. Аңғар мен жерленім құрылысы- қорған храмның рөлін атқарған.

Берел даласының  көне тұрғындары өз әміршілеріне қайтыс болғандардың денелерінің ұзақ уақыт  бүлінбей сақталуына мүмкіндік беретін  керемет қабірлер салған. Олар бальзамдау құпиясын білген, ал олардың тас  құралымдарынан құрылыс салу тәжірибесі жерлеу камераларында маусымдық тоң линзасының қалыптасу мүмкіндігін қаперде ұстаған. Сірә, осы мақсатқа жету үшін жерлеу рәсіміне қатысты іс- шаралардың бәрі марқұмды тек белгілі бір кезеңде- жылдың белгілі бір уақытында ғана о дүниеге шығарып салуға рұқсат беретін қатаң жүйеге бағындырылған болуы керек (Самашев З. С., Жумабекова Г. С., Кущ Г. А., Суворова Г. А., 2003, №1).

Ең үлкен  №11 қорғанда патшалық құрған ер адам мен  әйел жерленіпті; оларды жуан бал   қарағайдың   діңінен   шабылған   және   қиманың   ішіне жайғастырылып, науа табытқа жатқызылған. Қиманың солтүстік қабырғасының сыртында 13 жылқы қойылған. Колода бал қарағай діңінің бөлігінен ойылған қақпақпен жабылған, оның үсті мұқият өңделіп, тегістелген және оған ерекше мықтылық беретін арнайы құрам сіңдірілген. Колода қақпағының шет шетіне төрт қола, алтынмен апталған фантастикалық құстардың мүсіні- бүркіттік грифондар орнатылған және олар әртүрлі бейнеленген: ұшайын дегенінде, қонғалы жатқанда т. б. (Отчеты с архива ИА, МОН РК, ВКАЭ, 1999- 2003).

Қиманың төбесі бір біріне нық қатарластыра қойылған жартылай қырлы бөренелермен жабылған, оның үстіне ішкі жағы курил шайы (Dazifora fruticoza) тал- шілігінің бұтақшалары және талдарымен әдіптелген қайың қабығының қатпарлы төсемі төселген.

Ресей, Швейцария және АҚШтағы лабораторияларда Берел моласының №11 қорғанының құралымынан алынған ағаштың алдын ала жасалған дендрохронологиялық сараптама нәтижесінде жерленім құралымын салуға пайдаланған ағаштың әр жылдары (арасына 21 жылдан салып) кесілгенін анықтай алдық. Бұл айғақты (басқа қүрылыстардан артылған) дайындылардың бірнеше мәрте пайдаланылғанымен немесе құрғатылған ағаштарды пайдаланумен түсіндіруге болады. Ағаш кесіп дайындау әртүрлі жерлерде әрнеше жылдарда жүргізілгені анықталды. Мысалы, колода дайындалған бал қарағай, қима мен көр үстін көлденең жапқан ағаштар алынған жерден басқа бір жерде кесіліп даярланған.

Сонымен бірге, дендрохронологиялық сараптама  негізінде №11 қорғанның салыстырмалы датасы анықталды- б. д. д. 393ж (Самашев З. С., Косинцев П. А., 2007).

Көсемнің  басында күрделі парик сақталып қалыпты. Оның шаштары, сірә, қысқа болса керек, бірақ желке тұсында бұрымдалған, аттың қылымен байланған бір тұтым шаш қалдырылыпты. Тірі кезінде еркек сақал- мұрт қойған (Отчет о работах Казахского- Французской археологической экспедиции ИА МН- АН РК в 1997 году на территории Катонкарагайского района Восточно- Казахстанской области. Алматы, 1997).

Әйелді, сірә, еркектен кейінірек жерлеген сыңайлы.

Еркектің бас  сүйегінің қарақұсында аяқталмай  қалған трепанация ізі бар, оның екі түсіндірілуі бар - не бұл бальзамдау кезінде жасалатын миды алып тастаудың әдепкі манипуляциясы, не соғыс кезінде алған соққыдан соңғы қатқан қан мен сүйек сынықтарын алып тастау үшін жасалған медициналық көмек көрсетудің ізі. Қабырғалары мен омыртқаларында көзі тірісінде әртүрлі кезеңде алған көптеген сынықтардың бітеу жаралары бар екені анықталды.

Өлген адамдардың денелеріне жасалатын бальзамдау мен өзге де манипуляциялардың ізін табу үшін сүйектер алдын ала көзбен тексеріліп, зерттелген болатын. Ер адамның бас үйегіндегі трепанациялық тесік осындай манипуляциялардың болғанының айқын куәсі.

Антропологтар еркектің жасы 30 бен 40 арасында екенін анықтады. Жерленген адамның антропологиялық  типі- моңғолдық айқын сипаттары білінетін европеоид.

Сөз жоқ, бұл  айбарлы да тәжірибелі тайпапар одағының немесе ертедегі мемлекеттік құрылымның көсеміне әбден лайықты жауынгер болған.

Аттар екі қабатқа жатқызылған: төменгісінде- 7, жоғарғысында - 6. Жануарларды басынан  темір шотпен ұрып өлтірген. Жылқыларды адамдармен бірге көму белгілі бір мақсатпен жасалған: олар өлген адамды о дүниеге апарып салатын болған немесе соның жол серігі болған.

Ертоқымдар  жүн немесе шөппен толтырылған, сырты  қызыл матамен тысталған  киіз жастықтар  секілді. Түсі сары, жирен аттың ертоқымы тұяқты жануарды (бұрынғы) грифонның жәукемдеп жатқанын бейнелеген аппликациямен және кедір- бұдырланған көптеген ағаш салпыншақтармен әшекейленген.

Берел жылқыларының бірегей сақталу жағдайы  олардың асқазандарының ішіндегісіне палинологиялық сараптама жасауға және жерленген маусымын анықтауға мүмкіндік берді. Асқазан ішін сумен тазарту  барысында анықтауға жарамды ұрық пен жеміс байқалған жоқ, бірақ қылқандардың қалдықтары табылды. Палинокешенде тозаңы көрсетілген алтайлық өсімдіктердің гүлдеу мерзімі маусым- шілде айларына келеді. Палеоботаниктердің алдын ала жасаған болжамы бойынша, осы уақыт аралығында атқарылған (Кашкинбаев К., Самашев З., 2005).

Аттар жүгендеулі және ерттеулі, кейбірінің басына таутекенің мүйізі орнатылған (кейбір жағдайда олары табиғи көлеміндегідей) маска кигізілген. Ат әбзелдерінің құрамында жүген, өмілдірік пен құйысқан, ертоқымның бөлшектері- тоғалар, сулықтар, салпыншақтар, қайыс бөлушілері ағаштан жасалған, кертпелі оюмен әшекейленген және алтынмен апталып, қалайымен қақталған екен. Ат әбзелдеріне орналастырылған жануарлар бейнелерінің ішінде мысық тектес жыртқыштар, таутекелер мен тау қойлары, бұғылар, жыртқыш құстар және фантастикалық мақұлықтар- грифондар, өсімдіктік желілер бар. Көне көшпелілер өнерінде бірнеше жануарлардың түр- сипатын біріктірген фантастикалық мақұлықтың бейнесі үлкен орынды иеленген.

Алайда, №11 қорған материалдарында Алтай өнеріне  тиесіліден басқа, сирек кездесетін стилистикалық элементтер бар. Бұл қырынан қарағанда, грифонның ағаш мүсіні аса қызықты. Мысық тектес жыртқыштың денесі салынған грифонның мүсінінде тұмсығы қайқайған бүркіттің басы бар, ауыз қуысы- дөңгелек пошымды, рельефті валикпен жиектелген. Көзінен иегіне дейін жапырақша бұдырлардан құрылған рельефті “өңіржиек” өтеді. Жуан мойыны рельефті науалары бар тегіс айдармен қамтамасыз етілген. Алмалы- салмалы құлақтары жапырақ пошымдас. Тері мүйіздер мойын үстіне қарай артқа қайқайған, шеттері жоғары қарай доғалданған. Грифон денесінде қанаттарын (тері қанат болар бәлкім) бекітетін паздар сақталыпты. Аяқтары рельефтеле жасалған жұмсақ табандармен қамтамасыз етілген. Бұл бейнеге толық ұқсайтын бұйым әзірге жоқ. Грифондарды бұлай салу- тегіс, шашын 
қиған секілденген айдар «өңіржиек»- қарастырылып отырған кезеңдегі 
Орталық Азия өнерінде кеңірек тараған болатын. Берел грифонындағы сәл ашыңқы тұмсық пен желке жүнінің жоқтығы- таза жергілікті алтайлық белгі (Самашев З., Базарбаева Г., Жумабекова Г., Сунгатай С., 2000, с. 2- 7).

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу