Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Скачать документ)

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

Археология және этнология кафедрасы

 

 

МАГИСТРЛІК  ДИССЕРТАЦИЯ

 

 

КӨНЕ  ЗАМАН ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ  МЕН САЛТ-ДӘСТҮРІНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРТАНЫҢ ӘСЕРІ

 

 

 

 

 

 

 

Орындаушы:                  ________________________        Нұржұмаев М.Т.

(қолы,күні)

 

 

Ғылыми жетекші:

т.ғ.д. профессор              ________________________        Төлеубаев Ә.Т. 

                                                       (қолы,күні)

 

Қорғауға жіберілді

кафедра меңгерушісі:

т.ғ.д. профессор               ________________________         Төлебаев Т.Ә.

                                                      (қолы,күні)

 

 

 

 

АЛМАТЫ - 2008

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ:

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

І. Сақ тайпаларының шаруашылығы мен салт–дәстүрінің  

    ерекшеліктері.....................................................................................................8

 

1. 1. Сақ тайпаларының  шаруашылығы және салт-дәстүрі.................................8

1. 2. Көне заман тайпаларының географиялық орналасуы................................30

1. 3. Сақ  тайпалары мәдениеті мен өнеріне (Аңдық стиль) қоршаған ортаның  

         әсері ...............................................................................................................49

 

ІІ. Үйсіндер мен қаңлылар және ғұндардың шарушылығының ерекшеліктері және географиялық ортамен байланысы............................................................................................................69

 

2. 1. Үйсіндер мен қаңлылылар  шаруашылығы: Жетісу мен Оңтүстік 

      Қазақстан аумағы  егіншілік пен жартылай көшпелі  мал  

      шаруашылығының тоғысқан  аймағы............................................................69

2. 2. Ғұндардың көшпелі мал шаруашылығы  және табиғи орта.......................82

 

ІІІ. Көне заман тайпаларының салт-дәстүрлеріндегі географиялық ортаның   әсері......................................................................................................85

 

3. 1. Үйсіндер мен қаңлылар қоғамының  салт-дәстүрлері: жергілікті 

        ерекшеліктері  мен ұқсастықтары.................................................................85

3. 2. Қаңлылардың (кангюй) әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріндегі табиғи орта  

        әсерінің көрініс  беруі....................................................................................97

 

Қорытынды........................................................................................................101

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................103

 

Қосымшалар.......................................................................................................107

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі: Жер шарының түркі халықтары әртүрлі тарихи дәуірде қол жеткізген мәдениеттің ұлы жетістіктері тарихи ескерткіштерде көрініс тауып, бүгінгі күні ұлттың мақтанышына айналуда.

Кез келген халықтың өзіне тән ұлттық мәдениеті болады десек, солардың басты бір арнасы – оның шаруашылығы мен салт-дәстүрі және соның қалыптасуындағы географиялық ортаның әсер екендігі рас. Ел қиялында туып, ауызекі өрбіп отырған аңыз әңгімелер мен жыр-дастандар сияқты халықтың қуанышы мен қайғысы сол халықтың салт-дәстүрінен, күнделікті көз алдында айналысқан шаруасынан орын алған. Сан жылдар бойына қалыптасқан материалдық жәдігердіктер, оның ішінде салт-дәстүрлері мен шаруашылығында әр халықтың дүниетанымдық, әтникалық ерекшеліктері байқалады.

Бүгінгі таңда егемендігімізді алып, ұлттық тарихымызды шынайы түрде жазу қолымызға тиген тұста өткенімізге зерделей көңіл бөле бастадық. Егер біз тарихты халқымыздың болмысы деп түсінсек, онда тарих кез келген халықтың өткені мен келешегінің айнасы.

Халқымыздың өзен-су бойларында, күнгейлі жылғалар мен шатқалдарда салған үй-жайларына қарап олардың жергілікті жағдайға қалай бейімделіп өмір кешкендігінен мағлұмат аламыз. Олар өзінің күнделікті қолданыстағы тұтыну заттарымен қатар салт-дәстүрі болады. Яғни дәстүрлі шаруашылығы, тұрмысы мен салт-дәстүріндегі тарихы мен өнеріндегі, күнделікті тіршілігі мен өмір қарекетіндегі ұдайы қажеттілік пен сұраныс қоршаған ортамен тікелей байланыста болады. Ұлт болмысында әу бастан жарасымды салтанат құра білген бұл мұралар ғасырлар көшінен қалмай, халықпен бірге жасасып, небір үлгілері бізге жетіп отыр. Ұлт, халық болып ұйысу тарихымыз қандай алыс ғасырларға созылып кетсе де, ол мұралардың қалыптасу арнасы да халық  тарихының сол кезеңдерімен бірге өлшенеді.



Мал шарушылығының арғы атасы саналатын алғашқы қауымдық қоғамыды аңшы тіршілігінен келіп туындаған қарапайым тұрмыс-тіршілік құралдары арада сандаған мыңжылдықтарды артқа тастады. Оның өміршең нұсқалары рухани өнер құралдары ретінде салт-дәстүр, діни ұстанымдар, шаруашылықтың әдіс-тәсілдері географиялық ортаның әсерінен өзгеріске түсті. Яғни, көне заман тайпаларының шаруашылығы мен мәдениеті, салты мен дәстүріне олардың мекендеген жерінің физикалық-географиялық жағдайымен байланысты өрбіді.

Магистрлік мәселенің зерттелу деңгейі: Бұл көне заман тайпаларын тарихи-географиялық тұрғыдан зерттеу XVIII ғасырдың ортасынан, нақты айтқанда XIX ғасыр басынан басталады. Страбондағы “батпақты жерде өмір сүретін апасиак (массагет) тайпаларын” кейбір зерттеушілер осы жерге орналастырады. Ірі қалалар қатары XIII ғасырдағы европалықтардың георгафиялық картасында берілген. Осы жерлерді шығыс ойшылдары әл-Бируни, ибн Хаукал, Идриси неғұрлым жақсы білді. XIX ғасыр басынан бастап Орта Азия мен Қазақстанды орыс “саяхатшыларының” мықтап зерттей бастауы 1740 жылы Гладышев пен Муравиннің Хиуаға барар жолда Жанкентті көруге себеп болды[30.168].

Жалпы көне заман тайпалары туралы мәліметтер, мәдени даму мен осы кезең мәдениетіндегі көрші халықтардың мәдени әсерлері мәселелерін зерттеу Н.А. Аристов,  В.В. Бартольдтың зерттеулері   мен  А.Н. Бернштам, Бичурин Н. Я., С.П. Толстов, А.В. Якубовский, Ә.Х. Марғұлан және тағы басқалардың Қазақстан мен Орта Азия, Сібір аумағында жүргізген тарихи және археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне байланысты қойылып, тарихнамалық ой-пікірлердің қалыптасуының көш басында тұрды.

Атап айтар болсақ, Бичурин Н. Я. өз еңбегінде Орта Азияны мекен еткен ежелгі тайпалардың шаруашлығы, мәдениеті, қоршаған ортасы туралы мәліметтерді қытай тілін жақсы меңгергендіктен тыңғылықты еңбек жазып қалдырды. Ал зерттеуші Зуев Ю. А. болса, ежелгі үйсін, қаңлы, ғұн тайпаларына тоқтала отырып, олардың этникалық тарихымен қатар көрші Қытай елімен байланыстары туралы мәселелерді көтереді [31.316].

Сол ияқты  қатайтанушы ғалым Кюнер Н. В. ежелгі заман тайпалары турасында мол мәліметтер тобын топтастырып, әсіресе қытай жазбалары туралы олардың шаруашылығы мен мәдениеті, байланыстары туралы тоқтамдар жасайды.Сол сияқты ірі зерттеуші Бернштам А. Н. өз кезегінде түрлі қоныстар мен тұрақтар турасында еңбектер жазып, ежелгі тайпалар мен одақтардың жерлеу дәстүріне мән бере отырып, олардың салт-дәстүрі мен шаруашылығы турасында мол мәліметтер береді[31.616]...

Ежелгі заман тайпаларының көрші  халықтармен өзара  мәдени байланыстары мен  мәдени ықпалдастықтары  туралы зерттеулер  жүргізуде қазақстандық  археологтар Е.И. Агеева,  Т.Н. Сенигова,  К.М.  Байпаков,     К.А. Ақышев, Б.Н. Нұрмұхамбетов және тағы басқалар мәселенің зерттелуі мен тарихнамалық ойдың жаңа бағыттарын қалыптастыру жолында үлкен еңбек етті.

Ірі ғалымдарымыз Акишев К. А. пен  Кушаев Г. А. «Древняя культура саков и усуней долины р.Или» атты зерттеу еңбектерінде ежелгі үйсін және сақ тайпаларының мәдениетін қарастыра отырып, Іле бойындағы географиялық орта жайынан мәліметтер береді [3.175].

Біз қарастырып отырған кезеңдегі ежелгі заман тайпаларының шаруашылығы мен олардың мәдени байланыстары туралы теориялық деңгейдегі мәселелермен айналысып жүрген қазақстандық археолог-ғалым К.М. Байпаков түркі-соғды мәдени байланысы туралы мәселенің зерттелуінің кейбір қортындыларын Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өлкесіндегі қалалық мәдениеттің қалыптасу тарихына арналған еңбегінде келтіреді. Сондай-ақ, қала мен дала мәселесі деп аталатын көшпелілер мәдениеті мен отырықшы өркениеттердің өзара байланысы туралы тарихнамада қалыптасқан  көшпелілердің “мәдениет ошақтарын қиратушылар” есебіндегі пікірлер эвалюциясына тоқталып, өзінің зерттеу еңбектері арқылы қазіргі тарих ғылымындағы көшпелілердің жалпы тарих пен әлемдік мәдениеттегі рөлі туралы жаңаша көзқарастардың қалыптасуының көшбасшысы болып отыр [30.456].

Сол сияқты қазіргі Қазақстан  ғалымдары Т.А. Төлеубаев, З. Самашев сынды үлкен археолог ғалымдарымыздың тікелей жеткешілігімен жүргізіліп отырған археологиялық жұмыстар нәтижесінде ежелгі Қазақстан жерін мекен еткен тайпалар турасында түрлі мәдениет ескерткіштері табылып, ондағы олардың шаруашылығы мен салт-дәстүріне байланысты мәліметтер табылып отыр. Бұл процесті зерттеу мен оны бағалау қазіргі археология ғылымының басты міндеті болып отыр. Сондай-ақ С. Ремезов, П. Рычков, А. И. Левшин, М. Мейер, А. Н. Макшеев және тағы басқа саяхатышлар Сырдарияның төменгі ағысында сақталынған қалалар жайлы сипаттап өтті [63.143]. Алайда, бізге қажет хронологиялық шеңбердің қалалары жайлы сөз жоқ. Содан кейінгі ширек ғасыр бойы Сырдария ескерткіштері жайлы арылы-берлі арнайы саяси мақсатпен өткен әскери топографтар, географтар арқылы жазылды. Тіпті қаншама біз білмейтін сақ ескерткіштері қазылып кеткен (Мысалы, Верещагин қазбасы). 1895 жылы Ташкентте құрылған археологияға қызығушылардың Түркістандық үйірмесінің жұмысы сақ қалаларын зерттеуге, сақтап қалуға ықпал еткені аян. Алайда нағыз ғылыми тұрғыдан кең зерттеу 1937 жылдан С. П. Толстов бастаған Хорезм археологиялық-этнографиялық кешенді әкспедициясы жұмысымен тікелей байланысты. Хорезм АЭЭ-сы зерттеулері Сырдарияның төменгі ағысынан б.з.д. I мыңжылдықтың ортасындағы қалалар, қоныстар мен тұрақтардың, жерлеу обалары мен ғимараттарының көп бөлігін ашты. 1954 жылдан бастап бұл өлкеде олардың жоспарлы түрде жұмыстары жүргізілді. Сырдарияның оңтүстік бөлігі Ақшадария мен Жаңадарияның қосылар тұсы зерттелінді. 1955-1956 жылдардағы жұмыстар Жаңадария аңғарында жалғасты. 1951-1963, 1971-72 жылдары зерттеу Жаңадария, Іңкәрдария, Ескі Қуаңдария және Қуаңдария бассейіндерін қамтыды. Іңкәрдәрия мен Жаңадарияның орта ағысындағы қоныстар мен тұрақтар экспедицияның тапқан ескерткішетрінің төрттен бірін. құрады.[31.456] Бұл қоныстар өзен салаларында, кейде тіпті су көзіне жақын қазаншұңқырларда орналасады. Бұл әкспедицияның ашқан ірі ескерткіштеріне ерте темір дәуіріндегі мыналар жатады: Топырақ қала, Қойқырылған қала, Шірікрабат, Бәбіш молла  1-3, Баланды 1-3, Сеңгірқала, Кабулқала (Шағырлы), Шірік 3, Жетіасар және т.б. С. П. Толстов зертеуінің бастапқы 1948 жылдары “по следам древне хорезмийской цивилизации” және 1950 жылы “Древний Хорезм” атты монографиясын жариялады. Бірақ мұнда жалпы шолу мен алғашқы нәтижелер қарастырылды. Тақырыпқа қатысты С. П. Толстовтың жүргізген зерттеулерінің нәтижелі, талданған, Сырдарияның төменгі ағысындағы сақтардың сақ-скиф әлеміндегі орнын, онда кімдер тұрғандығын анықтаған бірден-бір еңбегі 1962 жылы жарияланған “По древним дельтам Окса и Яксарта” атты еңбегі. Әр жылдардағы зерттеу жұмыстарының қорытындылары тас дәуірінен этнографиялық дәуірге дейінгі жыл сайын шығатын “Труды Хорезмской археолого-этнографияеской эскпедиции” атты еңбектерінде жарияланып отырды [61.516].   

Кейіннен зерттеулерді шәкірттері Л. М. Левина, Б. И. Вайнберг, М.А.Итина (Түгіскен қорымын), Вишневская (Ұйғарақ қорымын), Яблонский (Аралдың оңтүстігіндегі ерте көшпелілерді) жалғастырды. 1973-1985 жылға дейін археологиялық экспедиция құрып, ал 1986-1991 жылдары ескерткіштерді “қорғау” мақсатындағы жұмыстар арқылы Сырдың төменгі ағысындағы қалалар мен қоныстарды, қамалдарды Л. М. Левина зерттеді. Оның зерттеу қорытындылары тек 1992-1995 жылдары “Низовье Сырдарьи в древности” атымен бес шығарылымы шықса, 1996 жылы “Этнокультурная история Восточного Приаралья” атымен соңғы қорытынды монграфиясы жарық көрді. Бұл еңбектерінің бірінші шығарылымынан басқасы жетіасар мәдениетіне арналған[46.316].

Жұмыстың деректік негізі: Магистрлік диссертация жұмысын жазу барысында дереккөзі ретінде антикалық, парсы, қытай деректері негізінен дерек көзі болып табылады. Археологиялық экспидеция жүргізілген зерттеу жұмыстарының есептері мен нәтижелері пайдаланылды. Кез келген  зерттеу еңбегі өзінің деректік негізін ежелгі жазбалар, қолжазбалар, дастандар,  саяхатышылар еңбегі немесе археологиялық материалдар тобына негізделетіні айқын. Олай болса, ежелгі дәуір тайпаларының шаруашылығы мен салт-дәстүрі және оған ықпал етуші географиялық ортаның сипаты турасында бірінші кезекте Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық деректерге сүйене аламыз. Мәселен, белгілі Қазақстан археологтары Ә. Марғұлан, А. Акишев,З. Самашевтар Орталық Қазақстаның Тасмола көне қорғанынан біздің дәуірімізге дейінгі (5-4 ғғ) жататын қоладан жасалған сылдырмақ аспабын және шағын қоңыраулар тапқандығы мәлім. Сол сияқты Ә. Марғұлан бастаған археолог ғалымдар «Таңбалы тас» аталатын көне тас дәуірі ескерткіштерінде тұтыну құралдарымен қоса музыкалық аспаптар жинақтарын тапқаны белгілі болып отыр[51.316].

Сондай-ақ көтеріліп отырған  мәселе турасындағы мәліметтердің  бір тобын түрлі авторлар, оның ішінде жоғарыда аталған қытайтанушы авторлар еңбектерінен мол мәліметтер тобын ала аламыз. Жоғарыда аталған бұл дерек көздерінің барлығы да мәселені анықтауда ерекше мәнге ие екендігі белгілі.

Жұмыстың мерзімдік  шегіне келер болсақ, ежелгі замандағы тайпалар мен тайпалық одақтардың, яғни олардың ежелгі шығу төркінінен бастап кейіннен басқа елдер мен мемлекеттердің құрамына қосылуға дейінгі аралығын зерттеу болып табылады.

Магистрлік  жұмыстың мақсаты мен міндеті. Магистрлік дисертация жұмысының алдына қойып отырған негізгі мақсаты жоғарыда аталынып кеткен зерттеушілер мен ғалымдар еңбектерін пайдалана отырып, ежелгі тайпалардың шаруашылығы мен салт-дәстүріне ықпал еткен географиялық ортаның әсерін анықтау болып отыр. Қойылған мақсатымызға орай төмендегідей міндеттер тобы қойылып отыр:

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу