Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Скачать документ)

      - Сақтардың географиялық орналасуы және әдет ғұрпы  туралы барлық мәліметтер (ғылыми есептер мен мақалалар) жинақталып, қай зерттеушінің нені, қай деңгейде зерттегені – зерттелу тарихын қысқаша жазылып, зерттелінген тірек ескерткіштерді негізге ала отыру қажет.

      - Соңғы жылдары жүргізілген, керемет сақ өнері туындылары шыққан археологиялық зерттеулер арнайы түрде толық сипаттала жазылды.

- Үйсіндер мен қаңлылылар  шаруашылығын қарастыра отырып,  Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан  аумағында егіншілік пен жартылай  көшпелі мал шаруашылығының тоғысқан географиялық ортаның әсерін анықтау;

- Ғұндардың тайпаларының  көшпелі мал шаруашылығы мен  оған әсер етуші  табиғи  ортаны көрсету;

-  Көне заман тайпаларының  салт-дәстүрлеріндегі географиялық  ортаның әсерін айқындау;

- Үйсіндер мен қаңлылар қоғамының салт-дәстүрлері: жергілікті ерекшеліктері мен ұқсастықтарын қоршаған ортаның ықпалын көрсету;

-   Қаңлылардың (кангюй) әдет-ғұрыпы мен салт-дәстүріндегі табиғи орта әсерінің көрініс беруін анықтау.

Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш тараудан (әр тарау тараушаларға бөлінген), қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

І. Сақ тайпаларының шаруашылығы мен салт-дәстүрінің ерекшеліктері

 

1. 1. Сақ тайпаларының  шаруашылығы және салт-дәстүрі

 

       Еуразияның сақтар дәуірінің қуаңдау аймақтарының кеңістігінде б.з.б. ІІ-І мыңжылдық аралығы мен І мыңжылдықтың басы аса маңызды оқиға мен мал бағудың көшпелі түрі қалыптаса бастауымен ерекшеленді. Ғалымдардың бір тобының пікірі бойынша, көшіп-қонуға ауысу мал басының көбейгенінің және мал бағу тәжірибесінің жетілгенінің заңды нәтижесі болған, екіншілері- бұл процесске географиялық фактор мен ауа райының тербелісі шешуші әсер етеді дейді. Бір нәрсе даусыз, бірқатар кешенді себептердің ықпал етуінен Еуразиялық далалардың Ұлы белдеуіндегі халықтар шаруашылық жүргізудің жаңа түріне ауысады, оның қалыптасуы мен дамуы табиғи ортаға бейімделуінің көрінісі болып табылады. Ал көшпелілер тудырған өнер түрлерінің хас үлгілерінің сыры күнделікті тұтынудағы заттардың сыртын көркем декорациялық әдіптеу ғана емес, сонымен бірге, бейнелеу үлгісіндегі мәтіндердің ерекше зооморфты код түрінде алға тартылуы, сондай-ақ, символдар мен сюжеттердің белгілі бір жиынтығы болып табылады. Бұл Еуразия көшпелілерінің дүниетанымын паш еткен ерекше және өзіндік белгілер жүйесі[31.446].

       Көне заман тайпарының байтақ дала мен тау алқаптарын игеру дәуірі, мал шаруашылығының сан алуан түрлерінің жаппай дамып, жетекші салаға айналуы және оның егіншілікпен ұштасу дәуірі сақтар уақытымен байланысып жатыр. Баяғы заман авторлары сақтар туралы: «Олар әсте егіншілер емес, көшпелілер» деп жазғанда немесе солардың тіршілігіне: «Еркін кеңістікке, от пен судың молдығына қарай, бір жерден екінші жерге көше береді» — деп анықтама бергенде, біршама сынар жақ пікір айтқан. Шын мәнінде сақтар шаруашылығының түр-түрі табиғи жағдайға, қала орталықтары мен сауда жолдарына алыс-жакындығына байланысты анықтатып отырған [31.446].

       Сақ тайпаларының мал шаруашылығын зерттеу ісі – оның жолдарының көп болғанын – көшпелі харекеттен бақташылыққа (отарлы шаруашылық) дейін болғанын керсетіп берген. Жазғы жайлаудан қысқы жайылымға дейін марғау жыбырлап, ұзақ көшетін көшпелі мал шаруашылығы Батыс Казақстанға ішінара Орталық Қазакстанға тән болған. Көшпелі мал шаруашылығында бүкіл ру және бүкіл тайпа мал-жанымен, дүние-мүлкімен бірге ит арқасы қиядағы алыс жерге ендік бойымен де, бойлық бағытымен де жыл-жып көше берген. Еркектер атпен, әйелдер мен балалар, қарттар киіз жапқан арбамен жүретін болған. Ызғарлы қыста олар қар жауса да тез еріп кететін, бұта-шөбі мол кұм қойнында өткізген немесе азынаған желге үйірім-үйірім тоғайы пана болатын, мал аз аяғымен жүріп қорек табатын қопалы көлдер мен өзендер жағасын мекендеген[31.751]. Кысқы мекенжайлар ұзақ тұруға арналмайтын. Кешпелілердің негізгі малы алыс жүріске бейімделген жылқы, түйе, қой болатын.

      Жартылай кешпелі мал шаруашылығы тұрақты қыскы және жазғы мекенжайлары болуын күн ілгері ойластырып отырған, өйткені сол мекенжайларда малшылар жаз бен қысын өткізеді. Қысқы тұрақтар үшін жертөлелер мен жартылай жертөлелер салынған. Мұндағы жұрттың бір бөлегі жаз шыға, келер кысқа азық-түлік дайындау үшін қыстауда қалып, егіншілікпен айналысқан. Мал шаруашылығының осы түрі Шығыс Қазақстан мен Жетісуда, Орталық және Батыс Қазақстанның бірқатар аудандарында етек алған еді.

        Сақ тайпалары шаруашылығының үшінші түрі – отырықшы шаруашылық болатын. Мұнда халықтың бір бөлегі ұдайы егіншілікпен шұғылданып, отырықшы болып қалатын. Ал, оның екінші бөлегі жақын-жуық жерлердегі жазғы жайлау мен кысқы өрістерге кешіп кетіп, қайтып келіп отырған. Қазақстанның оңтүстігінде – Сырдария мен Арыс, Келес алқаптарында хал-жағдай тап осандай еді. Әсіресе ірі қара мал басым болған. Әлбетте, тіршілікте қияметтей қиын, күрделі жәйттер көп кездеседі, мал шаруашылығының осынау түрлерінен ауытқушылықтар да болып жатады, мұның бәрі Казақстанның әртүрлі аймақтары мен аудандарының қалың жұртының өміріне өшпестей ізін калдырады[31.534].

        Жылқы өсіру сақтар мал шаруашылығының аса маңызды бағытының бірі болған. Орталық Казақстанда жүргізілген қазу жұмыстарының материалдарынан жылқының екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біреуі басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі – шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған, I Алтайдағы Пазырық обаларын қазған кезде табылған 80 ат қалдығының материалдары бойынша жылқының төрт тұқымы бөлініп шығарылды.Ірі денелі жүрдек аттар селекция нәтижесінде пайда болған. Оларды көсемдер мен текті батырлар мінген екендігі мәлім[55.197].

        Жылқынын, жаңа тұқымын шығару ісіне желдей жүйрік сәйгүліктерімен аты шыққан Ферғана, Бактрия, Парфия сияқты көрші елдердің асыл тұқымды жылқылары пайдаланылған. Тандаулы ереуіл (әскери) аттарды кешпелілер жоғары бағалаған, егер иесі қаза тапса, аттары иесімен бірге о дүниеге бірге кететін болған.

        Көшпелілердің үйге үйренген малшының ең маңызды түлігінің бірі ет пен сүт, жүн мен тері беретін қой еді. Қазбаларға қарағанда, сақтарда маңдай алды дөңестеу ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың қазіргі кұйрықты қойлары тұқымына жақын болған[55.197].

       Сақтар арасында коймен бірге түйе шаруашылығы да кең дамиды, ол әсіресе Батыс және Оңтүстік Казақстанның далалық және шөлейт аудандарында өркен жаяды. Түйе мініс және жүк көлігі есебінде де пайдаланылады, оның жүні, еті мен сүті көшпелілердің тұрмыс қажетін өтейді, Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтағы түйе жыл он екі ай аспан астында болады. Осы таяудағы уақытқа дейін, сонау ертедегі көшпелілерден бері қарай ірі қара мал шаруашылықта елеулі рөл атқармаған деген пікір кең жайылып кеткен болатын. Бұл жәйтті олар, сиырға арнап қысқа жемшөп дайындау үшін қыруар жұмыс жасалады, өйткені олар ат пен кой сияқты жайылып жүріп күн көре алмайды — деп түсіндірген. Дегенмен де кешпелілер мүйізді ірі караның жыл бойы жайылым-нан қорек табатын тұқымын шығарады. Сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — жемділігі төмен, тірілей салмағы аз болған, шолар жемшөпті онша талғамайтын, суықта сыр бермейтін жүні қалың, тебін малы болып келеді екен[55.516].

      Ал сақтардың  шаруашылығы мен салты туралы  анығырақ заттай деректермен   қарастырсақ онда біз Шығыс  Қазақстан облысындағы Шілікті  обаларын зерттеу нәтижесін қарастыруымыз қажет. Онда Шілікті жазығы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданынның аумағында орналасқан. Ұзыны 75-80км, ені 25-30 км  болатын Шілікті жазығын оңтүстігі мен батысында Тарбағатай тауы, шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстігінде Маңырақ таулары қоршап жатыр. Қысы қары жұқа түсетін жылы, жазы шыбынсыз салқын болып келетін бұл өнір Зайсан-Тарбағатай аймағындағы бір ерекше оазис өлке. Ортағасырлық аңыз бойынша Асан қайғы  Сауыр тауының басына шығып тұрып: «Мына даланың үш есігі бар екен, әттегенай, төртінші есігі болғанда жердің жаннаты болғандай екен»- деген екен. Малға да, адамға да аса жайлы осы өңірді әлімсақтан бастап адамдар ұзақ мекендеп, тығыз қоныстанғанға ұқсайды. Оған тау аңғарларындағы қола дәуірінің қоныстары мен қоршаулары, жазықта ерте темір дәуірінің оба, обашықтарының көптеп кездесуі дәлел бола алады.  Шілікті даласында көне мәдениеттің аса бір өркендеген уақыты б.з.д. Ι мыңжылдыққа сәйкес келеді. Бұл кезде Шілікті даласын сақ тайпалары мекендеген. Шілікті даласында сақ-үйсін дәуірінің екі жүзден астам ескерткіштері бар. Олардың елу шақтысы патша және ақсүйек обалары[12].

Бұл ескерткіштерді 1909-1910 жылдары бірінші зерттеген семейлік гидротехник Г.Н.Бокий еді, ал  өткен ғасырдың 40-шы жылдарының аяғынан 70- жылдарға дейін әркез профессор  С.С.Черников қазды.

2003 жылдан бастап бұл  өңірді Ә.Х.Марғұлан атындаға     археология                          институтының бөлім меңгерушісі Төлеубаев Әбдеш Тәшкенұлы басқарған бір топ зерттеушілер зерттей бастады.Алғашында бұл ғылыми жоба, 2004 жылдан бастап мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында іске асты. Үш үлкен және бірнеше кіші обалар қазылып зерттелді. Нәтижесінде сақтың ең көне «алтын адамы» ашылды, осы өңірде ондаған жаңа ескерткіштер анықталды, алғаш рет бұл аймақта үйсін мәдениеті жәдігерлері ашылды, Шілікті даласындағы ең көне сақ ескерткіштерінің мерзімі дәлірек анықталды.

3-Шілікті обалар тобы  Жалши ауылының оңтүстік жағында  орналасқан, оңтүстіктен солтүстікке  қарай тізбектеліп жатыр. Барлығы  17 обадан тұрады.

№1 оба осы топтың ең оңтүстік шегінде орналасқан, қауымдық – туыстық ескерткіштер тобының ең оңтүстік шегінде тұр. Сонымен қатар көлемінің аса үлкендігі бұл обаны басқа ескерткіштерден ерекшелендіріп тұр. Оның биіктігі 7,9м, диаметрі оңтүстіктен солтүстікке қарай 99, шығыстан батысқа қарай 97,4 м.

Оба үш қабаттан тұрады. Ең жоғарғы қабаты топырақ, шым және құм араласқан қиыршық тастан тұрады. Екінші қабаты үйілген тас оба. Осы тас обаның астында жуан самырсын қарағайларынан қималанып салынған қабірхана бар. Онда бір адам жерленген.

          Сыртқы топырақ қабатты алу  барысында оның астында тас оба бар екендігі анықталды. Тас оба таудың жақпар және өзеннің малта тастарынан үйілген. Биіктігі 4,9, диаметрі 18 м. Тас оба жалпы обаның батыс жағына қарай ойысып орналасқан. Обаның төбесінің батыс бөлігіндегі ірі тастар алынып тасталған, бұл кезіндегі тонаушылардың ұрлыққа түскен ізі болып шықты.

           Тас обаның шығыс жақ төбесіне  биіктігі 1 метрге жуық сырық орнатылған. Сырықтың түбінде таутекенің  басы мен мүйізі жатыр, одан  сәл әріректе керамикалық жайпақ  ыдыстың қалдығы тұр. Ыдыстың ішінде толы күйген сүйек. Оның маңайында және тас обаның үстінде шашылған ұсақ малдың сүйегі көп кездеседі, арасында жылқы сүйектері де бар. Тегінде тас обаны үйіп  алғаннан кейін өлген адамның асын берген. Ас біткен соң құрбандыққа шалынғын малдың сүйегін обаның үстіне шашып тастаған. Бізге жеткен қалдығының ұзындығы 1 метрге жуық, жуандығы білектей сырық қаралы тудың белгісі сияқты. Ол кейіннен үйілген топырақ обаның тура топографиялық орталық нүктесінде орналасқан екен.Дәл осындай қабірдің шығыс жақ басына орналастырылған сырықтың қалдығы №2 обадан да анықталды.

           Тас обаның тастарын біртіндеп  аршу барысында астынан ағаш қабірхана шықты. Қабірхананың биіктігі 3м 50см, керегелері жуан екі қатар самырсын бөренелерден қималанып салынған. Бөренелер бір-біріне қиылысқан тұсында ойылып тығыз жымдастырылмаған. Сондықтан олардың арасындағы қуыстар таспен толтырылған. Қабірхана ұзына бойымен шығыстан батысқа қарай орналасқан. Ғимараттың шығыс жақ беті пирамидаға ұқсатып салынған. Сақтардағы шығысқа мінәжат ету салты бойынша ғимараттың шығыс жақ бетіне осындай салтанатты пішін берген сияқты.

           Қабірхананың шығыс жағынан үлкен  және кіші – екі жер асты  дәліздері (дромос) ашылды. Қабірханаға  апаратын үлкен жер асты дәлізінің  ұзындығы 15,65 м, ені 2,5-3м, тереңдігі - 0,9–1м. Оның төбесі көлденең салынған  бөренелермен жабылған. Үлкен дәліздің  орта шенінің 5,5 метрдей тұсы түгелімен ірі тастармен шегенделіп тасталынған. Дромосқа кіретін есіктің болмауы, о бастан жерасты дәлізінің ірі тастармен шегенделіп тасталуы, бұл құрылыстың таза ғұрыптық қана мәні болғанын көрсетеді.

Үлкен жер асты дәлізіне тура жанынан кіші дромос салынған екен. Ол үлкен дромоспен қабірхананың аузына жақындаған жерде қосылады. Үлкен дромос пен кіші дромостың  қосылар жерін ұсақ тастармен уақытша қалап тастаған. Кіші дромостың ені 0,8 , тереңдігі 1,4 м. Бұл жер асты  дәлізін адамдар әр кез қабірханаға кіру үшін пайдаланған. Кіші дромостың ішінен асық, ірі қара малдың жіліншік сүйектері табылды. Дромостан қабірханаға кіретін есіктің ені 1,2, биіктігі 1 м.

                  3-Шілікті қорымындағы Бәйгетөбе  обасының ірі және өте күрделі  архитектуралық құрылысының әлеуметтік-мәдени  және табиғи-қорықтық мағынасы бар. Ескерткіштің көлемі әдетте адамның қоғамдағы алатын орнына сәйкес болады. Сонымен қатар осындай зәулім ғимаратта жалғыз-ақ адамның жерленуі оның ерекше әлеуметтік мәртебесін көрсетсе керек. Қорғандар тобында обаның ерекше орынға орналасуының өзі де онда жерленген адамның басқа жұрттан ерекше артықшылығын көрсетеді. Өлген адамды сап алтынмен апталған киімге бөлеп қоюдың өзі оның елбасылық құрметін көрсетсе керек. Қабірхананы тура жердің бетіне салып, ел қастерлеген адамды жер астына  салмаудың өзі ерте көшпелі мемлекеттің бір кездегі идеологиялық ұстаным-жарғысымен байланысты болуы мүмкін.

           Оба заманның заманында тоналып  кеткен. Тонаушылардың іздері обаның  ең жоғарғы қабаттарынан көріне  бастаған. Дәл төбесінен 5 метрдей  құдық қазып, ағаш қабірханаға  жеткен ұрылар оның төбесіндегі  бөренені ойып түскен.

Ашар алдында қабірхананың іші топыраққа толы болды. Топырақ оған ұрылар төбесінен қазған ұра арқылы түскен. Алтын заттар және адам сүйектері негізінен алғанда ғимараттың шығыс бөлігінен, қалыңдығы 1,8м топырақ қабаттарының арасынан табылды. Адам сүйектер толығымен шықты және бұлардың бәрі де бір адамның сүйегі. Қабірхананың ішінен екі бөлінген сынтас шықты. Бұл ұзындығы 2,8 м. сырты жақсы өңделген төрт  қырлы сұр тас.Қабірхананың солтүстік шығыс бұрышынан бір белгісіз ағаш заттың бөлікше-тақтайшалары табылды. Тақтайшалардың бірнешеуінде майлы бояумен салынған суреттер кездеседі. Екі тақтайшада бұғының, еліктің суреттері бар.

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу