Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Скачать документ)

Табиғи ортаның әсерінен туған жануарлардың бейнесі шартты түрде бейнеленген жануарлар; бұғы, турдың мүйіздері бейнеленген композиция; мазмұнында бұғы бейнеленген заттар; мазмұнында бұғы, елік , ақбөкен бейнелі компрзиция; арқар, таутеке мазмұнындағы әлементтер; аңдардың жануарларға атылған бейнелері; аңдардың ауызында жануарлардың суретін беру төсілдері; мысық бейнелі элементтер;ат, қоян бейнелі әлементтер; қораз   бейнелі әлементтер; грифон бейнелі әлементтер; сфинск (адам) бейнелеу тәсілдері ; "үтір" оюлардың түрлері;"лотос гүлі" бейнелі элементтер; "төртқұлақ", "орам" ою-өрнектердің түрлері; өсімдік типтес ою-өрнектер; көп жапырақты және "қосалқа" ою-ернектері  [16.197]. 
     Табиғи ортаның әсерінен сақтардың бейнелеу өнеріндегі аң, жануарларды және құстарды фантастикалық, шартты түрде көрсету қазақ қолөнерінде кедеспейді. Аң мен жануарлардың арпалысын түрлі күрделі композицияда беру сақ мөнерінде тоқымдарды өрлеуде кездеседі. Қазақ қолөнерінде кездесетін сақтардың стилизацияланған ою-өрнектері "төртқұлақ", "үтір", "орам", "қосалқа", "лотос гүлі", өсімдік типтес және жапырақ. Грифтердің мифтік керінісі, шынай түрлері қазір мүлдем ұмытылған. Сақ шеберлері "аң стиліне" қолданған негізгі әлементтері: бұғы , арқар, таутеке, лотос гүлі,үшжапырақ, қосалқа, үтір, төртқұлақ, спираль т.б. "Жануарлар стилінен" басқасы қазақ қолөнері мен сәулет өнерінде толық қайталанады. Жайық өңірінде XIX ғасырда өмір сүрген Фатима ханшаның бешпентінде лотос гүлінің әлементі салынған. Бұл бешпенттегі лотос гүлінің ою-ернегін алтын жіппен көмкеріп, кесте тәсілімен тіккен. Көшпелілердің ішінде қалмақ қолөнерінде лотос гүлі бүршік бейнесінде түрлі мөнерде қолданады[16.166].

Географиялық ортаның әсерінен сақ(скиф) "аң стилі" бүгінгі Орта Азия, Сібір , Еуропа халықтарының бейнелеу өнерінің негізін қалаған. Көршілес елдер мөдени ауыс-түйістің арқасында кейбір ою-өрнек элементтері ауысып қолданып жатады. Дүние жүзіндегі барлық халықтардың езіндік еш жерде қайталанбайтын өзіндік бейнелеу мәнері, сол елдің этнографиясында ғасырлар бойы қалыптасқан. Дүние жүзі халықтарының бейнелеу енеріне негіз болған табиғат. Қыштан, саз балшықтан жасалған құмыраларды геометриялық, космогониялық элементтермен әшекейлеген. Бұл әлементтер қоршаған ортадан алынған. Олар: аспан денелері, ағып жатқан су, ирек жол, шоғырланған жұлдыздар т.б. керіністер. Ал, "өмір ағашын" өз қолөнер бұйымдарында бейнелемейтін бірде-бір ел жоқ. Ежелгі адамдардың қолданған ұқсас геометриялық, космогониялык, элементтеріне қарап, олардың бір кеңістікте өмір сүргеніне көз жеткіземіз.  Сақтардың (скиф) діни дүниетанымында аспан денелері маңызды рөл атқарған. Геометриялық, космогониялық ою - өрнек әлементтері мен катар сақтар қоладан, алтыннан жасаған ыдыстарға өз өмірлерінен түрлі көріністер түсірген. Мұндай көріністер олардың, тұрмыс -тіршілігінен көптеген ақпарат береді. Сақ шеберлері "жануарлар стиліне" қарағанда геометриялық, өсімдік типтес әлементтерді сирек қолданған. Сол кезеңнің бейнелеу өнеріне ортақ әлементтер "менандр", "крест", "төртқұлақ" ою-ернектері. Ежелгі шебердің композициясына енген әлементтер, тұтастай табиғаттан алынған. Сондықтан қолөнердің ежелгісі болсын, қазіргісі болсын өсімдік элементтерден басталады[51.716].

     Дүние жүзіндегі халықтар өз бейнелеу өнерінде геометриялық, космогониялық, өсімдік типтес ою-ернектерді түрлендіріп сан мыңдаған ою-өрнек жасап, олар өз қолөнерлерін өшекейлеуде. Әр халықтың бейнелеу өнерінде өзіндік ерекшеліктерін ғасырлар бойы сақталған. Сақ ою - өрнегінің типологиясының өлі де зерттелмей тұрған тұстары көп. Сақтардың (скиф) "аң стилінде" берілген күрделі композициялардың әлі де мазмұны толықтай ашылмаған. Сонда да ежелгі тарихышылардың деректерінен алынған пайымдауларына сүйеніп, сақтардың бейнелеу өнеріндегі анықтама беруге болады. Сақ ою-өрнегіндегі негізгі өнер "зооморрфтық стилқь", ал сақ мөнеріндегі самұрық құстардың қияли, шынайы түрлі көріністе бейнеленуі жергілікті мәнерге жатады. Бейнелеу өнердегі мұндай әдіс - тәсілдер сақ (скиф) кезеңінде жақсы дамығанын көне ескерткіштерден байқауға болады.

Географиялық ортаның  әсерінен Сібір, Амудария коллекциялары бүкіл дүние жүзіне таныс-тырылып, насихатталып келеді.Ол жәдігерлер Ресей эрмитажында, Британ мұражайында сақталған.Ежелгі сақ (скиф) көне ескерткіштерінің көпшілігі Таулы Алтай аймағында табылды. Сол жәдігерлерге сараптама жүргізіп, сақ (скиф) тайпаларының дүниетанымы мен тұрмыс - тіршілігі туралы біраз ақпарат аламыз. Қорғандарда табылған бұйымдардың ерекше тұсы, бейнелеу мәнерінің қайталанбауы. Сақтардың (сақ) өнеріндегі рәміздік таңбалар тұрмыстағы заттардың барлығында бейнеленген. Көшпелілердің қолөнерде қолданған сан түрлі таңбалары діни және рулық, тайпаның нышандық белгісін білдіреді. Бұл таңбалар сол кезеңде бір кеңістікте өмір сүрген ежелгі адамдардың бөріне түсінікті мазмұнды білдіретін белгі. Ол таңбалар сол сияқты көшпелілердің ежелгі жазу көне ескерткіштерінде де көздеседі[51.156].

   Еуразия құрлығында емір сүрген тайпалардың бейнелеу, қолөнері  ғасырлар бойы қалыптасты. Мұндай мәдени жетістік ежелгі адамдардың ішкі рухани дүниесі мен дүниетанымынан туған. Қол-өнердегі сақ мәнері көршілес елдердің мөдениетіне де ықпал етті деуге болады . Сондықтан сақ бейнелеу енеріндегі "аң стилі" барлық елдердің терминіне айналды десек қателеспейміз. И.Тасмағамбетов:" Адамды залалды жерден қорғайтын сиқырлы күш бар материалдар ғана ардақталап қана қойған жоқ. Пішіні мен өрнек өшекейлері жануарлар текті болып келетін кейбір бұйымдар да киелі саналған. Бойтұмарлар қорғаушы қызметіне ие "- дейді. Сақтардын, "аң стилі" немесе "жануарлар стилі" дүние жүзі ғалымдарының қызығушылығын тудыруда. С.С. Бесссонова:" Соңғы жылдары ғалымдарды "аң стилінің" семантикасын зерттеу қызықтырады. Мұнда өрбір "аң стилінде" қолданған әлементтің мазмұны мен тұтатастай сюжеттегі композицияның рәміздік ұғымын оқу қазіргі күні маңызды шаруға айналған" - дейді. Табылған көне ескерткіштердегі бейнелеу мөнері мен оның рөміздік мазмұны ғалымдардың назарынан тыс қалған. Сақ (скиф) бейнелу өнері ежелгі адамдардың мифтік дүниетанымынан тұған өнер туындысы деп тұжырымдаймыз[51.516].

Алтай керіністе мазмұны ауыз әдебиеті арқылы жеткен мифтік образдар да тасқа қашалып салынған. Қазір ғылым қарапайым мифтік образдар мен археологиялық деректерді күрделендіріп қайта қарау үрдісін алдына мақсат қып қойды. Бүгінгі күні сақтардың таңбалары мен петроглифтеріне семантикалық талдау жүргізу керек. Сонда ғана б.з.б өмір сүрген өркениетті мәдениеттің тарихын жазуға болады. Скифологтар дерек ретінде ежелгі адамдардың бейнелеу, қолөнер мен таңбалардың рәміздік мазмұны талдану тиіс. Ежелгі адамдардың рухани дүниесіне, олардың сезіміне әсер еткен қоршаған орта. Табиғат адам сезіміне ләззат беріп эмоциялық сезімі оянады. Ол аспандағы Күн, Ай, Жұлдыз түрлі-түске боялған кемпірқосақ,қалың орман мен биік таулар, гүлдеген жазық дала. Осы табиғи сұлулықты ежелгі адамдар өз өнерінде талғаммен қолдана білген.

Алғашқы адамдардың дүниетанымында космогониялық ұғымның бірінші пайда болғаны да таңданарлық нәрсе емес. Олар сол кезеңде қоғамға ортақ мөдениетті қалыптастыра білді. Өз туындылары арқылы басқалардың сезімін оятты. Ежелгі тайпалар бір - бірімен түсінісетін таңбалық жүйе, петроглифтер өнерін дүниеге өкелді. Сақтар көзелге (жұкпалап иленген былғары) аңдар мен жануарлар көрінісін пышақпен ойып, оны түрлі - түске бояған[51.736].

Еліміз XXI ғасырға аяқ басса да, былғары өндеу өндірісі Қазақстанда әлі өз деңгейінде дамымай отыр. Ежелгі кешпелілердің былғары өңдеу 
технологиясы қазір ұмыт болған. Сақтардың былғарыдан жасаған 
заттары мен тоқыған маталары сапалы дайындалған. Алтайлықтар 
өндірген кезелді (жұқа былғары) киім тігуде, ал қалыңдауы айыл, 
бестаспа жасауда қолданған. Тоқымға аң, құс, жануарлардың суретін 
салып, оларды бояумен өрлеген. Сақтар бұйымдарды қызыл түске, ал 
ағаштың ойық тұстарын айрықша көрсету үшін, сары мен жасыл 
түске бояған. Қосымша өшекей ретінде ағаш пен былғары алтын 
пластиналар немесе асыл тастардан көз орнатқан. Алтайлықтар "аң 
стилінде" жасаған бұйымдарын көркемдей түсу үшін алтын пластиналарды жапсырған. Мұндай өнер қазір кездеспейді. Қазақ 
қолөнерінде күмістеп, алтындап тігу сақ өнерінен бастау алады. 
Қазақтар жасанды жіптермен сырт киімдерінің өрнектеп кестелеп 
тіккен. Бұйымдарда тігістерден басқа шеберлер қоладан, "аң стиліндегі" 
алтын қаңылтырлар мен түймелерді қадаған. Мифтік, шынайы образда 
бейнеленген аң,құс, жануарлардын, денесіндегі жолаңтарға алтын 
пластиналар жапсырылған[51.146]. 

    Көне ескерткіштерде табиғи ортаның әсерінен бейнеленген ою-өрнек, таңбалардан сақ (скиф),қазақ қолөнерінің сабақтастығын көреміз,бұ тек географиялық ортаның әсеріне тән. Сақ кезеңінде қолданған стилизацияланған ою элементтер қазірде қолөнерде қолданады. Сақ бейнелеу өнерін зерттеу үшін қазақ қолөнеріндегі ою-өрнектің негізгі элементтерін білу қажет. Осыдан сай, пен қазақ бейнелеу өнерінің тұтастығын байқау қиын емес. Қазіргі кезде түрік тобына кірген елдердің көпшілігі өз алдына мемлекет құрып, белек ел болып кетті. Соған қарамастан түбі бір түркі мәдениетін бөліп-жармай көне ескерткіштерді ортақ деп қарастыруымыз қажет. Таулы Алтай өңіріндегі көне ескерткіштер көптеген түркі тайпалар мөдениетінің түптамыры болып табылады. Сібір, Орта Азиядан бастап Қара теңізге дейінгі аймақты алып жатқан тайпалар бір одаққа бағынып, мәдениеті ортақ болғанын ежелгі авторлардың деректерінен кереміз. Бұл аймақта өмір сүрген тайпалардың тұрмыс-тіршілікте қолданған заттарына қарап, сұңғат өнерінің өте жоғары деңгейде болғанын байқаймыз. Тылсым күштерден сақтайтын тотемдер, діни ұғымдағы таңбалар қосымша элемент болып, аң, жануарлардың денесінде бейнеленген.Ежелгі адамдардың нышандық таңбаларын, тотемнің бейнесін қолөнер бұйымдарына түрлі өнерде бейнелеген бұл географиялық ортаның әсеріне тән. Олар: кескіндеме, ағаштан ойып жасалған бұйымдар, тұскиіз, сырмақ, тоқым ою-өрнекті бастырма тәсілімен жиектеп тігу, ер-тұрман бұйымдары. Безендіруге арналған әшекейлер былғарыдан ойылып, алтынман апталып жасалған.

Сақ өнерінде   аң, құс, жануарлардың қоладан жасалған түрлі мөлшердеп мүсіндері көп кездеседі табиғи ортаның әсері. Сақтардың жерлеу рөсіміне, қолөнері мен бейнелеу өнеріне талдау жасап, көне мәдениет туралы мағлұмат аламыз. Оған Орталық Алтай қорғандарын жүз жыл бұрын зерттеген В.В.Радловтың еңбектерін жатқызуға болады. Қорымда табылған саркофагқа (ағаш табыт) ойылған аң, жануарлардың бейнесінен ағаш ою мәнерін сақ шеберлері жақсы меңгергенін көреміз. Саркофагта (ағаш табыт) тізбектеліп келе жатқан төрт жолбарыс бейнеленген. Оның төменгі тұсында екі бұғы, екі қабан, екі арқардың суреті салынған. Бұл тұтас монументалдық композиция ағашты ойып жасалған. Алтайлықтардың ағаш ою технологиясы Башадыр II обасынан бірінші рет табылды. Жолбарыстың қимылы табиғи дәлдікпен беріліп, ал бастары әдеттен үлкейтіліп көрсетілген. Олардың құйрықтары оюланып, аяғына құстырнақ салынған. Жолбарыстың денесіндегі жүндері оттың жалынын түспалдайды. Ал, төменгі жағына бейнеленген жануарлардың денесі шарты түрде берілген табиғи ортаның әсері. Жолбарыс тайпаның тотемі болып, тылсым күштерден қорғайтын қорғаушы образында салынған. Бұл сюжетте от - діни нышан ретінде бейнеленсе, ағаш табыттағы композициядағы жануарлар жерлеу рәсіміне арнайы қүрбандыққа шалынған арқар, қабан, бүғы. Олардың денесі бұратқшып, аяғы аспанға келтірілген. Сақтардың андарды, жануарларды мұндай мәнерде бейнелеуі, жануардың әлсіреп, мерт болғанын тұспалдайды[51.416].

     Табиғи ортаның әсерінен сақ шеберлері өз өнерінде аң, жануардың мүйіздері мен көздеріне ерекше көңіл бөлген. Ал, құлақтары мен бастарын әдеттен тыс үлкейтіп мифтік немесе шынайы бейнеде салған. Жерлеу рәсімінде сақтар жануарлардың бөрін мәйітпен бірге жерлеген. Саркофагқа (ағаш табытқа) бейнеленген композициядан олардың жерлеу рәсіміне қатысты ғұрыпын байқаймыз.

   Бесшатыр обасының Оңтүстік Шығысында уақыт өте тозығы жеткен, өте жүқа иленген былғарының, қызыл түске боялған алты құрағы табылған. Шеберлер былғарының үстіне өткір пышақтың ұшымен ойып ернек түсірген табиғи ортаның әсері. Былғарыда жасалған ақ түсті ойықтар жануардың бұлшық еттерін анықтай түседі. 8 әрпінің ішкі тұсына доға жақшалар бейнеленген. Былғары құрақтарына айналған тоқымға бұғы бейнесі бейнеленген. Тозығы жеткен құрақтардан жануардың өр бөлшегін ғана байқаймыз. Сақ шеберлері 8 пен ақ түсті доға сызықтарды жануарлардың дене мүшелерін анықтай түсу үшін қолданған. Мұндай жолақтарды қосымша алтын пластиналармен әрлеген. 8 ою-өрнегі жабайы сиыр турдың мүйізін тұспалдаудан туған элемент. Турдың мүйізіне қосымша үтір әлементтері қолданған. Тұяқты қорғанындағы ағаш табыттың қақпағына "үтір" ою-өрнегі "шетою" жасап, ірі бейнеленген. "Үтір" оюы сақтардың діни ұғымдарынан пайда болған космогониялық нышан. Мұндай ою-өрнек элементтерді сақ (скиф) қолөнер бұйымдарының бәрінде кездестіруге болады[68.416].

     Табиғи ортаның әсері ою-өрнектерден кейінгі жазықтыққа 
бірінен соң бірі ерген жолбарыстар қайың ағашынан ойылып, 
саркофагқа жапсырылған. Мұнда II Бесшатыр обасынаң табылған 
жолбарыстың суретімен ұқсастық жоқ. 

    Табиғи фактордың  әсерінен кескіндемеде негізгі қолданған сақ өнері грифтердің үлкен бастары мен үлкен көздері ал оған қосымша оюланған тұмсықтың салынуы,есімдіктер мен жануарлардың шартты түрде салынған стилизацияланған түрлері орта ғасырда жақсы дамыды. Өсімдік ою-өрнегінің мөнерін агаштан, сүйектен, былғарыдан немесе қоладан жасаған бұйымдарға бейнелеп, сақтар өзіндік өнер қалыптастырды. Олар: сегіз жапырақ , пальма жапырағы, мүсіндік, живописьтік ою-өрнек, гүл, бүршік, үш жапырақтан бастап күрделі жапырақты гүлдер, лотос гүлі. "Үш жапырақты" ою - өрнекті көптеген халықтар бейнелеу өнерінде негізгі элементретінде қолданады.

Табиғи фактордың әсерінен ағаш пен сүйектен ойылған ат - әбзелдердің ою-өрнектерін екі түрге бөлуге болады. Олар: жай нұсқа, күрделі нұсқа. Сақ шеберлері бұйымның жазықтығына тұтастай композициялар бейнелеген. Сақ кезеңнің шеберлерінде әлементті симметриялы немесе егіз бейнелеу мәнері қалыптасты. Мұндай аң стиліндегі композицицяларды негізінен табиғи элементтерден жасаған[52.816].

     Табиғаттың тылсым күштері сақ (скиф) шеберлерін ер - тоқымды әшекейлеуде "жүрекше" ою-өрнегін жиі бейиелеген. Қазақ қолөнерінде қолданатын бұл элемент сақтардан бастау алады. "Жүрекше" оюы жүректі туспалдап, ол жүрекше пішініндегі үшбүрыштан табиғи элементтерден жасалады. "Жүрекше" ою-ернегі мен турдың қос 8 элементінен күрделі әлементтер жасап, ер-тоқымның ағашына ойып түсіреді.

Табиғаттың тылсым күштері  алтайлықтар өз өнерінде сан түрлі әдіс-тәсілді қолданған. Олар: геометриялық, өсімдік типтес ою-өрнектер, жануарлардың шарты белгісі, күрделі ою-өрнектер,яғни табиғи фактордың әсерінен. Шартты элементтерге: ағаштың бұтағы, қабанның азулы тісі, аң мен құстардың оюланған тырнақтары жатады.

Сақ (скиф) өнерінде балық бейнесі өте сирек кездеседі. Орта Азияда түркімендер зергерлік бұйымдарын балық пішінінде жасаған табиғи фактордың әсерінен. Кәш-пелілердің ұғымында балық тазалықтың символын білдіреді. Таулы Алтайда II Пазырық қорғанынан табылған ер адамның оң аяғына суреті үлкейтіліп балық салынған.Балық- тазалықтын, символы. Балық пішіні зергерлік бұйымдарда көп қолданған. Бұл мәнер түркімен  зергерлік бұйымдарында қазірде кеңінен қолданады. Сақ скиф шеберлері балық пішінін ағаштан ойып ат-әбзелдерді безендіруге арналған бөлшектер жасаған. Ондай салпыншақтарды аттың жүтеніне сән үшін айналдыра таққан. Ағаштан ойылған ешкейге ауызына қойдың басын тістеген балық кескіні бейнеленген. Балықтан басқа алтай шеберлері өз мөнерінде қазы мен аққудың суретін де салған. Қаздың ұйықтаған сәті ағаштан ойылып, мүсіні жасалған. Псалдырда қазының басы шартты түрде бейнеленген, ал аттың мандайшасына ұшып келе жатқан үш аққу бейнесі көркемделіп табиғи фактордың әсерінен көрсетілген[39.316].

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу