Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Б.з.д. VII-V ғасырда Ежелгі Сырдария тармағының оңтүстік атырабында бізге 60-тан аса қоныстармен тұрақтар бірнеше обалар (соның ішінде танымал Ұйғарақ және Оңтүстік Түгіскен) және өзгеше шлакты қорған қалдырған сақтар мекендеген [38.114-115]. 66 зерттелген тұрақтар мен қоныстардың ішінде, тең жартысына жуығы кішігірім тармақтарды бойлай орналасқан, ауқымы 300-800 метрге жететін үлкен қоныстар бар. Соның ішінде қабырғасын өңделмеген кірпіштен және пақсалы блоктардан жасалған қонысты айналдыра қоршаған қабырғасының қалдығын зерттеуге мүмкіндігі болған. Стартиграфиялық қазба жұмысы жүргізілген Шірік - Рабат қалашығындағы 1,5 метр мәдени қабаты бар құрылысқа қарағанда бұл сақтардың астанасы болғандығы туралы тұжырым жасалған.
Б.з.д. VII-VI ғасырға жататын (V-ғ. жататыны сирек) Үйғарақ обасының 80 қорғанның 70-і қазылған [43.556]; ал б.з.д. VII-VI ғасыры деп мерзімделетін Оңтүстік Түгіскенде 50 қорғанның 38 зерттелген [37, 36-47 б.б.], оның ішінде «шлакты» (б.з.д. VII-VI ғ.ғ.) қорғандардың 23 қазылды [42.678]. Соңғылары арна жағасында бір-бірден, қоныстан 0,5 қашықтықта орналасқан.
Жоғарыда аталғандай VII-VI ғасыр деп мерзімделетін ескерткіштердегі аң стилінде жасалған ат әбзелдер, қару жарақтар сақ мәдениеті (бірінші кезде Қазақстан мен Жетісу) мен төменгі Еділ бойы және оңтүстік Орал өңіріндегі савраматтардың байланысын көрсетеді. Бүл ежелгі Сырдария атырабының оңтүстік аймағындағы мәдениеттің өзіндік ерекшелігін көрсетеді.Кейінірек бұл жерде жоғарыда аталған жергілікті сақтар мәдениеті негізінде және кейбір оңтүстік Орта Азия алқабының мәдениетінің ықпалымен шірік-мәдениеті пайда болды (б.з.д.V-ІV-П ғғ.). Бұл мәдениеттің өкілдері бізге суландыру жүйесін, екі жүзден астам ірі ауылдық аймақтар, жоғары дамыған архитектура, сондай-ақ монументальды ескерткіштердің құрылыстарын және алты қамал қалдырды.
Шірік-Рабат тұрақтарының топографиясы мен сырт көрінісі б.з.д.VП-V ғғ. сақтардікінен ерекше. Шірік-Рабат тұрақтары көбінесе жасанды суландыру жүйесінің шеңберінде жасалған және бірнеше алқаптарға енеді, кейде қорғандар мен берік қамалдар айналасында болады. Қоныс аймақтарының аудандары да әр қилы, бірақ әрқайсысының үйлері көп бөлмеден және есік алдындағы бау-бақшадан тұрады. Бұл мәдениетті тасушылардың астанасы Шірік-Рабат қалашығы болуы мүмкін, Жаңадария өзенінің жағасында орналасқан [41.567].
Шірік-Рабат мәдениетінің жерлеу құрылысының көрінісі қорған тәріздес етіп көмілген (ең алдымен катакомбы тәріздес кіретін дәлізі бар), сондай-ақ жер бетіндегі арнайы мавзолейлер болуы мүмкін. Осындай мавзолейлердің қырыққа жуығы қазылған, ал екеуі ғана жоспарлы төртбұрышты, қалғандары дөңгелене келген [41.567].
Шірік-Рабат қалашықтары мен елді мекендерінің, бекіністерінің салыну қүрылыстары, жер суландыру жүйесі, ескерткіштер жасаудағы сәулет өнерінің жоғары деңгейі. Шірік-Рабат қыш кешеніндегі көптеген ыдыстардың қалыбы мен дайындау әдістерінің негізінде жергілікті сақ мәдениеті оңтүстік диқаншылар дәстүрімен байланысын аңғаруға болады.
Б.з.д. III ғасырдың соңы П-ғасырдың басында Шірік-Рабат қалашығының және қоныстарының тұрғындары экологиялық жағдайлардың кесірінен (ежелгі Сырдарияның оңтүстік арналарындағы судың тоқтап қалуы) өз баспаналарын тастап кетуіне мәжбүр болды. Археологиялық мәліметтер бойынша, оңтүстік Парфия аймағы мен біртіндеп шығысқа, қазіргі Алматы қаласының маңына қоныстанған. Осы кезеңде ( б.з.д. ҢІ-Ң ғ.ғ.) Шығыс Арал жазығында Шірік-Рабат мәдениеті өз өмір сүруін тоқтатады. Дегенмен Шығыс Аралжағалауында археологиялық зерттеулер 1946 жылы С.П.Толстовтың жетекшілігімен жүргізілген сақ обалары мен қалашықтарқша Шірік-Рабат мәдениетіндегі жерлеу ескерткіштеріне 1951 жылдан бастап 1964 жылға дейін Харезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының ұжымы жедел қазба жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар 1962 жылдан бастап сақ обалары Үйғарақ пен Оңтүстік Түгіскендегі зерттеу жүмыстары жалғаса берді[41.516].
Сырдария атырабының солтүстік аймақтарында, ежелгі Сырдария арналары Қуандария және Ескі Қуандария бассейіндеріндегі Жетіасар мәдениетінің ірі және мықты қорғаныс жүйесі бар қалашықтар мен обалар зерттелді, қазіргі Евразия халықтарының әтногенездік негізін салуда маңызды рөл атқарған.
Мұндағы қазба жұмыстар 1948-1949, 1951 жылдары С.П.Толстовтың жетекшілігімен, кейіннен Ю.А.Рапопорт, М.А.Орлов, және Т.А.Жданко (Жетіасар қалашығы № 3, 9) жетекшіліктерімен, ал 1973, 1976, 1978-1981, 1983-1984, 1986-1991 жылдары Л.М.Левина басшылығымен казба жұмыстары жүргізілді.
Аймақтың географиялық орналасуы көші-қон жолдары, сауда-саттық жолдары (Ұлы Жібек Жолының солтүстіктегі ең маңызды жолдарының тармақтары) біршама маңызды әсерін тигізіп, б.з.д. I м.ж. және б.з. I мың жылдығында халықтар мен мәдениеттер арасында қарым-қатынас аймағы, осы кезеңде Жетіасар мәдениеті дамып, Орта Азия және Қазақстан мәдениеттерінен өзіндік қасиетімен ерекшеленеді.
Жетіасар мәдениетіне сипаттама беріп, ескерткіштерінің типологиясын жасаған, сонымен бірге Жетіасар сайын алғаш 1948 жылы ашып зерттеген С.П. Толстовтың есімімен байланысты [21.125-140 б.б.]. 60-жылдардың ортасында Жетіасар қыш ыдыстарының классификациясы мен мәдениеттің нақты кезеңдері аныкталды. Мәдениеттің дамуында басты 3- кезең анықталды [21.45]. Жетіасар мәдениетіыің негізгі ерекшеліктері қоныстарының орналасуы, материалдық мәдениетті және жерлеу ескерткіштері. Б.з.д. VII-II ғғ. Іңкәрдария мен Жаңадария қоныстарының топографиясы салыстарғанда, Жетіасар топографиясы мүлдем өзгеше болып келеді. Қазіргі кезде бізге белгілі 50-ден аса Жетіасар қалаларыпың барлығында көп қабатты мықты бекіністері бар, осы уақытқа дейін бекінісіІ әлсіз қалашықтар кездеспеген. Орналасу тәртібі, қоныстардың топографиясы, архетектурасы, құрылыс техникасы, жекелеген үйлер мен тұрақтарының жобасын жан-жақты зерттеу аймақтағы тұрмыстық мәдениеттің ұзақ кезеңге жақсы сақталғанын анықтауға мүмкіндік берді. Көп қабатты үйлермен, бекіністері мықты Жетіасар қалалары, көбінесе өзен жағалауы мен су көздерінің маңында, сонымен бірге қалаларды айналдыра бейіттер және жүздеген қорғандар орналасқан. Б.з.д. соңғы ғасырында Жетіасар қалашықтарының үйлерінің ішкі құрылымы бір түрдегі екі-үш бөлмеден тұрды. Негізгі бөлме өзгермейтін көріністі сақтап отырды. Этнографтардың зертеулері бойынша (әсіресе А.Н.Жилинның), Жетіасар үйлерінің құрылымы, оның ішінде ошақпен жататын бөлменің жобасы қазіргі Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында әлі күнге дейін көрінісі сақталған.
Ондаған қорғандардан тұратын Жетіасар тұрақтарында топырақты жерлеудің 4-түрі, кірпішті обаның 3-түрі кездеседі. Мыңдаған обаларды зерттеу нәтижесі, аймақтағы обалардың ерекше мықтылығы мен беріктігі олардың еш өзгеріссіз сақталуына әсер еткенін анықтады. Жетіасар қорғандары белгілі бір өзендер сағасына немесе істен шыққан каналдар жағасына орналасқан. Бір кезеңде өмір сүрген әртүрлі әтностың корғандарының да бір өзен сағасының бойына орналасқаны белгілі болды [21.567].
80-жылдардың
ортасында қазба жұмысы жүргізі
Жетіасар мәдениетінін материалдардың бейнесі калашықтардың ішкі және сыртқы тұратынынан, қоныстану топографиясынан, ішкі үйдің жоспарынан, бекініс қамалдарынан, обалардың (жер асты және жер үсті) қүрылыстарынан көрінеді.
Антропологиялық зерттеулер халықтың негізгі бір тобын айтқанымен жекелеген қорғандар мен обалардан басқа ұлттардың жерлеу дәстүрін байқауға болады.
Мәдениеттің барлық түрі: қалашықтардың топографиясы жәй сипаттамасы, кұрылыс тәсілдері, бекіністер салу әдістері, ішкі үйлердің құрылымы, жерлеу құрылысы және дәстүрі, түрмыстың негізгі кұралдары, киім санымен қатар әшекей бүйымдары мыңдаған жылдар бойына өзгеріссіз сақталған. Тіпті шаруашылық түрлері, әлеуметтік орта, Жетіасар мәдениетінің материалдары тараған аймаққа қарағанда мүлдем өзгеріске ұшырамаған Жетіасар қоғамының әлеуметтік топқа бірігуі, Жетіасар мәдениетін таратушы дәстүрлі көші-қон жолының аймағына Жетіасар ескерткіштерінің орналасуы олардың өзіндік қорғану әрекеттерінің бірі болып саналады[21.666].
Жетіасар кешендер жүйесінде кездесетін жат элементтер қоныстану бекіну, жерлеу құрылыстарындағы кішкене ауытқулар, олардың қандай бағытта кімдермен қарым-қатынас орнатқандықтарын анықтауға мүмкіндік береді Мысалы, сол уақыттағы Жетіасар мәдениетін дамытушылар сауда-саттық айырбас жүйесінде түрақты түрде белсенділік танытқан. Көптеген жерлеу орындарынан табылған жүннен, мақтадан, жібектен, теріден тігілген қалдықтары Жетіасарлықтардың Қытаймен, Сирия, Византия, Иранмен тұрақты қарым-қатнаста болғандығын хабардар етеді. Тас моншақтардан, сәндік бұйымдардан осыны көруге байқауға болады. Сондай-ақ қазіргі Египеттен Қытайға дейінгі аралық, Таяу Шығыстан, Иран мен Индия орталық Европаға дейінгі және Балтика елдеріндегі ежелгі шеберлердің жасаған бұйымдары Жетіасар қорғандарынан табылған, бірақ материалдық мәдениеттің өзгермес бөлшегі болып саналатын қыш ыдыстар ғана өзгеріссіз қалпында қалған.
Тұрмыстық қыш ыдыстар тек мәдениетпен уақыттың ғана көрсеткіші емес сонымен бірге ол ұлттың өзіндік ерекшелігінің бір белгісі. Себебі, түрмыстық ыдыстар қолдан иленіп жасалғандықтан ішкі немесе сыртқы сұранысқа болмаған. Ең алдымен, бұл мәдениет шаруашылықтың егін-мал жайына ойысқан табиғи түріне жатады. Жерлеу дәстүрі мен түрлері мәдениеттің даму кезеңдерінің басты белгісі саналғанымен ұлттық болмысты ашудың негізгі құралы емес. Сондықтан Жетіасар аумағындағы қыш ыдыстардың жаппай пайді болуы оның негізі басқа ұлтта және мәдениетте жатқандығын анықтауға мүмкіндік береді.
Жерлеу орындарынан
алынған материалдарды
Жоғарыда көрсетілген Жетіасар кешендерімен бірге Оңтүстік Қазақстанның Сырдариядағы және таулы аймақтарына, сондай-ақ орта Сырдариялық мәдениеттің оқшауланған нұсқаларына жататын матариалдарды байқаймыз.
Б.з.д. 1 ғасырдағы Жетіасар кешендерінен зерттеушілер ғұндар мәдениетімен байланыстыратын ұқсас заттарды байқаған.
Жетіасар мәдениетінің бірнеше рет атап көрсетілген ерекшеліктері затты кешендерден тек қана бөтен мәдениет іздерін табуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың ұзақ жылдар бойы өмір сүргенін көрсетті Олардың ұзақ жылдардағы тұрмысы мен Жетіасар мәдениетіне енуі, бір жағынан, бұрынғы келімсек тұрғындардың олардың бастапқыда мекендеген жерлерімен байланысының үзілмегенін, екінші жағынан, бұл тұрғындардын «Жетіасарлықтармен» табиғи ассимиляцияланғанын болжауға мүмкіндік береді[21.716].
Осыған ұқсас көрініс I ғ. және б.д. 1 мыңжылдық ортасынан VI-VII ғғ. дейінгі материалдардан бірнеше рет байқалған. Яғни, Жетіасар қалаларының бірінің мәдени қабатынан табылған материалдардан жетіасарлық керамикаға тән түркілік өрнектердің белгілері ғана емес, сонымен бірге Жетіасарлық құмыраның күлтелерінде руникалық жазба фрагменті байқалған. Сондай-ақ, шығыс және оңтүстік-шығыстан VI және VII ғасырдың басында Жетіасар аймағына келген түркі халықтарының екі толқынын айтуға болады. Қазба жүмысы кезінде алынған материалдар басқа ұлттар мен мәдениеттің тағдырын бақылауға мүмкіндік берді.
Жетіасар түрғындарының консерватизмі тұрақты әтникалық сана сезім көрінісінен болуы керек, соның арқасында Жетіасар қоғамы келімсек ру-тайпалардың көпшілігін өздеріне сіңіріп алған.
Осы уақытта Жетіасар мәдениетінің сыртқы көнелілігі аталмыш территорияда әр түрлі атникалық дәстүрлердің жүздеген жылдар бойы тіршілік етуіне мүмкіндік берді.
Жетіасар мәдениеті иелерінің басқа тайпалармен ішінара байланысқа «Жетіасарлықтарға» да өз әсерін тигізді. Осылай, б.д. III ғ. аяғы IV ғ. әскери қақтығыстардың жалынына барлық Жетіасар қалалары шарпылды, қалғандарын тұрғындар өздері тастап кетті. Шығыстан келген көшпенділер толқынынын әсерімен Жетіасарлықтардың үлкен тобының Солтүстік Кавказ аудандарына, әр Жетіасар мәдениеті иелерінің басқа тайпалармен ішінара байланысын «жетіасарлықтарға» да өз әсерін тигізді[21.716].
Осылайша, б.д. III ғ. аяғы IV ғ. әскерр қақтығыстардың жалынына барлық Жетіасар қалалары шарпылды, қалғандарық тұрғындар өздері тастап кетті. Шығыстан келген көшпенділер толқынынын әсерімен Жетіасарлықтардың үлкен тобының Солтүстік Кавказ аудандарына, әр қарай батысқа жылжуы орын алды, және бір уақытта олардың Сырдарияның оң жағалауымен оңтүстік-шығысқа, Ферғанаға дейін жеткені аңғарылды.
Сол кездерде Жетіасар түрғындары Орта Азияның шығыс бөлігіндегі (бәрінен бұрын Сырдария бойындағы) тайпаларға айтарлықтай ықпал еткен сонымен бірге Солтүстік Кавказ, Орта Еділ бойы халықтарына да әсерлері тигізген[21.444].
Шығыс Арал бойында қоныс аудару толқындары б.д.д. V ғ. соңы- VI ғ басында, VI ғ. соңы-УІП ғ. болғаны байқалады. Б.д.д. ҮIIІ-ІХ ғасыраларда кезекті экологиялық апат салдарынан ежелгі солтүстік сырдариялық тармақтар жазығындағы өмір тоқтады, ал Жетіасар қыстақтарының түрғындары басқа аудандарға қоныс аударды[26.676].
Қарастырылып отырған аумақ, әр түрлі тайпалардың әтникалық тарихында және мемлекеттік бірлестіктердің қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Ең болмағанда, тохар, алан, эвталито-хионит, авар, оғыз, печенег және басқа көптеген елдерді, бірақ бірінші кезекте қаңлылар сияқты жаһандық мәселелерді еске түсіреміз.
Қаңлы орталығының оқшаулануынан тәуелсіз Төменгі және Орта Сырдариядан б.д. осы мемелекетке кіргенін есепке алғанымызға қарамастан іргелі түрде жүргізілген археологиялық жүмыстар Орта Азияның шығыс жағында және Сырдария бойы аудандарында Жетіасар мәдениетінің иелер қаңлы этникалық құрамды бірлестігін құруға негіз болғандығын айтуға мұрындық болды. Жетіасар мәдениеті орын алып жатқан аумақта ғұндар ғаш ұзақ уақыт ирандықтармен және оларға дейін осында болып үлгергеқ юечжиелермен, ұйғырлармен байланысқа түсе алды. Б.д. 1 мыңжылдығында осы аудандарда шет әтникалық түрғындардқщ сонымен қатар түркі тілдес тайпалардың жаңа толқындары болғаны аңғарылды Сондай-ақ, печенег және оғыздардың қалыптасуының мәселелерін ескермеу мүмкін емес.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу