Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Скачать документ)

Құрбандық жозылары төртбұрышты не дөңгелекше, жиектері сәл көтеріңкі үстел тәріздес, бірнеше аяқты не жалғыз аяқты болып келеді. Олардың келемі әртүрлі — үлкен «үстелдерден» бастап, тап-тұйнақтай кішкене бұйымға дейін болады[7.876].

    Композициясы мүлде өзгеше кұрбандық жозысы Алматы территориясынан, бұрынғы қасиетті ғимарат орнынан табылды, одан жағылған от күлі, жануарлар сүйектері мен керамика сынықтары араласқан тұтас қабаты бар дөңгелек қыш тұрғы-платформа табылды. Конус тәріздес тағанға орнатылған деңгелек табақ жиегі 15 бұқа бейнесімен әшекейленген. Ал, табақтың бетіне, артына сәл бұрылып, бұкаларды садақпен атып тұрған салтатты. Оның жанынан білте салынатын түтік бейнесі бекітіліпті. Бәлкім, салтатты «мүйізді малдың иесі» «бұқаларды айдап тастайтын» Митраның өзін бейнелейтін шығар. «Жетісу михрабы» деген атпен мамандарға кеңінен белгілі болған құрбандық жозысы да Алматы түбінен табылды, ол керегесі кетеріңкі тікбұрыш іспетті, алып жүруге қолайлы тұтқасы бар жоза. Оның табақшасы тұяқты малдың аяғы сияқты төрт тағанға қондырылған. Жозы жиегімен қанатты жыртқыштар «жүріп келе жатқандай» болып көрінеді[7.747].

     Кұрбандық шырақтар, тегі, отқа табынушылық рәсіміне байланысты туған секілді, сонымен бірге олар қазандармен қоса (әдетте олар қазанмен бірге табылады) мал жазғы жайлауға шығатын көктемгі және жайлау маусымы біткенін, шөбі шүйгін тау ішінде семіріп алған үйір-үйір жылқы мен отар-отар қой шұбырып-шұбырып баурайға түсетін күздегі мейрамдарға пайдаланылған. Әлбетте, мүндай мейрамдар тау етегіндегі табиғаты тамылжьш тұрған әсем алқаптарда еткізілгендағы, тайқазандарда тағам әзірленіп, ал құрбандық жозыларымен және шырақтарымен әшекейленген қасиетті орындарда құдай жолына құрбандық шалынған[3.197].

     Сақ тайпалары саудамен өзінің көрші жатқан тайпаларымен өте жақсы айналысқаны мәлім. Еуразиянын, далалары мен таулы алқаптарын сақтар билеп тұрған кезеңде Батыс пен Шығысты. Жерорта теңізі аймағы мен Қытайды байланыстырған халықаралык өтпелі сауда басталады. Б. з. дейінгі 1 мыңжылдықтын, орта кезінде дала жолы пайда болады, бұл жолмен 40 – параллель бойын қуалай, далалық аймақтарға бағалы тауарлар жеткізіліп отырған, Хуанхэнің үлкен ирек иінінен басталған жол Алтайдың шығыс және теріскей сілемдерін, Қазақстан мен Каратеңіз өңірінің ұлан далаларын кесіп өтіп, гректер мен этрустар жеріне дейін жетеді екен[14.697].

         Геродоттың сипаттауына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына, сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі жоғары Ертіс алқабын мекендейтін Алтайдағы агриппилер еліне жеткен, содан шығандап Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған[65.197].

Осынау жолдың ұзыннан-ұзақ бір бөлегі Қазақстанды кесіп көктей етеді. Кытай жібегі мен Иран кілемдері осы жолмен сақтарға келіп жетеді, олардың жұрнақтары Алтайдағы Пазырық обаларын   қазған кезде табылды [55.97].

Сақтар қоғамы қалай ұйымдастырылган еді – деген сауал осы кезге дейін ғалымдар таласын тудырумен келеді. Жазба деректерде өздерінің дәулетіне, шұғылданатын іс-әрекетіне, рөліне қарай сақтар қоғамына адамдардың қандай тобы кіргені туралы мәліметтер сирек кездеседі. Тек рим тарихшысы Квинт Курций Руф қана сақтарда тәңір егіншілерге – соқа мен қамыт, жауынгерге – сүңгі мен оқ, абызға – табақ сияқты сиқырлы сыйлықтар берген деген аңызды кайталап айтады.

Осыған сүйеніп, сақ қоғамында  халықтың үш тобы болған деп болжам жасай аламыз: олар — жауынгерлер (жауынгердің ежелгі үндіирандық  аты «арбада түрған», «ратайштар»); абыздар жігі — олар-дың танымал белгісі құрбан табақ пен айрықша бас киім болған; кауымшыл сақтар, «сегіз аяқтар» жігі яғни соқаға жегетін екі егізі барлар жігі. Аты аталған осы жіктердің орқайсысының өзінс тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлері — қызыл және сары-қызыл, абыздарға-ақ, қауымшылдарға — сары мен көк түстер таңдалып беріледі[65.767].

        Көсемдер мен патшапардың тұлғаларына айрықша тоқталып кету керек. Бөрінен де бұрын сақ тайпаларының көсемдері әскериліктердің өкілдері болған. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Жауынгерлер мен патшалардың белгісі жебелі садақ екен.Патша садағын баласына әрі мүрагеріне тапсырып отырған, сол іспеттес де жауынгерлер мен патшалар зиратына садақ пен жебелерді қойған. Садақты мейлінше шебер ату патшаларға тән құдырет болған. Мереке-мейрам атаулының бәрінде де садақ атып, нысанаға дәл тигізе білуде сынап көру тегіннен тегін өткізілмеген, дәстүр бойынша садақшылардың ең мергені әлгідей мейрам ел-жұртты билеу құқын алғаннымен бірге патша көктемгі жер жырту басталарда бірінші борозданы тартқан, дәстүр бойынша ол әрі қойшының тәрбиеші үстазы саналған, бұл оның халықпен тығыз байланысын керсетіп отырған. Патша жауынгерлер жігіне жатуының үстіне ол тағы құдайлардың қалаулысы, кек пен жер арасының дәнекері, дүниенің кіндігі, жердегі бақ-дәулет кезі болған. Халық дәулеті оның дене күші мен рухани қуат-жігеріне байланысты болған. Ол халықтың барша жіктерінің бейнесі деп танылған [65.567].

       Археологиялық материалдар сақ қоғамының жіктерге немесе топтарға бөлінгенін дәлелдеп беруде. Бұл ең әуелі өлік қойылатын обалар көлемдерінің айырмашылығынан байқалады. Бесшатыр қорымын қарағанда, орасан зор обалардың – көсемдердікі, орташа обалардың – жауындгерлердікі, уақ обалардың – қауымның қатардағы мүшелерінікі екендігі бірден анық көрінеді. Ұйғарақ қорымынын, дәп ортасында көсемдер мен текті жауынгерлердің ішінде садақ, жебе, айбалта, күрзі сияқты қару-жарақ түрлері толығынан койылған аумақты обалар бар. Ал оның шығыс бөлігінде абыз әйелдердің, ішіне тас-құрбандық жозалары, айналар мен қына кесектері қоса қойылған обалары бар, батыс бөлігінде – қауымның қатардағы мүшелерінің қарапайым молалары томпайып жатыр. Есік обасынан табылған сақ жазуынын олжасымен бірге бұл жәйт сақтарда ертедегі таптық қоғам, бәлкім, мемлекеттің де болғанының куәсі секілді болып көрінеді.

        Ал сақ тайпаларының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы жайлы нақты мәлімет беретін Қазақстанның Алтайындағы - Берел қорымы б. з. б. І мыңжылдықтың ортасында және екінші жартысында орын алған мәдени-тарихи процестері қалпына келтіруде көшпелілер ақсүйегінің жерленімдеріндегі аса көркем бұйымдар  скиф-сібір аңдық мәнеріндегі ежелгі көшпелілер өнеріне тән ерекше мәнерде жасалған дүниежүзіне мәшһүр Берелдік қорғандардың материалдары елден ерекше.

       Микроауданның табиғи ауа райлық ерекшеліктеріне орай ірі блоктардан тұрғызылған кейбір қорғандардың астында тоңазу линзасын құрайтын белгілі бір жағдайлар жасалған, сондықтан жерлеу камераларында көшпелі сақ ақсүйектеріне о дүниеде серік болуға тиісті заттар-киімдер, ат, ат әбзелдері мен ағаш бұйымдар, ертоқым мен маталар, ағаш ыдыстар мен тері және киізден жасалған бұйымдар едәуір жақсы сақталған. Бұндай ескерткіштердің бірегей ерекшеліктері осында.

       Қазақстанның қиыр шығысындағы Өр Алтай елі аузында жыр болып жырланған, ән болып шырқалған жер жаннаты. Қатон- Қарағай осы асқақ Алтайдың алтын алқасы іспетті. Бұл аймақ ежелден барша түркі жұртының кіндік отаны, ақ жайлау ата -қонысы болғаны да аян. Түгін тартсаң майы шыққан, ағашынан бал тамған қазақтың қасиетті мекені. Орманы нулы, өзені шулы, бұлағы шипалы, ауасы дауалы киелі де әсем жерұйық. Сонымен бірге, Қатон- Қарағай археолог-ғалымдарды табындырған көне тарихтың көзі болып отыр. Кешенді ғылыми зерттеулер жүргізілген Берел обалары әсем таулы жазықтықта, үшінші террасада орналасқан. Бұқтырма жазығының шекарасы Бұқтырма өзеніне құятын Ақ Берел (Ақбұлқақ), Бұланты (Сохатушка немесе Хансу) атты таулы өзендерінің аралығы. Ал шығыстан және батыс шекарасы Бітеу, Кемпіртау тауларымен аяқталып, таулар аралас орман (қайың, қарағай, самырсын, және т. б.),  жайылымды өсімдіктермен көмкерілген. Жазықта қорғандар мен самырсын мен қайың өскенін байқауға болады.

Табиғат бұл өңірге құт дарытып, оны жер асты байлықтарымен, сарқылмас су көздерімен, әр түрлі аң- жануарлармен, сан қилы өсімдіктермен жарылқаған. Бұның бәрі адамдарға ежелден белгілі еді. Сонау есте жоқ ескі замандардың өзінде адамдар жыл бойы жайылымға жарамды топырағы құнарлы жазық жерлерге қоныс теуіп, аулайтын аңға бай ормандарды игеріп, байлығы тайдай тулаған өзендер мен көлдерді жағалай орналасып, тау қойнауларынан мыс пен қалайыға және алтын мен күміске бай кен орындарын таба білген[55.767].

Осылайша, Еуразия құрлығындағы мәдени диффузиялар түйіскен тұста  орналасқан адамдар тіршілігіне  ерекше қолайлы бұл өңірдің табиғи- ландшафттық кешенінің жер асты байлықпен үйлескен өте ыңғайлы  географиялық жағдайы мыңдаған жылдардың тоқтаусыз тізбегінде жалпы адамзаттық тарихты айтарлықтай байытқан бірегей мәдени құндылықтар жүйесін жасауға игі септігін тигізді.

Теңіз деңгейінен 1120 м. биіктікте  “Алтай кереметі” деп аталып кеткен тоң басқан обаларға қазіргі таңда зерттеу жұмыстарын З. С. Самашев басқарған археологтар тобы жүргізіп келеді.

Қазіргі замандағы ғылымда  осындай “мәңгілік тоңдаған”  обалардан алынған органикалық  материалдар мен адам және жылқы  мүрдесінің қалдықтарын молекулярлық биология, генетика, медицина, антропология, палеозоология және тағы басқа жаратылыстану ғылымдарының ең жаңа жетістіктері арқылы аса жоғары ғылыми деңгейде зерттеп білудің мүмкіндігі бар. Қазақстанда осы тектес ескерткіштерді ашып, кешенді түрде зерттеу жүргізілудің қай жағынан болмасын, мығымдылығы мол, сонымен бірге ол аса маңызды ғылыми әрі практикалық мәнге ие. Себебі, бұл арқылы ең алдымен Еуразиядағы іргелі де ұзақ тарихқа ие қазақ ұлтының этногенезін, нақтылап айтқанда, қазақ жеріндегі ежелгі тайпалардың генетикалық кодының кейінгі ұрпақтарына ауысуы мен өзгеріске ұшырауы проблемасын жан- жақтылы зерттеп анықтауға болады. Бұдан сырт, осы заманғы ғылымда археологиялық ескерткіштерді сақтаудың, қалпына келтірудің және зерттеп танудың жаңа әдіс-тәсілдерді жарыққа шығып отыр. Бұл да бұрын белгілі және белгісіз болып келген тарихи- мәдени мұрағаттарды жаңа қырынан зерттеп-зерделеп, қазақ мәдениетінің түп төркінін және қалыптасу кезеңдерін одан әрі тереңдей айқындап білудің көкжиегін кеңейте түсер еді.

Міне, осындай ғылыми ынтаның әсерімен ҚФАЭ өзінің 1996-1997 жылдары барлап-тексеру жұмыстарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының Ресей, Қытай және Моңғолия елі шекараларының түйісер тұсында орналасқан Қатон-Қарағай ауданына қарасты Берел қорымындағы “патша обаларына” қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Берел қорымында көлемі жағынан екінші орындағы қорған, №11 тоң қабатын сақтаған. Қазіргі уақытта белгілі микроаймақтың тас үйіндісінің көлемі мен тастардың жату қалпына байланысты тоңның әр түрлі жыныстарын сақтау және қалыптастыру мүмкіндігі бар[55.767]. Берел кезеңінде б. з. б V- IV ғасырларда атпен жерлеу рәсімі ерте көшпенділердің философиялық түсінігін береді. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде тонаушылар көбінесе қалың тас қабаты мен мола шұңқырындағы тастардың көбін айналып өтіп, жерлеу камерасына бүйірден жол салып, шұңқыр ортасындағы адам жатқан тағанды тонап, бізге адамның толықтай сүйектерін, заттарын табуға мүмкіндік бермеді. Есесіне адам мен жерленген ат мүрделері сол күйінде жетіп отыр. Ат адамның және оны жерлегендердің аса бір сүйкімді жануарлары болғандықтан, өте бір жан тебіренерлік ұқыптылықпен қойылған.Әдемі сындырылып тегістелген тастардан атқа табыт жасалып, жан- жағын және үстін сондай жалпақ тастармен қымтап  жауып, атты мүлдем бекітіп тастаған. Арулап көмілген ат салтанатты әбзелдерімен ауыздықталған, жүгенделген, айылданған күйінде екен.

Ерте көшпелілер өз көсемін  жерлеу үшін Қазақ Алтайының осы  бір табиғаты тамаша әсем жерін кездейсоқ  таңдамаған. Қорғандар орналасқан аңғар, әдетте, төңірегінен едәуір биіктеу, жан жағы жасыл желекке толы таулармен көмкерілген жерде болады[55.767].

Көне адамдардың мифологиялық түсінігі бойынша таулар ерекше мағына арқалаған, себебі, олардың шыңын  құдайлар мекендеген, әрі қайтқан  адамдардың жаны жоғарғы һәм төменгі  әлемдерді байланыстыратын жерде орналасуының астары терең нышанның белгісі. Аңғар мен жерленім құрылысы- қорған храмның рөлін атқарған.

Берел даласының көне тұрғындары өз әміршілеріне қайтыс болғандардың денелерінің ұзақ уақыт бүлінбей сақталуына мүмкіндік беретін керемет қабірлер салған. Олар бальзамдау құпиясын білген, ал олардың тас құралымдарынан құрылыс салу тәжірибесі жерлеу камераларында маусымдық тоң линзасының қалыптасу мүмкіндігін қаперде ұстаған. Сірә, осы мақсатқа жету үшін жерлеу рәсіміне қатысты іс-шаралардың бәрі марқұмды тек белгілі бір кезеңде жылдың белгілі бір уақытында ғана о дүниеге шығарып салуға рұқсат беретін қатаң жүйеге бағындырылған болуы керек[55.767].

Ең үлкен  №11 қорғанда патшалық құрған ер адам мен әйел жерленіпті. Оларды жуан бал   қарағайдың   діңінен   шабылған   және   қиманың   ішіне жайғастырылып, науа табытқа жатқызылған. Қиманың солтүстік қабырғасының сыртында 13 жылқы қойылған. Колода бал қарағай діңінің бөлігінен ойылған қақпақпен жабылған, оның үсті мұқият өңделіп, тегістелген және оған ерекше мықтылық беретін арнайы құрам сіңдірілген. Колода қақпағының шет шетіне төрт қола, алтынмен апталған фантастикалық құстардың мүсіні- бүркіттік грифондар орнатылған және олар әртүрлі бейнеленген: ұшайын дегенінде, қонғалы жатқанда т. б.

Қиманың төбесі бір біріне нық қатарластыра қойылған жартылай қырлы бөренелермен жабылған, оның үстіне ішкі жағы курил шайы тал- шілігінің бұтақшалары және талдарымен әдіптелген қайың қабығының қатпарлы төсемі төселген.

Ресей, Швейцария және АҚШтағы лабораторияларда Берел моласының №11 қорғанының құралымынан алынған ағаштың алдын ала жасалған дендрохронологиялық сараптама нәтижесінде жерленім құралымын салуға пайдаланған ағаштың әр жылдары (арасына 21 жылдан салып) кесілгенін анықтай алдық. Бұл айғақты (басқа құрылыстардан артылған) дайындылардың бірнеше мәрте пайдаланылғанымен немесе құрғатылған ағаштарды пайдаланумен түсіндіруге болады. Ағаш кесіп дайындау әртүрлі жерлерде әрнеше жылдарда жүргізілгені анықталды. Мысалы, колода дайындалған бал қарағай, қима мен көр үстін көлденең жапқан ағаштар алынған жерден басқа бір жерде кесіліп даярланған.

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу