Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Скачать документ)

         Шілікті патша обалары және сақ проблемасының кейбір түйінді мәселелері

 

Төлеубаев Әбдеш Тәшкенұлы,

                                                               Ә.Х.Марғұлан атындаға     археология                          институты

 

          Шілікті жазығы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданынның аумағында орналасқан. Ұзыны 75-80км, ені 25-30 км  болатын Шілікті жазығын оңтүстігі мен батысында Тарбағатай тауы, шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстігінде Маңырақ таулары қоршап жатыр. Қысы қары жұқа түсетін жылы, жазы шыбынсыз салқын болып келетін бұл өнір Зайсаң-Тарбағатай аймағындағы бір ерекше оазис өлке. Ортағасырлық аңыз бойынша Асанқайғы  Сауыр тауының басына шығып тұрып: «Мына даланың үш есігі бар екен, әттегенай, төртінші есігі болғанда жердің жаннаты болғандай екен»- деген екен. Малға да, адамға да аса жайлы осы өңірді әлімсақтан бастап адамдар ұзақ мекендеп, тығыз қоныстанғанға ұқсайды. Оған тау аңғарларындағы қола дәуірінің қоныстары мен қоршаулары, жазықта ерте темір дәуірінің оба, обашықтарының көптеп кездесуі дәлел бола алады.  Шілікті даласында көне мәдениеттің аса бір өркендеген уақыты б.з.д. Ι-мың- жылдыққа сәйкес келеді. Бұл кезде Шілікті даласын сақ тайпалары мекендеген. Шілікті даласында сақ-үйсін дәуірінің екі жүзден астам ескерткіштері бар. Олардың елу шақтысы патша және ақсүйек обалары.

Бұл ескерткіштерді 1909-1910 жылдары бірінші зерттеген семейлік гидротехник Г.Н.Бокий еді, ал  өткен ғасырдың 40-шы жылдарының аяғынан 70- жылдарға дейін әркез профессор  С.С.Черников қазды.

2003 жылдан бастап бұл өңірді Ә.Х.Марғұлан атындаға     археология                          институтының бөлім меңгерушісі Төлеубаев Әбдеш Тәшкенұлы басқарған топ  зерттей бастады.Алғашында бұл ғылыми жоба, 2004 жылдан бастап мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында іске асты. Үш үлкен және бірнеше кіші обалар қазылып зерттелді. Нәтижесінде сақтың ең көне «алтын адамы» ашылды, осы өңірде ондаған жаңа ескерткіштер анықталды, алғаш рет бұл аймақта үйсін мәдениеті жәдігерлері ашылды, Шілікті даласындағы ең көне сақ ескерткіштерінің мерзімі дәлірек анықталды.

3-Шілікті обалар тобы  Жалши ауылының оңтүстік жағында  орналасқан, оңтүстіктен солтүстікке  қарай тізбектеліп жатыр. Барлығы  17 обадан тұрады.

№1 оба осы топтың ең оңтүстік шегінде орналасқан, қауымдық – туыстық ескерткіштер тобының ең оңтүстік шегінде тұр. Сонымен қатар көлемінің аса үлкендігі бұл обаны басқа ескерткіштерден ерекшелендіріп тұр. Оның биіктігі 7,9м, диаметрі оңтүстіктен солтүстікке қарай 99, шығыстан батысқа қарай 97,4 м.

Оба үш қабаттан тұрады. Ең жоғарғы қабаты топырыақ, шым және құм араласқан қиыршық тастан тұрады. Екінші қабаты үйілген тас оба. Осы тас обаның астында жуан самырсын қарағайларынан қималанып салынған қабір- хана бар. Онда бір адам жерленген.

          Сыртқы топырақ қабатты алу барысында оның астында тас оба бар екендігі анықталды.. Тас оба таудың жақпар және өзеннің малта тастарынан үйілген. Биіктігі 4,9, диаметрі 18 м. Тас оба жалпы  обаның батыс жағына қарай ойысып орналасқан. Обаның төбесінің батыс бөлігіндегі ірі тастар алынып тасталған, бұл кезіндегі тонаушылардың ұрлыққа түскен ізі болып шықты.

           Тас обаның шығыс жақ төбесіне  биіктігі 1 метрге жуық сырық орнатылған. Сырықтың түбінде таутекенің  басы мен мүйізі жатыр, одан  сәл әріректе керамикалық жайпақ  ыдыстың қалдығы тұр. Ыдыстың ішінде толы күйген сүйек. Оның маңайында және тас обаның үстінде шашылған ұсақ малдың сүйегі көп кездеседі, арасында жылқы сүйектері  де бар. Тегінде тас обаны үйіп  алғаннан кейін өлген адамның асын берген. Ас біткен соң құрбандыққа шалынғын малдың сүйегін обаның үстіне шашып тастаған. Бізге жеткен қалдығының ұзындығы 1 метрге жуық, жуандығы білектей сырық қаралы тудың белгісі сияқты. Ол кейіннен үйілген топырақ обаның тура топографиялық орталық нүктесінде орналасқан екен.Дәл осындай қабірдің шығыс жақ басына орналастырылған сырықтың қалдығы №2 обадан да анықталды.

           Тас обаның тастарын біртіндеп  аршу барысында астынан ағаш  қабір- хана шықты. Қабірхананың  биіктігі 3м 50см, керегелері жуан  екі қатар самырсын бөренелерден  қималанып салынған. Бөренелер бір-біріне қиылысқан тұсында ойылып тығыз жымдастырылмаған. Сондықтан олардың арасындағы қуыстар таспен толтырылған. Қабірхана ұзына бойымен шығыстан батысқа қарай орналасқан. Ғимараттың шығыс жақ беті пирамидаға ұқсатып салынған. Сақтардағы шығысқа мінәжат ету салты бойынша ғимараттың шығыс жақ бетіне осындай салтанатты пішін берген сияқты.

           Қабірхананың шығыс жағынан үлкен  және кіші – екі жер асты  дәліздері (дромос) ашылды. Қабірханаға  апаратын үлкен жер асты дәлізінің ұзындығы 15,65 м, ені 2,5-3м, тереңдігі - 0,9–1м. Оның төбесі көлденең салынған  бөренелермен жабылған. Үлкен дәліздің  орта шенінің 5,5 метрдей тұсы түгелімен ірі тастармен шегенделіп тасталынған. Дромосқа кіретін есіктің болмауы, о бастан жерасты дәлізінің ірі тастармен шегенделіп тасталуы, бұл құрылыстың таза ғұрыптық қана мәні болғанын көрсетеді.

Үлкен жер асты дәлізіне тура жанынан кіші дромос салынған екен. Ол үлкен дромоспен қабірхананың аузына жақындаған жерде қосылады. Үлкен дромос пен кіші дромостың қосылар жерін ұсақ тастармен уақытша қалап тастаған. Кіші дромостың ені 0,8 , тереңдігі 1,4 м. Бұл жер асты  дәлізін адамдар әр кез қабірханаға  кіру үшін пайдаланған. Кіші дромостың ішінен асық, ірі қара малдың жіліншік сүйектері табылды. Дромостан қабірханаға кіретін есіктің ені 1,2, биіктігі 1 м.

                  3-Шілікті қорымындағы Бәйгетөбе  обасының ірі және өте күрделі  архитектуралық құрылысының әлеуметтік-мәдени  және табиғи-қорықтық мағнасы  бар. Ескерткіштің көлемі әдетте  адамның қоғамдағы алатын орнына сәйкес болады. Сонымен қатар осындай зәулім ғимаратта жалғыз ақ адамның жерленуі оның ерекше әлеуметтік мәртебесін көрсетсе керек. Қорғандар тобында обаның ерекше орынға орналасуының өзі де онда жерленген адамның басқа жұрттан ерекше артықшылығын көрсетеді. Өлген адамды сап алтынмен апталған киімге бөлеп қоюдың өзі оның елбасылық құрметін көрсетсе керек. Қабірхананы тура жердің бетіне салып, ел қастерлеген адамды жер астына  салмаудың өзі ерте көшпелі мемлекеттің бір кездегі идеологиялық ұстаным-жарғысымен байланысты болуы мүмкін.

           Оба заманның заманында тоналып  кеткен. Тонаушылардың іздері обаның  ең жоғарғы қабаттарынан көріне  бастаған. Дәл төбесінен 5 метрдей  құдық қазып, ағаш қабірханаға  жеткен ұрылар оның төбесіндегі  бөренені ойып түскен.

Ашар алдында қабірхананың іші топыраққа толы болды. Топырақ  оған ұрылар төбесінен қазған ұра  арқылы түскен. Алтын заттар және адам сүйектері негізінен алғанда  ғимараттың шығыс бөлігінен, қалыңдығы 1,8м топырақ қабаттарының арасынан табылды. Адам сүйектер толығымен шықты және бұлардың бәрі де бір адамның сүйегі. Қабірхананың ішінен екі бөлінген сынтас шықты. Бұл ұзындығы 2,8 м. сырты жақсы өңделген төрт  қырлы сұр тас.Қабірхананың солтүстік шығыс бұрышынан бір белгісіз ағаш заттың бөлікше-тақтайшалары табылды. Тақтайшалардың бірнешеуінде майлы бояумен салынған суреттер кездеседі. Екі тақтайшада бұғының, еліктің суреттері бар.

Алтын әшекей заттар қабірхананың шығыс бөлігінде, мөлшермен 12 кв.м. аумақта 1,8 м қалыңдықтағы топырақтың әр қабатынан  шықты.

3-Шілікті қорымының  №1- обасынан барлығы 4303 дана алтын  заттар табылды. Оның 153 данасы  мәліннің маскасы бейнесінде, 36 данасы  бүркіт-самұрұқ бейнесі, 20 данасы  бұғылар, 39 данасы қасқыр (аю) түрінде,  бір түйме-қаптырма бесжұлдыз,  бір қаптырма арқар бейнесінде. 

          Арқар түріндегі қаптырма. Бұл  әшекей түрі жалғыз ақ. Құйылған  сап алтын. Табылған заттардың  ішіндегі ең ірісі де, салмақтысы  да. Бұл киімге тағылатын қаптырма-әшекей. Оның арт жағында үлкен екі  ілгегі бар. Арқардың көзі, құлағы, тұмсығы, аузы, тұяқтарына көкшіл ақық тас орнатылған. Кеудесінің аса салбырамай, мүйізі жарты айланып біткеніне және бұдырларының аса томпақ болмағанына қарағанда бұнда жас құлжа бейнеленген. Мойнының, алдынғы екі қолының, санының, жағының бұлшық еттері теуіп тұр. Тұяқтары тігінен қадалған. Бірдеңеден секем алып, ытқып кетуге дайындалып тұрған жануардың түрі. Өте әдемі скульптура, дене арасалмағы (пропорция) жақсы сақталған.

Сақ-скиф өнерінде арқар  жиі кездеседі. Ол бізге Алтайдағы  Пазырық обасынан(1), Минусин ойпатындағы тағар мәдениеті заттарынан(2), , Солтүстік және Орталық Қазақстан ескерткіштерінен(3), Тува жеріндегі Аржан обасынан, т.б.  (4)белгілі.

Бесжұлдыз түріндегі әшекей қаптырма да бір ақ дана. Алтыннан жасалған дөңгелек тінге бес жұлдыз орнатылған. Бесжұлдыздың жан-жағы және ортасы сүйек пен мүйізден, жұлдызшалары лазуриттен (минералды көк тас). Жұлдызшаның шеттері мен дөңгелек тіннің айналасына алтын жіпсе салынған. Бесжүлдызы бар дөңгелек түймешенің артқы жағының ортасында түймелік бар.Біздіңше сақ-скиф ескерткіштерінің бірнешеуінен ақ бесжұлдыз белгілі. Оның бірі Ольвиядан (5) табылған сырғаның ортасындағы, екіншісі Симферополь түбіндегі (6), үшіншісі таштық кезеңінің Уйбат қорымынан (7) табылған бесжұлдыз. Дегенмен бұл бесжұлдыздар өзінің жасалған материаллының қымбаттығы, әшекейдің әдемілігі жағынан Шіліктінікіне жетпейді.

Мәлін бейнесіндегі қаптырма- түйме. Бұндай әшекей 153 дана. Бұл өзінің композициясы жағынан өте күрді әшекей. Бұл  затта үш тұрық, үш мағна бар. Әшекей алыстан қарағанда мәлін (мысық) тектес жыртқыштың бет бейнесін елестетеді. Сондықтан біз бұл әшекейді шартты түрде «мәлін бейнелі  әшекей» деп атадық. Ал енді әшекейге жақыннан үңіліп қараса оның бір біріне тұмсығын түйістіріп, беті мен мүйізі анық көрініп тұрған екі таутекенің бейнесінен құралғандығын байқауға болады. Таутекелердің көзіне, тұмсығына, аузы мен құлағына көк ақық тас (бирюза) орнатылған. Таутекелердің мойны мен бетінің бұлшық еттері тұра сыртқа теуып тұр, жануарларда бір ішкі күйзеліс, шиыршық ату белгісі бар. Сондықтан да олардың көздері өте үлкейіп, дөңгеленіп, шарасынан шығып, танаулары желбіршектеніп кеткен. Бір ішкі арпаластың, экспрессияның белгісі бар. Таутекелердің мүйіздеріндегі белдеулер өте анық, олар әр мүйізде жетеуден. Ал енді осы құйма алтыннан жасалған әшекей затты бір қырынан қарасаңыз тура қалыптан ұшып келе жатқан алып бүркітті (құсты) елестетеді. Бүркіттің басы, көзі, тұмсығы анық бейнеленген. Таутекелердің бұлшық еттері тарам-тарам болған мойындары бұл әшекейді қырынан қарағанда құстың қанатына айналады. Бүркіттің қанаттары жайылған, басы мен топшысының арасы- желкесі томпайып біткен, асқан қайраттылықты танытып тұр.

Әшекейдің арт жағында үш түймелік бар. Екеуі таутекелердің басының  тұсында да, ал үшіншісі құстың кеуде  тұсында. Осы үш түймелік арқылы әшекей өзінің тағылған қалпын өзгертпейді. Бұл әшекей сақ-скиф өнер бұйымдарында бұрын соңды кездеспеген.

Бұғылар деп аталатын әшекейлер. Саны 20. Құйма әшекей. Әшекейдің  тінін екі бұғының мойны, басы және мүйіздері құрайды. Екі бұғы мойнынан бір-бірімен жымдасып кеткен, бастары екі жаққа қарап түр, бірақ тағы да өзара жымдасып қрсылып кеткен мүйіздері бір композиция құрап тұр, бейне бір мәуелі талдың бұтақтары сияқты. Бұғылардың аузы, мұрны, құлағы көк ақық таспен безенділген. Екі бұғының денесінің түйіскен жерінде ұрғашылық белгісіне ұқсас ойық бар. Оған да бирюзадан көз орнатқан. Әрбір бұғының мүйізі төрт саладан тұрады. Мойындарын көтеріп, тұмсықтарын аспанға шаншылта, құлақтарын қаға тұрғанына бұғылар бірдеңеден қиналып, бірдеңеге құлақ түріп, тосып тұрғанға ұқсайды. Оныңғ үстіне жануарлардың дене бұлшық еттері сыртқа теуіп, сіресіп тұр. Меніңше бұл әшекейде сақтардың туу, өсіп-өнумен байланысты дүниетанымы бейнеленген. Бұғылардың денесінің түйіскен жеріндегі ойық ұрпақ тарайтын мүше, қосылған мүйіздер- мәуелі өмір бәйтерегі. Жалпы сюжет туу және өсіп-өну идеясын марапаттайды. Әшекейдің артқы жағында үш түймелігі бар. Бұған ұқсас екі бұғының мүйіз түйістіріп тұрған бейнесіндегі алтын әшекей кезінде Жетісудан табылған Жалаулы көмбесінің ішінде бар. Осы уақытқа дейін жалаулы көмбесінің көп заттарының мезгілі белгісіз болып келген. Енді біз жалаулы көмбесіндегі алтын бұғылардың мөлшерлі заманын анықтай аламыз.

Бүркіт түріндегі әшекей-қаптарма. 36 дана табылды. Құйма сап алтын. Қанатын жайып-қомдап, мойнын ішіне  алған бүркітті елестетеді. Тұмсығының үсті дөнестеу. Көздері дөңгелек, үлкен. Денесінің үстіңгі жағы және қанаты мөлшермен жалпы ұқсастырып ғана бейнеленген, ол томпайып келіп, сүйірленіп бітеді. Жыртқыш құстың денесінің төменгі жағы, аяғы, құйрығы да нобайлап ғана берілген. Құстың аяғы мен тырнақтары да жай нобаймен берілген, оның ұшы дөңгеленіп біткен. Зер сала қараған кісіге құстың аяғын шағып жатқан жыланның басын, денесін тануға болады. Жыланның иірілген денесі бір жағынан құстың бауыр жақ бөлігін де құрап тұр.

Сонымен, бұл әшекейде жылан шаққан жаралы жыртқыш құстың өлер алдындағы қанатын сабалап, өмір үшін күрескен сәті бейнеленетін сияқты. Құстың бір қанаты көтерілген, басы жылан шаққан аяғына қарай қарманған, құйрығы түсіп кеткен, жаралы аяғын денесіне қарай жиыруға әрекеттенеді. Бұл сюжеттен сақтардың көк тағысы бүркіт пен жер ұлысы жыланның арасындағы күресті көреміз.

Бұндай бүркіт бейнесіндегі 9 әшекей 1960-жылдардағы Шіліктідегі  С.С. Черниковтің қазбаларынан да шыққан (8). Бірақ олар біздікі сияқты құйма  алтыннан емес, алтын қаңылтырдан қалыпқа салып бастыру арқылы жасалған еді. Қалыптар болғандықтан ол әшекейлердің сақталуы нашарлау. Оның үстіне Черниковтің бүркітінде жылан бейнесі анық көрінбейді, оның орнында әншейін ойық ғана қалған. Бұрын табылған бүркіттің де көзіне ақық тас орнатылған, бірақ оның артына түймеліктері жоқ. Оны киімге тесік жерінен қадай салған. Оның үстіне егер біздің бүркіттер мойнын тек оң жаққа бұрып жатса, бұрынғы табылған бүркіттердің жартысының мойны оң, жартысыныкі сол жаққа бұрылып жатыр. Қазақстанның басқа аумағынан бұндай әшекейлер кездеспейді. Тарбағатайдан тыс жерде осыған ұқсастау бүркіт бейнелері Сібірдегі Минусин ойпатында табылған. Кейнгісін А.В.Сбруева б.з.д.Ү1 ғасырмен мезгілдеген (9). Сақ-скиф дүниесіндегі бізге белгілі бүркіт-грифон бейнелі әшекейлерді салыстыра келіп мынадай қорытынды жасауға болады. Сақ–скиф мәдени–этникалық бірлестіктерден белгілі әшекейлердің ішінде (Зивие, Темир–Гора, Мельгунов, Түяқты–1, қорымдары. т.б.). 3-Шілікті қорымының №1 обасынан табылған бүркіт бейнесі ең көне, ең әдемі және өнер туындысы ретіндегі ең бағалысы.

Қасқыр (қонжық) түріндегі  әшекейлердің 39 данасы табылды. Сол  техника, құйып жасалған. Бұл әшекейде жыртқыш хайуанаттың шақалақ  баласы бейнеленген. Көне заман зергері  бұл бейнені жасап жатып нені ойлады екен, белгісіз?! Бір детальдарына қарасаң, әсіресе басы, тұмсығы, әшекей жаңа ғана туған қасқырдың күшігіне ұқсайды. Ал енді жалпы денесінің бітімі, табаны, құйрығы аюдың қонжығына ұқсайды. Жалпы сақ-скифтердің бейнелеу өнерінде қасқыр мен аюдың бейнесін бір-біріне ұқсатып жасау, кейде осы екі жыртқыштың қасиеттерін ұштастыру кездесетін жағдай. Біз көбірек қасқырға ұқсаттық. Әшекейде бейнеленген хайуанаттың басы жерге еңкейіп, алдыңғы аяғына тиіп тұр, көзі үлкен, дөңгелек, құлағы жымырықтау, жағы сом, қарысып тұр. Жыртқыштың басы мен мойны бүкіл денесінің үштен бірін құрап тұр. Қол етінің бұлшық еттері бұртиып шығып тұр, алапат күштің белгісі. Құйрығы қысқа ғана. Табаны үлкен, тырнақтары ірі. Әшекейдің арт жағында екі түймелігі бар. Бұл затқа тура ұқсас әшекей бұрын соңды табылмаған.

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу