Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАГИСТРАТУРАСЫ
Археология және этнология кафедрасы
Магистрлік диссертация
АНТИКАЛЫҚ, ПАРСЫ, ҚЫТЫЙ ЖАЗБАЛАРЫ, ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША САҚТАРДЫҢ ОРНАЛАСУЫ ЖӘНЕ ЭТНОМӘДЕНИ- САЯСИ ТАРИХЫ
Орындаушы:
(қолы, күні) ____________________ Е.М. Бакабаев
Ғылыми жетекші:
т.ғ.д., профессор
(қолы, күні) _____________________ Ә.Т. Төлеубаев
Қорғауға жіберілді:
археология және
этнология
кафедрасының
меңгерушісі
т.ғ.д., профессор
(қолы, күні) _____________________ Т.Ә. Төлебаев
АЛМАТЫ 2008
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе.......................
І. Сақ тайпалары
жазба деректерде..............
1. 1. Сақ тайпалары антикалық
деректерде....................
1. 2. Сақ тайпалары парсы деректерде....................
1. 3. Сақ тайпалары қытай
деректерде....................
ІІ. Сақтардың
материалдық мәдениет ескерткіштері.................
2. 1. Алтай сақ тайпалары археологиялық деректер негізінде.............54-64
2. 2. Жетісу сақ тайпалары
2. 3. Оңтүстік Қазақстанда мекен еткен сақ тайпаларының
қорғандары археологиялық
ІІІ. Сақ тайпаларының орналасу ерекшеліктері және
рухани мәдениеті мен
салт- дәстүрі.......................
3. 1. Сақ тайпаларының орналасу
ерекшеліктері.................
3. 2. Сақ тайпаларының рухани мәдениеті мен
салт- дәстүрі жазба деректер негізінде.....................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі........................
Қосысша сызба- суреттер мен фотосуреттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Халқымыздың өткенін зерттеген қаншама тарихшы-оқымыстылар «қазақ» деген этностық атау – екіншіден біздің халыққа осы заманның ХІV-ХV ғасырларынан берілген деген пікірде болды. Сондықтан да халқымыздың бұдан 2600 жыл бұрын «қазақ» болып аталып, тарих бетіне таспен қашалып жазалуының дәл айқындалу дерегі - этностық атымызға қатынасты дәйектеліп, қалыптасқан бұрынғы ғылыми тұжырымдардың нақты емес екендігін дәлелдеген маңызы зор, асқан жаңалықты ғылыми құжат болып табылады. Олай ету қазір егеменді ел болғанда, өткендегі мәдени мұраларымызды түгендеп, соларды еске түсіріп, қалыпқа келтіріп жатқан кезде, бүгінгі және келешек ұрпақтардың жадына тағы бір қайталап жеткізіп қою үшін аса қажет. Иә, байырғы қазақтың өзі, оның этностық атауы жайлы қай оқымысты, қай ғалым бұған дейін не түйін жасап келсе де, қандай тұжырымда болса да оның ақиқатын адамзаттың ежелгі халықгары мен олардың ұлы даналары бағы замандардан-ақ әрқайсысы өздерінше айтып қойған. Ұрпақгар соларды да білсін! Біздің бастапқы тұпқиян ата-бабаларымызбен уақыттас өмір сүрген қадым заман (б.з.д. 5-4 мыңжылдықғарда) шумерлерінің соңғыларымен ілесе тарих аренасына шығып, дәуірлеген ассириялықгар ең бастапқы прототектестерімізді (а)з-ки-г (а)- аскюза, асгуза, деп атаса керек. Ал, көне - гректер сол замандарда ең соңғы шумерлерден және семиттерден, аккадтардан үйреніп, сол дәуірлердің бастапқы түріктерін (бәлкім, оғыз-қарлұқ-қыпшақ сақтарды - Ә.Ы.) скюз деп те, скифт деп те атапты. Бастапқы - протосемиттердің, солай атауын бағы латындар-латыйлар (этрустар) өз тіл заңдарына лайықтап ыңғайлап (транскрипсиалап): скиб - скибага айналдырған. Содан ол атау терминді бергі латындар: зкуі - сшт, ағылшындар зкут - скиф, деп атаған. Ежелгі қытайлар бастапқы тегімізді: - сэ (са), ал көне үнділер біздің бастапқы түпқиян бабаларымызды: пад(һад) - наг -сад-саг, көне арабтар - һуһа - хуза, хузагу, хазелах, славяндар (орыстар) - скиф деген. Ежелгі еврейлер «Книга пророка Иеремиінде» скифтерді - азкепаг - аскеназ атаған. Ал, өзіміздің көне түрік туғандарымыз біздің тегімізді - ізкі - иг - ішкі - юз, іс - одуг - іш – оғыз санаған. Көшпелі ел үшін ең қажеттісі - мал жайылып жүрер шексіз дала, сондықтан ол жайылым болуға жарар жерге қоныстануына кедергі тудырғанның бәрін жер бетінен жоқ қылуға бар. Бақтар, үйлер, тамаша ғимараттар мен өнер туындылары көшпелі халыққа түсініксіз, әрі керек емес те. Қолынан келсе, олар бар әлемді жайылымға айналдырып жібермек», - деп жазылған. Бұл сөздердің негізсіздігін дәлелдейтін деректер бар. Ортағасыр тарихынан көшпелі мен отырықшының, малшы мен диқаншының «мәңгілік күресін» емес, керісінше қарым-қатынасын байқауға болады. Көрнекті археолог, ежелгі Хорезмді зерттеуші С.П. Толстов өз еңбектерінде: «Қалалық өркениетті тек жер өңдеудің, отырықшылықтың нәтижесі деп санау үлкен қателік» деген түйін жасайды[5. 57-58]. Қалалар көшпелілер мен отырықшылардың шаруашылығын ұштастырып отырған, сондықтан да олар сол кезеңде өзінің даму шыңына жеткен деп санаған ғалым пікірінің дұрыстығын уақыт дәлелдеп отыр. XVIII ғасырдың алғашқы жартысында, Қазақстанның Ресейге қосылар кезеңінде ұшы-қиырына көз жетпес қазақ даласында бар-жоғы бірнеше қала болған. Сол заманғы саяхатшылар кең-байтақ жазық даланы «көшпелілер бесігі» деп ұққан. Бұл пікір ұзақ жылдар бойы сақталып келген. Мысалы, 1913 жылы жарыққа шыққан «Туркестанский край» кітабында: «Шын мәнінде, Орта Азияның (оның ішінде Қазакстанның да) тарихы - даланы мекен еткен көшпелілер мен тау етегіне, өзен бойына коныстанған отырықшылардың мыңдаған жылдар бойғы күрес тарихы. ¥шы-қиырсыз дала, кең жайылымды қажет ететін мал шаруашылығына тэуелділік пен басқа да өмір салты көшпелілерді ерте заманнан отырықшы халыққа дұшпан етті, еркін көшіп-қонуға кедергі болар кесірдің бэрін қирату сезімін тудырды. Көшпелі ел үшін ең қажеттісі - мал жайылып жүрер шексіз дала, сондықтан ол жайылым болуға жарар жерге қоныстануына кедергі тудырғанның бәрін жер бетінен жоқ қылуға бар. Бақтар, үйлер, тамаша ғимараттар мен өнер туындылары көшпелі халыққа түсініксіз, эрі керек емес те. Қолынан келсе, олар бар элемді жайылымға айналдырып жібермек», - деп жазылған. Бұл сөздердің негізсіздігін дэлелдейтін деректер бар. Ортағасыр тарихынан көшпелі мен отырықшының, малшы мен диқаншының «мәңгілік күресін» емес, керісінше қарым-қатынасын байқауға болады. Көрнекті археолог, ежелгі Хорезмді зерттеуші С.П. Толстов өз еңбектерінде: «Қалалық өркениетті тек жер өңдеудің, отырықшылықтың нэтижесі деп санау үлкен қателік» деген түйін жасайды [1. 5-6]. Қалалар көшпелілер мен отырықшылардың шаруашылығын ұштастырып отырған, сондықтан да олар сол кезеңде өзінің даму шыңына жеткен деп санаған ғалым пікірінің дұрыстығын уақыт дэлелдеп отыр.
Жалпы, антикалық кытай деректері бойынша сақтар туралы тарихта деректер жоқтың қасы. Сақтар туралы деректі антика авторларының ішінде грек парсы ғалымдарынан көбірек кездестіруге болады. Шығыс халықтарын біреулері мал шаруашылығымен, біреулері егіншілікпен айналысатын адамдар тобы құраған. Олардың арасында тек мал шаруашылығымен айналысып, болмаса бір ғана егіншілікті кэсіп еткен адамдардан басқа екеуімен де қатар шүғылданатындар да болған. Уақыт өте келе, бұл тепе-теңдік ауа райының эсерінен немесе соғыс салдарынан өзгеруі мүмкін еді. Бұл жағдай ортағасырлар кезеңінде керемет архитектуралык құрылыстары, сарайлары мен мешіттері, медреселері мен қолөнершілер шеберханалары бар ондаған гүлденген қалалары болған Қазақстанға да тән еді." [14. 55-56]
Көне дәуірден (неолиттен) бері Ұлы еуразия далалық белдеуіндегі малшылар мен Орта Азияның көне оазистеріндегі отырықшылар арасындағы тұрақты мәдени және этникалық байланыстардың маңызды аймағы саналды. Бұл өңір халыктардың тарихи жолдарының, көшіп-қонуының және сауда жолының тоғысқан жері іспетті. Дэл осында малшылар мен жартылай малшы тайпалардың дэстүрлі "кыстаулары" да орналасқан. Бұл өлкенің физикалық-географиялық ерекшелігі әртүрлі шаруашылык түрін жүргізетін тайпалар мен тайпалық одақтардың өзіндік жағдайда дамуына жэне араласуларына алып келді. Осы өзеннің аңғарында белсенді этногенетикалық процестер болған жэне этникалық тарихта айрықша орын алар жер.
Магистрлік диссертацияның мақсаты: Археологиялық табындыларға қарағанда, сақтар өз өңірлерін адам неолит пен қола дәуірінде-ақ меңгере бастаса, қарқынды түрде б.з.д. I мыңжылдық пен б.з. I мыңжылдығында игерілді. Жазба деректердің аздығы Орта Азия ерте темір дәуірінде сақ, апасиак сынды тайпаларды орналастыруға кедері келтірмеді. Алайда бұл болжамдарды әлі де дәлелдей түсу қажет.
Сақ тайпалары антикалық
Осындай мықты тайпалық одақтардың мұнда орналасуына жердің экологиялық сипаты да әсер еткені анық. Үлкен ашық тегіс кеңістікте дамыған күрделі су жүйелерінің болуы қоныстану мен тез қоныс ауыстыруға сеп болғаны анық. Окса мен Яксарт өзендері жағалауларының георграфиялық жағынан қолайлы орналасуы тарихи- этникалық процестерге толы кең кеңістіктің қалыптасуына әкелді. Арал теңізінің шығысындағы Амудария дельтасынан бір жарым есе үлкен аллювиальды жазық Сырдария дельтасы жатыр. Б.з.д. III мыңжылдықта Іңкәрдариямен қатар солтүстіктегі ескі Қуаңдария арнасы қалыптасты. Соңында б.з.д. I мыңжылдықтың бірінші жартысында Жаңадария су арнасы пайда болса, екінші жартысында Жаңадария суы Бештамнан батысқа қарай бірнеше тармаққа бөлініп кетеді. Б.з.д. I мыңжылдықтың басында Ескідариялықтан оңтүстікте Куаңдария арнасы қалыптасты. Ал Іңкәрдария мен Жаңадария жүйелері өзінің соңғы ағысында шығыс амударияның Ақшадария арнасымен қоысылып ортақ дельтаны құрады. Осылайша Орталық Азиядағы шөл далалық кеңістік кейіннен ерекше құрылыс, архитектуралық ескерткіштер қалдырған халықтардың өмір сүру аймағына біртіндеп айнала бастады. Б.з.д. V ғасырлардан бастап Іңкәрдарияның суы орта және төменгі ағысына жетпей жатса, б.з.д. III-II ғасырларда Жаңадарияға құюы тоқталады, Алайда Куаңдария мен ескі Қуаңдәрия өз арнасындағы сулары азая қойған жоқ.ағысына жетпей жатса, б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырларда Жаңадарияға құюы тоқталады, алайда Куандария мен ескі Қуандария өз арнасындағы сулары азая қойған жоқ.
Жергілікті жерлердегі ескерткіштерді, әсіресе жерлеу ескерткіштерін (үйінділі қатардағы жэне жерлеу ғимараттары) тауып зерттеудің қиындығы (сондықтан да С. П. Толстов экспедициясында 1937-1940, 1946-1959 жылдары аэроплан болды), қазіргі Қазақстан археологиясында нашар зерттелінген өлке ретінде қалып отыруы тақырыптың ең басты мақсаты білдірсе керек. Сонымен қоса жаңа тарихи көзқараспен, жаңа техника жетістіктерін пайдалана отырып, жаңа әдістемелік деңгейде қарау қажеттілігі мен Қазақстан қала тарихының қайнар бастауларының бірі саналатын сақ-скиф кезеңі қалаларының кезінде зерттелінген жэне зерттеуді талап ететін өлкелердің бірі.
Жұмыстың негізгі мақсаты осы өлкедегі сақ мәдениетіне жататын ескерткіштерге талдау жасау және олардың архитектуралық құрылымына мән беруге бағытталған.
Магистрлік диссертацияның міндеті: Қойылған мақсатқа сай Орта Азиядағы ерте темір дәуірінің қалалары мен қорымдары туралы жазба деректерде барлық мәліметтер (ғылыми есептер мен мақалалар) жинақтап, зерттеушілердің қай деңгейде зерттегені туралы тарихы жазылды. Сақ тайпалары антикалық деректерде, парсы деректерде, қытай деректерде, сақтардың материалдық мәдениет ескерткіштері, яғни Алтай сақ тайпалары археологиялық деректер негізінде, Жетісу сақ тайпалары археологиялық деректер негізінде, Орталық, Оңтүстік Қазақстанда мекен еткен сақ тайпаларының қорғандары археологиялық деректер негізінде, Сақ тайпаларының орналасу ерекшеліктері және рухани мәдениеті мен салт- дәстүрі сақ тайпаларының орналасу ерекшеліктері сақ тайпаларының рухани мәдениеті мен салт- дәстүрі жазба деректер негізінде қарастырып, сақтардың этникалық, экономикалық, әлеуметтік жағдайын қарастырған жөн. Зерттелінген ескерткіштерді негізге ала отырып, сақтар жайлы бөлім жазылды. Қала, бекіністі және қорым, қорғандар ішінен және аумағынан мықты архитектуралық келбетті жерлеу ғимараттары жеке бөлім ретінде келтірілді, табылған олжалар- тұрмыстық жабдықтар, қарулары мен әшекейлеріне қарай топтастырылып, сипатталынды. Соңғы жылдары жүргізілген, керемет сақ өнері туындылары шыққан археологиялық зерттеулер арнайы түрде толық сипаттала жазылды. Тақырып зерттеуді қажет ететін, мол мәлімет беретін Қазақстан археология ғылымындағы өзекті салалардың бірі болып қала беруде.
Мәселенің зерттелу деңгейі: Жалпы ерте темір кезенінің басты көрсеткіші болып табылатын археологиялық ескерткіштердің хронологиялық диапозонының кендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге сақ дүниесі шеңберінде болған тығыз мәдени – шаруашылық байланыстар археологиялық материалдардан да анық көрініс табады. Осы ретте қорғандардың архитектуралық құрылысын, ондағы табылған олжаларды зерттеулер мен топтау мәдени – тарихи кезендерді түйіндеуге және осы мәдениеттерді жасаған сақ тайпаларының даму деңгейін саралауға мүмкіндік туғызады. Ерте темір дәуірінің ескерткіштері бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі Қазақ халқының бастаулары бастаулары осында жатыр. Қазіргі кезде ел басымыздың жарлығы бойынша құрылған «мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Қазақстан өңіріндегі барлық тарихи – географиялық аймақтарды қорғауға алынуына сәйкес тарихи ескерткіштерге баса назар аударылуда. Ескерткіштерді қайта жанғыртып, оларға ғылыми археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін үкімет тарапынан жыл сайын қаржы бөлінеді, осынын негізінде археологиялық экспедициялар жасақталып тарихтын қыр-сырларын ашуға тырысады. Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ерте темір дәуірінің ескерткіштерінің зерттелуін негізгі екі топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа отандық ғаламдар тобы, оған Черников С.С, Толстов С.П, Грязнов М.П, Андрианов Б.П және басқаларды жатқызамыз. Аталмыш ғалымдар Қазақстан территориясындағы көне ескерткіштерге алғаш болып археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, осының нәтижелерінде бұл өңірлердің археологиялық карталары, хронологиялары, кезеңдемелері мен жаңадан қорымдар ашылды. Екінші топқа тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы археолог ғалымдарды атауға болады. Оған Ақышев Қ.А, Байпақов К.М, Ақынжанов С.М, Самашев З.С, сынды ғалымдар.Аталмыш ғалымдар ірі археологиялық экспедициялар ұйымдастырып, онда қазба жұмыстарымен айналысты,бірінші кезекте қирай бастаған және жаңадан салынған құрылыс аймағында орналасқан нысандарға назар аударылуда.Жаңа материалдарды шоғырлану үрдісі жүріп жатыр, оларды жүйелеу, талдау жаңа еңбектер шығаруда. Қазіргі кезде археологтар жаңа құрал-жабдықтарды пайдалана отырып ескерткіштердің ашылмаған тұстарын тереңірек зерттеуде. Бұл өңірлердің ескерткіштері, жерлеу ғұрыптары, материалдық заттары, шаруашылығы қазіргі кезде айтарлықтай зерттелген, сондықтан қорымдарды зерттеуде өзекті мәселелердің бірі ерте темір дәуірінің қоныстарын зерттеу болып табылады. Бұл мәселемен қазіргі таңда Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология және Этнография Институты және тағыда басқа ғылыми мекемелер айналысуда.Бірақ та бұл археологиялық ескерткіштердің барлығы да осы уақытқа дейін өз қалпында жетпегенін ескергеннің өзінде әлі де құңды жаңалықтар өз ашылуын күтуде. Алғашқысы Жетісу өңірі. Бұл өңір жайлы ең алғаш рет Ш.Ш.Уалиханов, пен Н.Н.Пантусов Жетісу өлкесінің археологиялық ескерткіштері мен тарихы туралы құнды мәліметтер берді. 1893-1894 жылдары белгілі шығыстанушы ғалым В.В.Бартольд Шу мен Талас алқабының, Ыстықкөл Қазаншұңқыры мен Іле алқабының ескерткіштері жайында «Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью» атты еңбегінде атап өтеді. Тіпті осы іс-сапарында Синьцзяннан келген белгісіз көпестің тапсырмасымен қорғандардан құнды жәдігерлерді тонаумен айналысатын топтардың іс - әрекеті жайлы да жазып кетеді [8, 577-579 ].
Жетісу жеріндегі сақ
Бұл өңірдің зерттеулі тәуелсіздік
алғаннан кейінгі жылдары жалғасын
тауып жатты , оның ішінде К.М.Байпақов,
Б.Н.Нұрмұхамбетов, Ф.П.Григорьев, Ю.А.Мотов,
З.С.Самашев сынды т.б
Екінші аймақ – бұл Шығыс
Қазақстан өңірі, бұл өңірді
зерттеу ХҮІІІ ғасырдың
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу