Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Скачать документ)

Б.з.д. VII ғасырда-ақ көшпелілер алғаш темір заттарды пайдалана  бастады. Шығыс Қазақстандағы металлургиялық қола орталығы біршама тоқырауға  ұшырады. Темірді игеру б.з.д. VII ғғ. Ертіс бойы көшпелі тайпаларында жүзеге асты, әрі Батыс Алтай тауларында мыс пен қалайыны өндіру жойылды. Черников С.С. В глубине веков[87.536].

Археологиялық қазба  жұмыстарында жаратылыстану ғылымдары  әдістерін кеңінен пайдаланды.

-У-ге тайпасының нақты  орналасқан орнын анықтады.

-Қазақстан археология  ғылымында ескерткіштердің нақты орнын, археологиялық барлау маршруттарын картада көрсетуді жолға қойды.

Бұқтырма ГЭС-ін салуға байланысты су жайылымындағы археологиялық  зерттеу жұмыстары 1956 жылы өз мәресіне жетті. Бұл жылы ШҚАЭ 4 отрядқа бөлініп  жұмыс істеді. Ерте темір дәуірі отрядын Ә.М.Оразбаев басқарды.

Қазба жұмыстары Құлажорға  және Усть Бөкен ауылдары маңында  жүрді. 1948 жылы зерттелген ерте көшпелілердің  жыл санауымыздың басталар межесіндегі  ерекше локальдық топқа жататын  қытай жылнамаларындағы у-ге, у-дзе  тайпаларымен баламалау мүмкіндігі туған[ 87.688 ].

Құлажорға ескерткішінде 1956 жылы 18 қорған қазылды. Бұл қорғандарды 1948 жылы қазылған Құлажорға Баты, Славянка, Қызыл ту, Түсқайың және Пчела секілді  құлажорға мәдениетіне тән ескерткіштерге жатқызып, б.д.д. III-I ғғ. мерзімдеген.

Усть Бөкен қорымы 54 қорғаннан тұрады, 1947 жылы анықталған. Ертіс бойындағы басқа қорғандардан сыртқы түрінен-ақ бірден ерекшеленеді. Барлық қорғандардың үйінділері топырақтан тұрады. 1956 жылы 22 қорған қазылды. Бұл  қорым б.д.д. V-IV ғғ. мерзімделеді.

Сөз жоқ, бұл жерлеу орындарының  тайпа көсемдері Шілікті алқабындағы  зәулім қорғандарда жерленген. Бұл  қорғандардың скиф қорғандарымен ұқсастығы  назар аудартады. Осы жағынан  Геродоттың скифтер шығыстан батысқа  қарай қоныс аударған деген мәлімдемесіне жаңаша көзқараспен қарау керек. Біз бұл жерде пазырық және құлажорға мәдениеттерінің жерлеу ғұрпы мен тұтыну бұйымдарынан нақты айырмашылығы бар, әрі көп жағынан ұқсастығы бар Шығыс Қазақстанның ерте көшпелілерінің этникалық тобын кездестіреміз. [ 87.557 ]. 1959 жылғы археологиялық экспедицияның алдына қойған мақсаты ШҚО Тарбағатай ауданындағы Шаған оба қорымын нақтылай зерттеу болып табылады.

Шілікті қорымы. Шілікті  жазығының орталық бөлігінде  орналасқан. Д-80-100м, Н-12м-ге дейін үлкен қорғандар С-О-ке 15км тізбектеле орналасқан. Қорымның орталық бөлігінде 11 үлкен қорғандар және Д-10-30м шағын көлемдегі 40 қорған. Олардың ішінде төртеуі 1959 жылы қазылды. Табылған заттарға қарап Шілікті обаларын б.д.д.V-IV ғғ. мерзімдеген. 

Шаған оба қорымы - ШҚО Зайсан ауданы Шілікті ауылынан 30км шығыста Шағаноба өзені бойында, шығысы және батысынан таулармен қоршаған жазықта орналасқан. Оның шығысындағы үш қорған ірілігімен ерекшеленеді, оның біреуінің (№1) Д-95м. Бұл қорғанды 1909-1910жж. Семейлік гидротехник Г.Бокий бастап қазып, қазба қабырғасының құлап кете беруіне байланысты толық аяқтамаған. Қорымда барлығы 47 құрылыс, оның 5 қорған емес. 1959жылы С.С.Черниковтың басшылығымен ШҚАЭ зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жиыны 14 шағын топырақ пен тас аралас қорғанға қазба жүргізіліп, малта тастан қаландысы бар құрылысқа (№11) барлау мақсатында траншея салынған. Тоналған қорғандардан 2 ұңғылы сүйек, 5 темірден жасалған жебе ұштары,  тас қайрақ сынығы,  сабы бар темір пышақ, қапсырмалы тесігі бар 16 темір қаңылтыр, анықталмаған үш темір пластинкалар, темір тілі бар екі қола айылбас және белдіктің фигуралы қоладан жасалған басы табылды[ 87.578 ]..

 Табылған заттарға  қарап бұл қорым б.д.д. VI-Vғғ. жататын  ескерткіш Алтай мен Тарбағатай  аралығы ерте темір дәуірі  ескерткіштері туралы мәліметтерді ХҮІІІ ғасырдың саяхатшылары мен ғалымдары: Г.Ф.Миллер, П.С.Паллас, Г.И.Спасский, И.Г.Гмелин және басқалардың еңбектерінен кездестірсек [87.681], ал ерте көшпелілер ескерткіштеріндегі археологиялық қазба жұмыстарын 1865жылы Алтайдағы атақты Берел қорымында академик В.В.Радлов жүргізеді [2,449-451].

Орталық және Шығыс Азияны зерттеу саласындағы Орыс комитеті 1910 жылы Жоғарғы Ертіске В.И.Каменскийдің басшылығымен және А.Белосюдов пен  В.Пилетичтің қатысуымен Семей облысындағы  қорғандарды қазуға экспедиция жібереді, оны осы аудандарға жіберілген бірінші археологиялық экспедиция деп есептеуге болады. А.В.Адрианов 1906, 1910 және 1911жж. Семей облысы жерінде археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстардың нәтижелері 1916 жылы Императорлық археологиялық комиссияның Хабаршысында жарияланды. Майемер жазығында, Нарым жоталарындағы Солнечный Белок түбінде, Черновая ауылынан жоғары Бұқтырма өзенінің оң жағалауында қазба жұмыстары жүргізілді. [87.783].       Қазан төңкерісінен кейінгі археологиялық зерттеулер Кеңес өкіметі тұсында ғана ғылыми тұрғыдан алғанда қазба әдістері сақталып, материалдарды тарихи тұрғыдан түсінуге жете көңіл бөлінді.

Алтайдағы 1927 жылы С.И.Руденконың  [46.864], 1947 жылдан бастап арасындағы үзілістерімен 1971 жылға дейінгі С.С.Черниковтың[46.575], 1959-1963жж. С.С.Сорокинннің, 1965-1974жж. Ф.Х.Арсланованың  Ә.М.Оразбаевтың  , З.С.Самашевтың және т.б. археолологиялық зерттеу жұмыстарын айтуға болады. Тарбағатайда 1989 жылдарға дейін қазба жұмыстары С.С.Черниковтың басшылығымен Шілікті және Шаған оба ескерткіштерінде ғана жүргізілді.

Алтай – Тарбағатай сақ  тайпалары ескерткіштерінің хронологиясы мен кезеңделуі жөнінде өзінің ұзақ жылдарғы ғұмырын арнаған С.С.Черников Шығыс Қазақстанның б.д.д. VIII-IIIғғ. ескерткіштерін жерлеу құрылыстарына қарап солтүстік және оңтүстік деп екі топқа бөледі. Олар көршілес орналасып көптеген элементтері ортақ скиф мәдениеті түріне жатқанымен, әртүрлі территорияларды алып жатыр және өзара кейбір айтарлықтай ерекшеліктеріне қарап ажыратылады.

Солтүстік топ – Ертістің жоғарғы ағысы салалары жазықтарын мекендеген. Оларға топырақ пен тас  қорғандар және қабірдің солтүстік  қабырғасы мен ағаш қима арасындағы  ер тоқымымен ауыздықталған жылқылар жерленуі тән. Бұл қорғандар пазырық  мәдениетіне жатады. Оңтүстік топ – Зайсан көлі маңы мен  Тарбағатай жоталарын мекендеушілер. Топырақ қорғандар, ағаш жабындылы қабірлер немесе бөренелерден салынған ағаш құрылыстар; қабір шұңқырға шығыс жағынан жер асты жолы келіп қосылады. Бай қорғандардың құрылысы күрделірек, үгітілген саз балшық пен шым, ал қорған етегіне тастар төселген. Керамикалық ыдыстар, құлдардың және жылқылардың жерленуі кезікпейді[ 85.865 ]..

Солтүстік және оңтүстік топтар арасындағы шекара Усть Бөкен  ауылы жанында және Ертістің жоғарғы сағасы ағысындағы Нарын өзені бойында айқын аңғарылады. Археологиялық зерттеулерде осы территориялық топтар арасындағы шекараны анықтауға  қиындық туғызады, бірақ Зайсан көлі бойынша көрсетіледі. Екі топта да кездесетін қола заттар мен әшекей бұйымдар арасындағы айырмашылық байқалмайды. Бұл өлкеде көптеген ескерткіштердің зерттелгендігіне қарамастан қазіргі таңда да ақтаңдақ аймақтар баршылық. Б.д.д. І мың жылдықтағы көшпелілердің мәдениетінің хронологиясы  мен кезеңделуін талдаған С.С.Черников солтүстік аймақтың біршама зерттелгенін басып айтады,  ал оңтүстік ескерткіштер тобында (Тарбағатай аймағы) тек б.д.д. VII-V ғасырларға жатқызылған қорғандары ғана қазылып, ал қалған хронологиялық кезең ескерткіштері зерттелмеген еді. Ескерткіштердің солтүстік тобында табылған қорғандардың хронологиясының кеңдігіне байланысты С.С.Черников оларды үш кезеңге бөлді. Басқа территорияларда табылған жаңа қорғандардан алынған материалдарға жүгіне отырып, С.С.Черников ерте көшпелілер дәуірінің хронологиясының бастауы ретінде б.д.д. VIII ғасырларды көрсетеді. 1) б.д.д. VIII-VIIғғ. – майемер типіндегі ескерткіштер (Славянка, 19 қорған; Юпитер, 1 қорған; Қанай, 7 қорған және т.б.); 2) б.д.д. VI-IVғғ. – пазырық типіндегі ескерткіштер (Мало-Красноярка, Қызыл ту, 2,4 қорғандар және т.б.); 3) б.д.д. III-Iғғ. – құлажорға мәдениеті ескерткіштері [68.588 ].

Құлажорға мәдениетін С.С.Черников тағы да, 3 кезеңге бөліп қарастырған. Осы мәселелер С.С.Черниковтың  ең соңғы 1975 жылғы «К вопросу о  хронологических периодах в эпоху  ранних кочевников» атты еңбегіне кірген. [865.860]   Мұнда ол зерттелген археологиялық материалдарға қарап нақты екі екі хронологиялық кезеңге бөлді:

1) б.д.д. VII-ІV ғ.ғ.    және 2) б.д.д ІІІғ.- б.д. Іғ. Алғашқы  б.д.д. VIIІ ғасырларды алып тастап  Құлажорға кезеңін кеңейтті.

Соңғы ерте көшпелілер туралы мәліметті (Шығыс Қазақстандағы) ҚазақССР тарихының 1 томының жеке бөлімінде  берген М.Қ.Қадырбаев Шығыс Қазақстан  көшпелілерінің басқа аймақтардан  өзіндік далалық болғанын, сондай-ақ солтүстік таулы аймақтарда көршілес Алтайлық тайпалар ықпалы болғанын және оңтүстіктегілерге – Жетісу ерте көшпелілердің ықпалында болғанын  көрсетеді. Осыған қарамастан Шығыс Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті дамуы толық сипатталған. [10]  М.Қ.Қадырбаев «Қазақ ССР тарихында» алғашқы екі кезеңі – Майемер б.д.д. VII-VI ғғ. және Берел (немесе Пазырық) б.д.д. V-IV ғғ. негізінен Алтайлық материалдар негізінде тұжырымдалған. Шығыс Қазақстанда бірінші кезеңді сипаттау үшін Шілікті обасы, екінші кезең үшін Усть-Бөкенді. (б.д.д. ІІІ-І ғғ. кезең С.С.Черниковтың Шығыс Қазақстандағы ескерткіштерді зерттеуі бойынша. М.Қ.Қыдырбаевтың еңбегі аймақтағы ерте көшпелілердің мәдениетінің даму кезеңдері туралы жалпылама түсінік береді, қайта ескерткіштердің барлығын қамтымайды. С.С.Черников пен М.Қ.Қадырбаевтың кезеңдеулері сәйкес келеді, тек сәл  айырмашылығы кездеседі. Соңғысында Шығыс Қазақстан мен Алтай ескерткіштері ұқсастығы байқалады.

Ары қарай Тарбағатай мен Ертіс аймақтарын қарастырамыз, себебі Павлодарлық Ертіс маңы мен  таулы аудандар басқа мәдениеттермен байланысты.

Н.А. Боковенко мен  Ю.А. Заднепровский бар кезеңдеулерді, сондай-ақ жаңа археологиялық материалдарды, жерлеу рәсімдерді, қорған конструкциялары  мен заттық комплекстерді ескере отырып, негізгі үш кезеңге бөліп  қарастырады. [12] 

1-кезең – бастапқы кезең (Зевакино, Шілікті) б.д.д. VIII-VI ғасырлармен кезеңделеді. Мүмкін, оның «көне» кезеңі б.д.д. IX ғасырларға дейін игеріліп, бұнда ерте көшпелілердің Алтайдың синхронды комплексінің Курту ІІ типі негізге алынған. Скиф ескерткіштерін сондай  ерте дәуірге жатқызу көрші территориялардан жиналған материалдарға анализ жасауға негізделеді. Зевакино немесе Измайловка комплекстерін (б.д.д. VIII-VII ғғ.) зерттеу арқылы және олардың бір бөлігіне жасалған типологиялық анализ, дендрохронологиялық әдістер, радиокөміртекті сараптау арқылы одан да ерте кезеңге жатқызады. Археолог ғалымдар   арасында мәйемер кезеңі мерзімін біреулері тым ерте кезеңге апарса, біреулері бұрыннан келе жатқан мерзімде қалса, ал баз біреулері жасартуға тырысады[ 68.688 ]..

Алайда соңғы жылдары еліміздегі қазылған Мәйемер 2, №3 қорған (Самашев З.С.) Шілікті 3, №1 қорған (Төлеубаев Ә.Т.) ескерткіштері б.з.д. ІХ-ҮІІІ ғасырларға жататындықтан (радиокөміртектік сараптама бойыншыа) мәйемер кезеңінінің уақытын арырақ жылжытып б.з.д. ІХ ғасырлардың соңынан бастауға  толықтай негіз бар деп ойлаймын [13]. Бұл ескерткіштердің уақыты бір болғанымен жерлеу салтында, қорған құрылысында (біреуінде дромос бар, біреуінде жоқ) айтарлықтай айырмашылықтың болуы мұнда әртүрлі этникалық топтардың қатар өмір сүргендігін көрсетеді. Сондықтан да атауын Мәйемер-Шілікті деп атаған дұрыс болар[ 85.578 ]..

2-кезең – орташа (бөкен)  б.д.д. VI-IV ғасырлаға жатқызылады.  Ол Алтай мен Пазырық дәуірі  материалдарына негізделген. 

Шығыс Қазақстанда б.д.д. ҮІ ғасырдың басында пазырық (берел) мәдениетінде бұған дейінгі майемер археологиялық кезеңімен салыстырғанда күрт, әрі ойламаған айтарлықтай өзгерістер болды. Берел кезеңінің соңында қоланы жаппай темір ығыстырды.

3-кезең – кейінгі  (Құлажорға) – б.д.д. ІІІ-І ғасырға  жатады.

Құлажорға мәдениетіне  жататын ескерткіштер біршама зерттелгенімен, археолог ғалымдар тарапынан бар  материалдарға ғылыми саралау жүргізілмеді. Тек З.С.Самашевтың Шүлбі су қоймасын салуға арналған жинақта ғана қарастырылған[54.865 ]..

Онда Құлажорға ескерткіштері қорған құрылысының ерекшелігіне және жерлеу ғұрпына      қарай 2 топқа бөлінеді. Алтайда б.д.д. ІІІ ғасырдан бастап ерте көшпелілер мәдениетінде айтарлықтай өзгерістер болды. Бұл жерде тас жәшікте жерленген құрылыста құлажорға тұрпатындағы ескерткіштер пайда болады. Мәйітті онда шалқасынан шығыс немесе батысқа қаратып ұзыннан сұлай жерлеген. Өте сирек жағдайда ғана оң жамбасымен бүктеле жерленген мәйіттер кездеседі.

Ұқсас ерте көшпенділер  ескерткіштерін зерттеген С.С. Черников Пчела, Славянка, Қызылту, Юпитер, Малокрасноярка, Усть – Бөкен обаларын ерте көшпенділер кезеңінің аяқталуына жатқызып оларды ежелгі және кейінгі деп бөлді.

Тарбағатай теріскейінде 1989 жылдан бастап зерттелген[14] б.з.д. ІІІ  ғ.- б.з. ІІІ ғғ. дейінгі қорғандардың сыртқы және ішкі құрылыс, құрылымы және ондағы мәйітпен бірге көмілген ақыреттік заттары Жетісу мен Шығыс Түркістан жеріндегі усунь ескерткіштерімен ұқсас екендігін көреміз және олардан табылған артефактілердің тым аздығына қарамастан усуньдердікі деп айтуға толық негіз бар. Алтайдағы құлажорға мәдениетін қалдырушылар мен Тарбағатай, Іле бойы усуньдерінің өзара этно-мәдени байланыста болған, жерлеу салты мен материалдық мәдениеті бір туыстас тайпалар деп айтуға болады. Алтай мен Тарбағатай ерте темір дәуірі ескерткіштерінің сыртқы құрылысы, ішкі құрылымы, жерлеу салты ерекшеліктеріне байланысты кезеңделуі мен мерзімделуі туралы өз көзқарасын автор мақала соңындағы таблицада берді[86.478 ]..

Қазіргі таңда Шығыс  Қазақстанмен көршілес Таулы Алтайдың скиф дәуірін Ресей ғалымдары екі кезеңге бөліп қарастырады: «ерте скиф», «скиф» немесе «пазырық». Бұл кезеңдердің хронологиялық шеңбері және кезеңдері туралы пікірлердің әртүрлілігіне қарамастан негізінен ерте скиф уақыты б.д.д. IX-VIIIғғ.-дан б.д.д VI ғғ., ал скиф немесе пазырық уақыты б.д.д VI- Vғғ.-нан б.д.д. III-I ғғ.-мен мерзімделеді. Таулы Алтайдың скиф кезеңінің қорғандары туралы қалыптасқан көзқарас бойынша 1) тек пазырық археологиялық мәдениетіне жатады ; 2) пазырық мәдениеті және қара-қоба «топтарына» бөлінеді [16.586];

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу