Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Бесшатыр қорымынан үш үлкен оба: І-ші, ІІІ-ші және VІ-шы Бесшатыр обалары, орташа болатын үш оба мен ұсақ обалардың барлығы қазылған. Бірінші Бесшатыр обасының диаметрі 52 м, биіктігі 7,6 м, оңтүстік жағынан 8,93 м оба таспен жабылған. Үйіндінің түп жағына тас неғұрлым тығыз қаланған, обаның төбесі жалпақ. Үш үйінді қабаттан тұрады. Ең көлемдісі екінші қабаты, оның қалыңдығы 8,5 метрден 13 метрге дейін жететін топырақ пен қиыршақ тас қабатынан тұрады. Төменгі қабатының астында Тянь- Шань шыршасының өңделген тұтас бөренелерден салынған үлкен ағаш құрылысы бар. Сағана етіп үйілген топырақ астындағы қабір үстіне құрылыс тұрғызылған, ол құрылыс түгелдей жер бетінде[ 85.855 ].
Бесшатыр сағанасы сол замандағы ағаштан салынған күрделі құрылыстардың бірі. Ол бірнеше бөліктен: дәліз (дромос), қабірдің кірер аузы және жерлеу бөлмесі. Сағана бөренелері жақсылап өңделген: бұтақтары мен өзек бұдырлары тегістеп шабылып, қабығы аршылған. Бөлменің қабырғасын құрайтын бөренелер мұқият тегістеліп, бір-біріне тығыз қиюластырылған; бүкіл құрылысты мейлінше тұрақты ету үшін бөренелердің жуан жұмыр басы қарама- қарсы айқастырылған. Бұрыштарындағы бөренелер бір-біріне тек түйісіп қана тұр және өзара бекітілмеген. Сондықтан Бесшатыр құрылысы дағдылы түсініктегідей қима емес. Бөренелерде қашау, пышақ іздері жақсы сақталған — олардың екі шеті мен ортасында кертік бар. Жерлеу бөлмесінің бөренемен жабылған төбесі шиден есілген арқанмен буылып, қамыс төсенішпен жабылған. Жерлеу ғұрпы орындалғаннан кейін бөлмеге апаратын есікке ірі тастар қаланып, дәліз бөлігі қиыршақ тас араластырған кесек тастармен төбесіне дейін бекітіліп тасталған. Содан соң жерлеу құрылысының үстіне тас пен қиыршық тас араластырылып үйілген.
Үлкен обалар шоғырының оңтүстік шетіндегі VI-шы обадағы құрылыс та осындай. Оның да үйіндісі таспен жабылған. Обаның диаметрі - 52 м, биіктігі - 8 м. Үйіндінің астында, ертедегі жер беті деңгейінен шамамен 2 метр тереңдікте жерасты жолының жүйесі болған. Олар жерден қазылған және орталық бағыттағы есік пен бүйірдегі тарамдардан тұрады, негізгі жолдан түрлі бағыттарға бүйірге қарай жеті тармақ кетеді, олардың батыс жақтағы екеуі жарым- жартылай топырақпен, ал солтүстік- шығыс жақтағы біреуі ірі тастармен толтырылған. Жолдардың күмбезі жарты шеңбер тәрізді, жерасты жолдарының биіктігі 1,1 метрден 1,68 метрге дейін, ені 75- 80 см. Қабырғаларда кішкене ойық іздері бар. Олардың айналасындағы ыс пен түтін қағының іздері, бұл жер астында жұмыс істеген қазушылар жарық беретін май шырағдандар пайдаланғанының дәлелі, ал бүйірдегі тарамдардан жануарлардың сүйектері, құрбандық шалу орны табылды. Бүйірдегі тармақтарымен қоса алғанда жер асты жолының жалпы ұзындығы — 55 м. [ 85.855 ].
14- ші обаны қазған кезде жерлеу құрылымының жаңа бір үлгісі ашылды. Оба жерлеу құрылысының қабырғалары ұсақ қиыршық тастар араластырылып топырақтан тұрғызылған. Қабырға бөренелермен үш қатар етіп жабылған, ондағы бөренелердің төменгі екі қатары Тянь-Шань шыршасынан, жоғарғы жағы жиде ағашынан дайындалған. Төбесінде тас пен бұтадан және сексеуілдің шырпысынан он алты қатар етіп күмбез тәрізді жаппа жасалған. Мазардың сырт пішіні төртбұрышты, ал төбесі дөңгелек күмбез сияқты болған.
Қабірдің шығыс жағында есігі бар, оның екі жақтауында жерге тігінен көмілген қос- қостан екі бағана тұрған. Бағандардың бірімен бірі қазықтар арқылы бекітіліп, ол мейлінше берік болуы үшін бөренелері шиден өрілген жуан арқанмен байланған. Кірер есіктің майдайшасының төбесіндегі бөренелердің үстінен ши арқанмен буылған екі қабат төсеніш жабылған. Қабір лақатына кірер жердің жанына жуан берененің кесіндісі қойылған. Лакыттың еденінде адамның шашыраған сүйектері жатыр.
Бесшатырдың хронологиясы кіші обалардың бірінен табылған заттар бойынша айқындалады. Оның үйіндісі астындағы үзын жағы батыстан шығы-сқа қаратылған үлкен қабір шұңқырында (көлемі 3,50 де 2 м) жерленген екі адамның қаңқалары жатты. Сүйектер бірінің жанында бірі шалқасынан созылып, бастары батысқа қаратып койылған. Жерленгендердің әрқайсысының жанына оң жағынан қысқа семсер-акинақтар қойылған, ал сол жағында қола ұшты жебелер салынған қорамсақтардың қалдықтары жатыр (қорамсақтарда барлығы 50 қысқа сапты және ұңғылы жебе ұштарының он екі түрі бар). Қанжарлардың сабы көбелек тәрізді, ұшы бүлінген. Солтүстік жақтағы сүйектің сол жағында темір умбон жатыр, тағы бір жатқан нәрсе, сірә, кішкене ағаш қалқанның қалдығы болуы мүмкін, бел тұсында темір тоға жатты. Сүйектердің арасынан төрт ақық моншақ және біріне-бірі дәнекерленіп жапсырылған іші қуыс алтын түйіршектерден жасалған екі моншақ табылды. Материалдар жиынтығына талдау жасау жалпы алғанда Бесшатырды б. з. б. V- IV ғғ. деп белгілеуге мүмкіндік береді.
Бесшатыр қорымының көлемі 2 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Алайда Бесшатыр обаларымен байланысты ескерткіштердің таралған жері қорымның өз ауқымынан әлдеқайда кең. Мәселен, қорымның солтүстік-шығыс жағындағы 5 шақырым жердегі төбеде алты қоршау орналасқан, олар келбеті мен салынуы жағынан Бесшатыр обаларына ұқсас. Обалардың батыс жағында үш шақырым жерде нақ осындай төрт қоршау бар. Одан да әріректе, батыс жағындағы 10 шақырым жерде де осындай, оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан 45 қоршау жатыр.
Қорымның төңірегіндегі бұл құрылыстардың орналасуы, олардың сыртқы түрі, құрылымдары мен көлемінің бірдейлігі оларды Бесшатыр қабірлерімен бір мезгілде салынған және олармен байланысты деп санауға негіз береді. Менгирлерден қорымдар төңірегіне қарай ашық салынған қоршаулар — Бесшатыр обаларына байланыссыз, қайта негізгі объектіні толықтыратын сияқгы.
Сірә, Бесшатыр кешені Іле өзенінің аңғарында мекендеген Жетісу сақтарының киелі орны болса керек. Орасан зор Бесшатыр патшалық обалары орналасқан жерге сақтар ғасырлар бойы келіп табынып, сансыз көп құрбандықтар әкелген, ас беріп, бата қылған, әр түрлі діни жоралғылар жасаған. Мұндай діни салтанаттар мен жоралғылар өткізілетін орындарға менгирлер мен қойтастардан үлкен қоршаулар тұрғызылған.
Бесшатыр қорымының барлық обаларына — үлкендері мен орташаларына да, кішілеріне де біркелкілік тән, олар тастар мен ірі қиыршық тастардан үйілген, төбесі жалпақ (трапеция тәрізді), етегіне тас тығыз қиюластырып қаланған болып келеді. Үлкен обалар құрылымының ерекшелігі — үйінділер етегіндегі ордың терең болуы, обалардың астына кіретін жер осы орлардан басталған. Тегінде, жерлеу және обаны тұрғызу жоралғылары жасалғаннан кейін жер астына кіретін есік бата қылу, құлшылық ету және құрбан шалу үшін белгілі бір уақытқа ашық қалдырылып, сонан соң обаның кірер ауыз үстіндегі топырағының бір бөлігі құлап басып қалған болса керек[ 96.965 ]..
Сәулет өнерінің ескерткіші
ретінде Бесшатырдың әрбір
Мұның бәрі сақ тайпаларында Бесшатырдағы ғұрыптық құрылыстар салынғанға дейін-ақ архитектуралық құрылыс тәсілдері мен түрлері: төрт бұрышты және дөңгелек етіп жоспарлау, тас қалау әдісі, ағаш өндеу дағдылары мен ағаштан құрылыс салу, құрылыс кезінде ағашты, қамысты, тасты шеберлікпен ұштастыра пайдалана білудің ертеде-ақ орныққанын дәлелдейді. Сірә, мұндай құрылыс тәжірибесі ғұрыптық ескерткіштерді салу нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлер мен қора-қопсылар салу кезінде де жинақталған болса керек.
Бесшатырдың ғұрыптық құрылыстары тайпаларының көсемдерін мәңгі есте қалдыруға тырысқанын көрсетеді. Құрылыс салғанда оларды бүлінбейтіндей (тонамайтын) ету ғана емес, сонымен бірге «мәңгі» тұратындай етіп салу мақсаты да көзделді. Сақтардың түсінігі бойынша, ескерткіш өзінің көлемі жағынан көсемнің құдыреті мен байлығына сай келіп, келер ұрпақтың бойына құрмет және қорқыныш сезімін ұялатуға тиіс болды.
Бесшатыр обалары өздерінің көрнектілігімен зор әсер қалдырады. Үлкен обаны тұрғызу үшін ғана елу мың текше метрден астам топырақ, тас, қиыршық тас пайдаланылған, ал оның үстіне қорымнан 3 шақырым жерде орналасқан ең жақын таулардан мыңға жуық тақта тастар мен қойтастар тасып әкелінген.
Оба үйінділерін стратиграфиялық зерттеу бұл үлкен корғандардың әрқайсысы тастар мен топыракты жөн-жосықсыз текшелеу ғана емес, қайта құрылымы алдын ала ойластырылған сәулетті ғимарат екенін көрсетеді. Топырақтың көп қабат етіп үйілуі оба ішіндегі ағаш құрылысқа кажетті микроклиматты қалыптастырып, ескерткіш-обаның өз сынын ұзақ уақыт сақтауына да әсер еткен.
Үйінділердің көлемі жағанан қорым обалары үлкен, орташа және кіші болып бөлінеді, үйінділердің осы үш тобына қабір құрылыстарының әр алуан түрі: үлкендері мен орташаларына — бөренелерден түрғызылған қабір, киіз үй тәрізді бейіт, ал барлық кіші обаларға жерден қазылған шұңқыр (кейде оған салынған тас жәшік) сәйкес келеді. 14-ші обадағы киіз үй тәрізді шатырлы бейітке ешқайсысы ұқсамайды. Әзірше ол скиф-сармат мәдениетінің обаларынан табылған осы түрдегі бірден-бір құрылыс[95.865 ]..
Бесшатыр кұрылыстарын салуға қажетгі бөренелер оба орналасқан орыннан шамамен 200—250 шақырым болатын Іле өзенінің арғы бетінен, Іле Алатауының сілемдерінен дайындалған. Сол жерде, ағаш кесілген, бұтактары мен бұдырларынан тазартылып, жасалған кертпелер арқылы оларды өзенге сүйретіп апарып, салмен құрылыс салынатын жерге жеткізген. Бұл орайда қыл арқандар мен ши талшықтарынан есілген арқандар пайдаланылған[58.965 ]..
Ағаш кесу, бөренелерді қысқарту және басқа да ауыр жұмыстар жүзі тез мұқалатын ауыр қола балталармен орындалған. Бөренелерді өңдеу сан алуан шоттар, қашаулар, үскілер, қола шаппашоттармен жүргізілген болса керек.
Бесшатыр обаларын қазғандағы материалдар Жетісудың сақ тайпалары-нын мәдениеті туралы түсінікті байыта түседі. Олар көпжылдық тәжірибенің, жоғарыда атап өтілгеніндей, жерлеу қабірлерін салу кезінде ғана емес, со-нымен қатар түрғын үйлер салу кезінде де жинақталғанын дәлелдейді. Бұдан Жетісу сақтары «таза» көшпелі болған жок, олар жылдың жылы маусымда-рында ғана көшіп, суық түсісімен қыстайтын жерлеріне барған да, кысқы тұрғын үйлерінде қыстаған деген қорытынды шығады. Тұрғын үй салғанда олар ағаш, тас, қамыс, бұта сияқты жергілікті материалды пайдаланған.
2. 3. Оңтүстік Қазақстанда мекен еткен сақ тайпаларының қорғандары археологиялық деректер негізінде
Сырдария өңірінің тарихи-географиялық тұрғыдан зерттеу ХІХ ғасырдың басында басталды, олар негізінен ежелгі антикалық деректер мен ортағасырлық географтары мен саяхатшылардың, және сонымен бірге көпестердің арнайы хаттарында айтылады. Яғни ХҮІІІ ғ Бұқара жерін зерттеу үшін Сырдария өңірінен өткен зерттеушілердің деректері болып табылады. Ежелгі Сырдария аңғарынын сақтарын зерттеулер КСРО ҒА Этнография институтының Хорезм экспедициясының көп жылдар бойы жүргізген қазба жұмыстарының жиынтығы негізінде анықталған. Ежелгі Сырдария жерінен неолит бастап соңғы ортағасырға дейінгі ескерткіштер зерттелген,оның ішінде ежелгі сақ ескерткіштері б.з.б ҮІІ-Үғғ. Бұл жұмыстарды С.П.Толстов, М.А.Итина сияқты белгілі ғалымдар бастады[ 39.758 ]..
Ежелгі Сырдарияның атырауы оның қазіргі салалары арасында орналасқан және ең оңтүстігі Інкәрдария өзенінің бастауының құрғақ жерлерімен аяқталады. Бұл үлкен ұшбұрышты аймақ негізінен Оңтүстігі Қарақұм мен батысы Арал теңізімен шектеліп, ендік бойымен және меридиандық бағытпен созылған. Өзендердің атыраулары әртүрлі бағыттармен ағуына сәйкес, жалпы су режимінің ерекшеліктерін анықтау, әртүрлі хронологиялық кезеңдерге байланысты. Іңкәрдария жүйесі (оңтүстігінде) және Қуандария жүйесі (солтүстікте) неолитпен қола дәуірінде қалыптасты. Інкәрдария өзеніңде кейінгі сақ кезенінің ескерткіштері б.з.б ҮІІ-Үғғ табылды. Жаңадария мен Қуандария өзендері бойынан б.з.б І мыңжылдықтың ортасы мен б.з І мыңжылдықтың ортасына жататын ескерткіштер тобы ашылды. Бұл табылған археологиялық заттар адам баласының 1000 жыл бойы осы жерде өмір сүргеннің көрсетеді. Б.П.Адрианов, М.А.Итина, А.С.Кейс бойынша б.з.б. І мыңжылдықтың алғашқы жартысына ажататын ескерткіштер тобы, кейінгі қола дәуірі және ерте темір дәуіріне қатысты қоныстар Сырдария атырабының оңтүстік бөлігінде ашылды. Өзендердің жағалауларында орналасқан көптеген қоныстардан керамикалық бұйымдар б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ жататын қола садақ оғының сақ-скифтік типтік заттары табылды [27, 65-66 ].
Бірақ негізгі материалдарды жер асты ескерткіштері берді, оған қорғандар мен зираттар және мавзолейге ұқсас жер асты құбырлары болып табылады. Осы аталған барлық қорғандар мен қоныстар ішкі жазықтарда немесе таулы қыратта тізбектеліп орналасқан. Ал кейбір жағдайда қорғандар қала тәріздес түрінде табылып жатты, мысалы Шырық-рабат – С.П.Толстов, Т.А.Жданко сияқты ғалымдардың деректеріне негізделді. 1946 жылдан бастап КСРО ҒА Хорезм экспедициясы оңтүстік аудандарда археологиялық зерттеу жұмыстарын бастайды. Осы Экспедицияның зерттеу нәтижелерінде осы өңірде көптеген ескерткіштер жиынтығы табылды. 1957-60 жж Шырық-Рабат, Бәбіш-Молда, Баланды сияқты қоныстарға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, осының негізінде жаңа ескерткіштер ашылды, ежелгі қоныстардың қалдықтары табылды [ 89, 197-208 ].
1960-63 ж Түгіскен үстіртінде
оңтүстік және солтүстік
Қазақстандағы аралдың шығыс өңіріндегі сақ кезкенің материалдық мәдениетің Оңтүстік түгіскен және ұйғарақ қорымдарының обаларынан көруге болады. Табылған алуан түрлі олжалар қару, үй тұрмысына қажетті заттар және алуан түрлі сәндік заттар сақ-массачетердің материалдық мәдениетінің денгейін сипаттайды. Табылған заттар арасында алтын тоғалар мен қоладан жасалған ат әбзелдеріндегі аңдардың бедерлі бейнелері ерекше ынта туғызады. Ал шағын обалар-қатардағы қауым мүшелерінің жерлену ескерткіштері (ал олар ақсүйектердің ескерткіштеріне қарағанда әлденеше көп шаруашылық және мол табынышының түр құрамы туралы, құнды мәліметтер береді.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу