Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Қорымдардың материалдарын көптеген кездей-соқ табылған олжалар мен көркемдік қола бұйымдар көмбелері қазандар, құрбандық ыдыстары, шырақдандар, еңбек құралдары, қару және, ер-тұрман заттары, едәуір толықтыра түседі. Олардың көпшілігі жануарлар мен аңдардың, кейде адамның бедерлі және мүсінді бейнелерімен сәнделген. олар сақтардың құю техникасы мен көркемдік мәдениетінің жоғары, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның ертедегі темір дәуірінде орта Азия мен Қазақстандағы металлургия өңдірісінің ірі орталығы болғаның дәлелдейді [69, 151-153 ].
Берікқара қорымының обасын (Талас өзенінің аңғарында) топографиялық зерттеу мұндағы үлкен обалардың топырақ үйінділері тастан қаланған шеңбер, төрт бұрыш, жол, құйрықты жұлдыз сияқты нәрселер түріндегі әр алуан тұлғалардың қайран қалдырарлықтай ұштасуын толықтыра түсетіндігін көрсетеді. Олардың сақ тайпаларының сол дәуірде болған діни және әлемнің шығуы туралы ғарышнамалық түсініктерін көрсеткеніне күмән жоқ.
Ертедегі темір дәуірінде Шығыс Арал өнірінің аумағы мен Оңтүстік Қазақстанның оған шектес аудандардың массачет-сақтардың құрамына кіретін этникалық топтар мекендеген. Олардың сол кездегі мәдениетінің ескерткіштері Сырдарьяның төменгі бойындағы ұйғарақ және Түгіскен қыраттарында орналасқан обалы қорымдар болып табылады. Түгіскен қорымы екі дәуірдің ескерткіштерінен тұрады. Ең алдымен бұл-Солтүстік Түгіскен б.з.б. ІХ-ҮІІІ ғасырлардағы қорымдар. Сақтардың обалы қорымы- Оңтүстік Түгіскен де осында Түгіскен үстіртінде орналасқан. Ол өз кезегінде екі кезенге бөлінеді біріншісі 9, екіншісі 27 обадан тұрады. Оңтүстік түгіскеннің барлық саң обалары б.з.б ҮІІ-Ү ғасырларда тұрғызылған. Ұйғарақтағы сол заманның 80 обасы үш топқа шығыс, орталық, және батыс топтарға шоғырланған. Олардан 70 оба қазылды. Ұйғарақ пен Түгіскенде жерлеу құрылыстары әртектес болғанмен, жерлеу ғұрпы бірдей.
Түгіскен мен ұйғарақ қорымдары Ұйғарақ пен Оңтүстік Түгіскеннің құм үйінділері астынан алуан түрлі жерлеу құрылыстары қазылып ашылды. Оның бірі, негізінен Ұйғарақтан ғана шыққары-адамдарды жердің бетіне, жеңіл қаңқалы ағаш құрылыстын не күркеннің ішіне, қамыс төсеніш үстіне жерлеу. Мұндай құрылыстардың сыртқы бітімі дөңгелек, сопақ немесе тікбұрышты болған.
Олар Солтүстік
Түгіскендегі қола дәуірінің
қарапайым жерлеу
Жерлеу құрылыстарының
екінші үлгісі-жерден қазылған
шұңқырлар. Олардың бірнеше
Қабірдің бұрыштарында тіреу орындары сияқты кішкене шұңқырлар жиі кездезеді. Кейбір қабірлерде лақыттың түбінен қабырғаны жағалай арықша қазылған да, өлік жер ”үстел” үстінде жатқандай болып көрінеді. Қабір бұрыштарындағы шұңқырлар сияқты, мұндай “үстелдер” де солтүстік Түгіскендегі кесенелерінен дәстүрге айналған белгілі жерлеу ғұрпының жергілікті тәсілдері.
Түгіскенде жерден
қазылған шұңқырларға
Ақырында, Ұйғарақта жер қабірлерін Түгіскенде жоқ түрі бар. Бұл негізінен бұрыштары дөңгеленіп келген тік бұрышты тар молалар. Құрылымы жағынан оларды Түгіскен мен Ұйғарақтағы үлкен жер шұңқырға жерлеу жақындастыратын белгі-сырғауылдармен және бұтақтармен жабылуы [ 20, 210-212 ].
Ұйғарақ обаларының
орталық кешенін қалдырған
Түгіскенде б.з.б.ІҮ-ҮІ ғасырдағы бай қабірлер тобы айқын аңғарылады. Олардың құрылымына тәң нәрсе-кірер ауыздағы ұзын дәліз-дромос. Лақыттар өте терең болуы мен ерекшеленеді. Өліктің басы шығысқа-солтүстік шығысқа қаратып жатқызылады. Шұңқыр әдетте, неғұрлым ертеректегі обалардағы сияқты қабырғаларымен емес, бұрыштармен бағытталған. Жерленгендер шалқасынан созылған күйінде бастары шығыс – солтүстік - шығысқа қаратылып кейде оларды лақыт шұңқырларын қиғаштай, аяқтарын ромб тәрізді тізесінен бүгіп, өкшелерін ішке қаратып (ат үстінде отырған кейіпте) жатқызылған. Лақыт шұңқырлары мен дромос (ішінара) тегіс етіп жабылған [10, 170-171 ].
Сонымен б.з.б.ҮІ
ғасыр обаларына бұрынғысынша
тәң нәрселер лақыттардың
Керамиканың материалдық
мәдениет ерекшеліктерін
Түгіскен мен Ұйғарақта
керамика барлық жерлеу
Түтікше шүмегі
бар ыдыс та ортаазиялық түр
болып табылады. Шүмегі түтікше
ыдыстар Түгіскен мен
Арал өңірінің жерлеу
кешендерінен қару-жарақтар, көбінесе
жебе ұштары мен ат әбзелдері
табылды. Олар Евразияның
Қорамсақтарда жебелердің
сақ мәдениеті өріс алған
Арал өңірі сақтарының
жерлеу орындарынаң ең көп
табылатын заттардың бірі-ат
Ұйғарақтағы ат ер тұрманы-Орталық Қазақстанда, Алтайда, Жетісуда сақ заманында кең тараған ат әбзелдерінің бір нұсқасы. Кейбір ауыздықтардың, айшықтардың түрлері мен оларды жасау әдістерінде, айылбастарында және жүген жиынтығының бірқатар заттарында ғана емес, сонымен қатар сол жиынтықтарға кіретін заттардың өз құрамында да ұқсастық байқалады. Алайда Ұйғарақтағы ер-тұрман ауыздық пен айшықты бірге құйып шығарған ерекше үлгіде болды, Қазақстан аумағының басқа аудандарындағы сақтарда мұндай үлгі болмаған. Сондай-ақ, үш тесікті мүйіз не қола айшықты, үзеңгі түбіндегі шығыршықты ауыздықтары бар жүгендер де ерекше үйлесімімен көзге түседі. Ұштары тікбұрышты жұмыр келген және қосарлы қондырмалы айшықтары бар, бітімі өзгеше ауыздықтардың Арал өңірінен көптеп табылуы бұл ауданның Жетісумен бірге осындай үлгідегі жүген жасайтын орталықтардың бірі болғанын көрсетеді.
Сырдарияның төменгі бойындағы ескерткіштерді савромат-сақтар дүниесімен табылған басқа заттар да, мысалы, тастан жасалған құрбандық ыдыстары, кішкене қыш ыдыстар және темір семсерлер де жақындастырады. Айта кетсек, Ұйғарақта жергілікті жерге бейімдей салынған жыртқыш құстың басы түріндегі “құстұмсық тәрізді” деп аталатын құрбандық ыдыстарының ерекше түрі де кең таралған. Ұйғарақ пен Түгіскеннің жерлеу мүліктерінің ішінде бейнелеу өнерінің көз тартар үлгілері де кездеседі. Бұлар ер-тұрмандағы, алтын қаптырмалардағы, алтын шеттіктердегі хайуандардың бейнелері. Хайуанаттар бейнелерінің арасындағы бұғы, киік, жылқы, таутеке, қабан, арыстан, барыс не қабылан, жыртқыш құс, түйе бар. Бұл заттардың жасалу әдістері мен стилі Арал өңірі сақтарының мәдениетің скифтік-сібірлік өнер дүниесіне енгізеді [ 20, 215-216 ].
Жинақтарда осы
өңердің тым ертедегі
Құйрығының ұшы мен аятары иілген, құлағы айқын көрінбейтін, көзі мен мұрыны бір сызық бойында жатқан концентратциялық шеңберлер түріндегі, денесінің бұлшық еті білемделген Ұйғарақ тоғалары - Евразияның ежелгі аң стилінің үлгілері, олардың скиф өңері заттарына ұқсастығы байқалады. Ұйғарақта бейнелеу қағидаларын сақтай отырып, тек өз ерекшеліктерін еңгізу ғана байқалады.
Арыстанды бейнелеу
Арал маңы сақтарының
Құйрығының ұшын қайқита иген және аяғының нобайы бар белгісіз бір ірі аңның (жыртқыштың) мүсінінің бергі жағына өзінің көрнектілігі жөнінен екі бұғы өте тамаша бейнеленген алтыннын жалпақ тілігі (Онтүстік Түгіскен б.з.б. ҮІІ ғасыр) Арал өңірі сақтарынын бейнелеу өңерінің ертедегі үлгілері қатарына жатады. Бұлардың тұмсықтары, көздерінің бітімі ертедегі Алдыңғы Азия мөрлеріндегі бейнелерге өте-мөте ұқсас, бірақ мүйіздерінің салынуы бейнелерді скифтер заманындағы Қазақстандық-Сібірлік мәдени ортамен жақындастырады.”Тұйағының ұшымен” тұрған бұғынын қола мүсіні де осы мәдени ортаға бейімделеді (Ұйғарақ б.з.б. ҮІ ғасыр).
Көбіне өз ерекшеліктерімен салынған жыртқыш құстын басы түріндегі қаптырмалар көп. Құрбандық шалатын кішкене тас мехраптың өзгеше бір үлгідегі бітімін осындай әуенді, бірақ өз ерекшеліктеріне әбден бейімдендіріп бейнелейді.
Аң стиліне кенінен мәлім әуен-таутеке мен қабанды бейнелеу де Ұйғарақ пен Түгіскеннен кездестірілді. Ұйғарақтағы түйенің басы түрінде жасалған алқада және Түгіскендегі 6-обадан табылған киік мүсіні түріндегі алтын қаптырмада жергілікті сюжеттің бейнелгені сөзсіз. 53-обадағы арыстандарды бейнелеу тәсілімен жаслған Түгіскен қаптырмалары Қазақстан аумағы мен Минуса ойпатынан табылған, аяқтары бүгулі бұғылардың бейнелеріне өте қатты ұқсайды [ 2, 193-195 ].
Б.з.б. Ү ғасырдағы қорғандардан табылған алтын астарлардағы бейнелер Оралдың және Онтүстік Орал өңірінің савромат дүниесінің өңеріне жақын. 53-обадан табылған қынның алтын қалақша-астарында бірінің артында бірі ”жер бауырлап” жатқан ғажайып екі аң бейнеленген; олардың жоңы мысық тұқымдас хайуанға ұқсайды, басы жылқының басы сияқты, ал иығына үшбұрыш түріндегі скифтердің аң стилінде қабылданған геометриялық өрнектер салынған. Түгіскен мен Ұйғарақтың обаларынан табылған барлық өңер заттары. Арал өңірі ауданын скифтік-сібірлік аң стилі ареалына әкеліп қосады. Соңғы жылдардағы зерттеулер оның шекараларын шығысқа, тек Қазақстан далаларына ғана емес, Туваға дейін де кеңеітті. Бұл орайда шығыс ескерткіштерінің бәрі аң стилінің пайда болу мерзімін б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғасырлармен, бірқатар жағдайларда тіпті б.з.б. ҮІІ ғасырдың басы мен белгілейтіні оның жекеленген мәдени аймақтарда өзіндік ерекшеліктерімен пайда болғаны айқын көрсетіледі. Мысалы, Тува, Алтай, Онтүстік Сібір және Қазақстан аумағынын дені Европалық скифтік-сарматтық және Жайық өңіріндегі сарматтық аймақтардан ерекше аймақ құратыны анық. Арал өңірі сақтарының негізінен батыс савроматтық бағдардағы, бірақ Азиялық төлтума ерекшеліктері басым аң стиліндегі ескерткіштері әлдебір аралық жағдай секілді сипатта болуы ықтимал, ал Арал өңірі сақтарынын өздері аң стилінің ареалы болған ең басты екі аймақтын мәдени жалғастырушылары болуы мүмкін [ 14, 174-176 ].
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу