Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Қазақ Алтайында б. з. б. І мыңжылдықтың ортасында және екінші жартысында орын алған мәдени- тарихи процестері қалпына келтіруде көшпелілер ақсүйегінің жерленімдеріндегі аса көркем бұйымдар- скиф- сібір аңдық мәнеріндегі ежелгі көшпелілер өнеріне тән ерекше мәнерде жасалған дүниежүзіне мәшһүр Берелдік қорғандардың материалдары елден ерек.
Микроауданның табиғи- ауа райлық ерекшеліктеріне орай ірі блоктардан тұрғызылған кейбір қорғандардың астында тоңазу линзасын құрайтын белгілі бір жағдайлар жасалған, сондықтан жерлеу камераларында көшпелі сақ ақсүйектеріне о дүниеде серік болуға тиісті заттар- киімдер, ат, ат әбзелдері мен ағаш бұйымдар, ертоқым мен маталар, ағаш ыдыстар мен тері және киізден жасалған бұйымдар едәуір жақсы сақталған. Бұндай ескерткіштердің бірегей ерекшеліктері осында[ 66.665 ].
Қазақ Алтайының
ерте көшпелілері жайлы
Қазақстанның қиыр шығысындағы Өр Алтай-ел аузында жыр болып жырланған, ән болып шырқалған жер жаннаты. Қатон- Қарағай осы асқақ Алтайдың алтын алқасы іспетті. Бұл аймақ ежелден барша түркі жұртының кіндік отаны, ақ жайлау ата -қонысы болғаны да аян. Түгін тартсаң майы шыққан, ағашынан бал тамған қазақтың қасиетті мекені. Орманы нулы, өзені шулы, бұлағы шипалы, ауасы дауалы киелі де әсем жерұйық. Сонымен бірге, Қатон- Қарағай археолог- ғалымдарды табындырған көне тарихтың көзі болып отыр. Кешенді ғылыми зерттеулер жүргізілген Берел обалары әсем таулы жазықтықта, үшінші террасада орналасқан. Бұқтырма жазығының шекарасы Бұқтырма өзеніне құятын Ақ Берел (Ақбұлқақ), Бұланты (Сохатушка немесе Хансу) атты таулы өзендерінің аралығы. Ал шығыстан және батыс шекарасы Бітеу, Кемпіртау тауларымен аяқталып, таулар аралас орман (қайың, қарағай, самырсын, және т. б.), жайылымды өсімдіктермен көмкерілген. Жазықта қорғандар мен самырсын мен қайың өскенін байқауға болады[36.567 ].
Табиғат бұл өңірге аста- төк құт дарытып, оны жер асты байлықтарымен, сарқылмас су көздерімен, әр түрлі аң- жануарлармен, сан қилы өсімдіктермен жарылқаған. Бұның бәрі адамдарға ежелден белгілі еді. Сонау есте жоқ ескі замандардың өзінде адамдар жыл бойы жайылымға жарамды топырағы құнарлы жазық жерлерге қоныс теуіп, аулайтын аңға бай ормандарды игеріп, балығы тайдай тулаған өзендер мен көлдерді жағалай орналасып, тау қойнауларынан мыс пен қалайыға және алтын мен күміске бай кен орындарын таба білген.
Осылайша, Еуразия құрлығындағы мәдени диффузиялар түйіскен тұста орналасқан адамдар тіршілігіне ерекше қолайлы бұл өңірдің табиғи- ландшафттық кешенінің жер асты байлықпен үйлескен өте ыңғайлы географиялық жағдайы мыңдаған жылдардың тоқтаусыз тізбегінде жалпы адамзаттық тарихты айтарлықтай байытқан бірегей мәдени құндылықтар жүйесін жасауға игі септігін тигізді[ 44.654 ].
Теңіз деңгейінен 1120 м. биіктікте “Алтай кереметі” деп аталып кеткен тоң басқан обаларға қазіргі таңда зерттеу жұмыстарын З. С. Самашев басқарған археологтар тобы жүргізіп келеді.
Қазіргі замандағы ғылымда осындай “мәңгілік тоңдаған” обалардан алынған органикалық материалдар мен адам және жылқы мүрдесінің қалдықтарын молекулярлық биология, генетика, медицина, антропология, палеозоология және тағы басқа жаратылыстану ғылымдарының ең жаңа жетістіктері арқылы аса жоғары ғылыми деңгейде зерттеп білудің мүмкіндігі бар. Қазақстанда осы тектес ескерткіштерді ашып, кешенді түрде зерттеу жүргізілудің қай жағынан болмасын, мығымдылығы мол, сонымен бірге ол аса маңызды ғылыми әрі практикалық мәнге ие. Себебі, бұл арқылы ең алдымен Еуразиядағы іргелі де ұзақ тарихқа ие қазақ ұлтының этногенезін, нақтылап айтқанда, қазақ жеріндегі ежелгі тайпалардың генетикалық кодының кейінгі ұрпақтарына ауысуы мен өзгеріске ұшырауы проблемасын жан- жақтылы зерттеп анықтауға болады. Бұдан сырт, осы заманғы ғылымда археологиялық ескерткіштерді сақтаудың, қалпына келтірудің және зерттеп танудың жаңа әдіс- тәсілдерді жарыққа шығып отыр. Бұл да бұрын белгілі және белгісіз болып келген тарихи- мәдени мұрағаттарды жаңа қырынан зерттеп- зерделеп, қазақ мәдениетінің түп төркінін және қалыптасу кезеңдерін одан әрі тереңдей айқындап білудің көкжиегін кеңейте түсер еді[68.655 ].
Міне, осындай ғылыми
ынтаның әсерімен ҚФАЭ өзінің 1996- 1997
жылдары барлап- тексеру жұмыстарының
негізінде Шығыс Қазақстан
Берел кезеңінде б. з. б V- IV ғасырларда атпен жерлеу рәсімі ерте көшпенділердің философиялық түсінігін береді. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде тонаушылар көбінесе қалың тас қабаты мен мола шұңқырындағы тастардың көбін айналып өтіп, жерлеу камерасына бүйірден жол салып, шұңқыр ортасындағы адам жатқан тағанды тонап, бізге адамның толықтай сүйектерін, заттарын табуға мүмкіндік бермеді. Есесіне адам мен жерленген ат мүрделері сол күйінде жетіп отыр. Ат адамның және оны жерлегендердің аса бір сүйкімді жануарлары болғандықтан, өте бір жан тебіренерлік ұқыптылықпен қойылған [ 79.689 ].
Әдемі сындырылып тегістелген тастардан атқа табыт жасалып, жан- жағын және үстін сондай жалпақ тастармен қымтап жауып, атты мүлдем бекітіп тастаған. Арулап көмілген ат салтанатты әбзелдерімен ауыздықталған, жүгенделген, айылданған күйінде екен [ 57.577 ].
Ерте көшпелілер өз көсемін жерлеу үшін Қазақ Алтайының осы бір табиғаты тамаша әсем жерін кездейсоқ таңдамаған. Қорғандар орналасқан аңғар, әдетте, төңірегінен едәуір биіктеу, жан жағы жасыл желекке толы таулармен көмкерілген жерде болады.
Көне адамдардың мифологиялық түсінігі бойынша таулар ерекше мағына арқалаған, себебі, олардың шыңын құдайлар мекендеген, әрі қайтқан адамдардың жаны жоғарғы һәм төменгі әлемдерді байланыстыратын жерде орналасуы- астары терең нышанның белгісі. Аңғар мен жерленім құрылысы- қорған храмның рөлін атқарған.
Берел даласының көне тұрғындары өз әміршілеріне қайтыс болғандардың денелерінің ұзақ уақыт бүлінбей сақталуына мүмкіндік беретін керемет қабірлер салған. Олар бальзамдау құпиясын білген, ал олардың тас құралымдарынан құрылыс салу тәжірибесі жерлеу камераларында маусымдық тоң линзасының қалыптасу мүмкіндігін қаперде ұстаған. Сірә, осы мақсатқа жету үшін жерлеу рәсіміне қатысты іс- шаралардың бәрі марқұмды тек белгілі бір кезеңде- жылдың белгілі бір уақытында ғана о дүниеге шығарып салуға рұқсат беретін қатаң жүйеге бағындырылған болуы керек [57.543].
Ең үлкен №11 қорғанда патшалық құрған ер адам мен әйел жерленіпті; оларды жуан бал қарағайдың діңінен шабылған және қиманың ішіне жайғастырылып, науа табытқа жатқызылған. Қиманың солтүстік қабырғасының сыртында 13 жылқы қойылған. Колода бал қарағай діңінің бөлігінен ойылған қақпақпен жабылған, оның үсті мұқият өңделіп, тегістелген және оған ерекше мықтылық беретін арнайы құрам сіңдірілген. Колода қақпағының шет шетіне төрт қола, алтынмен апталған фантастикалық құстардың мүсіні- бүркіттік грифондар орнатылған және олар әртүрлі бейнеленген: ұшайын дегенінде, қонғалы жатқанда т. б. (Отчеты с архива ИА, МОН РК, ВКАЭ, 1999- 2003).
Қиманың төбесі бір біріне нық қатарластыра қойылған жартылай қырлы бөренелермен жабылған, оның үстіне ішкі жағы курил шайы (Dazifora fruticoza) тал- шілігінің бұтақшалары және талдарымен әдіптелген қайың қабығының қатпарлы төсемі төселген.
Ресей, Швейцария және АҚШтағы лабораторияларда Берел моласының №11 қорғанының құралымынан алынған ағаштың алдын ала жасалған дендрохронологиялық сараптама нәтижесінде жерленім құралымын салуға пайдаланған ағаштың әр жылдары (арасына 21 жылдан салып) кесілгенін анықтай алдық. Бұл айғақты (басқа қүрылыстардан артылған) дайындылардың бірнеше мәрте пайдаланылғанымен немесе құрғатылған ағаштарды пайдаланумен түсіндіруге болады. Ағаш кесіп дайындау әртүрлі жерлерде әрнеше жылдарда жүргізілгені анықталды. Мысалы, колода дайындалған бал қарағай, қима мен көр үстін көлденең жапқан ағаштар алынған жерден басқа бір жерде кесіліп даярланған.
Сонымен бірге, дендрохронологиялық сараптама негізінде №11 қорғанның салыстырмалы датасы анықталды- б. д. д. 393ж [ 57.355].Көсемнің басында күрделі парик сақталып қалыпты. Оның шаштары, сірә, қысқа болса керек, бірақ желке тұсында бұрымдалған, аттың қылымен байланған бір тұтым шаш қалдырылыпты. Тірі кезінде еркек сақал- мұрт қойған Әйелді, сірә, еркектен кейінірек жерлеген сыңайлы.
Еркектің бас сүйегінің қарақұсында аяқталмай қалған трепанация ізі бар, оның екі түсіндірілуі бар - не бұл бальзамдау кезінде жасалатын миды алып тастаудың әдепкі манипуляциясы, не соғыс кезінде алған соққыдан соңғы қатқан қан мен сүйек сынықтарын алып тастау үшін жасалған медициналық көмек көрсетудің ізі. Қабырғалары мен омыртқаларында көзі тірісінде әртүрлі кезеңде алған көптеген сынықтардың бітеу жаралары бар екені анықталды.
Өлген адамдардың денелеріне жасалатын бальзамдау мен өзге де манипуляциялардың ізін табу үшін сүйектер алдын ала көзбен тексеріліп, зерттелген болатын. Ер адамның бас үйегіндегі трепанациялық тесік осындай манипуляциялардың болғанының айқын куәсі[ 57.55 ]..
Антропологтар еркектің
жасы 30 бен 40 арасында екенін анықтады.
Жерленген адамның
Сөз жоқ, бұл айбарлы да тәжірибелі тайпапар одағының немесе ертедегі мемлекеттік құрылымның көсеміне әбден лайықты жауынгер болған.
Аттар екі қабатқа жатқызылған: төменгісінде- 7, жоғарғысында - 6. Жануарларды басынан темір шотпен ұрып өлтірген. Жылқыларды адамдармен бірге көму белгілі бір мақсатпен жасалған: олар өлген адамды о дүниеге апарып салатын болған немесе соның жол серігі болған.
Ертоқымдар жүн немесе шөппен толтырылған, сырты қызыл матамен тысталған киіз жастықтар секілді. Түсі сары, жирен аттың ертоқымы тұяқты жануарды (бұрынғы) грифонның жәукемдеп жатқанын бейнелеген аппликациямен және кедір- бұдырланған көптеген ағаш салпыншақтармен әшекейленген[34.466 ].
Берел жылқыларының бірегей
сақталу жағдайы олардың
Аттар жүгендеулі және ерттеулі, кейбірінің басына таутекенің мүйізі орнатылған (кейбір жағдайда олары табиғи көлеміндегідей) маска кигізілген. Ат әбзелдерінің құрамында жүген, өмілдірік пен құйысқан, ертоқымның бөлшектері- тоғалар, сулықтар, салпыншақтар, қайыс бөлушілері ағаштан жасалған, кертпелі оюмен әшекейленген және алтынмен апталып, қалайымен қақталған екен. Ат әбзелдеріне орналастырылған жануарлар бейнелерінің ішінде мысық тектес жыртқыштар, таутекелер мен тау қойлары, бұғылар, жыртқыш құстар және фантастикалық мақұлықтар- грифондар, өсімдіктік желілер бар. Көне көшпелілер өнерінде бірнеше жануарлардың түр- сипатын біріктірген фантастикалық мақұлықтың бейнесі үлкен орынды иеленген.
Алайда, №11 қорған материалдарында
Алтай өнеріне тиесіліден басқа,
сирек кездесетін стилистикалық
элементтер бар. Бұл қырынан қарағанда,
грифонның ағаш мүсіні аса қызықты.
Мысық тектес жыртқыштың денесі салынған
грифонның мүсінінде тұмсығы
қайқайған бүркіттің басы бар, ауыз қуысы- дөңгелек пошымды,
рельефті валикпен жиектелген. Көзінен
иегіне дейін жапырақша бұдырлардан құрылған
рельефті “өңіржиек” өтеді. Жуан мойыны
рельефті науалары бар тегіс айдармен
қамтамасыз етілген. Алмалы- салмалы құлақтары
жапырақ пошымдас. Тері мүйіздер мойын
үстіне қарай артқа қайқайған, шеттері
жоғары қарай доғалданған. Грифон денесінде
қанаттарын (тері қанат болар бәлкім) бекітетін
паздар сақталыпты. Аяқтары рельефтеле
жасалған жұмсақ табандармен қамтамасыз
етілген. Бұл бейнеге толық ұқсайтын бұйым
әзірге жоқ. Грифондарды бұлай салу- тегіс,
шашын
қиған секілденген айдар «өңіржиек»- қарастырылып
отырған кезеңдегі
Орталық Азия өнерінде кеңірек тараған
болатын. Берел грифонындағы сәл ашыңқы
тұмсық пен желке жүнінің жоқтығы- таза
жергілікті алтайлық белгі [546.755].
Көне көшпелілердің мифтік- рәсімдік кешенімен байланысты аса бір сүйікті сюжеттері мысық тектес жыртқыштың шөп қоректіні жәукемдеу көрінісі болып табылады. Ол көне берелдіктердің көптеген тоғаларында бой көрсетеді. Оларға тұяқтының бүркіт басты грифонның ауызында бейнеленген басы мағынасы жағынан жақын.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу