Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Скачать документ)

Қытай Алтайындағы ерте темір дәуірінің ескерткіштері  біз қарастырып отырған аймақтағы  ескерткіштермен сыртқы құрылысы, орналасуы  жағынан  ұқсас, тіпті бірдей болғанымен /мақала авторы 2007 жылғы ҚХР-ға жолсапар барысында көптеген ескерткіштерді өз көзімен көріп, мұражай материалдарымен танысқан/ қазірге дейін ресми түрде өкімет тарапынан жүйелі, әрі кешенді археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген. Ғылыми зерттеу ісі тек барлау, тексеріп есепке алу және кездейсоқ жағдайда табылған ескерткіштерді зерттеп-зерделеу деңгейінде ғана. [16.865]

Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің хронологиясы мен  кезеңдеуінде әртүрлі көзқарастардың болуы ғалымдар тарапынан әлі  де жалғасын табады. Осы тақырыпқа  байланысты тыңнан ашылған, әсіресе  Тарбағатайдағы соны археологиялық жаңалықтар мен ізденістер бұл мәселенің мәдени-хронологиялық интерпретациясын шешу жолдарына әкелері сөзсіз.

 

Шығыс Қазақстан  ерте темір дәуірі ескерткіштерінің кезеңделуі

 

Кезеңдеуші ғалымдар

Кезеңдері

Мерзімделуі

Черников С.С.

1)Майемер типі

2)Пазырық типі

3)Құлажорға мәдениеті

б.д.д. VIII- б.д.д.VIIғғ.

б.д.д. VI- б.д.д.IVғғ.

б.д.д. III- б.д.д.Iғғ.

Черников С.С.(1975ж.)

1-ші кезең

2-ші кезең

б.д.д. VII-ІV ғғ.  

б.д.д ІІІғ.- б.д. Іғғ.

Қадырбаев М.Қ.

Майемер

Берел (немесе Пазырық)

Құлажорға мәдениеті

б.д.д. VII- б.д.д.VI ғғ.

 б.д.д. V- б.д.д.IV ғғ.

б.д.д. III- б.д.д.Iғғ.

Н.А. Боковенко мен  Ю.А. Заднепровский

1)бастапқы (Зевакино- Шілікті) 

2)орта (Бөкен )

3) кейінгі (Құлажорға)  – 

б.д.д. (IX ?)VIII- б.д.д.VI ғғ.

 

б.д.д. VI- б.д.д.IV ғғ.

 б.д.д. ІІІ- б.д.д.І ғғ.

 

1)Майемер-Шілікті

2)Берел-Базар шаты

3)Құлажорға- Құлбабас

б.д.д.IXғ.аяғы-б.д.д.VI ғ. басы

б.д.д.VI ғ. аяғы- б.д.д .IV ғғ.

б.д.д. IV ғ. аяғы- б.д. ІІІғғ.


 

 

 

 

 

 

Таулы Алтайдың ерте темір дәуірі ескерткіштерінің кезеңделуі

 

Мәдениеттері

Кезеңдері

Мерзімделуі

Ерте скиф

 

б.д.д. VIII- б.д.д.VI ғ. басы

Пазырық

1)Башадар-Тұяқты

2)Пазырық

3)Кейінгі Пазырық

б.д.д. VI-б.д.д.Vғғ.

б.д.д.Vғ.- б.д.д.IV ғғ.

б.д.д ІІІғ.- б.д.д. IIғ. басы


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. 2. Жетісу  сақ тайпалары археологиялық деректер негізінде

 

Жетісу сақтардың археологиялық  ескерткіштері. Шоғырланған сақ  қорымдары, соның ішінде патша обалары  Шу, Талас, Іле өзендері жағалауларынан, Қырғыз, Іле мен Жоңғар Алатауы, Кетпентау  беткейлерінен, Кеген мен Нарынқол таулы аңғарынан, Ыстық көл қазаншұңқырынан табылған.

Іле Алатауы бөктеріндегі, Алматыдан шығысқа қарай 50 км жердегі, Есік қорымы құрамына кіретін Есік обасы Жетісудағы сақ ескерткіштерінің ең көрнектісі болып табылады. Обаның диаметрі 60 м, биіктігі 6 м. Үйінді астында екі қабір болған-орталық және бір бүйірінде (оңтүстік). Орталық қабір тоналған, ал бүйіріндегісі сол күйінде сақталған. Соңғысы бес қатар өңделіп қырналған Тьян-Шань шыршасынан қаланған, аумағы 2,9*1,5 м және тереңдігі 1,5 м қабір. Лақыт үсті бөренелік біліктермен жабылған. Жақсылап қиюластырылған 10 тақтайдан тұратын ағаш еденде мүрде қалдықтары жатқан. Мүрде қойылған еден бөлігіне ұсақ алтын қаптырмалы мата төсеніш төселгендігі анықталған. Өлік шалқасынан басы батысқа қаратылып, барлық салтанатты киімімен, қару-жарағымен жерленген. Антропологтардың анықтауы бойынша, мұнда жерленген адам 17-18 жаста болған, ал бойының биіктігі 165 см екен[57.854  ]..   

Бесшатыр-сақ тайпаларының зираты. Іле аңғары-оңтүстігіндегі Іле Алатауымен және Малайсары, Шолақтау, Алтынемел және солтүстігінде Қатутау жоталарымен үздіксіз тау сілемдері сияқты сабақтасып, созылып жатқан табиғи өткел.

Іле аңғарының географиялық жағдайы оның тарихи ролін анықтайды, өйткені ол Қазақстан мен Орта Азияны Шығыс Түркістан және Қытаймен жалғастырып тұрған үлкен өткел сияқты. Осының арқасында елдер арасында өте ертеден бастап экономикалық және саяси қарым-қатынастар болып, тайпалар бір-бірімен араласып, бірінің мәдениетіне бірі ықпал жасады.

Сәулетті Бесшатыр обалары  орналасқан Іле өзенінің орта ағысының оң жақ жағалауындағы бір тілкем тар жер солтүстікте Шолақтаумен, ал оңтүстігінде өзеннің өзінің жағалауымен шектелген. Бұл жер жауын және тасқын сулары кесіп өткен үлкенді-кішілі сайларға толы: жауын көп жауғаны болмаса, өсімдікке өте бай емес, ерте көктемде ғана жер түрлі түсті кілем тәріздес құбылмалы дала гүлдеріне толады, ал басқа уақытта Іле өзенінің суы жайылған жерлерінде қамыс пен тал-шілік, жиде, шеңгелер өседі.

Бесшатыр обалары Іле  поселкасынан шығыста 100 километр жерде, Іле өзенінің жағалауынан 3 километр әріде орналасқан Шылбыр сайына кіре беріс жердегі Желшалғыр тауының етегіне орналасқан. Бұл тарихи ескерткішті жергілікті халық Бесшатыр обалары (молалары) деп атайды[ 86.854 ]..

Бесшатыр туралы бірінші  де, бірегей дерек В.Д.Городецкийдің  қол жазбасында кездеседі,  ол «Іле өзенінің оң жағалауында Бесшатыр обасы  орналасқан және оған 1924 жылы В.Парфентьев келіп кетті» деп көрсеткен. Әр жылдарда Жетісуды зерттеген бізге белгілі  зерттеушілердің еңбектерінде бұл ескерткіш туралы ешқандай да деректер жоқ.

Бесшатыр обалары солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 километрге, шығыстан батысқа қарай 1 километрге созылып  жатқан 31 обадан тұрады. Олардың 21-і  таспен, 10-ы қиыршық және топырақ  үйіндісімен жабылған. Обалар ерекше бір тәртіппен орналасқан, бірақ олар азды-көпті жинақталған, солтүстік және оңтүстік топ болып екі топқа бөлінеді. Солтүстік топ алты тас обадан тұрады. Осы топқа сондай-ақ ең үлкен үш оба кіреді: Үлкен Бесшатыр, Екінші және Үшінші Бесшатыр обалары. Оңтүстік топ солтүстік топтан оңтүстікке қарай 500 метр жерде орналасқан, ол бірімен-бірі жалғасып жатқан төрт тас обадан тұрады. Солтүстік-батыс жақта бұл тізбектерге қиыршық тас үйілген бес кішігірім оба жалғасып жатыр. Басқа обалар ретсіз түрде орналасқан.

Обалардың үйіндісіне қарап  үлкен, орташа және кіші-гірім етіп үш топқа бөлуге болады. Үлкен обалардың  диаметрлері 45 метрден 105 метрге дейін, биіктіктері 6 метрден 15 метрге дейін, орташаларынікі 25-38 метр, ал биіктікі 5-6 метрге дейін, кіші-гірімдерінің көлемі 6-18 метр де, биіктігі 0,8-2 метрге дейін барады. Төрт жыл ішінде (1957-1959, 1961) 18 обаға археологиялық қазба жұмысы жүргізілді, оның үшеуі кең көлемді, қалғандары кіші-гірім[ 84.856 ]..

Өкінішке орай, археологиялық  қазба жұмысы жүргізілген обалардың бәрі де (№25 обадан басқасы) тоналған, ал тонпушылар сақ тайпаларының «пирамидаларының» салыну тәртібін жақсы білсе керек.

Тоналғанына қарамастан Бесшатыр обалары мерзімі дәл  анықталынған материалдардан басқа  да (қанжар, садақтың оқтары) Жетісудағы сақ тайпалары молаларының үстіне салынған жаңа тиіпті қондырмалардың құрылымынан, олардың мәдениетінен, құрылыс тәсілінен мәлімет береді, олардың тұрғын үйлер мен діни ғимараттарға ағаш, тас және қамысты қолдану тәжірибелерін жаңаша түсінуге мүмкіндік алып отырғанымыздың өзі құнды мәселе.

Жердің үстіндегі құрылыстың сыртқы көрінісі, үйіндінің күрделі  құрамы және көрнекті жерлеу құрылысы жағынан Бесшатыр обалары тек  моланың үстіндегі үйінді ғана емес, сондай-ақ Жетісудағы ең алғашқы сақ тайпаларының көрнекті архитектуралық ескерткіші болып саналады.

Үлкен Бесшатыр обасы  зираттың солтүстік шығыс бөлігіне орналасқан. Бұл өте үлкен, басқа  обалардан айқын, көтеріңкі тұр. Оның диаметрі 104, орташа биіктігі 15 метр. Обаның сақталған шығыс жағындағы үйіндісінің биіктігі 17 метр. Үйінді кесілген конус тәрізді, оның жалпақ төбесінің диаметрі 32 метр. Обаның ірге жағына бірнеше қабат етіліп тастар қаланған, сондықтан да оның үстінде үлкен үйінді жатыр, үйдің астыңғы қабаты сияқты көрінеді. Үйіндінің солтүстік және оңтүстік жағынан жоғарыдан төмен қарай қазулы жатқан олардың (ені 2 метр) ізі көрінеді. Обаның төменгі жағына таман орналасқан оңтүстік жақтағы ор диаметрі 20 метр және биіктігі 2 метр жалпақтау келген қиыршық төбешікке тіреледі. Үйіндіден 5-7 метр қашықтықта тас дуал бар (ені 2 метр, сақталған биіктігі 50-60 сантиметр).

1961 жылы ұзындығы 35 метр  дуалдың қалдығы тексерілді, ондағы  ой бұзылған қамалдың қалдығы  емес пе екен, соны анықтау  еді. Қазу жұмысы оның қамалдың  қалдығы емес екенін растады. Сондықтан сол кездегі құрылысшылар ескерткішті тұрғызғанда, оны қоршап тұратын дуалды екі есе биік етуді көздеген[85.965  ]..

Келесі көзге көрінерлік ескерткіштердің бірі-үйіндінің  жанындағы үлкен дуалдар мен  бөренелерге тесіп орнатылған дөңгелек тәріздес құрылыстар. Оларды « қорықтар» деп атаймыз. Үлкен обада мұндай қорықтардың саны 94. Олар үйіндінің айналасына шырмауықтар тәрізді орналасқан, сонымен бірге шырмауықтың ішкі жағының басы (№ 1 қорық) тас дуалдан 30 метр жерде, обаның шығыс жағына орналасқан, ал қорықтың (№ 93) ең соңғы шырмауығы тас дуалдан 50 метр жерде, обаның оңтүстік жағына орналасқан. Солтүстік жағында шырмауық қорықтан 70 метр жерден, ал батыс жағында дуалдан 36 метр жерден өтеді. Қорықтардың ара қашықтығы орташа 3 метр, ал қорықтың өз диаметрі 2-3 метр. № 94 қорық обаның солтүстік жағында қорық шырмауығының ішінде орналасқан.

Обадан  солтүстік-шығыс  жақта 250 метр жерде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 40 метерге  созылып жатқан жоғарыда суреттелген  қорықтарға ұқсас тағы да жеті қорық бар. Осы жекеленген қорықтардың жанынан көптеген кіші-гірім саз балшықтан жасалған ыдыстардың сынықтары, кейде олардың ішінен қазандардың тұтқалары да кездеседі.

Бірінші Бесшатыр обасы  Үлкен обалардың солтүстік жағында, ең түпкірде жатыр. Оның диаметрі 52, биіктігі 8,93 метр. Обаның үсті таспен жабылған. Үйіндінің астыңғы жағындағы тастар өте тығыз қаланған. Обаның бас жағы жалпақтау келген, ал шығыс жағында тереңдігі 2 метр, диаметрі 16 метр болып келген ұрылардың тонаушылық әрекетінен кейін қалған шұңқыр бар. Бұл ескерткіштің басқа жанама құрылыстары жоқ.

Бірінші Бесшатыр обасы 1961 жылы қазылды. Қазу жұмысының барысында  оба үйіндісінің құрамын тексеруге  мүмкіндік алынды. Ол үш қабаттан тұрған. Обаның жоғарғы қабатының қалыңдығы 1 метр, ірге жағына қарай 3 метрге дейін таспен жабылған. Ең қалың-екінші қабаты топырақ пен қиыршықтан тұрады, оның қалыңдығы 3,5 метрден  13 метрге дейін жетеді. Төменгі қабаты 1,5 метрден 10-12 метрге дейін жететін ірі сынған тастардан тұрған. Ірі тастар қабатының астында Тянь-Шань шыршаларын өңдегенде алынған бөренелерден тұрғызылған құрылыс бар. Сондықтан да бұл «патшалар» қабірі болып саналады. Қабір жерленген адамның үстіне үйілген қатты қабаттың астына салынған, яғни жердің үстіндегі құрылыс. Бесшатыр қабірі өз заманында ағаштан салынған күрделі құрылыстардың бірінен салынған. Ол үш бөлімнен тұрады: дәлсіз, ауызғы бөлме, қабір. Дәлсіз-ұзын, төбесі биік және ашық, жанама салынған құрылыс, оның көлемі 5,75-1,50 метр. Биіктігі 5 метрден жоғары. Ауызғы бөлме дәліздің жалғасы, сонымен бірге ол қабірдің шығыс жағына жалғасып жатыр. Ол дәлізден 2,5 метр төмен, төрт бұрышты болып келген. Көлемі 1,75*1,25 метр, үсті бес қысқа бөренелерімен жабылған. Осы екі алдыңғы бөлмелердің бүйір қабырғалары ортақ. Олар бірінің үстіне бірі қаланған бөренелерден тұрады. Төменгі бөренелер ірге тастың үстіне орналастырылған. Көлденеңінен қаланған бөренелерді ішкі жағынан жерге 1 метрге дейін қазылып орнатылған бағаналар тіреп тұр. Дәліз бүйір қабырғалар мен қабырға бөренелерінің арасына тығылған кесінді бөренелерменекіге бөлінген.

Қабір текшелеу келген (3,70-3,30 метр), түстік бағыттарға созыла салынған.

Екінші Бесшатыр обасы  Үлкен обадан солтүстікке қарай 100 метр жерде орналасқан. Оның диаметрі-68 метр, орташа биіктігі 9,5 метр. Үйінді таспен жабылған , сондай-ақ, обаның іргесіне бірнеше қабаттан тұратын ірі тастар тығыз қаланған[ 86.588 ]..

Алтыншы Бесшатыр обасы  Үлкен обалар тобына жатады, соның  оңтүстік жағына орналасқан. Үйінділері таспен жабылған, іргесіне тығыз етіліп тастар қаланған. Оның диаметрі 52 метр, биіктігі 8 метр. Обаның жалпақ төбесінің оңтүстік-шығыс жағында тереңдігі 2,5 метр шұңқыр бар. Үйіндінің солтүстік жағында жоғарыдан төмен түсіп жатқан ені 2 метр ор бар, обаның іргесіне қарай ол қиыршықты төбешікпен бітеді.

 Сегізінші Бесшатыр  обасы үлкен обаның жанында  орналасқан. Топырақ, қиыршық тас  араласқан үйіндінің үсті таспен  жабылған, жоғарғы жалпақ жағында  тереңдігі 1 метрге жететін ұрлықтың  нәтижесінде пайда болған шұңқыр  бар. Оның диаметрі 33 метр, биіктігі 5,20 метр. Сегізінші оба 1960 жылы қазылған[96.588 ]..

Тағы бір тамаша ескерткіштің бірі-Оныншы Бесшатыр обасы. Оның үйіндісінің  үсті таспен жабылған. Обаның диаметрі солтүстіктен оңтүстікке қарай 22,4 метр, батыстан шығысқа қарай 25,7 метр. Орташа биіктігі-5,2 метр. Оба 1960 жылы қазылды. Оның үйіндісі екі қабаттан тұрады-тастың астында қиыршықтан, сынған тастан және топырақтан тұратын өте қалың қабат бар.

№14 обаның жерлеу құрлысының негізгі-топырақ пен қиыршық араласқан  қоспадан тұрғызылған қабырғасы  болып саналады. Қабырғаларының биіктігі 1,4 метр, қалыңдығы 1-1,2 метр. Қабырғаларының үстінен үш қатар етіліп төбесі жабылған, бөрененің екі қатары Тянь-Шань шыршасынан, ал жоғары қатары жидеден тұрады.

 №25 обаны қазған  кезде құнды заттар табылды.  Оның үйіндісі тас аралас қиыршықтан тұрған, диаметрі 8,5 метр, биіктігі 1,08 метр. Обаның төбесінде тереңдігі 0,5 метр шұңқыр пайда болған. Ол қазу жұмысы кезінде обаның үйіндісін құраған заттардың төмен қарай, яғни моланың ішіне қарай түсуінен төбені жауып тұрған ағаштың шіруінен пайда болғаны анықталды.

Бесшатыр қорымы Іле  өзенінің оң жағасындағы Шылбыр қойнауында орналасқан 31 обадан тұрады. Олардың 21-і  таспен, 10-ы қиыршық тас және топырақ  үйінділерімен жабылған. Үйінділерінің  көлеміне қарай қорымдағы обалар үлкен, орташа және кіші болып бөлінеді. Үлкен обалардың диаметрі 45 метрден 105 метрге, олардың биіктігі 6 метрден 18 метрге жетсе, кейде ауытқып отырады; орташалары тиісінше — 25- 38 м, және 5- 6 м; кішілерінде - 6- 18 м және 0,8- 2 м. Обалардың тоналмағаны сирек[68.965].

Қазылған обалардың  өзі бұрындары тоналған, дегенмен де Бесшатыр обаларының мерзімін анықтайтын заттай деректер (қанжар, жебе ұштары), сонымен қатар қабір үстіне орнатылған ірі құрылыстардың ерекше үлгілері бар. Диаметрі 104 м, биіктігі 17 м болатын Үлкен Бесшатыр обасы өзгелерден ерекше. Үйіндінің төбесінің сырт пішіні қиық конус тәрізді, жалпақ төбесінің диаметрі 32 м. Обаның тас жамылғысы, табаны жағалай тығыз етіп бірнеше қабат етіп төселген, бұл - орасан зор үйінді орнатқан цоколь секілді болып көрінеді. Үйіндінің солтүстік және оңтүстік жақтарында төменге қарай түсетін ор (ені 2 м болатын шұңқыр болғаны) байқалады. Үйіндінің айналасынан 5- 7 метр қашықтықтан тас дуал өтеді (оның ені 2 м және сақталып қалған биіктігі 50- 60 см). Үйіндімен қатар бір басы көмілген ірі тас бағандардан (меңгірлерден) және үлкен қой тастардан қоршау түрінде тұрғызылған дөңгелек құрылыстар да салынған. Үлкен обада барлығы 94 қоршау бар. Кейбір тік тұрған тас бағандарда қазақ ру- тайпаларының таңбалары қашап салынған. Обаның солтүстік- шығыс жағында тағы да осындай жеті қоршау бар, олар оңтүстік- шығыстан солтүстік- батысқа қарай тізбектеліп жатыр. Олардың маңынан қыш ыдыстардың сынықтары, қазан тұтқалары табылды. Қазылған қоршаулардың көпшілігінде тереңдемей- ақ, жоғарғы қабаттан күл, ыс қалдықтары табылған, обаның екеуінен сүйек қалдықтары, керамиканың сынықтары мен моншақ тастар шықты. Сірә, қоршаулар табынуға (арналып, отқа табыну) және құрбандық шалу ғұрпына байланысты салынған болса керек.

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу