Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Скачать документ)

Кир Томиристің айтқанын тыңдамағаннан  кейін оған шабуыл жасайды. Бастапқы да екі эскер қашық түрып бір-бірмен атқыласады, сонан-соң қоян-қолтық араласып, найзаласады, семсерлеседі, эскерлер ұзақ уақыт шайқасып, екі жақ та шегінуді ойламайды. Ақырында массагеттер жеңіп шығады. Кирдің өзі өлтіріледі де әскерлерінің көбі қаза табады. Кир жиырма сегіз жыл патшалық құрған. Томирис қаза тапқандарының ішінен Кирді табуға бүйрық береді. Табылған соң массагеттердің эйел патшасы торсықты қанға толтырып алып оған Кир патшаның басын салуға бұйрық береді: «Сен мені тірідей өлтірдің, өйткені зұлымдықпен менің үлымды қыршынынан қидың, мен сені сол үшін сені ғана қанға тойғызуға ант бердім. Енді сол қанды іш». Томирис ханның мақсатына осылай жеткен.

Антикалық әдебиеттерде Кирдің сонғы  жорығы жайлы бірнеше күрделі  сюжеттер бар. Кир өлгеннен кейін  бассүйегін қан толтырылған торсыққа салуды бұйырған массагет патшасы Томиристің атына байланысты аңыз, баяндауларда бар дедік. Бірақ Геродот бүл хабарды Кир өлімі жайлы көптеген әңгімелердің біреуі ғана деп есептейді. Кирдің 530 жылдың тамыз басында Узбай жағалауындағы шайқаста қаза болғаны жэне оның денесі жауына ешқандай олжа болмағандығы белгілі, бұған қарсы оның денесі Пасарга қаламына жеткізіліп, оыс уақытқа дейін сақталған, табытқа салынып ёол жерге жерленген. Патшасынан айрылған парсы әскері күйреді ме, жоқ па, Амудариядағы  басып алған жерлерінен эскер  кеттіме, жоқ па, ол жағы белгісіз[64.643].

Осыдан бірнеше жыл бұрын  археологтар Пасаргаттағы Кирдің қабірін  ашуға ұйғарады-Томирис ханым  жөніндегі аңыздың шындығына  көз жеткізгісі келеді. Расында патшаның басы жоқ болып шыққан.Геродот  пен Страбон энгімелерінде иассагеттерің қаһармадығы туралы жэне олардың Алексанр Македонский жағында сақтардың атты әскері болған. Аррианның «Анабазис» кітабынан мәлім болғандай, үлы Александрдың бойшаң жауынгерлері сақ эскерлерінің иығынан әрең келеді. Геродотта скифтердің эскери әдет-ғұрыптары былай сипатталады: Скифтер алғашқы өлтірген жауының қанын ішеді де, өлген қарсыласьшың басын патшасына экеледі. Өйткені ол өзі мертіктірген жауының басын ікелмесе, түскен олжадан өзінің олжасын ала алмайды. Қлақтың түбін айналдыра кесіп, бас терісін сылып алады ды, оны қолдан жүмсартып, өзі мініп жүрген атына байлап алады. Көптеген скифтер одан жамылғы тігіп алады. Жауларының бас сүйегін өңдеуден өткізеді де, оның қастан төменгі бөлігін терімен қаптап, падасына жаратады. Ал егер жеңімпаз дәулетті адам болса, бас-сүйектің ішін алтын мен аптайды да, оны тостаған ретінде пайдаланады. Егер скифтер өз туыстарымен келіспей, араларында қайшылық туса, патша алдында кінәлаушы айыпталуныны жеңіп шықса, бұл ерлігін мақтаныш тұтып, өлген айыптаушының бас-сүйегін жауларынікіндей өңдеп, тұрмысына пайдаланады. Қазіргі Жетісу жері сол заманда сақ патшаларының орталығы болған көрінеді, Өйткені бүл өңірде басқа жерлерге қарағанда қорғандар көп кездеседі. Ішкі Азия аудандарында байырғы замандарда сары шашты көк көзді тайпаллар түрған деседі. Біздің дәуірімізге дейінгі төртінші ғасырда өмір сүрген Чжоу эулеті жайлы жазған. Олар үнемі Қытай мен жауласып келген. Сондықтан Қытайда сары шашты көк көзді жын-шайтанды бекер бейнелемесе керек. Бас сүйектерінің бітісіне қарағанда олар еуропалықтарға ұқсайды. Бұл тайпаларды оңтүстіктегі тайпалар «ди» деп атаса, солтүстіктегілерді «динди» деп атады. Кейбір ғалымдар оларды үнді-герман тегінен шыққан тайпалар қатарына жатқызады. Бәрақ бұл түжырым теріс болса керек. Минусинск аңғарындағы қабірлерді зерттеудің нэтижелері бұл тркырмының іргесін шайқалтты. Сары шашты, көк көзді азиялықтар европеидтердің көне тармағына жатады. Олар кельттердің норд нэсілімен қатар шығып, өсіп-өркендеген үлыстар болуы мүмкін. Сақтардың этникалық процестерге қатысқаны айқын, оалар қазақ, қырғыз, өзбек,тэжік, қарақалпақ және Ауғаныстанның, Иранның, Үндістанның жэне Қытайдың кейбір халықтардың этногезі болып табылады. Сақтар- қазақ халқының көне ата-бабалары. Олар мал бағумен егіншілікпен айналысқан. Олардың жерелерінде суармалы егіншілік жақсы дамыған. Қазбалардан табылған астық бастыратын^жэне дебидай түйетін құралдардың табылу соның дэлелі. Олар өз заманына үлкенді кішілі қорғандар сала білген. Оған ағашты, тасты жэне қамысты қолданған. Бұлардың арасынан бізге дейңн жеткені тек бір ғана қабір болып отыр. Мысалы Алматы қаласынын төңірегінде көптеген қорғандар бар. Есіктегі қорғаннан табылған сақ көсемінің үстіндеғі киімі теріден тоқылған сол алтын апталып, түрлі әшекеймен безендірілген. Бұл адамның мойынында алтын алқа бар. Онда жолбарыстың басы бейнеленген. Сонымен қатар қанатты жэне мүйізді жылқылар, таутекелер, барыстар, арқарлар мен түрлі құстар бейнеленген. Сақ көсемінің киген киімі өте күрделІ эшекейлермен безендірілген. Алтын адамның үстіндегі киімінің ертедегідей сонша бай болуы бұл көсемнің аса құдіретті болғанын көрсетеді. Оның қатамағындағы тайпалар аспандағы құдай мен теңеген де болар. Ал оның үстіндегі киімі сол кездегі патшалар киетін киімнің озық үлгісі болса керек. Есік қорғаны Алматыдан елу шақырым жерде. Есіктегі қорғаннан ағаштан, қоладан, күмістен жасалған жины отыз зерен табылған. Солардың бірінде екі жолдық жазу бар екен. Бұл жазбаны зерттегенде ғалымдар Жетісу жерінде түрған сақтардың тілі Алтай тобындағы көне түркі тіліне жататынына бір ауыздан келісті. Ол көбіне қазіргі түркі тіліне үқсайды. Зеренге жазылған таңбалар Есіктік сақтарыньщ өзіндік эріптері бар екенін көрсетті. Сақтар көне заманда өз тілне сэкес жазуды шығару үшін арамей эліппесінің қаріптерін пайдаланғаны және түркі тілдес халықтардағы тайпалық таңбаларды енгізгені анықталып отыр.

Есікті қорғанының ішінен табылған күмңс тостағанның сырқы жагына руна тэріздес жиырма алты таңба екі  жолға жазылған. Күміс тостағандағы осы таңбалар, біріншіден Жерорта  теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбалар (эсіресе көне грек пен арамей әріоп, атеріне) үйлеседі. Бұл жазуды көне түркі тілінде оңна солға қарай оқыған белгілі түкі танушы Филология ғылымдарының докторы, профессор Алтай Аманжолов былай көшірді : Ага, саңа очук! Без, чок! Букун ічре азук! ... Бүл былай қазақшаланады: Аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы), тізеңді бүк! Халықтың қарны тоқ (болғай)!

Неғұрлым көне парсы сына жазу текстерінде  жаңағы Шығыс Иран тайпалары 8ака  деген жалпы атпен аталған (Персопольдің «е» тексті; Бехистун жазбасы). Бұл терминнің, Авестаның «турлар» деген атауынан айырмасы сол, ол иран, грек-латын, чал одан кейін қытай деректемелерінде кеңінен таралған.

Біршама кейінгі сына жазу тізімдерінде жаңағы (Накши-Рустемнен «а», Сузден «е» жазбалары; алтын жіне күміс қалақшаларға жазылған Дарийдің Хамадан жэне Персеполь текстері; Ксеркстің «антиветтік жазбасы») 8ака термині неғұрлым нақты мазмұнмен толықтырылады. Осы уақыттан бастап бірнеше сақ тайпаларының немесе тайпа топтарының аттары келтіріледі.

Сақ дәуіріндегі бүл көне түркі жазуы, біріншіден, адам о дүниеге барғанда өмір сүреді, азық - түлік керек етеді дегенді білдірсе, екіншіден, халықтың сыртқы дүшпандарды жеңуге бел байлағанын көрсетеді, үшіншіден, халықтың қағанағы қарық, сағанағы сарық болуға үмтылған тілегін білдіреді. Бүл жазудың аса бір қүндылығы - ертедегі Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың (сақ тайпаларының) тілі көне түркі тілі болғандығын тағы да нақты дэлелдей түседі. Сондай - ақ Қазақстан жеріндегі алғашқы көшпенділерде жазу - сызу болмады - мыс деген дә[34.764]стүрлі пікірдің  негізсіз  екенін  айқындап,  бүдан  2500  жыл  бүрын түркі  тілдес тайпалар алфавиттік жазуды білгендігін жэне оны кең түрде біздің дэуірімізден бүрынғы V - IV ғасырлаға шейін пайдаланғандығын куэлэндырады. Туркі руникалық жазуы арғы ата -шқандай күмэн туғызба бабадарымыздың 1500 жыл бойы қолданған төл жазуы екендігІ ешқандай күмән туғызбайды.

Қорыта айтқанда, Есікті қорғанынан табылған «Есікті жазуының»  жұмбағы шешілді. Бұл түркі тілдес халықтар тілі туралы үлкен жаңалық болды. Себебі сак тайпаларының бұрын қай тілде сөйлегені бізге беймэлім болса, енді олардың тілі жөнінде нақты дерек табылды. Тек ерте заманда қытай, грек, парсы тарихшылары жазған деректердегі жалқы есімдер, ру, тайпа аттары, жер жэне адам аттары ғана біздің заманымызға жеткен болса, енді Есікті жазуын талдау арқылы Қазақстан жерін біздің заманымыздан бұрын IV - V ғасырларда мекендеген оңтүстік сақ тайпаларының солтүстік сақтар тобы секілді түркі тілдес екендігі дэлелденді. Сақтардың оңтүстік тобы иран тілінде сөйледі деген болжамының қате екендігін ғалымдардың көпшілігі дэлелдеп шықты.

Есікті қорғанынан табылған сақтың жауынгер көсемінің ғажайып  киім кешегінің басқа да тамаша бүйымдары осыдан бірнеше жыл бұрын Жапонияның астанасы Токиода жэне басқа да қалаларда көрсетілді. Сондай -ак еуразия халықтарының тарихына, мэдениеті мен өнерәне арналған халықаралық ғылыми симпозиумда бүл олжа жұртты таң қалдырды.

Есікті қорғанынан табылған бұйымдар мен эшекейлердің көркемдік  стилі мен нақышы екі арнаға саяды: олар - Алтай - Жетісу жэне перениазит стилдері Есіктідегі қабірді жэне Таулы Алтайдағы Қазырық қорғанын зерттеу олардың негізгі тетіктерінің үқсастығын байқатады. Мүның өзі үланғайыр аймақта тұрған халықтардың мәдениәті ортақ болғанын аңғартады. Мұндай тұтастық әлеуметтік - экономикалық даму деңгейінің шамамен бірдей екенін көрсетумен қатар олардың түрмыс салты, өмірі бірдей болғанын да көрсетіп отыр. Бүл өңірде өмір сүрген тайпаладың туысқандық бірлігі бар екені даусыз. Кейінгі жылдары Іле өңірінің тау бөктері мен Тастақ, Ақсай, Қаскелең, Шамалған, Қарғалы өңірлерінде ашылған қабірлер бұрынғы заманда тоналған болып шықты. Әр кезде археологтар сақтардың мәдениті жоғары балғанын дәлелдейтін ғажайып олжаларға кездесіп жүр[70.654 ].

Дүниежүзілік мәдениттегі мәдениеттегі әйгілі көріністердің бірі-сақ өнері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. 3. Сақ тайпалары  қытай деректерде

 

Ежелгі сақтар мен  үсіндердің ең іргелі ата қонысының  бірі — қазіргі Шыңжаң, яғни байырғы  Шығыс Түркістан өлкесі. Бұл өлке көне заман-дардан бері Орталық Азияның, тұтас Еуразияның саяси және этно-мәдени тарихында өте маңызды орын алып келді. Шынжаң б. з. д. бірінші мың-жылдыңтың аясында және одан кейінгі "Халыңтардың ұлы қоныс аударуы" дәуірінде сұрапыл жүрген этно-мәдени ауыс- түйістер мен көші- қон үрдістерінің тоғысар" торабы болды. "Ұлы Жібек жолының" барлық тармақ жолдарының бір- бірімен түйісер тұсы да осы Шынжаң жерінен өтті. Байтақ Еуразия даласының төрт атырабындағы көшпелі және отырықшы өркениеттер өзара ұштасып, ықпалдастықта болып, бір- бірін байытқан өзгеше бітімді мәдениеттің ошағы болды.

Сақ және үйсін ескерткіштері  Шынжаңның барлық өңірлерінен кездеседі. Олай болатын себебі, Шынжаң Ордостан Қара теңізге дейінгі кеңістікті алып жатңан "Скифтік- сібірлік мәдени қауымдастың" аймағының кіндік тұсына орналасқан. Осы жерге дейін сақ және үйсін ескерткіштерінің жиі ашылған жерлері — Іле аңғары, Еренқабырға, Орталық және Шығыс Тянь- Шань тауларының баурайлары, Шығыс Памир, Алтай және Тарбағатай тауларының қойнаулары, сондай-ақ Жоңғар Алатауының бөктерлері т. б. Бұл өңірлерден табылған ең танымал ескерткіштер деп Алагоу, Шанбаба, Ярғол, Құлансарың т. б. обаларынан қазып алынған және Баркөл, Күмыл, Тұрфан, Алтай өңірлері мен Іле аңғарынан кездейсоқ жағдайда табылған құнды жәдігерлерді атауға болады  [ 34.929].

Іле аңғары — Тянь- Шаньның жеке сілемдері болып табылатын Ерен-қабырға,  Борохоро; Нарат, Қарлық және Кетпен тауларының қоршаған аралығында жатқан таулы- ойпатты өңір. Орталық Азиядағы табиғаты тамаша, құтты мекендердің бірі, былайша айтқанда, жер жаннаты Жетісудың басы десе де болады, ол Казақстанның Алматы облысымен шектесіп жатыр. Іле аңғары — көшпелі және жартылай көшпелі малшылыққа да, егіншілікке де аса қолайлы өлке. Көне қытай жазба деректемелерінде сэ деп, кейде сэчжун деп аталған ежелгі сақ тайпаларының бірі, яғни өзге деректерде аталатын тиграхауд сақтарының жетісулық тармағы осы өлкені мекен етті. Ал онан кейінгі кезең-дерде Іле аңғары үйсіндердің іргелі бір ордасының құт қонысы болды.

Іле аңғарынан табылған сақ-үйсін ескерткіштерінің көпшілігі  Іленің жо-ғарғы салалары деп есептелетін Күнес, Текес, Қас т. б. өзендердің жазық алқаптары мен тау бөктерлерінен ашылған. ҚХР- да 1989 жылы жүргізілген тарихи- мәдени ескерткіштерді жаппай барлап тексеру кезінде бұл аймақтан көне сақ-үйсін дәуірінің топырақтан және тастан үйілген үлкенді- кішілі обаларынан он мыңнан астамы есепке алынған. Олардың арасынан диаметрлері 100—150 метрге дейін жететін әйдік обалар да жиі кездеседі. Осы күнге дейін ресми археологиялық қазба жүмысы жүргізілген ескі қорымдар — Іле Қазақ автономиялы облысының Чжаосу (Моңғолкүре) ауданындағы Сарқобы, Шаты, Бома, Чжунмачан, Текес ауданындағы Имуча Шыңлы ауданындағы Қаратөбе, Чоңкөк, Жырынтай, Синьюань (Күнес) ауданындағы Хэйшаньтоу, Чжунянчан, Темірлік, Шапшал ауданындағы Судунбұлақ және т. б[ 92.210 ]. Аталған қорымдардағы обалар көбінесе топырақтан, тастан үйілген, олардың сыртқы айналасы таспен қоршалған, кейде обаны айналдыра таяз ор қазылған, ірі және орташа обалар солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле орналасқан. Обалардың астынан көбінесе бірден, кейде екі және одан да көп көр қазылған, көрлер тік шұңқырлы және жан ақымды болып келеді. Мәйіттер жеке-жеке кейде жұптастырылып, бастары батысқа беріліп, шалқасынан жатқызылып жерленген. Көрге бірге қосып көмілген ақиреттік бұйымдардан қыш, қола, темір, сүйек, ағаш және алтыннан жасалған заттар кездеседі. Қыш ыдыстар көбінесе қолмен жапсырылып жасалған сыңар тұтқалы және түтқасыз құмыралар, тостағандар, көзелер, күбілер мен табақтар т. б., сондай-ақ кейде қыш шамдалдар мен шырағдандар да кездеседі. Бір айта кетер жайт, Іле аңғарынан сол дәуірге тән бояулы қыш ыдыстар да көп табылған. Бояулы ыдыстарға көбінесе үшбүрышты, тор көз, иректі және жапырақ тәрізді жолақтар және т. б. алуан түрлі өрнектер салынған. Ескерткіштердің ғылыми әдістермен анықталған мерзімі б. з. д. VIII ғасырдан б. з. II—III ғасырларына тура келеді[92.211 ].

Осы күнге дейін ҚДР- дың Іленің Қазақ автономиялы  облысы аумағында, яғни Іле аңғарында  жүргізілген археологиялық зерттеулердің  нәтижелері ол өлке мен оған шектес жатқан Қазақстанның Жетісу жеріндегі бада сақ және үйсіндердің археологиялық мәдениетінің біртектес, біртұтас екенін айқын көрсетті. Антропологиялық- нәсілдік бітімі жағынан да бірыңғай әрі бірдей екенін ғалымдар нақты дәлелдеді.

Іле аңғарының ежелгі көшпелілері дәуіріне тән, атап айтқанда сақтар-дың баға жетпес бірегей ескерткіштерінің бір тобы аталған аймақтың бірсыпыра жерінен кездейсоқ жағдайда көмбелерден табылған қола бұйымдардың жиынтығы болып табылады. Солардың бір тобы 1983 жылы Іленің бастауы болған Күнес өзенінің алқабынан кездейсоқ табылған. Олар — сақ көсемінің қоладан құйылған мүсіні, қола қазандар, қола шамдалдар мен шырағдандар, қанжарлар мен семсерлер, сондай-ақ өзге де діни-ғүрыптың заттар.

Олардың ішіндегі жұрттың  назарын бірден өзіне баурайтын  тамаша жәдігерлердің бірі — қоладан құйылған сақ көсемінің мүсіні. Мүсіннің биіктігі 40 см, салмағы 3 кг, қалыпталып құйылған, іші қуыс, кейбір тұсы дәнекерленген, мүсіннің басына ұшы имектеліп келген шошақ төбелі, дөңгелек жұлықты бөрік кигізілген. Мүсін белден жоғары және тізеден төмен жалаңаш, ал бел тұсына қысқа көйлек (?) немесе нендей бір ғүрыптың киім (?) киген кейіпте бейнеленген, бір тізерлеп жүрелеп отыр. Екі қолын екі тізесіне қойып, әлде қандай бір затты ұстап отыр, заттың тұғыры қалып, өзі бүлініп жоғалған. Мүсін аса келісті сомдалған, шымыр тұлғасын еңселі ұстап, тіке алға қарап, аса салмақты да, сабырлы отыр. Онда кейіптелген кейіпкердің түр- әлпеті нағыз сақтың келбетін елестетеді [74.910 ].

Дәл осыған ұқсас қоладан  құйылған сақ мүсіндері Орталық Азияда сирек кездеседі. Аталған мүсінді қытай ғалымдары б. з. д. V—III ғасыр-лардағы сақ сарбазының (батырының) мүсіні деп түжырымдаған. Әрине, сақтар шетінен батыр болған, алайда мүсіннің жалпы бейнесіне қарағанда ол жай батыр емес, бір тайпа елді басқарған көсемге ұқсайды. Көсем болғанда да оның белгілі бір діни-ғұрыптьқ рәсімге |атысып отырған сәті бейнеленген сияқты, немесе сондай бір діни-ғұрыптың салтты басқарып-жүргізіп отыратын баңсы-абыздардың бірі шығар, қалай дегенмен де ол сақ қоғамындағы бойында бірнеше түрлі қасиеті мен лауазымы және жоғары мәртебесі бар әйгілі тұлғалардың бірінің мүсіні екені даусыз [54,190 ].

Күнестік қола бұйымдар жиынтығындағы келесі бір құнды  жәдігер — үш бұтты қода қазан. Биіктігі 44 см, қалыппен құйылған, бүйірі шығыңқы, онда үштар белдеулетіп салынған өрнегі бар, үш бұты аң немесе жануардың тұяғы тәрізді етіліп құйылған, оның өзі көшпелілердің  құрбандың шалу рәсіміне байланысты болса керек. Бұл  қола қазан да Алматы маңынан табылған жетісулік қола қазандардың кейбірімен әбден үқсас, ,бейне бір шебердің қолынан шыққандай бір-бірлерінен аумайды. Аталған жәдігерлермен бірге табылған екі қола гривна да ерекше назар аудартады. Олардың біреуінің шығыршығының түйісер тұсында бір-біріне айбат шегіп тұрған бір жұп барыс, екіншісінде де өзара шекісіп тұрған бір жұп қанатты барыс мүсіндері сомдалған. Бұлар да ежелгі көшпелілер мәдениетінде сирек кездесетін заттар, ғылыми болжамдар бойынша оны тайпа көсемдері немесе бақсы-абыздар белгілі бір діни-ғұрыптың салт-рәсім кезінде мойындарына киіп, іс жүргізетін болған.

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу