Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Әдетте ру тайпа ішінде жәй адамдар өлгенде, олардың туған-туыстары да өлген кісінің мүрдесін арбаға салып, жақын жұрағаттарын аралайды. Олар ас-тағамын әзірлеп қаралы топты қарсы алып, шығарып салып отырады. Бүндай рәсім 40 күнге жалғасқан соң барып, өлікті жерлейді. Олар өлушіге өзінің ең көрнекті киімін кигізіп, сауыт-сайман, ат-әбзел, ас-тағамын қоса көмеді. Көзі тірісінде жақсы көретін атын да пышаққа жығып, қабірінің қасына көмеді. Бұндай қабірлер жалпақ тастар мен топырақтан қаланып, айналасына қиыршық тастардан жол сорабы жасалады. 1976, 1978 жылдары Ерен-қабырға бөктеріндегі Алагу сайының шығыс аузынан төрт жерден тік ақымдап қазған ағаш табытты сақ қабірі байқалады. Бұл қабірлер де тас кесектерінен тұрғызылған, пішіні дөңгелек, диаметрі 5 м, биіктігі 1 м. шамасында, олар бір-бірімен қатарласа терістік шығыстан оңтүстік батысқа қарай көлбеп жатыр. Ал, қабірлердің әрбір ішкі ақымы шығыс-батыс бағыты бойынша келген. Ең үлкенінің ұзындығы — 6,56 м, кеңдігі — 4,22 м, тереңдігі — 7,1 м. Ақым ішінде малта тастар мен үлкен жалпақ тас қойылған. Оның астын-да — ағаш табыт. Ағаш табыт тағы да диаметрі 10—24 см-лік қарағай шөркелермен 1 м. биіктікке дейін айқастыра бастырылған. Адамның мүрдесі табыт ішіне қойылған, оның бейнесі екі адамға ұқсайды, сүйек бітімдері ерекше жуан. Енді бір үлкен қабірде жап-жас әйел жерленген, оның бас сүйегін әлде-қандай өткір нәрсе тесіп өткен, диаметрі 0,5 см-лік тесікбар.
Бұл фактілер сақ мемлекеті
б.д.д. V—III ғасырда әлдеқашан құлдық
қоғам сатысына өткендігін түсіндіреді.
Аталмыш археологиялық
Дей тұрғанмен, сақ әйелдердің қоғамдық орны едәуір жоғары болатын. Олар ерлермен бірге әлеуметтік істерге араласудан басқа тұлпар мініп, ту алып соғыс шебіне де аттанып кете беретін, әрі соғыста өте жанкешті жауынгерлігімен көзге түсетін. Грек жазушысы Кияутс сақ әйелдеріне деген сүйінішін: «Сақ әйелдері — нағыз батырлар, олар соғыстың қиын сәттерінде ерлермен бірге қасап қырғынға кіріп кетеді» деп білдірсе, Алимарт Александр: «Мен соғыста ерлерден кем түспейтін массагет әйелдерін, құдды ерлердей садақты сарната толғайтын өзге сақ әйелдерін жақсы білемін» деп жазады. Б. д. д. VI ғасырдағы массагеттердің әйел шахы Томирис ері өлгесін, қалың қолға өзі бас болып, парсылардың қалың қолын ойсырата жеңеді. Кейінгі кездегі үйсін әйелдерінің ер көңіл, адуындығы да сол ескі кездегі сақтардан жалғасқан қасиет болса керек. Үйсіндер де әйелдердің қоғамдық орнын жоғары қоньп отырған[ 74.753 ]..
Сақтар заманы толассыз атыс-шабыстың, есеңгіреткен жаугершіліктің заманы болатын. Сондықтан әр азаматтың белден асынатын бес қаруы сақадай сай түруы керек болды. Сақтардың соғыста қолданатын қорғаныс бұйымдары дулыға, қалқан, шарайна, сауыт еді. Әу баста мұндай құралдар мықты болу үшін терімен тысталып, сыртынан сүйек және ат тұяғынан жасалған теңгешелермен қапталған. Қола мен темірдің өмірге енуіне байланысты ендігі жерде мұндай жарақтарға сүйек пен ат түяғының орнына қола мен темір пайдаланатын болды. Соғыс кезінде жылқы жануарының орны бөлек болғандықтан жауынгерлер жан серігі арғымақ аттарын қауіп-қатерден сақтау үшін сауыттай мінетін. Геродоттың сақтар аттарын мыс сауытпен омыраулап, алтын сағақ пен алтын ауыздықты жүген салып мінеді дегені де сондықтан болса керек[ 34.754 ]..
Сақтар жекпе-жек соғыста айбалта (гүрзі), найза, семсер, садақ, жебе сияқты құралдарды пайдаланған. Бұлардың ішінде скифтердің семсері қысқалау, ал сарматтардікі ұзындау келеді. Бұған қоса скифтер кісіге алыстан үйіріп тастайтын шалма арқан (Іаззо) мен тас лақтыратың зақпыны да (Зііпд) пайдаланған. Скифтер осы құралдардың ішінде садақ пен жебені көптеп пайдаланған. Сондықтан әріқандай сақ жауынгері садақ пен жебе жастанып жатып өлетін. Олардың жебелері қысқа һәм өткір келетін. Жебелердің ұшын алғашында сүйек пен тастан жасаса, кейін қола мен темірден жасады. Алып жүруге қолайлы болу үшін қорамсақ пен садақты бір жерге байлайды. Сақ молаларынаы табылған қорамсақ пен садаққап көрөр көзге өте әдемі. Сақтар ат үстінде келе жатып алыстан көздеп жебе тартуга шебер болғандықтан «Ат жалында ойнаған садақшылар» деп аталған.
Сақтардың рухани мәдениеті хақында тарихи шежірелерде біраз айтылады. Қытай мен КСРО ғалымдарының археологиялық қазба жұмыстары да ол жайында мәлімет береді.
Өндіргіш күштің дамуы тәмен деңгейде болған сонау ерте заманда-ақ сақтардың өз діндері болды. Олар ата-баба рухына тәу етті. Кейін келе күллі ғаламның тылсым сырдарына бой ұрып, барлық табиғи құбылыстарға тәу етуді бастады. Геродот көшпелі массагеттер жайында жаза келіп, «Олар күллі тәңірлер арасында тек Күнге ғана тәу ететін, олардың Күнге шалатын құрбандықтары — жылқы жануары. Олардың жылқыны құрбанға шалу себебі, бұл фәниде желдей ұшқыр тұлпар аттар ғана күллі құдайлар ішінде күнге тез жетеді деп қарауынан» дейді. Отырықшы сақтар жерді «Ана құдайға» балап, тәу еткен. Сақтар үнемі жау-жалам күндерді бастарынан кешіп отырғандықтан соғыс піріне де қатты табынатын. Олар селебе-семсерлерін жерге шаншып қойып, семсердің ұшынан сүт пен қан тамшылатып, алдағы алапат қан кешуден аман өтуді тілейтін.
Сақтар да парсылар секілді мәңгілік от пен қасиетті суға табынатын. Хорезмдегі байырғы жұрттан «От күмбезінің» орны табылған. Ертеде адамдар сол «От күмбезінің» ішіндегі қасиетті отқа тәу еткенге ұқсайды. «Хорезм» топонимінің мағынасы да «күнді өлке» дегенді меңзейді («Хорехвар»— «күн» дегенді, «зем зимин»— «жер» дегенді білдіреді) [63.435 ]..
Сақтар да алғашқы кездегі өзге халықтар секілді аурудың келу себебін адамның өз бойынан емес, сыртқы рухани факторлардан іздейтін. Сондықтан біреу сырқаттанса, бақсы-балгерді әкеп, дұға оқыттыратын. Әсіресе, патша ауырса, тәңірлердің қитығына тиіп, жерге келіп пәле-қала таратып жүрген әлдеқандай біреулердің сілесіне қалды деп есептеп, бақсы-тәуіптерді шақырып әкеп, ол адамның заты кім екені жөнінде бал аштырады. Бақсы кімді пұсқаса, сол адамның табақта басы алынып, дүние-мүлкі талауға түседі.
Байырғы сақтар тілінің қай тіл жүйесіне кіретіндігі туралы тарихи деректер жоқтың қасы. АҚШ ғалымы \Ү. М. Медоуетт: «Сакияндар (сақтар-ауд.) мен сарматтардың тілі үнді-европа тіл жүйесіне кіреді, бірақ, соның ішінде «ариян» немесе үнді-иран тіл жүйесіне тіпті де жақын, былайша айтқанда, Солтүстік Түркістан мен оның айналасындағы тілдер үнді жүйесіндегі үнді-европа тілінен гөрі иран тіліне жақын» дейді. Мен бұл пікірді жақтай қоймаймын. Кей оқымыстылар қытай, парсы, грек тарихындағы сақтардың ру-тайпалары, шет-шекарасы, кісі аттары жайындағы атауларға талдау жасай келіп, «б.д.д. VI ғасырдан IV ғасырға дейінгі Қазақ даласының сол бөлігіндегі сақтар түркі тілін, оң белігіндегі сақтар иран тілін қолданған» деп есептейді. Бұл біраз ақылға қонады. Өйткені, сақтар бұрын шығыс аймақтарға қоныстанған, ол кезде олардың тілі ұлы гиүзилер, үйсіндер тіліне ұқсайтын, әйтпесе, ұлы гиүзилер мен үйсіндерге Іле бойына келген сақтардың қысқа уақыттың ішінде сіңісіп кетуі мүлде неғайбыл еді. Егер тіл ұқсастығы болмаған жағдайда мүндай сіңісу барысының неше ондаған жылдарға созылуы, тіпті болмай қалуы да мүмкін. Тек ұқсас тілді халықтар ғана мүндай бейбіт сіңісудің жемісін көре алады. Бұдан біз сақтардың да бұрын түркі тілін қолданғандығын, батысқа көшіп, Иран шегіне жеткесін, ондағы иран тілдес халықтармен ұзақ уақыт бірге өсіп, біте қайнасудың әсерінен Қазақ даласының алыс түстігіндегі сақтардың иран тілін қолданып, ал солтүстікте — Қазақ даласында қалған сақтардың жалғасты түркі тілін қолданғанын байқаймыз[ 68.854 ]..
Бүгінде қазақ халқының этникалық
күйі байырғы сақтардан қалған нәсілдік
тек бар солай, сақтардың иран
тілін қолданған сақталып қалған
иран тілінің элементтері»өзінен тілінен
табылады. Екі мың жылдан астам жалғасқан
тілдің ұзақ уақыт даму процесінде қа
қ тілдік элементтердің көп өзгеріске
ұшырауы осындай құбылыс». Қазақ тарихшысы
Н. Мыңжанұлы пікірінше, қазіргі қазақ
тіліндегі «бей», «на» пікірінше қосымшалары
иран тілінен келген.
Мұндай үстіне жыртқыш-тағылардың мүсіні кейіптелген дөңгелек, шаршы табақтар, сирақтарына жыртқыш кейіптелген даңғара қазандар — сақтар мәдениетінің айшықты үлгілерінің бірі. Мұндай мұрағаттар Қазақстанның Тянь-Шань тау бөктерлерінен, Жетісу алқабынан үнемі кездесіп отырады. Сонымен бірге, әлгіндей «тістескен жолбарыс», «қа-натты мақұлықтар», олардың сақиналарына жұптасқан бейнесі, жасалу ерекшеліктері жұптасқан бейнесі, жасалу ерекшеліктері де нағыз сақ өнеріне сай келеді. Бұдан сырт Еренқабырғадағы Алағуден көптеген жолбарыс суреті салынған дөңгелек алтын теңгелер табылды. Ал, Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысынан да осы тектес қабылан бейнесі бәдізделген дөңгелек алтын тенгелер табылды. Мұндай жыртқыш хайуандардың кескін, бейнелері сақ-скиф бейнелеу өнеріндегі негізгі өрнек үлгілерінің біріне жатады.
Осында ерекше айта кетуге тиістісі сақтардың алтынды қатты бағалайтыны. Сол заманда алтын бұйымдар мен алтын әшекейлер өте көп қолданылғандықтан, қазылған қабірлерде де көп кездеседі. Алагуден табылған алтын бұйымдар да баршылық, оның үстіне өте сапалы. Сондағы төрт орынның (қабірдің) төртеуінен де алтын бұйымдар табылды. Олардың көбі денеге, киімге тағатын әшекейлер. № 30 қабірді мысалға алсақ, одан жолбарыс бедерлі теңгеден 8 дана, қарама-қарсы жолбарыс бейнесі түсірілген алтын қағаз 4 нүсқа, аузын ашып атылып бара жатқан арыстан бейнесі салынған алтын қағаз — 1 нүсқа, ромбы тәрізді алтын әшекейден — 3 дана, дөңгелек, кесегірек алтын жәлемшеден 33 дана, кішірегінен (әйел мүрдесінің бас жағынан табылған) 10 дана, тал жапырақшаларындай алтын әшекейлерден 100-ге тарта, бұранда тәрізді алтын түйреуіштен 33 дана, одан басқа тәрт бұрыш, сопақ, алты бұрыш формалы алтын жапырақшалар, алтын шеге, алтын сақина, алтын жіп т. б. табылды. ұзын саны 200-ден асады2. Бұлардың бәрі тонауға ұшыраған (ұрланған) моладан қалған тәжіге, киімге, етікке, өнебойға тағатын алтын әшекейлер. Ал, күміс бүйымдардан осында табылғаны небәрі 7 нұсқа[ 4.364 ]..
Бұдан алтынға тәу етудің сақтар өмірінің ерекше бір белгісі екенін байқаймыз. Геродот Орта Азия сақтарының мінездемесін жасаған кезде Сакияны (сақ) патша ордасындағылардың алтынға әте ыждағатпен қарайтындығын, әр жылы оны айрықша әспеттеп, тасаттык, беретіндіктерін, әркім оған тәу етіп, киім-кешектеріне әшекей ретінде тағып, тұмардай сақтайтындығын, «Акадрсойлықтардың басқаларға қара-ғанда сән-салтанатқа бейімділігін, тіпті киімге алтын әшекей тағуға өлердей құмарлығын»1, Скифтердің өнер туындыларының көбі киімге, айыл-тұрман, әбзелдерге тағатын алтын әшекейлер екендігін2, патша өлгенде «қабірінде алтын қадақтарды қоса қоятындығын» жазады. Кеңес ғалымдары да сақтардың алтынға деген ғажайып әуесін растайды. 1981 жылы 11 тамызда КСРО ТАСС агенттігі Алматыдан: «Батыс Қазақстаннан б.д.д. ІІІ-Ш ғасырларға тән ежелгі сармат сарбазының алтын киімі табылды. Бұл киімнің құрамаларын Еділ, Жайық өзендерінің арасындағы бір моладан қазып алынды. Ол тері тонға қадалған 600-дей алтын түймеден (теңгеден — ауд.) құралған. ...Бұл моладан тағы бір металл қазан алынды, қазанның ішіне көрінісі ерекше көз тартқан алтын алқа қойылған» деп хабарлады.
Сақтарға тән тағы
бір ерекшелік — олардың
1967—1970 жылдары Қазақстанның
астанасы Алматыдан 50 км. жердегі
Есік өзенінің солтүстігіндегі
Есік сақ моласынан көп
Осы Есік қорғанынан тағы да 30 кесе табылды. Кеселердің сыртында күміспен булаған нақыштар және 26 әріптен түратын екі қатар жазу бар. Осы жазуды ұзақ зерттеген ғалымдар: «Есік жазуы күні бүгінге дейін байқалмаған алфавиттерден құралған. Есік жазуының байқалуы ежелгі Қазақстан топырағында бұдан 2300—2500 жыл бүрын тұрғындардың өз алдына жазу ойлап тауып, пайдаланғандығын түсіндіреді» деп есептейді. Бұл жазулар бүгінде «Есік жазуы» деп аталады[ 5.464 ]..
Қытайдағр Еренқабырға қойнауындағы Алагудегі тік ағаш дүбірлерден сырлы бұйымдар, жібек кездемелер табылды. Сонымен бір уақытта жылқы ауданындағы Нұрасай мыс кенінің орнынан кориялдардан кен шығаратын таразы тас табылды. Оның ортасы ойқыл, үш жағында да байлауға қолайлы болу үшін жасалған кертпек бар. Бүл сияқты тас Дайе ауданының Тоңлү тауындағы Жанго, Чүнчю дәуіріндегі металл еріткен орыннан да байқалғанды. Мұндай ұқсас тастардың жиі кездесуі әсте кездейсоқ құбылыс емес. Ол бәлкім ежелгі Орта жазықтың (Ішкі Қытай — ауд.) металл өңдеу әдістемесінің Батыс өңірге жасаған ықпалының нәтижесі болуы да мүмкін. Нұрасайда кен орны ашылған дәуір туралы ондағы үңгір тіреулеріне, ішінен өскен ағаш өсімдіктерге С-14 әдісімен талдау жасаған кезде бұдан 2440+75 жыл бұрын болғаны анықталды. Бұл Жанго дәуірінің бас кезіне тура келеді. Ал, Еренқабырғадағы Алагу сақ молаларының дәуірі де Жанго дәуірінен Батыс хан патшалығы дәуіріне дейінгі уақытқа тура келеді. Бұл Алагудегі сақтар моласы мен Нұрасайдағы кен орнының бір кезеңге тән ескерткіштер екендігін әйгілесе керек. Бұған қарап Хан патшалығының патшасы Хан Уди Хэши дәлізінің батысына қатынаудың алдында. Орта жазық пен Іле бойындағы көшпелі сақ қауымы белгілі мәдени, экономикалық байланысты болған ба деген ой туады. Егер бұлай болса, онда осы екі аралықта «Жібек жолы» да баяғыдан болғаны. Онда бүл жол Лобнор мен Түрпанды басып, Алагу арқылы үлкен, кіші Жұлдыз жайлауынан өтіп, батыста Күнес, Текес, Қорғас өңірлерін басып өтіп, Орта Азия аймағына қарай созылып жатқан болады. Осында ол терістік Қытайдан басталып Еренқа-бырғамен және Таңну — Үранқай ойпатымен батысқа қарай Алтайдан өтіп, Еділ, Жайыққа дейін баратын «Далалық жібек жолына» қосылып, көздеп атқан жебедей түп-тура Европаның кіндік тұсына дейін барып жетеді.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу