Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................... |
3 |
І ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ САҚ ДӘУІРІ ЕСКЕТКІШТЕРІНІҢ АЙМАҚТЫҚ ТАРАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
|
1.1 Шығыс Қазақстан мен Жетісу өңірін мекендеген сақтардың ескерткіштері .............................. |
11 |
1.2 Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
.............................. |
28 |
1.3 Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері..... |
35 |
1.4 Батыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері................. |
45 |
ІІ ҚАЗАҚСТАН САҚ ДӘУІРІ ЕСКЕТКІШТЕРІНІҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ |
|
2.1 Қазақстандағы сақ дәуірі ескерткіштерінің негізгі ортақтастықтары мен ерекшеліктері................. |
51 |
2.2 Қазақстандағы сақ дәуірі ескерткіштерін кезеңдеу мен мерзімдеу мәселелері.................... |
68 |
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
75 |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................... |
77 |
ҚОСЫМШАЛАР.................... |
81 |
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Кез келген өркениетті ел өз тарихының тамырын тереңнен іздестіретіні белгілі. Тарихының бастауын ежелгі дәуірлерден таратқан мемлекет мызғымас саяси-идеологиялық сана қалыптастырып, онда ұлттық құндылықтар негізінде қоғамдық келісім және демократиялық өрлеу, нарық пен ғылым байланыстары дамиды. Сондықтан да ұлттың болашағы үшін өткенге бет бұру, одан сабақ алудың маңыздылығы ешқашан өзектілігін жоймайтын құбылыс.
Еуразия тарихы мен өркениетінің көптеген түйіткілді мәселелерінің түйінін шешетін Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірі ескерткіштері болып табылады. Аталған тарихи аймақта ерте темір дәуірінде тіршілік еткен тұрғындардың мәдениетін зерттеу отандық тарихнамадағы көкейтесті мәселелердің бірі екендігін оның жалпы Еуразия тарихымен тікелей байланысты екендігі де аңғартады. Себебі, Қазақстан аумағында басталған халықтардың Ұлы қоныс аударуы сынды күрделі тарихи үдерістер Еуразияның этникалық, саяси және тарихи картасын түбегейлі өзгеруіне әсер етті. Нәтижесінде, қарастырылып отырған Қазақстан аумағының мәдени дамуы, тұрғындарының этникалық келбеті мен заттық мәдениеті де азды-кемді өзгерістерге ұшырады. Мұндай өзгерістердің барысын, қайнар-бастаулары мен тарихи жазба деректердің кемдігіне байланысты, біз тек қана археологиялық қазба зерттеулері негізінде қалпына келтіруге болады деп есептейміз. Жарқын мәдениеттерін, бірегей мәдени туындыларын қалдырған тайпалар мен халықтардың өткенін екшеп, даму деңгейін айқындау бүгінгі күн талабынан туындайды.
Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінің зерттелген қорымдарынан жинақталған материалдарды топтап, қазылған қорғандарды жүйелеп, археологиялық ескерткіштердің картадағы орынын нақтылап, хронологиялық мерзімдемесін айқындап шығу да түйіні түйткілді сауалдарға жауап алуға жетелейді.
Бүгінгі таңда ерте темір дәуірінде орын алған тарих-мәдени үрдістер көпішілікті қызықтыруда. Өйткені, қазақ этногенезі мен дәстүрлі мемлекеттілігі, заттық-рухани мәдениеті, дүниетанымы осы дәуірден басталатындығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде көтеріп жүр. Дегенмен кейбір «миграциялық» бағытты қолдайтын зерттеушілер әлі де болса қазақ халқының автохтондығын жоққа шығаруға тырысып келеді. Мұндай керағар пікірлерге тойтарыс беру қажеттілігі де күн санап артып келеді. Жас зерттеуші ретінде төл тарихымыздың тамыры тереңде жатқандығын ұғындыру үшін ең алдымен көне дәуірдегі тарихи дамуды дәлел ретінде пайдалануға болады деп есептейміз.
Соңғы жылдары Қазақстанда
археологиялық ізденістер кең қанат
жайып, соны мағлұматтар алынуда, жаңадан
ашылған ескерткіштерде жоспарлы түрде
зерттеу жұмыстары
Сонымен қатар зерттеу жұмысы мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырған іргелі зерттеулермен, соның ішінде «Мәдени мұра» секілді ұлттық стратегиялық жобалармен тікелей үндеседі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ерте темір дәуірінде Қазақстан аумағында сан алуан тайпалар мен халықтар тіршілік етті. Олар жайында жазбаша және материадық дерек көздерінен азды-көпті болса да мәлімет алуға болады. Алайда ғалымдар арасында әрбір этностың мәдениеті мен оның таралу ерекшеліктеріне қатысты бірнеше көзқарастар орын алып отыр [1, 230 б.].
Жалпы алғанда, зерттеушілер назарын ертеден-ақ өзіне аударған этнонимдердің бірі «сақтар» болып табылады. Осы мәселе төңірегіндегі сан алуан ғылыми зерттеулер мен пікірлерді талдау үшін тақырыптың зерттелу тарихын негізінен бес географиалық аймаққа бөліп қарастырдық.
Шығыс Қазақстанның далалық өңірлерінде грек және парсы деректерінде кездесетін Азиялық скифтер немесе сақтар орналасқан еді. Бұл өңірді зерттеу ХVІІІ ғасырдың басынан басталады. Оған Д.Г. Мессершмидт, Г.Ф. Миллер, И.Г.Гмелин сияқты ірі ғалымдарды атап өтуге болады [2]. Ең алғашты археологиялық қазба жұмыстар В.В. Радловтың есімімен байланысты, ол Бұктырманың биігіндегі Берел жазығында ерте көшпелілердің жеті қорғанын қазып зерттеді. Осы өңірді зерттей келе Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Сібірдің ертедегі ескерткіштерін топтауды және кезеңдерге бөлуді ұсынды [3].
1911 жылы В.А. Адрианов Бұқтырма аймағындағы қорғандарға қазба жұмыстарын жүргізді, соның нәтижесінде Шығыс Қазақстан өңірінің ерте темір дәуірінің көшпенділерінің мәдениеттерінің кезеңдері аңықталды [4]. Ал 1935 жылдан бастап Ертіс пен Тарбағатай аумақтарын С.С.Черников зерттеді, ол негізінен осы өңірдегі ескерткіштердің хронологиясымен айналысты. С.С. Черников Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ мәдениеттерің үш кезеңге бөліп қарастырады [5]. С.С. Черниковтан кейін Ертіс аңғарында археологиялық зерттеулерді Ф.Х. Арслановтың басшылығымен Өскемен педагогикалық институтының экспедициясы жалғастырды, (1960-70 жылдары) [6]. Бұл өңірдің сақ ескерткіштерінің қорытынды жұмыстары М.Қ. Қадырбаевтің – «Қазақ ССР тарихының» тарауында жазылды [7].
Қазіргі кезде де Шығыс Қазақстан өңірін зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасуда, онымен әйгілі Берел қорымы мен Алтай өңірі бойынша З.С. Самашев, Шілікті экспедициясының жетекшісі Ә.Т. Төлеубаев т.б. ғалымдар айналысуда.
Жетісу өңірі жайлы ең алғаш рет Ш.Ш. Уәлиханов, пен Н.Н.Пантусов Жетісу өлкесінің археологиялық ескерткіштері мен тарихы шы ғалым В.В. Бартольд Шу мен Талас алқабының, Ыстықкөл Қазаншұңқыры мен Іле алқабының ескерткіштері жайында «Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью» атты еңбегінде атап өтеді. Тіпті осы іс-сапарында Синьцзяннан келген белгісіз көпестің тапсырмасымен қорғандардан құнды жәдігерлерді тонаумен айналысатын топтардың іс - әрекеті жайлы да жазып кетеді [9, с. 210-215].
Жетісу жеріндегі сақ ескерткіштерін зерттеу ХХ ғасырдың 30 – жылдарынан бастап Қазақстан жерінде бірқатар археологиялық экспедициялар жұмыстары жүргізіле басталады. Сақ тайпаларының отырықшы мәдениеті мен мәдени дәстүрлерінің ерекшілігі мен өзгешеліктерін анықтау мақсатында КСРО ҒА Қазақ филиалын ұйымдастырған. А.Н. Бернштам басшылық еткен Жетісу мен Қазақстанның Оңтүстігіндегі экспедициялар белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осындай іргелі мәселелердің маңыздылығың ашып көрсетуде ғалым Алматы маңындағы Қарғалы, Талас аңғарларындағы Кеңқол обалары, Үлкен Шу каналы бойында жүргізген ғылыми ізденістерінің нәтижесінде қол жеткізді [10]. Жетісудың ерте көшпенділерін зерттеуге К.А. Ақышев, Е.И. Агеева, Г.А. Кушаев, Н.И. Копылов, А.Г. Максимова, Б.Н. Нұрмұхамбетов сияқты ғалымдардың да үлесі болды. 1954 жылдан бастап Тарих, археология және этнография институты Қапшағай ГЭС - нің салынуына байланысты К.А. Ақышевтің басшылығымен Іле археологиялық экспедициясы ұйымдастырылды. Бұл кезеннің басты ерекшілігі, ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап ғылыми зерттеу жұмыстары барысында Жетісудың көне тарихын көптеген қалтарыс тұстары ашылып сақ дәуірінің Жалпы ерте темір кезенінің басты көрсеткіші болып табылатын археологиялық ескерткіштердің хронологиялық диапозонының кендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге сақ дүниесі шеңберінде болған тығыз мәдени – шаруашылық байланыстар археологиялық материалдардан да анық көрініс табады. Осы ретте қорғандардың архитектуралық құрылысын, ондағы табылған олжаларды зерттеулер мен топтау мәдени – тарихи кезеңдерді түйіндеуге және осы мәдениеттерді жасаған сақ тайпаларының даму деңгейін саралауға мүмкіндік туғызады, ескерткіштерін зерттеудің өлшеуші үлгісі іспеттес ескерткіштердің тізбегі ғылыми айналымға енгізілді [11, с. 2-4].
Бұл өңірдің зерттеулі тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жалғасын тауып жатты, оның ішінде К.М. Байпақов, Б.Н. Нұрмұхамбетов, Ф.П. Григорьев, Ю.А. Мотов, З.С. Самашев сынды т.б. ғалымдарды атап өтуге болады. Бұл өңірдің археологиялық ескерткіштерінің зерттелу деңгейі жеткілікті емес, сондықтан келешекте атқарылатын археологиялық деректердің негізінде көне тарихымыз жүйелі түрде әліде зерттеледі деп ойлаймыз.
Келесі аймақ Оңтүстік Қазақстан өңірі, бұл өңірдің ескерткіштерін зерттеу мәселесі XIX ғасырдың басында басталды. Бұл зерттеулер ежелгі антикалық деректер мен, орта ғасырлық саяхатшылар мен, географтардың арнайы хаттарында айтылады. 1946 жылдан бастап КСРО ҒА Хорезм экспедициясы Оңтүстік аудандарда археологиялық зерттеу жұмыстарын бастайды. Осы экспедицияның зерттеу нәтижелерінде осы аймақта көптеген ескерткіштер жиынтығы табылады, оның ішінде ең ірілерінің бірі Шырық-Рабат қаласын атауға болады. Қазақстанның Оңтүстік өңірін зерттеген ғалымдар қатарына С.П. Толстов, Б.П. Адрианов, М.А. Итина, А.С. Кейс, Т.А. Жданко және т.б. ғалымдарды айтуға болады. 1957-1960 жылдары Шырық-Рабат, Бәбіш-молда, Баланды сияқты ескерткіштерге археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, осының негізінде жаңа қорымдар ашылды, ежелгі қоныстардың қалдықтары табылды. 1960-1963 жылдары Түгіскен үстіртінде Оңтүстік және Солтүстік Түгіскен қорғандары ашылды [12]. Соңғы жжыдары бұл оңірде Ж.Құрманқұлов, З.Самашев, Н.Подушкин т.б. ғалымдар зертеу жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы Оңтүстік өңірде Сыр бойы мен Арал маңындағы ескерткіштері қазіргі кезде өте аз зерттелуде. Осыған байланысты болашақта бұл өңірдің ерте темір дәуірінің ескерткіштері өз деңгейінде зерттеледі деген сенімдеміз.
Орталық және Солтүстік Қазақстанды зерттеу Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының Ұлытаудағы ескерткіштерді зерттеуден басталады. Бұл өңірлерді алғаш Ә.Х. Марғұлан зерттеді. 1950 жылдардың басында Ә.Х.Марғұлан «мұртты» обаларға діни ғұрыптық құрылыстар деген анықтама берді және сонымен бірге ескерткіштердің орналасу аймағын көрсетті [13]. Осы кезеңде Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің мерзімдемесі мен кезеңдемесі жасалды, және көптеген қорымдардың ашылуының негізінде, Орталық Қазақстанның сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы, материалдық мәдениеті мен шаруашылығына қатысты мәліметтер жиналды.
Одан кейін Орталық Қазақстанның ескерткіштерін М.Қ. Қадырбаев зерттеп, жалғастырды. Ол 1957 жылдан бастап Орталық Қазақстан Археологиялық Экспедициясының құрамындағы ерте темір дәуірінің жеке отрядын басқарды. Ол 1959-1963 жылдары Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Шідерті өзенінің бойындағы Тасмола, Қарамұрын, Нұрмамбет сияқты қорымдарды ашты. 1967-1968 жылдары солтүстік-шығыс Балқаш өңірінде көптеген қорымдар ашылып, зерттелді [14]. Бұл кезеңнің басты нәтижесі Орталық Қазақстан өңірі бойынша көптеген ескерткіштерге археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, ғылымда Тасмола мәдениеті ашылды. 1980 жылдардан бастап Солтүстік Қазақстан өңірін белгелі археолог М.К.Хабдуллина зерттеп келеді [15].
1980 жылдардың аяғында
Археология институтының
Арал-каспий
аймағындағы археологиялық
1926 жылы М.П. Грязнов Оралдың оңтүстік жылғаларының бойында орналасқан Әбет, Қиялы-Бөрте, Кіргелді, Әлімбет, Теректі және басқаларында ертедегі қорғандарды барлау жүргізіліп, оның барысында қола, ерте және ортағасырлық көшпенділер дәуіріне жатқызылатын Оралсай, Құмсай қорғандары қазылды [18, с. 71-72]. 1930-1933 жылдары Б.Н. Граков Ор және Сүйіндік өзендері бассейндеріндегі обаларда барлау мен қазу жүргізді, ол Ордың орта ағысындағы Матвеевский поселкесіндегі бірқатар обаларды қазды [19, с. 100].
1955 жылы Ақтөбе облысында қола және ерте темір дәуірлерінің қорғандарын барлау мен қазу жұмысын В.С. Сорокин басқаратын ТИММ Батыс Қазақстан отряды жүргізді [20].
1960-1970 жылдарының соңында А.С. Пушкии атындағы ОПИ-нің архелогиялық экспедициясы Г.А. Кушаевтың, сонымен қатар Б.Ф. Железниковтың, В.А. Кригердің басшылығымен көптеген барлаулар жүргізіледі, Оралдың оң және сол жағалауы аумағындағы көптеген қорған, молаларды қазды [21].
Қаз КСР ҒА ТАЭИ Батыс Қазақстан отряды М.Қ.Қадырбаев пен Ж.Құрманкұловтың басшылығымен 1970 жылдары Електің жоғары ағысындағы «сармат» қарауылдарының қорғандары зерттелді. Сынтас, Бесоба, Жалғызоба, Күміссай сияқты бірінші дәрежелі ескерткіштер ғылымның жетістігіне айналды [22].
М.Қ. Қадырбаевтың көмегімен Ақтөбе өлкетану музейінде археологиялық топ құрған ақтөбелік өлкетанушы В.В. Родионов Ақтөбе облысында ертедегі ескерткіштерді іздестіруді кеңінен өрістетті. Егжей-тегжейлі барлау мен қазу барысында ол Бесоба, Иманғазы-Қарасу, «Оқу полигоны» және басқа қорғандар сияқты ескерткіштерді зерттеді. 1986 жылы АОИКМ-нің тікелей қатысуымен ол Ақтөбе археологиялық экспедициясының қазбаларын ұйымдастырды.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу