Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Жерлеу ғұрып жасалып, дене қойылған соң лақыт қысқа бөренелермен жабылып, шұңқыр топырақпен көмілген де, сонан соң топырақ үйілген. «Есік» обасы Жетісудың «патша» сақтарының ең көрнекті ескерткіштерінің бірі болып табылады. Ол 40-тан астам обадан тұратын үлкен қорымның оңтүстік шетінде. Обаның диаметрі 60 м, биіктігі 6 м. Үйінді астында екі қабір бар: ортада және бір бүйірінде (оңтүстігінде). Ортадағы қабір қарақшылардың неше дүркін тонауының салдарынан әбден шеккен. Бүйірдегі қабір сол күйінше сақталған. Аумағы 2,9х1.5 м және биіктігі 1,5 м қабір Тянь-Шань шыршасының өңделіп қырналған бөренелерінен қаланған.
Қабірдің оңтүстік және
батыс бөліктеріне ыдыстар
«Есік» обасындағы қабір құрылысы, сірә, былай тұрғызылған болуы керек: әуелі ұзына бойы батыстан шығысқа бағытталған тік бұрышты қабір шұңқырын қазған. Оның түбіне бөрене қима – лақыт жасаған. Оның құрылымы өте қарапайым: ұзындықтары бірдей бөренелерді бес қатар етіп көлденеңінен лақыттың қабырғасы болатындай қылып қаластырған. Бұрыштарында бөренелер өзара байланбаған, тек бір-біріне тиіп қана тұр, лақыттың ұзын және келденең қабырғаларындағы бөренелердід ұштары қабірдің опырылып түспеуі үшін кезек-кезек ұмсындыра шығарылған.
Лақыттың үсті көлденең бөрене жаппамен жабылған. Жақсы қырналып, бір-біріне тақай қиюластырылған он тақтайдан төселген еденге өлік пен неше түрлі нәрселер қойылған.
Шамасы, еденнің өлік жатқызылған тұсына ұсақ алтын қаптырмалармен әшекейлеп тігілген мата тесеніш теселген болуы керек. Оның үстіне сол кездегі жерлеу салты бойынша, барлық киімі түгел кигізілген және қару-жарағы түгел асылған өлік басын батысқа қаратып, шалқасынан салынған.
Оң жағында бел тұсына ағаш қыны бар темір семсер қойылған. Қару ілетін аспалы белбеуге алтын қаптамалар мен жолбарыс басының бедерлі бейнесі бар еткерме шегеленген. Белбеудің сол жағына шауып бара жатқан бұлан мен ат пішінінде жасалған екі алтын тілігі жапсырылған, қайыспен қапталған ағаш қыны бар темір ақинақ ілінген. Оның әшекейлері арасынан белбеудің аспалары үшін жасалған, бүктетілген қасқырдың бедерлі бейнесі салынған цилиндр формалы екі қаптырма тоға ерекше көз тартады.
Сол қолының қарында алтын ұшты символды жебе, одан жоғарырақ сабы жалпақ алтын таспамен бунақтала оралғак қамшы, одан жоғарырақ – ішіне қола айна мен қызыл бояу салынған шағын жібек қоржын жатты.
Лақыттың еденінде өлік тамағы салынған ыдыстар қойылған. Салттық ыдыстардың құрамына жазуы бар күміс тостаған мен оқшауырақ тұрған алтын жалатқан қола аяқ та кірген. Оның ішінде жыртқыш құстың тұмсығы мен тырнақтары түрінде жасалған бірнеше мүсіндік алтын тіліктер жатты.
Ыдыстарды орналастыруда белгілі бір тәртіп сақталған. Қыш ыдыстар мен ағаш ыдыстар бөлек қойылған. Оңтүстік қабырғаға жақын ағаш ыдыстар, арт жағында – екі қатарда төрт табақша, алдыңғы жағында – аяқтар мен ожау қойылған. Екінші қабырға жанына қыш құмыралар бір-біріне тақай, бір қа-тарға тізіліп қойылған, олардың алдында аяқтар, бұлардың арасында екі күміс тостаған мен қасық бірге қойылған. Қола аяқ бөлек, қаңқаның бас жағында тұр. Лақыттың шығыс қабырғасы жағындағы еден белігі заттардан бос.Сірә, Бесшатыр обаларындағы сияқты лақытқа кірер есік шығыс жағында болса керек.
Жерлеу жоралғыларынан
кейін лақытты қысқа бөренелерм
Жас жауынгердің киімі де ерекше назар аударады, ол өткен тарауда сипатталған болатын. Бұл арада тек оның киімінде, телпегінде және аяқ киімінде 4000-нан астам өте көркем алтын қаптырмалар мен тіліктер түріндегі әшекейлер болғанын айта кету керек. Басқа да сирек кездесетін заттардын арасында өзіне назар аудартатыны – сәнді бас киім киіп, қырын қарап тұрған адамның бас бейнесі бар алтын жүзік-мөр. «Есік» обасындағы жерлеу орны б. з. б. VI–V ғасырлардың аяғына жатқызылады.
Сақ заманындағы қатардағы қауым мүшелерінің қабірлері көлемі жөнінен, бейіттік құрылыстың құрылымы мен қойылған заттары жөнінен бесшатырлық және есіктік үлгідегі «патшалық» қабірлерден мүлдем өзгеше.
Сақ мәдениеті әуелгі кезеңінің (б. з. б. VII–VI ғасырлар) жерлеу орындары Қарғалы I және Алтынемел II қорымдары болып табылады. Қарғалы I қорымы осылай аталатын қойнауда (Алматыдан батысқа қарай) орналасқан. Қорғандардың сфералық үйінділері астында тас жәшіктер болды. Олардың ішіндегі қаңқа сүйектер созылған күйінде, бастары солтүстік-батысқа қарап жатты. Ескерткішті зерттеушілер оны б. з. б. VIII–VII ғасырларға, қоладан сақтарға өтетін өтпелі кезеңге жатқызады.
Шолақ тауларының Алтынемел асуындағы тас жәшікті жерлеу орындары әуелгі сақ заманына жатады. Мұндағы тас жәшіктер қырынан көмілген жалпақ тақта тастардан құралған да, ұзына бойымен батыстан шығысқа бағытталған. Олардың уакыты ежелгі мола құрылыстарына қарап белгіленеді.
Жуантөбе қорымындағы обаларды да сақ мәдениетінің ерте кезеңінің ескерткіштері деп санауға болады. Олардың көлемі шағын. Үйінділері өзеннің малта тастары аралас топырақтан үйілген. Адамдардың қаңқалары көлденең қойылған ағаштармен жабылған ендік бағыттағы жер шуңқырларда жатты. Жерленгендердің жанынан табылған қола ауыздықтар, қола пышақтар, сүйек пен ағаштан жасалған тарақтар, моншақтар, тартпа-лардың қола айылбастары, шашақтар және керамикалық ыдыстар Жуантөбені б. з. б. VII–V ғасырларға қатысты деген пікірге келтіреді.
Б.з.б. V–IV ғасырларға (сақ заманының соңғы кезеңі) Қадырбай III, Қарашоқы және Кызылауыз сияқты ескерткіштер де жатады.
Шолақ тауларында, Іле
өзенінін оң жағасында орналасқан Қарашоқы
(Қара-Чоко) қорымында қазылған обаның
топырақ пен қиыршық тас
Қадырбай II (Іле аңғары) қорымының обаларындағы үйінді тас аралас топырақ. Обалардын іргелерін белдеулей тас қаланған. Жер шұңқырдың түбінде тұрған тас жәшіктердің ішінен шалқасынан созылған күйінде, басы батысқа, не солтүстік-батысқа қаратып жерленген өліктердің сүйектері табылды. Қабірлерден б. з. б. IV–III ғасырларға тән керамикалық ыдыстар, аңдық стильде сәнделген қола тоға және сабы бар қола айна шықты. Дәл сол заманның жерлеу жоралғылары мен материалдық мәдениеті туралы басқа да қорымдар бойынша пікір айтуға болады.
Кездейсоқ олжалар мен көмбелерден табылған мыс және қола заттар да сақ тайпаларының материалдық мәдениетінің тарихы жөніндегі деректемелердің бірі болып табылады. Барынша назар аудартатындары – қола қазандар, құрбандық ыдыстары және шырағдандар жинағы. Олардың арасында белгілі Жетісу алтарі (құрбан шалатын) – төрт аласа аяғы бар, жиегіне жиырма бес қанатты арыстандардың мүсіндері орналасқан тік бұрышты стол бар. Басқа кембеден табылған шырағданның дөңгелек табақшасы қуыс конус тәрізді тұғырға бекітілген, жиегінде бірінің соңынан бірі маңғаз басып келе жатқан сегіз жолбарыс бейнеленген, ал табақшаның дәл ортасына айыр өркешті екі түйенің мүсіндік бейнесі бекітілген.
Тағы да бір шырағдан төрт (үш қола және бір темір) қазанмен бірге Есік қаласы маңынан табылды. Шырағданның дөңгелек табақшасы тор көзді конус тәрізді тұғырға орнатылған. Табақша үстінде аттың, ал оның қарсысында шығыстықтарша малдас құрып отырған ер адамның мүсіні бекітілген.
Каменское плато маңынан (Алматы қаласының теңірегі) көпшілігінің жануарлардың аяқтары түрінде жасалған үш аяғы бар, он қола қазаннан тұратын кембе табылды. Сақтардың көркемдік қола бұйымдарының көптеп табылуы Жетісу тайпаларында құю ісі өнерінің барынша дамығандығын және олардын мәдениетінің телтумалылығын көрсетеді.
Антропологтардың анықтауынша,
Сақ заманыңдағы қатардағы қауым мүшелерінің қабірлері көлемі биіктік құрылыстың құрылымы мен қойылған заттары жөнінен Бесшатырлық және Есіктік үлгідегі патшалық қабірлерден мүлдем өзгеше.
Сақ мәдениеті алдыңғы кезенің (б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғасырлар) мұндай жерлеу орындарына Қарғалы-1 және Алтын емел-2 қорымдары жатады. Қарғалы-1 қорымы осылай аталатын қойнауда (Алматыдан батысқа қарай) орналасқан. Мұңдағы обаларға да тас үйінді тұрғызылған, олардың астында сүйек салынған тас жәшіктер болды. Сүйектер созылған күйінде, бастары солтүстік-батысқа қарап жатты. Ескерткіштерді зерттеушілер Қарғалы-1 қорымының мерзімің б.з.б. ҮІІІ-ҮІІ ғасырларға, қоладан сақтарға өтетін өтпелі дәуірге жатқызады.
Шолақ тауларының алтынемел асуындағы тас жәшікті жерлеу орындары алдыңғы сақ заманыңа жатады. Мұңдағы тас жәшіктер қырынаң көмілген жалпақ тақта тастардан құралған да, ұзына бойымен батыстан шығысқа бағытталған.
Жуантөбе қорымындағы обалар да сақ мәдениетінің алдыңғы кезеніне жатады. Олардың көлемі шағын өзенің малта тастары аралас топырақтан үйілген. Қабірлерде адам сүйектері көлденен қойылған ағаштармен жабылған, ұзына бойы батыстан шығысқа қарай бағытталып, жер шұңқырлар да жатты. Жерленгендердің жанынан табылған қола ауыздықтар, пышақтар, сүйек пен ағаштан жасалған тарақтар моншақтар, тартпалардың қола айылбастары және керамикалық ыдыстар Жуантөбе мерзімің б.з.б. Ү-ҮІ ғасырлар деп белгіленді [39, с. 47-49].
Соңғы сақ заманының б.з.б. Ү-ІҮ ғғ
біршама жақсы мәлім Қадырбай-
Қадырбай-2 іле аңғары қорымының обаларындағы үйінді тас аралас топырақтан тұрғызылып, олардың іргелерің белдеулей тас қаланған. Жерден қазылған шұңқырдың түбіне қойылған тас жәшіктердің ішінен шалқасынан созылған күйінде, басы солтүстік-батысқа немесе батысқа қаратып жерленген өліктердің сүйектері табылды. Қабірлерден б.з.б. ІҮ-ІІІ ғасырларға тән керамикалық ыдыстар, аңдық стильде сәнделген қола тоға және сабы бар қола айна шықты. Жерлеу мерзімі б.з.б.ІҮ-ІІІ.ғғ деп белгіленеді. Тұрақты жерлеу ғұрпы мен құрал-саймандар Қызылауызға да тән [37, с. 110-131].
Кездейсоқ олжалар мен көмбелерден табылған мыс және қола заттары сақ тайпаларының материалдық мәдениетінің тарихы жөнінде жарқын деректемелер болып табылады. Көркемдігі жоғары олжалар мен көмбелердің саны жөнінен сақ мәдениеті дамыған басқа аудандардан Жетісуға тең келетіні жоқ. Олардың ішінде барынша назар аударатындары-қола қазандар, құрбандық ыдыстары және шырағдандар жинағы, тұрмыс заттары мен қару-жарақ, әсіресе монументті көркемдеп құю бұйымдары. Бұлар-төрт аласа аяғы бар, жиегіне қанатты арыстандардың мүсіні орналасқан тікбұрышты үстел, сондай-ақ төрт мыс және бір темір қазан мен қола шырағданнан тұратын көмбе. Төртбұрышты табақшалардың бұрыштарына орналастырылған шырағдан қанатты жолбарыстардың төрт мүсінімен безендірілген. Басқа бір көмбеден табылған шырағданның дөңгелек табақшасы қуыс конус тәрізді тұғырға бекітілген, жиегінде бірінің соңынан бірі маңғаз басып келе жатқан сегіз жолбарыс бейнеленген, ал табақшаның дәл ортасына айыр өркешті екі түйенің мүсіндік бейнесі бекітілген [40, 56-59].
Каминское плато маңынан (Алматы қаласының төңірегі) көпшілігінің жануарлардың аяқтары түрінде жасалған үш аяғы бар он қола қазаннан тұратын көмбе табылды. Жетісу қазандары, құрбан шалатын орындары, шырағдандары сақтардың қою тәжірибесі мен жетік техникасын және көркемдік талғамын дәлелдейтін аса көрнекті мәдениет ескерткіштері болып табылады. Сақтардың көркемдік қола бұйымдарының көптеп табылуы Жетісу тайпаларында құю ісі өнерінің барынша дамығаны және олардың мәдениетінің төл тумалығын көрсетеді.
Жалпы алғанда Жетісу өңірінің сақ
ескерткіштері одан әрі зерттелуде.
Қазіргі таңдағы Қазақстан
1.2 Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
Қазақстанның оңтүстік аймағындағы ескерткіштерінің қатарына Қаратау өңірі мен Сырдария бойын мекендеген сақтардың ескерткіштері алынып отыр.
Сырдария өңірінің тарихи-географиялық тұрғыдан зерттеу ХІХ ғасырдың басында басталды, олар негізінен ежелгі антикалық деректер мен ортағасырлық географтары мен саяхатшылардың, және сонымен бірге көпестердің арнайы хаттарында айтылады. Яғни ХҮІІІ ғ Бұқара жерін зерттеу үшін Сырдария өңірінен өткен зерттеушілердің деректері болып табылады. Ежелгі Сырдария аңғарынын сақтарын зерттеулер КСРО ҒА Этнография институтының Хорезм экспедициясының көп жылдар бойы жүргізген қазба жұмыстарының жиынтығы негізінде анықталған. Ежелгі Сырдария жерінен неолит бастап соңғы ортағасырға дейінгі ескерткіштер зерттелген,оның ішінде ежелгі сақ ескерткіштері б.з.б ҮІІ-Үғғ. Бұл жұмыстарды С.П.Толстов, М.А.Итина сияқты белгілі ғалымдар бастады [12].
Ежелгі Сырдарияның атырауы оның қазіргі салалары арасында орналасқан және ең оңтүстігі Інкәрдария өзенінің бастауының құрғақ жерлерімен аяқталады. Бұл үлкен ұшбұрышты аймақ негізінен Оңтүстігі Қарақұм мен батысы Арал теңізімен шектеліп, ендік бойымен және меридиандық бағытпен созылған. Өзендердің атыраулары әртүрлі бағыттармен ағуына сәйкес, жалпы су режимінің ерекшеліктерін анықтау, әртүрлі хронологиялық кезеңдерге байланысты. Іңкәрдария жүйесі (оңтүстігінде) және Қуандария жүйесі (солтүстікте) неолитпен қола дәуірінде қалыптасты. Інкәрдария өзеніңде кейінгі сақ кезенінің ескерткіштері б.з.б ҮІІ-Ү ғғ табылды. Жаңадария мен Қуандария өзендері бойынан б.з.б І мыңжылдықтың ортасы мен б.з І мыңжылдықтың ортасына жататын ескерткіштер тобы ашылды. Бұл табылған археологиялық заттар адам баласының 1000 жыл бойы осы жерде өмір сүргеннің көрсетеді. Б.П.Адрианов, М.А.Итина, А.С.Кейс бойынша б.з.б. І мыңжылдықтың алғашқы жартысына жататын ескерткіштер тобы, кейінгі қола дәуірі және ерте темір дәуіріне қатысты қоныстар Сырдария атырабының оңтүстік бөлігінде ашылды. Өзендердің жағалауларында орналасқан көптеген қоныстардан керамикалық бұйымдар б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ жататын қола садақ оғының сақ-скифтік типтік заттары табылды [41, с. 125-129].
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу