Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Скачать документ)

Осылайша, ертедегі көшпелелерді жерлеу бірнеше дәстүрдің синтезі  екендігіне қарамастан, бұлардың ішінде скиф элементі айқын көрінеді, бұған қарап, екі салыстырылып отырған мәдениеттердің локальдық өлшемінің бар екендігін сеніммен айтуға болады.

Массагеттік этникалық ерекшеліктер біріншіден, ағаш бағана конструкцияларының жерлеу алаңында да, зираттарда да болуынан; екіншіден, «қасиетті оттың» (үйілген топырақпен және күмілгі жасалған қабырғалармен қоршалған табыну алаңдары) кенінен тарауынан; үшіншіден, жерлеу негізінде ұжымдық зираттар практикасының орын алуынан көрінеді [58, с. 88-89].

Қатардағы малшылардың қабатына байланысты жерлеу кешендері келесі белгілермен ерекшеленеді: жердегі зират конструкцияларының қарапайымдылығы, зираттарының өлшемінің шағын әрі «стандартты» болуы, өлгендердің батысқа бағытталуы және басқалары. Соңғылары б.з.б. ҮІ-ІҮ ғғ. Төменгі Волга бойындағы савромат мәдениетінің ескерткіштеріне өте ұқсас, өйткені, бұларға ағаш зират конструкциялары, бөренелер тән, сонымен қатар қарапайым зират орлары, жерленгендердің батысқа бағытталуы да басым ұшырасады. Волга бойының ертедегі көшпенділерінің мәдениетіне ұқсастықтар бірге қойылған инвентарьлардан да көрінеді. Бұл ұқсастық көптеген күнделікті пайдаланылатын заттардан және әшекейлерден көрінеді: кұм ыдыс, әйнек моншақтар, оқшантайдағы заттар, қару-жарақ түрлері т.б.

Осылайша, көрсетілген кезеңде зерттеліп отырған аймақта көшпенділердің саяси одағының кемінде үш этникалық компоненттерден тұратындығы жөнінде түйін жасауға болады: қаратеңіздік өңірдегі скифтер, арал өңіріндегі массагеттер және волга бойындағы савроматтар.

Демек, Батыс Қазақстанның ертедегі көшпенділерінің қорымдарының материалдары б.з.б. I мың ж. ортасында өлке халқының этникалық және мәдени байланыстарының әртүрлі бағыттары бар екендігінен хабардар етеді. Бір байқалатыны, қарастырылып отырған ескерткіштер донор-аймақтармен түйіспейді, олардан әлдеқайда қашық аумақта орналасқан, басқа этномәдени массивтердің ортасында. Мысалы, Оралдың сол жағалауындағы аумақтарға арал маңының жеткілікті түрде күшті ықпалы Шалқар көліндегі обалардан байқалады, сонымен қатар соңғысына жақын орналасқан Алебастрово селосындағы зираттардың рәсімінде Төменгі Волга бойының савроматтық (блюменфельдтік) мәдениетімен елеулі параллельдер бар. Байланыстардың савроматтық бағыты б.з.б. Ү ғ. басындағы Електің орта ағысындағы Уақ және Танаберген ауылындағы қорғандардан да көрінеді, сондай-ақ Бесоба және Сынтас, Орқаш инқалында (Ордың жоғары жағы) қатар жатқан қорғандардағы жерлеу рәсімдерінде Сырдария массагеттерінің ықпалы айқын сезіледі. Мұның бәрі Батыс Қазақстанның б.з.б. ҮІ-Ү ғғ. соңындағы этномәдени картадан мозайкалык суреттерді көруге мүмкіндік береді.

Оңтүстік  Оралдағы ерте скиф жерлеу кешендері  өте аз санды және кейбір жағдайда болмаса, негізінен жылқышы садақшыларды құрайды. Кейін скиф дәстүрі зерттеліп отырған аймақ шеңберінде белгілі әскери адамдардың жерлеу рәсімдерінен, сонымен қатар әскери күнделікті заттардан, аттың жүгенінен және басқаларынан көрінетіні де маңызға ие.

Батыс Қазақстанның б.з.б. ҮІ-ҮІІ ғғ. соңындағы көшпенділердің оба-ларында Арал маңындағылармен параллельдер айқын көрінетіндігіне қарағанда массагеттердің (сака-тирахаудалардың) басым бөлігі Арал маңы даласына кетіп қалған сияқты. Бұл обалардың элитарлык сипаты массагеттер жергілікті көшпенділердің әскери-абыздық билеушілерінің құрамына кірді деген болжам жасауға жетелейді. Осыдан барып орта азиялық қашқындар мен скиф билеушілерінің ерекше сипаты туралы айтуға болады.

Осылайша, б.з.б. ҮІ ғ. екінші жартысында Батыс Қазақстандағы көшпенді тайпалар бірлестігінің қалыптасу кезеңі басталды. Скиф-массагет рулары жаңа тайпалар одағында қоғамның жоғары қабатын құрауы мүмкін. Батыс Қазақстандағы көшпелілердің ықпалы өте зор болды. Олардың мәдениеті онтүстікте Үстірттен солтүстіктегі Оралдың бастауына дейін, шығысында Торғайдың саласынан батысындағы Қамыс-Самар көлдеріне дейін созылды.

Прохоров мәдениетін жеткізушілердің әскери әлеуеті едәуір болды. Орал өңірі көшпенділерінің жекелеген атты отрядтары шығысқа қарай біраз еніп кетті. Батысқазақстандық қару-жарақ кешендерін археологтар Алтайдан және Батыс Сібірдің оңтүстігінен табылуда [83, 6-27]. Батысқазақстандық пассионарлық дүмпумен даланың этносаяси картасы кайта жасалады. Осылайша, «прохоровшылардың» қатысуымен б.з.б. ІҮ ғ. Орталық және Солтүстік Қазақстан көшпенділерінің тасмола мәдени-тарихи қауымы өзінің өмір сүруін тоқтатты [13, с. 172], бұдан кейін Батыс Сібірдің тоғайлы-далалық аймағында қоғамның элиталық дәстүрлеріндегі даланың элементтері молынан ұшырасатын сармат мәдениеті қалыптасты. Бұл ретте зерттеушілер оның милитарландыру деңгейінің жоғарылығын атайды: жауынгер көршілерімен бірге тұрып жатқаннан кейін Батыс Сібірдің оңтүстігінің малшылары қашан да қару-жарағы әзір күйінде тұрды [108].

Қақтығыстардың басты  обьектісі басында Оңтүстік Орал және Мұғалжар жоталарының шығысындағы жайылымдық жер болса керек, мүмкін, Оралдың арғы жағындағы иткульск мәдениетінің металлургиялық орталықтары болар. Өйткені, бұл басып алудың айқын болғаны соншалық «гороховтық» тайпалар қорымдарын Челябинскінің ауданында тоғайлы-далалықта қалдырды. Сол жерде мәдениеттер тұрғысынан алғанда «челябинск тобының» аралас жерлеуі тіркелді [59, 138-148].

Бұл жерде  бұрындары «скиф-сақтардың» б.з.б. Ү  ғ. соңында Жетісудан Солтүстік Каспий маңы арқылы Қаратеңіз маңына көші-қоны туралы идея айтылған еді [60, с. 110]. Бірақ, Жетісу да, Батыс Қазақстан да Солтүстік-Батыс Қытай [Синьцзяндағы Алагоу обасы] пайда болған, Жетісуда (Есік обасы) [38], Оңтүстік Оралда (Филиппов обасы және басқалары) [61, с. 98] із қалдырған көшпелілердің жаңа толқынының жолындағы «тасымалдайтын база» ғана болған сияқты. Бұл «толқын» б.з.б. Ү-ІҮ ғғ. соңындағы прохоров мәдениетінің одан әрі өзгеріске ұшырауына септігін тигізген тәрізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ҚАЗАҚСТАН САҚ ДӘУІРІ ЕСКЕТКІШТЕРІНІҢ

    ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

2.1 Қазақстандағы сақ дәуірі ескерткіштерінің негізгі

      ортақтастықтары мен ерекшеліктері

 

Археологиялық дереккөздерін жүйелеу барысында оның түрлі әдісі арқылы кеңістіктегі мәдениет шекарасын белгілеген кезде археологиялық бірліктер сыныптамасы жасалып, соңынан осы термин қалыптаса бастайды. Ғалымдар әлеуметтік-экономикалық тарихқа аса ден қойып, археологиялық ескерткіштердің негізгі категориясының арнайы өзара байланыстағы жиынтығын «археологиялық мәдениет» деп таныды.

Кез келген тіршілік етуші  халықтың мәдениеті мен өнерін танып  білу үшін оның тұрмыс салтын, тыныс-тіршілігін ұғыну шарт.

Сонымен, көшпелі өмір сүрген сақтардың негізгі кәсібі малшаруашылығы болғандықтан оларға үнемі кең алқап, құнарлы жерлер қажет болған. Осындай жерлер үшін сақ тайпаларының арасында жиі қақтығыстар болған. Тайпалардың бір-бірінің малдарын айдап кетуі дәстүрге айналған десек те болады. Мұндай қарақшылық әрекеттер қазақ даласында кейінгі ғасырларда да сақталған. Барымта - бір тайпа, екінші тайпаның малын айдап кету сақ кезеңдерінде пайда болған" - дейді С.И. Руденко. Көшпелі қоғамының әр кезеңінде мал шаруашылығы үлкен рөл атқарды. Тіршілікке қажетті заттардың барлығын малдан өндіріп алатындықтан, олардың байлықтары мал басымен, оның ішінде жылқы басымен есептелген. Сақтардың дүниетанымын, бейнелеу өнері мен салт-дәстүрлерін де малмен байланыстырамыз И.Е. Никонов: "Жылқы көшпелілерде киелі жануар болып саналған. Сондықтан сақтар жылқының суретін қолөнер бұйымдарына бейнелеген. Шығыс және солтүстік өңірлерден табылған алтын жалатқан күміс құмырада жайылып жүрген жылқылар, сол сияқты асау аттың мойнына құрық салып, арқан тартқан сақ бейнесі ойылып түсірілген. Ол сюжетке қосымша атты тізесіне бүктіріп жаттықтырушы сақтардың да суреті берілген" - дейді. Чертомылық қорғанында табылған адам мен жануарлардың суреттерін скифтердің шынайы өміріне қатысты деп қарауға болады. Мифтік ұғымда бейнеленген Фагимасада құдайына тек сақтардың патшалары, көсемдері табынған. Днепрдің төменгі ағысында сақтардың патшалары жерленген 20 қорған табылды. Қытай деректерінде адам елтіруші жазаны аттың санымен өтейді. Үйлену кезінде қазақтар мен қырғыздардың салты бойынша қалың малды жылқы басымен төлеген. Жылқы, түйе көшпелілердің ең киелі жануарлары. Сақтардың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен шаруашылығы еуропалық және азиялық сақтарға ортақ болды [2, с. 141].

Көшпелілердің мыңғырған малдарына арнайы шөп  дайындалмағандықтан олар жайылымдарын жиі ауыстырып отырған. Көшпелілер табиғатпен етене бауыр басып кеткен халық. Жерге, өсімдікке деген көзқарас әрбір тайпаның малды белгілі бір жерге жаюды қалыптас-тырды. Мал жайылымы қыстау, жайлау, көктеу, күзеу деп бөлініп, көшпелілердің жылдың төрт мезгілінде де қоныс тепкен арнайы жерлері болды. Әр тайпаның, әр рудың мал баққан жерлері солардың меншігіне айналды. Сонымен сақтар көшіп-қону үшін ең қолайлы жануарлардың бірі жылқыны пір тұтқан. Ал, алтайлықтар болса тек айғырды мініп, олар ешқашанда бие мен тайларды ерттемеген.

Көшпелілердің өмірінде тағы бір маңызды жануар - қой. Қойдың жүні, сүті, еті қысы жазы оларды асыраған. Сондықтан көшпелілердің дүниетанымында қой тотемдік таңбаға айналып, магиялық әсері болған. Қойға байланысты бейнеленген рөміздік таңбалар - бақ, берекені тұспалдайды. Егер ауқатты сақтардың байлығы ірі қара малмен есептелсе, ал қатардағы сақтар қой, ешкі өсірген. Сол кезеңнің адамдарының киім-кешегі, үй жабдықтары, тіпті ет пен сүті осы қойдың арқасында қамтамасыз етілді.

Сақтар ешкіні үй жануары  ретінде қашан қолға үйреткені  туралы нақты деректер жоқ, бірақ сақ шеберлерінің бейнелеу өнерінде жабайы тауешкілер түрлі нұсқада көп кездеседі. Археологиялық жұмыстар кезінде ешкінің терісі V Пазырық қорғанынан табылған. Алтай шеберлері грифон құсына тауешкінің мүйізін, қораздың айдарын қондырып қиялдан туған құстардың мүсіндерін түрлі мәнерде жасаған. Таулы Алтайлықтар үй құстарынан қораздарды асыраған туралы деректерді сақ шеберлерінің бейнелеу өнерінен көруге болады: Сақтарда үй құстары сирек кездеседі. Шеберлер қораздың нақты жөне стилизацияланған бейнесін былғарыдан ойып, сондай-ақ қос қораздың нақты бейнесімен құмыраның сыртын әшекейлеген. Алтайлықтардың тұрмыс - тіршілігінде қораздар қандай рөл атқарғандығы туралы біздерде нақты деректер жоқ, ал парсыларда бұл құс киелі саналған.

Ежелгі адамдардың дүниетанымында адам "мәңгі өмір сүреді" деген ұғым қалыптасқан. Мұндай көзқарас Египеттіктерде ғасырлар бойы сақталды. Адамның өмірін Египеттегі пирамидалар мен патшалардың денесіне май жағып, кептіру (мумифицирования) сақтау ғұрпы дәлелдейді. Олардың жерлеу рәсіміне қатысты жүргізілген күрделі рәсімдеріне қарап, оларға о дүниелік адамның денесінің сақталуы өте маңызды болған. Египеттіктер сияқты сақтар да көсемдерін "мәңгілік өмір" сүреді деп денелерін кептіріп (мумифицирования), биік қорғандардың ішінде өмірдегідей арнайы бөлмелер салған. Сақтардың (скиф) көсемдері "мәңгілік өмір" сүрмегенімен, олардың мұндай жерлеу дәстүрі қазіргі ұрпаққа сол кезеңнің тұрмыс-тіршілігімен таныстыруда этнографиялық тұрғыдан үлкен көмек беріп отыр. Олардың дүниетанымында "мәңгілік өмір" сүру ұғымы болашақ ұрпаққа өздері туралы ақпарат берумен ұштасып жатыр Сақтардың жерлеу рәсімінде б.з.б. ҮІІІ-І ғ.ғ. патшаларын о дүниеге шығарып салу үрдісі өте күрделі жолдармен іске асқан. Олар мифтік көзқараспен тылсым күштерді материалдық өміріндегі рәсімдермен тығыз байланыстырды. Олардың діни дүниетанымы күрделі рәсімдер арқылы жүзеге асырылды. Сақ тайпаларында ата-баба рухына табыну, оны пір тұту бірінші орында тұрды. Қазір бұл құндылықтар бірте-бірте жойылып барады. Патриархалды қоғамда өмір сүрген сақтарға өлген адамға үлкен құрметпен қарап, оларды жерлеу үшін арнайы күрделі рәсімдер өткізген. Бұл идеологиялық көзқарас өлген адамның жаны, оның қорғаушы тотемі, сондай-ақ отбасы-рулық қорғаушының тығыз байланысы жерлеу рәсімінде анық байқалады [3, с. 140]. Мұндай біртұтас идеологиялық көзқарас өсіп-өну мен ұрпақ жалғастығын білдіреді. Жерлеу рәсімінде сақтар обаларға байлығының қомақтысын салуға тырысқан. Қорғандарға биік қабырғалар тұрғызып, тұрмыс-тіршілікте қолданған заттарды қабірге көптеп салған (сурет 1). Жетісу, Орталық жөне Батыс Қазақстан, Сырдария, Жоңғар Алатау мен Тарбағатайда диаметрі 160, биіктігі 20 метр, сақ қорғандарын тапты. Жетісу мен Тоқраул, Қарашоқы, Көрпетайда 37 жауынгер жерленген ру көсемдерінің обаларынан табылған. Жерленген мәйітпен бірге тұрмыста қолданған көптеген құнды заттар б.з.б. Ү ғ. салынған жөне б.з.б. ІҮ-Ш ғғ. асыл бұйымдар жерленген сақтардың хандары жерленген бай қорғандарда көп кездеседі. Олардың едені ағаштан төселіп, беті ағашпен жабылған. Сақтардың жерлеу дәстүрін салтанатты өткізілуі сақ мемлекетінің өркендеу кезеңіне сөйкес келеді. Саң қорғандарының барлығында сол кезеңнің ауқатты хан - көсемдері мен олардың жақын туыстары жерленген.

Қорғандарда кездесетін асыл заттардың мөлшері әрқилы. Обаларға мәйітпен бірге жерленген байлыққа қарап, сақтардың ирархиялық басқару құрылымының алғашқы қалыптасу кезеңі деп қарастыруға болады. Бүгінгі күні қазба жұмыстары жүргізілген бай қорғандарға әр аймақта бірен-сарандарын жатқызамыз.

Египеттіктер сияқты көсемдерін мәңгілік сақтау үшін мәйітті бальзамдап, оның денесінің ұзақ сақталып қалуына әрекет жасаған. Мәйіттің кептірген (мумифицирования) денесіндегі бальзамдау тәсілі әр түрлі жасалған. Олардың мұндай ғұрыпы өлген адамның рухымен бірігеміз деген ұғымды білдірген. Мәйітті қорғанның Оңтүстігіне арқасына шалқасынан жатқызып, ал оның қолын айқастырып басын Шығысқа қаратады Таулы Алтайлықтардың ғұрыпында мәйітпен бірге алдын-ала өлтірілген жылқыларды 2-4 қатар қылып қояды. Олардың саны әр-түрлі 7, 9,10, 14, 16 т.б. Жерлеу рәсімдері арқылы сақтар кейінгі ұрпаққа өздерінің дәстүрі мен түрмыс-тіршілігі, дүниетанымы туралы ақпарат қалдыруға тырысқан. Мәйіт қойылатын бөлмеге іші оның тірі кезіндей безендірілген. Қорған бөлмесіндегі бұл көрініс жазба деректеріндей сақтардың тұрмысынан көп мағлұмат береді.

Сақтар өмір сүрген территорияда табылған қорғандардың жерлеу рәсімі барлық сақ тайпаларына ортақ болғанымен, сондай-ақ аймақтық ерекшеліктер те кездеседі. Оны Таулы Алтай өңіріндегі көсемдердің жерлеу рәсімдерінен байқаймыз (сурет 2). Мұндағы басты ерекшелік мәйітпен бірге жылқылардың көмілуі. Келесі ерекшелік қорғанның ішіндегі төрт қабырғаға кілем, тұскиіздер ілініп, еденге киіз төселуі. Мәйіт салынған саркофагты (ағаш табыт) "аң стиліндегі" элементтермен әшекейлеп, ағаштан ойып көркемдеп жасаған. Қабырғаларға киіз бұйымдар іліп, безендіру тек алтайлықтарға ғана тән дәстүр. Олар жерлеу рәсімін салатанатты түрде өткізетінін дәлелдейтін заттар археологиялық қазба жұмыстары кезінде қорғаннан көп табылған. Жылқыны безендіруге арналған әшекей заттар былғары, қайыңның қабығынан ойылған немесе алтын қаңылтырмен қапталған. Алтайлықтар мәйітпен бірге қабірге көркемделген ат - әбзелдерді атқа кигізіп бірге жерлеген. Қорғандарда жерленген аттардың саны біркелкі емес. Бұл аттардың сандары 7,13, тіпті Орал қорғанында 400 жылқы жерленгені археологиялық қазба деректерінен белгілі. Мәйітпен бірге жерленетін жылқылардың саны көсемнің қоғамдағы орнына байланысты болуы мүмкін. Өйткені жерленген аттардың ендері әр түрлі болып шыққан.

Ғалым М.П.Грязнов I Пазырық қорғанынан табылған аттардың еніне қарап, олардың әр түрлі екенін дәлелдейді. Ғалымның пайымдауынша "Скиф қорғандарында жерленген аттар тайпалық құрылымның, тайпалық одақтың болғанын дәлелдей түседі"-дейді. Қорғанда көмілген аттарды одақтас тайпалардың сыйы ретінде қарастыру керек. Жерленген көсемнің қарауындағы одаққа болжаммен қанша тайпаның кіргенін жылқының ендері арқылы анықтауға болады. Қорғанда жерленген аттардың әр түрлі таңбасы әр тайпаның меншігінде болғанын дәлелдейді [62, с. 171].

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу