Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Скачать документ)

Сондай-ақ, Қазақстаның тыс бұл ескерткіштер Оңтүстік Оралда, төменгі Еділ бойында, Далалы Алтайдың оңтүстік- батысында, ал мұның ішінде басым бөлігі оңтүстік Орал сырты далаларында кездеседі. Бұдан да қашығырақ батысқа таман, Шығыс Европа жерінде де осындай бірқатар ескерткіштер аңықталған.

«Мұртты»  обалардың Қазақстанның казіргі аумағынан тыс жерлерде таралуы тасмола мәдениеті тайпаларының сыртқы өлкелерге жасаған күшті этномәдени ықпалымен, соның ішінде, шығу тегі тасмолалық топтардың сақ заманы мен одан кейінгі кезеңдергі сыртқа қарай қоныс аударуымен түсіндіріледі.

Қазақстандық  «мұртты» обаларды зерттеу мәліметтеріне  сүйене отырып, «мұртты» обалар кешеніне шамамен төмендегідей сипаттама  беріледі.

 «Мұртты  оба» кешені әдетте батыстағы  «үлкен» және шығыстағы «кіші»  деп ажыратылатын 2 обадан, кіші обадан  шығысқа қарай тартылған тас тізбектен (« мұрттардан») тұрады.

Бұл ғұрыптық кешеннің негізгі бөлігі – шығыстағы  «кіші» оба мен тас тізбектер.

Кіші оба. Кәдімгі оба бейнесіндегі үйінді, аракідік қоршау немесе тас жайма  іспетті дөңгелектенген (кейде сопақша, тік бұрышты) қарапайым, кішігірім құрылыс кешеннің басты элементі болып саналады. Бұл құрылыс астындағы табылымдар жылқы сүйектері мен қыш ыдыстарынан, от жаққан орынның қалдықтарынан (іздерінен) тұрадыды. Мұның астында адам мүрдесі жерленбейді.

Тас тізбектер  шығысқа бағытталған, жартылай доға тәріздес иіліп келетін бұлардың ұзын бойынан екі тізбектің өзі, олардың шеттеріндегі оба тәріздес шағын құрылыстар, олардың үстінде немесе жанында байқалатын тас бағаналар (тақталар), сондай-ақ, тізбектердің әр жерлерінен байқалатын тігінен тұрған кішкене бағаналар ажыратылады.

Ұзындығы  бірнеше ондаған метрден 200 м жуық, тіпті одан астам тас тізбектер («мұрттар») кіші обадан бастап шығысқа  бағыттала салынған. Тас тізбектер  ретсіз қалана салған жолақтар емес екені  анықталды.Олардың негізінде көптеген кіші құрылыстардың жүйесі жатады. Қазба жұмыстарының нәтижелеріне қарағанда, бұл шағын құрылыстардың өзі бірнеше түрлі болып келеді. Кей обалардың «мұрттары» дөңгелек немесе сопақша келген оба тәріздес құрылыстардан түзіледі. Кейде тізбектер астынан дөңгелек, тікбұрышты, бірақ оба сияқты үйінді түрінде емес, қоршаулар немесе тас жаймалар түріндегі құрылыстардың жүйесі аңықталады. Бірақ, мұның бәріне тән қасиет – олардың өлшемі шағын болып келеді (дәңгелек болса, диаметрлері шамамен 0,5-1,5 м т.с.с.) және олар қайталанып отыратын біртекті элементтер жүйесі тәртібімен тізіледі. Тас тізбектер астында, яғни жаңағы шағын құрылыстардың астында жануарлардың ұсақ сүйектері, от орындарының іздері ұшырасады [16, с. 17].

Әр тізбектің  екі шетіндегі шағын оба бейнелі құрылыстардың астында да жануарлар сүйектері, от іздері кездеседі. Мұның үстінде, жанында тұрған тас бағаналар көп жағдайда құлап, жартылай көміліп қалған немесе мүлдем сақталмаған. Тас тізбектерді бойлай орналасып, қайталанып отыратын элементтер жүйесінің орналасуын аңғартатын кіші көлемдегі тақталар да көп жағдайда аңғарылмайды. Бұл олардың тас тізбектер отырған, шашылған кездерінде сақталмауына ғана емес, анағұрлым кішірек өлшемдеріне де байланысты.

Үлкен оба. Кешеннің орталық құрылымында, яғни кіші обада адам жерленбегені айтылып өтті. Адам мүрдесі осы «үлкен обаға» қойылған. Бұл обаға келсек, оны үлкен деп тек шығыстағы кіші обамен салыстыра атайды. Іс жүзінде бұл тасмола мәдениетінің кәдімгі, жоғарыда айтылған 1-топтағы жерлеу ескерткіші. Оның қоршауы, оры болуы немесе болмауы мүмкін, ондағы қабір түрі, жерлеу ғұрпының басқа элементтері де басқадай көптеген жерлеу ескерткіштеріне тән.

«Мұртты оба» кешені дегеніміз іс жүзінде кіші обамен тас тізбектерді қамтитын жүйе дегеніміз дұрысырақ болады. Дәл осы кешен астына адам жерленген жерлеу ескерткішімен, яғни үлкен обамен байланыса орналасады. Ал басқадай көп жағдайда ол үлкен обасыз, яғни жерлеу құрылымынан «оқшау» да тұрғызыла алады.

«Мұртты»  обалар кешені күнге табыну, жылқыны  құрбандыққа шалу сияқты ертедегі діни наным- сенімге толы жөнелту- еске алу жоралғыларын атқаруға лайықталған. Қайталанып отыратын буындардан тұратын ескерткіштер тізбегі – қасиетті рәсімді атқаруға әр тараптан келіп ат салысқан отбасылық- рулық ұжымдардың осында қатысқаның білдіреді деп санауға болады. Жылқының бұл дүние ғана емес, о дүниедегі де «көлік» сынды рәсімдік жетекші рөлін орталық құрылыс, яғни кіші оба астынан шыққан табылымдар (жылқы сүйектері) айқындай түседі. Кіші обаның астынан шығатын қыш ыдыс сынықтары рәсімдік (ғұрыптық) ас, сусын ішудің маңызды орын алғанын білдіреді. Тас тізбектердің жекелеген буындарында от тұтатылып, бұл отты жол, отты көпірдің символикалық бейнесін беруі мүмкін. Яғни тас тізбектер марқұмның жанын шығысқа – шығып келе жатқан күнге, көкке, құдайлар әлеміне (тәңірлер мекеніне) апаратын отты баспалдақтарды, отты жолдарды меңзейді.

Солтүстік Қазақстанның ерте сақ уақытының қорғандары тас, топырақ пен тас  және топырақ  үйінділі қорғандардан тұрды. Топырақ  қорғандардың көпшілігіндегі орталық қабір үсті құрылысы аласа ағаш қаландылардан немесе үлкен көлемдегі ағаш қима не клет түрінде болып келеді. Ағаш құрылыстың бәрі көне жер беті, не материктегі жерлеуге байланысты болып келеді. Үлкен ағаш құрылыстар жер қабір ішіндегі жерлеу үстіне көне жер беті деңгейінде тұрғызылған. Қорған сыртындағы құрылыстар топырақ үйіндісыртын қоршаған шұңқырлар дөңгелек сақана немесе шаршы түрінде, сондықтан тас шеңберлі қоршаулар болып келеді.

Жерлеу камерасының  негізгі түрі тікбұрышта немесе сопақша  болып келген қарапайым топырақ қабір шұңқыр. Отқа байланысты түрлі ғұрыптар болған. Ағаш жабындыларда өртеген, не күйдірілген.Қабір шұңқырдың ішіне, не тындырының ішінде шоқтардың кездесуі осыған дәлел болады.

Шілікті қорғандарындағы  №2 қорымдағы №1 қорған ағаштарының радиалды болуы Солтүстік Қазақстан Кеңес қорғандарына (Байғара – Бәйгетөбе) ұқсас келеді.

Мәйіттер шалқасынан жатқызылып, қолдары денесін ұзыннан  бойлай, кейде екі аяғы дене осінен солға немесе оңға қарай ауытқи орналасқан. Көп жағдайда мәйіттің басы батысқа немесе Солтүстік батысқа қаратылған. «Жол азығы» ретінде қабір шұңқырға қойдың алдыңғы немесе артқы сирағын, мойын омыртқасын және басын қойған.

Ақыреттік заттарда қарулар (жебе ұштары, қанжарлар), айна, пышақ, амулеттер  кездеседі. Кей жағдайда керамикалық саз ыдыстар да кездесіп отырады [70, с. 83].

Батыс Қазақстанның этникалық картасы қарастырылып отырған кезеңде аймаққа шығыстан көшпенділердің жаңа толқыны қозғалуына байланысты әлдеқайда түрлене түсті деп есептеуге негіз бар. Бұл – арал-каспий көшпенділері байланыстарының бағыты, прохоров мәдениетінің ескерткіштерін де айқын тіркелмеген бұл бағытты жетісу-алтай бағыты деп шартты тұрде атауға болады. Дәл осы бағытпен Лебедевка ІҮ моласының 9 қорғанындагы онша биік емес топырақ үйіндісінің астындағы жылқыны жеке жерлеуді байланыстыру қажет. Адамды жерлсу мұнда болған жоқ. Жылқының сүйегі басымен батысқа, аяктары солтүстікке каратылған. Жерлеу кезінде екі иленген ыдыс және құм тақта ортаға қарай қоса көмілген. Обалардың үйіндісінің астына жылқыны жерлеу рәсімі - скиф мәдениетінің рулық белгісі. Жылқыны молаға жерлеу Алтайдың ертедегі көшпенділерінің жерлеулеріне тән. Лебедевка моласындағы жайпақ ыдыстар мен иығындағы белгісі бар жапсырмалар б.з.б. Ү-ІІІ ғғ. Алтай ескерткіштерінің ішінде де жақын аналогтар ұшырасады [71, с. 90].

Бұл кезеңдегі  Оңтүстік Орал көшпенділерінің жерлеу рәсімдерінің жекелеген элеменггерінің болуы мүмкін сібірлік-алтайлық түпкі көздері Алтай аумағы мен Батыс Сібірдің оңтүстігіне параллельдері бар заттардың орал өңіріндегі обаларға тап келу фактілеріне әлдеқайда мұқият қарауға мүмкіндік береді. Б.з.б. Ү-ІҮ ғғ. табылғандардың «оңтүстіксібірлік» параллельдері барлары бірте-бірте артып келеді. Осылайша, б.з.б. Ү ғ. жерлеулердің бірі, Шалқар көліндегі жеке обада мүйізді өрнегі бар ыдыс табылды, бұған ұқсастары Сібірдің оңтүстігіндегі Минусинск казаншұңқырындағы тағар мәдениетінің керамикасында да кездеседі [72, с. 96]. Зерттеліп отырған кезеңдегі «прохоровтық» белгілі адамдардың жерлеуінде қола коңыраулар кездеседі, мұның параллельдері б.з.б. Ү-ІІІ ғг. Батыс Сібірдегі сармат мәдениетінің ескерткіштерінің арасында да бар. Осынау әлеуметтік мәнді заттың түпкі тегі аталған тағар мәдениетінің қола конырауларынан бастау алады. Бұл орайда Ақбұлақтың жаныңдағы Мешітсай шатқалының 5 қорымының 8 обасындағы таяу шығыстық айнаның табылуы назар аударарлық. Бұл типтегі «музыкалық» айналар Алтайдағы Пазырық қорғандарында да ұшырасады [62, с. 170]. Зерттеуші Т.М.Кузнецова бұл фактіден б.з.б. ІҮ ғ. Оңтүстік Орал мен Алтайдың халқыпың арасындағы элсуметтік-діни параллельдерді көреді [73, с. 82-87].

Жерлеу ескерткіштерінің санына қарап б.з.б. III ғ. бұл аумақтағы халықтың күрт азайғанын болжауға болады. Бұл адамдардың басым бөлігінің Шығыс Еуропаға үдіре көшуінен болса керек. Бұрындары сан жағынан мол көшпенді ордалардын қалдықтары Орал, Елек, Утва сияқты ірі өзендердің тоғайлы сайларында тіркеледі.

Жерлеу рәсімдерінде бұрын тіркелмеген жаңа рәсімдер пайда болды. Мұндайлардың қатарына тас жәшіктерге жерлеуді, қысқа қабырға  қазылып, тар тік бұрышты катакомбаларға жаппай жерлеудің кеңінен тарағанын жатқызуға болады. Мұның өзі көпшілік жағдайда кен катакомбалардан ерекшеленіп тұрады, ал мұндайлар б.з.б. ҮІ ғ. соңы мен ІҮ ғ. аралығында аймақта кеңінен тараған еді. Бұл кезеңде табытқа жерлеу кең етек жайды. Бұл конструкцияда жүзеге асырылған жерлеулер жерлеу рәсімінің басқа элементтерімен ұштасып жатты: еден мен қабырғаларды саз балшықпен сылау, түбіне бор тастау. моладан қатып қалған ағаштың сыныктарының табылуы, қойдың етін ағаш ыдысқа салу. Табыт арқылы жерленген катакомбалық жерлеулерден табылған инвентарьлардың басқа категорияларынан ағаш тарақтардың сүйекті ілмешегі, қола геральдикалық жапқыштар, сынған қола айналар, жебенің темір ұштары ұшырасады. Осылайша. прохоров мәдениетіне тән мәдениеттердің ықпалының күшті болғанын жоққа шығару мүмкіи емес.

Осылайша, тас  жәшіктерге жерлеу - Шығыс Қазақстанның, Памирдің. Жетісудың ерте скиф кезеңінен  бері ертедегі көшпенділерінің жерлеу рәсімінің дәстүрлі белгісі. Мүмкін, ескерткіштердің бұл типіне аумағы жағынан да, мәдениеті жағынан да ең жақыны Орталық Қазақстан аумағындагы Қорғантас типті ескерткіштер тобы. Бұл жерлеулердің генезисіндегі шығыс импульсы да әбден мүмкін. Бірақ бірінші кезекте бұл түйін Арал-Каспийдің солтүстігінде катакомбалық жерлеудің кеңінен тарағандығына байланысты туындайды. Бұл кезеңнін катакомбаларының бұған дейінгі кезеңдеріне қарағанда ерекшелігі мол - б.з.б. II–І ғғ. жіңішке келетін (1-1) және тік катакомбалардың бірнеше түрі болды (ҮІ тип). Бұл кезде 2 типті катакомбалар да кеңінен тарады. Б.з.б. ҮІ -I ғғ. бұл аумақтағы жерлеу рәсімдеріндегі сабақтастықты көрсетеді, бірақ, бұл дәуірде жіңішке қапталдағы қабырғада қазылған жер астындағы камералардың кенінен тарауы мұның себептерін ізлестіруге жетелейді.

Катакомбалық  жерлеулер ағаш табыттармен ұштасады. Инвентарьдың басқа категориясының арасында ағаш тарақтардың сүйекті ілмешегі, қола геральдикалық жапқыштар, сынған қола айналар, жебенің темір ұштары жиірек кездеседі. Оңтүстік Орал өңірі молаларындағы камералардын бұл типіне ең жақын параллельдер Төменгі Волга бойы мен онтүсгік Шығыс Еуропаның әлдекайда батыс аудандарындағы ерте сармат ескерткіштері кеңінеп тараған ауданында орнапасқан. Бұл типтегі жерлеудің ең айшықты керінісі Томенгі Волга бойында Новоникольск моласындағы 3 қорғанның 3 жерлеу катакомбасынан байқалады [74, с. 56]. К.Ф.Смирнов оны б.з.б. ІҮ ғ. екінші жартысына орынды жатқызды. Қаңқаның батысқа бағытталғандығына қарамастан прохоров мәдениетінің ескерткіші екендігі сөзсіз. Еуропалык даланың батыс аудандарьпща каңқа онтүстік-батысқа бағытталған осындай типтегі катакомба Солтүстік Қаратеңіз маңындағы аумактағы Үшқалқа қорғанында кездеседі. Бұл кешеннің мерзімі - б.з.б. III ғ. жас емес. Бұл туралы қасындағы инвентарьдан білуге болады: прохоров типті ыдыс, жебелердің қола ұштары, темір ұштардың жұптары.

Бірақ, Волга бойы мен Украинаның көшпенділерінің мұнын алдындағы кезеңдегі қарастырылған типтегі катакомбалары бұған тән болған жоқ, олардың онда пайда болуын прохоров мәдениетінің жеткізушілерінің Волга бойыпа (жаппай көші-конның барысында) және Солтүстік Каратеңіз маңына (скиф және онтүстік орал әскери элиталар қауымдастығының тығыз этногенетикалық байланыстарының арқасында) енуімен байланыстыруға болады.

Б.з.б. ІІ-І ғғ. Батыс Қазақстан көшпенділерінің катакомбалық кешендермен ең жақын ұксастық Орта Азия малшыларынын қорымдық ескерткіштерінен байқалады, бірінші кезекте Арал өңірі мен Бұқара оазисінен көрінеді. Бұл ұқсастықтар жерлеу рәсімінен де, инвентарьдан да жоғары деңгейде байқалады [72, 73, 74]. Далалық Орал өңірі қорғандарының материалдары инвентарьдың семсерлердің темір тоғалардың бірден бірнеше түрі, пластиналық білезіктер, қола айналар, сүйектен жасалған антроморфты ілгіштер сиякты категориялары дәл осындай Орта Азияның қорымдық кешендерімен этнографиялық ұқсастықтары барлығын аңғартады. Бірақ бұл ескерткіштер Орта Азия аумағында дәл осындайлардың Оңтүстік Орал өңірінде пайда болуымен бір мезгілде тарады. Кейбір зерттеушілердің орынды пікірінше, бұлардың жергілікті түпкі негіздері жоқ.

 

 

2.2 Қазақстандағы сақ дәуірі ескерткіштерін кезеңдеу мен мерзімдеу

       мәселелері

 

Әлемдік тарихнамада  археологиялық мәдениеттер мен  ескерткіштердің кезеңдестірілуін, хронологиясын анықтау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Аталған мәселелер біршама түпкілікті шешілген жағдайда ежелгі кезеңді қамтитын сан алуан теориялық, деректанулық, концептуалдық тарихнама проблемаларын толыққанды өрбітуге мүмкіндік туындайды.

Сондықтан алынып отырған  сақ замана жататын ескерткіштерді кезеңдеудің немесе мерзімдеудің өзіндік  сипаты мен мазмұны бар.

Мәселен, Шығыс Қазақстанның оңтүстік, далалық аудандары сақтардың есімдерімен байланыстырылады. Шығыс Қазақстан тұрғындарының өзіндік этникалық айырмашылықтары бар. Бұлар жақын туыс тайпалар тобы болған. Ғылымда олардың материалдық мәдениетінің ең басты үш кезеңі бөліп көрсетіледі, олар: б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғасырлардағы Майемер, Ү-ІҮ ғасырлардағы Берел, ІІІ-І ғасырлар дағы Құлажорға кезеңдері.

Шығыс Қазақстанның ерте көшпенділерінің қорытынды жұмысы «Қазақ ССР тарихы» оқулығының бір  тарауында жазылды, ол жұмысты М.Қ.Қадырбаев жасады. Ол Шығыс Қазақстанды жеке аудан ретінде қарады, бірақ солтүстік таулы аудандарының халқына көрші Алтай тайпалары, ал оңтүстікке Жетісу өңірінің халқы әсер еткендігін көрсетеді. Осыған қарамастан Шығыс Қазақстан көшпенділердің мәдениеті біртұтас ретінде қаралады. Әсіресе Бұқтырманың жоғарғы жағы Алтаймен байланысты таулы аудандар көзге түседі. М.Қ.Қадырбаев Шығыс Қазақстанға – Павлодарлық Ертіс маңы аймағын да қосады. Ол өзі жазған «История казахской ССР» тарауында Алтай кезеңдеуін пайдаланған, және алғашқы екі кезеңі Майемер б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғғ мен Берел (Алтайдағы Пазырық) б.з.б. Ү-ІҮ ғғ негізінен Алтай материалдары бойынша сипатталған. Шығыс Қазақстан бірінші кезеңінің сипаттағанда Шілікті қорғанынан да мәліметтер алынған, екіншісінде Усть-Буконь қорғаны, үшінші кезеңге Құлажорға қорғаның пайдаланды. М.Қ.Қадырбаевтің еңбектерінде Шығыс Қазақстан көшпенділерінің мәдениетінің кезеңделуіне жалпы сипаттама беріледі. С.С.Черников пен М.Қ.Қадырбаевтің кезеңдеулері негізінен алғанда ұқсас. М.Қ.Қадырбаев Шығыс Қазақстан ескерткіштерін Алтай қорғандарына ұқсастығын атап өтеді. Ескерткіштерді талдау мәселесі, Тарбағатай мен Ертіс аңғарына назар аударылады, себебі таулы аудандар мен Павлодарлық Ертіс маңы басқа мәдениеттермен байланысты [75, с. 111-115].

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу