Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Скачать документ)

Б.з.б ІІІ ғасырға таман Шығыс  Қазақстаның археологиялық ескерткіштерінің түрлері мен құрылымы өз сипатын өзгертті. Тарбағатай мен Ертістің жоғарғы бойы аралығындағы далаларда құлажорғалық үлгідегі деп аталатын жерлеу құрылыстары таралады. Тас жәшіктер қырынан көміліп, үстін тақта тастармен жапқан төрт және одан да көбірек қашалмаған көлемді тақта тастардан құрастырылған. Өліктерді шалқасынан, созылған күйінде, басын батысқа не шығысқа қаратып жерлеген. Тек бірнеше жағдайларда ғана оң жақ қырынан бүрістіріп жерленгендер кездесті [63, с. 79-81].

 Құлажорға үлгісіндегі  ескерткіштердің заттары кешенінің  арасында ең көбі қыш ыдыстар болды. Қыш ыдыстар аласа жұмыр мойынды жатаған құмыралар, кренке тәрізді көзелер, ілмек сияқты сабы бар дөнгелек түпті, бүйірлі және аласа текшелер түрінде болып келеді. Жетісуда таралған қола қазандарына ұқсайтын тік және көлденең құлақтары бар қыш қазандарының едәуір сирек түрлері де кездесті. Тікбұрышты астаушы, тік және кесе сияқты, кейде тұтқасы болатын тостағандар түріндегі ағаш ыдыстар Жетісу мен Солтүстік Қырғызстан ыдыстарына жақын. Ағаш ыдыстарының сыртын көбінесе қызыл бояумен бояған. Қыш көзелер де көбіне осындай бояумен боялады (Құлажорға, Баты, Катон, Зевакино). Негізінен құмыралар мен көзелердің түрлері Шығыс Қазақстан мал өсірушілерінің мәдениеті үшін дәстүрлі болып табылады, ал олардың шығу тегі пазырық үлгісіндегі ескерткіштерден айқын көрінеді, ал басқа біреулері, мысалы, текшелер Қазақстанның оңтүстік-шығысынан алынғаны айқын аңғарылады.

Құлажорға мәдениетінің жасаушылар Жетісудің ежелгі тұрғындарына туыстас жергілікті этникалық топ  болған. Этникалық-мәдени байланыстары бірнеше бағыттардан: қыш және ағаш ыдыстардың түрлерінен басқа, тізбектеле орналасқан молалар топографиясының ұқсастығынан, үйінділердің құрылымы мен бейнесінен, жерленгендегі еңдікке бағдарлауынан, молаға қой етінің мүшесін (көбінесе жамбас жағың) қою салтынан байқалады.

Ақырында, жерленгендердің  сүйектеріне талдау жасаудың көрсетіп отырғанындай, Шығыс Қазақстан далалары мен Жетісу тұрғындарының антропологиялық  тұрпаты да ұқсас. Оның негізі аздаған  монголоидтік қоспасы бар европеиодтік тұрпатта болды, орта азиялық өзен арлық түрге ауысатын андроновтік түрдің белгілері басым келеді. Қола бұйымдарының құрамынан да ғажайып ұқсастық анықталып отыр.

Қазақстан аумағының  шығысы мен оңтүстік-шығысының этникалық  және мәдени жағынан жақын болуына  саяси жағдай да себепші болды. Б.з.б ІІІ ғасырларда Жетісуда мемлекеттіліктің қалыптасу және көршілес аумақтарға, атап айтқанда, солтүстік-шығысқа ықпалдың таралу үрдісі жүріп жатты [64, с. 111-115].

Ерте темір дәуірі ескерткішінің едәуір бөлігі Шығыс  Қазақстанның ең басты су артериясы - Ертіс өзенінің аңғарларына орналасқан. Оның сол жақ жағалауындағы обалы қорымдар Қалба жотасының солтүстік және оңтүстік баурайына шоғырланған, ал онан әрі оңтүстік-батысқа Шыңғыс тауға және Тарбағатайдың батыс аудандарына дейін созылады. Өлкенің онтүстігінде олар Зайсан ойлымында тараған. Шығыстағы таулы аудандарда обалар Нарым, Бұқтырма өзендерінің жағалауларына және Бұқтырманың көптеген салаларына тарай орналасады да, Таулы Алтай аудандарының ескерткіштерімен ұштасып жатады [30, 208-236].

“Патша” обалары деп  аталатын ең үлкен обалар Зайсан ойдымының  Шілікті аңғарында (суреттер 3, 4) және Оңтүстік Алтай тауларында Бұқтырма өзеннінің жағалауында шоғырланған. Шығыс Қазақстанның тастары мол таулы аудандарында обалардың көбінің тас үйінділері бар (Берел, Катон, Күрті, Майемер). Жоғарғы Ертіс өңірі аңғарларында обалар малта тас араласқан топырақтан үйілген, ал жерлеу құрылыстарына әрқашан дерлік, кейде алыстан әкелінген тас пайдаланылған (Құлажорға, Баты, Шілікті, Усть-Бұқтырма). Ортаңғы Ертістің Құлынды даласына іргелес жазық аудандарында обалар топырақтан үйілген (Жолқұдық, Чернореченск, Ертіс, Боброво, Лионтьевка).

Шығыс Қазақстанның ежелгі халқы б.з.б.ҮІІ-ІҮ ғасырларда Қазақстан  аумағын мекен еткен көптеген тайпаларды біріктірген сақ тайпалары одағына кірді. Орталық Қазақстанның және Жетісудың туыстас тайпаларымен материалдық мәдениеті жағынан көптеген ұқсастықтары болғанымен, олар этникалық жағынан бір тектес емес еді. Шығыс аудандардағы таулы жерлерді мекендеушілер көршілес Алтай тайпаларының этникалық-мәдени ықпалын қабылдады [65, 57-59].

Зайсан ойдымының далалық  аудандарының ескерткіштері Жетісу ескерткіштеріне неғұрлым жақын  болды, бұл археологиялық деректерден  басқа палеантропологиялық материалдар  мен де дәлелденеді. Солтүстік Қазақстан мәдениетімен тығыз байланыста болған Павлодарлық ертіс өңірі тұрғындарының мәдениеті Батыс Сібірдің орманды дала мәденитіне, атап айтқанда, саргат мәдениеті деп аталатын көшпелі угор тайпаларының мәдениетіне бейім болды.

Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» деп аталатын еңбегінде және басқа қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар массагеттер, каспийші- лер, исседондар, кейініректе алаңдар, сарматтардан тұрған. Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы (Персополға жақын) тас жазуларында Сақ тайпалары үш топқа:сақ-хаумаваргаларға (хаома сусынын дайындайтын сақтар), Сақ-тиграхаудаларға (төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар), Сақ-парадараяндарға (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) бөлінеді делінген. Бірінші топтоғы сақтар Ферғана жерінде мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы жағындағылар болған.

Сақтар көк тәңіріне табынған. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білседе, мыс пен  қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың дүние жүзіне аңдарды өрнектеумен әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттық мәдениетті дамытуға елеулі әсерін тигізді.

Жартастағы суреттер таулы-далалық  тайпалардың аңды салт атпен қоршалып аулайтыны бейнеленген.

Б.з.б. I мың жылдықтың орта шенінде, яғни сақ заманында өндірістің мамандырылған  түрлері болды. Бұлар руданы өндіру және өңдеу, темір ұсталығы, темірді  құю және зергерлік істер еді. Сақтар темірден үзеңгі, ауыздық жасауды  үйреніп, соғыс құралдарын, қару-жарақтарды, жебенің ұштарын, қысқа семсерлер-ақинақ, қанжар, ұзын семсерлер, найза, түрлі балталар жасады. Металл өңдеумен бірге қолөнердің тұрмыстық ыдыс-аяқ жасау, тас қашау, суйек ою, тері илеу, жіп иіру және тоқымашылықтың түрлері де болды. Темірден пышақ, металдан ыдыс, балта, темір ілгектер, шоттар, қашаулар т.б. заттар жасалынды.

Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Батыс Еуропа халықтарымен тығыз  байланыс жасап тұрды. Бұл жөніндегі  қазылған ескі молалардан табылған заттар сақтардың өмірі туралы көптеген мағлұматтар береді. Сақтардың әлеуметтік қоғамы жөніндегі айтқанда, олардың басты үш топқа бөлінгенін көрсетуге болады. Бірінші-әскери топтар, екіншілері-ауқатты бай топтар, діни адамдар, жрецтер, үшіншілері-жай қатардағы сақтар, бұлар кедейлер, оларға соқа және екі өгіз тән болған.

Қазақстанның әр өлкесінің, соның  ішінде жетісудың сақ дәуірінің  ескерткіштерін тіркеу, сипаттау және картаға түсіру жұмыстарын кешенді  түрде, жаңа денгейде жүргізу керектігі  туындауда. Сақтар өмір сүрген уақытта  адамнын қоршаған ортадан жекеленіп бөлініп шығуына байланысты «Жаңа дүниетаным» қалыптасты. Ірі обалар тек ғана адамды жерлеу орны емес, сонымен қатар әр уақыт желісінде ғұрыптық рәсімдер орындалған күрделі жерлеу-ғұрыптық кешен екендігі көрсеткен, үш топтан ғана тұрмағандығы қазіргі таңда мойындалмаған құбылыс. Сонымен бірге Бернштамнын Қарғалы шаманның жерлеуін ашуы бұл кезеңде діни әдет-ғұрыптарды атқарушылардың-абыз, шамандардың болғандығын айғақтайды. Сондықтан да осы көзқарастар тұрғысынан тізбекте орналасқан обаларды жан-жақты, толық түрде зерттеу арқылы ғылыми түйіндер жасауға болады [39, с. 47-49].

Б.з.б. мыңжылдықта жетісу мен оңтүстік қазақстан-болжамдардың бірі бойынша  Тиграхауда - сақтарға баланатын сақ  тайпаларының қауымының өзіндік  жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналды. Сақ өркениеті - Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өңері жетістіктерінің бірегей синтезі.

Оба қорымдарымен петроглифтер топографиясы және олардың көп болуы ерте кезде  Қазақстан аумағының, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игерілгенің көрсетеді. Үлкенді-кішілі Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендерімен басқаларының аңғарларында көптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. Олардың көбісі жүздеген төмпешіктері бар үлкен молалы жер болып табылады. Мәселен Жуантөбе қорымы Іле өзенінің сол жақ жағалауы-300 обадан, Берікқара қорымы талас өзені 500 төмпешіктен тұрады, Кетпен- төбе алқабында 700 обадан тұратын қорымдар бар. Бұларда және Жетісумен оңтүстік Қазақстанның басқа да ірі оба қорымдарында адамдар әртүрлі уақыттарда жерленіп, олар жүздеген жылдар бойында қалыптасқан [37, с. 110-131].

Биіктігі 20 метрге дейін жететін  патша обалары дейтіндердің көп  жинақталуы жөнінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға Орта Азияда және Қазақстанның басқа аудандарында тең келетіні жоқ. Осындай археологиялық ландшафт А.Н.Бернштамды «патша сақтары мен усундер» нақ жетісуда мекендеген деген қорытындыға келген.

Б.з.б Ү ғасырға жататын Бесшатыр қорымының сақ перамидаларынан  бөренелерден тұрғызылған ірі жерлеу құрылыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азиямен Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің бірегей ескерткіштері.

Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін «Есік» обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран қалдырады. Оның киімі, бас киімі мен аяқ киімі алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалақша арқылы әшекейленген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі «аң» стилінде орындалған. Есік қабірінен табылған күміс тостағанның маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу, тегінде, әліпбилік жазба болуы ықтимал [66, с. 140-141].

Қазақстан территориясын  ежелгі мекендеушілерден қалған ескерткіштер, мұнда шаруашылық және әлеуметтік дамудың  біркелкі болмағанын, бұл ұлан-ғайыр  территорияның бірқатар региондарында, әсіресе оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында алғашқы қауымдық құрылыстың және жазба деректемелерге қарағанда, тайпалық ұйымның күшті қалдықтары мен сарқыншақтары бар әуелгі таптық қатынастардың қалыптаса бастағанын көрсетеді.

Түтікше шүмегі бар ыдыс та орта азиялық түр болып табылады. Шүмегі түтікше ыдыстар Түгіскен мен Ұйғарақтағы б.з.б. ғасырдағы  қабірлерден табылды, Қазақстан  аумағындағы басқа сақ кешендерінде олар ұшыраспады. Сонымен бірге Оңтүстік Түгіскен мен Ұйғарақта бір не екі тұтқасы бар жапсырма сапты аяқтар, ернеуі ішіне қарай аздап емеурілген, бүйрі шығыңқы тостағандар кездесті- ыдыстардың бұл түрлері Еділ бойы мен Оңтүстік Жайық өңірінің савроматтар дүниесінде, сондай- ақ Қазақстанның ертедегі көшпелілердің жерлеу орындарында жақсы белгілі.

Арал өңірінің жерлеу кешендерінен қару-жарақтар, көбінесе жебе ұштары мен ат әбзелдері табылды. Олар Евразияның алдыңғы сақ заманындағы  шығыс аудандарында- Қазақстанға, Сібірге, Алтайға тән. Мұнда да жебе ұштарының  басты-басты екі түрі-қысқа сапты және ұңғылы түрі қатар қолданылған. Қысқа мойынды жебе ұшының орнына б.з.б. IV ғасырдың екінші жартысында қанды басы үш қанатты немесе үш қырлы ұңғылы жебе ұшын қолдану басқа аудандарға қарағанда ертерек басталды, мұның өзі бұлардың солтүстік-батыс көршілері-Оңтүстік Жайық өңірінің савроматтарымен байланыстары мен жер жағынаң жақындығының арқасында болғаң еді [67, с. 125-129].

Қорамсақтарда жебелердің сақ мәдениеті өріс алған басқа  жерлерде аз тараған ромб тәрізді  ұңғылы және қос қалақты қысқа мойын ұштары да кездеседі. Жебелердің қысқа мойындағы ұштарының қаңды басын төрт қырлы етіп жасаған түрі де басқа жерлерден әзірге табылғаң жоқ. Оның есесіне қорамсақты белінің сол жағына, жебелердің ұштарын төмен қаратып салып жүретін классикалық скиф- сақ әдісі басым болған.

Арал өңірі сақтарының жерлеу орындарынаң ең көп табылатын  заттардың бірі-ат әбзелдері. Ұйғарақтағы  қабірлердің жартысынан дерлік жүгенің  қалдықтары- ауыздықтар, айшықтар, әр түрлі  қапсырмалар, сондай-ақ тартпалардың айылбастары табылған.

Ұйғарақтағы ат ер тұрманы-Орталық  Қазақстанда, Алтайда, Жетісуда сақ  заманында кең тараған ат әбзелдерінің бір нұсқасы. Кейбір ауыздықтардың, айшықтардың түрлері мен оларды жасау әдістерінде, айылбастарында және жүген жиынтығының бірқатар заттарында ғана емес, сонымен қатар сол жиынтықтарға кіретін заттардың өз құрамында да ұқсастық байқалады. Алайда Ұйғарақтағы ер-тұрман ауыздық пен айшықты бірге құйып шығарған ерекше үлгіде болды, Қазақстан аумағының басқа аудандарындағы сақтарда мұндай үлгі болмаған. Сондай-ақ, үш тесікті мүйіз не қола айшықты, үзеңгі түбіндегі шығыршықты ауыздықтары бар жүгендер де ерекше үйлесімімен көзге түседі. Ұштары тікбұрышты жұмыр келген және қосарлы қондырмалы айшықтары бар, бітімі өзгеше ауыздықтардың Арал өңірінен көптеп табылуы бұл ауданның Жетісумен бірге осындай үлгідегі жүген жасайтын орталықтардың бірі болғанын көрсетеді.

Сырдарияның төменгі  бойындағы ескерткіштерді савромат-сақтар дүниесімен табылған басқа заттар да, мысалы, тастан жасалған құрбандық  ыдыстары, кішкене қыш ыдыстар және темір семсерлер де жақындастырады. Айта кетсек, Ұйғарақта жергілікті жерге бейімдей салынған жыртқыш құстың басы түріндегі “құстұмсық тәрізді” деп аталатын құрбандық ыдыстарының ерекше түрі де кең таралған. Ұйғарақ пен Түгіскеннің жерлеу мүліктерінің ішінде бейнелеу өнерінің көз тартар үлгілері де кездеседі. Бұлар ер-тұрмандағы, алтын қаптырмалардағы, алтын шеттіктердегі хайуандардың бейнелері. Хайуанаттар бейнелерінің арасындағы бұғы, киік, жылқы, таутеке, қабан, арыстан, барыс не қабылан, жыртқыш құс, түйе бар. Бұл заттардың жасалу әдістері мен стилі Арал өңірі сақтарының мәдениетің скифтік-сібірлік өнер дүниесіне енгізеді [58, с. 59-63].

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу