Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Осы аталған кезеңдемелерді
ескере отырып, сонымен бірге жаңа
археологиялық материалдардың негізінде,үш
ірі кезеңді бөліп
І. кезең бастапқысы (Зевакин-Шілікті) б.з.б ҮІІІ ғ басы мен ҮІ ғ.
ІІ. кезең орта (Букон) б.з.б ҮІ-ІҮ ғ соңы. Алтайдағы Пазырық кезеңнің материалдары негізінде алынған.
ІІІ. кезең (Құлажорға) б.з.б ІІІ ғ - б.з І ғ. Мұндағы да ескерткіштер хронологиясы жаңа материалдар негізінде алынған.
Ерте темір дәуірі ескерткіштерінің едәуір бөлегі Шығыс Қазақстанның ең басты су артериясы – Ертіс өзенінің аңғарларына орналасқан. Оның сол жақ жағалауындағы обалы қорымдар Қалба жотасының солтүстік және оңтүстік баурайларына шоғырланған, ал онан әрі оңтүстік батысқа Шыңғыстауға және Тарбағатайдың батыс аудандарына дейін созылады. Өлкенің оңтүстігінде олар Зайсан ойдымында тараған. Шығыстағы таулы аудандарда обалар Нарым, Бұқтарма жағалауларына және Бұқтарманың көптеген салаларына тарай орналасады да, Таулы Алтай аудандарының ескерткіштерімен ұштасып жатады.
«Патша» обалары деп аталатын ең үлкен обалар Зайсан ойдымының Шілікті аңғарында және Оңтүстік Алтай тауларында Бұқтарма өзенінің жағалауында шоғырланған. Шығыс Қазақстанның жабайы тастары мол таулы аудандарында обалардың көбінің тас үйінділері бар (Берел, Қатон, Күрті, Майемер). Жоғарғы Ертіс маңы аңғарларында обалар малта тас араласқан топырақтан үйілген, ал жерлеу құрылыстарына әрқашан дерлік, кейде тіпті алыстан әкелінген тас пайдаланылған (Құлажорға, Баты, Шілікті, Усть-Бұқтарма). Ортаңғы Ертістің Құлынды даласына іргелес жазық аудандарында обалар топырақтан үйілген (Жолқұдық, Чернореченск, Иртышское, Боброво, Леонтьевка).
Шығыс Қазақстанның ежелгі тұрғындары б. з. б. VII–IV ғасырларда Қазақстан территориясын мекен еткен көптеген тайпаларды біріктірген сақ тайпалары одағына кірді. Орталық Қазақстан және Жетісудың туыстас тайпаларымен материалдық мәдениеті. Жағынан көптеген ұқсастықтары болғанмен, олар этникалық жағынан біртектес емес еді. Солтүстік таулы аудандарды мекендеушілерге көршілес Алтай тайпаларының этникалық-мәдени ықпалы болды.
Зайсан ойдымының далалық
аудандарының ескерткіштері көбінесе
Жетісу ескерткіштеріне ұқсас екені
археологиялық мәліметтерден
Шығыс Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың өздерін қалай атағаны бізге дейін жетпеген. Тарихи әдебиетте Солтүстік Қазақстанға және Шығыс Қазақстанның таулы белдеуіне көбіне аты аңызға айналған аримаспылар тайпаларын орналастырады. Мұндай оқшаулауға ежелгі грек-рим авторларының аримаспылар жерінде ірі-ірі алтын рудниктері бар деген деректері негізге алынады, ал бұл рудниктер дегенде Степняк қаласының маңайы мен Қалба жотасындағы ертедегі алтын өндіру орталықтары айтылған деп болжанады.
Шығыс Қазақстанның оңтүстік, далалық аудандары сақтардың аттарымен байланыстырылады. Солай болғанмен, Шығыс Қазақстан тұрғындарының этникалық айырмашылықтары көп болды деуге келмейді. Жалпы алғанда, бұлар жақын туыс тайпалар тобы болған.
Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазакстан тайпаларының материалдық мәдениеті дамуының үш кезеңінің: б. з. б. VII–VI ғасырлардағы майәмір, V–IV ғасырлардағы берел, III–I ғасырлардағы құлажорға кезеңдерінің ескерткіштері көбірек зерттелген.
Жетісу жеріндегі сақ
Бірінші кезеңде, өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап Қазақстан территориясында бірқатар археологиялық экспедициялар зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Соның ішінде Материалдық мәдениет тарихы институты мен Ғылым академиясының Қазақ филиалы ұйымдастырған А.Н.Бернштам басшылық еткен Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігіндегі экспедициялар белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізді. А.Н.Бернштам Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудің отырықшы мәдениетің және көшпелі тайпаларының мәдени дәстүрлерінің ерекшелігі мен өзгешелігін анықтай отырып, көршілес аймақтар мен аудандардың тайпаларымен тығыз байланыста дамығандығын анықтап, ескерткіштердің даму кезеңдемесін ұсынды (Бернштам А.Н. 1949). Осындай іргелі мәселелердің маңыздылығын ашып, көрсетуде ғалым Алматы маңындағы Қарғалы, Талас аңғарындағы Кеңкол обалары, Үлкен Шу каналы бойында жүргізген ғылыми ізденістерінің нәтижесінде қол жеткізді.
Ал екінші кезеңде, Жетісудің ерте көшпелілер археологиясын зерттеуге К.А.Акишев, Е.И.Агеева, Г.А.Кушаев, И.И.Копылов, А.Г.Максимова, Б.Н.Нұрмұханбетов сияқты ғалымдар сүбелі үлес қосты. 1954 жылдан бастап Тарих, археология, этнография институты Қапшағай СЭС-нің құрылыс жұмыстарына байланысты К.А.Ақышевтың басшылығымен Іле археологиялық экспедициясын ұйымдастырады. Соның нәтижесінде Жетісудің сақ-үйсін ескерткіштерін алғаш рет ашып талдаған К.А.Ақышев пен Г.А.Кушаев 1954,1957-1960 жылдары Іле аңғарында жүргізген зерттеулері негізінде сақ-үйсін қоғамы, шаруашылығы және діни наным-сенімдерінің әр тарихи кезеңіндегі дамуын ғылыми еңбек етіп жазды.
Бұл кезеңнің басты ерекшелігі сонда, ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан басталған ғылыми зерттеу жұмыстары барысында Жетісудің көне тарихының көптеген қалтарыс тұстары ашылып, сақ дәуірі ескерткіштері зерттеудің өлшеуші үлгісі іспеттес ескертікштердің тізбесі ғылыми айналымға енгізілді. Әсіресе, «Есік» қорғанынан Алтын адамның табылуы еліміздің тарихында әлемдік маңызы бар оқиға болды.Бұл қорғаннан табылған жәдігерлер сақтардың мәдениетің, өңерін, шаруашылығын т.б. факторларды зерттеуде басты құрал болып табылды. К.А.Ақышевтың Жетісудің ерте темір дәуірі мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі өз алдына маңызды мәселе болып табылатыны осыдан анық көрінсе керек.Ал келесі бір үлкен еңбегінде сақ тайпаларының дүниетанымын, рухани мәдениеті мен әскери-теократиялық идеологиясын жоғары дәрежеде сипаттап берді.
Б.з.д. ҮІІ ғ. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейінен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген обалар мен қоңыстардың орындары қалған. Олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Бұл сөзімізге дәләл келтіретін болсақ 1980-1990 жылдардағы «Қазпроектреставрация» институты Алматы қаласымен оған жақын территориядағы археология ескерткіштерің табу мен зерттеу бойынша жұмыстар атқарды.Осы жұмыстардың нәтижесінде қазіргі күні қаланың солтүстік-батыс бөлігінде жатқан қорған қабірлер тіркелді. Бұл Үлкен-Алматы өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Бұл қорғандардың топтары Ұлжан-1, және Ұлжан-2 деп аталады.Рысқұлов көшесінде тағыда сол жақ жағалаудағы диаметірі 25-30 м, биіктігі 2-3 м болатын 3 қорған бар, оларды Шаңырақ деп атайды. Топтарға бұл атауларды кейінгі зерттеушілер осы территориядағы шағын аудандардың атауы бойынша берген.
Ертедегі темір дәуірінде Шығыс Арал өнірінің аумағы мен Оңтүстік Қазақстанның оған шектес аудандардың массагет-сақтардың құрамына кіретін этникалық топтар мекендеген. Олардың сол кездегі мәдениетінің ескерткіштері Сырдарьяның төменгі бойындағы Ұйғарақ және Түгіскен қыраттарында орналасқан обалы қорымдар болып табылады. Түгіскен қорымы екі дәуірдің ескерткіштерінен тұрады. Ең алдымен бұл - Солтүстік Түгіскен б.з.б. ІХ-ҮІІІ ғасырлардағы қорымдар. Сақтардың обалы қорымы- Оңтүстік Түгіскен де осында Түгіскен үстіртінде орналасқан. Ол өз кезегінде екі кезеңге бөлінеді біріншісі 9, екіншісі 27 обадан тұрады. Оңтүстік түгіскеннің барлық сақ обалары б.з.б ҮІІ-Ү ғасырларда тұрғызылған. Ұйғарақтағы сол заманның 80 обасы үш топқа шығыс, орталық, және батыс топтарға шоғырланған. Олардан 70 оба қазылды. Ұйғарақ пен Түгіскенде жерлеу құрылыстары әртектес болғанмен, жерлеу ғұрпы бірдей.
Сарыарқаның сақ заманындағы археологиялық ескерткіштерін мерзімдеу мәселелері өте аз зерттелген. Осы кезеңнің, әсіресе б.з.б І-мыңжылдықтың басы мен бірінші жартысының ескерткіштері өте аз. Қорғантас кезеңінің (б.з.б. ІІІ-І ғ.) жерлеу ғұрпы ескерткіштерінің кейбір элементтері ертедегі ғұндар мәдениетімен байланыста болуы ықтимал. М.К.Қадырбаев 1957 жылы Ақтоғай ауданының Қанаттас қорымының 19-обасын зерттеген болатын. Бұнда екі баласымен бірге жерленген әйел мүрдесі ашылған. Қабірден көптеген әшекейлер мен басқа да заттар табылған. Бұлардың арасында алтын тәж, баланың құрамалы күміс белдігі де бар. Оба б.з.б ҮІ-Ү ғасырларымен мерзімделіп, нақты ғұндар ескерткіштерінің тобына кіреді.
Археологиялық мәліметтер бойынша, Орталық Қазақстандаңы Тасмола мәдениеті тайпалары дамуының шартты түрде үш кезеңін атап көрсетуге болады.
Бірінші кезең б.з.б. VII–VI ғасырларды қамтиды. Бұл кезең туралы Тасмола I–V, Қарамұрын I, Нұрманбет IV қорымдары неғұрлым толық мәліметтер береді.
Б.з.б. V–III ғасырлардағы (екінші кезең) Тасмола тайпаларының мәдениеті көбінесе өздерінен бұрынғылардың дәстүрлерін жалғастырды. Жерлеу құрылыстарының негізгі түрлері бұрынғысынша тас тізбекті обалар және екінші, әдеттегі түрлері – тасты үйінділер болып қала береді. Меридиандық бағытта қазылған жер шұңқырларда жерлеу ғұрпы сақталып қалды. Салттық жоралғылардың кейбір бөліктері ғана өзгерді, соның ішінде елікке ат арнау ғұрпы жойылды.
Үшіншісі б.з.б. I мыңжылдықтың аяқ кезінің ескерткіштері жете зерттелмеген. Сондықтан III–I ғасырларды шартты түрде ғана Тасмола мәдениетінің үшінші кезеңі деп атауға болады.
Сақ заманының
бас кезінде Қазақстанда «
Осы ескерткіштердің шығу тегі жайлы олардың шығыс идеясын аңғартатын қола дәуірі құрылымдарымен, оның ішінде Орталық Қазақстанның кейінгі қола ғасырының беғазы- дәндібай мәдениетінің шығысқа бағытталған ұзын дәлізді мавзолей – кесенелерімен байланыстылығы туралы пікір айтылған.
Оларды табысты зерттеу (шығу тегі мәселелері, семантикасы, т.б.), мәліметтерді әлеуметтік – мәдени үлгілеуге қолдану үшін деректемелік қорды мәнді түрде кеңейту мен жаңа нысандарды кең көлемде зерттеулер қажет. Бұның бәрі көп жылғы арнайы еңбекті талап етеді.
Осы ескерткіштердің жоғарғы мерзімі туралы сауал ашық қалып отыр. М.Қ.Қадырбаев өз қазба жұмыстары материалдары негізінде «мұртты» обаларды жасаудағы тасмолалық (сақтық) дәстүрлер б.з.б. 1- мыңжылдықтың ортасына дейін сақталды деген пікірді ұстанды. Соңғы уақытта олардың сақ заманына жататындығын терістейтін пікір пайда болды (С.Г.Боталов, И.Э.Любчанский, А.Д.Таиров, Челябинск қаласы). Осы көзқарастағы ғалымдар «мұртты» обаларды сақ дәуіріне емес, ерте орта ғасырлар заманына, яғни, түркітілдес халықтар ескерткіштеріне жатқызады.
Бұндай пікірталастардың көп болуының негізі себебі ескерткіштердің толық зерттелмегендігі.
Солтүстік Қазақстан Сарғыдан-Алексеев мәдениеті ерте сақ дәуіріне жатады. Олар тігінен не жалпағынан тұрғызылған шағын келген дөңгелек, сопақша, тікбұрыш шаршы түріндегі қоршаулар болып келеді. Зерттелген қоршаулардың барлығының ортасында тас үйінді кездеседі. Мәйіттерді бір жағына бүгіп жатқызған. Бастарын бастыс және солтістік батысқа қаратқан.
М.К.Хабдуллина осы өңірдегі ерте көшпелілер ескерткіштернің жерлеу рәсіміне сараптама жасай келе: Ерте темір дәуірінің жерлеу рәсімінің қола дәуірі рәсімінен айырмашылығы барлығын айтады. Дегенмен оны бөлек құрама элементтерге бөліп қарастырғанда онда ортақ эволюциялық даму, генетикалық байланысын, бұл өзара байланыс тек өтпелі кезеңдегі (б.д.д. ІХ – ҮІІІ ғғ) ескерткіштерге ғана тән екендігін айтады [15, с. 102-104].
Ал, батыс өңіріне қатысты «Агапов таулары ҮІ» орталық қорымының 2 обасының заттарын талдау Оралдың шығыс жағында табылғандарға қарағанда днепр-донецк параллельдері кейінірек пайда болғандығы айқын көрініп тұрғандығын көрсетеді. Бұл айырмашылық бір ғасырдан кем емес. Мұндайлар ең алдымен б.з.б. ІҮ ғ. башқұрт Орал оңірі тоғайлы-далалық және тоғайлы мәдениетіне тән қола әшекейлерге (спиральдық ілгіштері бар салбыраңқы сақиналар, қола сымды сырғалар мен қосарланған спиральдары бар жүзіктер) қатысты болып табылады [72, с. 14]. Тоғайлы-далалық Скифияда Оралдан батысқа қарай бұл келтірілген түрлердің сирек әшекейлері негізінен б.з.б. ІҮ-Ш ғ. жатқызылады [71 кесте, 23-25]. Тоғайлы-далалык Оралдың арғы жағы мен оңтүстік Батыс Сібірдің аумағында табылған әшекейдін бүл екі түрі бұдан да ерте кезеңмен белгіленеді. Осылайша, бұл түрлердің сырғасы мен жүзігі б.з.б. Ү ғ. өзінде саргат мәдениетінің ескерткіштерінен кездеседі [55, с. 109]. Барабин тоғайлы-далалығындағы ерте қола дәуіріндегі қорымға жақын материалдар б.з.б. Ү-ІҮ ғғ. соңына жатқызылады [59, с. 17]. Оңтүстік Оралдын ертедегі көшпенділерінің әшекей заттарының арасындағы зерттеліп отырған сырғаларға ең жақыны Оралдың жоталарының шығыс аумағындағы б.з.б. ҮІ ғ. соңы мен Ү ғ. бірінші жартысындағы: Сара моласының 7 қорғаны, Аландский I моласының 1 қорғаны, 28 қорғаны, Жаңа құмақ моласының 26 қорғанының 4 обасы сияқтылардың әшекейлерінің кейбіреулері. Мұнда ілгіштің басқа түрлері кездескенімен, сырғаның жоғары жағын дайындау принципі дәл сондай.
Оралдың арғы жағындағы ескерткіштердің украиндықтарға қарағанда хронологиялық басымдығы айқын көрінеді. Бұл белгілердің көптігі және бір мезгілде тарайтындығы да маңызды. Скиф-оңтүстік орал паралельдері зерттеушілер тарапынан түрлі материалдарда бұған дейін бірнеше мәрте тіркелгенін ескеріп, бұл құбылыстың б.з.б. ІҮ ғ., дәлірек айтсақ бұл жүзжылдықтың екінші жартысында прохоров мәдениетін жеткізушілерінің қандай да бір тобының Шығыс Еуропаның тоғайлы-далалық аймағына көші-қонына байланысты орын алғанын атап өтуіміз кажет.
Бұған байланысты көптеген зертгеулердің ортасында қалған Үшқалқа қорымына назар аудару керек. К.Ф.Смирнов б.з.б. ІҮ-ІІІ ғғ. Солтүстік Қаратеңіз маңындағы ертедегі «сармат» кешендеріне жатқызды [71, с. 112]. С.В.Полин бұл моланы б.з.б. ІҮ ғ. кейінгі кезеңге жатқызуға және «сарматтардікі» деуге болмайды деп есептейді [74, 41]. Бұл кешеннің прохоров мәдениетімен көп ортақ тұстары барын атап өту керек. Жобалауға қарағанда әуел баста ор ІҮ типті катакомбаға жақын болған. Сүйектің оңтүстік-батысқа бағытталғандығына қарап бұл кезеңдагі прохоров мәдениетіне тән деуге болады. Дөңгелек әрі үлкен саз балшықтан жасалған ыдыс б.з.б. Ү-ІҮ ғғ. Оңтүстік Орал ескерткіштеріне тән, ал қыш кұмыралар көрсетілген мерзімдегі Оңтүстік Орал өңірі көшпенділерінің молаларында Басқа жағынан алсақ б.з.б. Ү-ІҮ ғғ. Оңтүстік Орал даласында климаттың құрғақтана бастағандығы байқалады, мұның өзі аймақтың оралдың арғы жағындағы жартысында айқын көрінеді [71, с. 69]. Сондықтан прохоров мәдениетінің оралдың арғы жағындағы тобы халқынын басым бөлігінің аймақтағы саяси жағдайдың тез дамының және экологиялық дағдарыстың нәтижесінде өзінің орск-оралдық руластарына қайта көшуін де жоққа шығаруға болмайды. Мұның нәтижесінде Орск-Елек даласының аумағында, бірінші кезекте Қарғалы өзенінің бассейнінде б.з.б. ІҮ ғ. бұған дейін прохоров мәдсниетінің оралдың арғы жағындағы нұскасында белгілі болған жерлеу рәсімдерінің белгілері тіркеле бастады [55, с. 186]. Б.Ф. Железчиковтін пікірінше, б.з.б. ІҮ ғ. басында Оңтүстік Орал аумағындағы халыктың саны өзінін шегіне жетті [71]. Орал өңірі даласында калыптаскан демографиялық шиеленіс батысқазақстандық көшпенділердің көршілес елдерге көші-қонына апарып соқтыруға тиіс еді.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу