Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Құйрығының ұшын қайқита иген және аяғының нобайы бар белгісіз бір ірі аңның (жыртқыштың) мүсінінің бергі жағына өзінің көрнектілігі жөнінен екі бұғы өте тамаша бейнеленген алтыннын жалпақ тілігі (Онтүстік Түгіскен б.з.б. ҮІІ ғасыр) Арал өңірі сақтарынын бейнелеу өңерінің ертедегі үлгілері қатарына жатады. Бұлардың тұмсықтары, көздерінің бітімі ертедегі Алдыңғы Азия мөрлеріндегі бейнелерге өте-мөте ұқсас, бірақ мүйіздерінің салынуы бейнелерді скифтер заманындағы Қазақстандық-Сібірлік мәдени ортамен жақындастырады. ”Тұйағының ұшымен” тұрған бұғынын қола мүсіні де осы мәдени ортаға бейімделеді (Ұйғарақ б.з.б. ҮІ ғасыр).
Көбіне өз ерекшеліктерімен салынған жыртқыш құстын басы түріндегі қаптырмалар көп. Құрбандық шалатын кішкене тас мехраптың өзгеше бір үлгідегі бітімін осындай әуенді, бірақ өз ерекшеліктеріне әбден бейімдендіріп бейнелейді.
Аң стиліне кенінен мәлім
әуен-таутеке мен қабанды
Б.з.б. Ү ғасырдағы қорғандардан табылған алтын астарлардағы бейнелер Оралдың және Онтүстік Орал өңірінің савромат дүниесінің өңеріне жақын. 53-обадан табылған қынның алтын қалақша-астарында бірінің артында бірі ”жер бауырлап” жатқан ғажайып екі аң бейнеленген; олардың жоңы мысық тұқымдас хайуанға ұқсайды, басы жылқының басы сияқты, ал иығына үшбұрыш түріндегі скифтердің аң стилінде қабылданған геометриялық өрнектер салынған. Түгіскен мен Ұйғарақтың обаларынан табылған барлық өңер заттары. Арал өңірі ауданын скифтік-сібірлік аң стилі ареалына әкеліп қосады. Соңғы жылдардағы зерттеулер оның шекараларын шығысқа, тек Қазақстан далаларына ғана емес, Туваға дейін де кеңейтті. Бұл орайда шығыс ескерткіштерінің бәрі аң стилінің пайда болу мерзімін б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғасырлармен, бірқатар жағдайларда тіпті б.з.б. ҮІІ ғасырдың басы мен белгілейтіні оның жекеленген мәдени аймақтарда өзіндік ерекшеліктерінің пайда болғаны айқын көрінеді. Мысалы, Тува, Алтай, Оңтүстік Сібір және Қазақстан аумағынын дені Европалық скифтік-сарматтық және Жайық өңіріндегі сарматтық аймақтардан ерекше аймақ болып табылады. Арал өңірі сақтарының негізінен батыс савроматтық бағдардағы, бірақ Азиялық төлтума ерекшеліктері басым аң стиліндегі ескерткіштері аралық жағдай секілді сипатта болуы ықтимал, ал Арал өңірі сақтарынын өздері аң стилінің ареалы болған ең басты екі аймақтын мәдени жалғастырушылары болуы мүмкін [49, с. 170-172].
Алдыңғы Азиядан
шыққан кейбір бейнелеу
Сырдарияның төменгі
Сырдария сақтарының жерінде тек бекіністі ірі қоныстар ғана емес, қалалар да пайда болды. Олардың қатарына, мысалы, Шірік-рабат қаласы және Жаңадариядағы айналасында жергілікті қоныстар кешені мен дамыған суландыру жүйелері бар, көлемі кішірек бекіністі Бәбіш-молда қаласы жатады. Осы тектес тағы бір ескерткіш-Іңкәрдариядағы кішігірім бекіністі Баланды қалашығы. Оларға жақын маңда зәулім жерлеу құрылыстары бар, оларда жергілікті ақсүйектер жерленген және алуан түрлі жерлеу мүліктері қойылған [13, с. 151-175].
Қалаларды, қоныстар мен қорымдарды ескерткішке қалдырған Арал өңірінің сақ тайпалары, сірә, мүлік теңсіздігін білген болса керек, бірақ алғашқы қауымдық құрылыстың сарқыншақтары әлі де толық жойылмады. Бұл мал шаруашылығымен де, су жүйесі бар егіншілікпен және әр түрлі үй кәсіптерімен де айналысатын тайпалардың әскери одағы болатын. Жалпы айтқанда оңтүстік өңірде сақ ескерткіштері өте аз зерттелген. Қазіргі таңда археологтар бұл өнердің қоныстар қалдықтарын зерттеуде. Келешекте Қазақстанның басқа аймақтары сияқты бұл өмірдің де ерте темір дәуірінің ескерткіштері зерттеліп, жаңа ғылыми жаңалықтар әкеледі деген үміттеміз.
1.3 Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
Ерте темір дәуірінде Орталық Қазақстанның территориясын негізінен көшпелі тайпалар мекендеген, осы уақытқа дейін бұл аймақтан көптеген қорғандар мен зираттар тобы жетті. Оған дәлел ретінде таулы аудандардан табылғанәр түрлі металдардан жасалған із қалдықтары мен тастағы суреттерді айтуға болады. Қорғандардың негізгі монументалды құрылысы ретінде мұртты обаларды атауға болады.
1957 жылы Орталық Қазақстан экспедициясы ұйымдастырылды, бұл экспедиция ерте темір дәуірінің кезеңінің археологиялық жұмыстардың нәтижесінде олардың қолдарында бұл кезең бойынша ерте темір дәуірінің тайпалық мәдениетің анықтайтын ескерткіштердің ерекшелігін және т.б. құнды материадар жиналды. Павлодар облысының жерінен табылған Тасмола мәдениетінің топталған қорғандары мен обаларынан қазба жұмыстары кезінде әр түрлі еңбек құралдары мен діни-ғұрыптық ерекшеліктері анықталды. Ол М.Қ.Қадырбаевқа Орталық Қазақстан жерінде жеке бір археологиялық мәдениетті бөлуге жол ашты, оны тасмола мәдениеті деп атады.Оның жері батыста Ұлытау тауларынан және Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін, солтүстікте Көкшетау облысының оңтүстік аудандарына дейін, яғни Шушинск және Бурабай көлдерінің жерін қамтиды, шығысында Паводар облысының ұсақ шоқыларынан, Шыңғыс тауларына дейінгі жерлерді қамтды.Оңтүстік шекарасы Балқаш маңы мен Бетпақдаланың солтүстік аудандарына дейін созылып жатыр. Мұндай мұртты обалар сонымен бірге Алматы және Жамбыл облыстарының жерінен де кездестіруге болады.
Скиф-сақ ортасы мәдениетінің қалыптасуы мен гүлдену заманы Қазақстан тарихында маңызды роль атқарды. Б.з.б І-мыңжылдықтың бірінші жартысында қола заманының жартылай отырықшы-бақташы тайпалары шаруашылығының орнына келген, жайылымдар мен су көздерін белгіленген мөлшермен пайдалануға бағындырылған көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы ұзақ уақыт бойы Қазақстан тұрғындарының негізгі кәсібі болды.
Сарыарқаның ерте темір дәуіріндегі археологиялық мәдениетін ғалымдар «тасмола мәдениеті» деп атады.
Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірі тұрғындарының жерлеу ғұрпы, материалдық мәдениеті мен тұрмысының әр қырынан негізгі мәліметтер беретін зерттелген ескерткіштер толық дерлік осы аймақтың шығыс бөлігінде шоғырланған.
Бүгінде Шығыс Сарыарқа аумағындағы тасмола мәдениетінің екі негізгі топқа бөлінетін 180 обасы зерттелген. Біріншісіне екі мерзімдемелі сатыны: ерте немесе бірінші (б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғғ) және кейінгі немесе екінші (б.з.д. Ү-ІҮ ғғ) сатыларды қамтитын Тасмола кезенінің 150-ден астам обасы кіреді. Басқалары ерекше 3-ші сатыны құрады [13, с. 141-143].
«Мұртты» обалар жерлеу ғұрпына арналған ескерткіштерден тыс, деректемелердің ерекше тобына біріктірілген. Бүгінде Қазақстан аумағынан табылған 300-ден астам «мұртты» обалар қорымы туралы мәліміттер жинақталды. Бұл ескерткіштердің негізгі бөлігі Шығыс Сарыарқа аумағында.
Тасмола тарихи-мәдени қауымдастығы
тайпаларының мәдениетінің өзіндік
ерекшелігі генетикалық тұрғыдан алғанда
Қазақстанның орталық далаларында
осының алдында өмір сүрген қола заманы
тұрғындарының мәдени-
Орталық Қазақстанның ертедегі көшпелілерінің мәдениетің жоспарлы түрде зерттеудің басталғанына жарты ғасырдан асты.
ОҚАЭ-ның Орталық Қазақстанның батысында Ұлытау ауданындағы тас тізбекті («мұртты») обалар шоғырына қазба жұмыстарын жүргізуінен бастау алады. Ескерткіштерден адам мүрдесінің табылмауына қарап, зерттеуші Ә.Х.Марғұлан сол кездің өзінде олар діни-ғұрыптық әрекетке арналған деген ой түйіндеді. Ол соғыстан кейінгі жылдарда бірінші болып тас тізбекті обаларға діни-ғұрыптық құрылыстар деген анықтама ғана беріп қоймай, қолдағы бар материалдарға сүйене отырып бұл ескерткіштердің таралу шегінде көрсетті. Кейіннен М.К.Қадырбаев атап кеткендей, Ә.Х.Марғұлан ОҚАЭ-дағы қызметінің бастапқы кезенінде-ақ, Орталық Қазақстандабасқа жерлерде дәл осы мөлшерде ұшырыспайтын ескерткіштердің ерекше түрлерінің бар екендігі жөніндегі пікірін ұсынды [50, с. 140-142].
ОҚАЭ-нің Ұлытау жеріндегі алғашқы жұмыстарын қоспағанда, ерте темір дәуірінің ескерткіштерінің зерттеудің барлық негізгі шаралары Орталық Қазақстаның шығыс аудандарында жүргізілді.
Бірінші кезеңнің зерттеулері Шығыс Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде (Ақтоғай, Шет) жүргізілді. Бұған Қарабие, Қарасай, Толағай, Елшібек, Киіксу, Егізқойтас, Сарша, Сыпыраоба, Санғыру сияқты, тағы да басқа оба ескерткіштері жатады.
Алғашқы кезеңнің жұмыстарында зерттелуші мәдениеттің жекеленген-аумақтық өзгешеліктеріне қатысты маңызды пайымдаулар жасалды. Сол жылдардың өзінде-ақ М.Қ. Қадырбаев - «жинақталған мәліметтер көлемі батыс бөлік (Ұлытау ауданы және одан ары батысқа қарай) пен солтүстіктегі (Ақмола облысы мен жапсарлас аудандар) және Орталық Қазақстаның шығысындағы Шет, Қонырат, Қарқаралы аудандарын қамтыған аумақтардағы өзара айырмашылықтарды көруге мүмкіндік береді - деп көрсетті.
Бірінші кезеңнің басты нәтижесі нақты
археологиялық материалдарға
Шығыс Сарыарқаның орталық
Екінші кезең зерттеулерінің қорытындысы
бойынша Тасмола мәдениетің зерделеудің
басты тұжырымдары мен
М.Қ.Қадырбаевтің Шідертідегі қазбалары нәтижелерінің қомақтылғы сонша, бұдан кейінгі уақытта барынша мол да көрнекті бұл материалдар «Орталық Қазақстанның Тасмола мәдениеті» деген ұғымның тұтас сипатын анықтайтын негіздеме ретінде қалыптасты. Күні бүгінге дейін шідертілік материалдар Тасмола мәдениеті бойынша басты дерек болып саналады.
Археология институтының Шығыс Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштерін зерттеуге бағытталған жеке экспедиция (қазіргі Сарыарқа экспедициясы) зерттеу жұмыстары барсыныда Баянауыл ауданы жеріндегі ескерткіштер зерттеліп, ғылым тілімен айтқанда «авариялық» деңгейдегі, яғни бүлінген немесе сақтаумау қауіпі бар ескерткіштерді зерттеуге арналған бұл жұмыстар барысында көптеген обалар ашылды, бірақ, олардың дені қатты бүлінген, тоналған болып шықты. Жалпы осы жұмыстардың барысында б.з.д. ҮІІ-І ғғ кезенінің ондаған ескерткіштері зерттелді. Орналасуы жағынан алып қарағанда ескерткіштердің дені Баянауыл ауданына қарайды, соңғы жылдар материалдары Қарқаралы ауданынан да алынған. Ақтоғай ауданы археологиялық қазбаларға бай шежірелі жер. Ақтоғай археологиялық - этнографиялық мұра - жайының ашылуына себеп болған аудан жеріндегі тарихи археологиялық қазбалардың мол байлығы және қола дәуірінен бергі ғасырлардан зерттелмеген біздің заманымызға дейінгі VII, VIII ғасырлардағы қорғандар, таулардағы, жартастағы жазбалар, суреттер, балбалдар, көптеген қорымдары мол өлкесі екендігі.
Осылайша, Шығыс Сарыарқа жерінде жарты ғасырдан астам уақыт бойы жүргізілген зерттеулер ерте темір дәуірінің қазір белгілі ескерткіштері негізінен алғанда Қарғанды облысының Шығыс аудандарында, Павлодар облысының Екібастұз, Баянауыл аудандарында және ішінара бұрынғы Шұбартау (бүгінде ШҚО Аягөз ауданның құрамында) ауданда шоғырланғандығын көрсетеді. Әлі зерттеулер мен қамтылмаған өлкелер аз емес, зерттеулер болып өткен аудандардың өзі де ешқашан толығырақ тексерілген емес.
Тасмола мәдениеті. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан тайпаларының тарихы жөнінде ең маңызды, ал кейде бірден-бір нақты деректеме археологиялық ескерткіштер болып табылады. Нақ осы ескерткіштер Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың жеке топтарының сипаттамасын және олардың мәдени-шаруашылык бейнесін нақтылауға мүмкіндік береді.
Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысындағы Қазақстан территориясын, Аралдың шығыс өңірін ерекше бөліп қарай отырып, Орталық, Батыс, Солтүстік, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан региондарына бөлуге болады.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу