Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Ерте сатының (б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғ.) екі қанатты және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетикалық тұрғыдан алғанда беғазы – дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, жалпақ қысқалау 4-6 тұғырлы тас құрбандық ыдыстары ұшырасады. Аталмыш мәдениет қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. Ернеуі сәнді көлемді айнаның сабы қабан пішінінде құйылған. Ерте кезеңнің соңына қарай «хайуанаттық шытырман» деп аталып кеткен стильде дайындалған көпфигуралы композициялар пайда болды. Солардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс- алыстағы Туваның «алдыбел» ескерткіштеріне ұқсап келеді. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен көркемделген.
Екінші сатыда (б.з.б. Ү-ІҮ-ғ.) заттық мәдениет кейбір өзгерістерге ұшырады: үш қанатты ұңғылы қола жебе ұштары қалыптасты, айналар көлемі кішірейді, темір бұйымдар жиі қолданылды.
Үшінші қорғантас сатысымен (б.з.б. ІІІ-І ғ.) Тасмола мәдениеті аяқталады. Бұл кезде мәдениеттің кейбір ерте элементтерінің сақталуымен қатар (жебенің ұштары, ауыздық жапсырмалар, т.б.) әсіресе жерлеу ғұрпында (қабір ішіндегі жануарлар бастары салынған құрбандық орын) бірқыдыру жаңалықтар көрініс берді.
Ерте темір дәуірінің
Тасмола мәдениеті Қазақ
Зерттелген ескерткіштер бойынша, мәдениеттің батыс шегі Ұлытау таулары аумағын, оңтүстегі Солтүстік Бетпақдала мен Солтүстік Балқаш өңірін қамтыса, шығысы-Шідерті, Баянауыл далаларын бойлай одан ары оңтүстікке таман Шұбартауға дейін созылады. Дәл осы шекте Тасмола мәдениеттінің бізге белгілі. Яғни зерттелген обалары жатыр. Келешекте осы мәдениет ескерткіштері табылуы ықтимал (Шыңғыстау жоталарына дейінгі далалы өңір) аумақтар бар [33, 251-268].
Бұл ұланғайыр - өңірде ерте темір дәуірінің тайпалары шашыраңқы орналасты. Тұрғындардың негізгі бөлігі таулы өңірлерде шоғырланды.
Орталық Қазақстан бойынша ескерткіштер таралуының, яғни тайпалар қоныстауының әркелкілігі оңын батыс және шығыс аймақтары аралығында байқалады.
Тасмола мәдениеттінің зерттелген ескерткіштерінің негізгі бөлігі Шығыс Сарыарқада (солтүстігінде Шідертіден бастап, Баянауыл, Қарқаралы, Шет арқылы оңтүстікте Балқаш өңіріне дейін) орналасқан.
Табиғат жағдайларына байланысты, Шығыс Сарыарқа ерте заманнан-ақ Орталық Қазақстанның негізгі тығыз қоныстанған бөлігі болған. Бұл жерде қола заманының орталыққазақстандық ескерткіштерінің басым бөлігі орналасқан. Ертедегі қоныстанудың бұл дәстүрі ерте темір дәуірінде де сақталды. Шығыс Сарыарқада тұрғындардың тығыз қоныстануының басты себебі сол жердегі ыңғайлы табиғи ықтың, яғни аласа таулар жүйесінің, малды суық маусымдарда ұстауға қолайлылығымен түсіндіріледі. Бір аймақ шеңберінде қыста да, жазда да мал жаюға жарамды жайылымдардың болуы Шығыс Сарыарқа тұрғындардың тым алыстап көшпеуге септігін тигізді. Аса маңызды тағы бір алғы шарт –мұнда металл кендерінің де көп болуы.
Қолдағы материалдар Тасмола мәдениетің жоғары дамыған, мүліктік теңсіздік белгілері терең белең алған, дамыған қоғамдық құрылым түрінде сипаттайды. Тасмолалықтарда металлургия мен металл өңдеу гүлденіп, экономикасының негізгі көшпелі мал шаруашылығы болды. Шашыраңқы шаруашылыққа бірнеше туыстас отбасылардан тұратын кішігірім қауымдар жүйесі сәйкес келді. Табылған қоныстар сипатынан бұндай кішігірім қоныс- қыстауларда жылдың қыс мезгілінде кішігірім қауымдар тұрақтағандығы байқалады.
Бір қарағанда, тасмола мәдениетінің қалыптасуы мен ерекшіліктері беғазы-дәндібай заманы қоғамының экожүйесінде тұындаған тенденциялардың нәтижелері ретінде бой көрсетеді.
Беғазы-дәндібай заманында отырықшы малшылар мен металлургтер қоғамының дамуы арнасында, құрғақ аймақ жағдайында өмір кешкен Шығыс Сарыарқа тұрғындары мәдени-экономикалық дамудың отырықшы үлгісінің шарықтау шегіне («мәдени-экономикалық максимум») жетті (қоныс-кенттер, металлургия, қалыптасқан айырбас жүйесі, т.б.). Сол кездің өзінде-ақ жайылымдық түрдегі жаңа шаруашылық жүйесінің негізгі қаланды (кітапта, 2-бөлім, 3-тарау). Осыдан келіп, өздерін қоршаған экологиялық жағдайда тұрғындар тіршілік пен тұрмысты жолға қоюдың жаңа түрі-көшпелі малшылыққа ойысты. Ерте темір дәуірінің мәдениеттері қалыптасқан бұл кезең қым-қуытты қақтығыстарға, соғыстарға, тұрғындар топтарының орын ауыстыруы мен ығысуына толы болған сияқты.
Бұл күндері Шығыс
Сарыарқаның ерте темір дәуірінің
мәдениетің зерттеудегі қол жеткен
жетістіктермен қатар, шешілмеген мәселелер
де баршылық. Аталмыш кезеңнің кен
орындары, петроглифтері, қоныстары
әлі толық зерттелген жоқ. Әсіресе
қоныстардан алынған материалда
1.4 Батыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
Батыс Қазақстан Еуразияның географиялық картасында маңызды табиғи-географиялық орынды иеленеді. Табиғи-экологиялық ортасының аймақтылығымен көрінетін, солтүстігінде далалық аумағымен, ортасында жартылай құрғақ шөлімен және оңтүстігінде Сам, Үлкен және Кіші Борсық сияқты құмды массивтерімен, Үстірт тастақ шөлді жазығымен танылатын зерттелетін тарихи-мәдени ауданның өзіндік ерекшелігі арал-каспий аймағына адамның ерте заманнан қоныстануына жағдай туғызды. Бұл аумақ солтүстігінде Орал тауларының жоталарымен, батысында Волга және Каспий теңізімен, шығысында Сарыарқа тауларымен, оңтүстігінде Арал теңізімен шектелген, меридиандык тұрғыдан алғанда Оңтүстік Орал тау жүйесінің жалғасы - Мұғалжармен бөлініп жатыр. Жоғарыда аталған факторларға орай, зерттеліп отырған аймақ мыңдаған жылдар бойына бойлық және еңдік бағыттар бойынша өтіп жатқан көптеген тайпалар мен халықтардың көші-қон маршруттарының қиылысында болды. Еуразияның ертедегі тарихында көрнекті орын алған көптеген айшықты және төлтума мәдениеттердің шоғырланған және қалыптасқан орны болып шықты.
Батыс Қазақстан аумағындағы б.з.б. I мыңжылдық ортасына жатқызылатын археологиялык қазбалардың материалдарын талдау б.з.б. ҮІ-Ү ғғ. «кедей» және «бай» зираттардың елеулі айырмашылығы бар екендігін көрсетті. Қорғандар мен зираттардың көлеміндегі айырмашылықтарды былай қойғанда, бір жағынан көшпенді аристократтарға арналған, екінші жағынан карапайым халыққа арналған көптеген рәсімдік элементтер белгілі болды. Көшпенді элитаның жерлеу дәстүріне мыналар жатады: зираттың үстіне қуатты ағаш құрылыстарын салу, мұны жүзеге асыру кезінде адам шығыны да болған, жылқыны да қоса көмген, ертедегі көкжиек деңгейінде жерлеген, камералық зираттар болған, ұжымдық жерлеу де болған. Қарауылдар мен әскерилердің басын оңтүстікке қаратқан. Белгілі адамдар жерленген қорғандарда инвентарьдың көптігі көзге түседі. Бұлардың ішінде әлеуметтік беделінен хабардар ететіндері де бар (қымбат металдардан жасалған ыдыстар, ритондар, мойынға тағатын әшекейлер, асатаяқтар, қазандар). Қатардағы малшыларды жерлеу кешенінің де өзіндік белгілері аңғарылады: зираттардың конструкциясының барынша қарапайымдылығы, зираттың «стандартты» өлшемдері, өлгендерді батысқа бағыттап кою және т.б.
Бұған косымша прохоров мәдениетінің негізгі белгілері әскери басшылықтың қорымдарында, бірімен-бірі тығыз байланыста б.з.б. ҮІ- ғ. өзінде көрінеді. Осылайша, барлық жасақтарды жерлеуде өлгендердің басы оңтүстік-батысқа немесе оңтүстік -шығысқа бағытталды.
Мұндай рәсімдердің арасындағы ұқсастықтарды іздеу бірінен бірі қашық жатқан аймақтарға әкелді. Мысалы, Батыс Қазақстанның Лебедевка жерлеу кешені Нижний Волга өңіріндегі б.з.б. ҮІ-ІҮ ғғ. савромат мәдениетінің ескерткіштеріне өте жақын болып шықты. Бұларда да қорғандардың ағаштан жасалған конструкциясы басым және жерлегендерді батысқа бағыттау орын алған. Волга бойының ертедегі көшпенділер мәдениетімен параллельдерді бірге жерленген инвентарьлардан да көруге болады.
Оралдың сол жағалауы аумағындағы Қырық-Оба, Електегі Сынтас, Бесоба, Жалғызоба. Ордың басындағы Орқаш молаларының обалары рәсім жағынан да, инвентарь жағынан да Арал маңындағы б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғғ. көшпенділердің ескерткіштеріне, ең алдымен Сырдарияның төменгі жағындағы Ұйғарақ қорғанындағы жерлеуге ұқсас келеді. Мұндай ұқсастықтар біріншіден, жерлеу алаңдары мен зираттарда ағаш бағаналар конструкциясының молдығынан, екіншіден, «қасиетті оттың» кең тарауынан, үшіншіден, жерлеу кезінде ұжымдық сипат орын алуынан, төртіншіден, жерлеу кезінде оңтүстікке бағытталғандардың басым болатындығынан көрінеді. Қырықобадан табылғандарды Арал маңындағылармен параллель жүргізу өлгендердің жанына қойылатын инвентарьлардан да байқалады.
Жалпы алғанда көшпенділердің мәдени байланыстарының скифтік бағытын атап өтуге болады, мұның өзі Батыс Қазақстанның элиталық қорғандарындағы рәсімдер мен тұтынылған заттардан көрінеді. Осылайша, скифтердің өзіндік этномәдени мақтанышына айналған Қырық-Обада сүйектердің оңтустікке бағыталуынан және дромостық зираттан басқа аттың жүгеніне жататын қола тарақты (тек Скифияда ғана кеңінен таралған, бізде бірінші рет ұшырасып отыр!) айтуға болады; ал Лебедевкада скиф мәдениетінің «индикаторлары» ретінде қола айнаны, алтын ілгішті, әйелдің бас киіміне кадалған бұғының басы түріндегі белгілерді айтқан жөн. Бұл байқаулар батысқазақстандық көшпенділердің Скифиямен мәдени байланысының үрдіске айналғанын аңғартады [54, с. 72].
Скифтердің сенімді этникалық индикаторына археологиялық ескерткіштердің қызықты түрі соңғы кезде Елек пен Ордың бойында ашылған скифтік антропоморфтық мүсіндерді жатқызуға болады. Қызықты жәйт, «прохоров» мүсіндері Солтүстік Кавказдың Ставрополья, Дағыстан, Шешенстан сияқты тау маңындағы аймақтарындағы осындай ескерткіштерге әлдеқайда ұқсас келеді [55, с. 108-109].
Батыс Қазақстанның «прохоровшыларына» тән заттардың жиынтығында скифтік этномәдениеттің белгілерін білдіретіндер жебенің қола ұштары, темір семсерлер, қанжарлар, құмнан жасалған ыдыстардың кейбір түрлері, аттың жүгеніне кіретін тарақтар бар. Соңғылары туралы айтсақ, тек Скифияда ғана олар кеңінен тараған, ал зерттеліп отырған аймақта бірен-сараны ғана табылды.
Б. з. б. III ғ. ескерткіштері жерлеу рәсімінде де, инвентарьда да прохоров мәдениетінің ертедегі дәстүрлерін дамытуды жалғастырады. Бұған обалардың астындағы жерлеулердің орталық-дөңгелек жобалауын, өлгендердің оңтүстікке бағытталуын, қаңқалардың көлденеңінен орналасуын, қасындағы ет тағамының құрамын (қойдың жотасы мен алдыңғы аяғы) жатқызуға болады. Ү Бердянск моласындағы № 4 және 5 қорғандарының астынан шыққан катакомбалардың барлық типі б.з.б. Ү ғ. соңындағы Оңтүстік Орал көшпенділері үшін тән болып шықты. Инвентарьда да басты эволюция айқын көрінеді. Мысалы, бұл семсерлер мен қанжарлардың «прохоровтык» типінің дамуынан, саз балшықтан жасалған ыдыстан, қола айналардан, жебелердің қола ұштарының бірте-бірте темірлермен алмастырылуынан аңғарылады.
Бірақ, бір мезетте бұрындары Орал өңірінде белгісіз болған рәсім мен материалдық мәдениеттің кейбір элементтері тіркелген. Осылайша, тас жәшіктегі жерлеулер (Жаман Қарғалы I, Мешітсай) пайда болды. Олардың генезисінде шығыс импульсы болуы мүмкін. Бұл типке аумағы жағынан да, мәдени сипаты жағынан да ең жақыны Орталық Қазақстанның аумағындағы қорғантас типті ескерткіштер тобы [56]. Бұдан басқа инвентарь заттарының ішінде түпкі тегі шығыстық кейбір заттар кездеседі. Бұларға Новопавловка селосындағы моланың 5 қорғанынан табылған жерлеулерде кездескен дискілердің шетінде тік жиектері бар қола айналарды, өзіндік белгілері бар семсерлерді жатқызуға болады. Тік жиегі бар айналар ертеден Еуразияның сақ мәдениетіне тән болатын. Семсерге байланысты айтатын болсақ оңтүстік-сібірлік ықпалдың пайда болуымен байланыстыратын О.В.Обельченконың пікірі көкейге қонымды [57, с. 102] - дәл осындай типті семсерлер мен қанжарлар тағар мәдениетінің дамуындағы тисуль кезеңінде мәлім болған. Айта кететін бір жайт, түйіскен жерлері бөрене тәріздес, ілінетін жері стержень сияқты (олардың көпшілігінің ілінетін жері кедір-бұдыр келеді - сыммен тартқанның нәтижесі болар) семсерлер Оңтүстік Оралда б.з.б. ІҮ ғ. ортасынан бастап кезігеді, мұның бұдан да ерте прототиптерін, ұстайтын жері алтын сыммен оралғанын Жетісудан кездестіруге болады [38, с. 106]. Сондай-ақ ілінетін жері орақ типтес және түйіскен жері тік келетін прохоров семсерлерінің түпкі негізі жетісу-орта азиялық болуы да ықтимал.
Б.з.б. II–I ғ. аймақта прохоров мәдениетімен көрінген Арал-Каспийде скиф дәуірі дамуынын ақырғы кезеңі болып табылады. Бұл кезеңдегі тарихи оқиғаларды кайта жаңғырту мақсатымен тарихшылар пайдаланатын жазба деректердің арасында барған сайын қытайдың тарихи хроникалары молырақ ескеріледі. Бұдан басқа грек және рим авторларының Страбонның, Полибийдін және басқаларының мәліметтері де қолданылады. Қай қайсысының да мәліметтері үзік-үзік, сондықтан да бұл кезеңнің тарихын қайта жаңғыртқанда археологиялық деректердің рөлін қайта бағалау қиын.
Бұл кезеңдегі зерттеліп отырған аймақтағы көшпенділердің мәдениетінің дамуы жайлы айтқанда, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда материалдардың аздығын атап өту қажет. Бұл кезеңнің ескерткіштерін жерлеулердің жалпы көпшілігінің арасында әдетте б.з.б. ІҮ-ІІ ғғ. жатқызылатын жерлеулерден ажырату өте қиын. Обалардың үйінділерінің астындағы молалар мұнда да дөңгелек жүйемен, орталықты қоршап, ертедегідей орналасқан. Ең ерте жерленген мен соңғысының арасын жүздеген жылдар құрайды. Бұл обалардағы ең ерте жерлеулер б.з.б. ІҮ ғ. соңына жатқызылады, негізгі бөлігі б.з.б. ІҮ-І ғғ. шеңберінде белгіленеді. Қаралып отырған молалар көптеген ондаған, тіпті жүздеген жылдар бойына қызмет еткен отбасылық жерлеулер болып табылады. Және бұл молалардың басым бөлігі Башкирияда тоғай мен даланың жиегіне шоғырландырылған. Б.з.б. ІҮ ғ. соңында орск-елек көшпенділерінің белгілі бір бөлігі экологиялық фактордың ықпалымен башқұрт Орал өңірінің қолайлы даласына қоныс аударуын да жоққа шығаруға болмайды.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу