Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Бесшатыр қорымында (№ 14 оба) жерлеудің жаңа түрі ашылды. Обаның қабір құрылысының негізі – майда қиыршық тас араласқан топырақтан тұрғызылған қабырғалар. Қабырғалар төменгі екі қатары Тянь-Шань шыршасынан, ал жоғарғы -қатары жидеден үш қатар бөренелермен жапқан тәбені тіреп тұр. Бөренелі тебенің үстіне тастың, бұтаның және сексеуілдің жас бұтақтарының кезек алмастырылған он алты қабатынан тұратын жаппа жасалған. Қабірдің шаршы табаны және күмбезделіп жасалған жаппасы болды.
Қабірдің шығыс жағында, екі жағына екі жұптан бағандар қазылып орнатылған кірер аузы бар. Жұп бөренелер қазықшалармен қосылған, оған қоса берігірек болу үшін жуан ши арқандармен байланған. Қірер ауыздың төбесін бөренелердің үстінен ши арқандармен буылған екі қабат қамыс тесенішпен жапқан.
Бесшатыр хронологиясы кіші обалардың бірінен табылған заттар бойынша айқындалады. Оның үйіндісінің астындағы үлкен қабір шұңқырында басы батысқа қаратып, созылған күйінде шалқасынан жерленген екі қаңқа жатты. Әрбір қаңқаның оң жағында көбелек тәрізді бәйегі бар қысқа темір семсер ақинақтар қойылған, ал сол жақтарында жебелердің қола ұштары бар қорамсақтардың қалдықтары (қорамсақтарда барлығы 50 қысқа сапты және ұңғылы жебе ұштарының он екі түрі бар) жатыр. Солтүстік жағындағы қаңқаның сол жағында темір умбон (қалқанның орта бөлігінің қаптырмасы) және шағын ағаш қалқанның қалдығы болуы мүмкін, бел тұсында темір тоға жатты. Сүйектердің арасынан төрт ақық моншақ және біріне-бірі дәнекерленіп жапсырылған іші куыс алтын түйіршіктерден жасалған екі моншақ табылды.
Бесшатыр қорымы б. з. б. V ғасырға жатады. Бұл қорымнық аумағы екі шаршы километрге жетеді. Алайда, Бесшатыр обаларына байланысты ескерткіштер қорымның өз территориясынан анағұрлым кең жерде бытырай орналасқан. Оларға обалы қорымның төңірегіндегі тас қоршаулар жатады.
Шамасы, Бесшатыр комплексі Іле өзені аңғарын мекендегеи жетісулық сақтардың қасиетті орны болған болуы керек. Жүздеген жылдар бойына сақтар мұнда кұдайға құлшылық етуге келіп тұрған, сансыз көп құрбандықтар әкелген, ас берген және әр түрлі діни жоралғылар жасаған, бата қылған. Мұндай діни салтанаттар мен жоралғылар өткізілетін орындар менгирлер мен қой тастардан ұлан-ғайыр қоршаулар тұрғызылып белгіленген.
Бесшатыр қорымының барлық обаларына үйінді тұрғызудың біртектілігі тән. Ол тастардан және ірі қиыршық тастардан үйіледі, төбесі жалпақ (тілігінде – трапеция), етегінде тастар тығыз қиюластырып қаланған. Үлкен обалардың құрылымдық ерекшеліктері - үйінділердің баурайларындағы терең орлар, оба үңгіріне осы орлардан кіретін болған. Сірә, жерлеу жоралғылары аяқталып, оба тұрғызылғаннан кейін, бата қылу, құлшылық ету және құрбандық шалу ушін жер астына кірер ауыз біраз уақыт ашық қалдырылатын болған болу керек, ал кейін кірер ауыз үстіндегі оба үйіндісінің біразын құлатып көмілетін болған.
Бесшатыр комплексінің үлкен және кіші обалары б. з. б. V ғасырда - ақ сақтар тайпаларында архитектуралық-құрылыстық әдістер: төрт бұрыштап және дөңгелектеп салу, тас қалау, ағашты өңдеп қырнау және ағаштан құрылыс салу әдістері, құрылыс салуда ағашты, қамысты, тасты пайдалану және үйлестіру әдістері қалыптасқандығын керсетеді. Шамасы, мұндай құрылыстық тәжірибе тек діни ескерткіштерді салу нәтижесінде ғана емес, тұрғын және шаруашылық жайларды салу кезінде де жинақталған болуы керек.
Бесшатырдың діни құрылыстары тайпаластарының көсемді мәңгі есте қалдыруға тырысқанын көрсетеді. Тек Үлкен обаның үйіндісін тұрғызу үшін ғана елу мың текшеметрден астам топырақ, тас және қиыршық тас пайдаланылған. Бұдан басқа, қорымнан үш шақырым жердегі ең жақын таулардан мыңға жақын тақта тас пен қой тас әкелінген.
Үйінділердің үш тобына мола құрылыстарының әр түрлі формалары: үлкен және орташа үйінділерге бөренеден қиылған қабір, киіз үй тәрізді бейіт, барлық кішілеріне – жер шұңқыр (кейде олардың ішіне тас «жәшіктер» тұрғызу) сәйкес келеді. № 14 обадағы киіз үй тәрізді шатырлы бейіт басқа жерде кездеспейді.
Бесшатырдың хронологиясы кіші обалардың бірінен табылған заттар бойынша айқындалады. Оның үйіндісі астындағы ұзын жағы батыстан шығысқа қаратылған үлкен қабір шұңқырында (көлемі 3,50-де 2м) жерленген екі адамның қаңқалары жатты. Сүйектер бірінің жанында бірі шалқасынан созылып, бастары батысқа қаратып қойылған. Жерленгендердің әрқайсының жанына оң жағынан қысқа семсер-ақинақтар қойылған, ал сол жағында қола ұшты жебелер салынған қорамсаптардың қалдықтары жатыр. Қанжарлардың сабы көбелек тәрізді, ұшы бүгілген. Солтүстік жақтағы сүйектің сол жағында темір умбон жатыр, тағы бір жатқан нәрсе, сірә кішкене ағаш қалқанның қалдығы болуы мүмкін, бел тұсында темір тоға жатты. Сүйектердің арасынан төрт ақық мойыншақ және біріне-бірі дәнекерленіп жапсырылған іші қуыс алтын түйіршіктерден жасалған екі мойыншақ табылды. Материалдар жиынтығына талдау жасау жалпы алғанда Бесшатырды б.з.б. Ү-ІҮ ғ.ғ деп белгілеуге мүмкіндік береді. Бесшатыр қорымының көлемі 2 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Алайда Бесшатыр обаларымен байланысты ескерткіштердің таралған жері қорымның өз ауқымынан әлдеқайда кең. Мәселен, қорымның солтүстік-шығыс жағындағы 5 шақырым жердегі төбеде алты қоршау орналасқан, олар келбеті мен салынуы жағынан Бесшатыр обаларына ұқсас. Обалардың батыс жағында үш шақырым жерде нақ осындай төрт қоршау бар. Одан да әріректе, батыс жағынадағы 10 шақырым жерде де осындай, оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан 45 қоршау жатыр [33, с. 477-493].
Қорымның төңірегіндегі бұл құрылыстардың орналасуы, олардың сыртқы түрі, құрылымдары мен көлемінің бірдейлігі оларды Бесшатыр қабірлерімен бір мезгілде салынған және олармен байланысты деп санауға негіз береді. Менгирлерден қорымдар төңірегіне қарай ашық салынған қоршаулар - Бесшатыр обаларына байланыссыз, қайта негізгі обьектіні толықтыратын сияқты.
Бесшатыр кешені
Іле өзенінің аңғарында
Бесшатыр қорымының
барлық обаларына-үлкендері
Сәулет өнерінің ескерткіші
ретінде Бесшатырдың әрбір
Мұның бәрі сақ
тайпаларында Бесшатырдағы
Бесшатырдың ғұрыптық
құрылыстары тайпаларының
Бесшатыр обалары өздерінің
көрнектілігімен зор әсер
Оба үйінділерін
Үйінділердің көлемі жағынан қорым обалары үлкен, орташа және кіші болып бөлінеді, үйінділердің осы үш тобына қабір құрылыстарың әр алуан түрі: үлкендері мен орташаларына-бөренелерден тұрғызылған қабір, киіз үй тәрізді биік, ал барлық кіші обаларға жерден қазылған шұңқыр (кейде оған салынған тас жәшік) сәйкес келеді. Обадағы киіз үй тәрізді шатырлы бейітке ешқайсысы ұқсамайды. Әзірше ол скиф-сармат мәдениетінің обаларынан табылған осы түрдегі бірден-бір құрылыс [36, с. 210-215].
Бесшатыр құрылыстарын салуға
қажетті бөренелер оба
Ағаш кесу, бөренелерді қысқарту
және басқа да ауыр жұмыстар жүзі тез
мұқалатын ауыр қола балталармен
орындалған. Бөренелерді өңдеу сан
алуан шоттар, қашаулар, үскілер, қола
шапашоттармен жүргізілген
Бесшатыр обаларын қазғандағы материалдар Жетісудың сақ тайпаларының мәдениеті туралы түсінікті байыта түседі. Олар көп жылдық тәжірибенің жоғарыда атап өтілгеніндей, жерлеу қабірлерін салу кезінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлер салу кезінде де жинақталғанын дәлелдейді. Бұдан Жетісу сақтары ”таза” көшпелі болған жоқ, олар жылдың жылы маусымдарында ғана көшіп, суық түсісімен қыстайтын жерлеріне барған да, қысқы тұрғын үйлерінде қыстаған деген қорытынды шығады. Тұрғын үй салғанда олар ағаш, тас, қамыс, бұта сияқты жергілікті материалды пайдаланған [37, с. 110-131].
Келесі бір ірі ескерткіш «Есік» обасы болып табылады. Есік обасы 40-тан астам обадан тұратын үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Обанын диаметрі 60 м, биіктігі 6 м. Үйілген топырақтың құрылымы айқын емес, бірақ көп қабатты (3-4 қабат) малта тас қабаты қиыршық - сазды қабатпен ауысып отырады, орталықтағы моланың айналасынан ірі қой тастар жиынтығы байқалады. Үйінді астында екі қабір: орталық және бүйірдегі (оңтүстік) қабірлер бар. Ортадағы қабір қарақшылардың неше дүркін тонауының салдарынан әбден шөккен. Бүйіріндегі қабір сол күйінде сақталған. Лақыт Тянь-шань шыршасының өңделген бөренелерінен салынған, оның көлемі: ішінен өлшегенде 2,9х1,5 м, сырты 3,3х1,9 м қабатымен қоса алғандағы биіктігі 1,3-1,5 м.
Лақыттың оңтүстік және батыс бөліктеріне ыдыстар қойылған, ал солтүстік бөлігінде лақыттың тура тақтай еденінде жерленген адамның сүйектері жатыр. Ағаш қалдықтары мен темір тұтқаларға қарағанда, өлік ағаш қақпақпен жабылған болуы керек. Ол басын батысқа қаратып, шалқасынан созылып жатыр, бас сүйегінен өкше сүйегіне дейінгі ұзындығы 165 см.
Есік обасындағы қабір құрылысы, сірә былайша тұрғызылған болса керек: әуелі ұзына бойы батыстан шығысқа бағытталған тікбұрышты қабір шұңқырын қазған. Оның түбіне бөрене қима-лақыт жасалған. Оның құрылымы өте қарапайым ұзындықтары бірдей бөренелерді көлденен лақыттың қабырғасы болатындай етіп қаластырған. Бұрыштарында бөренелер өзара байланбаған, түйісіп қана тұр, лақыттың ұзын және көлденең қабырғаларындағы бөренелердің ұштары қабірдің опырылып түспеуі үшін кезек-кезек ұмсындырылып шығарылған.
Лақыттың қабырғаларына
Шамасы, еденнің өлік жатқызылған тұсына ұсақ алтын қаптырмалармен әшекейленіп тігілген мата төсеніш төселген болуы керек. Төсеніш үстіне тамаша сәнді киімі кигізіліп, бесқаруы түгел асылған өлік қойылған. Орныққан салт бойынша, өлік аяқ-қолы созылып, басын батысқа, бетін жоғары қаратып шалқасынан жатқызылған, оң қолының саусақтары кіндігінен төмен қойылып, сол қолы бір жағына созылып жатыр [38, с. 142-145].
Оң жағында бел тұсына ағаш қыны бар темір семсер қойылған. Қару ілетін аспалы белдікке алтын қаптырмалар мен жолбарыс басының бедерлі бейнесі бар өткерме шегеленген. Белдіктің сол жағына шауып бара жатқан бұлан мен ат пішінінде жасалған екі алтын тілігі жапсырылған, қайыспен қапталған ағаш қыны бар темір ақинақ ілінген. Оның әшекейлері арасынан белдіктің аспалары үшін жасалған, бүктетілген қасқырдың бедерлі бейнесі салынған цилиндр формалы екі қаптырма- тоға ерекше көз тартады.
Сол қолының қарында алтын ұшты символды жебе, одан жоғарырақ сабы жалпақ алтын таспамен бунақтала оралған қамшы, одан жоғарырақ- ішіне қола айна мен қызыл бояу салынған шағын жібек қоржын жатты.
Лақыттың еденіне өлік тамағы салынған және ғұрыптың ыдыстар қойылған. Жазуы бар күміс тостаған мен оқшауырақ тұрған алтынмен апталған қола тегененің де соларға жататыны аңық. Оның ішінде жыртқыш құстың тұмсығы мен тырнақтары түрінде жасалған бірнеше мүсіндік алтын тіліктер жатыр. Ыдыстардың бірде-біреуінен жануарлардың сүйектері ет тағамының қалдықтары табылған жоқ [35, с. 15-18].
Ыдыстардың орналастыруда
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу