Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Бірақ негізгі материалдарды жер
асты ескерткіштері берді, оған қорғандар
мен зираттар және мавзолейге ұқсас
жер асты құбырлары болып табылады.
Осы аталған барлық қорғандар
мен қоныстар ішкі жазықтарда немесе
таулы қыратта тізбектеліп орна
Қазақстандағы аралдың шығыс өңіріндегі сақ кезенің материалдық мәдениетін Оңтүстік түгіскен және ұйғарақ қорымдарының обаларынан көруге болады. Табылған алуан түрлі олжалар қару, үй тұрмысына қажетті заттар және алуан түрлі сәндік заттар сақ-массагетердің материалдық мәдениетінің денгейін сипаттайды. Табылған заттар арасында алтын тоғалар мен қоладан жасалған ат әбзелдеріндегі аңдардың бедерлі бейнелері ерекше ынта туғызады. Ал шағын обалар-қатардағы қауым мүшелерінің жерлену ескерткіштері (ал олар ақсүйектердің ескерткіштеріне қарағанда әлденеше көп шаруашылық және мол табынышының түр құрамы туралы, құнды мәліметтер береді.
Қорымдардың материалдарын көптеген кездей-соқ табылған олжалар мен көркемдік қола бұйымдар көмбелері қазандар, құрбандық ыдыстары, шырақдандар, еңбек құралдары, қару және, ер-тұрман заттары, едәуір толықтыра түседі. Олардың көпшілігі жануарлар мен аңдардың, кейде адамның бедерлі және мүсінді бейнелерімен сәнделген. Олар сақтардың құю техникасы мен көркемдік мәдениетінің жоғары, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның ертедегі темір дәуірінде орта Азия мен Қазақстандағы металлургия өңдірісінің ірі орталығы болғаның дәлелдейді [41, с. 151-175].
Берікқара қорымының обасын (Талас өзенінің аңғарында) топографиялық зерттеу мұндағы үлкен обалардың топырақ үйінділері тастан қаланған шеңбер, төрт бұрыш, жол, құйрықты жұлдыз сияқты нәрселер түріндегі әр алуан тұлғалардың қайран қалдырарлықтай ұштасуын толықтыра түсетіндігін көрсетеді. Олардың сақ тайпаларының сол дәуірде болған діни және әлемнің шығуы туралы ғарышнамалық түсініктерін көрсеткеніне күмән жоқ.
Сырдарияның көне арңалары Жаңадария, Қуандария және Іңкардариялардың бойларын, Страбонның айтуынша, аралдар мен батпақты жерлерді мекендеуші массагет тайпалары қоңыстанған. Кейін гректегі Александр Македонскийдің жорығымен байланысты жазылған деректерге тағы төрт тайпаның:аппасиактар, тохарлар, аугастар және сакаравактардың аттары аталған.Аса қуатты мемлекет құрған бұл тайпалардан ғажайып ескертікштері мол сақталған, олар Шірік-рабат, Баланды, Сеңгіртам, Қабылдың қорғаны қалаларымен сол қалалардың төңірегіндегі жерлеу рәсімі және ғұрыптық салттар өткізілген зәулім ғимараттар.
Шірік-Рабат қаласы Жаңадарияның оң жақ жағалауындағы көлемі 850-600 м, сопақша келген төбе үстінде салынған. Сырты екі дуалмен және ені 40 м болатын ормен қоршалған. Ішкі дуал жақсы сақталған қалындығы 4,5 метрдей дуал бойына 50-ге жуық мұнарлар сақталған.Қаланың іші әр кезеңде үш рет осындай қорғандармен бөлінген. Қаланың оңтүстік биік бөлігінде төртбұрышты ғимарат орны бар.Бұл қаланың цитаделі болса керек.Одан солтүстікке қарай алты оба орналасқан. С.П.Толстов бұл қаланы аппасиактардың астанасы деп есептейді [12, с. 175].
Түгіскен мен ұйғарақ қорымдары. Ұйғарақ пен Оңтүстік Түгіскеннің құм үйінділері астынан алуан түрлі жерлеу құрылыстары қазылып ашылды. Оның бірі, негізінен Ұйғарақтан ғана шыққары-адамдарды жердің бетіне, жеңіл қаңқалы ағаш құрылыстын не күркеннің ішіне, қамыс төсеніш үстіне жерлеу. Мұндай құрылыстардың сыртқы бітімі дөңгелек, сопақ немесе тікбұрышты болған.
Олар Солтүстік Түгіскендегі қола дәуірінің қарапайым жерлеу құрылыстарына ұқсас. Оларды солтүстік Түгіскендегі жерлеумен жақындастыратын белгі- өліктің басын батысқа қаратып жерлеу және ішінара - өлікті өртеу салты.
Жерлеу құрылыстарының екінші үлгісі - жерден қазылған шұңқырлар. Олардың бірнеше түрлері бар. Ұйғарақ пен оңтүстік Түгіскен қорымдарында шығыстан батысқа бағыталған тікбұрышты үлкен жер шұңқырларға жерлеу түрі көп тараған. Лақыттар ағаш бөренелерімен жабылып, олардың үстіне қамыс немесе ұсақ бұтақтар қабаты төселген. Шұңқыр айналасындағы ескі қабат пен қабір топырағын да қамыспен жауып тастаған. Сонан соң диаметрі 1 метр, кейде 5 метрге дейін жететін оба үйген. Кейбір жағдайларда үйінді қамыс пен топырақ қабаттарынан тұрғызылған. Басқа жерлеу құрылыстарындағы сияқты, мұнда да отқа табыну кең таралған [43, с. 14-18].
Қабірдің бұрыштарында
тіреу орындары сияқты кішкене шұңқырлар
жиі кездезеді. Кейбір қабірлерде лақыттың
түбінен қабырғаны жағалай
Түгіскенде жерден
қазылған шұңқырларға
Ақырында, Ұйғарақта жер
қабірлерін Түгіскенде жоқ түрі бар.
Бұл негізінен бұрыштары
Ұйғарақ обаларының орталық кешенін қалдырған рулық топ, мүліктердің құрамына және үлкен жер лақыттарға қарағанда, ең ықпалды топ болған. Оның өкілдері әскери билік пен абыздық қызметті қатар жүргізген көсемдер болған. Бұған билік бергісі-күрзінің және салттық айбалта-қаңжардың табылуы дәлел. Бұл жерде де жерленген қару-жарақты салт атты жауынгерлердің зираттарының көпшілігі, сірә, басқа рудың мүшелерінікі болса керек. Батыс жақ шетіндегі тік бұрышты тар қабірлерге атағы жоқ және кедей рулық қауым мүшелерін жерлеген.
Түгіскенде б.з.б. ІҮ-ҮІ ғасырдағы бай қабірлер тобы айқын аңғарылады. Олардың құрылымына тәң нәрсе-кірер ауыздағы ұзын дәліз-дромос. Лақыттар өте терең болуы мен ерекшеленеді. Өліктің басы шығысқа-солтүстік шығысқа қаратып жатқызылады. Шұңқыр әдетте, неғұрлым ертеректегі обалардағы сияқты қабырғаларымен емес, бұрыштармен бағытталған. Жерленгендер шалқасынан созылған күйінде бастары шығыс – солтүстік - шығысқа қаратылып кейде оларды лақыт шұңқырларын қиғаштай, аяқтарын ромб тәрізді тізесінен бүгіп, өкшелерін ішке қаратып (ат үстінде отырған кейіпте) жатқызылған. Лақыт шұңқырлары мен дромос (ішінара) тегіс етіп жабылған [45, с. 10-12].
Сонымен б.з.б. ҮІ ғасыр обаларына бұрынғысынша тән нәрселер лақыттардың бұрыштарындағы шұңқырлардың сақталуы, ілуде бір болғанымен, жерден қазылған қабірлер мен жер үстіне салынған жерлеу құрылыстарының қатар қолданылуы, оттың жерлеу салтындағы елеулі рөл атқаруы. Табылған көптеген және алуан түрлі заттар б.з.б. ҮІ ғасырларда Аралдың шығыс өңірің мекендеушілердің материалдық мәдениетінің бейнесін толық сипаттайды. Көптеп табылған заттардың қатарына жапсырылып істелген жергілікті ыдыстар мен құмырашы ұршықшасында жасалған керамика, қола пышақтар, киім әшекейлері мен сәндік бұйымдар, тас құрбандық ыдыстары мен жануыштар, ат әбзелдері мен қару-жарақтар жатады. Ағаш өнделгенде қолданылған, жер өңдеу жұмыстарына және қару ретінде пайдаланылатын қола шапашоттар сирек кездеседі. Басқа сақ тайпаларында мүлде кездеспейтін қола және темір балғалар, айбалта мен қанжардың қызметің қоса атқаратын өте тамаша жасалынған қола бұымдар да бар.
Керамиканың материалдық мәдениет ерекшеліктерін мейлінше айқын көрсететіні және түрі ұқсас болған жағдайда түрлі аймақтардың металл бұйымдарының, керамикалық түрлерінің ерекшеліктері елеулі болуы мүмкін.
Түгіскен мен Ұйғарақта керамика барлық жерлеу орындарында кездесе берген жоқ. Биік тік мойыны бар және жайпақ түпті, көбінесе жылтыратылған, алмұрт бітімдес ыдыстар керамиканың негізгі түрлері болып табылады. Мұның өзі қөңіл аударарлық жай, өйткені савромат ескерткіштерінде алмұрт бітімдес ыдыстар б.з.б. ІІІ ғасырда ғана пайда болады және оларға тән емес. Олардың Орта Азиядан шыққан болуы неғұрлым ықтимал [46, с. 151-175].
Ерте темір дәуірінде Шығыс Арал маңы территориясын және Оңтүстік Қазақстанның оған шектес аудандарын массагет-сақтардың құрамына кіретін этникалық топтар мекендеген. Олардың мәдениетінің ескерткіштері Сырдарияның төменгі бойындағы Ұйғарақ жәңе Түгіскен қыраттарындағы обалы қорымдар болып табылады.
Түгіскен қорымы екі дәуірдің ескерткіштерінен тұрады. Оңтүстік Түгіскендегі барлық сақ обалары б.з.б. VII–V ғасырларда тұрғызылған. Ұйғарақтағы сол заманнын 80 обасы үш топқа: шығыс, орталық және батыс топтарға шоғырланған. Олардан 70 оба қазылды.
Екі қорымда да жерлеу құрылыстары әр тектес болғанмен, жерлеу ғұрпы бірдей және оның өзіне тән ерекшелігі – отқа табыну.
Ұйғарақ пен Оңтүстік Түгіскеннің кұм үйінділері астынан б. з. б. VII–V ғасырлардың жерлеу құрылыстарының екі үлгісі қазылып ашылды. Оның бірі, негізінен Ұйғарақтан ғана шыққаны – адамдарды жердің бетіне, жеңіл қаңқалы ағаш құрылыстың не күркенін ішіне, қамыс төсеніш үстіне жерлеу. Мұндай құрылыстардың сыртқы бітімі дөңгелек, сопақ немесе тік бұрышты болған. Олар Солтүстік Түгіскендегі қола дәуірінің қарапайым жерлеу құрылыстарына ұқсас. Оларды Солтүстік Түгіскендегі жерлеумен жақындастыратын белгі – өліктің басын батысқа қаратып жерлеу және ішінара – өлікті өртеу салты.
Оңтүстік Түгіскенде жерлеудің басқа да түрі бар. Діни құрылыс ортасында беті ағаш бөренелермен жабылған жер шұңқыры бар, жан-жағы айнала қоршаған топырақ дуалдан тұрады. Дуалға қажет топырақ белдеулей қазылған ордан алынған. Бұдан басқа, топырақ дуалды қоршаған ор жанғыш материалмен (шөпшекпен) толтырылған. Сірә, жерлеу кезінде барлық құры-лысты айнала от жағылатын болған болуы керек.
Ақырында, Ұйғарақта жер қабірлердің Түгіскенде жоқ түрі бар. Бұл негізінен бұрыштары дөңгеленіп келген тік бұрышты тар шұңқырлар. Құрылымы жағынан оларды Түгіскен мен Ұйғарақтағы үлкен жер шұңқырға жерлеумен жақындастыратын белгі сырғауылдармен және бұтақтармен жабылуы.
Жерлеу құрылыстарының әр түрлі болуы, шамасы, сақ қоғамының ру-семьялық және әлеуметтік құрылымының күрделілігі мен қарама-қайшылығын көрсететін болуы керек. Бұл, әсіресе, Ұйғарақ қорымындағы әр түрлі обалар топтарының үлгісінде айқын байқалады. Абыз әйелдер көп жерленген шығыс топтың молаларында кейінгі қола дәуірінен келе жатқан ғұрып дәстүрлері айқынырақ байқалады. Бәрінен де ықтимал нәрсе, бұл қабірлер сақ қоғамының жалпы рулық діни қызметтермен байланысы бар нағыз кертартпа бөлігіне тән болған болса керек.
Ұйғарақ обаларының орталық комплексін қалдырған рулық топ, мүліктерінің құрамына және үлкен жер лақыттарға қарағанда, ең күшті топ болған. Оның өкілдері әскери билік пен абыздық қызметті қатар жүргізген көсемдер болған. Бұған биліктің символы – күрзінің және салттық айбалта-қанжардың табылуы дәлел. Бұл жерде жерленген қару-жарақты салт атты жауынгерлердің зираттарының көпшілігі, сірә, басқа рудың мүшелерінікі болса керек. Ұйғарақтың батыс жақ шетіндегі тік бұрышты тар қабірлерге атағы мен байлық ерекшеліктері көзге түсе бермейтін рулық қауым мушелерін жерлеген.
Оңтүстік Түгіскеннің ең соңғы кезеңдердегі обалы ескерткіштерінің қатарына б. з. б. V ғасырдың бай молалар тобы жатады. Олардың құрылымына тән нәрсе – кірер ауыздағы ұзын дәліз-дромрс. Қабірлер өте терең болып келеді. Шүңқыр әлемнің төрт жағына неғұрлым ертеректегі обалардағы сияқты қабырғаларымен емес, әдетте, бұрыштарымен бағытталған. Жерленгендер шалқасынан созылған күйінде, бастары шығыс-солтүстік-шығысқа қаратылып (кейде оларды лақыт шүңқырларын қиғаштай жатқызған), аяқтарын ромб тәрізді тізесінен бүгіп, өкшелерін ішке қаратып (ат үстінде отырған кейіпте) жатыр. Лақыт шұңқырлары мен дромос (ішінара.) тегіс етіп жабылған.
Б.з.б. V ғасыр обаларына бұрынғысынша тән нәрселер лақыттардың бұрыштарындағы шұңқыршалардың сақталуы, әжептәуір анық байқалады. Хорезмнің сақтар мәдениетіне ықпалы сондай-ақ керамикалық өндіріс саласында да көрінеді.
Солай болғанмен де, жергілікті дәстүр де одан әрі байқалады, ол әсіресе жерлеу құрылыстарының құрылымы мен жоспарлануында ете-мете анық көрінеді. Ол былай тұрсын, соңғылардын айқаспа төрт бөлімге бөлінген шеңбер тұрғысындағы жоспарлау принципіне ұқсас құрылыстар Хорезмнен кездеседі. Сірә, бұл жерде біз сақтардьщ өз көршілерінің мәдениетіне кері ықпалын көреміз.
Бірқатар ғалымдардың
Құйрығының ұшы мен аятары иілген, құлағы айқын көрінбейтін, көзі мен мұрыны бір сызық бойында жатқан концентратциялық шеңберлер түріндегі, денесінің бұлшық еті білемделген Ұйғарақ тоғалары - Евразияның ежелгі аң стилінің үлгілері, олардың скиф өңері заттарына ұқсастығы байқалады (сурет 8). Ұйғарақта бейнелеу қағидаларын сақтай отырып, тек өз ерекшеліктерін еңгізу ғана байқалады.
Арыстанды бейнелеу Арал маңы сақтарының өміріндегі тұрақты тақырыптардың бірі болып табылады. Оңтүстік Түгіскеннің №45 обасындағы б.з.б.ҮІІ-ҮІ ғасырларға жататын кешеннен отырған арыстанның бейнелі салынған тартпаның екі тоғасы (дәл сондай тоға Ұйғарақта да бар), басы артына қарай бұрылу тырған арыстандарды ойып салған төрт алтын тілік табылды. Аңның басы арыстанның басы онша ұқсамайды, сірә, шеберге бұл бейне таныс болмаса керек, бірақ стиль әбден ұстамды әрі дәстүрлі. 31-обадан Алдыңғы Азиядағы ежелгі түріне ұқсас түрегеп тұрған арыстан мүсіні бар алтын қаптырма табылды. Арыстанның құйрығы ширатылған, бірақ аятары нағыз реалистік тұрғыда берілген, мысық көзді және жалы бар. 53 обадан табылған жүріп келе жатқан арыстандардың мүсіндері осындай үлгіге еліктелінгені анық, бірақ аң мүсінің орналастыруда өзгеріс аз, көздерін дөңгелек дерлік етіп жасаған, жалы жоқ. Ақырында, арыстан бейнеленген тағы бір нұсқа - Түгіскендегі 53-обадан табылған қорамсақтың қарсы ілгек-қапсырмасында тұмсығын аяғынан үстіне салып жатқан жыртқыштың бейнесі өте табиғи түрде берілген [47, с. 60-64].
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу