Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Алтын заттардың металлографиялық
сараптамасы бойынша бұл
Шілікті алтын заттары сақ-скиф дүниесінің басқа аудандарынан (Тиллия-Теппе, Әмудария күмбезі, Қара теңіз жағалауы) табылған алтын заттарға қарағанда көнелеу. Бұл жағдай скиф-сақ аң стилі өнерінің алғашқы шыққан отаны жөніндегі біздің түсініктерімізге өзгеріс енгізуі мүмкін.
Сақ-скиф дүниесінің басқа көпшілік алтын әшекейлернен Шілікті алтынның ерекшелігі- ол құйма алтын және сыныбы өте жоғары. Бұл алтын заттар әшейін өлген адаммен бірге қоюға арналған ғұрыптық зат емес, бұл әшекейлер патшаның тірісінде хан жиынға, мерекелерге киетін киімі.
Қазіргі кезде патшаның бұл киімі ғылыми қайта қалыпқа келтіру, оның сематикалық- семиотикалық мәнің анықтау жұмысы жүріп жатыр.
Шілікті обасы б.з.б ҮІІ-ҮІ ғасырлар аралығына жатқызылады. Бұл Қазақстанның солтүстік далалық өңіріндегі ең ертедегі ”патшалық” оба және Евразия аймағындағы сондай обалардың бірі. Мұнда Евразия далаларындағы мал өсіруші тайпалардың қолданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы аң стиліндегі бірқатар көркем туындылар (аяқтары бүгулі бұғы, шиыршақтала бүктетілген қабылан, басы бұрулы бүркіттер) сақ-скиф дүниесі өңерінің алғашқы үлгілеріне жатады.
Берел кезеңінде Шығыс Қазақстаның ежелгі мал өсірушілерінің мәдениеті бұдан да айқындалып, кемелдене түседі. Таулы аудандарында обалардың таспен нобайланған, жер шұңқырына ағаш қимасы бар және аттар көмілген бұрыннан белгілі тұрақты түрі таралады [29, с. 53-60].
Ескерткіштердің бұл түрі Шығыс Алтайдың кеңінен мәлім Пазырық обаларынан ерекше айқын көрінеді. Олар Таулы Алтайдың басқа жерлерінде де, соның ішінде Шығыс Қазақстан аумағында да тараған. Олардың ішінде маңыздысы Берел қорымы болып табылады; мұның атымен шартты түрде тұтас бір тарихи кезең аталған.
Үлкен Берел обасының ағаштан, алтыннан және қайын қабығынан жасалған көптеген әшекейлерінің арасында заттардың негізгі екі түрі: бейнелей салынған аңдардың немесе олардың дене мүшелерінің мүсіндері (мысық тұқымдас жыртқыштар, таутекелер, арқарлар, бұлан, зооморфтық бейнелер) мен геометриялық және өсімдік өрнектерімен безендірілген бұйымдар ерекше көрінеді.
Үлкен Берел обасына, шамасы, тайпа көсемі немесе ру ақсақалы жерленген болуы керек. Оның моласы байлығымен және салтанаттылығымен ерекшеленеді, бірақ жерлеу ғұрпының қауымның көптеген қатардағы мүшелерін жерлеу салтынан айырмашылығы жоқ.
Қарапайым жерлеу құрылыстары өздерінің көсемдерінің молаларын кішірейтілген түрде қайталайды. Олардың ішінде ағаш астау-саркофаг болғаң жоқ, орнына 3-4 қатар бөренелерден қаланған аласа қима ғана болды. Көптеген дағдылы қабірлерде солтүстік жағындағы биіктеу басқыштарға аттарды көму ғұрпы да сақталған. Мысалы, сол Берел қорымының екі-обасында бес ат, ал үшінші обасында - үш ат көмілген. Иелерін аттарымен қосып жерлеу Шығыс Қазақстаның басқа таулы аудандарын да белгілі [30, 208-236].
Мұнда б.з.б Ү-ІҮ ғасырларда Ертіс бойымен Зайсан ойдымындағы далалық көршілерінен әжептәуір өзгеше этникалық тайпалар тобы қалыптасты. Бұқтырманың жоғарғы бойының ескерткіштері-ареалы Алтай және Тува аумақтарын қамтыған, пазырық үлгісіндегі мәдениеттің етене бөлігі. Шығыс Қазақстаның таулы аудандарының ежелгі тұрғындары көп уақытқа дейін берелдік жерлеу ғұрпының дәстүрлерін сақтап келді. Шамамен б.з.б. ІІІ ғасырдың басында бір жерлерде атты қоса көмудің тоқтатылғанын айтпағанда, қалған салттар біздің заманымыздың шегіне дейін жеткен болуы керек.
Уақыты жағынан едәуір кейінгі жерлеу-ғұрыптық, сиыну құрылыстарының архитектуралық сипаттамаларымен салыстырмалы талдау негізінде көшпелі мәдениеттің бір көрінісінде сабақтастық элементтерін анықтауға болады.
Пазырық мәдениеті тұрғындарының практикасында ғұрыптық, еске алу қоршауларын, тас бағандар тұрғызу тараған болатын. Берел обаларының пазырық археологиялық мәдениетіне жататындығына байланысты, сонымен қатар салт-ғұрыптардың барлық циклін реконструкциялау үшін мүмкіндігінше толық ақпарат көлемін алу мақсатында күрделі жерлеу-ғұрыптық циклдің барлық заттай қалдықтарын анықтау қажет.
Берел кезенінің мәдениеті ерекшеліктерінің бірі-жайпақ түпті қыш ыдыстың таралуы. Ол негізінен екі түрлі: мойыны қусырылып жасалған және кейде тік болып келетін құмыралар мен жатаған кебежелер. Кейбір ыдыстар кертілген жапсырмалы белдіктер мен, таға тәрізді білікпен көмкерілген, тесіктермен әшекейленген. Құмыралардың бірінде қоңыр минералды бояу мен ангобтың үстіне салынған көркем сурет бар, кейбір ыдыстар ашық қызыл түске боялған.
Ертіс пен Зайсан көлі жағалауының ежелгі тұрғындарының жерлеу ғұрпы басқаша болды. Мұнда оба үйінділері малта тас араласқан топырақтан тұрғызылды, қабірлерде аттар көмілмеген және ағаш қималар жоқ. Усть-Буконь мен Усть-Бұқтырмада ағаш пен жапқан төбені ұстап тұру үшін жер шұңқырлардың екі жағы кертпеш жар етіп қазылған.
Ү-ІV ғасырларға тән заттар-құрсауының шетінде сабы бар немесе сырт жағында кішкене ілмесі бар шағын қола айналар, қола қанжарлар азайып олардың орнына темір қанжарлар шығады. Қанжарлар сабының ұшы түзу не сынған қайрақ түрінде болып келеді, олар грифондардың қарама-қарсы тұрған бастарымен безендіріледі, ал олардың сабы қанат немесе көбелек тәрізді болып жасалады.
Соғыс жебелерінің ұштары
бұрынғыша қоладан құйылып
Ағаш пен сүйектен, алтын мен қоладан, былғарыдан, аң терісінен және киізден жасалған қолданбалы өнер ескерткіштері өте көркем. Орталық сюжетінің бағыты аңдар шайқасы, жануарлардың серпінді бейнелері бола бастаған ”аң” стиліндегі өнер гүлденген шағына жетеді. Берел кезенінің аяқ кезіне таман барлық жерде қоланы темір ығыстырып шығарады. Қола ауыздықтарының орнына шығыршықты темір ауыздықтар шығады; қысқа ақинақ-семсерлер мен пышақтар да темірден жасалады.
Жетісу өңіріңдегі сақ ескерткіштері. Бұл өңірдегі сақ мәдениеттерін зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жетісу өңірі ерте темір кезенінің басты көрсеткіші болып табылатын археологиялық ескерткіштерінің хронологиялық диапазонның кендігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар сақ дүниесі шеңберінде болған тығыз мәдени-шаруашылық байланыстар археологиялық материалдардан да аңық көрініс береді. Осы ретте қорғандардың архитектуралық құрылысын, ондағы табылған олжаларды зерттеу мен топтау мәдени-тарихи кезеңдерді түйіндеуге және осы мәдениетті жасаған сақ тайпаларының даму денгейін саралауға мүмкіндік туғызады. Бірақ та бұл археологиялық ескерткіштердің барлығы да осы уақытқа дейін өз қалпында жетпегендігін ескергеннің өзінде әлі де талай ғылыми құнды жаналықтар өз ашылуын күтуде.
Б.з.б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының сақ «пирамидаларында» Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы ең ежелгі, жер үстіндегі ағаш архитектураның өте сирек кездесетін ескерткіштері- бөренелерден түрғызылған ірі-ірі жерлеу құрылыстары табылды. Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі үлкен қорымның құрамына кіретін «Есік» обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының байлығымен таң қалдырады.
Берікқара қорымының (Талас өзенінің аңғары) үлкен обаларының жер үйінділерінде әр түрлі дөңгелек, төрт бұрышты, тізбе, комета тәрізді етіп тастан салған жанама құрылыстары бар. Олар сақ тайпаларының сол кезеңдегі діни және әлемнің шығуы туралы ұғымдарын керсетеді.
Регионның ежелгі тұрғындарының шаруашылық, тұрмыс салттары туралы бағалы мәліметтер кіші обаларда - саны жағынан ру-тайпа ақсүйектерінің обаларынан бірнеше есе асып түсетін қатардағы қауым мүшелерінің қабір ескерткіштерінде - сақталған.
Қорымдардың материалдарын көптеген кездейсоқ табылған олжалар мен көркемдік қола бұйымдар көмбелері қазандар, кұрбандық ыдыстары, шырағдандар, еңбек құралдары, қару және ат-тұрман заттары едәуір толықтыра түседі. Олардың көпшілігі жануарлар мен андардың, кейде адамның бедерлі және мүсінді бейнелерімен сәнделген.
2003 жылдан бастап ҚР БҒМ Археология институты қала және қала төңірегіндегі археологиялық ескерткіштерге зерттеу жүргізуде. Нәтижесінде Шаңырақ және Ұлжан-2 обаларына археологиялық қазбалар жүргізілді. Шаңырақ обалары құрылыс зонасында қалып қойған, бұл жердегі 3 қорған қазылды. Ұлжан-2 тобы Үлкен Алматы өзенінің оң жақ жағалауында Ұлжан ықшам ауданында орналасқан. 2006 жылы Археология Институтының қызметкерлері № 4 қорғанға қазба жұмыстарын жүргізді. Қорған тоналған, дегенмен қарақшылардан қалған бірнеше алтын қапсырма табылған. Бұл сақ қорғандарының барлығы дерлік тоналған деп айтуға болады. Тек заттардың фрагметтері, шашылған адам және мал сүйектері, қыш ыдыстармен ағаш қалдықтары қалған.
Бесшатыр және Есік типтес ескерткіштер. Жетісу өңіріндегі ескерткіштерді негізінен екі топқа бөліп қарастыруға болады. Оның бірінші тобы Бесшатырлық және екінші тобы Есіктік типтегі ескерткіштер. Бесшатыр қорымы іле өзенінің оң жағасында, шылбыр қойнауында орналасқан. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршақ тас және топырақ үйінділерімен жабылған. Үйінділердің көлеміне қарай қорым обалары үлкен, орташа және кіші обалар болып бөлінеді. Үлкен обалардың диаметрі 45 метрден 105 метрге дейін, олардың биіктігі 6 метрден 18 метрге дейін жетіп ауытқып отырады. Орташаларында тиісінше 25-18 және 5-6 м, кішілерінде 6-18 м және 0,8-2 метр.
Сирек кездесетіндері болмаса, қазылған обалар бұрындары тоңалып кеткен болып шықты. Дегенмен де Бесшатыр обалары мерзімін белгілеуге болатын тамаша материал (қанжарлар, жебелердің ұштары) ғана емес, сонымен қатар қабір үстіне орнатылған іргелі құрылымдардың ерекше бағалы, жаңа үлгілерін де берді. Диаметрі 104 м, биіктігі 17 м Үлкен Бесшатыр обасы ерекше. Үйінді төбесі қиық конус тәрізді, жалпақ төбесінің диаметрі 32 м. Обаның тас жамылғысы табаны жағалай тығыз етіп бірнеше қабат төселген бұл орасан зор үйінді орнатқан цоколь секілді болып көрінеді. Үйіндінің солтүстік және оңтүстік жақтарында төменге қарай түсетін ордың ені 2 м, ізі байқалды. Үйіндінің айналасынан 5-7 м қашықтықтан тас дуал өтеді (ені 2м және сақталып қалған биіктігі 50-60см). Үйіндімен қатар бір басы көмілген ірі тас бағандардан (менгирлерден) және үлкен қой тастардан қоршау түрінде тұрғызылған дөңгелек құрылыстар сақталған. Үлкен обаның айналасында барлығы 94 қоршау бар. Кейбір тік тұрған тас бағандарға қазақ ру-тайпаларының таңбалары қашап салынған. Обаның солтүстік-шығыс жағында тағыда осындай 7 қоршау бар, олар оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Олардың жанынан қыш ыдыстардың көптеген сынықтары табылды, қыш қазандардың тұтқалары кездеседі. Қазылған қоршаулардың көпшілігінде тайыз жерден күл-ыс дақтары табылды, екеуінен сүйек қалдықтары, керамиканың сынықтары мен моншақтар шықты. Сірә, қоршаулар табыну мақсатына арналып, отқа табынуға және құрбан шалу ғұрпына байланысты болуы ықтимал [31, с. 15-18].
Бесшатыр үш үлкен обадан тұрады. Бірінші, Үшінші және Алтыншы Бесшатыр обалары, орташа үш оба мен барлық ұсақ обалар қазылды. Бірінші бесшатыр обасының диаметрі 52 м, биіктігі 7,6 м, оңтүстік жағынан 8,93 м. Оба таспен жабылған. Үйіндінің түп жағына тас неғұрлым тығыз қаланған, обаның төбесі жалпақ. Үйінді үш қабат. Ең үлкені-екінші қабаты, ол қалындығы 8,5 метрден 13 метрге дейін жететін топырақ пен қиыршық тастан тұрады. Төменгі қабатының астында Тянь-шань шыршасының өнделген тұтас бөренелерінен салынған үлкен ағаш құрылыс табылды. Сағана үйілген топырақ астында жерленген адамның үстіне тұрғызылған, бұл түгелдей жер бетіндегі құрылыс. Бесшатыр сағанасы сол кезде ағаштан салынған күрделі құрылыс болып табылады, ол бірнеше бөліктен тұрады олар: дәліз (дромос) қабірдің алдыңғы кірер аузы және жерлеу бөлмесі. Сағананың барлық бөренелері жақсы өнделген: бұтақтары мен бұдырлары тегістеліп шабылып, қабығы аршылған. Бөлменің қабырғасын құрайтын бөренелер мұқият тегістеліп, бір-біріне тығыз қиюластырылған, бүкіл құрылысты мейілінше тұрақты ету үшін бөренелердің жуан жұмыр басы қарама-қарсы айқастырылып салынған. Бұрыштарында бөренелер бір-біріне тек түйісіп қана тұрады және өзара бекітілмеген сондықтан Бесшатыр құрылысы дағдылы түсініктегі қима емес. Бөренелерде қашау мен Пышақ іздері жақсы сақталған-олардың екі шеті мен ортасында кертік бар. Жерлеу бөлмесінің бөренелерден тұратын төбесі жалпақ шиден есілген арқандармен буылған қамыс төсеніш қабатымен жабылған. 14 обаны қазған кезде жерлеу құрылымының жаңа үлгісі ашылды. Обаның жерлеу құрылысының негізі - ұсақ қиыршық тастар араластырып топырақтан тұрғызылған қабырғалар. Қабырғалар Бөренелермен үш қатар етіп жабылған, бөренелердің төменгі екі қатары Тянь-шань шыршасынан, ал жоғарғы қатары жете бөренелер. Бөренелермен жабылған төбесінде таспен бұтадан және сексеуілдің шырпысынан он алты қатар етіп күмбез тәрізді жаппа жасалған. Мазардың негізі төртбұрышты, ал төбесі дөңгелек күмбез сияқты болған. Қабірдің шығыс жағында есігі болып есіктің екі жағында жерге тігінен көмілген қос-қостан екі бағана тұрған. Қос бағаналар бір-бірімен қазықтармен бекітілген мейлінше берік болуы үшін бөренелер шиден өрілген жуан арқандармен байланып тасталған. Кірер ауыздың төбесін бөренелердің үстінен ши арқандармен болған екі қабат төсенішпен жапқан қабірдің лақытына кірер жердің жанына жуан бөренің кесіндісі қойылған. Лақыттың еденінде адамның шашыраған сүйектері жатыр [32, с. 2-4].
Бесшатыр қорымы б. з. б. I мың жылдықтың орта шеніндегі Жетісу ескерткіштері жөнінде неғұрлым толық түсінік береді. Ол Іле езенінің оң жақ жағасында Шылбыр қойнауында орналасқан және 31 обадан түрады; олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық тас және топырақ үйінділерімен жабылған.
Үйінділерінің көлеміне қарай қорым обалары үлкен, орташа және кіші обалар болып белінеді. Үлкендерінің диаметрі 45 метрден 105 метрге дейін, биіктігі 6 метрден 18 метрге дейін өзгеріп отырады орташаларынікі - соған сәйкес 25- 38 м және 5- 6 м, кішілерінікі - 6- 18 және 0,8- 2 м диаметрі 104 м және биіктігі 17 м Үлкен Бесшатыр обасы ерекше. Қорғанның қиық конус түріндегі тас жамылғысы табаны жағалай тығыз етіп бірнеше қабат төселген, бұл - орасан зор үйінді орнатқан цоколь секілді болып көрінеді. Үйіндінің солтүстік және оңтүстік жақтарында ені екі метрлік орлар байқалады. Үйіндіні айналдыра тас дуал тұрғызылған. Үйіндімен қатар бір басы көмілген ірі тас бағандардан (менгирлерден) және үлкен қой тастардан қоршау түрінде тұрғызылған дөңгелек құрылыстар салынған. Үлкен обаның айналасында барлығы 94 қоршау бар. Қейбір тік тұрған тас бағандарға ру-тайпа таң-балары қашап салынған. Қүл қалдықтарына, қыш ыдыс сынықтарына қарағанда, қоршаулар отқа табынушылық пен құрбан шалу ғұрпына байланысты болған.
Бесшатырда үш үлкен, үш орташа оба және кішкене обалардың бәрі қазылып ашылды. Бірінші Бесшатыр обасының диаметрі 52 м., биіктігі 7,6 м. Үйінді астынан аршылған Бесшатыр қабірі бірнеше бөліктерден: дәлізден (дромостан), қабірдің алдыңғы кірер аузынан және жерлеу бөлмесінен тұратын, өз заманындағы жер бетіндік күрделі ағаш құрылыс болып табылады. Бөлменің қабырғасын құрайтын бөренелер бір-біріне тақап қиюластырылған бүкіл құрылысты барынша орнықты ету үшін бөренелердің жуан түп жағын ерсілі қарсылы кезектестіріп қалаған.
Жерлеу бөлмесінің бірқатар бөренелерден тұратын жалпақ төбесі шиден есілген арқандармен буылған қамыс төсеніш қабатымен жабылған.
Жерлеу жоралғысынан кейін бөлмеге кіретін ауыз ірі тастармен бекітіліп, ал дәліздің бөлінген жерлері төбесіне дейін жабайы тастарды қиыршық тастармен араластырып толтырылған болуы ықтимал. Тек осыдан кейін барып жерлеу құрылысының үстіне ірі тастар мен қиыршық тас аралас орасан зор үйінді үйілген.
Екінші бір үлкен обаның тас үйіндісі астында сол кездеп жердің бетінің деңгейінен 2 метрдей тереңдікте жер асты жолдарынын жүйесі болды. Олар жердін негізгі жынысында қазылған және негізгі бағыттаушы кірер аузы мен жанама тармақтардан тұрады. Жолдардың күмбезі жарты шеңбер тәрізді, жер асты жолдарының биіктігі метрден астам, ені 75–80 см. Қабыр-ғалардың кей жерлерінде кішігірім кертпеше ойықтар жасалған, олардың жанындағы ыс іздері бұл ойықтарда жер астында жұмыс істеген жер қазушыларға жарық түсіретін май шырақтардың тұрғандығын дәлелдейді, жанама тармақтарда құрбандық шалудың қалдығы - мал сүйектері табылған. Негізгі жолдың жанама тармақтарды қосқандағы жалпы ұзындығы 55 м.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу