Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Скачать документ)

XX ғасырдың 80 жылдарының соңынан бастап ҚазКСР ҒА ҚР БҒМ-нің З.С. Самашев басқаратын Батыс-Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы аймақтағы ертедегі мәдениеттің қызықты ескерткіштерін зерттеді: сақ дәуірінің ондаған тас мүсіндері ретінде көрінетін Бәйте типтес жерлеу-ғибадат ету орыны; Дықылтас жерлеу және ғибадат ету нысаны [23]; сармат дәуіріндегі Аралтөбе қорымдары және басқалары. Тоқсанбай [24, с. 125] және оба-ғибадат ету орны Үстірттегі Қызыл Үйік ертедегі қоныстарын зерттеуде.

Арал-Каспий тарихына арналған көшпенділердің архитектурасына қатысты бірқатар жұмыстарды С.Е. Әжіғали жазды [25].

Батыс Қазақстан  тарихының бастапқы кезеңі жөніндегі жинақталған жұмыстар өте аз. Расында Қазақстан тарихы жөніндегі ұжымдық монографияларды жазу кезінде бұған жекелеген ұмтылыстар жасалды. Бірақ тұтастай алғанда бұл жеткілікті болған жоқ және басқа аймақтар мен тарихи дәуірлердің пайдасына жасалды.

Бүгінгі күні Қазақстанның археологтары да ерте темір дәуірінің  қорғандарынан көптеген көне материалдық заттар тауып, дүние жүзінің мәдени коллекциясын толықтыруда. Мәселен К.А. Ақышев зерттеген «Есік обасы», З.С. Самашевтің «Берел обасы» мен Ә.Т. Төлеубаев зерттеген «Шіліктіден» сақтардың құнды заттары табылды. Сақтар өз қорғандарын сондықтан мақтан тұтқан. Мұндай бай қорғандар Египеттегі фараондардың пирамидаларынан кем түспейді деген Қазақстандық ғалымдар К.А. Ақышев еңбектерінде б.з.б. VIII-IV ғасырлардағы Жетісу территориясын мекендеген сақ патшаларының қабірлері туралы мәліметтер келтірген. Жалпы зерттеу жұмысын орындау барысында жоғарыда аталған авторлардың еңбектерін басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының  деректік негіздері. Көне тарихтың мәселелеріне арналған отандық және шетелдік зерттеушілердің теориялық-концептуалдық көзқарастары көрініс тапқан мақала, монография, рецензия, шолу және басқа да ғылыми шығармалардың формалары жұмыстың деректік негізін құрайды. Ежелгі Қазақстан тарихы басқа дәуірлерге қарағанда, негізінен, археологиялық материалдар бойынша ғана толымды түрде өрбітіліп келеді. Сол себепті де зерттеудің деректік негізін ең алдымен археологиялық дереккөздерін талдаған зерттеушілердің еңбектері, содан кейін барып көне жазба деректері бойынша ой толғамдарын жасаған ғалымдардың ізденістері құрайды.

Басты дерек негізін Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мұрағатының қорлары және ғылыми басылымдарда жарияланған бірқатар археологиялық экспедициялар мүшелерінің еңбектері құрайтындығын айта кету керек. Осы орайда өткен ғасырдың алғашқы жартысынан бастап Қазақстан аумағында далалық ізденістер жүргізген археологиялық экспедицияларды атап кетуге болады: Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (С.С.Черников); Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы, Жетісу археологиялық экспедициясы (А.Н. Бернштам, Е.И. Агеева); Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (әр жылдардағы жетекшілері Ә.Х. Марғұлан, М.Қ. Қадырбаев, Ж.Қ. Құрманқұлов, т.б.); Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов, т.б.); Қаратау палеолит отряды (Х.А. Алпысбаев); Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (Г.Б. Зданович, В.Ф. Зайберт); геологтар А.Г. Медоев, М.Н. Клапчук, Б.Ж. Аубекеров қатысқан экспедициялар (Солтүстік Балқаш геологиялық; Шу-Іле геологиялық-геоморфологиялық; Орталық Қазақстан геология басқармасының Сокур отряды, т.б.); Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Іле археологиялық экспедициялары (К.А. Ақышев); Отырар арехологиялық экспедициясы, Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К.А. Ақышев, К.М. Байпақов); Петропавл және Орал-Қазақстан археологиялық экспедициялары (Г.Б. Зданович, т.б.); Шардара археологиялық экспедициясы (А.Г. Максимова); Қостанай және Торғай археологиялық экспедициялары (В.Н. Логвин, т.б.); Шүлбі археологиялық экспедициясы (А.Г. Максимова, С.М. Ақынжанов, т.б.); Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (З.С. Самашев); Целиноград археологиялық экспедициясы (В.С. Волошин); Павлодар археологиялық экспедициясы (В.К. Мерц), т.б. Сондай-ақ республика аумағындағы Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал, Өскемен, Қостанай, Ақтөбе, т.б. қалаларда орналасқан педагогикалық институттар, университеттер, облыстық музейлер жасақтаған археологиялық экспедициялар (А.Г. Кушаев, Ә.М. Оразбаев, В.В. Евдокимов, А.Н. Подушкин, И.И. Копылов, А.Н. Марьяшев, Ф.Х. Арсланова, З.С. Самашев, Ә.Т. Төлеубаев, т.б.) жетекшілері мен мүшелері жариялаған материалдар да зерттеу жұмысының деректік негізін құрайды. Қазақстан аумағында кеңестік дәуірде зерттеу жүргізген Астрахань (А.Н. Мелентьев), Еділ-Жайық (Л.Л. Галкин), Хакас, т.б. экспедициялардың да материалдары біз үшін маңызды. Тәуелсіздік жылдарында да Қазақстан археологиясын әлемге таныта түскен бірқатар экспедициялардың жарияланған материалдары да зерттеу жұмысының деректік негізін құрап отыр. Олардың арасынан Есіл археологиялық экспедициясы (К.А. Ақышев), Берел археологиялық экспедициясы (З.С. Самашев), Шілікті археологиялық экспедициясы (Ә.Т. Төлеубаев), Орал кешенді археологиялық экспедициясы (К.М. Байпақов), Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Қ. Құрманқұлов), Сарыарқа археологиялық экспедициясы (А.З. Бейсенов), сондай-ақ облыстар бойынша құрылған Тарих және мәдениет ескерткіштер жинағының экспедицияларын, т.б. атап кетуге болады. Сонымен қатар соңғы жылдары нәтижелі жұмыс істеген халықаралық археологиялық экспедициялар (қазақ-итальян, қазақ-француз, Қазақстан-Ресей, т.б.) мүшелері жарыққа шығарған мағлұматтар да осы зерттеу жұмысының деректік негізін құраған. Мұны кеңестік және ресейлік тарихнамада ежелгі Қазақстан тарихының белгілі бір мәселелеріне қалам тартқан ғалымдардың (К.В. Смирнов, Г.Ф. Коробкова, Н.А. Аванесова, В.А. Алекшин, Е.Е. Кузьмина, А.М. Хазанов, С.Ю. Гуцалов, А.А. Ткачев, В.К. Мосин, т.б.) іргелі ізденістері толықтыра түседі.

Жазба дереккөздерін  зерделеген мамандардың (Ю.А. Зуев, И.В. Пьянков, Су Бихай, Н. Мұқаметханұлы, Ә. Дәулетхан, С. Сұңғатай, Б. Еженханұлы, т.б.) еңбектері де диссертациялық зерттеу жұмысының деректік негізін құрайды. Олардан алынған мағлұматтар белгілі бір мәселелерді анықтау үшін қолданылды. Нәтижесінде түйіні түйіткілді жайттарды шешуге ат салысқан мамандардың ізденістері, әсіресе, ерте темір дәуіріндегі қордаланған мәселелерді шешуге кеңінен жол ашты.

Зерттеу жұмысының  теориялық-методологиялық негізі. Алға қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан талдап, көрсету үшін археология ғылымының методологиялық зерттеу тәсілдері пайдаланылды. Атап айтқанда археологиялық деректерді тарихи, объективтілік тұрғыдан қарастыру, салыстырып талдау принціпі қолданылды. Қазақстандағы және Кеңес өкіметі кезіндегі жиналған археологиялық деректерді, дерек көзі ретінде сынау, яғни алғышарттарын, сақталу формалары мен ерекшеліктерін көрсету, олардағы мәліметтерді сыннан өткізу арқылы археологиялық деректердің бейнелену дәрежесін, ақпараттардың шынайлық деңгейімен толықтығын анықтау сияқты теориялық-методологиялық қағидаларға, ғылыми зерттеудің обьективтілік, жалпы ғылыми принціптеріне, арнайы және нақты ғылыми таным заңдылықтары мен тәжірибелерге негізделген.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштерінің таралуы және регионалдық орналасуы мен олардың хронологиялық ерекшеліктерін жан-жақты сипаттай отырып, ғылыми тұрғыда талдау. Бұрынғы және қазіргі танда жүргізіліп жатқан археологиялық экспедициялардың қорытынды мәліметтері мен қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Қазақстанның Шығыс, Жетісу, Оңтүстік, Орталық, Солтүстік және Батыс өңірілеріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан салыстырмалы түрде зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға келесідей міндеттер қойдық:

  • Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштерінің аймақтық таралу ерекшеліктерін сипаттау;
  • тұтас Қазақстан территориясын қамти отырып, сақ ескерткіштерін жекелеген аймақтар (Шығыс Қазақстан мен Жетісу, Оңтүстік, Орталық, Солтүстік және Батыс өңірлері) бойынша жүйелеп, баяндау;
  • Қазақстандағы сақ дәуірі ескерткіштерінің негізгі ортақтастықтары мен ерекшеліктерін жан-жақты сипаттап, талдау;
  • Қазақстандағы сақ дәуірі ескерткіштерін кезеңдеу мен мерзімдеу мәселелерін айқындап, саралау.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі. Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі сақ тайпалары өмір сүрген мерзімді, яғни б.з.б. ІХ-І ғасырлар аралығын қамтиды.

Зерттеудің  территориялық шеңбері. Зерттеу жұмысына қазіргі Қазақстан Республикасының жер аумағы түгелдей кіреді. Кейбір жайттарға байланысты мәселе көтерген кезде оған аумақтық тұрғыдан шектеу қоюға болмайтындығы да белгілі. Өйткені негізгі мәселелерді шешу және оларға қатысты қосымша сауалдарды айқындау, нақтылау және толықтыру барысында республикамен шектесіп жатқан барлық өңірлердегі тарихи процестерге назар аударылмаса, мәселенің байыбына бара қою қиын екендігі де анық. Сол себепті де іргелес өңірлердегі тарихи дамуға да көңіл бөлінді.

Диссертациялық  жұмыстың құрылымы. Зерттеу оның мақсаты мен міндеттерін, тақырып мазмұнын жан-жақты ашуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылған. Диссертация кіріспе бөлімнен, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

 

        І ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ САҚ ДӘУІРІ ЕСКЕТКІШТЕРІНІҢ

           АЙМАҚТЫҚ ТАРАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

1.1 Шығыс Қазақстан мен Жетісу өңірін мекендеген сақтардың

      ескерткіштері

 

Шығыс Қазақстан аумағын  орналасу аймағы негізінен үш негізгі бөлікке бөлінеді: 1) Ертіс аңғарындағы далалы аймақтар; 2) Алтай ландшафтық аудандарының құрамына кіретін жоғары бұқтырма су қоймасы мен таулы аудандары; 3) Сауыр Тарбағатай тауларының қыраттары. Соңғы бөлігі оңтүстік-шығыс пен Орталық Азияның Шығыс бөлігін Саян-Алтайы мен Жетісу және Орта Азияны біріктіріп тұрған таулы жүйе.

Бұл аудандарды зерттеу жұмыстары ХҮІІІ ғасыр дан астау алып осы күнге дейін өз жалғасын тауып келеді.

Майемер және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер. Майемер кезені Нарым өзеннің жоғарғы ағысындағы Майемер даласындағы обалы қорымнын аты бойынша белгіленген. Таулы Алтайдың қарапайым майәмір обаларының көбінесе іргесін белдеулей қоршаған аласа тас үйінділері болды. Қабір лақыттары тік бұрышты етіп қазылды, олардың қабырғалары ағашпен шегенделді және бір қабат бөренелермен жабылды. Майемер ескерткіштерінен жиегі шығынқы және дөңгелегінің ортасында тұзағы бар қола айналардың, сыртқы ілмешектері өте кішкене үзеңгі тәріздес қола ауыздығы бар жүгендердің ертеректегі түрлерінің, үш тесікті немесе ортаңғы тесігінің орнына ілмешегі бар айшықтардың өте мол жиынтығы табылды.

Майемер заманының қолданбалы өнеріне көбінесе атылғалы тұрған жыртқыштың, жүріп келе жатқан немесе жүруге ыңғайланған жануарлардың бейнесі тән. Жерлеу ғұрпы мен зат кешенінің біршама тұрақтылығы Шығыс Қазақстанда б.з.б.VІІ-VІ ғасырларда –ақ ертедегі темір заманы мәдениетінің қалыптасқаның көрсетеді. Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысында Күртінің салаларынан неғұрлым ертедегі ескерткіштер табылды. Олар жер бетінен шығыңқы, үлкен қойтастардан қаланған шеңберлер түрінде көрінеді. Шеңберлердің ішіндегі онша терең емес шұңқырды көмкере ірі тастарды қаз-қатар сопақша етіп қаластырған. Осындай екі қаламаға адамдар басы солтүстік-батысқа қаратылып, сол жақ қырынан бүктетіле жатқызылып жерленген. Жерлеу ғұрпы бойынша Күрті ескерткіштері шалқасынан жатқызып, аяқ-қолын созып жерлейтін майәмір салтынан өзгеше болып келеді [11, с. 63-67].

Қабірлерді сопақша етіп ірі тастармен қоршап қалау да майәмір салтына тән емес. Күрті қорымдағы бүктетілдіріп жерлеу дәстүрі ертеректегі андронов мәдениетінің қалдығы. Өліктің аяқ жағына тастан арнайы салынған жанама құрылыс ішіне атты жерлеу де айырмашылықты айқын аңғартады. Аттың жақ сүйектерінің екі жағынын ”ауыздықтаулы” күйінде ертеректегі жобамен жасалған екі мүйіз айшық табылды. Металдан жасалған ауыздықтардың болмауы Күрті молаларын ертедегі мал өсірушілердің тұрмысында қайыс ауыздықты, ”ауыздықсыз” деп аталатын жүгендердің болған заманына қатысты деуге мүмкіндік береді. Осы сияқты ескерткіштер б.з.б ІХ-VІІІ ғасырларға, майәмір ескерткіштерінің алдындағы Қазақстаның далалық аудандарынан да табылған.

Жаугершілікте мінілген ат пен иесін  жеке-жеке жерлеу ғұрпы ертедегі мал өсірушілер тарихының тек өте ежелгі кезеніңе ғана тән, кейінірек ол кездеспейді. Майемер кезенінің аяқ кезінде ғана алғаш рет жалпы лақытқа иесін атымен қоса жерлеу пайда болады.

Шығыс Қазақстанның далалық  бөлігінің тамаша ескерткіші Шілікті  обасы болып табылады, ол 51 үйіндіден тұратын үлкен қорымның құрамына кіреді. Басқа жерлердегі сияқты, мұнда да ұсақ обалар жоқ. Қорымның үйілген топырағының диаметрі 100 метрге, биіктігі 8-10 метрге дейін жетеді. Бұл-жүздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру көсемдерінің үлкен зираты [27, с. 45-47].

Майемер кезеңінен де бұрын өте көне ескерткіштер болған деген пікір айтылып жүр. Осыған байланысты Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысыңда Күртінің салаларынан табылған жер бетінен шеңбер тәрізді қоршаулары шығып жатқан молаларға назар аударылады. Шеңбердің ішіндегі онша терең емес шұңқырды көмкере ірі тастарды қаз-қатар сопақша етіп қаластырған. Осындай екі қаламадан басы солтүстік-батысқа қаратылып, сол жақ қырынан бүктеліп жатқызылған қаңқалар табылған. Жерлеу ғұрпы бойынша Күрті ескерткіштері шалқасынан жатқызып, аяқ-қолын созып жерлейтін майәмір салтынан өзгеше болып келеді.

Қабірлерді сопақша  етіп ірі тастармен көмкеру конструкциясы  да майәмір салтына тән емес. Күрті  қорымындағы бүктетілдіріп жерлеу дәстүрі - одан ертеректегі Андронов мәдениетінің қалдығы. Күрті молаларына өліктің аяқ жағына арнайы салынған жанама құрылыс ішіне атты жерлеу де тән. Аттың жақ сүйектерінің екі жағынан «ауыздықтаулы» күйінде ертерек-тегі жобамен жасалған екі мүйіз айшық табылды. Металдан жасалған ауыздықтардың болмауы Күрті молаларын ертедегі мал өсірушілердің тұрмысында қайыс ауыздықты, «ауыздық-сыз» деп аталатын жүгендердің болған заманына қатысты деуге мүмкіндік береді. Кейбір зерттеушілер осы тектес ескерткіштер б.з.б. IX–VIII ғасырларға жататын Қазақстанның ежелгі көшпелілері мәдениетінің өте ертеректегі кезеңіне тән деп топшы-лайды. Мұндай ескерткіштер түрлері Шығыс Қазақстанның далалық аудандарынан да табылды.

Жаугершілікте мінілген ат пен иесін жеке-жеке жерлеу ғұрпы  ертедегі мал өсірушілер тарихының тек өте ежелгі кезеңіне ғана тән, кейінірек ол сирек кездеседі. Майемер кезеңінің аяқ кезінде алғаш жалпы жерлеу камерасына иесін атымен қоса жерлеу пайда болады (№4 оба, Черновая дер. маңы).

Обаны қазу жұмыстары  оның құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жердің бетінен аумағы 58 шаршы метрдей, тереңдігі 1 метрдей шұңқыр қазылған. Оның ішіне балқарағайдың жуан бөрелерінен шаршы қима жасалған, бөліктерінің қабырғалары екі, ал төбесі бір қатар бөренелерден тұрады; бөренелер жылжып кетпес үшін шұңқырдың қабырғалары мен ағаш құрылыс арасына уатылған тас толтырылған. Қиманың бұрыштары бөренелердің бір-біріне тиер жерінде күйдіріліпті. Ағаш моланың ішінде, батыс жақ қабырғасы жағында, жонылған қалын тақтай еденде 40-50 жастағы еркек пен 50-60 жастағы әйел және олардың жанына қойылған заттар жатты. Өліктерді қабірге шығыс жағынан жалғасқан дәліз-дромос арқылы кіргізген. Жерлеп болғанан кейін дромос бөнелерімен жабылып, бүкіл құрылыс уатылған ірі тастармен көмілген. Содан кейін тығыз сары түсті балшықтан үйінді тұрғызылып, оның үстіне майда малта тас араласқан топырақ үйілген. Алғашқы түрінде обаның диаметрі 45 м, биіктігі шамамен 10 м үйінді болған. Кейін бірте-бірте шөгіп, қазатын кезде оның диаметрі 66 м, ал биіктігі 6 м болды [28, с. 58-60].

Шілікті жазығында екі ірі сақ «патша» обасы және бірнеше кіші қорғандар зерттелді. Зерттеу барысында сақтың «Шілікті алтын адамы» осында табылды. Таза құйма алтын заттардың табылған саны 4303 дананы құрайды. Барлығы аң стилінде жасылынған арқар бейнесі, бұғы, бұркіт-грифон, барыс, қасқыр, қонжық бейнелерінде.

Солардың ішінде айрықша  назар аудартатыны, мызғымас билікті  көрсететін «бес жұлдызды» түйме.

Оған қоса мал сүйектері, айнала орналасқан тас шеңбер тізбектері, от орындары көне түсініктерден хабар беретін этноқайнар көздермен қазақ халқымен сабақтастық негізі қарастырылуда. Шілікті патша обасынан табылған алтын заттардың жергілікті жерде өңделіп жасалғандығы жөніндегі ғылыми жаңалықты ашуға Ғылым Академиясының академигі Т. Жаутиков бастаған ғалымдар тобы еңбек етуде. 2005 жылдан бастап осы зерттеулер нәтижесінде Шілікті өңірінен үш алтын кенішінің орыны табылды.

Тоналғанына қарамастан, обада өте бағалы заттар: ертеректегі  жебелердің ассиметриялы ромб формалы  деп аталатын ұңғылы қола ұштарының он үші салынған былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі қолданбалы өнердің 524 алтын бұйымынан тұратын жарқын үлгілері сақталған. Олардың арасында қорамсақтарды сәндеген, аяқтары бүгулі бұғы түріндегі қаптырмалар, басы бүрулы бүркіттердің, шығыршықтала бүктетілген қабыланның бедерлі мүсіндері, жұқа қаңылтырдан қиып жасалған қабандардың мүсіндері, балық бейнесі, перуза тас еткермеленіп, майда домалақ алтын түйіршік-термен әшекейленген, қанаттары жаюлы құс түріндегі қаптырма және басқа неғұрлым ұсақ зергерлік әшекейлер бар. Шілікті обасы б.з.б. VII–VI ғасырлар аралығына жатқызылады.

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу