Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны:

Кіріспе............................................................................................2-8

I. Ерте сақ дәуіріндегі аң стилі және сақ заманының обалары

  1. Обалардан табылған аң стиліндегі фигуралар………………………...9-27
  2. Аң стилінің сол уақытпен байланыстылығы………………………….28-36
  3. Сақтардың бейнелеу өнері……………………………………………...37-54

 

 

 

 

 

II. Аң стиліндегі әшекей бұйымдар мен ондағы бейнелер

  1. Әшекей бұйымдарда аңдардың бейнеленуі…………………………..55-77
  2. Мүсіндерде әртүрлі пішіндегі образдардың суреттелуі……………..78-87
  3. Сақ тәніндегі татуировка және бейнелеу мәнері ……………………….88-106

 

 

 

 

Қорытынды…….....………………………………………………...107-111

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………112-115

Қосымша  бейне  суреттер  

Кіріспе

Тақырыптың  өзектілігі. Қазіргі уақытта қазақ мемлекеті үшін, ұлттық ерекшеліктері бар дәстүрлік мәдениеттерді зерттеу өзекті мәселе болып отыр. Осыған орай мемлекетімізде біраз іс-шаралар атқарылып жатыр. Мәдени мұра бағдарламасы бойынша көптеген тарихи зерттеулер жарық көруде. Мәдени құндылықтардың осы уақытқа дейін шешілмеген мәселелеріне көңіл бөлініп, олардың көбі өз шешімін тауып жатыр. Атап айтатын болсақ, археологиялық зерттеулер нәтижесінде, көне мәдениеттердің орындары зерттеліп, бірқатар бағалы туындылар жарық көрді. Соның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих факультеті ұстаздарының ерен еңбектерін айта кетуге болады. Үлкен ізденістер мен зерттеулердің барысында, ғалымдарымыз еліміз үшін құнды болып табылатын мәліметтер жинауда. Халықтың негізін сақтауда тарихи мұралардың қажеттілігі белгілі тұжырым. Олай болатын болса, бұл мағынасы терең әрі күрделі мәселе болып табылады.

Алайда, жоғарыдағы сөздерден соң туындайтын негізгі  мәселе, зерттелетін тақырыпқа келіп тоқталады. Сақтардың аң стилі өнерінің негізі мағыналы әрі күрделі мәселе болып табылады. Олай болу себебіне өз кезегінде бірқатар тарихшылар түсіндірме жасайды. Аңдық стилдің құнды болып табылуы, оның өнер болуында. Яғни, қолонер туындысы шығармашылық мәдени астарының негізі тереңде екенін көрсстеді. Жалпы, өнердің бағалы болуының негізі оның ұлттық ерекшеліктерді бойына сіңіруінде. Әр халықтың өзіндік ерекшелігі өнср туындыларын бейнелеуінен сезіліп тұрады. Бейнслеу үлгісінсн әр түрлі пішіндегі өз ұлтына тән ерекшеліктерді аңғаруға болады. Сондай ерекшеліктсрдің бірі, аң стилінің ғажайыптылығы болып табылады. Аң стилі өте әсемділігімен, шеберлілігімен қазіргі күні таңқаларлық жағдай туғызып отыр. Осындай таңғажайып туындыларды зерттеу олардың түп негізіне үңілу, құпиялық мәселелерін зерттеу, оларды бүгінгі ұрпаққа жеткізу тақырьп негізінің өзектілігі болып табылады. Сонымен қатар, аңдық стилдің зертгеуді қажст ететіні мағыналы әрі түп тамырының негізі ұлтгық ерекшслікте екенін ескеру қажет. Сақ заманының тарихы жайлы әртүрлі зерттеулерден оқьп білуге болады. Қоғамдық әлеуметтік, жан-жақты ерекшеліктсрі жайлы оқулықтарға жазылып енгізіліп отыр.

Біздің Республикамызда  жүргізілген  археология қазбалар барысындар  табылған (негізінен зерегрлік өнер), ескерткіштерді  байыптау негізінде – ХХ ғасырдың өзіне дейін қазақтардың зергерлік өнерінде  полихром  стилінің нышаны сақталып келгендеген тұжырым жасалынды. Қазақ қолөнер бұйымдары, киым үлгілері  өзінің ою өрнегімен  ерекшелінеді. Өнертанушы В. Чепелов «Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретің секілді» - деп жазған еді. Қазақ өнеріндегі оюлардаң негізгі тобы касмогониялық, зооморфтық, геометриялық және  өсімдік тәріздес болып келеді.

Ұрпақтан- ұрпаққа  жалғасып келе жатқан қазақ халық  қолөнерінің  ғасырлар сынынан  өтіп, бүгінгі таңға дейін жетуі  және одан әрі  жетілуі  оның өміршендігі.  Бұл қолөнер бұйымдары  қазақтақтын рухани болымысымен  мәдени талғампаздығын танытатын  ерекше бір құбылыс,  оны естен шығару ұмыту  мұмкін емес, ендеше оны жоғалтып алмай  ұлттық мәдениетте  алатын орнын белгілеу, омірде қолдану аса қажет. Ұлттық құндылықтар деңгейінен де  көтеріліп  адамзаттың  құндылықтар қатарыа қосылу тілегіміз болса керек.  Қол өнер – бұл баға жетпес бағалы асыл мұра. Оны қорғайда қолдайда білу керек.

Ал енді, ерте көшпелілердің  зергерлік өндірісіне келетін болсақ, Қазақстан территориясында ежелгі металдан жасалған бұйымдарды зерттеу тура және дәл ғылымдардың әдістеріне жүгінуді керек етеді. Мысалы, химиялық сараптама (сапалық және сандық), спектральды және металлографиялық сараптама, тағы басқалар. Алайда, бұл әдістер металлургиялық процесстің тек кейбір технология ерекшеліктерін айқындай алады. Ежелгі металлургияны детальді зерттеу үшін негізгі деректі беретін еңбек құралдарын табу және кенді өңдеу, металл балқыту үлкен рөл атқарады. Металл өңдеу технологиясына келетін болсақ (құю, соғу, майыстыру, қию, тесу, жабыстыру, қайрау және т. б. ), бұл жерде микроскопиялық және макроскопиялық металдың бетін зерттеу маңызды болып табылады. Бұғы мен жылқы мүсіндері біркелкі көлемде және пропорцияда сипатталып, ал мүсіннің функциясы оның формасын белгілі дәрежеде бейнелейді. Алтайлықтардың ағашты өңдеу өнері өзіндік бірнеше кезеңдерден өтеді. Өңдеу барысында өткір жүзді, бір қырлы және ұшы үшкір пышақ қолданылған.

Сақ тайпаларының мәдсни шығармашылығының ең жарқын көрністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты компоненті біздің заманымыздан бұрын жетінші­алтыншы ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және Шығыс Еуропаның оңтүстігінің тайпалары арасына тараған аң стилі деп аталатын өзінше бір үлгідегі бейнелеу формасы болды. Сақ шеберлері көп жағдайда заттардың пайдалылығын бейнелеуді мазмұндылығымен жақсы үйлестіріп отырды, осының нәтижесінде олардың жасаған көптеген бұйымдары дүние жүзіндегі ең таңдаулы үлгілерден қалысқан жоқ. Шеберлердің шығармашылығы өздерінің айналасындағы жануарлар дүниесінің нақты бейнелеріне етене жақын болды. Осындай байланыстың негізінен сол кездегі қолөнер туындысының шебер де, көркем шығармаларының негізі жасалды.

Жұмыстың  мақсаты. Таңғажайып сұлулық пен әсемдікті үйлестіре білген сол уақыттағы бейнелеу өнері жақсы деңгейде болғандығы белгілі.

Аң стилі  өнерінің мазмұнын анықтаумен байланысты мәселелер әлі де болса айқын емес. Оның діни наным сипатында болуы ықтимал. Скиф-сақ өнерінің мазмұнына кіретін хайуандар бейнелері этникалық және тайпалық топтардың тотемдік арғы тегін бейнелеген. Әр түрлі бұйымдарға салынған бұл мүсіндер өзінше бір үлгідегі бойтұмарлар меи тұмаршалар болды. Сонымен бірге аң стилі өнері мазмұны жағынан мифологиялық өнер болды. Бұл өнер аллегориялық формада, аңдар таласының көптеген сюжеттерінде шиеленіскен тартысқа толы рулық және тайпааралық күресті, ерлік даңқы мен жаулап алушылықтың қатыгездігін бейнеледі. Осындай әр түрлі мағына беретін аң стилінің астарында көптеген бейнелер берілген. Сол бейнелерді жан-жақты ашып көрсету, басқа қырынан оқу, зерттеу, жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Сонымен қатар сақ заманында, алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде дала тайпаларында батырлар жыры пайда болады. Ертедсгі этностың кейбір бейнелері мен сюжеттері барынша өзгерген және түрленген күйінде біздің заманымызға дейіи жетті. Батырлар жырының кейбір тақырыптары, мәселен аңшылық ерліктерінің, батырдың қайта тірілуінің көріністері, батырлардың соғыс жорығынан оралуы сақтардың алтын доғаларында бейнеленген.

Жұмыстың негізгі мақсаттары:

  • жалпы ерекшеліктерін ашып көрсету;
  • аймақтық ерекшсліктерін анықтау; 
  • бейнелердің бүгінгі күнмен байланыстарын қарастыру;
  • тақырыптың құпиялылық негізіне үңілу т.б.;

Сақтардың қолданбалы өнерінің маңызды түрі ою-өрнек болды, ол аң стилі өнерімен қатар, онымен байланыста дамыды. Көркемдік металға қарағанда ою-өрнек өнерінің ескерткіштері аз сақталатыны мәлім, өйткені ою-өрнек салынатын органикалық негіз тері, киіз, ағаш, жүн, маталар тез шіриді. Ағаш пен сүйектен, алтын мен қоладан, былғарыдан, аң терісінен және киізден жасалған қолданбалы өнер ескерткіштерінің сақталып жеткендері өте көркем. Орталық сюжетінің бағыты аңдар щайқасы, жануарлардың серпінді бейнелері бола бастаған аң стиліндегі өнер гүлденген шағына жетті.

Жұмыстың міндеті. Осындай ғажап құбылыстарға толы аң стилінің, мәнін ашып көрсету оны жан-жақты зерттеу, қазіргі заман талабы. Соған орай тақырыпты жазудағы негізгі міндсттср:

  • Бейнелеу өнерінің шеберлігін анықтап көрсету;
  • Әсемдігі жасалу барысындағы ойдың мағынасына сипаттама беру;
  • Қой мүсінді композициялы сюжеттік желінің негізін анықтау;
  • Аңдардың таласуы, жыртқыштардың шабуыл жасау көріністерін 
    толық қамту;

Жоғарыдағы аталған мәселелерді қамти отырып, жануарлар дүниесінің реалистік бейнелсрін, стильдік және схемалық тұрғыдан бейнелеу тереңдей түскендігі белгілі, осындай күрделі жайттарды зерттеуді тақырып негізгі міндетке алады.

Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Аң стилінің негізгі дамыған уақыты сақтар кезеңіне сәйксс келеді. Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда "сақ" деп аталатын көптеген тайпалар мекендегені белгілі. Антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп те атаған.

Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне заманғы кезеңге, өрлеу және құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады.

Б.з.б. VIII-VII ғасырлар кезінде аңдарды бір орнында тұрған қалпында жеке немесе екеуара бейнелеу болып келеді. Алдыңғы кезеңнің өнеріне жануарлардың қимыл-қозғалысының болмауы тән. Б. з. б. VІ-ІV ғасырларда Еуразия далаларында аң стиліндегі өнер стилистикалық жағынан өзгеріске ұшырады. Бір орында тұрған күйінде бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына құрылымы күрделі, серпінділікке толы сюжеттер шығады.

Тақырып негізінен ерте сақ дәуіріндегі аң стилінің уақытын, яғни, б.з.б. VI-VIII ғасырлардағы уақытты қамтиды.

Жұмыстың деректік негізі. Аң стилі бүгінгі күнге дейін толық қанды зеттелмеген. Тіпті, бұл тақырыпқа байланысты зсттеулср ауыз толтырып айтарлықтай емсс. Қазақстан аумағындағы сақтар қорымдары зерттеліп, олардан көптеген ескерткіштер табылды. Олар Пазырық Таулы Алтай, Шілікті Шығыс Қазақстан, Бесшатыр және Есік Оңтүстік­Шығыс Қазақстан обаларынан ашылған тамаша жаңалықтар кеңінен мәлім, олар ғылымды металдан, ағаш пен матадан жасалған көркемдігі жоғары бейнелеу өнерінің бұйымдарымен, ағаштан салынған ежелгі сәулет өнерінің ескерткіштерімен байытты.

Сақ өркениеті - Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өнері жетістіктері мен бірегей синтезі.

Оба қорымдары мен петроглифтер топографиясы және олардың кеш болуы ерте кезде Қазақстан аумағының оңтүстік- шығысы меи оңтүстігінің толық игерілгенін көрсетеді. Биіктігі жиырма метрге дейін жететін "патша" обалары дейтіндердің көп жинақталуы жөнінен Жетісу мсн Оңтүстік Қазақстанға Орта Азияда және Қазақстанның басқа аудандарында тең келетіні жоқ. Осындай археологиялық ландшафт А. Н. Бернштамды "патша сақтары мен үйсіндер" нақ Жетісуды мекендеген деген қорытындыға келтірген. [ 8.166]

Б. з. б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының сақ пирамидаларынан бөренелерден тұрғызылған ірі жерлеу құрылыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мсн Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулст өнерінің бірегей ескеткіштері. Аң стиліне байланысты негізгі дерек көздсрі археологиялық ескеркіштер болып табылады. Оның ішінде заттай деректердің алар орны ерекше. Қорымдардан табылған металл бұйымдар, алтын әшекейлер негізгі дерск көздері болып отыр.

Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енстін Есік обасындағы ақсүйек сақтың қабірінен табылған бас киімі мен аяқ киімі алтыннан   жасалған   төрт  мыңға  жуық   қаптырма  мен   қалақша  арқылы

әшекейленген, олардың көпшілігі сақ кезіндегі аң стилінде орындалған. Есік қабірінен табылған күміс тостағанның маңызы срекше.

Берікқара қорымының обасынан табылған құйрықты жұлдыз сияқты нәрселер түріндегі әр алуан тұлғалардың қайран қалдырарлықтай ұштасуын толықтыра түсетіндігін көрсетеді.

Оңтүстік Қазақстандағы, Аралдың шығыс өңіріндегі сақ кезінің материалдық мәдениетін Оңтүстік Түгіскен және Ұйғарақ қорымдарының обаларынан көруге болады. Табылған алуан түрлі олжалар - қару, үй тұрмысына қажетті заттар және алуан түрлі сәндік заттар сақ-массагеттердің материалдық мәдениетінің деңгейін сипаттайды. Табылған заттар арасында алтын тоғалар мен қоладан жасалған ат әбзелдеріндегі аңдардың бедерлі бейнелсрі ерекше ынта туғызады. Олардың көпшілігі жануарлар мен аңдардың, кейде адамның бейнелері және мүсінді бейнелерімен сәнделген. Осындай материалдар тақырыптың негізгі дерек көздері бола алады.

Тақырыптың зерттелуі. Ақышев К.А. "Памятники старины Северного Казахстана", А., 1959 жылғы еңбегінен аң стиліне байланысты көптеген мәліметтер алуға болады. Ақышевтің еңбектері аң стилінің сақ заманында дамыған шегіне жетті деп көрсетеді.

Сонымен қатар, Черников С. С. "Загадка золотого кургана". М., 1972 жылғы еңбегінен материалдар алуға болады. Черников алтын заттардың бейнелері туралы көптеген пікірлер келтіреді. Стилдің қандай құбылыстармен байланысты екеніне шолу жасайды.

Руденко С. И. "Сибирская коллекция Петра I" М-Л., 1962 жылғы еңбегінен қарастыруға болады. Ол бейнелерге көптегсн сипаттамалар беріп, аңның суретгеріне сюжеттік өнеріне көптеп тоқталады.

Акишев К.А. Искуство и мифология саков А, 1984 жылғы еңбегінен, аталған автордың, Курган Иссык. Искуство саков Казахстана М, 1978 еңбегінен сақ мәдениетіне байланысты көптеген мәліметтер алуға болады.

Грязнов М. П. "Памятники карасукского времени  в Центральном Казахстане" 1952 жылғы жазған мақаласында аң стиліне байланысты кейбір мәліметтерді алуға болады.

Сонымен қатар, Артамонов М. И., Қадырбаев М. К., Байпаков К. О., Самашев 3. С, Толеубаев А. Т. еңбектерінен сақ заманының обалары туралы және де, аң стиліне байланысты өзіндік пікірлср мен тұжырымдары туралы мәліметтер алуға болады. Аталған ғалымдар сақ ескерткіштерін зерттеуде айтарлықтай үлес қосқан. Оның ішіндс ғалым архсолог, А. Т. Толеубаевтың аң  стиліне байланысты   айтқаи  пікірі  сақ  заманындағы  өнердің,  қазіргі

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу