Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Скачать документ)

Бұл өнер дайын  күйінде сырттан, бір жақтан әкелінген  жоқ, ол сақ өнерінің қойнауынан шыққан. Ою-өрнектік полихромияның кейбір әдістері б. з. б. VII-VI ғасырларында-ақ жетіле бастады. Мәселен, түрлі-түсті тастан көз салу, бедерлеу (алтын түйіршіктерін дәнекерлеп бекіту), тоспа эмаль (жекелеген уларды арнайы құрамдағы заттармен толтырып қою). Шілікті Шығыс Қазақстан), Жыланды (Орталық Қазақстан), Арасан (Жетісу) ескерткіштері мен басқа да ескерткіштерінде белгілі болған. Б. з. б. VI - V ғасылардағы полихромдық өнер туындыларының Қазақстанның, Орта Азия мен оның бүкіл аумағынан ондаған үлгілері табылды. Бәлкім, нақ осы б. 3. б. I мыңжылдықтың аяғында сақтар өнеріндегі аң стилін ығыстырып полихромдық өнердің қуатты ошағының негізі калыптасқан да болуы. Ұйғарақ оның реалистік бейнелері із-түссіз жоғалып кеткен жоқ.

Аң стилінің шығуы жөнінде тарихи әдебиетте  екі негізгі көзқарас бар. Бірінші  болжамды жақтаушылар скиф-сақ тайпалары  бұл өнерді Алдыңғы Азиядан қабылдаған деп санайды. Евразияда оның пайда болу мерзімін б.з.б. VII ғасырдың 70-жылдарында Манней патшалығы мен Мидияның солтүстігіне таман орналасқан аймаққа скиф тайпаларының басып кіруімен байланыстырады. Мидиялықтармен этникалық жағынан туыстық пен мәдени жақындык скиф-сақтар арасында көне шығыс өнерінің кейбір үлгілерінің тез тарауына себепші болды, кейін бұл үлгілерді скифтер мен сақтар өздерінің талғамдары мен қажеттеріне бейімдеп алды. Одан әрі, шамамен, б. з. б. V ғасырдан бастап европалық және азиялық өнердің даму жолдары түбегейлі ажырайды, ғалымдардың пікірі бойынша, мұның өзі Қара теңіз жағалауындағы скифтерге көне Грекия ықпалының күшеюінен болған, ал сақтардың мәдениеті мен өнеріне Алдыңғы Азияның Ахеменид өнері тікелей ықпал жасады. [ 12.192]

Екінші пікірді  жақтаушылар аң стилі өнерінің қалыптасуына Алдыңғы Азия мәдениетінің ықпалы болғанын теріске шығармайды. Бұл ықпал б. з. б. VI ғасырдың соңынан бастап, Ахеменид уақытында ерекше күшті болды делінеді. Нақ осы кезеңде сақ өнерінде оған бұрын тән болмаған арыстаннын, жарты денелі арыстан самұрықтың бейнелері, негізгі мүсіні қасиетті ағаш не құдайдың мүсіні болып табылатын геральдикалық композициялар, гүлдер немесе лотос түйнегі түріндегі өсімдік тектес ою-өрнектер пайда болады. Алайда, аң стиліндегі өнердің шығуын бұл зерттеушілер жергілікті ортамен байланыстырады да, оның тууын соңғы қола дәуіріне жатқызады, сөйтіп, оның шыққан негізі қарасұқ мәдениеті деп аталатын мәдениеттің мүсіндік бейнелері және неғұрлым арғы замандағы тотемдік бейнелер деп санайды.

Алтайдың табиғатына тән және Эрмитаждағы бірнеше  сақ-сібір алтын әшекейлер жинағында  кездесетін аюдың бейнесі әлі  табылған жоқ. Жылқыдан басқа үй жануарларының  бейнелерінің табылмағандығы да назар  аудартады. Тек бір жағдайда ғана үй қошқарының басының бейнесі берілген. Сонымен қатар, бұқаның және қодастың да бейнелері кездеспейді. Үй жануарларының ежелгі Таулы Алтайлықтардың өнерінде осынша мардымсыз рөл ойнағандығы ежелгі заманда шаруашылықтың негізгі түрі аң аулау   болған кездегі Таулы Алтай өнерінің, жалпы, сақ өнерінің қалыптасуын көрсетеді. [32, 192]

 

Ежелгі Таулы Алтайлықтардың өнерінде құстарды бейнелеу де маңызды  орын алған. Олардың ішінде ең жиі  кездесетіндері – қаз бен аққу. Үй құсы - әтештің бейнесі тек  бірінші және екінші Пазырық қорғандарында ғана кездеседі. Жыртқыш құстардан тек бір рет қана бүркіттің немесе сұңқардың бейнесін кездестіреміз. Әдетте, жыртқыш құс ретінде құлағы бар, кейде тіпті, айдары да бар күшігендерді (грифтерді) бейнелеген.

Аз да болса, балықтардың  да бейнелері кездеседі. Кейбір жағдайда бұлар лақа балығы да, көбінесе балықтың түрін ажырату қиынға соғып жатады.

Таулы Алтайда жануарларды  бейнелеудің әдістері әртүрлі болған. Олардың көбісі тек шартты мәнерде  жасалған болса да, кейбіреуі біршама  реалды түрде суреттелген. Бұл Таулы Алтайдағы шеберлердің шығармашылығында бақылаудың болғанын және ықшам түрде, қарапайым әдістермен форма мен қозғалысты бейнелей алғандықтарын көрсетеді.

Шыншыл тұрғыдан салынған суреттердің қатарында жолбарыстың  немесе барыстың жұптұяқты жануарға шабуыл жасап жатқан кезіндегі қара көлеңкелі бейнелері көзге түседі. Бұл жануарлар барлық суреттерде тек қарапайым графикалық схема арқылы берілген. Алайда, олардың үлкен басты, кішкентай құлағы бар, ұзын тырнақты қолдары және ұшы бұралып келген құйрығы бар денелері аса шберлікпен берілген. Мұндай суреттерде жолбарыс немесе барыс өзінің құрбанын шоқтығынан немесе сауырынан кейде тамағынан тістеген кейпінде кескінделген [ 7.214].

Жолбарыстың немесе мысықтың шыншыл бейнелерін тек қара көлеңкелі кескіндемелерінде ғана көрмейміз. Осы категорияға екінші Пазырық қорғанындағы жолбарыс немесе барыстың фигуралары түріндегі үстел аяқтары да жатады.

Екінші Пазырық қорғанындағы саркофагтың әшекейлердегі және барыс шабуыл жасап жатқан бұғының  теріден жасалған бейнелері жасалу жағынан өте қарапайым. Өте шебер және шыншыл жасалған бұғылардың шар тәріздес тұрғырда тұрған мүсін-фигуралары да керемет. Онда жануарлар денесінің пропорциясы сақталған да, тек қыстырылған теріден жасалған құлақтары мен мүйіздерінің өлшемдері аса үлкен болып жасалған.

Бұланның көп бейнелерінің ішінде қалың теріден жасалған қардың астынан немесе судан шығып келе жатқан әдеттегі дөңес мұрынды, үлкен  қалақ тәрізді мүйізі, үлкен құлағы және сақалы бар барельефті фигурасы ерекше көзге түседі.

Көп жағдайда жолбарыс, барыс  және қабыланның бейнелерін ажырату  қиынға соғып жатады. Оларды суретте  жануар терісінің жолақтары берілген кезде ғана ажыратуға болады. Осы  жағдай бұлан мен бұғыны ажыратуда  да қайталанады. Екінші Пазырық қорғанындағы саркофагтың (астау табыт) бетіндегі жүгіріп бара жатқан бұғылыр композициясы секілді шыншыл бейнелерде де, мүйіздің формасы бұғынікіне ұқсаса, дене формасы, тіпті, жануардың басы да бұландікіне көбірек ұқсайды. [32, 145]

Бесінші Пазырық қорғанындағы киіз кілемдегі жылқының бейнесі шыншыл тұрғыда бейнеленген. Бұл суретте жылқының ішін біраз кішірейтіп көрсетсе де, бұл салт мінетін аттың жүйріктігін білдіру мақсатында болар. Осындай жылқының бейнелерін тағы да күміс салпыншақ пластинкаларда және екінші Пазырық қорғанындағы қамшының сабында да көре аламыз. Құстарды біршама шыншыл бейнелеудің мысалы ретінде екінші Пазырық қорғанындағы жүгеннің маңдай бөлігіндегі қаздардың, Погодиннің коллекциясындағы ұйқыдағы қаз бен аққулардың фигуралары, үшінші және бесінші Пазырық қорғанындағы аққулардың мүсіндік бейнелерін айтуға болады.

Жоғарыда айтылған шыншыл тұрғыда бейнеленген жануарлар  суреттерінің барлығында да біршама  шарттылық бар.

Ең алдымен, Таулы Алтайда  көбінесе жануарлардың бүкіл денесінің, кейде тек басының ғана бейнелерін кездестіруге болатынын айтып өту қажет. Жануардың бүкіл денесі толығымен бейнеленген кезде де, оның басына ерекше мән берілетін. Көп жағдайда жануар басы ерекше үлкен болып көрсетілетін. Мұндай көріністі төртінші Пазырық қорғанындағы қасқырдың бейнесінен көре аламыз. Оның басы бүкіл фигурасының үштен екі бөлігін алып тұр. Сонымен қатар, осындай мәнерде төртінші Пазырық қорғанынан табылған басы денесінің жартысын алатын мысықтың, бірінші және үшінші қорғандардағы тау қошқарларының, үшінші Пазырық қорғанындағы аққудың, Погодин коллекциясындағы қаздың бейнелері де жасалған.

Бұлан мен бұғылардың бейнелерінде олардың мүйіздері  аса үлкен болып көрсетіліп, тіпті, кейде бүкіл дене мөлшеріне тең  болып жататын. Бұған мысал ретінде, екінші Пазырық қорғанындағы бұғының мүсін-фигурасын, сақ-сібір алтындарының Эрмитаждағы жинағындағы бұғының фигурасы, бірінші Пазырық қорғанындағы жүгеннің салпыншақтарындағы бұғы бейнелері, екінші Пазырық қорғанындағы бұланның теріден кесілген фигурасын келтірсек болады [ 12.269].

Тау қошқарына өте  үлкен спиральға ұқсатып иірілген мүйіз бен ұзын болып келген мойынасты  жалы тән. Сондықтан бұл жануарлардың бейнесінде үнемі үлкен мән беріліп, кейбір мойынасты жалының үлкен  болатындығы соншама, ол жануардың  бүкіл денесін жауып тұрады. Жыртқыштарды бейнелеуде мысық тұқымдастардың ашкөздігін ашып көрсету үшін олардың азу тістерінен басқа ауыздарына да үлкен берілетін. Бұл жануарлардың басын бейнелеу кезінде олардың ауыздары, тіпті, құлақтарына дейін жетеді. Бұған мысал ретінде үшінші Пазырық қорғанында ердің жартылай дөңгелек әшекейлерінде, бесінші Пазырық қорғанындағы мысықтың басын келтіруге болады.

Жыртқыштарды бейнелеудегі тағы бір ерекшелігі олардың тырнақтарының  аса ұзын болуы. Бұл жолбарыстың  немесе барыстың        суреттерінде және екінші Пазырық қорғанындағы көсемнің татуировкасындағы ғажап жануардың бейнесінде ашық көрінеді.

Қабанның түсінің формасы  мен үлкендігі өзіне назар  аудартады. Сондай-ақ олар жүгеннің және көкірекшенің ең жиі кездесетін әшекейлерінің  бірі болған.

Жануарлардың басы бейнеленген кезде олардың құлағына аса назар аударылатын. Олар бір-біріне ұқсамайтын екі нұсқада салынатын. Біріншісі – кішкентай, ішіне қарай жүндері иірілген мысықтың құлағы, екіншісі – үшкір болып келетін ұзын құлақ. Мұндай ерекшеліктерді жыртқыштармен қоса тұяқтылардан да көруге болады. Жіңішке және ұзын құлақтарды кейде жалпы композицияға байланысты қалақ тәрізді етіп өзгерткен аңдарды да байқауға болады. Мысалы, бесінші Пазырық қорғанындағы мысықтын басының бейнесі.

Әдетте, құстар мен балықтардың көздері дөңгелек, ал, жануарлар мен жыртқыштардың көздері болса – сопақша болып берілетін.

Бұлан мен киіктер  дөңес мұрынды болатын да, мысық  тұқымдас жыртқыштардың үстіңгі  еріндері соған тән қыртыстарымен  берілетін. Ал қабан мен қасқырдың  еріндерінде әжімдеріне дейін бейнеленген. Бұдан басқа, қабандардың тұмсығы көрсетілетін де, қасқырдың мұрынының ұшы жоғары қарай майысқан болып келеді.

Жануарлар денесін бейнелеуге оны үлкен аяқ-қолдың иық және жамбас бөлігін ашық көрсеткен бөлшектерге  бөлу тән. Бұлайша бөлу ерекше белгіленген сызықтар арқылы жүзеге асатын. Мысалы, бесінші Пазырық қорғанында ердің бауларындағы пластиналарындағы жолбарыстың бейнесі, Эрмитажда сақталған Фролов коллекциясындағы ердің қасының бастырмасындағы бұланның бейнесі.

Кейде денені бөлудің қарама-қарсылықты иірілген сызықтарды пайдалану әдісі де кездеседі. Бұл екінші Башадар қорғанындағы саркофагтың қақпағындағы бұландар мен тау қошқарларының бейнесінен, Тарихи    Музейдегі Уваров коллекциясындағы ердің бастырмасындағы киіктің бейнесінен көрінеді. Тау қошқарларында осындай иірімдер жүйесінің үш түрі бар: екеуі ірі иірімдер, үшіншісі – мойынасты жалы; бұландарда мұндай жүйе екеу немесе үшеу, кейде мойынасты жалы көрсетілмейді, ал киікте – екеу.

Осы екі әдістен өзгеше тағы бір әдіс пайдаланылған. Ол: дененің біршама ерекшеленетін бұлшықетті бөліктерін нүктелермен, жартылай тағалармен, үтірлермен шартты түрде белгілеу. Бұл әдіс Таулы Алтайдағы қазба жұмыстарына кіретін Эрмитаждағы сақ-сібір алтын жинағындағы пластинкалардағы жануарлар бейнелерінде көп пайдаланылған. Сонымен қатар, бұл әдіс Орта және Алдыңғы Азияның асыл әшекейлерінің безендірілуі бойынша белгілі болған. Осыдан шығатын қорытынды – бұл әдіс Оңтүстік Сібір мен Таулы Алтайға оңтүстіктен асыл тастары бар зергерлік бұйымдармен бірге келген [ 45.265].

Таулы Алтайдағы, әсіресе  бірінші, екінші Пазырық қорғандарынан  табылған заттарға сәйкес, бұл әдісті тек металл бұйымдарда жасау кезінде  емес, сонымен қатар теріден, киіз ағаштан кесіп, әртүрлі заттар жасау  кезінде де пайдаланылған. Бұл әдіс Таулы Алтайда болмаса да, орта азиялық қосөзен аралығында өзінің нақты орныққан түріне жеткен болуы керек. Екінші Башадар қорғанындағы саркофагтағы жолбарыстардың бейнелерінде олардың бүкіл денесіне зигзаг тәрізді өрнектердің суреті салынған. Бұл жануардың терісінің ерекшеліктерін, жүнінің өсуін білдіру үшін салынса керек.

Жануарлардың позалары да әртүрлі берілген: тұрған, әртүрлі  қозғалыстағы фигуралар бар. Екініші  Пазырық қорғанында әтештердің, бесінші  Пазырық қорғанында аққулардың тұрып  тұрған фигураларын атап өту қажет. Екініші және төртінші Пазырық қорғандарында алдыңғы аяқтарын созып, артқы аяқтарын бүккен мысықтарды көреміз. Екінші Башадар қорғанындағы саркофагтағы тау қошқарлары аяқтарын бүгіп жатқан күйде бейнеленген. Дәл бейнеленген осындай фигуралардың денесіне қарап, олардың ешқандай іс-қимыл жасамағандықтарын көре аласың. Екінші Башадар қорғанындағы саркофаг қақпағындағы жаудың шабуылынан алдына тізерлеп қалған тау қошқарының бейнесі өте шебер жасалған. Бесінші Пазырық қорғанында секіруге дайындалған немесе құрбанының жанына байқатпай бара жатқан жолбарыстардың бейнелері де айтуға тұрарлық.

Бейнеленген жануарлардың ішінде Екінші Башадар қорғанындағы саркофагтағы (астау табыт) бір-бірінің  артынан жүріп бара жатқан жолбарыстардың бейнесі, екінші Пазырық қорғанындағы құмандағы әтештердің, саркофагты безендіріп салған бірінің соңынан бірі жүгіріп бара жатқан бұғылардың, секіріп бара жатқан тау қошқарының суреттері ерекше.

Берілген жануарға шебердің қандай сипат бергендігі оның бейнесінің қандай заттың бетіне салынатындығына байланысты болады. Бұл жағынан Таулы Алтайлықтардың тапқырлығында шек болмады. Осындай бейнелердің бірнешеуін қарастырайық.

Жарты дөңгелек төменгі  жағы майысқан ердің қасының бастырмасына бұланның суретін сыйғызу керек. Фроловтың коллекциясындағы пластинкада бұндай бейне бетіне бұланның аяқтарын бүгіп, басын артқа қарай шалқайтып арқасына тиіп тұрған үлкен мүйізі бар жатқан кезін суреттермен берілген. Ал бесінші Пазырық қорғанындағы ердің қасының бастырмасында бұланның бейнесі дәл осындай формаға салынған. Бірақ, мұнда бұланның артқы аяқтарының шыққанын салған. Ал егер жануардың фигурасын салпыншақтың квадрат формасына салу керек болса, бұны екі әдіспен іске асырған. Бірінші – бұланның немесе бұғының фигурасы екіге бөлініп жазықтықтың бетіне салынған. Сонда бұғының қарнының тұсында біріккен екі профильді фигурасы пайда болады. Ұзын болып келген мүйіздері бұл композицияны әсемдей түскендей. Төсінің тұсындағы бос кеңістік үш жапырақты пальметкамен толтырылған. Тағы бір жағдай – құланның бөлінген фигурасының арқы сызығы бойынша біріктірілген. Екінші тәсіл – осындай квадрат формалы салпыншаққа тік тұрған тау қошқарының бейнесін салу керек. Бұл қошқардың үлкен басы мен жайылған мойынасты жалын       бүкіл денесін жауып, оның астынан аяқтары көрініп тұру арқылы іске асырылған [ 8.125].

Жануардың фигурасын  дөңгелектің немесе овалдың ішіне  салу керек болған жағдайда оны Майэмир  даласындағы әшекейлердегі сияқты сақина тәрізді иіріліп жатқан күйде  бейнелеген.

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу