Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Скачать документ)

уақыттағы қазақ бейнелеу өнерімен тікелей байланысты деген дәлелдемелері назар аудартады. Яғни, бұл тұжырымдар сақ өркениетінің жетістігі, бүгінгі қазақ өнерінің тамыры тереңде екенін көрсететіні анық. Сонымен қатар, тағы да басқа зерттеушілердің еңбектерінен аңдық стильдің басқа салалары жайлы қарастыруға болады.

Жұмыстың методологиялық негізі. Жұмысты жазу барысында арнайы ғылыми әдістер қолданылды. Сақтар заманындағы бейнелеу формасы тарихтың өнермен қатысы болғандықтан, бұл мәселені зерттеу күрделі болып табылады. Осыған орай, арнайы ғылыми әдіс тақырыпты зерттеуге мүмкіндік береді. Себебі, тақырып ешқандай мәселемен байланыстырмай жеке зерттеуді қажет етеді. Осы әдісті нақты қолдану барысында тақырыптың негізін ашуға болады.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс негізінен кіріспе, нсгізгі бөлім, оның бірінші бөлімінде аң стилінің аймақтық ерекшелігі, екінші бөлімде әшекейлердің бейнелеріне тоқталады. Соңында қорытынды және әдебиеттер тізімі мен аяқталады.

 

I. Ерте сақ дәуіріндегі аң стилі және сақ заманы обалары

1.1. Обалардан табылған аң стиліндегі  фигуралар

Сақтар заманынан  осы күнге дейін сақталып жеткен ескерткіштердің ішінде аң стиліндегі бұйымдар ерекше орынға ие. Олар негізінен обаларда сақталып, археологтардың еңбектерінің нәтижесінде белгілі болып отыр. Көптеген алтын бұйымдар ұрланып, бізге жетпеген. Алайда, ғалымдарымыздың зерттеулері сақ заманында аң стилі деп аталатын керемет қолөнер туындысын бүгінгі күнгс дәлелдсп бсрді.

Ұйғарақ пен Түгіскеннің жерлеу мүліктерінің ішінде бейнелеу өнерінің көз тартар үлгілері де кездеседі. Бұлар-ер-тұрмандағы, алтын қаптырмалардағы, алтын шеттіктердегі хайуандардың бейнелері. Хайуанаттар бейнелерінің арасында бұғы, киік, жылқы, таутеке, қабан, арыстан, барыс, пен қабылан, жыртқыш құс, түйеқұс бар. Бұл заттардың жасалу әдістері мен стилі Арал өңірі сақтарының мәдениетін скифтік-сібірлік өнер дүниесіне енгізеді.

Жинақтарда  осы өнердің тым ертедсгі үлгілсрінің, құйрығының ұшы мен аяқтары иілген, құлағы айқын көрінбейтіи, мұрны бір сызық бойында жатқан концентрациялық шеңбер түріндегі, денесінің бұлшық еті білемделген Ұйғарақ тоғалары - Еуразияның ежслгі аң стилінің үлгілері, олардың сақ өнері заттарына растығы байқалады. Ұйғарақта бейнелеу қағидаларын сақтай отырып, тек өз ерекшеліктерін енгізу ғана байқалады [ 31.213]

Арыстанды бейнелеу Арал маңы сақтарының өнеріндегі тұрақты тақыптардың 5-і ірі болып табылады. Оңтүстік Түгіскеннің №45 обасы б.з.б. VII—VI ғасырларға жататын кешеннен отырған арыстанның бейнесі салынған тартпаның скі тоғасы (дәл сондай тоға Ұйғарақта да бар), басы артына қарай бұрулы отырған арыстандарды ойып салған төрт алтын тілік табылды. Аңның басы арыстанның басына онша ұқсамайды, сірә, шеберге бұл бейне таныс болмаса керек, бірақ стиль әбдегі ұстамды әрі дәстүрлі. 31-обадан Алдыңғы Азиядағы ежелгі түріне ұқсас түрегеп тұрған арыстан   мүсіні   бар   алтын   қаптырма   табылды.   Арыстанның   құйрығы ширатылған, бірақ аяқтары нағыз реалистік тұрғыда берілген, мысык көзді және жалы бар. 53-обадан табылған жүріп келе жатқан арыстандардың мүсіндері осындай үлгіге еліктелінгені анық, бірақ аң мүсінін орналастыруда өзгеріс бар, көздерін дөңгелек дерлік етіп жасаған, жалы жоқ. Ақырында, арыстан бейнеленген тағы бір нұсқа Түгіскендегі 53-обадан табылған қорамсақтың қарсы ілгек-қапсырмасындағы тұмсығын аяғының үстіне салып жатқан жыртқыштың бейесі табиғи түрде берілген.

Құйрығының  ұшын қайқита иген және аяғының нобайы бар белгісіз бір ірі аңның (жыртқыштың) мүсінінің бергі жағына өзінің көрнектілігі жөнінен екі бұғы өте тамаша бейнеленген алтынның жалпақ тілігі (Оңтүстік Түгіскен б. з. б. VII ғасыр) Арал өңірі сақтарының бейнелеу өнерінің ертедегі үлгілері қатарына жатады. Бұлардың тұмсыктары, көздерінің бітімі ертедегі Алдыңғы Азия көрлеріндегі 54 бейнелерге өте-мөте ұқсас, бірақ мүйіздерінің салынуы бейнслерді скифтер заманындағы қазақстандық-сібірлік мәдени ортамен жақындастырады. Тұяғының ұшымен тұрған бұғының қола мүсіні де осы мәдени ортаға бейімделеді (Ұйғарақ, б. з. б. VI ғ.).

Көбіне өз ерекшеліктерімен салынған жыртқыш  құстың басы үстіндегі қаптырмалар көп. Құрбандық шалатын кішкене тас мехраптың өзгеше бір үлгідегі бітімі осындай әуенді, бірақ өз ерекшеліктеріне одан да бейімдендіріп бейнелейді  [ 18.189 ]

Аң стиліне  кеңінен мәлім әуен - таутеке мен  қабанды бейнелеу де Ұйғарақ пеи Түгіскеннен кездестірілді. Ұйғарақтағы түйенің басы түрінде жасалған алқада және Түгіскендегі 66-обадан табылған киік түріндегі алтын қаптырмада жергілікті сюжеттің бейнеленгені 53-обадағы арыстандарды бейнелеу тәсілімен жасалған туындылар Түгіскен және Минуса ойпатынан табылғаи, аяқ үлгісіндсгі бұғылардың бейнелеріне өте қатты ұқсайды.

Қорғандардан  табылған алтын астарлардағы бейнелердің және Оңтүстік Орал өңірінің савромат дүниесінің өнеріне жақын. 53-обадан табылған қынын алтын қалақша астарында бірінің артында бірі жер бауырлай жаткан ғажайып екі аң бейнеленген олардың жоны мысық тұқымдас хайуанға ұксайды, басы жылқының басы сияқты, ал иығына, үшбұрыш түріндегі скифтердің аң стилінде қабылданған геометриялық ерпектер   салынған.  Түгіскен   мен   Ұйғарақтың   обаларынан   табылған барлық өнер заттары Арал өңірі ауданын .скифтік-сібірлік аң стилі ареалына әкеліп қосады. Соңғы жылдардағы зерттеулер оның шекараларын шығысқа, тек Қазақстан далаларына ғана емес, Туваға дейін де кеңейтті. Бұл орайда шығыс ескерткіштерінің бәрі аң стилінің пайда болу мерзімін б.з.б. VII—VI ғасырлармен, бірқатар жағдайларда, тіпті, б.з.б. VII ғасырдың басымен белгілейтіні—оның жекелеген мәдени аймақтарда өзіндік ерекшеліктермен пайда болғаны айқын көрсетіледі. Мысалы, Тува, Алтай, Онтүстік Сібір және Қазақстан аумағының дені европалық скифтік-сарматтық және Жайық өңіріндегі сарматтық аймақтардан ерекше аймақ құратыны анық. Арал өңірі сақтарының негізінен батыс савроматтық бағдардағы, бірақ азиялық телтума ерекшеліктері басым аң стиліндегі ескерткіштері әлдебір аралық жағдай секілді сипатта болуы ықтимал, ал Арал өңірі сақтарының өздері аң стилінің ареалы болған ең басты екі аймақтың мәдени жалғастырушылары болуы мүмкін.

Алдыңғы Азиядан  шыққан кейбір бейнелеу үлгілері Орта Азия арқылы скифтер заманындағы  Алтай мен Оңтүстік Сібір өнеріне  үйлесіп, сол арқылы орнығуы мүмкін дегсн жорамал расталып отыр. Бұл Оңтүстік Орал өңірінің савроматтық ескерткіштеріндегі ксйбір бейнелер жөнінде де сондай дәрежеде дұрыс.

Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің тамаша ескерткіші Шілікті 7 обасы болып табылады, ол 51 үйіндіден тұратын үлкен қорымның құрамына кіреді. Басқа жерлердегі сияқты, мұнда да ұсақ обалар жоқ. Қорымның үйілген топырағының диамстрі 100 метрге, биіктіѓі 8—10 метрге дейін жетеді. Бұл— жүздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру көсемдерінің үлкен зираты [ 8.311].

Обаны қазу жұмыстары  оның құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жердің бетінен аумағы 58 шаршы метрдей, тсреңдігі 1 метрдсй шұңқыр қазылған. Оиың ішіне балқарағайдың жуан бөренелерінен шаршы қима жасалған, бөліктерінің қабырғалары екі, ал төбссі бір қатар бөренелерден тұрады, бөренелер жылжып кетпес үшін шұңқырдың қабырғалары мен ағаш құрылыс арасына уатылған тас толтырылган. Қиманың бұрыштары бөренелердің бір-біріне тиер жерінде күйдіріліпті. Ағаш моланың ішінде, батыс жақ қабырғасы жанында, жонылған қалың тақтай еденде 40-50 жастағы еркек пен 50-60 жастағы әйел және олардың жанына қойылған заттар жатты. Өліктерді қабірге шығыс жағынан жалғасқан дәліз дромос арқылы кіргізген. Жерлеп болғаннан кейін дромос бөренелермен жабылып, бүкіл құрылыс уатылған ірі тастармен көмілген. Содан кейін тығыз сары түсті балшықтан үйінді тұрғызылып, оның үстіне майда малта тас араласкан топырақ үйілгсн. Алғашқы түрінде обаның диаметрі 45 м, биіктігі шамамен 10 м үйінді болған. Кейін бірте-бірте шөгіп, оның диаметрі 66 м, ал биіктігі 6 м болды.

Шілікті обасы өз кезеңі үшін күрделі архитектуралық құрылыс  болды және оны тұрғызуға көптеген адамдардың еңбегі пайдаланылған. Обаға қажетті тас одан 15 шақырым жердегі ең жақын деген таулардан, ал бөренелер аңғардың шығыс жағындағы 40 шакырым жердегі қарағайлы орманнан тасып әкелінген. Басқа да көптеген патша обалары сияқты, Шілікті моласы да көне заманда-ақ, шамасы, жерленгеннен кейін 50 жылдан соң тоналған. Тонаушылар обаны ортасынан үңгіп қазған, қима төбесінің солтүстік-батыс бұрышынан шығып, төбені тескен де, осылайша қабірдің ішіне кірген. Тоналғанына қарамастан, обада өте бағалы заттар (ертеректегі жебелердің ассиметриялы ромб түріндегі деп аталатын ұңғылы қола ұштарының он үші салынған былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі қолданбалы өнердің 524 алтын бұйымынан тұратын жарқын үлгілері сақталған. Олардың арасында қорамсақтарды сәндеген, аяқтары бүгулі бұғы түріндегі қаптырмалар (14 дана), басы бұрулы бүркіттердің (9 дана), шиыршықтала бүктетілген қабыланның (29 дана), бедерлі мүсіндері, жұқа қаңылтырдан қиып жасалған қабандардың мүсіндері (12 дана), балық бейнесі, перуза тас өткермеленіп, майда домалақ алтын түйіршіктермен әшекейленген, қанаттары жаюлы қос түріндегі қаптырма және басқа неғұрлым ұсақ зергерлік әшекейлер бар [ 10.217].

Шілікті обасы  б. з. б. VII—VI ғасырлар аралығына жатқызылады. Бұл Қазақстанның солтүстік далалық өңіріндегі ең ертедегі патшалық оба және Еуразия аймағындағы сондай обалардың бірі. Мұнда Евразия далаларындағы мал өсіруіші тайпалардың қолданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы аң стиліндегі бірқатар көркем туындылар (аяқтары бүгулі бұғы, шиыршықтала бүктетілген қабылан, басы бұрулы бүркіттер) сақ-скиф дүниесі өнерінің алғашқы үлгілерінс жатады.

           Шілікті жазығы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданынның аумағында орналасқан. Ұзыны 75-80км, ені 25-30 км  болатын Шілікті жазығын оңтүстігі мен батысында Тарбағатай тауы, шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстігінде Маңырақ таулары қоршап жатыр. Қысы қары жұқа түсетін жылы, жазы шыбынсыз салқын болып келетін бұл өнір Зайсаң-Тарбағатай аймағындағы бір ерекше оазис өлке. Ортағасырлық аңыз бойынша Асанқайғы  Сауыр тауының басына шығып тұрып: «Мына даланың үш есігі бар екен, әттегенай, төртінші есігі болғанда жердің жаннаты болғандай екен»- деген екен. Малға да, адамға да аса жайлы осы өңірді әлімсақтан бастап адамдар ұзақ мекендеп, тығыз қоныстанғанға ұқсайды. Оған тау аңғарларындағы қола дәуірінің қоныстары мен қоршаулары, жазықта ерте темір дәуірінің оба, обашықтарының көптеп кездесуі дәлел бола алады.  Шілікті даласында көне мәдениеттің аса бір өркендеген уақыты б.з.д. Ι-мың- жылдыққа сәйкес келеді. Бұл кезде Шілікті даласын сақ тайпалары мекендеген. Шілікті даласында сақ-үйсін дәуірінің екі жүзден астам ескерткіштері бар. Олардың елу шақтысы патша және ақсүйек обалары.

Бұл ескерткіштерді 1909-1910 жылдары бірінші зерттеген семейлік гидротехник Г.Н.Бокий еді, ал  өткен ғасырдың 40-шы жылдарының аяғынан 70- жылдарға дейін әркез профессор  С.С.Черников қазды.

2003 жылдан бастап бұл  өңірді осы мақаланың авторы басқарған топ  зерттей бастады.Алғашында ҚазМұнайгаз ҰК қаржыландырылуымен басталған бұл ғылыми жоба, 2004 жылдан бастап мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында іске асты. Үш үлкен және бірнеше кіші обалар қазылып зерттелді. Нәтижесінде сақтың ең көне «алтын адамы» ашылды, осы өңірде ондаған жаңа ескерткіштер анықталды, алғаш рет бұл аймақта үйсін мәдениеті жәдігерлері ашылды, Шілікті даласындағы ең көне сақ ескерткіштерінің мерзімі дәлірек анықталды.

3-Шілікті обалар тобы  Жалши ауылының оңтүстік жағында орналасқан, оңтүстіктен солтүстікке қарай тізбектеліп жатыр. Барлығы 17 обадан тұрады.

№1 оба осы топтың ең оңтүстік шегінде орналасқан, қауымдық – туыстық ескерткіштер тобының  ең оңтүстік шегінде тұр. Сонымен  қатар көлемінің аса үлкендігі бұл обаны басқа ескерткіштерден ерекшелендіріп тұр. Оның биіктігі 7,9м, диаметрі оңтүстіктен солтүстікке қарай 99, шығыстан батысқа қарай 97,4 м.

Оба үш қабаттан тұрады. Ең жоғарғы қабаты топырыақ, шым  және құм араласқан қиыршық тастан тұрады. Екінші қабаты үйілген тас оба. Осы тас обаның астында жуан самырсын қарағайларынан қималанып салынған қабір- хана бар. Онда бір адам жерленген.

          Сыртқы топырақ қабатты алу  барысында оның астында тас  оба бар екендігі анықталды.. Тас  оба таудың жақпар және өзеннің малта тастарынан үйілген. Биіктігі 4,9, диаметрі 18 м. Тас оба жалпы  обаның батыс жағына қарай ойысып орналасқан. Обаның төбесінің батыс бөлігіндегі ірі тастар алынып тасталған, бұл кезіндегі тонаушылардың ұрлыққа түскен ізі болып шықты.

           Тас обаның шығыс жақ төбесіне биіктігі 1 метрге жуық сырық орнатылған. Сырықтың түбінде таутекенің басы мен мүйізі жатыр, одан сәл әріректе керамикалық жайпақ ыдыстың қалдығы тұр. Ыдыстың ішінде толы күйген сүйек. Оның маңайында және тас обаның үстінде шашылған ұсақ малдың сүйегі көп кездеседі, арасында жылқы сүйектері  де бар. Тегінде тас обаны үйіп  алғаннан кейін өлген адамның асын берген. Ас біткен соң құрбандыққа шалынғын малдың сүйегін обаның үстіне шашып тастаған. Бізге жеткен қалдығының ұзындығы 1 метрге жуық, жуандығы білектей сырық қаралы тудың белгісі сияқты. Ол кейіннен үйілген топырақ обаның тура топографиялық орталық нүктесінде орналасқан екен.Дәл осындай қабірдің шығыс жақ басына орналастырылған сырықтың қалдығы №2 обадан да анықталды.

           Тас обаның тастарын біртіндеп  аршу барысында астынан ағаш  қабір- хана шықты. Қабірхананың  биіктігі 3м 50см, керегелері жуан  екі қатар самырсын бөренелерден  қималанып салынған. Бөренелер бір-біріне  қиылысқан тұсында ойылып тығыз  жымдастырылмаған. Сондықтан олардың арасындағы қуыстар таспен толтырылған. Қабірхана ұзына бойымен шығыстан батысқа қарай орналасқан. Ғимараттың шығыс жақ беті пирамидаға ұқсатып салынған. Сақтардағы шығысқа мінәжат ету салты бойынша ғимараттың шығыс жақ бетіне осындай салтанатты пішін берген сияқты.

           Қабірхананың шығыс жағынан үлкен  және кіші – екі жер асты  дәліздері (дромос) ашылды. Қабірханаға  апаратын үлкен жер асты дәлізінің  ұзындығы 15,65 м, ені 2,5-3м, тереңдігі  - 0,9–1м. Оның төбесі көлденең  салынған  бөренелермен жабылған. Үлкен дәліздің  орта шенінің 5,5 метрдей тұсы түгелімен ірі тастармен шегенделіп тасталынған. Дромосқа кіретін есіктің болмауы, о бастан жерасты дәлізінің ірі тастармен шегенделіп тасталуы, бұл құрылыстың таза ғұрыптық қана мәні болғанын көрсетеді.

Үлкен жер асты дәлізіне тура жанынан кіші дромос салынған екен. Ол үлкен дромоспен қабірхананың аузына жақындаған жерде қосылады. Үлкен дромос пен кіші дромостың  қосылар жерін ұсақ тастармен  уақытша қалап тастаған. Кіші дромостың  ені 0,8 , тереңдігі 1,4 м. Бұл жер асты  дәлізін адамдар әр кез қабірханаға кіру үшін пайдаланған. Кіші дромостың ішінен асық, ірі қара малдың жіліншік сүйектері табылды. Дромостан қабірханаға кіретін есіктің ені 1,2, биіктігі 1 м.

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу