Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Тамшы тәріздес және алмұрт тәріздес салпыншақтар, әсіресе, ат әбзелінің әшекейлері түрінде көптеп кездеседі. Сонымен қатар, ешқандай геометриялық формаға сәйкес келмейтін өрнектер де бар. Мысалы, екінші Башадар қорғанындағы ердің өрнектерін айтсақ болады. Олар цилиндр тәріздес, бірақ төмен қарай кеңейетін, жоғарғы жағында құлақшасы бар, төменгі шеттері жіппен көмкерілген болып келеді.
Көп кездесетін өрнек түрінің бірі – “үтір” түріндегі фигура. Бұл фигураның шығу тегін қалай түсіндіруге болады? Алғашында бұл жыртқыш құстың тырнағын, тұмсығын немесе жаңа шығып келе жатқан астықты бейнелеу түрінде пайда болды ма? Әлде ол шеңбер мен бұйраланған заттың қосындысынан пайда болды ма? Ол белгісіз нәрсе, тек, атап өтетін нәрсе - өрнектің бұл түрі әртүрлі варианттарда кездеседі.
Үтір түріндегі фигура – екінші Башадар қорғанындағы ердің және үзеңгі әшекейлерінің негізгі формаларының бірі. Мұнда бұл ағаштан ойылған үтір фигуралары тегіс немесе рельефті, үлкенді-кішілі болып келген. Олардың кейбіреулері Пазырық қорғанындағы секілді жүгеннің сағалдырығының белбеулерінің қыстырмалары ретінде пайдаланылған. Үтір түрінде ойылған алтын пластиналар үшінші Пазырық қорғанындағы ердің қасын безендірген. Олар да үшбұрыштар секілді күрделі өрнектердің құрамына кірген. Екінші Башадар қорғанынан табылған жұқа мүйіз пластинкаларынан ойылған, ортасында ойылып тесік жасалған үтір түріндегі фигуралар да өзіндік ерекшелігі бар әшекейлердің қатарына жатады. Осындай дөңгелектер (нүктелер), үтірлер мен жарты тағалар (жақшалар) бейнеленген жануардың денесінің ерекше формаларын көрсетуге бағытталған шартты белгілер болды. Алдыңғы Азияда мұндай шартты белгілердің пайда болу уақытын Персияда ахеменидтер әулетінің билікке келуімен белгіленеді. Көптеген авторлар бұлардың пайда болуын ассириялық және одан да ерте Алдыңғы Азиялық өнерде жануарлардың дене пішіндерін шартты түрде берудің әдістерінің өзгергендігімен түсіндіреді. Ал енді осы өрнектердің Таулы Алтайдың өнерінде көптеп пайдаланылуы және Амудария кенішіндегі заттарда жиі кездесуі жануарлардың дене формасын осындай шартты түрде беру әдістері сақтардың ортасынан гөрі Орта Азияда пайда болған деуге келеді [ 4.147].
Таулы Алтайдың өрнектерінің ішінде спираль немесе интеграл белгісі түріндегі фигура өзіндік жеке ою ретінде және басқа өрнектермен бірге жануарларды бейнелеуде маңызды орын алды. Барлық қорғандардан табылған псалдырлар S-формалы болып келген. Интеграл белгісі үшінші Пазырық қорғанындағы жебелердің ағаш сабын безендіруде көптеп пайдаланылған. Бұл белгінің тікелей өзін немесе қосымша өрнектері, тісшелері бар түрін пайдалану арқылы әртүрлі суреттер алынып отырған. S-формалы фигураны жиі жануарларды бейнелеуде аяқ-қолсыз иық мөлшерін немесе төменгі жағын бейнелеуде қолданған. Кей кезде спиральдер жануарлардың бүкіл денесін қамтып, оған өзіндік ерекше стиль береді. Күрделі спиральдер жеке ою ретінде ердің қасын безендіруде пайдаланылған.
Қарсылықты бұрамалардың бірнеше қатарын үзеңгі әшекейлерінен жиі кездестіреміз. Кейде мұнда бір бағыттағы бұрамаларды да көруге болады. Ол бір жағынан толқынға да ұқсайды. Мұндай өрнектер Пазырық қорғанында негізінен жүгеннің жақүсті бөлігінің ағаштан жасалған бөлшектерін безендіруде пайдаланылған.
Енді өсімдіктерге ұқсатып жасалған өрнектерге келетін болсақ, олардың ішіндегі ең қарапайымы жапырақ тәрізді форма. Осындай форма Шібе және Пазырық қорғандарынан табылған жүгеннің маңдай салпыншақтарында бірнеше түрде кездеседі. Сондай-ақ, екінші Башадар қорғанында осындай форманы бірнеше вариантта кездестіреміз. Пазырық қорғанында табылған салпыншақтар лавр жапырағы тәріздес, қалемшесінің түбінде рельефті шеңбері бар болып келеді. Кейде бұл шеңбер розеткаға ұқсатылып жасалған кездер де бар. Розеткалардың дөңгелектен басқа овал формалалары да кездеседі. Башадар қорғанындағы осындай типтегі әшекейлер үшін қалемшесінің түбінде шеңбері немесе розеткасы бар және жапырақтың ортасында ойылған “үтірі” бар күрделі жапырақ түріндегі фигуралар тән. Мұндай салпыншақтар жүгеннің немесе төс белбеудің қай жеріне ілінгеніне байланысты әртүрлі формада – жалпақ, жіңішке, болып келеді. Екінші Башадар қорғанындағы жүгеннің псалдырлары да дәл осындай жапырақ тәріздес әшекейлермен аяқталады. Жоғарыда айтылған жапырақ тәріздес фигураларды тек шартты түрде ғана өсімдіктер әлеміне ұқсатылып жасалған деуге болады [ 41.158].
Розетка да біршама көп таралған өрнектің түрі болды. Оны екінші Пазырық қорғанындағы псалдырдың әшекейі ретінде және үшінші қорғандағы ердің қасын безендіруде, бірінші Пазырық қорғанындағы жылқының бас киімінің бірінен, бесінші Пазырық қорғанындағы “Таулы Алтай сфинксінің” фигурасынан екі түрлі нұсқада көреміз.
Розеткаға қарағанда үш жапырақты және одан да күрделі пальметка өрнек түрі ретінде аса көп қолданылған. Ат әбзелінің жеке әшекейі ретінде оны барлық Пазырық қорғандарынан және екінші Пазырық қорғанындағы теріден жасалған әмияннің бетіне салынған оюдан да көруге болады. Пальметканы, сонымен қатар, ердің қасының тері бастырмасының (бірінші, екінші Пазырық қорғандары) оюынан да көреміз, жалпы, өрнектің бір бөлшегі ретінде үш жапырақты пальметканы жануарлар бейнеленген ат әбзелінің салпыншақтарында кездестіреміз. Бұған мысал ретінде екінші Пазырық қорғанындағы белбеулердің бірінің өрнектерін және үшінші Пазырық қорғанындағы жүген бауларды әшекейлеген алтындатылған жолақтарды айтсақ болады. Мұнда шырмауық тәрізді өсімдіктің сабақтары бір жағында дөңгелек ойығы бар және үтір тәріздес өрнегі бар үшбұрышпен жалғасып жатыр.
Таулы Алтайдың бейнелеу өнеріндегі таң қалдырарлық нәрсенің бірі – Үндістан мен Ніл алқабы елдерінде қасиетті саналатын лотос өсімдігінің өрнектердің негізі ретінде алынуы. Бұл, негізінен, әртүрлі үлгіде кездеседі. Осы екі қорған басқаларға қарағанда бейнелеу өнерінде жат жерлік әсердің көп болғанымен ерекшеленеді.
Лотос гүлінің теріден қиылған, өте шебер жасалған бейнесі қызықты. Осы гүлді тағы да екінші Пазырық қорғанынан табылған жүгеннің әшекейі болған мүйізден ойылған дөңгелек салпыншақтардан да көруге болады. Осы қорғаннан табылған киіз алашаның шетіне салынған лотос гүлдері біршама өзгеріске ұшыраған. Олар әшекейленген гүл тізбегін құраған себеттегі гүл тостағаншасының жеке жапырағының ортасында және тұғырықтардың үстінде келген. Бұл композиция ассириялық және Алдыңғы Азиялық кілемдердің шетеріндегі композицияны толығымен қайталайтындығымен қызықты болып отыр. Осындай өрнек түрін әйелдер сөмкесінің қалташасының бетіне теріден кесіліп жапсырылған және екінші Пазырық қорғанындағы тері құтыдағы өрнектен де көре аламыз. Лотос гүлінің күрделі түрі әйелдер аяқ киімінің табанында келтірілсе, оның аса күрделі түрі басқа аяқ киімінің басы мен қонышында және екінші Пазырық қорғанында табылған көкірекшеде келтірілген.
Таулы Алтайдағы лотос гүлінің және оның қауызының қарапайым бейнелерінің ассириялық және ахеменидтік Персияның Алдыңғы Азия бейнелеу өнерінен көптеген ұқсастықтары бар. Бұл оңтүстіктен келген өрнек түрі таулы Алтайда да жалғасып, жоғарыда айтылған аяқ киімнің қонышы мен көкірекшеде бейнеленгендей аса күрделі формаларына жеткізілді. Осындай түрінде ол әзірше тек таулы Алтайда ғана белгілі.
Осындай керемет лотос
түріндегі өрнектермен қатар, біршама
қарапайым, гүлдердің қауыздары
секілді өрнектер де пайдаланылған.
Мысалы, бесінші Пазырық қорғанындағы
тоқымдардың біріндегі мүсін
салпыншақтар немесе осы қорғандағы
кілемде бейнеленген құдай әйел
“Тур мүйізі”, “Бұғы мүйізі” деп аталатын өрнек түрі де ерекше орынға ие. Бұл өрнектердің шығу тегі қандай екені әлі анық емес. Қарапайым түрдегі “тур мүйізі” толқындарды бейнелеген кезде артқы фондағы жарықша түрінде пайда болуы мүмкін. Ал күрделі түрінде S-тәрізді спираль бейнелеу түрінде пайда болса керек. Ал өрнектің ең қарапайым элементтері дамып, бұғы мүйізіне айналуы да мүмкін. Сонымен қатар, бұл өрнектердің табиғи мүйіздің формаларын суреттеу барысында шығуы мүмкін деген де жорамал бар. Бірақ нақты айтатын нәрсе: бұл формалар Таулы Алтайдың ою-өрнегінде нақты бекіген. Тур мүйізінің күрделі түрі Мәскеудің Тарихи Музейінде сақталған Погодиннің коллекциясындағы ердің бастырмаларында кездеседі. Осындай өрнектер үшінші Шібе қорғанындағы ердің салпыншақтарында да бар.
Бұғының мүйіздері қарапайым және біршама күрделі түрінде үшінші Пазырық қорғанындағы ердің мүйізден және ағаштан жасалған салпыншақ пластинкаларында келтірілген.
Кейбір өрнектерге осылайша атау берудің себебі – көптеген өрнектер құралатын элементтерді жүйеге келтіру мақсатында. Мысалы, алтын пластинадан жасалған гирлянда деп аталған өрнекке мұқият қарайтын болсақ, онда күрделі тур мүйіздерін де, бұғының мүйізіне де өте ұқсас өрнектерді, үтірлерді, дәстүрлі үшбұрыштарды да көруге болады. Осы мысалдан өрнектің әртүрлі элементтерінің шығу тегін анықтау үшін салыстыру материалының аз болғандығынан, оларға берілген анықтамалар да тек алдын-ала жасалған және шартты екендігіне көзіміз жетеді.
Енді жануарлар бейнесіне тоқталатын болсақ, үлкен қорғандарды қазғанда табылып жатқан жануарлардың түрінің көптігін айтып өту керек. Бұл суреттерден көбінесе жергілікті жерді мекендейтін жануарларды көруге болады. Олардың кейбіреулері бір-екі жерден ғана кездессе, көпшілігі болса, барлық қорғандардан әртүрлі бейнелеу формасында кездеседі. Таулы Алтайдың бейнелеу өнерінде жергілікті жерді мекендейтін жануарлар болғандықтан, бұл–ежелгі таулы алтайлықтар өнерінің өзіндік ерекшелігінің дәлелі болып табылады.
Жұптұяқтыларды бейнелеуде бірінші орында бұғы мен бұлан тұр. Сонымен қатар, тау қошқарының, тау ешкінің бейнелері де көптеп кездеседі. Бірнеше қорғандардан ақ бөкен мен киіктің бейнелері табылды. Ал Таулы Алтайда көп кездесетін еліктің бейнелері сирек. Қабанды бейнелеу Орталық Алтайға тән. Тақтұяқтылардан жылқының бейнелері және тек бір жерде ғана құланның немесе есектің бейнесі табылған. Жыртқыштардан арыстан бейнесі сирек кездеседі де, ал жолбарыс немесе барыс және қабыланның бейнелері өте көп. Сонымен қатар, сол заманда Таулы Алтайды көп мекендеген дала мысығының бейнесін де жиі кездесетіндердің қатарына жатқызуға болады. Алайда, көп жағдайда барыс пен мысықтың бейнелерін ажырату мүмкін болмай жатады. Кемірушілерден тек қоянның ғана бейнесі табылды.
1.2. Аң стилінің сол уақытпен байланыстылығы
Аң стилінің негізгі ерекшелігшің басты көрінісі ол, аңның сол уақыттағы адам өмірімен тікелей байланыста екендігінде. Ғалымдардың дәлелі бойынша, бұл пікір аңның негізгі рөл атқарғандығын дәлелдеп берді. Яғни, аң бейнесінің өнер ретінде бейнеленуі сол уақыттағы діни наным сеніммен де байланысты деген пікірлер де шындыққа жанасады.
Алдыңғы кезеңнің өнеріне жануарлардың қимыл-қозғалысының болмауы тән, олар ең жақсы дегенде, мысалы, Шіліктіден табылған бүркіттің алтын мүсіндері сияқты, басы сәл бұрылып бейнеленеді. Бейне бір құрсақта жатқандай кейіпте орала бүктетіліп жатқан жануарлардың бейнесі кеңінен тараған сюжет болып табылады. Бұл кейіптегі бейнелердің ең ертедегі үлгілері Евразия далаларының шығыс аудандарынан: Солтүстік Тувадан (Аржан), Қазақстаннан (Майәмір, Шілікті, Ұйғарақ) табылған. Мысықтұқымдас жыртқыштардан басқа осындай бүктетіле оралған кейіпте қаскыр, қабан мен киік бейнеленген.
Б.з.б. VI—IV ғасырларда Евразия далаларында аң стиліндегі өнер стилистикалық жағынан өзгерістерге ұшырады. Бір орында тұрғаи күйінде бейнелснген жануарлар бейнелерінің орнына құрылымы күрделі, серпінділікке толы сюжеттср шығады. Мүсіндік бейнелер азайып, қозғалыс үстіндегі аңдардың бедерлі бейнелері, андардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шабуыл жасап жаткан көріністері бар композициялар көбірек кездеседі. Атыла ұмтылған қозғалыс, мүсіндердің «бұратылуы» тәсілімен беріледі, бұл жағдайда аңның жарты денесі қарама-қарсы жағына бүктетіле салынады. Бейненің қозғалыста екендігін көрсетудің басқа да техникалык әдістері: қисык сызықтар жүйесі, жануарлардың дене мүшелерін бұрамалар, шырмауықтар, орамалар, үшбұрыштар, жақшалар және т. б. түріндегі арнайы белгілермен беру әдістері қолданылады. Көп мүсінді композициялар арасынан Орталык Қазақстаннан табылған қола тоға-айылбас ерекше көзге түседі, онда үш жырткыштың (барыстардың) шалқасынан құлаған киікті жұлмалап жаткан көрінісі бейнеленген. Аңдар таласының тақырыбы Батыс Сібірден және оған іргелес жатқан Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарынан алынған I Петрдің Сібір коллекциясы деп аталатын мұрағаттардан ерекше айқын көрінеді. Осы бірегей мұраның көптеген алтын тоғаларында жыртқыш аңдар мен құстардың жылқыларға, текелерге, бұғылар мен бұландарға шабуылдары, жыртқыштардың өзара таласы, жыртқыштардың жыланмен, түйемен шайқастары бейнеленген. Қазақстан аумағынан табылған басқа да археологиялық олжалардан да әлгіндей нышандар байқалады. Алайда, бұл аумақтағы сақтар өнерінің оны Евразияның аң стилі тараған басқа аймақтарынан айыратын ерекше сипаттары да бар. Мұнда қозғалмай тұрған хайуандар бейнесі біршама ұзақ уақыт сақталады, ол кейбір жағдайларда көп мүсінді композиция түрінде көрінеді. Мәселен, Жетісудың кейбір құрбандық ыдыстары мен қазандарындағы аңдар шеруі көріністері осындай. [ 8.204]
Есік обасынан табылған сақ қанжарының жұқа алтын қаптырмаларында жатқан күйінде бейнеленген аңдардың ширатылуы орындау шеберлігі жөнінен бірегей дүние. Жүзінің екі жағына алтын қаптырмалар көмкерілген, олардың бірінде жұқа бедермен оның екіншісінде тоғыз бейне бар. Олардың арасында жыланның, түлкінің, қасқырдын, арқардың, киіктін, таутекенің, қоянның шағьн мүсіндері кездеседі. Олардың барлығы ерте кезең өнеріне тән кейіпте аяқтарын бүгіп жатқан күйінде берілген.
Б. з. б. III—II ғасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп құлдырай бастайды. Аң стилі ою-өрнекке айналады. Оның орнына түрлі-түсті тастармен көз салып безендіру техникасы және басқа да әшекейлеу тәсілдері қолданылатын полихромдық деп аталатын стиль келеді. Қолданбалы өнер туындылары пайда болып, оларда жануарлар дүниесінің бейнелері схемаға айналып, полихромдык бай өрнекпен араласып кетеді.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу