Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Скачать документ)

Дүние жүзіндегі халықтар өз бейнелеу өнерінде геометриялық, космогониялық, өсімдік типтес ою-өрнектерді түрлендіріп  сан мыңдаған ою-өрнек жасап, олармен  өз қолөнерлерін әшекейлеуде. Әр халықтың бейнелеу өнерінде өзіндік ерекшеліктерін ғасырлар бойы сақталған. Сақ ою - өрнегінің типологиясының әлі де зерттелмей тұрған тұстары көп. Сақтардың (скиф) "аң стилінде" берілген күрделі композициялардың әлі де мазмұны толықтай ашылмаған. Сонда да ежелгі тарихышылардың деректерінен алынған пайымдауларына сүйеніп, сақтардың бейнелеу өнеріндегі мәнеріне анықтама беруге болады. Сақ ою-өрнегіндегі негізгі мәнер "зооморрфтық стиль", ал сақ мәнеріндегі самұрық құстардың қияли, шынайы түрлі көріністе бейнеленуі жергілікті мәнерге жатады. Бейнелеу өнердегі мұндай әдіс - тәсілдер сақ (скиф) кезеңінде жақсы дамығанын көне ескерткіштерден байқауға болады [ 6.369].

Сібір, Амудария коллекциялары  бүкіл дүние жүзіне таныстырылып, насихатталып келеді. Ол жәдігерлер Ресей Эрмитажында, Британ мұражайында сақталған. Ежелгі сақ (скиф) көне ескерткіштерінің көпшілігі Таулы Алтай аймағында табылды. Сол жәдігерлерге сараптама жүргізіп, сақ (скиф) тайпаларының дүниетанымы мен тұрмыс-тіршілігі туралы біраз ақпарат аламыз. Қорғандарда табылған бұйымдардың ерекше тұсы, бейнелеу мәнерінің қайталанбауы. Сақтардың (сақ) өнеріндегі рәміздік таңбалар тұрмыстағы заттардың барлығында бейнеленген. Көшпелілердің қолөнерде қолданған сан түрлі таңбалары діни және рулық, тайпаның нышандық белгісін білдіреді. Бұл таңбалар сол кезеңде бір кеңістікте өмір сүрген ежелгі адамдардың бәріне түсінікті мазмұнды білдіретін белгі. Ол таңбалар сол сияқты көшпелілердің ежелгі жазу көне ескерткіштерінде де кездеседі. Еуразия құрлығында өмір сүрген тайпалардың бейнелеу, қолөнері  ғасырлар бойы қалыптасты. Мұндай мәдени жетістік ежелгі адамдардың ішкі рухани дүниесі мен дүниетанымынан туған. Қолөнердегі сақ мәнері кәршілес елдердің мәдениетіне де ықпал етті деуге болады . Сондықтан сақ бейнелеу өнеріндегі "аң стилі" барлық елдердің терминіне айналды десек қателеспейміз. И.Тасмағамбетов: "Адамды залалды жерден қорғайтын сиқырлы күш бар материалдар ғана ардақталап қана қойған жоқ. Пішіні мен өрнек әшекейлері жануарлар текті болып келетін кейбір бұйымдар да киелі саналған. Бойтұмарлар қорғаушы қызметіне ие"- дейді. Сақтардың "аң стилі", "зооморфты стиль" немесе "жануарлар стилі" дүние жүзі ғалымдарының қызығушылығын тудыруда. С.С. Бесссонова: "Соңғы жылдары ғалымдарды "аң стилінің" семантикасын зерттеу қызықтырады. Мұнда әрбір "аң стилінде" қолданған элементтің мазмұны мен тұтатастай сюжеттегі композицияның рәміздік үғымын оқу қазіргі күні маңызды шаруға айналған" - дейді. Табылған көне ескерткіштердегі бейнелеу мәнері мен оның рәміздік мазмұны ғалымдардың назарынан тыс қалған. Сақ (скиф) бейнелу өнері ежелгі адамдардың мифтік дүниетанымынан туған өнер туындысы деп тұжырымдаймыз.

Алтай петроглифтеріндегі көріністе  мазмұны ауыз әдебиеті арқылы жеткен мифтік образдар да тасқа қашалып  салынған. Қазір ғылым қарапайым мифтік образдар мен археологиялық деректерді күрделендіріп қайта қарау үрдісін алдына мақсат қып қойды. Бүгінгі күні сақтардың таңбалары мен петроглифтеріне семантикалық талдау жүргізу керек. Сонда ғана б.з.б өмір сүрген әркениетті мәдениеттің тарихын жазуға болады. Скифологтар дерек ретінде ежелгі адамдардың бейнелеу, қолөнердің, петроглифтер мен таңбалардың рәміздік мазмұны талдану тиіс. Ежелгі адамдардың рухани дүниесіне, олардың сезіміне әсер еткен қоршаған орта. Табиғат адам сезіміне ләззат беріп эмоциялық сезімі оянады. Ол аспандағы Күң Ай, Жұлдыз түрлі түске боялған кемпірқосақ. Қалың орман мен биік таулар, гүлдеген жазық дала. Осы табиғи сұлулықты ежелгі адамдар өз өнерінде талғаммен қолдана білген.

Алғашқы адамдардың дүниетанымында космогониялық ұғымның бірінші пайда болғаны да таңқаларлық нәрсе емес. Олар сол кезенде қоғамға ортақ мәдениетті қалыптастыра білді. Өз туындылары арқылы басқалардың сезімін оятты. Ежелгі тайпалар бір - бірімен түсінісетін таңбалық жүйе, петроглифтер өнерін дүниеге әкелді. Сақтар көзелге (жұкалап иленген былғары) андар мен жануарлар көрінісін пышақпен ойып, оны түрлі түске бояған [ 12.295].

Еліміз XXI ғасьрға аяқ басса да, былғары өндеу өндірісі Қазақстанда әлі өз деңгейінде дамымай отыр. Ежелгі көшпелілердің былғары өңдеу 
технологиясы қазір ұмыт болған. Сақтардың былғарыдан жасаған 
заттары мен тоқыған маталары сапалы дайындалған. Алтайлықтар 
өндірген кезелді (жұқа былғары) киім тігуде, ал қалыңдауы айыл, 
бестаспа жасауда қолданған. Тоқымға аң, құс, жануарлардың суретін 
салып, оларды бояумен әрлеген. Сақтар бұйымдарды қызыл түске, ал 
ағаштың ойық тұстарын айрықша көрсету үшің сары мен жасыл 
түске бояған. Қосымша әшекей ретінде ағаш пен былғары алтын 
пластиналар немесе асыл тастардан көз орнатқан. Алтайлықтар "аң 
стилінде" жасаған бұйымдарын көркемдей түсу үшін алтын пластиналарды жапсырған. Мұндай мәнер қазір кездеспейді. Қазақ 
қолөнерінде күмістең алтындап тігу сақ өнерінен бастау алады. 
Қазақтар жасанды жіптермен сырт киімдерінің өрнектәрін кестелеп 
тіккен. Бұйымдарда тігістерден басқа шеберлер қоладаң "аң стиліндегі" 
алтын қаңылтырлар мен түймелерді қадаған. Мифтік, шынайы образда 
бейнеленген аң, құс, жануарлардың денесіндегі жолақтарға алтын 
пластиналар жапсырылған. 

Көне ескерткіштерде бейнеленген ою-өрнек, таңбалардан сақ (скиф), қазақ қолөнерінің сабақтастығын көреміз. Сақ кезеңінде қолданған стилизацияланған ою элементтер қазірде қолөнерде қолданылады. Сақ бейнелеу өнерін зерттеу үшін қазақ қолөнеріндегі ою-өрнектің негізгі элементтерін білу қажет. Осыдан сақ пен қазақ бейнелеу өнерінің тұтастығын байқау қиын емес. Қазіргі кезде түрік тобына кірген елдердің көпшілігі өз алдына мемлекет құрып, бөлек ел болып кетті. Соған қарамастаң түбі бір түркі мәдениетін бөліп-жармай көне ескерткіштерді ортақ деп қарастыруымыз қажет. Таулы Алтай өңіріндегі көне ескерткіштер көптеген түркі тайпалар мәдениетінің түптамыры болып табылады. Сібір, Орта Азиядан бастап Қара теңізге дейінгі аймақты алып жатқан тайпалар бір одаққа бағынып, мәдениеті ортақ болғанын ежелгі авторлардың деректерінен көреміз. Бұл аймақта өмір сүрген тайпалардың тұрмыс-тіршілікте қолданған заттарына қарап, сұңғат өнерінің өте жоғары деңгейде болғанын байқаймыз. Тылсым күштерден сақтайтын тотемдер, діни ұғымдағы таңбалар қосымша элемент болып, аң, жануарлардың денесінде бейнеленген. Ежелгі адамдардың нышандық таңбаларың тотемнің бейнесін қолөнер бұйымдарына түрлі мәнерде бейнелеген. Олар: кескіндеме, ағаштан ойып жасалған бұйымдар, тұскиіз, сырмақ, тоқым ою-өрнекті бастырма (аппликация) тәсілімен жиектеп тігу, ер-тұрман бұйымдары. Безендіруге арналған әшекейлер былғарыдан ойылып, алтынман апталып жасалған. Сақ өнерінде   аң, құс, жануарлардың қоладан жасалған түрлі мөлшердегі мүсіндері көп кездеседі. Сақтардың жерлеу рәсіміне, қолөнері мен бейнелеу өнеріне этноинтерпретаңиялық талдау жасап, көне мәдениет туралы мағлұмат аламыз. Оған Орталық Алтай қорғандарын жүз жыл бұрын зерттеген В.В. Радловтың еңбектерін жатқызуға болады. Қорымда табылған саркофагқа (ағаш табыт) ойылған аң, жануарлардың бейнесінен ағаш ою мәнерін сақ шеберлері жақсы меңгергенін көреміз. Саркофагта (ағаш табыт) тізбектеліп келе жатқан төрт жолбарыс бейнеленген. Оның төменгі тұсында екі бұғы, екі қабаң екі арқардың суреті салынған. Бұл тұтас монументалдық композиция ағашта ойылып жасалған. Алтайлықтардың ағаш ою технологиясы Башадыр II обасынан бірінші рет табылды. Жолбарыстың қимылы табиғи дәлдікпен беріліп, ал бастары әдеттен үлкейтіліп көрсетілген. Олардың құйрықтары оюланып, аяғына құстырнақ салынған. Жолбарыстың денесіндегі жүндері оттың жалынын тұспалдайды. Ал, төменгі жағына бейнеленген жануарлардың денесі шарты түрде берілген. Жолбарыс тайпаның тотемі болып, тылсым күштерден қорғайтын қорғаушы образында салынған. Бұл сюжетте от - діни нышан ретінде бейнеленсе, ағаш табыттағы композициядағы жануарлар жерлеу рәсіміне арнайы құрбандыққа шалынған арқар, қабаң бұғы. Олардың денесі бұратылып, аяғы аспанға келтірілген. Сақтардың андарды, жануарларды мұндай мәнерде бейнелеуі, жануардың әлсіреп, мерт болғанын тұспалдайды [ 4.165].

Сақ шеберлері өз мәнерінде  аң, жануардың мүйіздері мен көздеріне  ерекше көңіл бөлген. Ал, құлақтары  мен бастарын әдеттен тыс үлкейтіп мифтік немесе шынайы бейнеде салған. Жерлеу рәсімінде сақтар жануарлардың бәрін мәйітпен бірге жерлеген. Саркофагқа (ағаш табытқа) бейнеленген композициядан олардың жерлеу рәсіміне қатысты ғұрпын байқаймыз.

Башадыр обасының Оңтүстік Шығысында  уақыт өте тозығы жеткең өте жұқа иленген былғарының, қызыл түске  боялған алты құрағы табылған. Шеберлер былғарының үстіне өткір пышақтың ұшымен ойып өрнек түсірген. Былғарыдан жасалған ақ түсті ойықтар жануардың бұлшық еттерін анықтай түседі. 8 әрпінің ішкі тұсына ))) доға жақшалар бейнеленген. Былғары құрақтарына айналған тоқымға бұғы бейнесі бейнеленген. Тозығы жеткен құрақтардан жануардың әр бөлшегін ғана байқаймыз. Сақ шеберлері 8 пен ақ түсті доға сызықтарды жануарлардың дене мүшелерін анықтай түсу үшін қолданған. Мұндай жолақтарды қосымша алтын пластиналармен әрлеген. 8 ою-өрнегі жабайы сиыр турдың мүйізін тұспалдаудан туған элемент. Турдың мүйізіне қосымша үтір элементтері қолданған. Тұяқты қорғанындағы ағаш табыттың қақпағына "үтір" ою-өрнегі бейнеленген. "Үтір" оюы сақтардың діни ұғымдарынан пайда болған космогониялық нышан. Мұндай ою-өрнек 
элементтерді сақ (скиф) қолөнер бұйымдарының бәрінде кездестіруге 
болады. Стилизацияланған ою-өрнектерден кейінгі жазықтыққа 
бірінен соң бірі ерген жолбарыстар қайың ағашынан ойылып, 
саркофагқа жапсырылған. Мұнда II Башадыр обасынан табылған 
жолбарыстың суретімен ұқсастық жоқ [ 17.258 ].

Кескіндемеде негізгі қолданған сақ мәнері грифтердің үлкен бастары мен үлкен көздері, ал оған қосымша оюланған тұмсықтың салынуы. Ал, өсімдіктер мен жануарлардың шартты түрде салынған стилизацияланған түрлері орта ғасырда жақсы дамыды. Өсімдік ою-өрнегінің мәнерін ағаштаң сүйектең былғарыдан немесе қоладан жасаған бұйымдарға бейнелеп, сақтар өзіндік мәнер қалыптастырды. Олар: сегіз жапырақ , пальма жапырағы, мүсіндік, живописьтік ою-өрнек, гүл, бүршік, үш жапырақтан бастап күрделі жапырақты гүлдер, лотос гүлі. "Үш жапырақты" ою - өрнекті көптеген халықтар бейнелеу өнерінде негізгі элемент ретінде қолданады.

Ағаш пен сүйектен ойылған ат әбзелдердің ою-өрнектерін екі түрге  бөлуге болады. Олар: жай нұсқа, күрделі  нұсқа. Сақ шеберлері бұйымның жазықтығына тұтастай композициялар бейнелеген. Сол кезеңнің шеберлерінде элементті симметриялы немесе егіз бейнелеу мәнері қалыптасты. Мұндай "аң стиліндегі" композицицяларды негізінен зооморфтық элементтерден жасаған.

Сақ (скиф) шеберлері ер тоқымды  әшекейлеуде "жүрекше" ою-өрнегін жиі бейнелеген. Қазақ қолөнерінде қолданатын бұл элемент сақтардан бастау алады. "Жүрекше" оюы жүректі тұспалдап, ол жүрекше пішініндегі үшбұрыштан жасалады. "Жүрекше" ою-өрнегі мен турдың қос 8 элементінен күрделі элементтер жасап, ер тоқымның ағашына ойып түсіреді.

Алтайлықтар өз мәнерінде сан түрлі  әдіс-тәсілді қолданған. Олар: геометриялық, өсімдік типтес ою-өрнектер, жануарлардың шартты белгісі, күрделі ою-өрнектер. Шартты элементтерге: ағаштың бұтағы, қабанның азулы тісі, аң мен құстардың оюланған тырнақтары жатады.

Сақ (скиф) мәнерінде балық бейнесі  өте сирек кездеседі. Орта Азияда түркімендер зергерлік бұйымдарын балық пішінінде жасаған. Көшпелілердің ұғымында балық тазалықтың символын білдіреді. Таулы Алтайда II Пазырық қорғанынан табылған ер адамның оң аяғына суреті үлкейтіліп балық салынған. Балық-тазалықтың символы. Балық пішіні зергерлік бұйымдарда кең қолданған. Бұл мәнер түркімен  зергерлік бұйымдарында қазір де кеңінен қолданады. Сақ скиф шеберлері балық пішінін ағаштан ойып ат әбзелдерді безендіруге арналған бөлшектер жасаған. Ондай салпыншақтарды аттың жүгеніне сән үшін айналдыра таққан. Ағаштан ойылған еңкейген ауызына қойдың басын тістеген балық кескіні бейнеленген. Балықтан басқа алтай шеберлері өз мәнерінде қаз бен аққудың суретін де салған. Қаздың ұйықтаған сәті ағаштан ойылып, мүсіні жасалған. Псалдырда қаздың басы шартты түрде бейнеленгең ал аттың маңдайшасына ұшып келе жатқан үш аққу бейнесі көркемделіп көрсетілген.

Сақ қолөнерінде қораз кескіні  сирек бейнеленген. Кейбір мифтік образдағы құстың қосымша элементтеріне қораздың айдары тағылады. С.В. Кисилев: "алтай мәнеріндегі қораздың басындағы айдар бұғының мүйізін тұспалдайды"- дейді.

Сақ (скиф) монументалды композицияда аң мен жануарлардың дене мүшелерін алмастыра қолданып, қияли образдар жасауда шеберлік танытқан. Ол туралы С.В. Киселев: "сақ шеберлері бір сюжетте аң, жануарлардың дене мүшелерін өзіндік ерекше мәнермен бере білген"-дейді. Сақтардың аралас қолданған жануарлар стилінен мифтік образдағы өмірде жоқ аңдар мен құстардың күрделі композициясы пайда болды. Ғалым мұнда сақ шеберлерінің дәстүрлі мәнерін дәлелдей түседі. Қоразға бұғының жалпақ мүйізін қондыру мәнері алтайлықтарға тән мәнер. Шартты түрде қораз бен аттың жалын бейнелеу мәнері берілген. Оның басы артқа қайырылып, айдары үлкейтіліп көрсетілген. Қораздың айдары өсімдік типтес, жануарлардың стилизацияланған мүйіздері сияқты жеке элементтер қолдана береді. Таулы Алтайлықтар қоршаған ортаны ішкі рухани сезіммен қабылдап, философиялық ой тудыратын кескіндемелерді ерекше жасаған. Олардың бейнелеген әр композициясында шебер мәнері сақталған. Бұғының жалпақ мүйізі тармақталып, басы әдеттен үлкейтіліп, тұмсығының ұшы оюланып берілген [ 2.364].

Бұғының бейнесін салу көне мәнерге жатады. Сақ шеберлері бұғының қимылын табиғи шынайылықпен бере білген. Бұғының басы алға созылып, тізесі бүктеліп, басындағы мүйізі тармақталып, бүкіл денесін жауып тұр. Бұл жануардың жартылай стилизацияланған бейнесі. Ал, сирек кездесетін мәнер, бұғының арқасына аударылып, аяғын аспанға көтеріп бейнелейді. Ер-тұрманның ағаштан жасалған алдыңғы, артқы қасына ақбөкен ойылып түсірілген. Псалдырдың екі ұшына ақбөкеннің басының мүсіні жасалған. Ал, қоладан жасаған қалыптың үстінде ақбөкеннің басы бейнеленіп, оны алтын пластиналармен қаптаған.

Тұяқты қорымынан табылған бұғының денесі бұратылып, аяғы аспанға келтірілген. Аң, жануарларды мұндай мәнерде жергілікті шеберлер ғана бейнелеген. II Пазырық обасынан табылған мәйіттің оң аяғына тізбектеліп бірінен соң бірі ерген арқарларды шартты графикалық тәсілмен салған. Ат әбзелдерге ілінетін ағаштан ойылып жасалған арқардың денесі мен аяғы бұратылып, басына тиіп тұр. Арқарлардың суреті қырынан салынып көрсетілгең сондай-ақ тура (фас) салынған арқардың суреті де кездеседі. Тура салынған арқардың үлкейтілген басы денесін толық жауып, оның мойын тұсына төрт тұяғы шартты түрде көрсетілген. Сақ қолөнерінде арқардың бейнесі түрлі композицияда көп берілді. Көшпелілердің ұғымында қой, арқар, жануар байлық, береке деген рәміздік ұғымды білдіреді. Сондықтан сақтар тұрмыс-тіршілікте қолданатын заттарына арқардың түрлі нұсқасын бейнелеген. Аттың тізгінін бекітетін псалдырдың ұштарына да арқардың бас мүсінін ойып жасаған. Алтай мәнеріндегі қоян бір жәдігерде ғана кездеседі. Денесі мен артқы аяғы бұратылып, алтай мәнерінде бейнелеген қоянның кескіні ер-тұрманның әшекей бөлшектеріне салынған. Арқардан баска сақ бейнелеу өнерінде жылқы бейнесі де көп қолданады. Қотанды қорымынан табылған әшекей бөлшекте; аттың кескіні салтанатты түрде берілген. Аттың басына мүйіз қондырылып, қосымша   жануарлардың кескінін салған. Оның ішінде алтайлықтар мысық тобына жататын арыстаң барыс, сілеусің жолбарстарды түрлі мәнерде көп бейнелеген. Сақ мәнерінде арыстандар өте аз кездеседі. Қаракөл обасынан табылған бұйымда арыстанның бас мүсінінің мойын тұсындағы жүндері оюлы жолақтармен берілген. Петр I коллекциясында дөңгеленіп жиырылған мысық пен жолбарыстардың суреті бар түйреуіш Эрмитажда сақталған , сол сияқты Сібір коллекциясында арыстандардың дем алған сәттері бейнеленген кескіндемелер бар, бірақ бұл мәнер тек алтайлықтарда ғана қолданған [ 32.263].

Амудария  коллекциясындағы алтын жүзікте  алдыңғы аяғы мен артқы аяғын созып, басын артқа қайырған арыстан және алтын табақта тігінен отырған арыстанның мүсіні салынған. Бұл заттардың жасалу мәнеріне қарап б.з.б. V ғасырға жатқызамыз. Амудария коллекциясындағы алтын пластинаға арыстанды тікесінен бейнелеу мәнері алтайлықтардың сүйекке салған нұсқасына ұқсас, бірақ оның төсіне оо таңбасы ойылған. Сақтарда ұшында арыстанның бас мүсіні қондырылған қоладан жасалған ұршық табылды. Сақ шеберлері өз бұйымдарын асқан шеберлікпен жасап, талғаммен бере білген. Бейнелеу мәнерінде жергілікті жерде тіршілік еткен жануарлардың қимыл әрекеті табиғи шынайылықпен көрсетілген. Алтай шеберлері басқа сақ тайпаларына қарағанда түрлі мәнерде грифтердің қияли бейнесінің алуан түрлерін жасаған. Шынайы, мифтік ұғымдағы грифтердің шартты салған нұсқалары алтайлықтардың қолөнерінде кеңінен таралған мәнерінен өзгеше. Оған археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған көне ескерткіштер дәлел болады. Қоладан құйылған төбесінде қораздың айдары салынған грифон Берел тұрағынан табылғаң оның аққуға атылған көрінісі берілген. Монументальды тұтастай ойылған грифтің қанаты жайылып, тырнақтары оюланған. Бұл кескін ер тоқымда бейнеленген. С.В. Кисилевтің пікірінше: "Грифондардың басына айдар қондырып бейнелеу гректерге тәң ал алтайлықтардың мәнерінде грифондардың төбесіне мүйіз тарақтың тісіндей элементтер қондырылып бейнелеу әдіс-тәсілдері қолданған"- дейді.

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу