Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Скачать документ)

Көшпелілерде  көктем өмірдің жаңаруын, малдың көбею  нышанын білдіреді. Корлисс Ламонт: " Көктемде өсімдіктердің өсіп-өнуі адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Қыс айналадағы өсімдіктерді өлтірсе, көктем тірілтеді. Өлім мен өмірге келу үрдісі үздіксіз жалғасып жатады, Бұл үрдіс өлімсіз мистикалық ескі өмір мен мистикалық жаңаруды іске асыру мүмкін" - дейді. Ежелгі адамдардың діни дүниетанымы мифологиямен өте тығыз байланысты болған. Табиғат-әлемдегі барлық интелектуалды, сол сияқты дүниедегі қоршаған ортаны жаратқан деп қарасақ, біз шексіз уақыт болмысын қарастырамыз. Әлем, кеңістік уақыт ежелгі адамдардың, ұғымында шексіз дүние. Сондықтан олардың түсінігінде әлем, уақыт шексіздігі болмыста қорқыныш сезімін тудырады. Сондықтан ежелгі адамдар өздерін табиғи тылсым күштерден тотем, табу арқылы қорғауға тырысқан. Тайпа тотемдері болып аң, жануарлардың шынайы, қияли бейнелері алынған. Зигмунд Фрейд: "Тотем бір тайпаның, бір жанұяның қорғаушысы болып есептеледі. Тотем балалардың болашағын болжаушы, оларды қорғайтын магиялық әсері бар тұмар болып табылады. Тотем қасиетті болып есептеліп, оны өлтіруге, етін жеуге тыйымдар болған"- дейді. Зигмунд Фрейдтің брі тұжырымдары полинезиялықтарға қатысты айтылған сақтардың (скиф) тотемдеріне арнайы мейрам өткізіп, немесе оның етін жеуден бас тартпаған. Сақтар тотем ретінде бейнелеген аң, құс, жануарлардың етін жеп, терісінен киім тігіп, жүнінен тоқып түрлі маталар жасаған. Сақтардың тотеммен қатар табуға қатысты түрлі наным- сенімдері қалыптасқан. А. Айғабылов:" Табу о баста соқыр сенім мен тиым салу арқылы қалыптасса да, ол ел арасында әдет- ғұрыпқа айналып кетті. Айналадағы өзі қорыққан сенімсіз күшке қарай түрлі атаулар пайда болды. Қазіргі қазақ тілінде адам атына ғана байланысты табулар кездеседі" - дейді. Мұндай тыйымдар олардың рәсімдері мен бейнелеу өнерінде байқалады. Табу - полинезия сөзі. Бұл сөздің дәл мағынасы жоқ. Табу - римдіктерде, грек, еврейлерде, Африка, Орта Азияда кездеседі. Табу - көп жағдайда діндік моральдық тұрғыдан туады. Табу - құдайға табынудан емес, әр халықтың өздерінің тыйымдары арқылы жүзеге асады. Діни моральдық тыйымдардан табудың ерекшелігі, оның пайда болу себептері туралы тарихи деректер жоқ. Бұл әр халықтың дастүріне сіңіп кеткен ғұрып ретінде өздігімен қолданады. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын бұл тыйымдарды ешкім жоққа шығармайды. Табудың тұспалданған түрін шынайы немесе табиғи тұрғыдан тылсым күштерге жатқызамыз. Зигмунд Фрейд: "Табудың қолдану аясы әр түрлі. Біріншіден кесемдерді, тайпаның беделді адамдарын, бақсыларды сондай- ақ айналаны қоршаған заттарды қорғау, екіншіден адамзатты құдайдың қаһарынан, жын -шайтандардан қорғау" - дейді . Ежелгі адамдар табиғаттың тылсым күштерінен және апаттардан өздерін сақтап қалу үшін тотемдер мен табуларды өздерін қоршаған заттардың бәріне бейнелеген. Сақтардың "зооморфтық стилі" түрлі мәнерде қолданып, белгілі рәміздік ұғымды білдірген. Аңдардың жануарларға атылған суреті немесе ауызында бейнелену көрінісі сақтардың көркем өнерінде негізгі орын алады. Ғалымдардың пікірінше "Шумер абыздары шоқ жүлдыздар бір- бірін алмастырғанда маусым өзгеретінін байқаған. Бұл кезде аспандағы Арыстан мен- патша жұлдызы көрініп, ал Үркер мен Блік жұлдыздары болса жерге түсіп, 40 күн көрінбей кететін. Көнек пен Гёкё жұлдыздары 15 майда туған кезде керісінше Арыстан мен Патша жоқ болып кетеді. Осындай алмасулар араға қырық күн салып, күз айларында да керісінше қайталанатын.

Шумер абыздары сияқты көшпелілердің астрологиямен таныс болғанын археологиялық қазба жұмыстарынан көреміз. Олар қолөнерде космогониялық таңбаларды түрлі мәнерде көп бейнелеген. Сақ (скиф) бейнелеу өнеріндегі аң мен жануарлардың, құстардың арпалысы мезгілдің ауысуының нышанын білдіреді. Ал, бейнелеу мәнерінде сақтар көп қолданған арыстан, теке, елік, бұқа аспандағы жұлдыздарды тұспалдайды.

Ежелгі адамдар  астрологиялық жыл санауды ақ, жануарлардың атымен атап қоятын. М. Қадырбаевтың пікірінше " сақтардын, (скиф) бейнелеу өнерінде "аң стилінін," магиялық күшіне табынушыдық б.з.б. 1 мыңжылдықта қальштасқан. Олардың композициясында аң, мен жануарлардын, арпалысы мен бірі-біріне атылу сәттері бейнеленген"-дейді. "Аң стилі" ежелгі адамдарға рәміздік ұғымда ақпарат беруде үлкен рөл атқарған. Ежелгі адамдар аң, құс пен жануардың арпалысу көрінісін "адамгершілік" пен "зұлымдықтың" күресі деп түсінген. Сақ (скиф) шеберлерінің бейнеленген аң, құс, жануарлар адамға эмоциялық ерекше әсер етеді. Олар бейнелеу мәнерінде аң, құс, жануарлардың өзіндік ерекшеліктерін дәлдікпен бере білді. Суретке қияли образ жасау үшін аң, құс, жануардың дене мүшелерін аралас қолданып, өмірде кездеспейтін мифтік образдар жасады. Мысалы: аң тұмсықты грифон, құс тұмсықты бұғы, тау ешкінің, мүйізі қондырылған ат, бүркіт грифтері т.б. М. Кадырбаевтың пікірінше: "Бейнелеу өнеріндегі "аң стилі" ежелгі адамдардың табиғатпен жақындығын, адамдардың , эмоциялық әсері мен ішкі рухани жағдайының айнасы іспеттес болды. Өйткені олар үнемі "зұлымдық" пеп "адамгершілікті", өмір мен өлімді өздерінік сюжеттерінде басты идея етіп алған, сондай-ақ мұндай композицияны күрделендіріп беруге тырысқан" – дейді [ 60.362].

Сақ шеберлерінің өнер туындыларында аң мен жануардың немесе қиялдан туған құс пен жануардың арпалысьш жатқан күрделі композицияда "зұлымдық," пен "адамгершіліктің" нышаны алда түрады. Ежелгі адам өзін қоршаған тылсым дүниенің, түсініксіз құбылыстарын бейнелеуде осындай рәміздік ойды білдіретін күрделі композицияларды дүниеге әкелген. Аң мен жануардың арпалысын немесе бір-біріне атылу сәттерін аса бір нәзіктікпен бейнелеп, табиғилықты сақтаған. Сақтардын, (скиф) "зооморфтық стилінде" терең философиялық мағына жатыр.

Шумерлік  абыздар астрономиялық күнтізбедегі жыл санауды жұлдыздарды аң, жануарлар аттарымен атап, ауа- райын болжап отырған. Сақтар аң мен жануарлардың арпалысындағы көріністі жыл мезгілінің ауысуымен байланыстырған. Ежелгі адамдар төрт мезгілді "жаз"," қыс" деп екіге бөліп, өз бейнелеу тәсілдерінде қысты "жамандық", жазды "жақсылық" рәміздік ұғымында бейнелеген. Ежелгі сақтардық (скиф) бейнелеу өнерінде "аң стилінің" қалыптасуының басты себебі, адамдар аңдар мен жануарлардан пайда болды деген қиялдан туған болу керек. Ежелгі адамдар мифсіз өмір сүрмеген. Табиғаттың тылсым күштері мен түсініксіз құбылыстарын мифке айландырып отырған. Сондықтан сақтардың тотемдері аң, құс, жануарлар болған (бұғы, бұлан, қасқыр, таутеке, жолбарыс, бүркіт). Мұндай аң, құс, жануарлар бейнеленген заттар қасиетті болып саналған. Олардың тырнақ, сүйектерінен тұмар жасап, ал тотемдерді қару-жараққа бейнелеген. Тотем, таңба жауынгерге жеңіспен оралуға магиялық әсер етеді деп ұққан. "Аң стилі" сақ шеберлерінің арасында б. з. б. ІІІ- І ғ. ғ. бейнелеу өнерінің биік деңгейіне жетіп, кейіннен өзгерістерге ұшырады. "Жануар стилінің" бірте- бірте стилизацияланған түрін Қарғалыда табылған тәжден байқаймыз. Бұл тәждегі андар мен жанурлар бірте- бірте күрделеніп өсімдік типтес ою-өрнекке айналады. Сақ қолөнерінде "аң стилінен" стилизацияланған мәнерге өту Новочеркаск обасынан табылған сармат ханшасының тәжінде қарғалы мәнері қайталанған. Сақ (скиф) мәнеріндегі тәжде (диадема) аңдардың бірте- бірте стилизацияланып шырмауықтануы басқа елдердің бейнелеу өнерінде кездеспейтін мәнер [ 46.346 ] .

Сақ бейнелеу өнеріндегі жануарлар мәнері ғалымдарды тамсандырьш, қызығушылығын танытып отыр. Ежелгі өркениетті мемлекетте өмір сүрген сақ шеберлерінің қолөнерді мұндай тәсілмен бейнеленуі, сол кезеңдегі өнердің өте жоғары деңгейде болғанын көрсетеді. Жануарлар мәнеріне мыңдаған жылдар болса да, бұл өнер бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналды. Сақ (скиф)"аң стилі" мен андрондықтардьщ геометриялық ою- өрнек түрлері бүгінгі күні кеңінен қолданады.

Геометриялық  ою- өрнектердің космогониялық түрлерін андрондықтар қыш құмыралардың сыртын әрлеу үшін қолданған. Андрондықтардың геометриялық ою- өрнектер салынған қыш көзелері еліміздің мұражайларында қазір де сақталған. Геометриялық ою-өрнектер дүние жүзі елдерінің барлығына ортақ. Олардың рәміздік ұғымы жойылып, қазір тек әшекей ретінде қолданады. Андрондық, геометриялық ою- өрнектердің санаулы элементтердің қазір жүздеген баламасын көруге болады. Андрондықтардың геометриялық ою- өрнек элементтерін, сақтардың (скиф) бейнелеу өнерінде қолданған ою-өрнек түрлерін казақ қолөнерінде бірен- саран кездестіреміз. Еліміздің қолөнер шеберлері стилизацияланған ою- өрнек элементерін түрлендіріп, жаңа ою нұсқаларын көп қолдануда. Көшпелілердің қолөнердегі бейнелеу мәнерінде андрондық, сақтардан (скиф) бастап казақтарға дейін ұрпақ сабақтастығының үзілмей келе жатқанын көреміз.

Елімізге  белгілі этнограф С. Қасиманов: "жаңа қазақ ою- өрнектері мазмұны жағынан үш түрлі ұғымды білдіреді дейді: біріншіден мал шаруашылығын, аңшылықты; екіншіден жер, су, көшіп- қону көріністерін; үшіншіден күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді"- дейді. Ұлттық нақыштағы ою- өрнектің бір ерекшелігі- осы түрлі ұғымның қай- қайсысын бейнелесе де, оның негізі "мүйіз" ою- өрнегі болып қалады. Этнограф айтқан үш түрлі ұғым сақ ою- өрнектерінің табиғатына сай келеді. Сақ шеберлері стилизацияланған ою- өрнектің негізгі элементі ретінде "мүйіз" ою- өрнегін кеп бейнелеген. Қазір де қолөнер бұйымдарын әшекейлеуде мүйіздің түрлі нұсқасын қолөнерде қолданады. "Мүйіз" ою - өрнегі қазақ бейнелеу өнерінде негізгі тақбаға айналған. Стилизацияланған "мүйіз" оюы сақ кезеңінен бері қолөнерде қолданып, оның сыртқы типі өзгерген жоқ. Сақ шеберлері аң, жануар, құстарды "аң стилінде" бейнелегенде денелеріне таңбаларды қоса салған. Сақтардың (скиф) тотем мен космогониялық таңбаны бірге беруі, олардың діни дүниетанымынан туған ұғым, Орта ғасырда бұл таңбалар рулық таңбаға айналды. Суреттерді мұндай тәсілде салу б.з.б ҮШ- І ғ. ғ. өмір сүрген өркениеті басқа елдерде кездеспейді. Бір қарағанда "аң стилі" түрлі керіністе сәндік үшін қолданған ба?- деген ой да туу мүмкін. Әр көріністің белгілі рәмізді білдіретінін жоғарыда талдап өттік. Аң, құс, жануарлардың дене мүшелерін араластыра қолдану мәнері, тек сақ бейнелеу өнеріне тән. Ғасырлар өткенімен сақ "аң стилі" жаңа образдармен толыққан жоқ. Керісінше, сол ежелгі баға жетпес жәдігерлер біздін, ата - бабаларымыздың өмірінен сыр шертетін шежіре ретінде өмірімізге еніп отыр. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған сақтардың (скиф) көне ескерткіштеріне бейнеленген "аң стиліндегі" мәнер мынандай топтан тұрады:

Фантастикалық жануарлардың бейнесі;

Шартты түрде  бейнеленген жануарлар;

Бұғы, турдың мүйіздері  бейнеленген композиция;

Мазмұнында  бұғы бейнеленген заттар;

Мазмұнында  бұғы, елік , ақбөкен бейнелі композиция;

Арқар, таутеке мазмұнындағы элементтер; Аңдардың жануарларға атылған бейнелері;

Аңдардың  ауызында жануарлардың суретін беру тәсілдері;

Мысық бейнелі элементтер;

Ат, қоян бейнелі элементтер;

Қораз бейнелі  элементтер;

Грифон  бейнелі элементтер;

Сфинск (адам) бейнелеу тәсілдері;

"Үтір" оюлардың түрлері;

"Лотос  гүлі" бейнелі элементтер;

"Төртқұлақ", "орам" ою-өрнектердің түрлері;

Өсімдік типтес ою-өрнектер; [ 45-268 [.

Құстарды фантастикалық, шартты түрде көрсету қазақ қолөнерінде кездеспейді. Аң мен жануарлардың арпалысын түрлі күрделі композицияда беру сақ мәнерінде тоқындарды өрлеуде кездеседі. Қазақ қолөнерінде кездесетін сақтардын, стилизацияланған ою- өрнектері "төртқұлақ", "үтір", "орам", "қосалқа", "лотосгүлі", өсімдік типтес және жапырақ. Грифтердің мифтік көрінісі, шынайы түрлері қазір мүлдем ұмытылған.

Сақ шеберлері "аң стиліне" қолданған негізгі элементтері: бұғы , арқар, таутеке, лотос гүлі үшжапырақ, қосалқа, үтір, төртқұлақ, спираль т.б. "Жануарлар стилінен" басқасы қазақ қолөнері мен сәулет өнерінде толық қайталанады. Жайық өңірінде XIX ғасырда өмір сүрген Фатима ханшаның бешпентінде лотос гүлінің элементі салынған. Бұл бешпенттегі лотос гүлінің ою- өрнегін алтын жіппен көмкеріп, кесте тәсілімен тіккен. Көшпелілердің ішінде қалмақ қолөнерінде лотос гүлі бүршік бейнесінде түрлі мәнерде қолданады [ 71.269].

Сақ(скиф) "аң стилі" бүгінгі Орта Азия, Сібір , Еуропа халықтарының бейнелеу өнерінің негізін қалаған. Көршілес елдер мәдени ауыстүйістің арқасында кейбір ою- өрнек элементтері ауысып қолданып жатады. Дүние жүзіндегі барлық халықтардың өзіндік еш жерде қайталанбайтын өзіндік бейнелеу мәнері, сол елдің этнографиясында ғасырлар бойы калыптасқан. Дүниежүзі халықтарының бейнелеу өнеріне негіз болған табиғат. Қыштан, саз балшықтан жасалған құмыраларды геометриялық, космогониялық элементтермен әшекейлеген. Бүл элементтер қоршаған ортадан алынған. Олар: аспан денелері, ағып жатқан су, ирек жол, шоғырланған жұлдыздар т.б. көршістер. Ал, "өмір ағашын" өзі қолөнер бұйымдарында бейнелемейтін бірде- бір ел жоқ. Ежелгі адамдардың қолданған ұқсас геометриялық, космогониялық элементтеріне қарап, солардың біреулері кейін өмір сүргеніне көз жеткіземіз.

Сақтардың (скиф) діни дүниетанымында аспан денелері маңызды рөл атқарған. Геометриялық, космогониялық ою -өрнек элементтері мен қатар сақтар қоладан, алтыннан жасаған ыдыстарға өз өмірлерінен түрлі көріністер түсірген. Мұндай көріністер олардың тұрмыс -тірпшшінен көптеген ақпарат береді. Сақ шеберлері "жануарлар стиліне" қарағанда геометриялық, өсімдік типтес элементтерді сирек қолданған. Сол кезеңнің бейнелеу өнеріне ортақ элементтер "меандр", "крест", "төртқұлақ" ою-өрнектері. Ежелгі шебердің композициясына енген элементтер, тұтастай табиғаттан алынған. Сондықтан қолөнердің ежелгісі болсын, қазіргісі болсын өсімдік, геометриялық, космогониялық, зооморфтық элементтерден басталады.

Дүние жүзіндегі халықтар өз бейнелеу өнерінде геометриялық, космогониялық, өсімдік типтес ою- өрнектерді түрлендіріп сан мыңдаған ою- өрнек жасап, олар өз қолөнерлерін әшекейлеуде. Әр халықтың бейнелеу өнерінде өзіндік ерекшеліктерін ғасырлар бойы сақталған. Сақ ою - өрнегінің типологиясының әлі де зерттелмей тұрған тұстары көп. Сақтардың (скиф) "аң стилінде" берілген күрделі композициялардың әлі де мазмұны толықтай ашылмаған. Сонда да ежелгі тарихышылардың деректерінен алынған пайымдауларына сүйеніп, сақтардың бейнелеу өнеріндегі мәнеріне анықтама беруге болады. Сақ ою- өрнегіндегі негізгі мәнер "зооморфтық стиль", ал сақ мәнеріндегі самұрық құстардың қияли, шынайы түрлі көріністе бейнеленуі жергілікті мәнерге жатады. Бейнелеу өнердегі мұндай әдіс- тәсілдер сақ (скиф) кезеңінде жақсы дамығанын көне ескерткіштерден байқауға болады.

Сібір, Амудария коллекциялары бүкіл дүние  жүзіне таныстырылып, насихатталып келеді. Ол жәдігерлер Ресей Эрмитажында, Британ мұражайында сақталған. Ежелгі сақ (скиф) көне ескерткіштерінің көпшілігі Таулы Алтай аймағында табылды. Сол жәдігерлерге сараптама жүргізіп, сақ (скиф) тайпаларының дүниетанымы мен тұрмыс- тіршілігі туралы біраз ақпарат аламыз. Қорғандарда табылған бұйымдардың ерекше тұсы, бейнелеу мәнерінің қайталанбауы. Сақтардың (сақ) өнеріндегі рәміздік таңбалар тұрмыстағы заттардың барлығында бейнеленген. Көшпелілердің қолөнерде қолданған сан түрлі таңбалары діни және рулық, тайпаның нышандық белгісін білдіреді. Бұл таңбалар сол кезеңде бір кеңістікте өмір сүрген ежелгі адамдардың бәріне түсінікті мазмұнды білдіретін белгі. Ол таңбалар сол сияқты көшпелілердің ежелгі жазу көне ескерткіштерінде де кездеседі [ 5.135].

Еуразия құрлығында өмір сүрген тайпалардың  бейнелеу, қолөнеріғасырлар бойы қалыіггасты. Мүндай мөдени жетістік ежелгі адамдардың ішкі рухани дүниееі мен дүниетаньшынан туған. Қол-өнердеи. сақ мәнері көршілес елдеряің мвдениетіне де ықпал етті деуге болады . Сешдықтан сақ бейнелеу өнеріндегі "аң стилі" барлық елдердің терминіне айналды десек қателеспейміз. И.Тасмағамбетов:" Адамды залалды жерден қорғайтын сиқырлы күш бар материалдар ғана ардақталап қана қойған жоқ. Пішіні мен өрнек өшекейлері жануарлар текті болып келетін кейбір бұйымдар да киелі саналған. Бойтұмарлар қорғаушы қызметіне ие "- дейді. Сақтардың "аң стилі", "зооморфты стиль" немесе "жануарлар стилі" дүние жүзі ғалымдарының қызығушылығын тудыруда. С.СуБесссонова:" Соңғы жылдары ғалым-дарды "аң стйлінің" семантикасыазерству қызықтырады. Мұндаөрбір "аңстилінде" қолданған элементтің мазмұны мен тұтатастай сюжеттегі композицияның рөміздік ұғымын оқу қазіргі күні маңызды шаруға айналған" - дейді. Табылған көне ескерткіштердегі бе&елеу мәнері мен оның рөміздік мазмұны ғалымдардың назарынан тыс қалған. Сақ (скиф) бейнелу енері ежелгі адамдардың мифтік дүниетанымьшан тұған өнер туындысы деп тұжырымдаймыз.

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу