Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Скачать документ)

  2. Өсімдік тәрізді ою-өрнектер. Олар: "гүл", "жапырақ", "бадам", 
"анар", "шырмауық", "қияқ" т.б;

З. Геометриялық ою-өрнектер: "ирек", "су", "қолтықша".

4. Аспан әлемің, жер, дүние сырын суреттейтін ою-өрнектер: күн, шеңбер, жұлдыз т.б. [ 12.69]

Киіз бұйымдарының ішіндегі қарапайымы "от киіз". Бұл киіз ошаққа жақын төселетіндіктен, "от киіз" деп аталып кеткен. Киіз басу, сырмақ сыру, түкті кілем және алаша  тоқу-бұл өнердің барлығы сақ (скиф) дәуірінен бастау алады. Жүннен басылып, тоқылатын заттардың жасалу технологиясы ғасырлар бойы өзгеріске ұшырамай бүгінгі күні көшпелілердің дәстүрлі өнеріне айналған. Ірі өндірістерде дайындалған кілем, алашалардан гөрі шеберлердің қолымен жасалған қолөнер бұйымдары әлдеқайда көркемдік, талғамдық жағынан жоғары бағаланады. Қазіргі шеберлер киіз бұйымдарына стилизацияланған ою-өрнек қолданады. Сақ кезеңінде киіз бұйымдары мен түкті кілемдерге аң, жануарлар, мифтік образдағы құстар "аң стилінде" бейнеленген. Сақ шеберлері өз өнер туындыларына құс, аң мен жан-жануарлардың бастарын кішірейтіп немесе әдеттен тыс үлкейтіп стилизацияланған нұсқасын түрлі композицияда берген. Сақ шеберлерінің мұндай мәнері "аң стилі" немесе "зооморфтық стиль" деп аталады. Геродоттың деректері бойынша, "Сақтар (скиф) моншаларының сыртын киізбен жабатын"-дейді. Геродоттың тарихи деректерінен көшпелілер монша жасауда да киізді қолданғанын көреміз [ 19.168].

Киіздің әшекейленген түрі түскиізді қабырғаға ілген. Сақ шеберлері стилизаңияланған ою-өрнек қана емес, олар сюжеттерінде адамдарды, аң, құс, жануарлардың қимыл-әрекеттерін тұскиіздерге бейнелеген. Мұндай тұскиіздер сақтардың дүниетанымы мен рухани өмірінен көп ақпарат береді. Киіз бұйымдары мен кілемдерде сақ (скиф) шеберлері өз кезеңдерінің көріністерін бейнелеген. Құдайға сыйынып тұрған төрт әйелдің көрінісі симметриялық принциппен қарама-қарсы қайталанып матаға салынған. Таулы Алтай мәнеріндегі сюжетте адам суреті берілген діни мазмұндағы композицияның бірі. Құдайға сыйынған әйелдер отқа арнайы құрбандық шалып тұр. Алдыңғы қатарда тұрған екі әйелдің оң қолдары жоғары бағытталып, сол қолдарына гүл ұстаған. Бойы ұзындау бұл әйелдердің тәжіне шеті үшбұрыш геометриялық  оюлармен жиектелген мата тағылған. Олардың үстіндегі ақ түсті көйлегі мен жеңінің жиегіне үшбұрышты, дөңгелек геометриялық ою - өрнектер салынған. Екінші қатарда иіліп, қолдарына бет орамал ұстаған екі әйел үстіне қоңырқай көйлек, ал басына тәж киген. Ғалымдардың пайымдауынша, ақ көйлекті, қолдарына гүл ұстаған әйел сол дәуірдің ханшалары да, ал артында иіліп тұрған әйелдер сарай қызметкерлерінің бірі болу керек. Бұл адам суреті бейнеленген матамен тоқымның шетін көмкеріп тіккен. Матаның "шет оюлары" мен әйелдердің үстіндегі "үшбұрыш" геометриялық ою-өрнек тұмарды тұспалдайды. Тұмардың түрлі нұсқаларын көшпелілер сиқырлы әсері бар деп тағып жүрген. Олардың пішіні үшбұрышты болып келеді. Симметриялы түрде берілген төрт әйелдің суреті төртбұрыштың ішіне келтіріліп, матаның барлық жазықтығына қайталанып бейнеленген [ 6.245].

III Пазырық қорғанында б.з.б. V ғғ. жасалған жібек мата табылған. Жібек мата Қытайдан мәдени-экономикалық байланыстардың арқасында келген. Жібек жапқышта мифтік бейнедегі феникс пен ағаш жапырақтары кестеленіп тігілген. Оның шетіне үш түсті геометриялық өрнек айналдыра салынған. Қауызы ашылған гүлден басқа, сегізбұрышты жұлдыздың ішіне үш шеңбер салынып, соңғы дөңгелек бөлініп айды тұспалдаған. Мұндай таңбалар алтайлықтардың барлық киіз бұйымдарында кездеседі. Солардың ішінде V Пазырық қорғанынан табылған дүние жүзіне белгілі бастырма (аппликация) тәсілімен жасалған сырмақ пен тұскиізді атап өтуге болады. Тұскиіз, сырмақтың жанынан шатырды көтеріп тұратын төрт діңгек және ақ киізден тігілген төрт аққу табылған. Аққу құсы діңгектің төбесіне қондыру үшін арнайы дайындалған. Кейінгі қорғандарда мұндай киізден тігілген құстардың мүсіні кездеспейді. Ғалымдардың пайымдауынша, шамандар бұл киізден жасалған шатырды рәсімдер өткізуде қолданған. Өйткені құс көшпелілердің дүниетанымында өлі адамның жанын аспанға жеткізуші рөлін атқарады деп ұққан. Бұл тұскиіздің жолақтарында "төртбұрыштар" мен "төртқұлақ" оюлары аралас кезекпен кезек берілген. Төртбұрыштың ішіне ассиметриялы "мүйіз" ою-өрнегі салынып, "төртқұлақ" оюының әр тармағына мүйіз қондырылған. Тұскиіздің дәл ортасына оюланған қолына ағаш ұстаған "құдай әйел" мен шашы бұйраланған салт атты бейнеленген. Әйелдің сол жаққа шалғай жамылған бешпентінің жиегіне салынған төртбұрыш элементтер, матаға бейнеленген құдайға табынған әйелдердің көйлегіндегі ою-өрнекке ұқсас. Ал,"құдай әйелдің" бас киіміндегі "үшбұрышты" ою-өрнек элементі, әйелдер бейнеленген матаның жиегіне шет ою жасап орналасқан.Үшбұрыш, пирамида элементтерінің нышандық белгісі-билік.  С.И. Руденко түсті ою-өрнектермен нақышталып, бастырма (апликация) тәсілімен жасалған тұскиізді, киіз деп атап кеткен. Көшпелілерде киіз бір түсті шымқай ақ немесе қара түсті табиғи жүннен иленіп дайындалады. V Пазырық қорғанынан табылған киізді тұскиіз деп атауымыз керек. В. Рубрук қаңлы - қыпшақ жерінен өтіп бара жатып, олар өздерінің үйлерін тек ақ киізбен жабатынын, сондай –ақ, киіз жарқырап, ағарып тұруы үшін ақ топырақ пен әкті жағады - дейді. Сол сияқты Рубрук киіз бұйымдарының жекелеп бетіне салынған андар мен құстардың, ағаштар мен үзілген сабақтардың бейнесі жарасып, үйлесімді салынғаны туралы баяндайды. Рубруктың тарихи деректерінен сақтардан кейін қаңлы-қыпшақтардан көруге болады. Олар "жануарлар стилін" және өсімдіктердің бұтақтары мен жапырақтар элементін қолданған.

Қазақтар орта ғасырда  тұскиіз "су", "мүйіз", "гүл", "жапырақ", "шырмауық", "түйетабан", "айбалта", "алқа" оюларын кестелеу мәнерімен нақышына келтіріп жасаған.

Жасыл түске, өсімдікке байланысты салынған көріністер жаңа өмірдің, жаңарудың, өсіп-өнудің рәмізін білдірген. Тұскиіздерге көшпелілер картинаға қылқаламмен салатын композицяларды ерекше талғаммен түсіре білген [ 52.146].

Қазақтар тұскиізді  қабырғаға іліп, оған түрлі түсті  стилизацияланған оюлар салған. Тұскиіздерге салынған айшық ою-өрнектерді  көргенде қоршаған табиғатты бір сәт елестетеміз. Тұскиізде тау жолдары, бұлақ сулары, даланың хош иісті гүлдері, ағаш жапырақтарының стилизацияланған түрлері берілген. Тұскиіздегі жалпы көрінісі сәнді көрінеді. Табиғаттағы ұшқан құс, жүгірген аң, өзеннің ағысы құстың әні мен бұлақтың сылдыры адамға ләззәт, эмоциялық шабыт береді. Ал, сақтар түскиізді, тоқымды аң, құс, жан-жануарлардың фантастикалық, шынайы бейнелі түрлі композициялар салған. Сақ шеберлері аң мен жануардың арпалсын, аңның жеміне атылу сәтін ерекше мәнермен нәзік бере білген. Тұскиізде діни мағыналық таңбалар мен сюжеттер бейнеленген. V Пазырық матасында әйелдер құдайға сыйынып тұрса, ал тұскиізде  қолына ағаш ұстаған "құдай әйел" мифтік образда берілген. Екі көрініске ортақ діни мазмұн "құдайға табыну", "құдай бейнедегі" әйелдің бейнеленуі. Ал "аң образды адам'' бейнеленген тұскиіздегі рәміздік ұғым "зұлымдық" пен "адамгершіліктің" арпалысы. Мұндай мәнердегі "аң адам" ежелгі гректердің бейнелеу өнерінде де кеңінен қолданған. Олардың "аң адамы" кеудеге дейін адам, төменгі жағына аттың денесі салынған (кентавр). Ал, Пазырық қорғанынан табылған тұскиіздегі "аң адамның" образы грек, парсы мәнерінен өзгеше стилизацияланған бұғы мүйізді "аң адам" мифтік образдарда ғана кездеседі.   М. Артомонов: "Батыста кездесетін аң адамның рәміздік ұғымы, табиғаттың өсіп-өнуіне, адамзаттың жаңару үрдісіне қамқорлық жасайтын киелі ағаш ұғымындағы қорғаушы" -дейді. Ғалым алтайлықтардың "аң адамы" Шығыс Азиялықтарда кездесетін "аң адамның" рәміздік мазмұнымен мәндес-дейді. "Аң адамның" құбыжық құспен арпалысында, құстың қауырсындары жұлынып, жан-жаққа шашыраған. Бұл сюжетте "аң адам" адамгершіліктің, ал құбыжық құс-зұлымдықтың нышанын тұспалдайды. "Аң адамның" мүйізі, қанаты, алақаны, құйрығы күрделі ою-өрнекпен стилизацияланған. Мұндай ою-өрнекті "құдай әйелдің" қолына ұстаған тармақталып оюланған ағаштан көреміз. Ежелгі сақтардың пұтқа табынғанын тұскиіздегі көріністер дәлелдейді. "Құдай әйел" қолындағы оюланған "өмір ағашын" биік көтеріп бейнеленсе, екінші суретте "аң адамның" "өмір ағашын" зұлымдықтан қорғап, арпалысқан қомпозициясы берілген.

Киіз бұйымдарынан басқа V Пазырық обасынан түкті кілем табылған. Бұл кілемде адамның фантастикалық шартты бейнесі салынған. Мифтік образдағы салт атты мен алма кезек атты жетектеген жаяу жолаушы бейнеленген элементтер кілемді айналдыра 28 рет қайталанып берілген. Адам қырынан салынып, көзі дөңгелектеніп, сақ (скиф) шеберлерінің мәнерінде бейнеленген. Аттың үстіндегі тоқым шеңбер, төртбұрыш және жолақ геометриялық ою-өрнектерімен нақышталған. Тоқымның дәл ортасына "мүйіз" ою-өрнегі орналастырылған. Кілемдегі сюжет өмірдің үнемі қозғалыста болатынын тұспалдайды. Адам мен бұғы элементтерін бөліп тұратын жолақтар "төртқұлақ" ою-өрнегімен тізбектеліп бейнеленген.

Сақ (скиф) кілемдерінің қазіргі кілемдерден айырмашылығы адам көрінісінен мазмұнды суреттердің бейнеленуі. Қазақ шеберлері "аң стилін" өте сирек қолданған. Орта ғасырдан бастап көшпелілердің бейнелеу өнерінде ою-өрнектің тек стилизацияланған түрі дамыды. Ө. Жәнібеков "Маңғыстаудағы қолөнер шеберлері "өткізбе", "үзілмес" ою-өрнек мәнерін қалыптастырып, сабағы ұзынша келген мүйіз ою-өрнегін өсімдік типтес үш жапырақты мәнерге айналдырды" - дейді. Стилизацияланған ою-өрнек элементтерін бөліп тұратын "қоршау", "қорғау", "су" ою- өрнегінің жолақтары сақтардан (скиф) қалған мәнер. Қазақ кілемдерінің ортасына салынған ою-өрнектер: "шұғыла", "гүл", "күмбез", "торкөз", "қошқарата", "өрмекші". Кілемдердің жасалу мәнерлеріне қарай ғалым Ө. Жәнібеков: "Жетісу түрі","Торғай түрі","Қоңырат кілем", "Адай кілем", "Керей үлгісі", "Найман нұсқасы"- деп бөледі. Қазақ кілемдерінде космогониялық, геометриялық ою-өрнек элементтері қолданса, сақ мәнерінде аң, жан-жануар, құстардың шынайы және мифтік бейнелері салынған [ 71.347].

V Пазырық обасынан табылған кілемде жолбарыс бірнеше рет қайталанып бейнеленген. Мифтік образдағы адам бейнеленген кілемдегі бұғы осындай мәнермен бейнеленген. Жолбарыстың артқы жамбасында (0), төсінде оо таңбасы, ал бұғының денесіне ақ дөңгелек элементтер және артқы жамбасына (0) таңбасы салынған. Бұғының алдыңғы аяғының бұлшық еттеріне қара түспен дөңгелек және жапырақ тәрізді элемент көрсетілген. Ғалымдардың пікірінше, үтір, нүкте, жақша, шеңбер космогониялық ұғымдағы көне элементтер, олар Күн, Ай, Жұлдыздарды тұспалдайды. Сақ (скиф) шеберлері космогониялық таңбаларды бейнеленген суреттің кейбір тұстарын анықтап көрсету үшін қолданған. Ғалымдардың пайымдауынша, аң, жануарларды мұндай әдіспен әшекейлеу мәнері зергерлік және тасқа бедер түсіру кәсібінен алынған - дейді.

Таулы Алтайда (0), оо, таңбалары  барлық бұйымда бейнеленген. Екі жағына мүйізді грифонның мүсіні ойылып, алтыннан жасалған Амудария білезігінде және Сібір коллекциясындағы барыстың бұғыға атылған кескіндемесі осындай ойық таңбалармен нақышталған. С.И. Руденко ойық таңбаларды тек зергерлік, тасқа бедерсурет салуда қолданады деген тұжырымды жоққа шығарады. Оған дәлел ретінде алтайлықтардың космогониялық таңбалар салынған кілем, тұскиіз, тоқымдарға салынған аң, жануарлар мен мифтік образдағы көріністерді айтады. Бұдан шығатын қорытынды-көшпелілер ойық таңбаларды барлық заттарға бейнелеген:

1. I Пазырық қорғаны. Жолбарыстың бұғығы атылған сәті. Бастырма (аппликация);

2. I Пазырық қорғаны. Жолбарыс грифонның таутекеге атылған сәті. 
Бастырма (аппликация);

3. I Пазырық қорғаны. Бүркіт нышандағы грифонның бұғының үстіне 
міңгескен бейнесі. Бастырма (аппликация);

4. Ноин-Ула қорғаны.  Фантастикалық    қасқырдың    қодаспен арпалысы. Бастырма (аппликация);

5. Ноин-Ула қорғаны.  Грифонның бұғыға  атылған  сәті. Бастырма (аппликация); 

6. I Пазырық қорғаны. Бүркіт пішіндес грифонның тауешкіге атылған сәті. Бастырма (аппликация);

7. I Пазырық қорғаны. Жолбарыстың басы жеке тізбектеліп бейнеленген тұскиіз. Бастырма (аппликация);

Пазырық және Ноин-Ула  қорғанынан табылған андардың жан-жануарлармен арпалысын бейнелеген бастырма (аппликация) тәсілімен жасалған сырмақтардың нышандық мазмұны "адамгершілік" пен "зұлымдықтың", қыс пен көктемнің алмасуын тұспалдайды. Сақ (скиф) шеберлері лотос гүлін, стилизацияланған мүйіздерді түрлі композицияда ұтымды берген .

1. II Пазырық қорғаны. Тұскиіздің шетіне салынған лотос гүлінің элементтері. Бастырма (аппликация);

2. II Пазырық қорғаны. Өсімдік типтес ою-өрнек тұскиізде шет ою жасап тұр. Бастырма (аппликация);

3. V Пазырық қорғаны. Стилизацияланған ою элементгері салынған өрнек. Бастырма (аппликация);

4. V Пазырық қорғаны. Бұғының мүйізі стилизацияланған тұскиіз. Бастырма (аппликация);

5. V Пазырық қорғаны.  Стилизацияланған бұғы мүйіз  элементі бейнеленген тұскиіз. Бастырма (аппликация);

Сақтардың тұскиізде  бейнелеген стилизацияланған ою элементтері қазір кездеспейді. Стилизацияланған бес элементтен құралған күрделі композиция жасап, тоқылған түкті кілем Пазырық обасынан табылды. Кілемнің шеті 8 элементпен айнала бейнеленіп, 8-дің екі ұшына үтір таңбасы салынған. Оның жалғасқан тұсына қосарланған үш гүл, үш дөңгелек салынып, тұскиіздің барлық жазықтығына он сегіз рет ромб бұрышы қайталанып берілген. Екінші стилизацияланған ою-өрнекпен нақышталған тұскиізде доға ішіне стилизацияланған бұғының мүйізі орналастырылған. Сақ киіз бұйымдарының классификациясын үш топқа бөліп қарастыруға болады:

1. Адам бейнелері салынған  киіз бұйымдар;

2. Құс, аң, жан-жануарлардың  шынайы және мифтік бейнелері  салынған киіз бұйымдар;

3. Стилизацияланған және  геометриялық ою-өрнектер салынған киіз бұйымдар [ 24.284].

Көшпелілер діни дүниетанымдарын  тұрмыста қолданған барлық заттарға космогониялық таңбалар арқылы беруді дәстүрге айналдырған. Сақ киіз бұйымдары бүгінгі күнде өзектілігін жоғалтпай, бұл өнердің жаңа үрдісте дамуына ықпал етті десек болады. Сақ (скиф) өнері қазақ өнерімен тарихи сабақтасып, мәдени шежіремізге айналып отыр.

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу