Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Көне көшпелілердің мифтік- рәсімдік кешенімен байланысты аса бір сүйікті сюжеттері мысық тектес жыртқыштың шөп қоректіні жәукемдеу көрінісі болып табылады. Ол көне берелдіктердің көптеген тоғаларында бой көрсетеді. Оларға тұяқтының бүркіт басты грифонның ауызында бейнеленген басы мағынасы жағынан жақын.
Үлкен өлшемді тоғалар аса қызықты. Олар әдетте, сақтардың сәндік әбзелдерінің қайысында түйіншіктерді айшықтай орналастырылады. Бұл тоғалардың көлбеу бөлігі фантастикалық жануарлар да және Қазақ Алтайның жануарлар әлемінің шынайы өкілдері де бірдей бейнеленген.
Ағаштан ойылған жануарлардың көркемдігі жоғары деңгейдегі бейнелермен қоса, Берел қорғандарының шыққан жәдігерлердің арасында көшпелілер үшін үйреншікті материал- киіз және, сондай- ақ, жүн жіптерінде анималистік бейнелердің апликациялары, өсімдіктік және зооморфты желілерге құрылған ұлы суретшілердің туындылары да бар.
Берел қорғандары коллекциясында жүн жіптерінен біз сияқты арнайы ілмектің көмегімен жасалуы мүмкін қанатты тұлпардың мүйізді маскалы фигурасы тың жаңалық болып табылады. Даярлаудың жоғарғы технологиясының, сүйікті бейнені жаңа қырынан көрсетудің және бояу гаммаларын таңдаудың өзара үйлесімі бұл туындыға ерекше тартымдылық дарытқан.
Мысық денелі, адам басты фантастикалық мақүлық- сфинкстердің алтынмен апталған шағын ағаш мүсіндері де өте қызық. Сфинкстердің бастарына мүйізді тәж кигізілген. Жерленім тоналғандықтан бұл мүсіндердің алғашында қандай мақсатқа орайластырылғанын анықтау қиынға соғады, бәлкім, олар костюмнің құрамды бөлігі болар, мысалы, бас киімнің сәні үшін жасалуы мүмкін.
Ат маскаларының төбесіндегі жануарлар мүйізі сәндік
жабуларының нышанды элементтерінің бірі
болып табылады. Таутекенің мүйізі іспеттес
ағаш мүсіндердің терең мағынасы бұндай
әдеттегі қолданбалы қолөнер бұйымдарының
шеңберінен тым шалғайда жатыр. Таутекенің
бейнесі жоғарғы көсемнің атының сәндік
жабу- әбзелдерінің басқа элементтерімен
өзара байланысты. Бұны жерленген адамның
таңдаулылығы туралы идеямен де байланыстыруға келеді.
Таутеке- биік таулардың шыңын мекендейтін жануар, кеңістіктің ерекше
сферасында, тек таңдаулылардың қолы жететін
жерде тірлік жасайды, яғни көсемнің атрибуты
ретінде пайымдалған. Көсемнің үш атының
басындағы маскалардағы таутекенің мүйізі
жердегі әміршінің құдай болмысын һәм
таңдаулы екенін паш етеді. Бұл біз жерде
көптеген халықтардың мифологиясы мен
өнерінде таутекенің мүйізінің де бұғы,
бұлан, бұқа және арқардың мүйіздері сияқты
ерекше орыны бар.
Қайтқан
әміршілердің денелерін бұзбай сақтауға
тырысушылық сияқты көшпелілер ақсүйектерінің
молаларында мініс аттарын
Қорған №10- үлкендігі және маңыздылығы жағынан үшінші объект, оның да жерлеу камерасындағы екі қабатты (двухвенцовый) балқарағайлық жартылай қырлы бөренелерден істелген қиманың ішінде бал қарағайдың тұтас діңгегінен жасалған колода орналастырылған болып шықты, сондай- ақ, толық сән- салтанатты әбзелдерімен 10 жирен мініс атының қосалқы жерленімі бар екен, олар аяқтарын бауырына алып жатқызылған, және де жануарлардың бастары алдыңғылардың сауырына тірелген, ал алдыңғы төртеуінің басына тас плиталардан арнайы тұғыр қойылған. Бұлардан бірегей аппликациялы он ертоқым алынды, ондағы бейнелер ішінде фантастикалық полиморфты мақұлықтар бейнелері де бар- сақал- мұртты адамның профильі, оның басы таутекенің мүйізімен бітеді, қанатты жыртқыштың денесі арыстанды еске салады, қысқа қүйрығы үш жапырақ түрінде берілген. Сурет контуры жіңішке жүн жіптерінен істелген. Бұндай бейнелеу композициялары- мифтік жануарлардың шеруі Орталық Азияның көне көшпелілерінің өнерінде алғашқы рет табылды. Бұл жайт осы өнердің автохтонды һәм түпнұсақалы екенін дәлелдейді. Қанатты арыстандар, сфинкстер, гопатшахтар, кентаврлар және басқа да полиморфты кейіпкерлердің бейнелері көптеген халықтар мен аймақтарда, оның ішінде ассирия- вавилондық, месопотамдық және т. б.- да кездеседі. Алайда, біздегі үлгілер олардан тұтас бірқатар тек көне алтайлық бақташы халықтардың бейнелеу дәстүріне тән элементтерімен ерекшеленеді.
Қорған №31- де де жерлеу рәсімі мен заттық кешені бойынша көшпелі бекзаттарының өкілі жерленген. Ол терең көрдің түбіне орналастырылған қиманың шығыс жағына оң қапталынан, тізелері аздап бүгіліңкі күйінде, басын ССШ- қа қарата, бетін батыс жаққа бұрылған қалпында қойылыпты. Оған серік болуға екі ат құрбандыққа шалыныпты да, олар қиманың сыртында көр шұңқырының батыс жақ қабырғасын бойлата, бастары шығысқа қаратылып, бірінің артына бірін орналастырылыпты. Екеуінің арасында сопақша пошымды үлкен тас жатыр.
Олжалар: жылқылардың тісіндегі темір шеңбер пошымды ауыздықтар, жерленген адамның бас тұсына қойылған қыш құмыра, темір шот, мүмкін, аттарды осымен өлтірген болар, байлап алу үшін жасалған төрт бекітіндісі бар қынаптағы шеңберлі сапты темір қанжар, садақтың сүйекті салымдары, жебелердің сүйек кірістері.
Өлген адамды үлде мен бүлдеге орап жерлеген. Бас киімі алтын фольгасынан жасалған көптеген шағын тоғалармен тігілген және олардың орналасуына қарасақ, конус түрінде болған.
Адам жанына ағаш ыдыс қойылыпты, алтын тоғалардың орналасуын пайымдасақ, олар оның жоғарғы жиегін қақтаған және ішіне бағланның омыртқасы мен темір кездік салынған.
Қорған № 36- ның ерекшелігі сол- бұл жерден сән- салтанатты әбзелі Ұлы даланың ежелгі көшпелілерінің сүйек жону өнерінің керемет туындыларын құрайтын марал мүйізінен жасалған 66 заттан тұратын бір қабырғасына бітеп тастаған жылқы бар сандық табылды.
Марал мүйізінен жасалған ат әбзелдері әшекейлеріндегі негізгі бейне грифон болып табылады. Оның синкреттілігі тарақ ретінде түсіндірілген бұлан мүйізі түріндегі мазмұнды элементтермен күшейтілген [ 46-184 [.
Бұлан мүйізді грифондарды бейнелеу үшін шынайы, және қияли сипаттарды үйлестіру шарт. Бұлан мүйізінің жалпы пошымы әжептәуір шынайы жасалған- спица, лопата и отростки (???), бірақ мүйіздері шынайы орналасуларымен салыстырғанда, кері қаратылған, ал мүйіз лопата (?) сы алдыға бағытталған, ал бұланда ол шын мәнісінде артқа қарайды. Берел грифондарының мүйіздерінің айдар түріндегі пошымы Пазырық қорғанының тері аппликациясындағы әтештердің бейнелеріне ұқсаңқырайды. Бұлан мүйіздерінің бейнеленуі мүйіз лопаталарының едәуір дамығандығымен ерекшеленеді, бұл жасы толысқан жануарға тән көрініс. Қосымша өсінділердің айдарлылығы да мүйіздің табиғи ерекшеліктеріне сай келеді. Бұлан мүйіздерінде олар бұғылардікімен салыстырғанда азырақ бұтақты және мүйізді бір қалыпты бойлап орналасады. Берел грифондарының мүйіздері белгілі бір өзгешеліктерге ие. Олардың бір сызықтың бойына немесе бір біріне қатысты кішігірім бұрыш құрып орналасуына болатын. Одан басқа грифондардың кейбір мүйіздері тұмсықпен жіңішке қосқыштармен (сулықтармен) қосылса, бір бірімен шарикпен (грифон протомалары бар ауыздық тоғалары) бірігеді. Бірнеше грифон протомдары тұмсық үстінде ерекше қосқышпен біріккен.
Бұйымдардың құрылымдық- техникалық сараптамасы бұйымдардың көпшілігі көлемі әртүрлі бірыңғай мүйіз пластиналарынан жасалғанын анықтауға мүмкіндік берді. Ең ұзындары жүген мен ауыздық қайыстарына жапсырындылар жасауға пайдаланылған, орташалары- маңдайлық (?), өмілдірік, ауыздық пен сулық қайыстарының тарамдарын жасауға. Грифондардың бейнелерін текшелі пластиналардан істелген.
Сірә, кейбір мифопоэтикалық түсінік және рәсімдік- магиялық бұйымдардың символикалар да- қызыл, ақ және алтын- сары түстер де тығыз байланысып жататын сыңайлы. Мысалы, барлық мүйіз бұйымдар айқын қызыл бояумен- киноварьмен, арасында қалайы пластиналармен және алтын фольгамен жабылған. Бояу ісін жүргізу барысында белгілі бір принцип бары анықталды: алдымен қызыл, сосын ақ және сакралдық маңызы бар алтын- сары. Бұндай барлық түстік гамма ат иесі- жер әміршісінің құдай болмысын символдауға жүгіндірілген.
Көркемдік құралдардың (рельефті кескіндеу, бояумен айшықтау, металмен күптеу) және техникалық тәсілдердің (мүйіз жону, бояу жүргізу, металл фольгасын даярлау һәм онымен күптеу) әртүрлілігі сүйек жону өнерінің Еуразия көшпелілері арасындағы басқа өндірушіліктің технологиялық потенциалымен ұштасқанын айғақтайды.
Қорған №34- тен табылған сағасына қарай жіңішкеретін шар секілді және аздап ассимметриялы мойыны жіңішке әрі биік екі ыдыс қызығушылық тудырады. Олар өрнектелген. Жекелеген элементтері далалық Еуразияның көшпелі халықтарының арасына кеңінен тараған белгілі «сармат таңбаларын» еске салады.
Қорған №9- дан жарқын материалдар алынды, олардың ішінде екі шетінде түтін яки бу шығаруға қызмет етуі мүмкін құбыршалары бар қола «түтін шығарғыш аспап» бар. Осы бір рәсімдік аспаптың ішінде сегіз кішкентай өзеннің жұмыр тастары бар болып шықты, кейбірі шатынап сыныпты, сірә, температураның күрт өзгерунен болар. Одан басқа бұл жерде Берел қорғандарынан түңғыш рет табылған ағаш сатыны айтып өткен жөн. Тағы да осы жерден салтанатты жиынға киетін киімнің алтын жапсырындылары және сфинкстер мен грифондардың шағын мүсіндері табылды [ 46.279].
Берелде сақ ақсүйектерінің әйелінің колодасының маңындағы сүйектердің жілік майын алғандығының дерегі тұңғыш рет тіркелді.
Берел молаларында ерте көшпелілер дәуірінің қорғандары анық ажыратылатынын және олардың бір- бірінен өздерінің көлемдері және қосалқы бұйымдарымен ерекшеленуі арқылы сол кездегі қоғамда орын алған әлеуметтік жіктелуді байқататынын айта кетелік. Зерттелген қорғандардың бір тізбекке орналасуы бәлкім, олардың туыс екенімен түсіндірілер. Жер үсті және көр ішіндегі құрылыстардың құралымдық ерекшеліктері, заттық кешендері, жерлеу рәсімінің көптеген элементтері мәдени атрибуциялық тұрғыдан Берелдің ерте көшпелілер қорғандарынын Алтайдағы пазырық мәдениетінің соңғы кезеңіне жатқызуға мүмкіндік береді.
Егер осы ескерткіштердің мәдени төркіні зор сенімділікпен «пазырықтық» деп, олардың этникалық анықталуы әзірге ашылған жоқ. Аттары аңызға айналған алтын қорыған “грифтердің”- аримаспылар, аргиппейлер, исседондар және басқа да аталмыш мәдениетті жасаушылардың Алтай өңірі мен оған жақын аумақтарға орындарын дәл анықтауға осы күнге дейін бірауыздылық жоқ.
Осылайша, Берелден табылған бірегей олжалар біз қарастырып отырған дәуірдегі Қазақ Алтайы тұрғындарының мәдениеті мен өнерінің биік деңгейде болғанын айғақтайды. Ата- бабаларымыздың бай мұрасын зерттеу- өте қиын, әрі жауапты іс, десе де зерттеушілердің тынымсыз еңбегінің тамаша зейнетінің болары да сөзсіз.
Б. з. б. І мыңжылдықта Батыс Еуропадан бастап Қытайға дейінгі Ұлан- ғайыр жазықта, ғылымда белгілі “аңдық мәнер” өнері, яғни өзіндік ерекшелігімен сипатталатын өнер қалыптасады. Осы территорияда мотивтері зооморфты бейнелер канондық қалыпта, өзіне тән техникалық және шығармашылық тәсілдері шебер орындалуымен сипатталады. Бұл өнерді қалыптастыруда Жетісу сақ тайпаларының орны ерекше.
Есік обасынан табылған төрт мың бұйымының жүз алпыс бесі “аң мәнерінде” атлыннан жасалған. Сақ зерттеушілерінің назарына Жетісу таулары мен далалы аймақтарында тіршілік еткен әр түрлі жануарлар мен аңдар түсті. Олар көбінесе жергілікті фаунаның өкілдері бейнелеген. Олардың ішінде: арыстан, жолбарыс, барс, қасқыр, түлкі, қабан, жылқы, бұлан, марал, жайран, арқар, таутеке, қоян, кептер (?), тырна, аққұтан және жылан. Айтарлықтай бейнеленген хайуанаттардың түрлері өте көп. Жыртқыштардың ішінде көп бейнеленетін, Тянь- Шань тауларында мекен ететін, барс бейнесі [ 4.156].
Қанатты барс бейнеленген кісе өте керемет үлгіде жасалған. Бұнда барстың артқы аяқтары үшкір пластиналарда тұр- таудың стилистикалық көрінісі. Барс денесінің алдыңғы бөлігі бұратылып келіп, алдыңғы аяқтарын көтеріп, ұрғанға дайындалып тұрғандай. Барстың денесі күшпен және шымырлыққа толы, қайраттылық пен жауын жеңуге дайын тұрғандай, аузындағы азуларын көрсетіп ашып тұр. Арқасынан кішкене доғалдана келе, қанаттары сынды, екі тұқым шыққандай. Композиция анық және айқын бейнеленген. Барс бейнеленген кісе толық аяқталған шығарма.
Барстың бейнеленуі анық, орталық бөлігінде денесі бұратылып, артқы аяқтары ауада мәңгі қалқып тұрғандай бейнені береді. Жоғары көтерілген алдыңғы бір аяғымен тауларды бейнелеген қаңылтыр пластиналарға тіреп, екінші аяғымен ұрғанға дайындалып тұр. Бейнеде барлық пропорциялар сақталып, алайда, қанатты барс фигурасына мінезделген экспрессия жоқ.
Шынайылық көрінісін беретін қашып бара жатқан барстардың бейнесі болып келді. Бұл енді мүлде басқа бейне: жыртқыш жүгіру барысында қараумен бейнеленген, сәл ішін жерге төсеп жақындатып, мысықтық жұмсақтықпен нақышталған. Құйрығы екі аяғының ортасынан келіп сақина тәріздес орала орналасқан.
Көбінесе төмен рельефтілік бейнеленулер Есік қорғанына сәйкес келеді. Барс фигуралары профильде берілген. Есік қорғанындағы барстардың тұмсықтарының барлығы бірдей кескінде берілген: басы домалақ, тамшы тәріздес көз, спиральді раковинамен айқындалған үшбұрышты құлақтары, аузы ашылған, самайлары сәл майсыңқырағаны анық байқалады. Жауырындары волютовидті, шығыңқы болып, құйрығы сақина сынды бұралыңқырағаны айқын көрініп тұр. Қабырғалары майысқан сызықтар- жамбасында- екі сызық, дәл осындай екі сызық дененің басқа бөліктерінде байқалады. Аңдық, жыртқыштықтың мысық жұмсақтығымен, шымырлықпен үйлескендігінің керемет үлгісі болып табылады. Кейбір бейнелердің трактовкасына қарамастан, бейнелер өмірлікке толылығымен таң қалдырады. Есіктен табылған барстар экспрессияға мен күшке толы.
Басқа мәнерде,
қанжардың сабын әшекейлеген, қаңылтыр
пластинада барстар әлде қайда жүйелі
түрде орындалған. Барстардың тұмсықтары
төмен қарай қараған, жер тырнағандай
қалыптағы аяқтары
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу