Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Скачать документ)

4. Көптеген зерттеушілер бұлан-бұғы және оның жанындағы күн белгілерін Тәңір немесе соның бір бөлігімен (атрибут) теңестіреді. Енді бір топ зерттеушілер сақ-скиф тайпаларындағы бұл жануарды (сонымен қатар қиял-ғажайып бұғы – жылқы-құсты) бірінен-бірі ажырамас күн және өніп-өсу, көбеюдің (плодородия) нышаны болған деп, Өмір бәйтерегі және осыдан шығатын Құдай-Ана культімен біріктіреді [ 45.168].

Адамдар шексіз ризашылығын бұланға емес, осы  баға жетпес сыйды беруші Уақытқа, Күнге, Айға білдірген, яғни бұланды Көктің жіберген сыйы ретінде қабыл еткен. Күн тұлғалы бұланның негізгі сарыны және оның ғарыш нышаны сияқты философиялық идеялары міне осылай қалыптасқан болса керек.

Жартастарға жалғыз бұланды немесе бір үйірін жыртқыштардың  –қасқыр немесе иттердің қуып келе жатқан бейнелерін өте жиі салған. Қолданбалы өнерде де бұланның жыртқыштардың шабуылына кез болуы немесе жем болуы көп кездесетін сарын. Г.А.Федоров-Давыдовтың тұжырымында талау сахналары бір жануардың екіншісімен желінуін, бір күштің екіншісіне берілуін білдіреді. Бұл көңілге қонымды, себебі мұндай құбылысқа біз көптеген мысал табамыз. Жоғарғы Удэден табылған алтын қапсырмада күн сәулесіндей тарамдалған мүйіз ұштары, құйрығы сияқты, құстың басы болып аяқталған бұғы (бұлан)-грифонының денесінде архардың желкесіне тісін басқан барыстың басы мен қанат қаққан құстың жартылай денесі өте үйлесімді, шебер түсірілген.

Е.Е.Кузьминаның  пікірі бойынша скифтердің өнеріндегі талас-тартыс көріністі бейнелері  үндіирандықтардағы ғаламның жаратылу сәті және табиғаттағы қарама-қарсы күштердің - әлемдік үйлесімділіктің (гармония) ретсіздікпен (хаос), жарық пен түнектің, өмір мен өлімнің дуальдық күресі жөніндегі түсініктерінің көрінісі екен.

Аңшылық және талау сахналары өзара  байланысты. Олар ескі мен жаңаның, өмір процесінің нышаны.

Табиғатта сымбаты мен мінезі көркем, тұлғасы ғаламат бұлан-бұғы жануарына  деген ежелгі аңшылардың сүйсінуі, оның ізгі қасиеттерін жылқы мен  оның иесіне дарытуға тырысқан түрлі  ырым, шараларды өмірге әкелді. Тәңірдің өзі берген бұланның өткір көзі, қара күші, бірнеше қабат дүние арасында кезіп жүретін қасиеті мен киесі жылқыға берілсе, соңғысы дәл сондай мүмкіндіктерге ие болады деген нанымды тудырған. Бұлан және бұлан-грифонды ат әбзеліне ғана емес, ақсүйектер мен ханзадалардың белбеу қапсырмасына, бас киімдеріне де әшекей-нышан ретінде пайдаланған. Көпқырлы мән-мазмұнға ие болған бұлан-грифоны жөніндегі ежелгі көшпелілердің санасында туындаған түрлі аңыз-әңгімелер мен ертегі-әфсаналар Еуразияның халықтары арасына кеңінен тараған деп болжауға толық негіз бар.

 

 

 

 

 

 

                                                   Қорытынды

Қорытындылай  келе б. з. б. VIII-VI ғасырларда Еуразия далаларында аң стиліндегі өнер стилистикалық жағынан өзгеріске ұшырады. Бір орында тұрған күйінде бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына құрылымы күрделі, серпінділікке толы сюжеттер шығады.

Б. з. б. ІІІ-ІІ ғасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп  құлдырай бастайды. Аң стилі ою-өрнекке айналады. Оның орнына түрлі-түсті тастармен көз салып безендіру техникасы және басқа да әшекейлеу тәсілдері қолданылатын полихромды деп аталатын стиль келеді. Қолданбалы өнер туындылары пайда болып, оларда жануарлар дүниесінің бейнелері схемаға айналып, полихромдық бай өрнекпен араласып кетеді.

Бұл өнер дайын  күйінде сырттан, бір жақтан әкелінген жоқ, ол сақ өнерінің қойнауынан шыққан. Ою-өрнектің полихромияның кейбір әдістері б. з. б. VII-VI ғасырларда-ақ жетіле бастады. Б. з. б. VII ғасырлардағы полихромдық өнер туындылары Қазақстанның, Орта Азия мен Сібірдің бүкіл аумағынан ондаған үлгілері табылды. Бәлкім, нақ осы үш аймақта б.з.б. I мыңжылдықтың аяғында сақтар өнерінің аң стилін ығыстырған полихромдық өнердің қуатты ошағының негізі қалыптасқан да болуы мүмкін. Бірақ оның реалистік бейнелері із-түзсіз жоғалып кеткен жоқ.

Аң стилінің шығуы жөнінде тарихи әдебиетте  екі негізгі көзқарас бар. Бірінші  болжамды жақтаушылар скиф-сақ тайпалары  бұл өнерді Алдыңғы Азиядан қабылдаған деп санайды. Евразия оның пайда болу мерзімін б.з.б VII ғасырдың 70-жылдарында Манней патшалығы мен Мидияның солтүстігіне таман орналасқан аймаққа скиф тайпаларының басып кіруімен байланыстырады.

Екінші пікірді  жақтаушылар аң стилі өнерінің қалыптасуындағы Алдыңғы Азия мәдениетінің ықпалы болғанын теріске шығармайды. Бұл ықпал б. з. б. VI ғасырдың соңынан бастап, Ахеменид уақытында ерекше күшті болды делінеді. Алайда, аң стиліндегі өнердің шығуын зерттеушілер жергілікті ортамен байланыстырады да, оның тууын соңғы қола дәуіріне жатқызады, сөйтіп оның шыққан негізі карасук мәдениеті деп аталатын мәдениеттік мүсіндік бейнелері және неғұрлым арғы замандағы тотемдік бейнелер деп санайды.

Рассалық  түрлері бойынша алтай қорғандарындағы  жерлеу орындарының көпшілігі европалык типке жатады, бірақ ол жерде моңғол тектес нәсілге жататындары да кездеседі. Бұл екі расалық түрдің байланысының куәсі бола алады. Жерленгендердің басы толықтай тақырланып алынады немесе тек алдыңғы жағын таза алады, әйелдер шаштарын өріп, еркектер сақалдарын қырып жасанды сақал тағып жүрді. Бір еркек денесіне аңдардың үлгілерінен татуировка жасаған. Татуировканы өлер алдында жасалған, бұл бәлкім, көптеген варварлардың дәстүрлері болса керек, яғни ол жерленген адамның өміріндегі әлеуметтік жағдайын білдірсе керек.

Алтайдағы молалар  туралы толық түсінік айтуға болмайды, себебі ондағы барлық камералар тонаушылармен тоналып кеткен. Өлгендердің сүйектері ретсіз шашырап кеткен, негізгілері тіпті жок болып кеткен. Пазырық қорғанынан табылған екінші камерадағы екі мәйіттің бастары шабылған, бәлкім, олардың мойнындағы қымбат заттарды алу үшін болса керек.

Ал сол  жердсгі мәйіттің жұбының қолы мен  аяғындағы білезіктері алынған. Тіпті, мыс шегелер де шығарылған, оларды жауып тұрған киізден жасалған жабқышта сыдырылған, соған қарамастан кейбір заттардың қалдығы мен сынығы сақталып, бізге таңқаларлық сурет бейнесін береді. Алтай қорғандары үлкен тастармен үйіліп, үймемен қоса, өзінің әртүрлігімен, мәңгілік тоңда сақталғандығымен әйгілі.

Ұлттық мәдениет халықтың  ежелден  жалғасып келе жатқан өзіне тән өнері  сал-дәстүрі, әдет –ғұрпы, дүниетанымы  есебінде қалыптасып  жетіліп отыратыны белгілі. Кейбір кезде осы бір сәнді қолөнер болсын  басқа да мәдени мұраларымызбен рухани құндылықтарымызды танып білуге дәрменсіздік көрсетіп  жүрміз.

Біздің халқымыздың  мәдени құндылықтарының бірі ертедегі зергерлік өндірістің  техникалық және көркемдік ерекшелігі із – түссіз жоғалып кеткен жоқ. Зергерлік өнер халықтың қолданбалы сәндік қолөнерінің басқа түрлері секілді тәлім-тәрбиелік, эстетиқалық, танымдық мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбилегенде тиімді пайдалана білу маңызды.

Қазақстан Республикасының  президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени  дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта  түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи мәдени тамырларына қайта  оралу-бұл әрине оң процесс... Қазақстанда  ұлттық тілді, өнерді мәдиенетті ғылымды дамытуға барынща қолдау жасалып отыр» деген сөзі үлттық мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жагдайлар туып, кеңінен жол ашылып отырғандығынын бірден бір айғағы. 

Қазіргі қазақ халқының шеберлік өнерінің оның екі мың жылдан астам уақыт  бұрынғы қалпын мұқият зерттемей ұғу мүмкін емес. Қолда бар археологиялых материалдар ертедегі метталлургия жалпы зергерлік өнер туралы да көптеген қызықты мағұлматтар береді.

Қола мен алтыннан жасалған зергерлік  бұйымдар ертеде ақ Қазақстаннан тыс  аймақтарға да әйгілі болған.Геродот: «Қиырдағы елдер бізде өте аз кездесетін және өте қымбат бағалы заттар көп болады» деп қазіргі Қазақстан жеріне арнап айтқан.

Ә. Марғұлан Ежелгі мәдениет куәлары «Қазақстан» баспасы  Алматы- 1966. б.71. Мамандар ескі рудниктер  туралы зерттеулері өте ертедегі өндірілген мыс, мырш, алтын қорларының көп мөлшерде болғандығын растайды. Ол рудниктер металлургия өндірісін шикізатпен толық қамтамасыз ететін.

Б. з. б. І мыңыншы жылдары қола құю өнері ерекше өркендеген. Балшық, металл, тас қалыптарға тұрмыс қажетіне керекті заттар құйып алатын. Қазақ жерін мекендеген тайпалар құйып алу техникасының күрделі әдістерін менгерген. Бұл жөнінде Тасмола зиратынан табылған және өте жақсы сақталған бірнеше қола қоңырауға тоқталған жөн. Олар «Қалыбын жоғалту» әдісімен (методом утраченной модели) құйылған. Бұл әдістін мәні былай: балауздан қалып істеледі де, сырты бір қабат балшықпен сыланады. Балшық кепкен соң қалып қыздырылады. Қызудың әсерінен бастапқы балауыз еріп, ағып кетеді. Қалған балшық қалыпқа енді балқыған металл құйылады. Осы әдіспен көптеген зергерлік бұйымдар жасалған.

Таутекенің скульптуралық мүсінін  құю бұдан да күрделі процесс. Бұл үшін екі қилы қалып қолданылған. Алдымен таутекенін симетриялық  екі бөлігіне жеке-жеке қалып дайындалады, әр қалыпқа балауыз енгізіліп, үстінен потрицимен нығыздайды. Ең соңында, қалып қызып, балауыздан тазартылғаннан кейін барып балқыған металл құйылады. Осылайша дайын болған бөлшектерді қыздырып, өз ара қосқанда таутекенің қуыс кеуде скульптуралық мүсіні шығады. Орталық Қазақстаннан қолдан жасалған бұйымдардың не алуын үлгілерінін табылуы, бұл саладағы шеберлікті көрсетеді.

Б. з. б. І мыңыншы  жылдары Европа мен Азияның далалы аудандарын мекен еткен халыхтардың  көркемдік творчествасында өзіндік  ерекше бағыт шықты.Бұл зергерлік  әшекей бұйымдарға тікелей қатысты. Өнердің хайуанаттар дүниесінің бейнелерін басым пайдалану нәтижесінде, бұл жаңа бағыт « скиф-сібірлік хайуанаттар стилі » аталып кетті.

Шығыс Қазақстан  аумағында ежелгі темір ғасырының  тарихи үш кезеңге бөлінетін қорған кешендері арқылы сақталып қалған. Оның бірінші кезеңі – Майемер (б.д.д.VII-VІ ғ.) екінші –Берел  (б.д.д.V-IV ғ.) үшінші -Құлажорға  кезеңі (б.д.д. ІІІ-І ғ.) . Бірінші кезеңге жататындардың ішіндегі ең кереметі – құрамында патша мен тайпалық туыс ақ сүйектер қабірлері , барлығы 51 қорғаннан тұратын әйгілі Шілікті қорғаны. 1960 жылы ғана зертеулер нәтижесінде скиф – сібирьлік хайуанаттар стилінде алтын бұйымдар ретінде жасалған керемет материалдар табылды. Бұл қабірден 524 алтын бұйым сақталып қалыпты. Олардың ішінде қорамсаға әр беріп тізерлеп тұрған әшекейленген алтын бұғы ,басын әктене бүрып тұрған қыран бейнесі т.б. скиф-сибирьлік аң стилінде орындалған зергерлік бұйымдар. АгаповП., Қадыров М. Сокровища Древнего Казахстана. Издательство «Жалын». Алматы. 1979. 86-109 б.  Берел кешенінде XX ғасырдың соңында ғалымдар тағы да таңғажайып құпиялар сырына тап болды. 1997-2000 жылдары Берел селосының маңында Қазақстан Республикасының Ә. Х. Марғұлан атындағы археология интитутының халық аралық археологиялық экспедициясы жұмыс істеді. Қазба жұмыстары барысында моладан көптеген зергерлік бүйымдар табылған. Ертедегі шеберлер жоғарыда айтылғандай, өз творчествосында  аң бейнелерін, хайуанаттардың  таңғажайып қиял бейнелерін кеңінен  пайдаланған және бұл бейнелер сол тұстағы  хайуанаттар  дүниесімен  біте қайнасып жатады. Хайуанаттар дүниесінің реалистік  бейнелермен қаныққан жоғары дәрежеде дамыған бұл стиль, Республикамыздың ертедегі тарихындағы халық творчествасының аса көрнікті үлгілерінің бірі.

Әйсл мен  еркектің киімдсрі толықтай берілген. Оның көйлегінен басқасы, кендір матасынан, аң терісінен, былғарыдан тігілген.

Ер адамның киімдерінен  тар шалбарды, жүннен жасалған шұлғау, ұзын етік, ұзын жеңі бар тамаша шекпенді атап айтуға болады. Осылай киіну үлгісі Амудариядағы алтын пластинкалардағы бейнелерге өте ұксас. Бастарына ерлер жүннен жасалып, сырты терімен қапталған құлақшын немесе тек жүннен жасалған калпақ киген. Әйел киімдсрінен етікпен қысқа голештары сақталған. Әйелдердің бас киімдері ерлердікіне  қарағанда әр түрлі болды.                            Біреуі шапка түрінде ағаштан ойылып жасалған, оның төбесінде екі ойық бар, одан өрілген шаштарын шығарып қойған [ 41-148 [.

Тоналған  Алтай қорғандарынан қазба жұмыстары  кезінде тек алтын сырғаның бір сыңары, жал тәріздес сақина, ол алдымен ағаш пен мүйізден ойылып жасалып, кейіннен алтынмен қапталған және бірнеше қапсырма аңдардың бейнесімен табылған. Кішкене ғана көлемде бирюзадан (бирюза көгілдір асыл зат) жасалған маржандар мен моншақтар табылған. Сонымен қатар қару-жарақтар да жақсы сақталмаған. Бір жерлеу орнында қысқа темірден жасалған қылыш пен қанжар қалдықтары, кейбір көптеген жерлеу орындарында ағаш садақтар қалдықтары (кейбіреулері тонаушылармен алынған) табылған. Кейбір жерлеу орындарында тігуге арналған былғары мен ағаштан жасалған түрлері де кездеседі.

Күнделікті тұрмыс-тіршілігінде жерлеу камераларында аталып кеткен үстелден баска, бір жағдайда ағаш ыдыстар, ыдыстардың астына қойғыштар, тастан жасалған шам-шырақ, былғары сумка, жалаулар, аң терісінен жасалған менюк, былғарыдан жасалған жабқыш, мүйіз барабандар, арфа тәріздес музыкалық аспаптар және т.б. табылған.

Осы жерден табылған конопля есірткіні тарту үшін қолданғанын көругс болады. Бұның қолданылуын Геродот әңгімелеріндс айтылған. Оның әңгімесі бойынша, скифтер конопляны қызған тасқа тастап, ағаштан жасалған қойғышпен жапқан, одан шыққан түтінмен демалған.

Алтай корғанынан табылған олжалар осы Геродоттың айтқанын растайды.

Ең басты  айта кететіні, кейбір қорғандарда  табылған, айтарлықтай жақсы сақталған аттың өлігі сақталған. Осыған ұксас өрнектелген аттың ескерткіші скифтердің солтүстік Ќара теңіз жағалауы жағында белгілі болған.

Алтын, күміс  немесе қола тәрізді түрлі металдан жасалған аттың ауыздықтары б.з. V ғасырында пайда болады, ал VI ғасырда кең таратылады. Бұл Қара теңіз жағалауындағы скифтер дәл алтайдағыдай культ ұстанғанын осыдан көруге болады, себсбі бұл жерде де аттың маскаларын (бет перде) қолданды. Бесінші I Пазырық қорғанынының жерлеу орнының солтүстік бөлігінде жерленген аттармен қоса екі кілем табылды, біреуі түрлі түстермен әрленген киізден, ал екіншісі жүннен тоқылған, бұл ең көне үлгісі ретінде әлемге әйгілі. Киіз кілем, шатырдың бөлігі болса керек. Бұл киіз кілемде бірнеше рет қайталанған, тақта қолына үлкен өсімдік ұстаған құдай-ана алдындағы салт атты адам бейнеленген. Бұл культтік көрініс Қара теңіздің солтүстігіндегі ІV-ІІІ ғасырларда таратылған өнерге құрылымы жағынан ұқсас. Отырған әйел табиғаттағы өнім беретін құдай болып саналады. Қолындағы өсімдік ағашпен немесе сібір өнеріндегі өсімдіктермен ешқандай байланысы жоқ.

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу