Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Скачать документ)

Корлисс Ламонт бұл тұрғыда былай дейді: "кереғар өлімнің мінез-құлқын ашудың әрекеті болса да, болашақ күннің салауаттылық мазмұнын ашуға талпынған барлық суреттерді нақты өмірдегі сұлулықты сезіну деп бағалау ләзім". Денеге түрлі мифтік ұғымдағы аң мен жануарлардың суретін салу туралы Зигмунд Фрейд: "Көптеген тайпалар жануарлардың суретін қасиетті санап, өз қару-жарақтарын сонымен безендірген"- дейді . Ғалымның пайымдауынша, ежелгі адамдар тотем адамға неғұрлым қорқынышты сезім тудырса, ол тотем көсемді, тайпаны тылсым күштерден қорғайды деп сенген. Сондықтаң сақ тайпалары өз бейнелеу өнерінде қиялдан туған өмірде жоқ қорқынышты бейнелерді, көп салған. 
Көсемнің денесіне салынған мифтік тұрғыдағы жануарлар мен аң- 
құстардың сиқырлы "тылсым күші" ғалымдардың қызығушылығын 
туғызғанымең бүгінгі күнге дейін ол құпия болып қалуда. Соған 
қарамастаң біраз ғалымдар бұл тұрғыда өз пайымдауларын білдіруде. 
Мәселең П.С.Гуревич: "Табиғи-ғылыми айғақтарға қауқар көрсете 
алмайтын діннің теориялық әлсіздігі жаңа бір құдіреттің қажеттілігін 
тудырады. Тылсымды оқиғаларға түсінік айтылмаған жерде ол өз 
күшіне мінеді"-дейді. Сондықтан сол кезде пайда болған зороастризм 
дініне табынған ежелгі адамдар өздерінің қорғаушысы ретінде құстың 
тырнақтарың аңдардың тістерің қойдың сүйектерінен жасалған 
тұмарлар тағатын. Ежелгі адамдар бұл заттардың магиялық күші 
бар деп сенген [ 5.146]. 

Сақ шеберлері бейнелеген аң-құстары, жан-жануарлардың бейнесі адамды бей-жай қалдырмайды. Жыртқыш аңдардың ауыздары ашылып, тісі ақсиып жануарларға атылған қаһарлы кейіпте бейнелеген. Сақ өнерінде ұсақ құстардың бейнесі кездеспейді. Көшпелілердің негізгі кәсібі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғандықтан, бейнелеу және кескіндеме өнерінде қой мен ешкі түрлі нұсқада берілген. Сақ тайпалары малдарын құрбандыққа шалғаннан кейің сүйектерін лақтырып тастамай өртеген. Ал, көшпелілердің дүниетанымында арқар мен таутеке береке, бақыт әкеледі деген ұғымды білдірген. Көсемнің денесіне салынған суреттердің барлығы дерлік белгілі бір рәміздік ұғымды білдіреді. Денеге мұндай татуировка бейнеленген сақ көсемі Пазырық обасынан алғашқы рет табылған.

“Тарих атасы” Геродоттың “алтын қорыған тазқаралар (гриф)” деп  аталатын алыстағы ел туралы дерегі ғылымда көптеген пікірлер мен болжамдар тудырып келеді. Осының дәлелі ретінде Алтай өңіріндегі обалардан ат әбзелі, қару-жарақ және тағы да басқа құралдар мен әшекей заттардың көркі болған сансыз көп фантастикалық аң мен құс бейнелері табылып отыр. Мұндай қиял-ғажайып бейнелер Еуразия даласының басқа да аймақтарынан  және де шектес ежелгі дүние мемлекеттері өңірлерінен де ұшырасады. Алайда Алтай өңірі жазба және археологиялық деректер бойынша да “алтын қорыған тазқаралар” елі екенін баса көрсетіп отыр.

Ежелгі көшпелілердің өнері  және мифологиясындағы грифон бейнесін интерпретациялау ғылымның қиын, сонымен  қатар қызықты салаларының бірі. Біздің мақсатымыз – ежелгі мифологиялық грифон бейнесіне қазақ фольклорынан типологиялық паралель іздестіре отырып, соның негізінде бұл феноменнің кейбір мазмұны мен көрініс беру қырларын ашуға тырысу. Егер орталық бейне грифон болып табылатын сақ-скиф мифологемасының негізінде қарастырсақ, онда кейінгі мәдени комплекстерде, қазіргі түркі-маңғолдарды қоса, тіпті қатты мәдени-тарихи трансформацияға ұшырағанның өзінде, қандай да бір жаңғырықтары – ертегі, аңыз және т.б.фольклор және бейнелеу өнерінде сақталуы сөзсіз еді [46.368].

Грифон - өн бойына бірнеше аң мен  құстың белгілерін жинақтаған полиморфты, қиял-ғажайып кейіпкер. Бұл жерде біз тазқара құс бейнесін қарастырамыз, ал оның екінші “жартысы” – ит[бөрі – арнайы зерттеліп, талданады. Бұл синкреттік мақұлықтар мифологиялық санада “өлілер” әлемінің өкілі, төменгі әлемді білдіріп, жалпы – “о дүниені” елестеткен.

Қазақ халқының тазқара құсы мен  құмай құсы – қырандар тобындағы  жыртқыш құстардың бірі. Ол ұсақ жәндіктермен (тышқан, қосаяқ, кемірушілер  және т.б.) және өлексемен қоректенеді. Осы соңғы әрекетіне орай оны  жаман ырымға баласа, бейне трансформацияға ұшырағанға дейін жан мен тәнді түрлі “пәледен” тазартушы ретінде қасиеттелген.

Тазқараның  бүркіттерден ерекшелеп тұратын  бір сыртқы айырмашылығы – оның басында қауырсынының немесе түгінің  болмауы. Құстың тазқара аталуы да осы  басының таз, түсінің қара болуынан екені анық. Қауырсын жамылғысы мойнының ортасынан басталып, тек желке тұсындағы селдір түктері айдар секілді шошайып тұрады. Бейнелеу өнеріндегі грифон бейнесі дәл осы айрықша элементімен кеңінен көрініс тапқан. Әдетте қазақтарда таз адамды, көсе адам сияқты онша жақтыра қоймаған.  Бірақ сонымен қатар, олардың тапқырлығы, ептілігі, қулығы, батылдығы жөнінде көптеген ертегі-мифтер бар. Бұл адамдарда о дүние құбылыстарымен қатынаса алу қасиеті бар деп сеніп, түрлі әлемдер дәнекері саналған. Мифологияланған түсініктегі Таз бен Көсе – “бұ дүние” адамдарынан емес. Дәл осы арада Геродоттың “тазқаралары”, аримаспілері, исседондарымен қатар аты аталатын бастары таз – аргиппей халқын еске ала кеткен жөн болар.

Тазқара мен құмай – тірілер  мен өлілер әлемі арасындағы медиатор. Оның негізгі функцияларының бірі – қайтыс болған адамдардың жанын (рухын) көкке жеткізу (кейде ұрлау, мысалы, “Жеті өнерпаз” ертегісі). Көшпелі халықтарда “өлудің” өзі, “қайтыс болу” деп аты айтып тұрғандай, өзге дүниеге сапар шегу, басқа күйге түсу, жаңа немесе нағыз өмірге аяқ басу, оралу деген түсініктермен астасып жатқан.

Құстың мифологиялық бейнесі от пен жарықтың, бақ пен бақыттың, құт пен дәулеттің нышаны. Қазақ  халқының мифопоэтикалық санасы мен  халық ауыз әдебиетінде құс (үйрек, қаршыға, аққу және т.б.) пен аң (барыс, ілбіс, арыстан, қасқыр және т.б.) бейнесінде марқұмның және о дүниелік сапарға аттанғалы жатқан адамның жаны (рухы) көрініс табады. “Ие” және “кие” болып та олар ерекше қасиет дарыған адамдардың айналасында жүреді. Сол аң-құс бейнесіндегі қасиетті “пірлерді” көру және сезу тек сондай таңдаулылардың еншісіне тиген. Жеке тұлғалардың “қорғаушыларымен” қатар, бүкіл ру-тайпаға да ортақ “пірлердің” болуы ертедегі мәдениеттерге тән құбылыс [ 24. 316].

Өз ері мен батырларын халық барысқа, арыстанға, бөріге немесе бүркітке теңеген.

Бақсы “ойыны” кезінде оның жаны құс болып көкте самғайды; бақсы  киім-кешегі мен құрал-сайманында міндетті түрде орнитоморфты нышандар орын алған.

Адамның төбесінде қалдыратын бір  уыс шаш - айдар – қасиетті саналып, тіл-көз бен жын-шайтаннан қорғайтын тұмар қызметін атқарған. “Алтын айдарлы” батыр жігіт көптеген эпикалық жыр мен ертегіде кең тараған кейіпкер. Бәлкім, ертедегі көшпелі жұрт тазқараның төбесіндегі шошайған қауырсындарын айдарға ұқсатып, оның бейнесін қасиеттеп, осы құсты таңдап алу себебі осы болса керек. Айдарды тәңірдің өзі салған таңбасы деп сенуі де ғажап емес.

Айдарлы тазқараны, құмайды бейнелей отырып, көне көшпелілер оған неғұрлым “оң қасиеттерді” телуге тырысқан. Сөйтіп ол санада марқұмның рухын көкке жеткізетін “періштеге” айналған. Сонымен қатар, аспандап ұшқан тазқара мен құмай – ажал жаршысы ретінде көрген адамға үрей ұялатқан. Әсіресе нәресте мен жас баланың өлімі (өзге дүниеге сапары, қайтуы), уақытынан тым ерте саналып, одан сақтап қалуға тырысты. Соның нәтижесі ретінде жұрт ішінде түрлі қорғаныс амалдары мен ырым-ғұрыптар ойлап табылып, кеңінен тарады.

Сонымен, тазқара мен құмайдың мифологиялық образдары жағымсыздан жағымдыға  немесе керісінше жүрген ұзақ эволюцияны басынан өткерді. Құмай құстың Ұмай Ана түсінігімен осы контекс негізінде салыстыра қаралуы да зерттеушілер назарын аударуда. 

Жалпы ерте көшпелілер өз көсемін жерлеу үшін Қазақ Алтайының осы бір табиғаты тамаша әсем жерін кездейсоқ таңдамаған. Қорғандар орналасқан аңғар, әдетте, төңірегінен едәуір биіктеу, жан жағы жасыл желекке толы таулармен көмкерілген жерде болады.

Көне адамдардың мифологиялық түсінігі бойынша таулар ерекше мағына арқалаған, себебі, олардың шыңын құдайлар мекендеген, әрі қайтқан адамдардың жаны жоғарғы һәм төменгі әлемдерді байланыстыратын жерде орналасуы- астары терең нышанның белгісі. Аңғар мен жерленім құрылысы- қорған храмның рөлін атқарған.

Берел даласының  көне тұрғындары өз әміршілеріне қайтыс болғандардың денелерінің ұзақ уақыт бүлінбей сақталуына мүмкіндік беретін керемет қабірлер салған. Олар бальзамдау құпиясын білген, ал олардың тас құралымдарынан құрылыс салу тәжірибесі жерлеу камераларында маусымдық тоң линзасының қалыптасу мүмкіндігін қаперде ұстаған. Сірә, осы мақсатқа жету үшін жерлеу рәсіміне қатысты іс- шаралардың бәрі марқұмды тек белгілі бір кезеңде- жылдың белгілі бір уақытында ғана о дүниеге шығарып салуға рұқсат беретін қатаң жүйеге бағындырылған болуы керек.

Ең үлкен №11 қорғанда патшалық құрған ер адам мен әйел жерленіпті; оларды жуан бал   қарағайдың   діңінен   шабылған   және   қиманың   ішіне жайғастырылып, науа табытқа жатқызылған. Қиманың солтүстік қабырғасының сыртында 13 жылқы қойылған. Колода бал қарағай діңінің бөлігінен ойылған қақпақпен жабылған, оның үсті мұқият өңделіп, тегістелген және оған ерекше мықтылық беретін арнайы құрам сіңдірілген. Колода қақпағының шет шетіне төрт қола, алтынмен апталған фантастикалық құстардың мүсіні- бүркіттік грифондар орнатылған және олар әртүрлі бейнеленген: ұшайын дегенінде, қонғалы жатқанда т. б [ 32. 136].

Қиманың төбесі бір біріне нық қатарластыра қойылған жартылай қырлы бөренелермен жабылған, оның үстіне ішкі жағы курил шайы (Dazifora fruticoza) тал- шілігінің бұтақшалары және талдарымен әдіптелген қайың қабығының қатпарлы төсемі төселген.

Ресей, Швейцария және АҚШтағы лабораторияларда Берел моласының №11 қорғанының құралымынан алынған ағаштың алдын ала жасалған дендрохронологиялық сараптама нәтижесінде жерленім құралымын салуға пайдаланған ағаштың әр жылдары (арасына 21 жылдан салып) кесілгенін анықтай алдық. Бұл айғақты (басқа қүрылыстардан артылған) дайындылардың бірнеше мәрте пайдаланылғанымен немесе құрғатылған ағаштарды пайдаланумен түсіндіруге болады. Ағаш кесіп дайындау әртүрлі жерлерде әрнеше жылдарда жүргізілгені анықталды. Мысалы, колода дайындалған бал қарағай, қима мен көр үстін көлденең жапқан ағаштар алынған жерден басқа бір жерде кесіліп даярланған.

Сонымен бірге, дендрохронологиялық сараптама  негізінде №11 қорғанның салыстырмалы датасы анықталды- б. д. д. 393ж.

Көсемнің басында күрделі  парик сақталып қалыпты. Оның шаштары, сірә, қысқа болса керек, бірақ желке тұсында бұрымдалған, аттың қылымен байланған бір тұтым шаш қалдырылыпты. Тірі кезінде еркек сақал- мұрт қойған.

Әйелді, сірә, еркектен кейінірек жерлеген сыңайлы. Еркектің бас сүйегінің қарақұсында аяқталмай қалған трепанация ізі бар, оның екі түсіндірілуі бар - не бұл бальзамдау кезінде жасалатын миды алып тастаудың әдепкі манипуляциясы, не соғыс кезінде алған соққыдан соңғы қатқан қан мен сүйек сынықтарын алып тастау үшін жасалған медициналық көмек көрсетудің ізі. Қабырғалары мен омыртқаларында көзі тірісінде әртүрлі кезеңде алған көптеген сынықтардың бітеу жаралары бар екені анықталды.

Өлген адамдардың денелеріне жасалатын бальзамдау мен өзге де манипуляциялардың ізін табу үшін сүйектер алдын ала көзбен тексеріліп, зерттелген болатын. Ер адамның бас үйегіндегі трепанациялық тесік осындай манипуляциялардың болғанының айқын куәсі.

Антропологтар еркектің жасы 30 бен 40 арасында екенін анықтады. Жерленген адамның антропологиялық типі- моңғолдық айқын сипаттары білінетін европеоид.

Сөз жоқ, бұл  айбарлы да тәжірибелі тайпапар одағының немесе ертедегі мемлекеттік құрылымның көсеміне әбден лайықты жауынгер болған.

Аттар екі қабатқа жатқызылған: төменгісінде- 7, жоғарғысында - 6. Жануарларды басынан темір шотпен ұрып өлтірген. Жылқыларды адамдармен бірге көму белгілі бір мақсатпен жасалған: олар өлген адамды о дүниеге апарып салатын болған немесе соның жол серігі болған.

Ертоқымдар  жүн немесе шөппен толтырылған, сырты қызыл матамен тысталған  киіз жастықтар  секілді. Түсі сары, жирен аттың ертоқымы тұяқты жануарды (бұрынғы) грифонның жәукемдеп жатқанын бейнелеген аппликациямен және кедір- бұдырланған көптеген ағаш салпыншақтармен әшекейленген.

Берел жылқыларының бірегей сақталу жағдайы олардың асқазандарының ішіндегісіне палинологиялық сараптама жасауға және жерленген маусымын анықтауға мүмкіндік берді. Асқазан ішін сумен тазарту  барысында анықтауға жарамды ұрық пен жеміс байқалған жоқ, бірақ қылқандардың қалдықтары табылды. Палинокешенде тозаңы көрсетілген алтайлық өсімдіктердің гүлдеу мерзімі маусым- шілде айларына келеді. Палеоботаниктердің алдын ала жасаған болжамы бойынша, осы уақыт аралығында атқарылған.

Аттар жүгендеулі және ерттеулі, кейбірінің басына таутекенің мүйізі орнатылған (кейбір жағдайда олары табиғи көлеміндегідей) маска кигізілген. Ат әбзелдерінің құрамында жүген, өмілдірік пен құйысқан, ертоқымның бөлшектері- тоғалар, сулықтар, салпыншақтар, қайыс бөлушілері ағаштан жасалған, кертпелі оюмен әшекейленген және алтынмен апталып, қалайымен қақталған екен. Ат әбзелдеріне орналастырылған жануарлар бейнелерінің ішінде мысық тектес жыртқыштар, таутекелер мен тау қойлары, бұғылар, жыртқыш құстар және фантастикалық мақұлықтар- грифондар, өсімдіктік желілер бар. Көне көшпелілер өнерінде бірнеше жануарлардың түр- сипатын біріктірген фантастикалық мақұлықтың бейнесі үлкен орынды иеленген.

Алайда, №11 қорған материалдарында Алтай өнеріне  тиесіліден басқа, сирек кездесетін стилистикалық элементтер бар. Бұл қырынан қарағанда, грифонның ағаш мүсіні аса қызықты. Мысық тектес жыртқыштың денесі салынған грифонның мүсінінде тұмсығы қайқайған бүркіттің басы бар, ауыз қуысы- дөңгелек пошымды, рельефті валикпен жиектелген. Көзінен иегіне дейін жапырақша бұдырлардан құрылған рельефті “өңіржиек” өтеді. Жуан мойыны рельефті науалары бар тегіс айдармен қамтамасыз етілген. Алмалы- салмалы құлақтары жапырақ пошымдас. Тері мүйіздер мойын үстіне қарай артқа қайқайған, шеттері жоғары қарай доғалданған. Грифон денесінде қанаттарын (тері қанат болар бәлкім) бекітетін паздар сақталыпты. Аяқтары рельефтеле жасалған жұмсақ табандармен қамтамасыз етілген. Бұл бейнеге толық ұқсайтын бұйым әзірге жоқ. Грифондарды бұлай салу- тегіс, шашын 
қиған секілденген айдар «өңіржиек»- қарастырылып отырған кезеңдегі 
Орталық Азия өнерінде кеңірек тараған болатын. Берел грифонындағы сәл ашыңқы тұмсық пен желке жүнінің жоқтығы- таза жергілікті алтайлық белгі.

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу