Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Скачать документ)

Сақтар (скиф) зәулім сарайлар немесе маялықтар секілді тастан ойып үйлер салмағанымең сақтардың (скиф) дүние жүзін тамсандырған кескіндеме, бейнелеу өнері бар. Сақ жәдігерлері Петр I Сібір коллекциясы Ресей мұражайында, А.Канингэмнің 200-дей алтын заттардан құралған Окс (Амудария) коллекциясы Британ мұражайында сақталған. Сақтар (скиф) зәулім сарайлар салмағанымең олардың биік қорғандарын сәулет өнері деп бағалауға болады. Тәңірге табынған сақтар үй құрылыстарың қорғандары мен күмбездерін аспанға тұспалдап жасаған. Осының салдарынан бүгінге дейін ислам әлемінде күмбездің мұнарасын аспан пішінімен салып, оны көк түске бояу дәстүрі сақталған.

     Таулы Алтайдағы  Пазырық қорғанынан табылған кілемге 
қарап, сақтардын үйлері кең, қабырғалары биік болғанын аңғаруға 
болады. Таулы Алтайлықтар ағаштан жасалған кең үйлерде өмір сүрген. 
Олар үйлеріне жарық түсіру үшін май шамдарды қолданған. Сақтар 
мәдениетіне барлық ғалымдар бүгінге дейін бір жақты қарап келді. 
Сақ (скиф) мәдениеті кейінгі осы территорияны мекендеген 
тайпалармен байланысы жоқ деген болжамдар да айтылды. Көшпелілердің мәдениетін жоқ болып кеткен үнді иран тайпалары жасаған деген ғылыми жаңсақ тұжырымдар скифологтардың арасында дәстүрлі түрде қалыптасып кетті [ 71.369].

Орта Азия, Сібір мен  Қара теңіз жағалауына дейінгі аймақтарда өмір сүрген тайпалар, олар түркі халықтары  мен қазақтардың ата-бабасы. Сақтардың (скиф) б.з. VІІІ-І ғғ. иемденген аймақтарының кейбір территориялары Ресейге енді, бірақ негізгі аймақтары түрік тобына кіретін елдерде қазір де сақталып қалған. Мұндай алып территорияны ғасырлар бойы біздің ата-бабаларымыз сақтап қалу үшін жүздеген соғыста қанын төкті. Оның бірі Томирис пен Кирдің соғысы. Массагет тайпасының ханшайымы өзінің жері үшін жан аямай күрескені, Геродоттың, парсылықтардың деректерінде жазылған. Көшпелілердің соғыстағы ерлігі мен төзімділігі кезінде бәрін таңдандырғаны мәлім. Мұндай ұлдар құлдық институты жоқ жерде ғана тууы мүмкін. Заман талабына сай адам мінезі, рухы өзгереді. Дүние жүзінде теңдесі жоқ сақ мәдениеті әлі де өз деңгейінде танылмай, насихатталмай отыр.

Сақтардың ( скиф) салт- дәстүрлерінің  қазақ және басқа да түркі тобына кіретін елдерге ортақ. Соған  қарамастаң ғасырлар бойы қалыптасып кеткен көшпелілердің салт-дәстүрлерінде өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Олар исседоң массагет, андрофаг тайпаларының мәйіттің етін жеу ғұрпы, аргипейліктердің сопылық өмір сүруі, гипорборейлердің бидай сабағына оралған құрбандық сыйын кәршілес тайпаларға жіберіп отыруы, жалғыз көзді аримасплардың алтын күзететін самұрық құстары, қасқырдың тұқымы болып өздерін санайтын невры тайпасы, жабайы өмір сүрген андрофагтар, сондай-ақ қара киім киіп жүретін меланхлендер. Сақтардың (скиф) салт-дәстүрлерінде ғана емес, олардың сыйынатын құдайларында да айырмашылықтар болған. Сақтардың (скиф) құдайға арналған құрбандық шалу дәстүрін барлық тайпалар арнайы өткізіп отырған. Құрбандыққа өгіз немесе жылқы шалған.

Бүгінгі күні сақтардың жазуы табылғанымең олардың  мазмұны оқылған жоқ. Олардың дүниетамынан ақпарат беретін таңбалық жүйе сақтардың қолөнер бұйымдарында дәстүрлі түрде бейнеленген. Сондықтан сақ тайпаларының өз кезеңінде қандай дінге   табынғандарың олардың дәстүрлері туралы мағлұматтар көне ескерткіштер мен антикалық авторлардың тарихи деректерінен алынды. Антикалық авторлар өз қолжазбаларында адам, жер, су атаулары грек, қытай, парсы тілдерінде жазылған. Сақ(скиф) тайпаларының тарихы, салт-дәстүрін жазған ежелгі авторлар, олардың тілі туралы нақты деректер қалдырмаған. Бейнелеу өнері мен дәстүрлердің ортақтығына қарап ежелгі адамдар бір кеңістікте мәдени ауыс - түйісте өмір сүрген деген болжамдар туады. Ал, сақ тайпаларының салт-дәстүрлерің қолөнері мен бейнелеу өнері қазақ халқының өнерімен салыстыратын болсақ, ұрпақ сабақтастығын көреміз. Қорыта келгенде, сақ тайпаларының дәстүрлері мен ырымдары, олардың қолөнерде қолданған "аң стилі" мен ою-өрнек элементтері қазақ халқының бейнелеу өнерінің түптамыры деп айтуға болады. Мұндай жалғастық ғасырлар бойы үзілмей келеді [ 71.318].

Осы қатарға  ұқсас сақ уақытының жерлеу орындары Алматы облысына тән, мысалы: Шіліктіден Жуантөбеден адамды жерлеу орындарының бірінде атты бөлек жерлеген. Екі жерден табылған заттар б.з.д. VІ ғ. жатқызылады. 1969-1970ж.ж. Алматы облысының Есіктегі табылған таңғажайып олжа болған, бұл Орта Азиядағы жалғыз табылған қорған. Бұл қорғанның биіктігі 7м. екі жерлеу орны табылды; ортасындағы біреу толықтай тоналған, екіншісі шетінде орналасқан толықтай сақталған. Мола ағаш діңгей мен жас адамның сүйегі, басынан аяғына дейін алтынмен қапталған, қапсырма ат тәріздес фигура, барыс, арқар, тау ешкі және құстар бейнеленген. Барлық жиналған заттар шамамен төрт мыңға жуық. Олардың орналасуына қарай сипаттама беруге болады, мысалы, оның бас киімі конус тәріздес күлапара , алтын қапсырмасы түрлі өрнектермен өрнектелген. Оның үстіне қаңқада: алтын спиралды тигрдің басы және қашып бара жатқан бұлан пішіндері суреттелген. Жерлеу орнында алтын қылыш пен қанжар, молада отызға араласып кеткен. Ыдыстар көпшілігі ағаштан, қоладан , екеуі күмістен жасалған және күміс қасық табылған. Бір күміс тостағанның екі жағында белгіленген жиырма алты белгіден құралған жазу бар. Болжам бойынша бұл жерлеу орны V-ІV ғғ. жатады, сол географиялық аймақтан Алматы қаласына жақын ауданда өткен ғасырдың 80-жылдарына тән қоладан жасалған құрбандық орны археологияда бұл «Жетісу құрбандық орны» деген атпен белгілі. Ол төртбұрыш тәріздес формада төрт қысқа тұяқ тәрізді   аяқтары горизонталь орналасқан. Қырына ұзындығына созыла бір-бірінен аумаған отыз шақты қиялдан ойлап табылған мүсіндер орнатылған. [21. 365]

Бұлар бір  бағытта орналасқан (оңнан солға  қарай). Бұл тұрпайы бейнеленген  басы және жартылай дөңгеленген құлақтары, жуан мойны, арыстан жалына келетін, қанат тәріздес болып келеді. Екі бөлек фигуралы жыртқыш аң да Жетісуда пайда болды, бұл да бір құрбандық үшін арналған зат болса керек. Бұның басына қарай бұрылып жатқызылған аң табылған.

Қазақстандағы Алматы қаласының  Орталық музейінде 1912 ж. қираған  қорғаннан табылған жырқыштардың қанаттары пішіндес шам-шырақ сақталуда. Ол квадрат тәрізді поднос (қойғыш) түрде орналасқан. Подностың төрт бұрышында жыртқыш аң қанатымен бейнеленген, ал басы ортасына қараған.

Осы географиялық аймақта КСРО-ның Қырғыз аймағында Ыстық көл маңына жақын жерде Семенов ауылында 1937 жылы көптеген тамаша қола заттар жиынтығы табылды. Ол жерден екі құрбандық үстелі, екі шам-шырақ, жартылай сфералық қазан табылған. Қазан қазына іздеушілердің әсерінен сынған. Бұл заттар салтқа байланысты арналған. Бұл үстелдер төрт бұрышты поднос формасында кең горизонталь борт, төрт аяқтары бар.

Көптеген  қызығушылықтар соңғы аталған зат  табылды. Ол төртке бөлінген бөлімнен тұрады: ас, адамдар мүсіні, ат және доға тәріздес бірнеше подностар табылған. Адам мен аттың фигуралары асқа бекітілген. Адам бүгілген аяқтарымен отырған түрде бейнеленген. Оның түр сипаты монғол тәріздес. Оның сол қолы бүйірінде, ал оң қолымен цилиндр тәріздес ыдысты ұстап тұрғаны бейнеленген.

Оның басында  дулыға киген, үстіне қысқа куртка, тар шалбар, теріден жасалған аяқ  киім киілген.

Дәл осындай  қызықты ашылулар Алматы қаласына жақын  маңда табылды. Алты қазанның біреуі тау ешкілермен жан-жағынан өрнектелген. Тауешкінің басы шынайылықпен бейнеленген. Сақалы мен мүйізі анық бейнеленген. Осыған ұқсайтын шамшырақ Эрмитажда табылған. Ол тік сыртқа кеткен үш аяқтан, аяғы дөңгелекке жалғасын кеткен. Бұның дәл ортасында үлкен екі жаққа қараған екі өркешті түйе орналасқан. Шетінде солдан оңға қарай орналасқан арыстандар орналастырылған. [ 71.216]

Амудария  маңынан табылған екі өркешті түйе бейнеленген екі сақина, ешкі бейнесіндегі қапсырмалар арнайы жасалған сырғалар табылған.

Бұл жерден табылған аңдар шынайылықтан өзгеше, мысалы, елік екі жаққа қарай ашылған мүйізі, екі қанатты ат, адам құс бейнесінденгі айдаһар артында бейнеленген, тауешкі, аю, қой және ұшатын құстар. Бұлардың бәрі қанатпен немесе қанатымен қоса салт атты болып бейнеленген.

Мәңгі тоңның арқасында тастармен жабылған молалар, ағаш құрылыстар сақталған тонаушылардан кейін де бұл молада түрлі заттар сақталып қалған. Кей жағдайларда препаратталған қанқа сүйектері өзара байланыстырылған. Өз пішінін сақтап қалу үшін терінің үстіне түрлі шөптерді толтырған, ал кейбір жерлерде қылдар да қойылған. Бұның бәрі Геродот айтып кеткен скифтердің патшаларының өлігін мумиялау дәстүріне ұқсас.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Сақ тәніндегі татуировка және  бейнелеу мәнері

 

Сақ тайпаларының көне ескерткіштері  б.з. XIX, XX ғ.ғ. жүргізілген архелогиядық қазба жұмыстары кезінде табылып, жалпақ әлемге танылды. Сол көне ескерткіштер сақтар (скиф) өмірінен көптеген мағлұматтар алуға себепкер болды. Кескіндеме және бейнелеу өнерінің жасалу тәсілдері кімді де болсын тамсандырып, ерекше әсер қалдырады. Орта Азиядан Қара теңізге дейінгі аймақты мекен еткен тайпалардың бейнелеу өнері мен қолөнері, дәстүрі, дүниетанымдары бір тектес. Оған сақ (скиф)дәуірін зерттеген Н.Я.Бичуриң С.В. Кисилев, М.П. Грязнов, С.И. Руденконың еңбектері айғақ бола алады. Таулы Алтайлықтар өз қорғандарын жылдың төрт мезгілінде де мұз басып жатқан жерде тұрғызып, беткі қабаттарын өзіндік әдіспен жапқан. Мұндай тәсіл көне заттардың ғасырлар бойы сақталып қалуына септігін тигізді. Қорғандардан табылған мәйіттер зерттеліп, сол кезде өмір сүрген адамдар туралы көптеген мөліметтер алынды. Бұл аймақта европалық және моңғол нәсілдес тайпалар да өмір сүрген. Олардың бет-бейнесі мен тілдерінде диалектілік өзгешеліктер болғанымең тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, бейнелеу өнері мен қолөнерінде айырмашылық жоқ деуге болады. Олар қолөнерде өзіндік бір қайталанбас тәсілдерді қолданып бізге мұра қылып қалдырды.

Таулы Алтайдағы II Пазырық қорғанынан табылған ер адамның мәйітіндегі әшекейлі нақышты (татуировка), сол кездегі тайпалардың бейнелеу өнеріндегі ерекшелік деп айтуға болады. Мәйіттің денесіне адам қиялынан туған құс, аң, жануарлардың бейнесі ерекше көркемделіп салынған. Археологтар мұндай ғаламатты сақ қорғандарынан бұрын-соңды кездестірген емес. Рас, эскимостар мен хакастар түрлі-түсті бояумен боялғаң оюланған маскілерді пайдаланған. Ол маскілер кескіні европалық жене монғол тұрпатты болып келеді. Моңғол кескінді маскілерде  көздің үстіңгі қабаты дөңестеніп, ісініп түрады. Ондай маскілер Уйбатта, Хакасиядағы Таштық қорғандарынан табылған мәйіттің басынан алынған. Ал, II Пазырық қорғанынан табылған ер адам екі қолына, жауырынына және омыртқа тұсына ұзыннан ұзақ нүктелер және аң мен жан-жануарлардың қиялдан туған бейнелері салынған. Ғалымдардың тұжырымдауынша, бұл дөңгелек нүктелердің денеде бейнеленген суретке қатысы жоқ [ 6.174].

Таулы Алтай тайпалары  сол кездің өзінде денедегі нерв нүктелерін инемен емдеуге қол жеткізген тәрізді. Олар ауруды емдеуді шамандар мен бақсылардың көмегімен ғана емес, медициналық жолымен де жүзеге асырған деуге толық негіз бар. Оған мәйіттің денесіндегі нүктелер дәлел болады. Теріні нақыштап сурет салу Сібір тұрғындарының ішінде эскимостар мен хантыларда кездеседі. Мәйіт денесіне салынған әшекейлі нақышта мүйізді аң бейнеленген. Тісі ақсиып, аузы арандай ашылған құстұмсық аңның құйрығы ақ пен қара түспен бунақталып салынған. Аңның тырнақтары қара бояумен айшықталған. Ал, құстың тұспалданған бастары аңның желкесіне тізбектеліп салынған. Анықтап қарамаса бұл бейнеленген құстардың басы үш жапырақты гүлге ұқсайды. Қиялдан туған бейнелерді сақ шеберлері жолбарыс, бүркіт, бұғы тәрізді етіп ұтымды үйлестірген.

Сақ (скиф) шеберлерінің өмірде жоқ қиялдан туған қорқынышты құс, аң, жануарларды бейнелеу мәнері б.з.б. ҮІ ғ.ғ. дейін сақталды. Олар бұғының  әр қырынаң тура, егіз салынған немесе мүйіздері стилизацияланған түрлі  нұсқадағы бейнесін көп қолданған. Қатанды қорғанынан былғарыдан ойылып, алтынмен апталған бұғының басы табылған. Олар ер тоқымға сән беру үшін екі тұсына салпыншақ болып ілінген. Онда бейнеленген бұғының көзі әдеттен тыс шеңберленіп, құлақ тұсы мөлшерден тыс үлкен болып ойылған. Мұндай бейнелеу тәсілін Орта Азия, Сібір аймақтарында өмір сүрген тайпалардың барлығында дерлік қолданған. Осындай нұсқадағы бұғы бейнелері ер адамның денесіне салынған. Екі бұғының суретімен қоса мәйіттің оң аяғында арқар мен таутеке бейнеленген. Бұл суреттер алтайлықтардың бейнелеу өнерінде ең көп кездесетін жануардың мифтік нұсқасы. Мәселең олар арқардың мүйізін қара түспен беріп, ай бейнелі ақ нақыштармен көркемдеген. Мойын тұсындағы қара өңге жалындатып сегіз ақ түсті ирек жолақтар салып, тұяқтарын оюлармен безендірген. Денесі мен артқы аяғы шартты түрде салынған.

Сақ (скиф) шеберлері құс, аң, жан-жанурлардың шынайы бейнесін емес, мифтік суретін салған. Олар адамға философиялық ой тастап, ерекше сезім тудырады. Сақ шеберлері салған бейнелерде олардың сенім-нанымдары да көрініс тапқан. Олар арқардың басы, мойын тұсы мен алдыңғы тұяғына дейін айды, жұлдызды, отты бейнелейтін космогониялық таңбалар салса, денесін бұлтпен үйлестіріп, арқарды ұшып бара жатқан тәрізді етіп көрсетеді.

Ер адамның оң қолына бейнеленген құс тәрізді ауызы арандай ашылған аң аспанға қарап ұлып тұрғандай әсер қалдырады. Оның желке тұсынан оюланып салынған қанаты мен артқы екі аяғы және құйрығы қара түспен боялып, ішіне айдың нұсқасы ақ түспен бейнеленген. Аңның тырнақтары толқынды сызықтармен салынған. Ежелгі скифтер мен Таулы Алтайлықтар тұмсығы құстұмсықты аңдар мен жан-жануарлар бейнесін өз қолөнерлерінде көп пайдаланған. Мәселең ер адамның оң қолына салынған әшекейлі нақышта құстұмсықты, құлағы ұзын аң мүйізінің үстіңгі жағына ұсақ құстар бейнесі тізбектеліп, алдыңғы тұяғындағы қара түске "үшбұрышты" геометриялық ақ түсті оюлар салынған. Ал, құйрық жағы қарамен боялып, ақ нүктелер мен әшекейленген. Сол қолына аңның нобайы ғана сызылған. Бұғы тәрізді етіп салынған аңның жалына ұсақ Құстардың басын бейнелеген. Ал, оң аяғына балық және іркес-тіркес шауып келе жатқан төрт арқар мен таутеке көрініс тапқан [ 5.198].

Археологиялық қазба  жұмыстары кезінде табылған көне ескерткіштерде адамның денесінде  бейнеленген қиялдан туған суреттер түрлі нұсқада кездеседі. Сақтар негізінен нақышты суретті (татуировканы) өз батырлары мен көсемдерінің денесіне салған. Ер адамның денесіндегі нақышты бейне-батырлықтың белгісі болып табылған. Геродоттың деректеріне сүйенсек, тәнді нақыштау әр елде әр түрлі символдық ұғым береді. Геродот "терідегі әшекейлер тектілікті білдіреді, ал ондай әшекейлері жоқтар текті болып есептелмейді" - дейді, Ксенфонттың пікірінше, Моссиниктар арқасы, кеуде тұстарына түрлі түсті суреттер салған. Помпония Мелыдының деректерінде: "агафиристердің денесі мен бетіне бейнеленген суреті арқылы, оның қай тапқа жататынын анықтауға болады"- дейді. Денеге нақышты сурет салу дәстүрі алтай тайпаларының ішіндегі динлиндерде кездеседі. Денесіне әшекей салынған адамды бір тайпаның кесемі, батыры болған деп айтуға болады. Ежелгі адамдар көсемнің денесіндегі әшекейлі нақыштар оған ерекше сиқырлы күш береді деп сенген.

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу