Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Скачать документ)

Ауыздықтардың ішінде үзеңгі тәріздес ұшты және үш тесігі бар қоладан жасалғандары көптеп кездеседі. Сонымен қатар үзеңгі тәріздес ұшында сақиналары бар ауыздықтар да кездеседі. Мұндай ауыздықтар тигюлогиялық түрде бір үзеңгімен бітетін ауыздықтардың алдында пайдаланылған, және оларды екі сақиналы Орта Азиямен Сібірде аз кездесетін, бірақ солтүстікте көптеп кездесетін ауыздықтармен біріктіреді. [ 21. 287]

Түгіскен және Ұйғарақ қорымдарындағы обалар б.з.д. VІІ-ІІІ ғғ. жатады. Ондағы аңдық стиль де VII ғасырдан ерте емес.

Қазақстан     территориясы     әлі     археологиялық     жағынан     толық зерттелмеген.   Бірақ  соңғы   кезде   Орталық  Қазақстанда  сақ  заманының бірнеше обалары табылды. Онда обалардың үстіне тастан немесе тас топырақты орналастырып үйілген құрылыстар, шығысында тастан салынған екі доғалар бар. Доғалардың ұзындығы бірнеше ондаған метр, ені 1,5-2 метрге дейін жетеді. Бұл доғалар екі ұшынан да аса үлкен емес, ұзындығы бойынша бірнеше бөлікке бөлінген дөңгелек үйінділер бар. Қорғанның үйіндісі астында оба шұңқыр бар. Оны үлкен тас плиталармен жапқан. Бұл шұңқырлардан басы солтүстікке қаратылған, жанында бірнеше аттың, қойдың, қаңқасы тағы басқа заттар бар адам өлігі табылған.

Оба үстіндегі үйіндіде немесе негізгі обаның шығыс, кейде солтүстік жағында орналасқан арнайы қорғанның астында аттың, немесе оның дене мүшелерінің басы аяғы көмілгені анықталды. Ашылған қорғандардың барлығы дерлік тоналған болса да, онда сақталған заттар да бар. Екі ешкінің қола фигурасы. Олар басқа сақинаның үстінде тұрған дөңгелек аяқтарын біріктіріп тұр.

Ешкілердің денесі жіңішке, жіңішке мойнындағы басы төмен салбыраған, үлкен, арқасына дейін жететін мүйізі бар. Бұл заттар Тасмола қорымындағы №2 қорғанынан жеті аттың бассүйегі, үзеңгі тәріздес қола ауыздықтар, қоңыраулар т.б. жататын заттар табылды. Жоғарыда айтылған ешкілердің фигуралары ауыздықтың бөлшегі болуы мүмкін. [ЗІ, 184]

Қазақстанда   ешкілердің   тағы   екі   мүсіні   бар.   Олар   Қарағанды облысындағы Қарқаралы түбіндегі Мырзашоқы шатқалында бөген салу кезінде табылған. Ешкі мүсіндерінің біреуі сынып қалған, ал екіншісі конус тәрізді орналасқан. Ешкі Тасмоладағы ешкі сияқты орналасқан. Бурабай көлі маңынан табылған архардың қола мүсіні де осыларға ұқсас, іші бос болып келеді. Енисей мен Алтайдан табылған мүсіндерден айырмашылығы бұл оның мүйізі спираль түрінде және басы жоғары қараған. М.П. Грязновтың айтуы бойынша, бұл архар Қазақстанның ежелгі өнерін сипаттайтын жергілікті туынды [4.217]. Тасмола қорымдарының №3 обасындағы тоналған молалардың бірінде жерленгендердің біреуінің омыртқасын үшбұрышты жебенің ұшы қадалған екен. Ал оның жауырынының жанында бұғының мүйізінен кесіліп жасалған грифонның басы түріндегі қыстырма табылды. Қыстырманың сырт жағында аяқтарын қосып тұрған ешкінің, бұғының, қасқырдың бастарымен қоршалған бұғының фигурасы ойылып салынған. Осы молада екі жылқының, бес қойдың бас сүйегі мен тағы бір қойдың қаңқасы табылды. Бір жылқының бассүйегінің маңдай бөлігінен оралған ұзын құйрығы, ұзын тырнақтары бері қараған басы бар жыртқыштың фигурасы бар рельефті мүсін табылды. Жылқының аузында үзеңгі тәріздес қола ауыздық болған. Осындай ауыздық екінші жылқыдан да табылған. Адамның сүйегі мен жануарлардың қаңқалары жанына қоладан жасалған фигуралар т.б.-барлығы 34 зат табылған. Осындай жыртқыштың фигуралары бұл қорымның №4, 6 обаларынан да табылды. Екі обадан да тас моншақтар, №6 обадан №2 обадағы сияқты ауыздықтың бөлшектері табылған. Тасмоладағы жыртқыштың бейнелері Тегіскен қорғанындағы алтын фигуралармен, Алтайдағы Чулышман өзеніндегі Кумуртук обасындағы қола бұйымдармен өте ұқсас. Орталық Қазақстандағы табылған басқа ескерткіштерге келетін болсақ, Тасмола I қорымындағы №19 обадан табылған мүйізі алдына қарай майысқан екі жақты қола фигураны атауға болады [6,182-184[. Ол ат әбзелдері арасында табылған: үзеңгі тәріздес қола ауыздық, дөңгелек моншақтар т.б. Адамның қаңқасының жанында ілгек тәріздес тұтқасы бар доғалар қатарымен шеті әшекейленген қола айна сақталып қалыпты. Шідерті өзені бойындағы Нұрманбет қорымының №3 обасынан қоладан жасалған доңыздың рельефті мүсіні табылды. Оның басы төмен қаратылған, қырынан көрсетілген, мойнындағы қылдары да көрсетілген. Бұл мүсін скиф-сібір өнеріндегі бұл жануардың ертедегі бейнелерінің формаларын қайталайды. Нұрманбет IV қорымындағы №1 обадан өрнектелген қола семсер табылды. Солтүстік Қазақстан ескерткіштері тізімінде М.П. Грязнов Қазақстанның әр жерінен табылған сегіз қола семсерді атап айтады. Бұларға ұқсас семсерлер оның айтуы бойынша Скифия мен Енисейде емес, Камада (Ананьинь мәдениеті) және Өзбекстанда. Бұл ерте замандағы Орталық Азия мен Орал өңірі арасындағы мәдени байланыстардың бағытын көрсетеді. [ 41. 115-119]

Кейінгі кезеңге  Орталық Қазақстанда жататын  медаль тәріздес Қарамұрын I қорымындағы №10 обадан табылған өрнектелген ілгекті тұтқасы бар қола айнаны жатқызуға болады. Қарама-қарсы жаққа қараған екі ешкінің басы ретінде.

Алтай қорғандарынан  табылған ескерткіштер Еуразия көшпенділердің мәдени тарихының жаңа бетін ашты. Олар өздерінің аса құндылығымен әлемге танылды.

VІІғ. соңы VІІІғ. басында Алтайда табылған  көркемөнер ескерткіштерінің коллекциясын алтайлық инженер П.К. Фролов жасады. Соның ішінде жақсы сақталған Причерноморьедегі скиф комлекстерінде де белгілі болған ағаштан жасалған бұйымдар ерекше. 1865ж. В.В. Радлов екі үлкен қорғанды ашты: біреуі қазіргі Таулы-Алтай автономды облысындағы Катуни өзенінің өңіріндегі Катандада; екіншісі Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысы бойындағы-Берел. Бұлар Алтай тауындағы алғашқы ғылыми қазба жұмыстары болды. Табылған ескрткіштер арасында жақсы сақталған теріден жасалған киімдер, әртүрлі әшекейлер бар. 1911ж. Батыс Алтайдың оңтүстік бөлігінде А.В. Адрианов Майәмір өзеніндегі Майәмір жазығында екі қорған, Алтай селосы, Нарын өзенінің сол сағасы бойында үш қорған, Бұқтырманың жоғарғы ағысы бойында Черновой ауылы маңында төрт қорған тапты. Тас топырақ араласқан үйінділер астындағы молалардан адам жерленгеннің қалдықтары, бір-екі жылқының қаңқасы табылған [ 23. 55-58].

Алтайда табылған қола айна да алғашқы скиф-сібір  өнерінің керемет үлгісі бола алады. Бұл айна екі бағанды сырты  өрнектелген тұтқаның орны бар тік  өрнеуінде бірінен соң бірі қырынан  тұрған алты бірдей бұғының фигурасы орналасқан. Әрбір жануардың жалпы сұлбасы асқан шеберлікпен еркін сызықтармен сызылған. Жоғары қараған басында тек дөңгелек көз ғана көрсетіліп, сүйір бұрышты құлағы көзіне жақын орналасқан. Ол 8-тәріздес мүйізге жалғасып жатыр. Радловтан кейін алтай қорғандарын М.П. Грязнов 1927ж. зерттеді. Ол Катунь өзенінің сол сағасы Урсул өзені өңіріндегі шатқалында (Таулы Алтай автономиялы ауданы) биіктігі екі метр болатын тас қорған тапты. Онда саркофаг-науа және мола шұңқырының солтүстік бөлігінде он төрт жылқы табылған екі жерлеу камералары ашылды. Тоналғанына қарамастан, молада орта жастағы ер адам мен баланың мумияланған денелері, көптеген алтын фигуралар, ағаштан, мүйізден, теріден жасалған ат әбзелі бұйымдары, т.б. көптеген бұлардың П.К. Фролов пен В.В.Радловтың коллекциясындағы осыларға ұқсайтын заттар осы типтес қорғандардан табылғандығын дәлелдейтін заттар табылды [ 7.352].

Тасмола қорғанынан табылған аң суреті бейнеленген қапсырмалар  Тегіскеннен табылған дәл осындай  аңдар бейнеленген қапсырмада және Алтайдағы Чулышман өзені маңындағы Кумуртук қорғанынан табылған күміс қапсырмалар өте ұқсас болып келеді.

С.В. Киселев  С.М. Сергеевтің Быстряи және Березовка  ауылдарынан тапқан олжаларымен ұқсастырып, оны б.з.д. соңғы ғасырларға жатқызады. Сол уақытта Қадырбаев Тасмола мәдениетінен табылған алтын қаптырмаларды б.з.д. 4ғ.- б.з.д. 5ғ. басына жатқызады. Орталық Қазақстаннан табылған басқа да олжаларда екі жақты қапсырмалар иілген мүйізді бұлан №19 қорғанның Тасмоладан табылған, ол жерден аттың жүгені, қоладан жасалған ауыздық және тағы басқа заттардың қалдықтары табылды. Адам қаңқасының маңынан қола айна табылған, айна ұстағышымен дөңгелек қатарында және артқы жағында аңдар бейнеленген. Шідерті өзенінің жағалауында орналасқан Нұрманбет моласының №3 қорғанынан пішінделген жүген, маралдың мүйізінен кесіліп алынған қабанның басының пішіні тәрізді табылған. Нұрманбет моласының №1қорғанынан қола қанжар пішінделген қол сабымен, түрлі өрнектермен өрнектелген. Солтүстік Қазақстанды зерттеу барысында М.П. Грязнов Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан табылған сегіз қанжарды тізіп шығады. Аналогиялық қорытындылар бұны Скифияға да Енисей (Еділ) мәдениеттеріне жатқызбайды, ол Өзбекстандағы Кам (бұл Ананьлен мәдениеті) жатқызады. Бұл сол ерте кездің өзіндегі Орта Азия мен Орал маңындағылардың арасындағы байланысты көрсетеді [ 30. 56-57].

Соңғы кезеңінде  Орталық Қазақстандағы Қарамұрын  моласының №10 қорғанынан қола айна секілді олжалар тән. Бір қырынан қолға ұстайтыны, жаны мен айналмасында екі басты ешкі түрінде бейнеленген. Дәл осылай сәнделген қапсырма да осы жерден табылды. Әйелдің жерленген орнында екі сүйектен жасалған шаш түйреуіш және тастан жасалған құрбандық ыдысы табылған. №4 қорғаннан сүйектен жасалған ине, оның басында құстың басы бейнеленген. Екі қола қапсырма кішкене дөңгелектенген қарама-қайшы ешкінің басы бейнеленген, олардың құлақтары ортақ, мүйіздері жартылай иілген. Ешкі бейнесі тоналған Қостанай облысының Қайрақкөл көлінің маңындағы қорғаннан табылады. Бұл қапсырмалар Торғайдан табылған бөкен бейнеленген алтын қапсырмалар ұқсастырылады. Бұл заттың ерекшелігі сол, дәл осындай зат Н. Витзеннің топтамасында кездеседі, бұл Сібірде ХVІІІ ғасыр басында табылған және атақты алтын Сібір топтамаларының құрамына кіретін Петр I заттары. Бұдан мынаны қорытындылауға болады, осындай заттың бөлігі және басқа заттардың топтамалары сол жергілікті жерден шығады, және батыс Ертіске, Тобыл өзенінің бассейініне таралған.

Қарамұрын II моласының №1 қорғанынан қаңқа маңынан түйе төртбұрыш пішінді бұрыштары дөңгелектенген, бір бұрышының соңы сынған. өте тұрпайы бейнеленген және жөнді бейнесі сақталмаған түймедегі бейне алдыңғы аяғынан құлаған түйенің бейнесін және мойнынан тартып тұрған жыртқыш бейнеленген.

Осыған ұқсас  түйені, жолбарыстың қинауы қола қаңылтырда бейнеленуі темір жол салынып жатқан, шығыс Челябинскте сақталған. Петр I Сібір топтамасында алтын түймедегі тигр мен түйе арасындағы арпалыс бейнеленеді, бірақ ол болмысынан Қазақстанда табылған түймеден өзгешелеу.

Нұрманбет I №2 қорғанынан табылған қола бастырма: оның ортасында құс бейнеленген аяғы кеудесіне қарай қысылған, артқа қарай тартылған ұзын мойны мен басы, дөңгелек көздері бейнеленген. Бастырманың соңында дәл осындай симметрия болып орналасқан құстардың басымен өрнектеліп, сәнделген. Бұл қаңылтыр солтүстік Кавказдағы аңдар бейнеленген қола пластинаны еске түсіреді, бұл б.з.д. бірінші мыңжылдықтың соңына жатады.

Орталық Қазақтаннан  табылған көркем туындылар сол аймактың сақ кезеңіндегі өнері туралы біршама мәлімет береді. Өзінің әртүрлі жерлеу түрлерімен олар ерекше, сақ тайпасының тобына жататын тасмола мәдениетін Орал маңындағылардан этнографиялык айырмашылықтарын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Мүсіндерде әртүрлі пішіндегі  образдардың суреттелуі

Мүсіндер  бейнелерінде әртүрлі сюжеттердің  болуы сол уакыттағы ойлау фантазиясының тереңде екенін көрсетеді. Себебі, оларда бір бейненің сан түрлі құбылыстарға толы мағынасыз жақтары әр алуан түрде суреттелуінен көруге болады. Қиял бейнелерінің әр бағытта суреттелуінен, бір бейненің өзінен бірнеше қимылдағы бейнені көругс болады.

Нашар зерттслген аймақ  Шығыс Қазақстан. Географиялық және тарихи жағынан бұл аймақ Алтаймсн тығыз байланысты. Сібір топтамасындағы кейбір заттар осы аймақтан шыққан. Оңтүстік Сібір мәдениетіне ұқсас мәдениет осы жерде таратылған, бірақ кейбір ерекшеліктеріне байланысты әлі дәлелденбеген. Тегіскен моласының кейбір қорғандарында терең ұра қазылған  [ 22. 156-157].

Дәл сондай мола Шығыс Қазақстандағы Шіліктіде  ашылған. Бұл жсрлердсгі молаларда ағаш сағанаға салынғаны және ағашпен жабылғаны сақталып қалған. Көптеген таңғажайып олжалар №5 қорғаннан табылған. Оның құрамында жатқан елік бейнесіндегі капсырма, құлағы мен дөңгеленген көзі, жапырақ тәрізді пішіннен ойылып жасалған қабан, бұл ауада аяғымен ілініп тұрған бейнеде, алтын қапсырмада айналған сақинадағы жыртқыш жұқа қапсырмада жыртқыш құс бейнесі, кейбіреулерінде қанатын жайып тұрған құстар табылған.

Шіліктіден  табылған елік бейнесі жағынан солтүстік  Кавказдағы 
кастром қорғанынан табылған елікке сипаты жағынан ұқсас, тек оның 
мүйізінде ғана айырмашылық бар. 

Осы моланың басқа  қабырғаларында тоналудан сақталып қалған алтын қапсырмалар, мұндағы суреттер жатқан құстың аяғы ішіне қарай қысылған бейнелері бейнеленгенге өте ұқсас, №5 қорғандағы суреттерге қарағанда тұрпайы орындалған бейнелерімен ерекшеленеді. Ешқандай қосымша жұмыстар жасалмаған. Жатқан жануар бейнесі созылған күйде емес, кішкене басы көтеріңкі түрде, жоғары қарай шығып тұрған құлағы мен мүйізі, қысқа құйрығы құстың басы секілді көрсетілген. Бұл екі қорғанның сирек кездесетін скиф сібірлік өнер балықтың бейнеленгені табылған. Бір жағдайда (№5) айналдыра қоршалған көлемді белгісіз зат, ал басқа қорғанда (№7) алтын жапырақшалармен ортасынан кесілген фигура табылды.

С.С Черников, Шілікті бес қорғанының датасын 7ғасырдың аяғына, ал сол топтағы №7 қорғанды V ғасырдың ортасына жатқызды.

Шілікті қорғандарынан  табылған алтын қапсырма Қара теңізі жағалауындағы скифтердің аңдық стилдегі шығармашылық туындыларына ұқсас болып келеді, ол б.з.д. V ғасырға жатады. Қапсырмада құстың басын бейнелеген жалғыз-ақ аналогия Прикамья мәдениетіндегі Зуев моласынан табылды, ол жерде басқа да түрлері осы мәдениетке қосымша скиф-сібірінің оңтүстік аймағын жатқызуға болады. Аналогияның төреліктері Шілікті қорғанын 6 ғасырға жатқызды, біріншісін (№5) бірінші жарты ширегіне, екіншісін (№7) екінші жарты жылдыққа жатқызды. Сақ дәуірінің көптеген ерте қаптарын Арал маңындағы мәдениетке Қара теңіз жағалауындағы скифтер мәдениеті таратылды, атақты саққыз көмбесі. Иранның Күрдістандағы Зивия ауылында табылған. Дәл Шілікті қорғандарындай атақты қорғандар Жетісуда, Іле аймақтарында ашылды. Қарапайым жер астындағы молалардан басқа тастан үйілген жәшіктер, ал кейіннен кішкене топырақтан себілген қорғандар, Іледегі Бесшатыр молалары биіктігі он жеті метрге дейін, диаметрі 100 метрге дейін созылған қорғандар табылған. Олар қиыршық тастармен тас үйінділерінен құрылды, ал жан жағында бірнеше метрде тастан қаланған қабырғаның негізгі қаланған, ұзындығы 30-60см биіктігі, ұзындығы 2-З см дуалға айналды. Жер үстінде топырақ үйілген бөрене төртбұрыш түріндегі жоспардағы кішкене немесе үлкен ұзын коридор болған. Бұл камераның қабырғасы мықты бөренемен бекітілген. Екі жақсы сақталған камера өлшемі 3,6x3,3 х 4,7х 4,2 м және биіктігі 4 м және 3,3м. Кішкене молада осы қорғанда (№25) екі қаңқа жатты, оның маңына қоладан жасалған жебенің ұштары (б.з.д. V ғ.) табылды. [ 12.66-68]

1. Жан-жануарлар    дүниесін    білдіретін    ою-өрнектер:

"қошқармүйіз", "қосмүйіз", "сыңармүйіз", "сынықмүйіз", "тармақ-мүйіз", "қырықмүйіз", "кілтмүйіз", "арқармүйіз", "бұғымүйіз", "марал-мүйіз", "түйетабан", "итқұйрық", "құсқанат", "жарқанат'', "қарғатұяқ";

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу