Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Орта Азия,
Сібір аймағында табылған грифондардың көне нұсқасы сақтарға
ғана тән мәнер. Мұндай грифондар аң, құс,
жануардың аралас элементтерінен құралған
қиялдан туған құс. Алтай мәнерінде былғарыдан
ойылған қораздың
егіз бейнеленген түрлері
де кездеседі. Сақтарға мифтік бейнедегі
самұрық құстардың жасалу мәнері гректерден
ауысқан деген негізсіз.
Қораздың айдары басына тағылған самұрық
құстар тек алтайлық
мәнерге жатады. Сақ шеберлері грифонға
үлкен құлақ салып, басына
тауешкі, бұғының мүйізін қондырған. Мүйізі
бар арыстанның ұшуға
қомданған сәтін мүсіннен
көреміз. Бүркіттің ағаштан ойылған
кескіндемелері ат әбзелдерді әшкейлеуде
қолданған. Оның денесімен
аяғы бұратылып берілген. Грифондардың композициясы
сақ мәнерінде ат әбзелдерді эшекейлеуге
және тоқымға көп бейнеленген. Құрақ киізден
жасалған түрлі түсті грифонның арқарға
атылған көрінісі былғары тоқымға
ойылған. Қоладан қалыппен құйып, гриф
мүсінін қанаты жайылған кейіпте жасалған.
Мұндай алтың қоламен қапталған әшекей
заттар киім-кешекті безендіруге қолданған.
Күрделі композицияларда самұрық құстардың
арыстан бейнелілері де кездеседі. Қиялдан
туған грифтер ерекше тұсы қанатты немесе
мүйізді болып берілуі, сондай-ақ көне
ескерткіште арыстан грифонының тауешкіге
атылған сәті бейнеленген. Ағаштан ойылған
мүйізді үлкен құлақты құстың бас мүсіні
псалдырға қондырылғаң ал қабанның жыртқыш
тістері бар композиция басқа әсерде мүлдем
кездеспейді. Ер тұрманды безендіру үшін
қабанның жыртқыш тістерін сән үшін айналдыра
іліп қояды. Қиялдан туған аң, құс, жануарлардың
сюжеттері сақ бейнелеу өнерінде көп қолданылған.
Мүйізді арыстандар мен жолбарыстар, тісі
ақсиып, басында қораз айдары бейнеленген
грифтер, сондай-ақ мысық құйрықты бұғы,
арыстан құйрықты қанатты қасқыр, Арыстан
құйрықты қасқыр, мысық құйрықты бұғы
да алтай мәнерінде сирек кездеседі. Сақ
бейнелеу өнерінде сфинкстердің бірен-саран
түрлерін ғана кәруге болады. Тұскиізге
бейнеленген "аң адам", оның мүйізсіз,
беті, құлағы былғарыдан ойылып жасалған.
Арыстан кеуделі сфинкске мүйіз қондырылып,
оюланған құлақ, құйрық салынған. Ғалымдардың пайымдауынша сфинкс жасау
ежелде пайда болған. Сақ мәнерінде
былғарыдан ойылып, төбесіне лотос гүлімен
әшекейленген адамның басы да кездеседі. Таулы
Алтайда табылған сфинкстерде сақтардың
өзіндік мәнері көзге ұрып тұрады. Сфинкстердің
бет әлпеті жергілікті жерде өмір сүрген
адамдарға ұқсас. Тұскиізге бейнеленген
қолына оюланған ағаш ұстаған "құдай
әйел" пропорционалды түрде бейнеленгең
ал қарама - қарсы бейнеленген адамның
басы үлкейтіліп салынған. Амудария көмбесінде де сфинкстер
кездеседі [ 19.175].
Сақтардың бейнелеу мәнерінің сан түрлілігі ғалымдарды бей-жай қалдырмайды. Басқа елдердің өнерінде кездеспейтін мәнер, аң, жануарлар, грифондардың денесі бұратылып, аяқтарының аспанға келуі. алтайлықтардың мұндай мәнері әр түрлі рәміздік ұғымды береді.
Орта Азия сақтарының алтыннан жасалған білезік пен жүзігінде қасқыр ме арыстанның денесі бұратылып, аяғы аспанға қаратылған мәнері алтайлықтарда қолданған. Сібір коллекциясында таутекенің денесіне тырнақтары батырылған гриф, жолбарысқа атылған қасқыр, бүркіт гифоны, жемтігін жұлқылаған арыстан грифтерінің арпалысу көріністері, сондай-ақ гриф тұмсықты бұғыға, барыстың атылған сәті көрсетілген. Бұл сюжетті көріністерді тек Таулы Алтай қолөнер бұйымдарынан көреміз.
Сақ мәнерінде
берілген жазықтықты сюжеттермен толық
жауып тұрады. Сақ мәнері бүгінгі таңда өнертану
ғылымында зерттелмеген тың тақырып. Олар:
шеңбер, төртбүрыш, үшбұрыш, бесбұрыш,
балық қабығы, "жүрекше" т.б. геометриялық
ою-өрнектерді өте икемді қолданған. Аңның басың аңның
жануарға атылған көрінісін геометриялық
фигураларға шеберлікпен орналастыра
білген. Мұндай мәнерде бейнеленген
аң, жануарлардың деформаңияланған денесі
көп кездеседі. Алтай шеберлерінің тағы
бір ұтымды жағы бейнеленген аң мен жануардың денесінің
кейбір тұстарына алтын пластиналар, ойықтар мен сызықша, таңбалар
арқылы айрықша әсерлеп беру. Сақтар
ең қарапайым деген сюжеттеріне аң немесе
жануардың тізбектеліп келе жатқан немесе жүгіріп бара
жатқан шынайы образын береді. Мұндай
мәнер сүйекте, тоқымда немесе қанжардың
ағаш сабында берілген. Күрделі композицияларга
алтайлықтардың аң мен жануарлардың арпалысқан
көріністерін жатқызамыз. Бұл сюжеттерді
сақ шеберлері әр түрлі көріністе
ұтымды беруге тырысқан. Мұндай композицияларды былғарыдаң киізден жасалған
тоқымдарға көп салған. Жануардың аңға
ұмытылған сәті, аңның жануарға атылған
көрінісі ырғақпен өте нәзік берілген. Оның, әсіресе, жемтігінің
мойнынан тістеген көрінісі, мойнынан
қан сорып тұрған сәті, сондай-ақ бұратылып,
орам түрінде
оның жеңілуі көріністерінде
терең философиялық ой жатыр. Жануардың
тілі салақтап, артқы аяғы аспанға
көтеріліп, бейнеленгенін суреттен
әлсірегенің мерт болғанның
нышаны. Қатанды қорымынан
антикалық автордың "таранда" шығармасындағы
аңның мысық тектес аңға шабулы көрсетілген.
Сақтарда аңның жануарға атылған көрінісіндегі
рәміздік мағынасы ежелгі адамдардың
ұғымында мезгіл ауысуымен түсіндіріледі.
Олардың дүниетанымындағы бұл композициялар
"адамгершілік" пен "зұлымдықтың"
да күресін тұспалдайды. Алтай мәнерінде күрделі композициядан
гөрі, қарапайым сюжеттер өте аз кездеседі. Мұндай
кескіндер салынған бұйымдар айрықша
әсерленіп тұрады. Жануар, аңның бұлшық
еттеріне космогониялық таңбалар
салынған. Бұғылардың басын денесінен
үлкейтіп көрсету, мысық тектес аңдардың
"ауызын құлағына дейін сызып", "ауызын
арандай аштырып", "үстіңгі ерні қатпарланған
жыртқыш аңды" бейңелеу сақ шеберлеріне
тән құбылыс. Ал қабандардың "жыртқыш
тістерін" әдеттен тыс үлкейтіп, ұшын
оюлап қояды. Гриф нұсқаларында бірден
көзге ұрып тұратыны, мүйізі оюланған
тұмсығы мен әдеттен тыс үлкейтілген құлақтары.
Сақ скиф шеберлерінің бейнелеу өнердегі
ерекше мәнері, аң, құс, жануарлардың шынайы,
мифтік бейнелерінің көзін дөңгелек қылып
беру. Сондай-ақ олардың дене мүшесіне салынған түрлі
таңбалар [ 19.165].
Алтайлықтардың ағаш оюдың білікті маманы болғандары табылған ағаштан ойылып жасалған көне ескерткіштерден көреміз. II Башадыр обасында табылған саркофагтың (ағаш табыт) қақпағын айналдыра стилизацияланған ою-өрнекпен өрнектелген киіз жолақпен бекіткен. Бұл саркофагтың жазықтығына түсірілген "жануарлар стиліне"ерекше сән беріп тұр. II Тұяқты қорғанынан табылған саркофагқа бұғының ойылған тұтас бейнесі, қанатты мысық тектес аңның бейнесі шеберлікпен ойылып түсірілген. Жолбарыстардың бірінен соң бірі тізбектелген қарапайым сюжетте өмірдің үнемі жаңарып тұратынын тұспалдайды. Саркофагтың (ағаш табыт) қақпағына жиектеп өрнектелген киіз жолақ бекітіп, оған 8 - тәрізді элементті (жабайы сиыр турдың мүйізі) ағашқа ойып түсірген. 8 - ою-өрнегін аң, жануардың денесінің бұлшық еттерін анықтай түсу үшін қабырғасына ақ түсті қылып бейнелеген. Аң, жануардың алдыңғы иығына, артқы жамбасына, қабырғаларына космогониялық таңбалар түрлі нұсқада кездеседі. Сақ мәнерінде қосымша бейнеленетін таңбалар: жақша, дөңгелек, үтір. Былғарыдан ойылған бұғы мүйізді жолбарыстың денесіне "үшбұрыш", "үтір", 8-тәрізді ою-өрнектер салынған. Ал, басына турдың мүйізі, жақша, "үтір", "қайнар" 8 және 8 - дің екіге бөлінген элементтері салынған. Бұғы тектес грифтердің басына дөңгелек, жақша, үшбұрыш, үтір, ойық таңбалар түсірілген. Егер Алтай шеберлері ағаш оюда құлақ, көз, тұмсық, ауыз сияқты бөлшектерді шынайы түрде бейнелеп, ал кейбір тұстарын қосымша таңба мен турдың мүйізімен әшекейлеген. Ондай элемент екіге қақ бөлінген үтір, қабырғаны тұспалдайтын доғалар немесе жақшалармен айшықталған. Арқардың орап жасалған мүйізі қара түске боялып, турдың 8 мүйізінің үстіне салынған. Таңбаларды Алтай шеберлері басқа да элементтермен араластыра қолданған. Мұндай мәнер аң, жануарлардың денесінде ғана емес, сол сияқты 1, 2, 4 Пазырық обаларынан табылған кілем, киіз бұйымдарында, Петр І-нің Сібір коллекциясында бейнеленген [ 17.158].
Елік пен арыстан грифінің иығынан алма, алмұрт немесе (0) таңбасы бейнеленген. Мұндай таңбаларды зергерлік бұйымдардың ойық жерлеріне түсіру Амудария коллекциясындағы алтын білезікте кездеседі. Сақтардың (скиф) таңбаларды бейнелеу, қолөнерде кеңінен қолдануы, олардың аспан әлеміне, күнге табынған космогониялық дүниетанымымен байланыстырамыз.
Таулы Алтай тайпалары мен көршілес өмір сүрген ғұндардың бейнелеу өнері жайында С.И. Руденко: "Ғұндар Батыс Сібір мен Таулы Алтай өңірінде б.з.б. өмір сүрген сақ (скиф) тайпаларының өздеріне идеологиялық жақын мазмұн мен композицияларды өз бейнелеу өнеріне қабылдаған. Жолбарыс, жолбарыс грифондарын ғұндар қолөнерде бейнелемегең оларда сондай-ақ нүкте, үтір, жақша және аң, жануарлардың денесіндегі бұлшық еттеріне салынатын элементтер мүлдем кездеспейді"- дейді.
Сақтардың ғасырлар бойы
қалыптасқая "аң стилі" бүгінгі
күні
қолөнерде қолдануы қиынға түседі. Бұл
мәнер орта ғасырда қолданыстан
шығып қалған.
Қолөнер шеберлері бұйымды ойып, қиып, жонып жасаудан басқа , олар сол сияқты сұңғат өнерін жоғары деңгейде меңгеруі тиіс. Ондай бірнеше өнер түрін меңгерген білікті шеберлер бүгінгі күні жоқтың қасы. Ал, сақ шеберлері жасаған қолөнер бұйымдары олардың білікті суретші болғанын дәлелдей түседі. Олар өз тотемдерін түрлі нұсқада әсерлеп бере білген. Еуразия құрлығында өмір сүрген сақтардың (скиф) заттарында бейнеленген тотемдер аң аулау, соғыс кезінде магиялық әсер етіп, олардың жауды жеңуіне тотемдер септігін тигізеді деп ұққан. Андерсоң В.В. Гольмстен және М.П. Грязнов: "сақтардың бейнелеу мәнерін мифтік аң мен жануарлардың символдық мазмұнын білдіретін тотем деп түсіндіруге тырысты". Ал, С.В. Кисилев пен Н.Я. Марр: "Рулық қоғамның құлдырау тұсында көшпелілердің тотемдерінің образдары біртұтас композицияға айналды" деп тұжырымдайды. Тотемдердің көшпелі ұғымында қалыптасуы рулық жүйеге қатысты болмады. Олардың дүниетанымындағы бұл құбылыс табиғатқа етене жақын өмір сүріп, ішкі рухани жағдайының әсерінен туған дүниелер. Сақ (скиф) бейнелеу өнері жоғарғы деңгейде дамығанын көне ескерткіштерден көреміз. Алтайлықтарға тән грифтердің сан алуан түрлері мен космогониялық, геометриялык, зооморфтық таңбалар бейнеленген қолөнер бұйымдары сақ (скиф) өркениетті мемлекет болғанын анықтай түседі. Тұскиіздер мен сырмақтарға бейнеленген композициялар, ат әбзелдердің көркемделген әшекей салпыншақтардағы "аң стилінде" кескіндер бүгінгі күні баға жетпес мұра және өткен ғасырдан ақпарат беретін мәдени шежіре.
II. Аң стиліндегі әшекей бұйымдар мен ондағы бейнелер
2.1.
Әшекей бұйымдарда аңдардың
Аң бейнелері, әсіресе, алтын бұйымдарда көп бейнеленген. Осыған байланысты әшекей заттардағы аңдық стилге толы мүсіндер көптеп табылуда. Табылған заттардан андық стилдегі бейнелердің өрнектелуі, сол уақыттағы өмір тіршілігінің аңмен тікелей байланысты екенін көрсетеді. Аңдардың ішінде негізгі бейнелер, олар жыртқыш аңдардың бейнелері болып табылады.
Жартастардағы суреттер сақ тайпаларыньң күрделі де сап салалы көркемдік шығармашылығының көрінісін едәуір толықтыра түседі.
Кездейсоқ олжалар мен көмбелерден табылған мыс және қола заттар сақ тайпаларының материалдық мәдениетінің тарихы жөніндегі жарқын деректемелер болып табылады. Көркемдігі жоғары қола олжа мен көмбелердің саны жөнінен сақ мәдениеті дамыған басқа аудандардан Жетісуға тең келетіні жоқ. Олардың ішінде барынша назар аударатындары-қола қазандар, кұрбандық ыдыстары және шырағдандар жинағы, тұрмыс заттары мен қару-жарақ, әсіресе, монументі көркемдеп құю бұйымдары. Бұлар — төрт аласа аяғы бар, жиегіне қанатты арыстандардың мүсіні орналасқан тікбұрышты үстел, сондай төрт мыс және бір темір қазан мен қола шырағданнан тұратын көмбе. Төртбұрышты табақшалардың бұрыштарына орналастырылған шырағдан қанатты жолбарыстардың төрт мүсінімен безендірілген. Басқа бір көмбеден табылған шырағданның дөңгелек табақшасы қуыс конус тәрізді тұғырға бекітілген, жиегінде бірінің соңынан бірі маңғаз басып келе жатқан сегіз жолбарыс бейнеленген, ал табақшаның дәл ортасына айыр өркешті екі түйенің мүсіндік бейнесі бекітілген. Тағы бір шырағдан төрт (үш қола және бір темір) қазанмен бірге Есік қаласы маңынан табылды. Шырағданның дөңгелек табақшасы тор көзді конус тәрізді тұғырға орнатылған. Табақша үстінде аттың, ал оның қарсысында шығыстықтарша малдас құрып отырған ер адамның мүсіні бекітілген. [ 7. 321]
Каменское плато маңынан (Алматы қаласының төңірегі) көпшілігінің жануарлардың аяқтары түрінде жасалған үш аяғы бар он қола қазаннан тұратын көмбе табылды. Жетісу қазандары, құрбан шалатын орындары, шырағдандары сақтардың құю тәжірибесі мен жетік техникасын және көркемдік талғамын дәлелдейтін аса көрнекті мәдениет ескерткіштері болып табылады. Сақтардың көркемдік қола бұйымдарының көптеп табылуы Жетісу тайпаларында құю ісі өнерінің барынша дамығандығын және олардың мәдениетінің төлтумалылығын көрсетеді.
Арал өңірі сақтарының жерлеу орындарынан ең көп табылатын заттардын бірі — ат әбзелдері. Ұйғарақтағы қабірлердің жартысынан дерлік жүгеннің қалдықтары-ауыздықтар, айшықтар, әр түрлі қапсырмалар, сондай-ақ тартпалардың айылбастары табылған.
Ұйғарақтағы
ат ер-тұрманы — Орталық
Алтайлықтардың бас киіміндегі көптеген зооморфты бейнелердің ішінде негізгі орынды бұғы мен қос жылқы бейнесі алған. Осындай қос бейнелер бас киімдерде сакральді (қасиетті, киелі) нышанның көптеп кездесіп, қайталанып отыруы ерте көшпелілердің дүниетанымындағы жерлеу ғұрпына қатысты өзіндік түсініктің айнасы болып табылады. Киелі бейнелер мен мифологиялық жануарлардың пайда болу үрдісі қатардағы рәсімдер, тыйымдар мен белгілі шектеулермен байланысты. Алтай өнерінің көпжылдық үрдісін жалғастырушы және жасаушы, сол саламен айналысатын шеберлер болған-ды. Қазақ Алтайындағы Берел қорымындағы №10 қорғаннан табылған жылқы мүсінін жоғары шеберлікпен жасағандығын атап айтуға болады. М. П. Грязновтың, С. И. Руденконың, К. А. Ақышевтың еңбектерінде бас киімнің әшекейі ретінде қос жылқы сәндік симметрия белгісі деп қарастырылады. Алайда, қос жылқы сакральді (қасиетті, киелі) бас киімнің симметриясы ғана үшін емес, осы жағдайда, біздің пайымдауымызша, қос бейнелі композиция өзіндік ішкі мазмұнын сақтағандай. Кейбір қос жылқы бейнелерінде жынысына байланысты айғыр, ал кезектегі екінші жылқы, кішіректеу келіп, бие немесе құлын белгілерін сақтаған. Осыны негізге ала, ежелгі алтайлықтардың дүниетанымы бойынша, қос жылқы қайтыс болған адамды о дүниеге шығарып салушы және “мәңгілік жайылымда” жайылып, иесіне жаңа жылқыларды дүниеге әкеліп, бақидағы жылқыларын көбейте түседі. Бұл қос жыныстылық нышан хақында сипатталып, белгілері сонау Сібір неолитінде пайда болған. Ал З. С. Самашевтың пайымдауынша, күрделі қос жылқы композициясы семантикалық қарама- қайшылықтың қосарлы (бинарлы) принциптерімен, екі жақты (дуальды) космогониялық түсініктермен және егіздер культімен байланысқан. Ежелгі үнділік егіз құдайы ашвин (“жылқылар иесі” немесе “жылқыдан туған”), кей жағдайда қос жылқы бейнесіне енетін, сонымен бірге, әлем бәйтерегімен тығыз байланысты ашваттхамен сабақтасады. Яғни, олардың бейнесінде ежелгі үнді еуропалық егіздер культінің ізі көрінеді. Сонымен қоса, Оңтүстік Сібір петроглифтерінде кең тараған адам, бұлан, бұғы, жылқы және тағы басқа қос жынысты жануарлар бейнеленген. Мысал ретінде, Моңғолиядағы Хавцгайт жартастарындағы қос жылқы бейнесін алуға болады. Тағы бір көрініс, қос айғырдың бейнеленуі- шайқас, арпалысты білдіреді, яғни оны көшпелілер дүниетанымында екі дүниенің бір- бірімен күресі деп қарастыруға болады. Басқа жағдайда, қос жылқы бейнесі бір типті болып келіп, бұны егіздер культімен байланыстыруға болады. Аңыз бойынша, үндіирандық егіздер культінде Ашвиннің ұлдары адамдарға байлық пен жаңа ұрпақ әкеледі. Ал, Ригведада аталған егіздер бірде қос жылқы жегілген күймедегі жас балалар, бірде қос жылқы бейнесіне енген. Е. Е. Кузьминаның пайымдауынша, дәл осы мифологиялық бейне, яғни қос жылқы бейнесі Түгіскендегі №55 қорғанда табылған. Мүмкін, түгіскендік қос жылқылардың аналогы ретінде Есіктегі қанатты қос жылқы және алтайлық қос жылқылар тобын жатқызуға болады. Ежелгі Қытай мифологиясындағы Фэйту және Цзюэти сиқырлы қос жылқылары жалпы үндіеуропалық шеңбердегі “әлемнің аспан аттарының” дәлелі сынды. Мемлекетіміздің ел таңбасында берілген қос жылқы бейнесі де бекер емес. Сақ (скиф) мәдениеті Карпат, Дунай, Батыс Тянь- Шань, Таулы Алтайдан бастап Памирге дейінгі аймақтарда қалыптасты. Мәдениеттің мұндай тұтастығын сақ шеберлерінің бейнелеу өнеріңдегі "аң стилімен" байланыстырамыз. Сақ (скиф) "аң стилі" сақ мәдениетінің синониміне айналды. Орта Азияда б. з. ҮІІІ ғасырда тараған ислам дінінің әсерінен көшпелілердің бейнелеу өнері өзгеріп, ислам ұстанымында жанды нәрсенің суретін салуға тиым салынды. Сондықтан ғасырлар бойы қалыптасқан сақтардың "аң стилі" қолданыстан толықтай шығып қалды.Сақ (скиф) шеберлері кескіндеме, қолөнер бұйымдарында "аң стилін" талғаммен үйлесімді қолданьш, қияли бейнені ұтымды бере білген. Сақ (скиф) жәдігерлері эстетикалық, сапалық жағынан қазіргі мүсін, кескіндеме, бейнелу өнеріне қарағанда жоғары деңгейде өзіндік мәнермен жасалған. Қола, темір, алтыннан ойып, құйып сақтар жасаған аң, жануар, құс мүсіндерінде табиғилық сипат басымдау. Ежелгі аң, жануардың шынайы, қияли образын түрлі көріністе бейнелу сақтардан бастау алады. Ежелгі адамдар өздерін табиғаттың ажырамас бір бөлігі деген дүниетанымнан болу керек, олар қоршаған ортаны бейнелеуде асқан шеберлік танытты. Олар ішкі рухани танымдарын өнер туындыларында әсерлеп бере білген. Аңның мінезін, қимыл-әрекетін асқан дәлдікпен келтірген. Ауызы ақсиьш, жемтігіне атылған жыртқыш аңның қимылы асқан нәзіктікпен берілген. Олардың арпалысы мен жеу сценасында табиғилық нышандар басым. Талайды тамсандырған көпшелілердің ғажайып "жануарлар стилі" бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде толық қанды зерттелген жоқ. "Аң стиліндегі" арыстанның текені немесе елікті жеу сценасы күзді тұспалдаса, арыстанның егізді жеу көрінісі көшпелілердің көктемде наурызда тойланатын жаңа жылдың нышаны [ 24.267].
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу